"Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Почта жөнелтімдеріне почта мөртабанын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 72 қаулысына өзгеріс енгізу және "Почта арқылы жiберуге тыйым салынған заттардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 798 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 74 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Почта жөнелтімдеріне почта мөртабанын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 72 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 24, 339-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 5) және 7) тармақшаларына және «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
      2. «Почта арқылы жiберуге тыйым салынған заттардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 798 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 22, 245-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов