«2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес және Қорғас өзенінің бассейнінде табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының аумағында Қорғас өзені бойынша қорғау құрылыстарын және «Қорғас» кеденінің ғимараттарын салу» жобасының (Қорғас-1) І-ші кезеңін аяқтауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген резервінен 2293040000 (екі миллиард екі жүз тоқсан үш миллион қырық мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов