Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 420 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 317 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 317 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 ақпандағы № 129 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 16, 275-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1363 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 72, 951-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 31-тармағы.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 29 сәуірдегі
№ 420 қаулысымен    
бекітілген       

Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл
шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) субъектілерінің кредит/лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау тәртібі мен шарттарын айқындайды.
      2. Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың негізгі мақсаты АӨК субъектілеріне қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыру болып табылады.

2. Терминдер мен анықтамалар

      3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
      2) комиссия – әкімшінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардың, қаржы институттары мен мүдделі, салалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысатын әкімші басшысының орынбасары басқаратын консультациялық-кеңесші орган;
      3) кредит – айналым қаражатын толықтыру, негізгі құралдарды сатып алу және құрылыс үшін қаржы институты қарыз алушыға ақылылық, жеделділік, қамтамасыз етушілік және қайтарымдылық шартымен ұсынатын ақша сомасы;
      4) кредиттік шарт – қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалатын шарт, оның шарттарына сәйкес қаржы институты кредит/лизинг ұсынады;
      5) қаржы институттары – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларын жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар кредиттік ұйымдар, сондай-ақ АӨК саласындағы лизингтік компаниялар мен кредиттік серіктестіктер;
      6) қарыз алушы – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен және/немесе өңдеумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарын қоса алғанда, меншік нысанына қарамастан жеке, заңды тұлға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу бойынша қызметтерді көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
      7) қызмет көрсетуші банк – кредиттік шарттар бойынша субсидияларды аударуға және есептен шығаруға арналған қаржы институтының арнайы ағымдағы шотын жүргізу бойынша функцияларды жүзеге асыруға қаржы институты уәкілеттік берген (заңды тұлғалардың банктік шоттарын жүргізуге және ашуға құқығы жоқ лизингтік компаниялар мен ауылдық кредиттік серіктестіктер үшін) екінші деңгейдегі банк;
      8) лизинг – қаржы институтының кәсіпкерлік мақсаттар үшін кейіннен сатып алу құқығымен ауыл шаруашылығы техникасын, технологиялық жабдықты уақытша иеленуге және пайдалануға беруі;
      9) оператор – кредиттік шарттар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша оператордың қызметін көрсету жөніндегі шарт негізінде АӨК саласындағы мамандандырылған ұйым ретінде тартылатын «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы;
      10) субсидиялау – кредиттік шарттар бойынша пайыздық сыйақы мөлшерлемесін ішінара арзандату үшін пайдаланылатын қарыз алушыны мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны;
      11) субсидиялау шарты – әкімші, қаржы институты және оператор арасында жасалатын, қаражат аударудың тәртібі мен шарттарын, тараптардың жауапкершілігін, қарыз алушылардың тізбесін көздейтін жазбаша келісім, оған сәйкес әкімші қарыз алушының кредиттік шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялайды;
      12) сыйақы мөлшерлемесі – кредиттік шартта белгіленген сыйақы мөлшері;
      13) технологиялық жабдық – тікелей және қосалқы мақсаттағы жабдықтардан тұратын, олардың қатысуынсыз толық технологиялық цикл қамтамасыз етілмейтін, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу жөніндегі жабдықтарды қамтиды.

3. Кредиттер/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялаудың жалпы шарттары

      4. Айналым қаражатын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және салуға, сондай-ақ технологиялық жабдықты, ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алуға арналған АӨК саласындағы кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі субсидиялауға жатады.
      Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бұрын жасалған субсидиялау шарттарын ескере отырып, тиісті қаржы жылының 227 «Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер және лизинг бойынша сыйақы ставкасын өтеу» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады.
      5. Кредиттік шарттар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап не субсидиялау комиссиясының қайта қарауынсыз кредит берген немесе лизинг нысанасын берген сәттен бастап кредиттік шарттардың бүкіл қолдану мерзімінде жүзеге асырылады.
      Бюджеттік бағдарламалар аясында 2013 жылы сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылған кредиттік шарттар бойынша:
      1) 214 «Өсімдік шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының 104 «Ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша пайыздық сыйақы ставкаларын арзандату» кіші бюджеттік бағдарламасы шеңберінде шарттың қолданылуының қалған мерзіміне 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап басталады;
      2) 213 «Қайта өңдеу өндірісін дамыту» бюджеттік бағдарламасының 100 «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкаларын өтеу» кіші бюджеттік бағдарламасы шеңберінде шарттың қолданылуының қалған мерзіміне 2013 жылдың субсидияларын бөлгеннен кейінгі келесі төлем күнінен басталады.
      Қаржы институты шетелдік валютамен немесе шетелдік валютаға байланыстырылған теңгемен берген кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды әкімші субсидиялар сомасын қаржы институттарына аудару күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен жүзеге асырады. Оң бағамдық айырмашылық пайда болған жағдайда, оны болашақ субсидиялар есебіне есептейді, ал егер кері бағамдық айырмашылық пайда болған жағдайда, оны қарыз алушы төлейді. Бұл ретте сыйақы бойынша индекстеу субсидиялауға жатпайды.

4. Субсидияны ұсынудың шарттары

      6. Кредиттік шарттар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес АӨК саласындағы қызметтердің басым түрлері бойынша ұсынылады.
      Бұл ретте, бюджетте көзделген қаражаттың кемінде 50 (елу) %-ы осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын қарыз алушылардың кредиттік шарттарын субсидиялауға бағытталады. Тиісті қаржы жылының 1 шілдесіндегі жағдай бойынша бөлінбеген көрсетілген қаражат болған жағдайда, комиссия оларды осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес АӨК саласындағы қызметтің басқа түрлеріне қайта бөледі.
      Қызметтің басым түрлеріне қосылмаған АӨК саласындағы қызметтің қалған түрлері осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген қызмет түрлері бойынша қажеттіліктер комиссияның бір отырысы шеңберінде толық қанағаттандырылғаннан кейін қаралатын болады.
      7. Субсидиялау кредиттік шарттар бойынша теңгемен жылдық 14 %-дан артық емес және шетелдік валютамен жылдық 10 (он) %-дан артық емес бекітілген номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жүзеге асырылады, оның бір бөлігін мемлекет субсидиялайды, ал қалған бөлігін қарыз алушы төлейді.
      8. Кредиттік шарттар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны теңгемен жылдық 7 (жеті) %-ға және шетелдік валютамен жылдық 5 (бес) %-ға төмендету жолымен жүзеге асырылады.
      9. Сыйақы мөлшерлемесін теңгемен жылдық 10 (он) %-ға және шетелдік валютамен жылдық 7 (жеті) %-ға төмендету жолымен оны субсидиялау мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі саласындағы ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтардың мынадай түрлерін сатып алуға арналған кредиттік шарттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) шөп және жемшөп дақылдарын себетін сепкіштер;
      2) жемшөп жинайтын комбайндар, жемшөп жинайтын машиналар;
      3) тырмалар, аударғыштар, ысырғыштар, десте қалауыштар, десте жасауыштар;
      4) өздігінен жүретін және тіркемелі дестелегіштер;
      5) маялағыштар, жұмыс органдары ауыстырмалы құрама әмбебап аспалар;
      6) жемшөп араластырғыштар, жемшөп үлестіргіштер, ұсатқыштар, араластырғыштар және ұсақтағыштар;
      7) тиеуіштер және теңдер мен оралған шөптерді тасымалдауға арналған арбалар, оралған шөпті кескіш пен оралған шөпті жіппен орауыш;
      8) сауу қондырғылары;
      9) мал шаруашылығы фермаларына арналған шетен қора жабдығы және көң шығару жүйесі;
      10) автонауалар, жеке науалар мен су тасығыштар;
      11) құрама жем қондырғылары және шағын зауыттар;
      12) сүт салқындатқыштар және салқындатқыш-танктер;
      13) сүт талдағыштар;
      14) сүт қабылдауға арналған қондырғылар;
      15) пастеризаторлар;
      16) өзі құйып алатын сепараторлар;
      17) деаэраторлар;
      18) майлылықты автоматты түрде стандарттау қондырғылары;
      19) мал тасымалдауға арналған арнайы көлік құралдары;
      20) сүт тасығыштар;
      21) зооветеринариялық өңдеуге арналған бекіткіш-станоктар;
      22) мехкүректер;
      23) сығымдау-іріктеуіш, іріктеуіштер, шөмелелеуіштер;
      24) шөп себуге арналған аппликаторлары бар тырмалар;
      25) шалғылар (өздігінен жүретін, аспалы, роторлық, дискілі, тіркемелі, жартылай аспалы, жаныштағыштар, ұсақтағыш-шалғылар);
      26) ауыл шаруашылығы малдарын жаюға және ұстауға арналған жабдықтар, сондай-ақ мал шаруашылығында қолданылатын озық технологиялар (электрлі қоршаулар, электр энергиясының балама көздері, су көтеруге арналған жел сорғылары, радиобайланыс және бейнебақылау жүйелері, GPS навигация жүйелері).
      10. Басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қолдау жүзеге асырылатын кредиттік шарттар, сондай-ақ республикалық бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражаты есебінен қаржыландырылған кредиттік шарттар субсидиялауға жатпайды.
      Кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды қарыздарды кепілдендіру және сақтандыру, негізгі құралдарды (оның ішінде биологиялық активтерді) сатып алу кезінде оның құнын арзандатуға субсидиялау, жаңа өндірістік қуаттар құруға не қолданыстағыларын кеңейтуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектілері тартқан шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларымен біріктіруге жол беріледі.
      Егер қарыз алушының кредиттік шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігіне тең немесе аз болса, онда кредиттік шарттар бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі толық субсидияланады.

5. Кредиттер/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялауға қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі

      11. Әкімші мен оператор арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеу үшін осы Қағидалар қолданысқа енгізілген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде (одан кейінгі жылдары – тиісті қаржы жылының 15 қаңтарынан кешіктірмей) оператор қызметтеріне төлеу сомаларын көрсете отырып, оператордың қызметтер ұсыну тәртібін, шарттарын, сондай-ақ тараптардың жауапкершіліктерін және өзге де шарттарды көздейтін кредиттер/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша оператордың қызметтерін көрсету жөніндегі шарт (бұдан әрі – қызметтер көрсету жөніндегі шарт) жасалады.
      12. Оператордың қызметтерін әкімші тиісті қаржы жылына жасалатын қызметтер көрсету жөніндегі шартқа сәйкес 227 «Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер және лизинг бойынша сыйақы ставкасын өтеу» республикалық бюджеттік бағдарламасында көзделген қаражат шегінде төлейді.
      13. Қарыз алушылардың кредиттерін/лизингін субсидиялауды жүзеге асыру үшін оператор қызметтер көрсету жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің интернет-сайтында (әкімші өзінің интернет-сайтында тиісті хабарландыру орналастырады) сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін қаржы институттарынан құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру орналастырады.
      14. Қаржы институттары мынадай құжаттарды қалыптастырады және оларды операторға жолдайды:
      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім. Бұл ретте, өтінімге оның ажырамас бөлігі ретінде мыналар қоса беріледі:
      қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесі қоса берілген кредиттік шарттың қаржы институты растаған көшірмесі;
      кредиттің (лизингтің) мақсатты пайдаланылуын растайтын қарыз алушының тиісті құжаттарының (шарттар және/немесе келісімшарттар, және/немесе актілер) қаржы институты растаған көшірмесі;
      кредитті алғаны туралы қарыз алушының несие шотынан үзінді көшірменің қаржы институты растаған көшірмесі (екінші деңгейдегі банктер үшін) немесе кредиттің аударылғанын/лизинг нысанасының берілгенін растайтын құжат;
      егер өтінімге қаржы институтының бірінші басшысы қол қоймаған жағдайда, басқа адамның қол қою құқығына бұйрықтың немесе сенімхаттың көшірмесі;
      2) бар болса, банк операцияларын жүзеге асыру құқығына лицензияның нотариалды расталған көшірмесі (бірінші өтінімді беру кезінде бір рет ұсынылады).
      Өтінімге қаржы институтының уәкілетті адамы немесе қол қою құқығына сенімхаты бар адам қол қоюы және қаржы институтының мөрімен бекітілуі тиіс. Бұл ретте қаржы институтының филиалдарынан (өкілдіктерінен) жекелеген өтінімдер қабылданбайды.
      15. Осы Қағидалар шеңберінде мемлекеттік субсидияларды бөлу үшін әкімші құрамында комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, мүшелері және хатшысы бар, әкімші басшысының бұйрығымен бекітілетін комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады. Бұл ретте комиссияның сандық құрамы тақ болуы және жеті адамнан кем болмауы тиіс. Комиссия хатшысы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.
      16. Егер комиссия отырысына мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, комиссияның отырысы заңды болып есептеледі.
      17. Қаржы институттарынан өтінімдер және осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы болған жағдайда оператор:
      1) құжаттарды алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді;
      2) қарыз алушының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы қорытынды ресімдеуді жүзеге асырады және әрбір кредиттік шарт бойынша тиесілі субсидиялар көлемінің есебін жүргізеді;
      3) әкімшіге электрондық жеткізгіште осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген құжаттарды, қарыз алушының осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы оператордың қорытындысын, әрбір кредиттік шарт бойынша тиесілі субсидиялар көлемінің есебін жолдайды;
      4) Комиссия отырысын шақырады. Комиссия отырысын өткізудің орнын, уақыты мен күнін комиссия төрағасымен келісім бойынша оператор айқындайды.
      18. Қарыз алушылардың өтінімдерін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешімді Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылдайды және хаттама түрінде рәсімделеді. Өтінімі қаралатын қарыз алушыны білдіретін немесе аталған өтінімді берген қаржы институтын білдіретін Комиссия мүшелері дауыс беруге қатыспайды.
      Бұл ретте Комиссия қарыз алушылардың өтінімдерін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешім қабылдау кезінде оператордың қорытындысын және осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген құжаттарды басшылыққа алады.
      19. Комиссияның хаттамалық шешімі:
      1) қаржы институтының атауын және орналасқан жерін;
      2) мақұлданған/мақұлданбаған қарыз алушылардың атаулы тізбесін, бас тарту себептерін;
      3) қарыз алушылардың әрбір кредиттік шарты бойынша қарыз сомаларын;
      4) әрбір қарыз алушы бойынша әрбір кредиттік шарттың қолданылу мерзімін;
      5) әрбір кредиттік шарт бойынша субсидиялау мерзімін;
      6) қарыз алушының әрбір кредиттік шарты бойынша нысаналы мақсатын;
      7) қарыз алушының әрбір кредиттік шарты бойынша субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесінің пайызын;
      8) қарыз алушының әрбір кредиттік шарты бойынша субсидиялардың жалпы сомасын, оның ішінде тоқсан бойынша соманы қамтуы тиіс.
      20. Егер бюджетте көзделген қаражат барлық өтінімдерді субсидиялау үшін жеткіліксіз болған жағдайда, субсидиялар сомасын бір отырыс шеңберінде бөлу осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген қызмет түрлерінің басымдылығына сәйкес жүргізіледі.
      Бұл ретте қызметтің көрсетілген түрлерінің басымдылығы келесі кезектіліктің өтінімдерін қанағаттандыруға көшкенге дейін жоғары тұрған кезектіліктің қажеттілігін толық қанағаттандыруды көздейді. Бір кезектілік шеңберінде субсидиялар сомасын бөлу қарыз алушының өтінім ұсыну күніне байланысты жүзеге асырылады.
      21. Оператор комиссия отырысы күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды және қол қойылғаннан кейін бір күн мерзімде субсидиялау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірменің хатшының қолы қойылған, мөрмен расталған түпнұсқасын комиссия мүшелері хаттамаға қол қойғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде кейіннен жолдай отырып, осы үзінді көшірмені қаржы институттарына электрондық почта арқылы жолдайды.

6. Кредиттер/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялау тәртібі

      22. Кредиттік шарттар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау үшін ақша ұсыну әкімші, оператор және қаржы институттары арасындағы үш жақты шартқа (бұдан әрі – субсидиялау шарты) сәйкес жүзеге асырылады.
      23. Субсидиялау шарты комиссия шешімінің негізінде жасалады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы институтына қаражат аударудың тәртібі мен шарттарын, қарыз алушының сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін қаржы институтының есептен шығару процесіне оператордың мониторинг жүргізу шарттарын, тараптардың жауапкершілігін және өзге де шарттарды көздейді. Кредиттік шарт өзгерген кезде субсидиялау шартына тиісті түзетулер енгізіледі.
      24. Субсидиялау шартына қол қою тәртібі:
      1) оператор мен қаржы институты арасында – қаржы институты субсидиялау бойынша оң шешім туралы комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірменің түпнұсқасын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;
      2) әкімші – оператордан субсидиялау шартын алған күннен бастап  5 (бес) жұмыс күні ішінде.
      25. Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін алу үшін қаржы институты субсидиялау шартына сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі үшін ақша аударуға өтінімді операторға жолдайды.
      26. Оператор 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінім сомасының субсидиялау шарттары бойынша қарыз алушылардың міндеттемелерін өтеу кестелеріне сәйкестігін, сондай-ақ субсидияларды нақты пайдалану туралы есепті тексеруді жүзеге асырады және әкімшіге субсидиялау үшін кезекті ақша траншын аударуға өтінім енгізеді. Субсидияларды аударуға бірінші өтінім берген кезде есепті ұсыну қажет етілмейді.
      27. Қаржы институты жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомаларын әкімшінің аударуы үшін арнайы банктік шот ашады, ал мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, қызмет көрсетуші банкте арнайы шот ашады.
      28. Жасалған субсидиялау шартына сәйкес әкімші сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін қаржы институтының арнайы банктік шотына тоқсан сайын, төлемі қаңтарда жүзеге асырылатын тиісті жылдың бірінші тоқсанын есептемегенде, алдыңғы тоқсанның соңғы айында аванстық төлеммен аударады. Бұл үшін әкімші 3 (үш) жұмыс күні ішінде оператордың өтінімі негізінде тиісті төлем шоттарын қазынашылық органдарына жолдайды.
      29. Қаржы институты арнайы банктік шоттағы ақшаны осы Қағидаларда көзделмеген мақсаттарға пайдалана алмайды. Арнайы банктік шоттағы ақшаны мақсатсыз пайдаланған жағдайда, қаржы институты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      30. Қаржы институты қарыз алушыдан сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбаған бөлігін алған кезде (осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда) кредиттік шартқа өтеу кестесіне сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін арнайы банктік шоттан есептен шығаруды жүзеге асырады.
      Қарыз алушы кредиттік шарттың кестесі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін толық өтеген жағдайда, қаржы институты арнайы банктік шоттан қарыз алушының есептік шотына субсидиялар сомасын аудару жолымен сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеуді жүзеге асырады.
      31. Егер қаржы институтының арнайы банктік шотында пайдаланылмаған қаражаттың қалдығы болса, онда қаржы институты тиісті қаржы жылының 25 желтоқсанына дейін әкімшінің шотына кассалық шығыстарды қалпына келтіруді жүзеге асырады.
      32. Қаржы институты тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін операторға қаржы институты растаған арнайы банктік шоттан үзінді-көшірмені қоса бере отырып, субсидиялау шартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептілік ұсынады.
      33. Оператор қаржы институтынан субсидиялау туралы есепті алғаннан кейін оған сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінің төленген қаражатының осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі тұрғысынан талдау жасайды.
      34. Қолданыстағы кредиттік шарттың талаптарын (сыйақы мөлшерлемесін, сыйақыны төлеу мерзімін, негізгі борышты және/немесе сыйақыны төлеу бойынша кейінге шегеруді ұсынуды) өзгерткен жағдайда, қаржы институты операторға қаржыландыру шарттарын өзгерту жөнінде қабылданған шешімнің көшірмесін, негізгі борышты және сыйақыны өтеудің жаңартылған кестесін қамтитын құжаттар топтамасымен хат жолдайды. Бұл ретте қолданыстағы кредиттік шарттың талаптарын қарыз алушының келісімімен ғана өзгертуге болады.
      35. Оператор осы құжаттар топтамасын қабылдайды, негізгі борышты және сыйақыны өтеудің жаңартылған кестесін есептеудің дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады және қолданыстағы кредиттік шарт талаптарын өзгерту жөніндегі хатты алған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей қорытынды жасайды және құжаттарды комиссияның кезекті отырысында қарау үшін жолдайды.
      36. Қарыз алушы кредиттік шарт бойынша негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, қаржы институты есептелген сыйақы фактісі бойынша есептелген субсидияларды есепке қосуды жүргізеді.

7. Субсидиялауды тоқтатудың тәртібі

      37. Субсидиялауды тоқтату комиссияның шешімі бойынша:
      1) қарыз алушының мерзімі күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам негізгі борышты және/немесе сыйақыны өтеу бойынша орындалмаған міндеттемелері болған;
      2) кредиттік қаражатты мақсатсыз пайдаланған;
      3) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша қарыз алушының шотына тыйым салынған;
      4) қарыз алушы кредиттік шарт бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толығымен өтеген;
      5) қарыз алушы субсидияны тоқтату туралы бастама көтерген (жазбаша өтініш берген);
      6) кредиттік шартты бұзған жағдайда жүзеге асырылады.
      38. Осы Қағидалардың 37-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша субсидиялауды тоқтату қаржы институтының бастамасы бойынша жүзеге асырылады, ол өзіне көрсетілген фактілер туралы белгілі болған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тиісті өтінімді операторға беруі тиіс. Оператор қаржы институты ұсынған ақпарат негізінде қарыз алушының сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды тоқтату туралы мәселені комиссияның кезекті отырысының қарауына шығарады.
      39. Оператор субсидиялау жөніндегі комиссия субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданған шешімнің себептерін көрсете отырып, қаржы институты мен қарыз алушыны хатпен хабардар етеді, одан кейін қаржы институты пайдаланылмаған субсидиялар сомасын республикалық бюджет кірісіне қайтаруды жүргізеді.

8. Субсидиялау мониторингі

      40. Оператор:
      1) қаржы институты ұсынатын құжаттар негізінде қарыз алушының кредитті мақсатты пайдалануын;
      2) қаржы институты ұсынатын құжаттар негізінде қарыз алушының негізгі борышының бір бөлігін және ол бойынша пайыздарды уақтылы өтеуін;
      3) қаржы институты ұсынатын құжаттар негізінде қарыз алушының субсидияланатын кредитін/лизингін мерзімінен бұрын өтеуді;
      4) шетелдік валютада жасалған шарттарды қоса алғанда, субсидияланған кредиттік шарттарды;
      5) бұрын жасалған субсидиялау шарттарын ескере отырып, тиісті қаржы жылына арналған субсидияларды бөлуді субсидиялау мониторингін жүзеге асырады.
      41. Оператор тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-күніне дейін әкімшіге субсидиялау шартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды нақты пайдалану туралы есепті ұсынады.
      42. Мониторингті жүзеге асыру үшін оператор қажет болған кезде қаржы институтынан осы мәселеге қатысты қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға құқылы.

Кредиттер, сондай-ақ   
технологиялық жабдықтың және
ауыл шаруашылығы      
техникасының лизингі бойынша
сыйақы мөлшерлемелерін  
субсидиялау қағидаларына 
1-қосымша        

Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл
шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялау үшін агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызмет
түрлерінің басымдылығы тізбесі

      Етті мал шаруашылығы:
      1) ірі қара мал үшін репродукторға негізгі және/немесе айналым қаражатын алу;
      2) етті мал шаруашылығында жемшөп өндірісі үшін суару жүйелеріне негізгі және/немесе айналым қаражатын алу;
      3) ірі қара мал өсіру үшін тауарлы фермаларға негізгі және/немесе айналым қаражатын алу;
      4) бордақылау алаңына негізгі және/немесе айналым қаражатын алу;
      5) ірі қара малдың импорттық асыл тұқымды мал басын сатып алу;
      6) отандық асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу (аналық мал басы мен асыл тұқымды бұқалар).
      Сүтті мал шаруашылығы:
      1) сүтті-тауарлы фермаларда азық өндірісі үшін суару жүйелеріне негізгі және/немесе айналым қаражатын алу;
      2) сүтті-тауарлы фермаларға ірі қара малдың импорттық мал басын сатып алу.
      Қой шаруашылығы:
      1) тауарлы фермаларға негізгі және/немесе айналым қаражатын алу;
      2) қойлардың аналық мал басын сатып алу.
      Бақтар отырғызуға негізгі және/немесе айналым қаражатын алу (қарқынды, отбасылық).
      Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу:
      1) сүт бойынша сервистік-дайындау орталықтарына негізгі және/немесе айналым қаражатын алу;
      2) сүт өңдейтін кәсіпорындардың негізгі және/немесе айналым қаражатын алуы;
      3) ет өңдейтін кәсіпорындардың, ет комбинаттарының негізгі және/немесе айналым қаражатын алуы;
      4) сүт таситын, мал таситын, тоңазытқыш көлік құралдарын алу.

Кредиттер, сондай-ақ   
технологиялық жабдықтың және
ауыл шаруашылығы      
техникасының лизингі бойынша
сыйақы мөлшерлемелерін  
субсидиялау қағидаларына 
2-қосымша        

Кредиттер/лизинг бойынша пайыздық сыйақы мөлшерлемесін
субсидиялауға өтінім

Қаржы институты: ____________________________________________________
                           (қаржы институтының атауы)
Кімнен: _____________________________________________________________
                             (қарыз алушының атауы)
Кімге: ______________________________________________________________
                              (оператордың атауы)

1. Қатысушы туралы мәліметтер

1

Қарыз алушының атауы


2

Бірінші басшының Т.А.Ә.


3

Қарыз алушыны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе анықтаманың нөмірі және күні (нөмірі, берілген жері мен күні, БСН/ЖСН)


4

ӘҚЖЖ бойынша қызметтің түрі


5

Заңды мекенжайы


6

Нақты мекенжайы


7

Банк деректемелері


8

Байланыс телефондары


9

АӨК саласында алдыңғы алынған кредиттер бойынша субсидиялар, сондай-ақ техникалық жабдықтар және ауыл шаруашылығы техникалары бойынша лизингі туралы мәлімет (бар болса): шарт №, күні, сомасы, қаржы институтының атауы


2. Субсидиялауға жататын Кредит беру шарттары (бұдан әрі – КШ) туралы ақпарат

КШ
(№ және күні)

Сомасы, теңге

Сыйақы мөлшерлемесі, %

Көрсетілген күнге негізгі қарыз бойынша борыш қалдығы

КШ қолданылу мерзімінің аяқталу күні

Кредит беру валютасы

1

2

3

4

5

6

7

1







2







3







Кредит берудің/лизингтің мақсаты*

Кредиттің/лизингтің нысанасы, саны

Лизинг нысанасын өндіруші ел


8

9

10

1




2




3




      *айналым қаражатын толықтыру/ негізгі қаражатты алу/ құрылыс/
технологиялық жабдықтарды және ауыл шаруашылығы техникасын лизингке
алу (керегін қою)

      Осымен:
      1) қарыз алушының кредиттік және лизингтік шарттары бойынша
басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау түрінде қолдау көрсетілмейтіні;
      2) қаржылық берешегін және жеделдетілген сауықтыру рәсімін
қайта құрылымдау жағдайларын қоспағанда, қарыз алушының қызметі
ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту, тарату немесе банкротқа ұшырау
сатысында тұрмағаны, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатылмағаны расталады.

Қарыз алушының Т.А.Ә. және қолы _______________________
                                         М.О.

Қаржы институтының бірінші басшысының Т.А.Ә. және қолы
____________________________________________________
                          М.О.

Қаржы институтының өтінім берген күні 20 __ ж. «__» ________

Оператордың өтінімді қабылдаған күні 20 __ ж. «__» _________

Өтінімді қабылдаған
адамның Т.А.Ә. ______________________________________________
және телефон нөмірі

Кредиттер, сондай-ақ   
технологиялық жабдықтың және
ауыл шаруашылығы      
техникасының лизингі бойынша
сыйақы мөлшерлемелерін  
субсидиялау қағидаларына 
3-қосымша        

Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл
шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін
субсидиялау шарты

Астана қ.                                  20 __ жылғы «___» ________

      Бұдан әрі «Әкімші» деп аталатын, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі атынан, 20 __ жылғы ______________ № _______ сенімхаттың негізінде әрекет ететін, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі ____________________________, бір тараптан, бұдан әрі «Оператор» деп аталатын, «Қазагромаркетинг» АҚ атынан, ______________________ негізінде әрекет ететін, ___________________, екінші тараптан және бұдан әрі «Қаржы институты» деп аталатын, ______________________ негізінде әрекет ететін, ____________________, үшінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар», ал жекелеп «Тарап» деп аталатындар, төмендегілер туралы Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1. Терминдер мен анықтамалар

      1. Осы Шартта Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларының 3-тармағында көрсетілген терминдер мен анықтамалар пайдаланылады.

2. Шарттың нысанасы

      2. Осы Шарт қаржы институтына ақша қаражатын аудару тәртібі мен шарттарын, қарыз алушының сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін қаржы институтының есептен шығару процесіне Оператордың мониторинг жүргізу шарттарын, Тараптардың жауапкершіліктері мен өзге де шарттарды көздейді.

3. Шарттың талаптары

      3. Осы Шарт бойынша Әкімші Шартта айқындалатын талаптарда осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес 227 «Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер және лизинг бойынша сыйақы ставкасын өтеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген ақша сомасы шегінде субсидиялауды жүзеге асыруға міндеттенеді.
      Осы Шарт бойынша субсидия сомасы қарыз алушы өзінің осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген міндеттемелерін ішінара немесе толығымен мерзімінен бұрын өтеген жағдайда немесе Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында көзделген өзге де жағдайларда түзетілуі мүмкін.
      4. Қаржы институты сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін алу үшін Операторға осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім жолдайды, бұл ретте субсидия сомасы осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.
      5. Оператор 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінім сомасының Шартқа 1-қосымшаға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және Әкімшіге субсидиялау үшін ақша қаражатының кезекті траншын аудару туралы ұсыныс енгізеді.
      6. Әкімші сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін қаржы институтының арнайы банктік шотына төлемі қаңтарда жүзеге асырылатын тиісті жылдың бірінші тоқсанын есептемегенде, алдыңғы тоқсанның соңғы айында аванстық төлеммен аударады. Бұл үшін Әкімші 3 (үш) жұмыс күні ішінде Оператордың өтінімі негізінде тиісті төлем шоттарын қазынашылық органдарына жолдайды.
      7. Қаржы институты қарыз алушыдан сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін алған кезде кредиттік шартқа өтеу кестесіне сәйкес арнайы банк шотынан сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін есептен шығарады.
      Қарыз алушы кредиттік шарт кестесі бойынша сыйақы мөлшерлемесін толық өтеген жағдайда, қаржы институты субсидия сомасын арнайы банк шотынан қарыз алушының есеп шотына аудару жолымен сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеуді жүзеге асырады.
      8. Егер қаржы институтының арнайы банктік шотында пайдаланылмаған қаражат қалдығы болса, онда қаржы институты тиісті қаржы жылының 25 желтоқсанына дейін Әкімшінің шотына кассалық шығыстарды қалпына келтіруді жүзеге асырады.

4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      9. Әкімші:
      1) осы Шартта белгіленген, Тараптар үшін көзделген міндеттемелерді орындау мерзімінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және олардың уақтылы орындалуын талап етуге;
      2) қаржы институтынан қарыз алушының өтеу кестесіне сәйкес төлемдерді жүзеге асыру бойынша қаржы институтының алдындағы міндеттемелерді орындау барысы туралы құжаттар мен ақпараттарды сұратып алуға құқылы.
      а. Әкімші:
      1) Шартта көзделген мерзімде субсидия сомасын қаржы институтының арнайы банк шотына аударуға;
      2) республикалық бюджетте қаражат болмаған жағдайда, субсидияны аудару мүмкін еместігі туралы қаржы институтын хабардар етуге;
      3) Оператор осы Шарттың 5-тармағында көрсетілген құжатты жолдағаннан кейін, Әкімші күнтізбелік отыз күн ішінде ақша қаражатын аудармаған немесе қаржы институты оны алмаған жағдайда, мұндай факт анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Операторды хабардар етуге міндеттенеді.
      b. Оператор:
      1) өзінің құқықтарын және өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін қаржы институтынан қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және банк құпиясы қамтылған мәліметтерді, субсидиялау рәсіміне қатысатын қарыз алушы туралы құжаттар мен ақпаратты сұратуға және оларды алуға;
      2) құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған не белгіленген нысанға сәйкес емес құжаттарды ұсынған немесе өтінім сомасы сәйкес келмеген жағдайда, құжаттарды алған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде осы Шарттың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қаржы институтына пысықтауға қайтаруға құқылы.
      с. Оператор:
      1) осы Шартта белгіленген мерзімде өтінім сомасы мен осы Шартқа 1-қосымшаның сәйкестігін тексеруді жүзеге асыруға. Өтінім деректері сәйкес келмеген жағдайда, осы факті туралы қаржы институтын хабардар етуге;
      2) сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін есептен шығару үшін қаражаттың нақты пайдаланылуы тұрғысынан есептерді тексеруді жүзеге асыруға;
      3) осы Шартта белгіленген мерзімде өтінім сомасы мен осы Шартқа 1-қосымшаның сәйкестігін тексеру негізінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін ақша қаражатының кезекті траншын аудару туралы Әкімшіге тиісті ұсыныстар енгізуге;
      4) Оператор тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бес) күніне дейін Әкімшіге осы Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияның нақты пайдаланылуы туралы есепті жолдайды;
      5) осы Шарт талаптарын өзгерту, Қарыз алушының сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды тоқтату туралы мәселені Субсидия қаражатын бөлу жөніндегі комиссияның қарауына енгізуге;
      6) қарыз алушының кредитті мақсатты пайдалануына, қарыз алушының негізгі борышының бөлігі мен сыйақыны уақтылы өтеуіне, қаржы институты ұсынған құжаттардың негізінде субсидияланатын кредит шартын қарыз алушының мерзімінен бұрын өтеуіне мониторингті жүзеге асыруға және Әкімшіні хабардар етуге міндетті.
      13. Қаржы институты:
      1) қарыз алушыны субсидиялауды тоқтату жағдайын қоспағанда, Әкімшіден осы Шарттың шеңберінде көзделген сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін уақтылы аударуды талап етуге;
      2) қарыз алушыны субсидиялауға арналған қаражаттың жеткіліксіздігі туралы Әкімшіні хабардар етуге;
      3) қаржы институтының ішкі нормативтік құжаттарында белгіленген тәртіпте қарыз алушының міндеттемелерін өтеу кестесіне өзгерістер енгізуге құқылы.
      14. Қаржы институты:
      1) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін Операторға осы Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияның нақты пайдаланылғаны туралы есеп беруге;
      2) қарыз алушы негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша міндеттемелерді 3 (үш) айдан артық уақыт орындамаған жағдайда, қаржы институты осы факті анықталған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде бұл туралы Операторға жазбаша хабарлауға;
      3) қолданыстағы кредит шартының талаптары (сыйақы мөлшерлемесі, сыйақыны төлеу мерзімдері, негізгі борышты және/немесе сыйақыны төлеу бойынша кейінге шегеруді ұсыну, негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеу) өзгерген жағдайда, қаржы институты Операторға қаржыландыру шарттарын өзгерту жөнінде қабылданған шешімнің көшірмесін (негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеген кезде комиссия шешімі қажет етілмейді), негізгі борышты және сыйақыны өтеудің жаңартылған кестесін қамтитын құжаттар топтамасымен бірге хат жолдауға;
      4) Операторға осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім беруге міндетті.

5. Тараптардың жауапкершілігі

      15. Осы Шарт бойынша Тараптар осы Шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

6. Форс-мажорлық жағдайлар

      16. Егер орындаудың мүмкін еместігі форс-мажорлық жағдайлардың салдары болса, Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
      17. Форс-мажорлық жағдайлар басталған кезде, осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмау мүмкіндігі туындаған Тарап олар туындаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осындай жағдайлар туралы екінші Тарапты уақтылы хабардар етуі тиіс. Бұл ретте форс-мажорлық жағдайлардың сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуға тиіс.
      18. Уақтылы хабарлау болмаған кезде Тарап екінші Тарапқа хабарламаудан немесе уақтылы хабарламаудан келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті.
      19. Форс-мажорлық жағдайлардың басталуы осы Шарттың орындалу мерзімін олардың әрекет ету кезеңіне ұлғайтуға әкеліп соғады.
      20. Егер мұндай жағдайлар қатарынан үш айдан артық жалғасатын болса, онда Тараптардың кез келгені осы Шарт бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.

7. Қорытынды ережелер

      21. Хат-хабар тиісті түрде ресімделген (хат-хабар бланкіде берілген немесе мөрмен бекітілген, басшының қолы қойылған және тіркеу нөмірі, күні жазылған кезде, ол тиісті түрде ресімделген болып саналады), қолма-қол табысталса, қатысушы Тараптың мекенжайына почта арқылы (хабарламамен қоса тапсырыс хатпен) немесе курьерлік байланыс арқылы жеткізілсе, ол тиісті түрде ұсынылған немесе жолданған болып саналады.
      22. Осы Шарт талаптарының, оның ішінде осы Шарттың қолданылу мерзімінің кез келген өзгертілуі, тоқтатылуы, егер осы Шартта өзгеше көзделмесе, Тараптардың уәкілетті өкілдерінің қолдары қойылған Тараптардың қосымша келісімімен ресімделеді.
      23. Осы Шарт бойынша туындайтын барлық наразылықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Шартқа сәйкес қойылуға тиіс. Бұл ретте Тараптар дауларды, наразылықтарды міндетті түрде сотқа дейінгі шешу тәртібі туралы келісті. Барлық жағдайларда қолданылуға тиіс заңнама Қазақстан Республикасының заңнамасы болып табылады.
      24. Осы Шарт барлық Тараптардың уәкілетті өкілдері қолдарын қойған күннен бастап күшіне енеді және осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес кредиттік шарттар мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.
      25. Осы Шартта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
      26. Осы Шарт заңдық күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде 6 (алты) данада, Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде бір-бірден екі данада жасалды. Осы Шарттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында қайшылықтар туындаған жағдайда, Тараптар Шарттың орыс тіліндегі мәтінін басшылыққа алады.
      27. Осы Шартқа 123-қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.

8. Тараптардың мекенжайлары, банк деректемелері, қолтаңбалары

Әкімші:

Оператор:

Қаржы институты




Кредиттер, сондай-ақ   
технологиялық жабдықтың және
ауыл шаруашылығы      
техникасының лизингі бойынша
сыйақы мөлшерлемелерін   
субсидиялау шартына    
1-қосымша         

Комиссия отырысының 201 __ жылғы «___» __________ № ___
хаттамасына сәйкес субсидиялауға жататын қарыз алушылардың
міндеттемелерін өтеу кестесі

Р/с №

Қарыз алушының атауы

Кредиттік шарттардың жасалған күні, нөмірі

Кредиттің/лизингтің нысаналы мақсаты

Кредиттік шарттың сомасы, теңге

Кредиттік шарт бойынша негізгі борышты қайтару мерзімі

Кредиттік шарт кестесі бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу мерзімі

Сыйақы мөлшерлемесі, %

Кредиттік шарттың барлық мерзіміне сыйақы мөлшерлемесінің сомасы, теңге

2014 жыл

Сыйақының жалпы сомасы, теңге

Жалпы

Субсидияланатын

Қарыз алушы төлейтін

Жалпы

Субсидияланатын

Қарыз алушы төлейтін

Барлығы:

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18







10.01.14


















10.04.14


















10.07.14


















10.10.14













Жиыны

















  кестенің жалғасы

2014 жыл

20 ___ жыл

Мемлекет төлейтін сыйақы мөлшерлемесі бөлігінің сомасы (субсидияланатын), теңге

Қарыз алушы төлейтін сыйақы мөлшерлемесі бөлігінің сомасы, теңге

Сыйақының жалпы сомасы, теңге

Мемлекет төлейтін сыйақы мөлшерлемесі бөлігінің сомасы (субсидияланатын), теңге

Қарыз алушы төлейтін сыйақы мөлшерлемесі бөлігінің сомасы, теңге

Барлығы:

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

Барлығы:

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

Барлығы:

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

Барлығы:

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

Барлығы:

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

41

42

43






























































































































Әкімші           __________________          ___________________
                        М.О.        қолы            (Т.А.Ә.)

Қаржы институты  __________________          ___________________
                        М.О.        қолы            (Т.А.Ә.)

Оператор         __________________          ___________________
                        М.О.        қолы            (Т.А.Ә.)

Кредиттер, сондай-ақ   
технологиялық жабдықтың және
ауыл шаруашылығы      
техникасының лизингі бойынша
сыйақы мөлшерлемелерін   
субсидиялау шартына    
2-қосымша         

Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл
шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялауға республикалық бюджеттен қаражат аударуға
ӨТІНІМ

Күні ____ __________ 20 __ ж.

      __________________________________ қаржы институты 227 «Ауыл
шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер және лизинг бойынша сыйақы
ставкасын өтеу» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен 20 __ жылғы ____________
№ _____ субсидиялау шартына сәйкес республикалық бюджеттен қаржы
институтының № _____________________ шотына ____________________
кезеңге _________________ теңге сомасында қаражат аударуды сұрайды.

      Қаржы институтының
      басшысы                           ________________________
                                          М.О. (қолы, Т.А.Ә.)

Кредиттер,  сондай-ақ   
технологиялық жабдықтың және
ауыл шаруашылығы      
техникасының лизингі бойынша
сыйақы мөлшерлемелерін   
субсидиялау шартына    
3-қосымша         

20 ___ ж. ____ тоқсан бойынша субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп

Р/с №

Қарыз алушының атауы

Кредит сомасы, теңге

Барлық қарастырылған субсидиялар (Комиссияның хаттамасы бойынша бекітілген), теңге

Барлық аударылған субсидиялар, теңге

Ауытқу (+, -) (+) артық төлем, (-) жетіспеу, теңге

Қарыз алушы төлейтін сыйақы сомасы, субсидияны шегергенде, теңге

Ауытқу (+, -) (+) артық төлем, (-) жетіспеу, теңге

Әкімшінің қаржы институтына

Қаржы институтының қарыз алушыға

Субсидиялау шарты бойынша

өтеу фактісі бойынша

Барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

Барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

Барлығы (5-б.- 7-б.)

оның ішінде есепті кезеңде (6-б.-8-б.)

Барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

Барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

Барлығы (11-б.- 13-б.)

оның ішінде есепті кезеңде (12-б.- 14-б.)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

Қаржы институтының атауы





















































Жиыны:
















Қаржы институтының басшысы ________________ (қолы, Т.А.Ә.) М.О.