"Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1530 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 489 құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында:
      «Елдің ипотекалық нарығындағы тұрақтылықты, үлескерлердің құқықтарын қорғауды және құрылыс объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету» деген 3-кіші бөлімде:
      «2 кезең: 2008 – 2013 жылдар» деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «2 кезең: 2008 – 2014 жылдар»;
      жиырма төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Стрессті активтер қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қор) құрылысын Алматы қаласы әкімдігінің уәкілетті ұйымы жүзеге асыратын «Солнечный квартал», «Шаңырақ», «Жайлы-2» тұрғын үй кешендерінің және Алматы қаласы, Жангелдин көшесі, 11 мекенжайындағы тұрғын үйдің құрылысын 3,29 млрд. теңге сомасында қаржыландыратын болады, оның ішінде «Солнечный квартал» тұрғын үй кешені – 2 млрд. теңге, «Шаңырақ» тұрғын үй кешені – 0,8 млрд. теңге, «Жайлы-2» тұрғын үй кешені – 0,35 млрд. теңге, Алматы қаласы, Жангелдин көшесі, 11 тұрғын үй – 0,14 млрд. теңге.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов