Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 265 қаулысы

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 557 бұйрығын қараңыз.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      2) «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      3) «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      4) «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      5) «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлік құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүріп өтуіне арналған арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      6) «Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      7) «Техникалық байқау операторларына механикалық көлік құралдарының және оларға тіркемелердің мiндеттi техникалық байқаудан өтуі туралы куәлік бланкілерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      8) «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттер аумағы арқылы жүріп өтуіне арналған рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      9) «1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                          С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2014 жылғы 26 наурыздағы
№ 265 қаулысымен     
бекітілген        

«Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Министрліктің Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары Қазақстан Республикасы аумағы бойынша көлік құралының жүру бағытында орналасқан стационарлық көліктік бақылау бекеттерінде (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызмет алушының көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезінен бастап:
      мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті алушының жүгінуі бойынша жүзеге асырылады;
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға жүгіну кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 45 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қағаз түріндегі жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификаты (бұдан әрі – сертификат).
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: еңбек заңнамасына сәйкес демалыссыз және мереке күндерінсіз, тәулік бойы.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттың 1-3-бағандарын толтырады. Толтырылған сертификат бланкісі көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне тапсырылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, (телефоны 8 (7172) 24-13-12)
      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алатын мерзімі және орны көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдағанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жолданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері
ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

      12. Көрсетілетін қызметті алушының, оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын адамдардың жеке өзі келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет сенімхат бойынша көрсетіледі.
      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің – www.mtс.gov.kz интернет-ресурсында («Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде) орналастырылған.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 24-04-06. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Жүк көлік құралдарын           
өлшеудің халықаралық сертификатын беру» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша                  

____________________
1 мысалы: жүкқұжат CMR №
2 1975 жылғы TIR Конвенциясына сәйкес
3 2 пар. Қосымшаға қарау
4 МОЗМ ұсынысы бойынша
5 халықаралық келісімдерге сәйкес ұлттық және халықаралық тасымалдар үшін белгіленген ең жоғары рұқсат етілген габариттер, сондай-ақ халықаралық тасымалдауға арналған ең жоғары рұқсат етілген өлшеу белгісі
6 схемалық суреттер бойынша көлік құралы түрінің коды, мысалы A2 немесе A2S2
7 егер осьтер саны алтыдан көп болса, бұл 2 пар. «Қосымша» параграфта көрсетілсін

9. Көлік операторы / автокөлік құралынын жүргізушісі көлік құралын өлшегеннен кейін толтырады

Мен мыналарды мәлімдеймін:
(а) Көлік құралының салмағын өлшеу жоғарыда көрсетілген өлшеу станциясында жүргізілді
(в) 1-8 бағандағы ақпарат қатесіз енгізілді
(с) Аталған өлшеу станциясында өлшенгеннен кейін жүк көлік құралына ешқандай қосымша жүк салынған жоқ

Күні

Жүк көлік құралдары жүргізушісінің / жүргізушілерінің тегі
______________,_________________

Қолы

Ескерту (егер болса)

10. Ерекше өлшеу кезінде (бақылау) өлшеу станциясының қызметкері толтырады (3,7,8)8

Өлшеу станциясы ____________________________________________
                (елді қоса алғанда коды, атауы және мекенжайы)

Күні

Өлшеу станциясы қызметкерінің тегі

Қолы
Мөр

Ерекше өлшеу (бақылау) себебі және нәтижесі

Автокөлік құралын өлшеудің кодтық нөмірі дефиспен жалғанған үш элементті деректерден тұрады

(1) Елдің коды (1968 жылғы Жол қозғалысы туралы БҰҰ Конвенциясына сәйкес)

Армения

ARM

Молдова

MD

Әзербайжан

AZ

Ресей

RUS

Беларусь

BY

Тәжікстан

TJ

Грузия

GE

Түрікменстан

TM

Қазақстан

KZ

Өзбекстан

UZ

Қырғызстан

KS

Украина

UA

(2) Ұлттық өлшеу станциясын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін қос таңбалы код

(3) Дара өлшеуді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін (ең аз болғанда) бес таңбалы код
мысалы: MD - 01-23456 немесе RUS - 14 - 000510
Бұл сериялық нөмір өлшеу станциясындағы журналдарда көрсетілген нөмірге сәйкес келуге тиіс.

Осы сертификатты көрсеткен кезде ТМД елдерінің шекара өткелдерінде автокөлік құралдарын қайта өлшеу жүргізілмейді.
8 Осы бағанды тараптардың құзыретті органдары өлшеу станцияларының қызметін, сондай-ақ бұзушылық жасаған көлік операторының іс-әрекетін бағалау үшін пайдаланады.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2014 жылғы 26 наурыздағы
№ 265 қаулысына      
бекітілген        

«Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға
рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Министрліктің Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:
      1) Министрліктің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
      2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады;
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру ХҚО арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс күнi ішінде;
      2) ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) ХҚО-да қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі (бұдан әрi – рұқсат беру куәлігі) және автокөлік құралына рұқсат карточкасы (бұдан әрi – рұқсат карточкасы) қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет:
      1) рұқсат беру куәлігі ақылы негізде;
      2) рұқсат карточкасы тегін негізде көрсетіледі.
      Рұқсат беру куәлігін бергені үшін мемлекеттік баж 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген баж мөлшерлемесіне сәйкес республикалық бюджетке төленеді және мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25 пайызын құрайды.
      Төлеу тәсілі: мемлекеттік баж бюджетке банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы аудару жолымен не қолма-қол ақшамен төленеді.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) ХҚО – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында жұмыс кестесiне сәйкес, түскi үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.
      Өтініштер мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға (қағаз түрінде) не порталға (электрондық түрде «pdf» фоматында) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшін, оның ішінде автокөлiк құралдарының паркiн көбейту кезінде:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш не порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) автокөлiк құралдарын жалға алу шарттарының көшiрмелерi (автокөлік құралдары жалға алынған жағдайда);
      3) тахографты тексеру туралы сертификаттардың көшiрмелерi (жүргiзушiлердiң еңбек және тынығу режимiн тiркеудiң бақылау құрылғысы);
      4) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру куәлігін беру үшін мемлекеттік баж төленгендігін растайтын құжат.
      Дара кәсiпкердiң тегi, аты, әкесінің аты, атауы және орналасқан жерi өзгерген, заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi өзгерген және қайта ұйымдастырылған, автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі ауысқан, автокөлік құралын сатып алған немесе жалға алған жағдайларда жаңа рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшiн:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш не көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;
      2) автокөлiк құралдарын жалға алу шарттарының көшiрмелерi (автокөлік құралдары жалға алынған жағдайда);
      3) рұқсат беру куәлігін беру үшін мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат;
      Жоғалған, бүлінген (бұзылған) жағдайларда жаңа рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшiн:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш не көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;
      2) рұқсат беру куәлігін беру үшін мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат;
      3) рұқсат беру куәлігінің жоғалғаны және жарамсыз деп танылғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарламаның жарияланғанын растайтын құжат (жоғалған жағдайда);
      4) бүлінген немесе бұзылған рұқсат беру куәліктері (бүлінген (бұзылған) жағдайда).
      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсынады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе мемлекеттік қызметтер көрсетуді ақпараттық мониторингілеу жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:
      1) ХҚО-ға – мыналар:
      құжаттың нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң атауы;
      қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;
      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
      құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;
      2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.
      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны алғаннан кейін, жеке өзі келгенде және жеке басын куәландыратын құжатты, тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға арналған белгіленген нысандағы сенімхатты және ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, төлем құжатын ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде, онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына -қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының, ХҚО және (немесе) олардың
қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, (телефоны 8 (7172) 24-13-12).
      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
      Нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректерi, сондай-ақ жауап алудың мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жолданады.
      ХҚО және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану үшін шағым ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО басшысының атына беріледі.
      ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол, сондай-ақ почтамен түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін ХҚО-ның басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тартуы туралы жауап) жаңарып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда және ХҚО арқылы қызмет көрсету ерекшеліктері
ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Көрсетілетін қызметті алушының, оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын адамдардың жеке өздерінің келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, мемлекеттік қызмет сенімхат бойынша көрсетіледі.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.mtc.gov.kz («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде);
      2) ХҚО-ның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті » арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24-04-06. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«Халықаралық автомобиль      
тасымалдарын жүзеге асыруға    
рұқсат беру куәлігін және рұқсат
карточкасын беру» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша           

нысан              

______________________________
(көліктік бақылау органының атауы)

Рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын алуға
Өтініш

____________________________________________________________
(дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
немесе заңды тұлғаның атауы)

      Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын мынадай автокөлік құралдарына беруді сұраймын:

Р/с

Автокөлік құралының маркасы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Ескертпе

ЖСН/БСН: ____________________________________________________________
Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
_____________________________________________________________________
                        (№ және қашан берілген)
Мекенжайы:___________________________________________________________
       (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үй №, телефон, факс)

Қоса берілетін құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

____________________________________________ ________________________
(Т.А.Ә.)                                             (қолы)

М.О.
(болған жағдайда)

20__ жылғы «___» __________ өтініш қарауға қабылданды

(мемлекеттік органның жауапты адамының Т.А.Ә., қолы)

«Халықаралық автомобиль      
тасымалдарын жүзеге асыруға  
рұқсат беру куәлігін және рұқсат
карточкасын беру» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша           

нысан              

______________________________
(көліктік бақылау органының атауы)

жаңа рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат
карточкасын алуға
Өтініш

____________________________________________________________
(дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
немесе заңды тұлғаның атауы)

      Мынадай автокөлік құралдарына:
      1) дара кәсіпкердің тегінің, атының, әкесінің атының, атауының, орналасқан жерінің өзгеруіне;
      2) заңды тұлға атауының, орналасқан жерінің өзгеруіне және қайта ұйымдастырылуына;
      3) рұқсаттың және (немесе) рұқсат карточкасының жоғалуына, бүлініп қалуына (зақымдалуына);
      4) автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің ауыстырылуына;
      5) автокөлік құралын сатып алуға немесе жалға алуға (қажеттінің астын сызу) байланысты халықаралық автомобильмен жүк тасымалдарын жүзеге асыруға жаңа рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын беруді сұраймын.

Р/с №

Автокөлік құралының маркасы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Ескертпе

ЖСН/БСН: ____________________________________________________________
Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
_____________________________________________________________________
(№ және қашан берілген)
Мекенжайы: __________________________________________________________
       (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үй №, телефон, факс)

Қоса берілетін құжаттар: ____________________________________________
_____________________________________________________________________

____________________________________________ ________________________
(Т.А.Ә.)                                             (қолы)

М.О.
(болған жағдайда)

20__ жылғы «___» __________ өтініш қарауға қабылданды

_____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның жауапты адамының Т.А.Ә., қолы)

«Халықаралық автомобиль      
тасымалдарын жүзеге асыруға  
рұқсат беру куәлігін және рұқсат
карточкасын беру» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша           

нысан              

_________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда
(бұдан әрі – Т.А.Ә) не көрсетілетін қызметті
алушы ұйымның атауы)

_______________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан
бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының № ___ бөлімі
___________________  «Халықаралық автомобиль тасымалдарын
(мекенжайды көрсету) жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
      жоқ құжаттардың атауы:
      1. ___________________________________________________________;
      2. ___________________________________________________________;
      3. ___________________________________________________________;
      4. ___________________________________________________________.
      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бір данадан, 2 данада жасалды.
      Т.А.Ә. ____________________                        ____________
            (ХҚО қызметкері)                                 (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә._______________      Телефон: ________________

      Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы
      20__ жылғы «___» _________

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2014 жылғы 26 наурыздағы
№ 265 қаулысымен    
бекітілген       

«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:
      1) Министрліктің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
      2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру ХҚО арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға не порталға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
      халықаралық техникалық байқау сертификатын беру – 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
      мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап беру – 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
      2) ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) ХҚО-да қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – халықаралық техникалық байқау сертификаты (бұдан әрі – халықаралық сертификат) қағаз түрінде не мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап қағаз және (немесе) электрондық түрде.
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
      Халықаралық сертификатты немесе халықаралық сертификаттың телнұсқасын бергені үшін мемлекеттік баж 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген баж мөлшерлемесіне сәйкес халықаралық сертификатты және халықаралық сертификаттың телнұсқасын беру орны бойынша төленеді және мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызын құрайды.
      Төлеу тәсілі: мемлекеттік баж бюджетке банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы аудару жолымен не қолма-қол ақшамен төленеді.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) ХҚО – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында жұмыс кестесiне сәйкес, түскi үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.
      Өтініштер мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға (қағаз түрінде) не порталға (электрондық түрде «pdf» фоматында) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш не порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) халықаралық сертификатты беруге мемлекеттiк баждың төленгенi туралы түбiртек;
      3) жеке тұлғалардың Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен ағымдағы күнтiзбелiк жыл үшiн көлiк құралдарына салықты төлегенiн растайтын немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
      4) мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өту туралы куәліктің көшірмелері.
      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсынады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе мемлекеттік қызметтер көрсетуді ақпараттық мониторингілеу жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:
      1) ХҚО-ға – мыналар:
      құжаттың нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң атауы;
      қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;
      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
      құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;
      2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.
      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны алғаннан кейін, жеке өзі келгенде және жеке басын куәландыратын құжатты, тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға арналған белгіленген нысандағы сенімхатты және ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, төлем құжатын ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде, онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының, ХҚО және (немесе) олардың
қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
      Нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректерi, сондай-ақ жауап алу мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолданады.
      ХҚО және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану үшін шағым ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО басшысының атына беріледі.
      ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол, сондай-ақ почтамен түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін ХҚО-ның басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тартуы туралы жауап) жаңарып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда және ХҚО арқылы қызмет көрсету ерекшеліктері
ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Көрсетілетін қызметті алушының, оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын адамдардың жеке өздерінің келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, мемлекеттік қызмет сенімхат бойынша көрсетіледі.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) Министрліктің – www.mtc.gov.kz («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде);
      2) ХҚО-ның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24-04-06. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«Халықаралық техникалық байқау 
сертификатын беру» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша            

_____________________ облысы (қаласы)
бойынша жергілікті атқарушы органның
басшысына                          

Халықаралық техникалық байқау сертификатын беруге
Өтініш

____________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)

      Мынадай автокөлік құралдарына халықаралық техникалық байқау сертификатын беруді сұраймын:

Р/с

АКҚ маркасы

Мемлекеттік нөмір

Сәйкестендіру нөмірі (VIN)

ЖСН/БСН _____________________________________________________________

Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
_____________________________________________________________________
                        (№ және қашан берілген)
Мекенжайы ___________________________________________________________
      (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үй №, телефон, факс)

Қоса берілетін құжаттар: _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

_________________   _________________________________________________
      Қолы         (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)

      М.О.

20___ жылғы «____»___________

«Халықаралық техникалық байқау 
сертификатын беру» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша            

_________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда
(бұдан әрі – Т.А.Ә) не көрсетілетін қызметті
алушы ұйымның атауы)

_______________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан
бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының № ___ бөлімі ____________________ «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» (мекенжайды көрсету) мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
      жоқ құжаттардың атауы:
      1. ___________________________________________________________;
      2. ___________________________________________________________;
      3. ___________________________________________________________;
      4. ___________________________________________________________.
      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бір данадан, 2 данада жасалды.
      Т.А.Ә. ____________________                        ____________
            (ХҚО қызметкері)                                (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә._______________      Телефон: ________________

      Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы «___» ____________

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2014 жылғы 26 наурыздағы
№ 265 қаулысына     
бекітілген       

«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық
(облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда
автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау,
сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен
айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:
      1) Министрліктің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
      2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру ХҚО арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi:
      1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
      лицензияны беру – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдеу – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
      лицензияның телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      2) көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде:
      лицензияны беру – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқалары не мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап қағаз және (немесе) электрондық түрде.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Лицензиялық алым 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алымдар мөлшерлемесі бойынша жергілікті бюджетке төленеді және мыналарды құрайды:
      1) лицензияны, сондай-ақ лицензияның телнұсқасын беруге – алымды төлеу күні қолданылатын үш еселенген айлық есептік көрсеткіш;
      2) лицензияны қайта ресімдеуге – лицензияны беру кезіндегі мөлшерлемеден 10%.
      Төлеу тәсілі: лицензиялық алым банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы аудару жолымен не қолма-қол ақшамен төленеді.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) ХҚО – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында жұмыс кестесiне сәйкес, түскi үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.
      Өтініштер мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
      2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға (қағаз түрінде) не порталға (электрондық түрде «pdf» фоматында) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      лицензияны алуға:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш не порталда көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің көшірмесі;
      3) дара кәсіпкер үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      4) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға құқық үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      5) жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иеленетін автобустар мен шағын автобустардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
      6) жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасының не ұйыммен(-дармен) жасалған қызметтер көрсету туралы шарттың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
      7) автобустар мен шағын автобустарға рейс алдындағы техникалық байқау (инженер-механик), жүргізушілерге рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландыру жүргізу үшін қызметтердің және білікті персоналдың немесе осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
      8) тахографтарды тексеру туралы тиісті сертификаттың көшірмелері;
      9) автобустар мен шағын автобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының, сондай-ақ тасымалдауға ұсынылатын барлық жылжымалы құрамға міндетті техникалық байқаудан өткізу туралы куәліктің көшірмелері;
      10) жеке тұлғалар үшін – тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің не заңды тұлғалар үшін – жүргізушілер құрамының тиісті санаттағы жүргізушілер куәліктерінің, тиісті санаттағы көлік құралы жүргізушісінің жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмелері;
      11) тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда жоғарыда көрсетілген құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (куәліктің) көшірмесін, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және салық органында есепке қою туралы куәлікті ұсыну оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді.
      лицензияны қайта рәсімдеуге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында порталда сұрау салу;
      2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      лицензияның түпнұсқасын алуға:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында порталда сұрау салу;
      2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе мемлекеттік қызметтер көрсетуді ақпараттық мониторингілеу жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:
      1) ХҚО-ға – мыналар:
      құжаттың нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң атауы;
      қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;
      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
      құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;
      2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.
      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны алғаннан кейін, жеке өзі келгенде және жеке басын куәландыратын құжатты, тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға арналған белгіленген нысандағы сенімхатты ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде, онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.
      Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін электрондық сұрау салу берген кезде көрсетілетін кызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жолданады.
      10. Мыналар:
      1) осы субъектілер санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған қызмет түрлерімен айналысуы;
      2) қызмет түріне лицензия беруге арналған өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрімен айналысу құқығына лицензиялық алымның енгізілмеуі;
      3) өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
      4) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын соттың заң күшіне енген үкімінің болуы;
      5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде соттың өтініш берушіге лицензия алуға тыйым салуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған кезден бастап) өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының, ХҚО және (немесе) олардың
қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
      Нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректерi, сондай-ақ жауап алу мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолданады.
      ХҚО және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану үшін шағым ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО басшысының атына беріледі.
      ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол, сондай-ақ почтамен түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін ХҚО-ның басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тартуы туралы жауап) жаңарып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда және ХҚО арқылы қызмет көрсету ерекшеліктері
ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Көрсетілетін қызметті алушының, оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын адамдардың жеке өздерінің келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, мемлекеттік қызмет сенімхат бойынша көрсетіледі.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) Министрліктің – www.mtc.gov.kz («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде);
      2) ХҚО-ның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті » арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24-04-06. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«Жолаушыларды облысаралық қалааралық,      
ауданаралық (облысішiлiк қалааралық)        
және халықаралық қатынастарда автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты емес        
тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды       
халықаралық қатынаста автобустармен,    
шағын автобустармен тұрақты тасымалдау    
жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын   
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                  

Кімге ____________________________
(лицензиардың толық атауы)
кімнен ______________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, БСН не жеке
тұлғаның, дара кәсіпкердің Т.А.Ә. (болған
кезде), ЖСН)

ӨТIНIШ

___________________________________________________________
(қызметтің түрі көрсетiлсiн)

жүзеге асыруға лицензия берудi сұраймын.
қағаз жеткізгіште ___________________________________________________
(егер лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болса, Х белгісін қою керек)
Мекенжайы ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі)
      Электрондық почта _____________________________________________
      Байланыс телефоны/факс ________________________________________
      Банктік есепшоты ______________________________________________
                   (банктік есепшот нөмірі, атауы және орналасу орны)
      Қызметті жүзеге асыру мекенжайлары ____________________________

      Қоса беріледі _____________ парақ

      Осы арқылы:
      барлық көрсетілген деректер ресми байланыс болып табылатыны және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселесі бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатынын;
      өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен айналысуға сот тыйым салмағанын;
      барлық қоса беріліп отырған құжаттар шындыққа сәйкес келетінін және нақты болып табылатынын растаймын.

____________________________________________         ________________
      (Т.А.Ә.)                                              (қолы)

М.О.                     Өтінішті беру күні: 20 __ жылғы ______
(болған жағдайда)

«Жолаушыларды облысаралық қалааралық,      
ауданаралық (облысішiлiк қалааралық)        
және халықаралық қатынастарда автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты емес        
тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды       
халықаралық қатынаста автобустармен,    
шағын автобустармен тұрақты тасымалдау    
жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын   
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                  

Кімге ____________________________
(лицензиардың толық атауы)
кімнен ______________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, БСН не жеке
тұлғаның, дара кәсіпкердің Т.А.Ә. (болған
кезде), ЖСН)

ӨТIНIШ

___________________________________________________________
(қызметтің түрі көрсетiлсiн)

қағаз жеткізгіште ___________________________________________________
(егер лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болса, Х белгісін қою керек)
      1) жеке тұлғаның тегiнің, атының, әкесiнiң атының (болған кезде) өзгеруіне;
      2) дара кәсiпкер қайта тiркелуіне, оның атауы мен мекенжайының өзгеруіне;
      3) заңды тұлғаның бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылуына;
      4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайының өзгеруіне;
      5) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалуына, бүлiнуіне байланысты лицензияны қайта ресімдеу (телнұсқасын берудi) сұраймын (қажеті сызылсын).

      Мекенжайы _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
(индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі)

      Электрондық почта _____________________________________________
      Байланыс телефоны/факс ________________________________________

      Банктік есепшоты ______________________________________________
      (банктік есепшот нөмірі, атауы және орналасу орны)

      Қызметті жүзеге асыру мекенжайлары ____________________________
_____________________________________________________________________
      (индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі)

      Қоса беріледі _____________ парақ

      Осы арқылы:
      барлық көрсетілген деректер ресми байланыс болып табылатыны және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселесі бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатынын;
      өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен айналысуға
сот тыйым салмағанын;
      барлық қоса беріліп отырған құжаттар шындыққа сәйкес келетінін
және нақты болып табылатынын растаймын.

____________________________________________         ________________
      (Т.А.Ә.)                                              (қолы)

М.О.                       Өтінішті беру күні: 20 __ жылғы ______
(болған жағдайда)

«Жолаушыларды облысаралық қалааралық,      
ауданаралық (облысішiлiк қалааралық)        
және халықаралық қатынастарда автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты емес        
тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды       
халықаралық қатынаста автобустармен,    
шағын автобустармен тұрақты тасымалдау    
жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын   
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша                  

нысан                  

_________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда
(бұдан әрі – Т.А.Ә) не көрсетілетін қызметті
алушы ұйымның атауы)

_______________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан
бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының № ___ бөлімі ___________________________ «Жолаушыларды облысаралық қалааралық,   (мекенжайды көрсету)   ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
      жоқ құжаттардың атауы:
      1. ___________________________________________________________;
      2. ___________________________________________________________;
      3. ___________________________________________________________;
      4. ___________________________________________________________.
      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бір данадан, 2 данада жасалды.
      Т.А.Ә. ____________________                        ____________                 (ХҚО қызметкері)                               (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә._______________      Телефон: ________________

      Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы «___» __________

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2014 жылғы 26 наурыздағы
№ 265 қаулысымен    
бекітілген       

«Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлік құралдарының
(шетелдiктердi қоса алғанда) жүрiп өтуіне арналған арнайы
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлік құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүріп өтуіне арналған арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Министрліктің Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары және Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі кеден органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:
      1) отандық көрсетілетін қызметті алушы үшін:
      Министрліктің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
      Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі кеден органдары;
      «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал);
      2) шетелдік көрсетілетін қызметті алушы үшін көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
      1) отандық көрсетілетін қызметті алушы үшін:
      ХҚО;
      Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі кеден органдары;
      2) шетелдік көрсетілетін қызметті алушы үшін көрсетілетін қызметті берушілер арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушілерге және (немесе) ХҚО-ға өтінішті тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
      iрi көлемді және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуіне алым сомасын төлеу үшін мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) қағаз немесе электронды түрде беру – 5 (бес) жұмыс күні ішінде, ал тасымалдау бағытын келісу қажет болмаған жағдайларда 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру (қызмет берушіге күнтізбелік он бес күн ішінде алым сомасының республикалық бюджетке төленгенін растайтын төлем құжаты түскен кезден бастап) – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      2) өтінішті тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлiк құралдарының жүрiп өтуіне арнайы рұқсат (бұдан әрі – арнайы рұқсат) және оған бақылау талоны қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
      Ірi көлемді және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуі үшін алым (бұдан әрі – алым) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алым мөлшерлемелері бойынша республикалық бюджетке төленеді, ол:
      1) автокөлiк құралының (жүгi бар немесе жүгi жоқ) жалпы нақты массасының рұқсат берiлетiн жалпы салмақтан асып түскенi үшiн есепті қамтиды, ол 0,005 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерiндегi алым мөлшерлемесін асып түскен әрбiр (толық емесiн қоса алғанда) тоннаға және бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі;
      2) автокөлік құралының (жүгі бар немесе жүгі жоқ) нақты осьтік жүктемелерінің рұқсат берілетін осьтік жүктемелерден асып түскені үшін есепті қамтиды, ол әрбір артық жүк тиелген жеке, қосарланған және үштіктелген біліктер үшін есептеледі және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген тиісті тарифтерді бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі;
      3) автокөлік құралы (жүгі бар немесе жүгі жоқ) көлемінің рұқсат берілген көлемдік өлшемдерінен асып түскені үшін есепті қамтиды, ол автокөлік құралдарының биіктігі, ені және ұзындығы бойынша асып түскені үшін есептеледі және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген тиісті тарифтерді бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі.
      Төлеу тәсілі: алым сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар немесе бақылау-өткізу пункттер не өзге де арнайы жабдықталған орындар арқылы белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкiлерi негiзiнде, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы аудару жолымен не қолма-қол ақшамен жүргізіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушілер:
      Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбi – сенбі аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
      автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі кеден органдары – www.е.customs.kz интернет-ресурсында орналастырылған жұмыс кестесі бойынша еңбек заңнамасына сәйкес көрсетiледi.
      Өтініштер мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады;
      2) ХҚО – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында жұмыс кестесiне сәйкес, түскi үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.
      Өтініштер мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
      3) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті не порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды толтырады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе мемлекеттік қызметтер көрсетуді ақпараттық мониторингілеу жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:
      1) ХҚО-ға – мыналар:
      құжаттың нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң атауы;
      қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;
      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
      құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;
      2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.
      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны алғаннан кейін, жеке өзі келгенде және жеке басын куәландыратын құжатты, тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға арналған белгіленген нысандағы сенімхатты және ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, төлем құжатын ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде, онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.
      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсынады.
      Алым сомасы бюджетке төленгендігінің растауы он бес күнтізбелік күн ішінде болмаған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілмейді.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының, ХҚО және (немесе) олардың
қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не мына мекенжайлар бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, (телефоны 8 (7172) 24-13-12) немесе Қаржы министрлігі басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11 (телефоны: 8 (7172) 71-77-64).
      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктердің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
      Нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректерi, сондай-ақ жауап алудың мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктердің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктердің басшысына жолданады.
      ХҚО және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану үшін шағым ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО басшысының атына беріледі.
      ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол, сондай-ақ почтамен түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылдағанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін ХҚО-ның басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тартуы туралы жауап) жаңарып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда және ХҚО арқылы қызмет көрсету ерекшеліктері
ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

      12. Көрсетілетін қызметті алушының, оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын тұлғалардың жеке өзі келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, мемлекеттік қызмет сенімхат бойынша көрсетіледі.
      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) көрсетілетін қызметті берушілердің – www.mtc.gov.kz және www.minfin.gov.kz («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде);
      2) ХҚО-ның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
      14. Отандық көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24-04-06, 70-99-32. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«Қазақстан Республикасының    
аумағы арқылы ауыр салмақты  
және (немесе) iрi көлемді көлік
құралдарының (шетелдiктердi қоса
алғанда) жүріп өтуіне арналған
арнайы рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша          

Автокөлік құралының (жүгі бар немесе жүгі жоқ)
нақты осьтік жүктемелерінің рұқсат берілетін осьтік
жүктемелерден асып түскені үшін тарифтер

Р/с

Нақты осьтік жүктемелерден асып түсу, %-бен

Рұқсат берілетін осьтік жүктемелерден асып түскені үшін тариф (АЕК)

1

2

3

1.

5,0%-ға дейін қоса алғанда

0,011

2.

5,0%-тен 10,0%-ға дейін қоса алғанда

0,014

3.

10,0%-тен 20,0%-ға дейін қоса алғанда

0,190

4.

20,0%-тен 30,0%-ға дейін қоса алғанда

0,380

5.

30,0%-тен 50%-ға дейін қоса алғанда

0,500

6.

50%-дан жоғары

1,0

«Қазақстан Республикасының    
аумағы арқылы ауыр салмақты  
және (немесе) iрi көлемді көлік
құралдарының (шетелдiктердi қоса
алғанда) жүріп өтуіне арналған
арнайы рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша          

Автокөлік құралы (жүгі бар немесе жүгі жоқ) көлемінің
рұқсат берілген көлемдік өлшемдерінен асып түскені
үшін тарифтер

Р/с

Автокөлік құралдарының көлемдік өлшемдері, метрмен

Рұқсат берілетін көлемдік өлшемдерден асып түскені үшін тариф (АЕК)

1

2

3

1.

Биіктігі:

1.2.

4-тен жоғары 4,5-ке дейін қоса алғанда

0,009

1.3.

4,5-тен жоғары 5-ке дейін қоса алғанда

0,018

1.4.

5-тен жоғары

0,036

2.

Ені:

2.1.

2,55-тен (изометриялық қораптар үшін 2,6-дан) жоғары 3-ке дейін қоса алғанда

0,009

2.2.

3-тен жоғары 3,75-ке дейін қоса алғанда

0,019

2.3.

3,75-тен жоғары

0,038

3.

Ұзындығы:

3.1.

жол берілетін ұзындықтан асып түсетін әрбір метр үшін (толық емесін қоса алғанда)

0,004

«Қазақстан Республикасының    
аумағы арқылы ауыр салмақты  
және (немесе) iрi көлемді көлік
құралдарының (шетелдiктердi қоса
алғанда) жүріп өтуіне арналған
арнайы рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша          

___________ облысы (қаласы) бойынша
кедендік/көліктік бақылау органының
басшысына                         

Ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік
құралының жүріп өтуіне арнайы рұқсатты алу үшін
Өтініш

Тасымалдаушының атауы _______________________________________________
ЖСН/БСН _____________________________________________________________
Мекенжайы, телефоны _________________________________________________
Автомобильдің маркасы ________мем.нөмірi ____________________________
Тіркеменің (жартылай тіркеменің) маркасы _____ мем.нөмірi ___________
Көлік құралының түрі
Изотермиялық шанақтың болуы
Әуе немесе оған балама аспаның болуы
Жүру бағыты _________________________________________________________
Бағыттың жалпы ұзақтығы, км _________________________________________
оның ішінде қалалардың аумағы бойынша, км ___________________________
Жүргізушінің Т.А.Ә. _________________________________________________
Ілесуші адамның Т.А.Ә. ______________________________________________
Ілесіп жүру түрi ____________________________________________________
Жүктің атауы мен салмағы, т. ________________________________________
АКҚ жүк көтергіштігі ________________________________________________
Жүру күні мен уақыты ________________________________________________

Автокөлік құралының жүгін қоса есептегендегі
нақты салмақтық және көлемдік өлшемдері

Өлшемдерi

Нақты

Рұқсат етілген

Асқаны

Жол бетінен биіктігі, м

Ені, м

Автокөлік құралының ұзындығы, м

Толық салмағы, т

Тіркеменің толық салмағы, т

АКҚ-ның дөңгелектік формуласы

1-ось

2-ось

3-ось

4-ось

5-ось

6-ось

7-ось

8-ось

9-ось

Еңістігі

Осьтердің ара қашықтығы, м

Оське нақты жүктеме, т.с.

Оське рұқсат етілген жүктеме, т.с.

Асқаны, %

Автокөлік құралының ең кіші бұрылу радиусы __________________________

Қосымша деректер ____________________________________________________
_____________________________________                ________________
(тасымалдаушының лауазымы, Т.А.Ә.)                      (М.О. қолы)

Өтініш беру күнi _____________

Келісуші органның шешімi ____________________________________________
____________________________________________         ________________
      (лауазымы, Т.А.Ә.)                               (М.О. қолы)

Келісуші органның шешімi ____________________________________________

____________________________________________         ________________
      (лауазымы, Т.А.Ә.)                                (М.О. қолы)

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 26 наурыздағы
№ 265 қаулысымен   
бекітілген      

«Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Министрліктің Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
      1) Министрліктің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
      2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
      техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап беру – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      2) ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) ХҚО-да қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап қағаз және (немесе) электрондық түрде.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) ХҚО – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында жұмыс кестесiне сәйкес, түскi үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.
      Өтініштер мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
      2) порталда – тәулік бойы ұсынылады (жөндеу жұмыстарын жүргізуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға (қағаз түрінде) немесе порталға (электрондық түрде «pdf» форматында) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш не порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) заңды тұлға үшін – заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі;
      3) дара кәсіпкер үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      4) техникалық байқау операторының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу жүргiзiлгенi туралы мөртаңба қойылған, жылжымайтын мүлiкке меншiк немесе оны иелену және пайдалану құқығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырған көшiрмелерi;
      5) сынақ жабдықтарын аттестаттау және өлшем құралдарын салыстырып тексеру сертификаттарының көшірмелері;
      6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сынақ жабдықтары мен өлшеу құралдары туралы ақпарат.
      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсынады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе мемлекеттік қызметтер көрсетуді ақпараттық мониторингілеу жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:
      1) ХҚО-ға – мыналар:
      құжаттың нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң атауы;
      қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;
      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
      құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;
      2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.
      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны алғаннан кейін, жеке өзі келгенде және жеке басын куәландыратын құжатты, тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға арналған белгіленген нысандағы сенімхатты ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде, онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.
      Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін электрондық сұрау салу берген кезде көрсетілетін кызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жолданады.
      10. Мыналар:
      1) ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дәйексіздігі;
      2) мынадай негіздер:
      техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу кезінде көрінеу дәйексіз ақпарат беру;
      механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу және жөндеу, оларға техникалық қызметтер көрсету бойынша қызметтер көрсетуді қоса атқару;
      механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды жүзеге асыру саласында әкімшілік құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасау бойынша өтініш берілген күнге дейін алты ай ішінде техникалық байқау операторларының тізілімінен шығару мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының, ХҚО және (немесе) олардың
қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 (телефоны 8 (7172) 24-13-12).
      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
      Нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректерi, сондай-ақ жауап алудың мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктердің басшысына жолданады.
      ХҚО және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану үшін шағым ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО басшысының атына беріледі.
      ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол, сондай-ақ почтамен түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылдағанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін ХҚО-ның басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тартуы туралы жауап) жаңарып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда және ХҚО арқылы қызмет көрсету ерекшеліктері
ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Көрсетілетін қызметті алушының, оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын адамдардың жеке өздерінің келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, мемлекеттік қызмет сенімхат бойынша көрсетіледі.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.mtc.gov.kz («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде);
      2) ХҚО-ның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24-04-06. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«Техникалық байқау операторларының 
тізіліміне енгізу» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына  
1-қосымша            

___________________ облысы (қаласы)
бойынша аумақтық көліктік бақылау
органының басшысына             

Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізуге
Өтініш

Сізді _______________________________________________________________
        (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
___________________________________________________ мекенжайы бойынша
    (индексі, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон)
механикалық көлік құралдарының және оларға тіркемелердің міндетті техникалық байқаудан өту үшін техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізуіңізді сұраймын.
      Техникалық байқаудың стационарлық желісінің ____ бірлігі және техникалық байқаудың мобильді желісінің ____ бірлігі бар.

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

__________ __________________________________________________________
  Қолы       (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)

      М.О.

20___ жылғы «____»__________

«Техникалық байқау операторларының 
тізіліміне енгізу» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына  
2-қосымша            

Сынау жабдықтары және өлшеу құралдары туралы
ақпарат

1. Техникалық байқау орталығында пайдаланылатын сынау жабдықтары (бұдан әрі – СЖ)

Анықтаушы сипаттамалар (көрсеткіштер)

СЖ атауы, түрі (маркасы), шығарушы, зауыттық немесе түгендеу нөмірі

Негізгі техникалық сипаттамалар

Пайдалануға енгізу жылы

СЖ аттестаттау бойынша құжаттың күні мен нөмірі, кезеңділігі

1

2

3

4

5

2. Техникалық байқау орталығында пайдаланылатын өлшеу құралдары (бұдан әрі – ӨҚ)

Анықтаушы сипаттамалар (көрсеткіштер)

ӨҚ атауы, түрі (маркасы), шығарушы, зауыт немесе түгендеу нөмірі

Негізгі метрологиялық сипаттамалар

Пайдалануға енгізу жылы

Тексеру немесе аттестаттау туралы сертификатының (куәлік) күні мен нөмірі, кезеңділігі

1

2

3

4

5

«Техникалық байқау операторларының 
тізіліміне енгізу» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына  
1-қосымша               

нысан                

_______________________________
___________________ облысы (қаласы)
бойынша аумақтық көліктік бақылау
органының басшысына

Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізуге
Өтініш

Сізді _______________________________________________________________
        (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
___________________________________________________ мекенжайы бойынша
    (индексі, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон)
механикалық көлік құралдарының және оларға тіркемелердің міндетті техникалық байқаудан өту үшін техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізуіңізді сұраймын.
      Техникалық байқаудың стационарлық желісінің ____ бірлігі және техникалық байқаудың мобильді желісінің ____ бірлігі бар.

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

__________ __________________________________________________________
  Қолы       (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)

      М.О.

20___ жылғы «____»__________

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2014 жылғы 26 наурыздағы
№ 265 қаулысымен    
бекітілген       

«Техникалық байқау операторларына механикалық көлік
құралдарының және оларға тіркемелердің мiндеттi техникалық
байқаудан өтуі туралы куәлік бланкілерін беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

2. Жалпы ережелер

      1. «Техникалық байқау операторларына механикалық көлік құралдарының және оларға тіркемелердің міндетті техникалық байқаудан өтуі туралы куәлік бланкілерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Министрліктің Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:
      1) Министрліктің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
      2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру ХҚО арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға не порталға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
      бланк өнімдерін сату қызметіне төлемді төлеу үшін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) қағаз немесе электронды түрде беру – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру (бланк өнімдерін сату қызметіне төлем сомасының төленгенін растайтын төлем құжаты көрсетілетін қызметті берушілерге түскен кезден бастап) – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      2) ХҚО-ға өтінішті тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) ХҚО-да қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – механикалық көлік құралдарының және оларға тіркемелердің міндетті техникалық байқаудан өтуі туралы куәлік бланкілері (бұдан әрі – куәлік бланкілері).
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
      Төлем бланк өнімдерін сату қызметі үшін өндіріледі және куәлік бланкілерін алу орны бойынша Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабына сәйкес республикалық бюджетке төленеді.
      Төлеу тәсілі: бланк өнімдерін сату қызметі үшін бюджетке төлем банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы аудару жолымен не қолма-қол ақшамен жүргізіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) ХҚО – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында жұмыс кестесiне сәйкес, түскi үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.
      Өтініштер мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
      2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті не порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды толтырады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе мемлекеттік қызметтер көрсетуді ақпараттық мониторингілеу жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:
      1 ХҚО-ға – мыналар:
      құжаттың нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң атауы;
      қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;
      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
      құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;
      2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.
      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны алғаннан кейін, жеке өзі келгенде және жеке басын куәландыратын құжатты, тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға арналған белгіленген нысандағы сенімхатты және ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, төлем құжатын ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде, онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.
      Бұл ретте көрсетілетін қызмет алушы ХҚО-ға көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсынады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының, ХҚО және (немесе) олардың
қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 (телефоны 8 (7172) 24-13-12).
      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
      Нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректерi, сондай-ақ жауап алудың мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жолданады.
      ХҚО және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану үшін шағым ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО басшысының атына беріледі.
      ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол, сондай-ақ почтамен түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылдағанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін ХҚО-ның басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тартуы туралы жауап) жаңарып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда және ХҚО арқылы қызмет көрсету ерекшеліктері
ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

      12. Көрсетілетін қызметті алушының, оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын адамдардың жеке өздерінің келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, мемлекеттік қызмет сенімхат бойынша көрсетіледі.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) Министрліктің – www.mtc.gov.kz («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде);
      2) ХҚО-ның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті » арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24-04-06. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«Техникалық байқау операторларына 
механикалық көлік құралдарының және
оларға тіркемелердің міндетті  
техникалық байқаудан өтуі туралы
куәлік бланкілерін беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша           

___________________ облысы (қаласы)
бойынша аумақтық көліктік бақылау
органының басшысына

Техникалық байқау операторларына механикалық көлік
құралдарының және оларға тіркемелердің міндетті техникалық
байқаудан өтуі туралы куәлік бланкілерін беруге
Өтініш

____________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)

      Механикалық көлік құралдарының және оларға тіркемелердің міндетті техникалық байқаудан өтуі туралы куәлік бланкілерін _______ дана беруіңізді сұраймын.

      ЖСН/БСН _______________________________________________________

      Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік ______________________________________________________________
                        (№ және қашан берілген)

      Мекенжайы _____________________________________________________
       (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үй №, телефон, факс)

_________________ ___________________________________________________
      Қолы        (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)

      М.О.

      20___ жылғы «____»______________

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2014 жылғы 26 наурыздағы
№ 265 қаулысымен  
бекітілген    

«Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық
шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына
шет мемлекеттер аумағы арқылы жүрiп өтуіне арналған рұқсат
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттер аумағы арқылы жүрiп өтуіне арналған рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) (жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктердi тасымалдауға шетелдiк рұқсаттарды берген кезде) Министрлiктің Көлiктiк бақылау комитетiнің аумақтық органдары және (жарамдылық мерзімі күнтізбелік бір жыл жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды берген кезде) Министрлiктің Көліктік бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:
      3) Министрліктің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
      4) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру ХҚО арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
      Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуіне алым мөлшерін төлеу үшін мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) қағаз немесе электронды түрде беру – 2 (екі) жұмыс күнi ішінде;
      мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру (көрсетілетін қызметті берушілерге республикалық бюджетке алым сомасының төленгенін растайтын төлем құжаты түскен кезден бастап) – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      2) ХҚО-ға құжаттардың топтамасын тапсыру кезiнде кезек күтудің рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) ХҚО-да қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесi:
      1) жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және жүктердi тасымалдауға шетелдік рұқсаттары қағаз түрінде;
      2) отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға және жүктердi тасымалдауға шетелдік рұқсаттар қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
      Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуі үшін алым 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алым мөлшерлемесі бойынша республикалық бюджетке төленеді және:
      1) отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдау және жүк тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды бергені үшін алым төлеу күні қолданылатын үш еселенген айлық есептік көрсеткішті;
      2) отандық тасымалдаушыларға жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды бергені үшін алым төлеу күні қолданылатын он еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.
      Төлеу тәсілі: алым сомасын бюджетке төлем банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы аудару жолымен не қолма-қол ақшамен жүргізіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) ХҚО – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында жұмыс кестесiне сәйкес, түскi үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.
      Өтініштер мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
      2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға (қағаз түрінде) не порталға (электрондық түрде «pdf» фоматында) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш не порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электронды құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлiгiнің көшірмесі;
      3) ұсынылған автокөлiк құралдарына халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру карточкасының көшірмесі;
      4) ұсынылған автокөлiк құралдарына халықаралық техникалық байқау сертификатының көшірмесі;
      5) жолаушылар мен багажды тұрақты және тұрақты емес тасымалдауға шетелдік рұқсаттарды алу үшін халықаралық және қалааралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жолаушыларды және багажды тасымалдауға лицензияның көшірмесі;
      Бұл ретте көрсетілетін қызмет алушы ХҚО-ға көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсынады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе мемлекеттік қызметтер көрсетуді ақпараттық мониторингілеу жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:
      1 ХҚО-ға – мыналар:
      құжаттың нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң атауы;
      қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;
      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
      құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;
      2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.
      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны алғаннан кейін, жеке өзі келгенде және жеке басын куәландыратын құжатты, тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға арналған белгіленген нысандағы сенімхатты және ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, төлем құжатын ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде, онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының, ХҚО және (немесе) олардың
қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, (телефоны 8 (7172) 24-13-12).
      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
      Нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректерi, сондай-ақ жауап алудың мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жолданады.
      ХҚО және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану үшін шағым ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО басшысының атына беріледі.
      ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол, сондай-ақ почтамен түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін ХҚО-ның басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тартуы туралы жауап) жаңарып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда және ХҚО арқылы қызмет көрсету ерекшеліктері
ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Көрсетілетін қызметті алушының, оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын адамдардың жеке өздерінің келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, мемлекеттік қызмет сенімхат бойынша көрсетіледі.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.mtc.gov.kz («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде);
      2) ХҚО-ның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті » арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24-04-06. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«Қазақстан Республикасы           
ратификациялаған халықаралық        
шарттарға сәйкес Қазақстан         
Республикасының тасымалдаушыларына    
шет мемлекеттер аумағы арқылы жүрiп   
өтуіне арналған рұқсат беру»       
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша              

нысан

____________________________________
(көліктік бақылау органының атауы)

Жүкті тасымалдауға, жолаушылар мен багажды тұрақты
емес тасымалдауға және (немесе) күнтізбелік бір жыл
қолданылу мерзімімен жолаушылар мен багажды тұрақты
тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттар алуға
Өтініш

_________________________________________________________________
(дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) немесе заңды
тұлғаның атауы)

      Жүкті тасымалдауға, жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға және (немесе) күнтізбелік бір жыл қолданылу мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды (қажеттісін астын сызу) беруді сұраймын:

Шетелдік рұқсаттардың саны

Рұқсат түрі

Елдер бойынша орындалатын тасымалдардың түрлері

Рұқсат түрі

ЖСН/БСН _____________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
_____________________________________________________________________
                  (№ және қашан берілген)
Мекенжайы ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үй №, телефон, факс)

Қоса берілетін құжаттар:_____________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

___________________________________________ _________________________
(Т.А.Ә.)                                             (қолы)

      М.О.
      (болған жағдайда)

20__ жылғы «___» __________ өтініш қарауға қабылданды

_____________________________________________________________________
      (Мемлекеттік органдағы жауапты адамның Т.А.Ә., қолы)

«Қазақстан Республикасы          
ратификациялаған халықаралық       
шарттарға сәйкес Қазақстан        
Республикасының тасымалдаушыларына   
шет мемлекеттер аумағы арқылы жүрiп 
өтуіне арналған рұқсат беру»     
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                

нысан

________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда
(бұдан әрі – Т.А.Ә), не көрсетілетін қызметті
алушы ұйымның атауы)

__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан
бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының № ___ бөлімі
___________________________ «Қазақстан Республикасы ратификациялаған
(мекенжайды көрсету) халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттер аумағы арқылы жүрiп өтуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
      жоқ құжаттардың атауы:
      1. ___________________________________________________________;
      2. ___________________________________________________________;
      3. ___________________________________________________________;
      4. ___________________________________________________________.
      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бір данадан, 2 данада жасалды.
      Т.А.Ә. ____________________                        ____________
            (ХҚО қызметкері)                                (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә._______________      Телефон: ________________

      Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы «___» _______________

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2014 жылғы 26 наурыздағы
№ 265 қаулысымен   
бекітілген     

«1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арналған
арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 3. Жалпы ережелер

      2. «1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Министрлiктің Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:
      1) отандық көрсетілетін қызметті алушы үшін:
      Министрліктің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
      «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал);
      2) шетелдік көрсетілетін қызметті алушы үшін көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) отандық көрсетілетін қызметті алушы үшін – ХҚО;
      2) шетелдік көрсетілетін қызметті алушы үшін – көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) ХҚО-ға не порталға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралымен 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыруға арнайы рұқсат (бұдан әрі – арнайы рұқсат) қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбi – сенбі аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Өтініштер мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      2) ХҚО – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында жұмыс кестесiне сәйкес, түскi үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.
      Өтініштер мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;
      3) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға (қағаз түрінде) не порталға (электрондық түрде «pdf» форматында) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш не порталда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) қауіпті жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралын тіркеу туралы куәліктің, сондай-ақ егер ол тасымалдаушының меншігі болып табылмаса, осындай көлік құралын заңды негіздерде иелену құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) құзырлы органдармен келісілген қауіпті жүкті тасымалдау бағдары;
      4) қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралы жүргізушісінің дайындығы туралы куәліктің (жүргізушіге қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік) көшірмесі;
      5) тасымалданатын қауіпті жүкке арналған қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жүйесінің апаттық карточкасы;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің өкілі органға өтініш берген жағдайда өкілдің өкілеттігін растайтын құжаттар.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден немесе мемлекеттік қызметтер көрсетуді ақпараттық мониторингілеу жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:
      1) ХҚО-ға – мыналар:
      құжаттың нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң атауы;
      қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;
      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
      құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;
      2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.
      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны алғаннан кейін, жеке өзі келгенде және жеке басын куәландыратын құжатты, тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға арналған белгіленген нысандағы сенімхатты ұсынған кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде, онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының, ХҚО және (немесе) олардың
қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, (телефоны 8 (7172) 24-13-12).
      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе электронды түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
      Нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректерi, сондай-ақ жауап алудың мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жолданады.
      ХҚО және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану үшін шағым ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО басшысының атына беріледі.
      ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол, сондай-ақ почтамен түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін ХҚО-ның басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тартуы туралы жауап) жаңарып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда және ХҚО арқылы қызмет көрсету ерекшеліктері
ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Көрсетілетін қызметті алушының, оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын адамдардың жеке өздерінің келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, мемлекеттік қызмет сенімхат бойынша көрсетіледі.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.mtc.gov.kz («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде);
      2) ХҚО-ның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
      15. Отандық көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
      17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24-04-06. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті    
жүкті тасымалдауға арналған арнайы 
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына       
1-қосымша           

Тіркеу нөмірі және күні
(Аумақтық орган ресімдейді)

__________________________________________
(аумақтық көліктік бақылау органының атауы)

Өтініш

_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе дара кәсіпкердің және жеке тұлғаның Т.А.Ә., паспорт деректері)
қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсат ресімдеуді (қайта ресімдеуді) сұрайды.
_____________________________________________________________________
(тасымалдаушы тасымалдауды жүзеге асыратын қауіпті жүктің сыныбы, БҰҰ нөмірі, атауы және сипаттамасын көрсету)
Тасымалдау __________________________________________________________
_____________________________________________________ көлік құралымен
(көлік құралының түрін, маркасын, автомобильдің, тіркеменің және жартылай тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін көрсету)
___________________________________________________ жүзеге асырылады.
(тасымалдау бағытын, қауіпті жүкті тасымалдау күнін және мерзімін, тиеу және түсіру орнын көрсету)
      Қосымша мынаны хабарлаймын:
___________________________________________________________________
(қауіпті жүкті жөнелтушінің және жүк алушының атауы, нақты почталық мекенжайы, телефон нөмірі, факс немесе электрондық почта мекенжайы)

      Қажетті құжаттар өтінішке қоса беріледі. Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығын және дәйектілігін растаймын.
      Арнайы рұқсаттың қолдану мерзімін ______________ бастап _______
дейін ____________ сапарға белгілеуді сұраймын.

      Лауазымы                                                 Қолы
      М.О.

«1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті    
жүкті тасымалдауға арналған арнайы 
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына       
2-қосымша           

нысан

_______________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты болған
жағдайда (бұдан әрі – Т.А.Ә.) не
көрсетілетін қызметті алушы
ұйымның атауы)

_________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының № ___ бөлімі
__________________ «1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға
(мекенжайды көрсету) арналған арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:
      жоқ құжаттардың атауы:
      1. ___________________________________________________________;
      2. ___________________________________________________________;
      3. ___________________________________________________________;
      4. ___________________________________________________________.
      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бір данадан, 2 данада жасалды.
      Т.А.Ә. ____________________                        ____________                 (ХҚО қызметкері)                               (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә._______________      Телефон: ________________

      Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ жылғы «___» __________

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 26 наурыздағы
№ 265 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші
жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысының 1-тармағының 1)2)3)4)5)6)7)12)13) және 14) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж.,
№ 70, 1007-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 507 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 20-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 34, 505-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 508 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 34, 506-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 828 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 12), 13) және 14) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 49, 678-құжат).