"Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 1129 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1521 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 724 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.06.2014 № 724 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 1129 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламада (бұдан әрі – Бағдарлама):
      «1. Бағдарламаның паспорты» деген бөлімде:
      «Міндеттері» мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Термоэлементтер мен күн фотоэлементтерін шығару жөніндегі сыни технологияларды дамыту»;
      «Нысаналы индикаторлары»:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. 2014 жылы көмiр өндiру көлемiн 119 млн. тоннаға дейiн қамтамасыз ету.»;
      «Саланы дамытудың негізгі проблемалары, үдерістері мен алғышарттары» деген кіші бөлімде:
      «3. Қазақстандық қамту» деген тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Екібастұз қаласында 700 оқушы орнына арналған Отын-энергетика саласы үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық орталықтың құрылысы аяқталатын болады.»;
      мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
      «Саланың инновациялық-технологиялық дамуын талдау
      Электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысты электр энергиясын өндіруді ұлғайту есебінен ғана емес, сонымен қатар энергия үнемдеу есебінен де қанағаттандыруға болады.
      Саланың инновациялық-технологиялық дамуы электр станцияларында станциялардың энергия тиімділігін арттыратын технологияларды енгізуге жәрдемдеседі.
      Бүгінгі күні жаңартылған энергия көздерін қолдану Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Осылайша, нысаналы технологиялық бағдарламаларда бағыттарының бірі термоэлементтерді және күн фотоэлементтерін шығару жөніндегі технология болып табылады.
      Талдау нәтижесінде «Термоэлементтер және күн фотоэлементтерін шығару жөніндегі технология» деген нысаналы технологиялық бағдарламаны іске асыру үшін күн элементтерін өндірудің сыни технологиясы өнеркәсіптік игеруге жақындап қалған кремнийдің нано-талшықтарын өсіру технологиясы болып табылатындығы анықталды. Мемлекетке бизнес және ғылыммен бірлесе отырып, нано-құрылымды дамыту үшін күш-жігерді шоғырландыру қажет.».
      «Қолданыстағы нормативтiк-құқықтық базаның, қолданыстағы практика мен саланың дамуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды iске асыру нәтижелерiнiң сипаттамасын қоса алғанда, саланы дамытуды мемлекеттiк реттеудiң қолданыстағы саясатын талдау» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қолданыстағы нормативтiк-құқықтық базаның, қолданыстағы практика мен саланың дамуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды iске асыру нәтижелерiнiң сипаттамасын қоса алғанда, саланы дамытуды мемлекеттiк реттеудiң қолданыстағы саясатын талдау
      Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттiк реттеу мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:
      энергия тұтынушылардың сұраныстарын барынша толық қанағаттандыру және электр және жылу энергиясы нарығына қатысушыларды тұтынушыларға электр және жылу энергиясын жеткiзушiлердi таңдау мүмкiндiгiне кепiлдiк беретiн нарықта бәсекелi шарттар жасау арқылы құқықтарын қорғау; Қазақстан Республикасының электр энергетикалық кешенiнiң қауiпсiз, сенiмдi және тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасы электр энергетикалық кешенiн елдiң шаруашылық-экономикалық және әлеуметтiк кешендерiнiң өмiршеңдiгiн қамтамасыз ететiн аса маңызды жүйесi ретiнде басқарудың бiртұтастығы.
      Қазiргi уақытта электр энергетикасы саласында мынадай нормативтiк құқықтық актiлер қолданылады:
      1) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы;
      2) «Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы;
      3) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы;
      4) «Шектi тарифтердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 25 наурыздағы № 392 қаулысы;
      5) «Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану мониторингiн жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 5 қазандағы № 1529 қаулысы;
      6) «Жаңартылатын энергия көздерінің пайдалану объектілері құрылысының техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобаларын келіcу және бекіту ережесін, мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2190 қаулысы;
      7) «Электр энергиясын энергия өндіруші білікті ұйымдардан сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 70 қаулысы;
      8) «Электр немесе жылу желілеріне қосудың және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді қосудың ең таяу нүктелерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 119 қаулысы;
      9) «Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 4 маусымдағы № 740 қаулысы;
      10) «Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеудi және оларды қысқарту жөнiндегi iс-шараларды келiсу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 7 маусымдағы № 757 қаулысы;
      11) «Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс iстеу кезiндегi қауiпсiздiк қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 8 маусымдағы № 765 қаулысы;
      12) «Электрмен жабдықтаудың сенiмдiлiгi мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 15 маусымдағы № 795 қаулысы;
      13) «Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс iстеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 15 маусымдағы № 796 қаулысы;
      14) «Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйi мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн электр және жылу энергиясын өндiрудi, беру мен бөлудi және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауiпсiздiк қағидаларын бiлуiне бiлiктiлiк тексеру жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 30 маусымдағы № 893 қаулысы;
      15) «Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуi, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 12 шiлдедегi № 932 қаулысы;
      16) «Қазақстанның бiртұтас электр энергетикасы жүйесiнде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөнiндегi қағидаларды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 18 шiлдедегi № 945 қаулысы;
      17) «Электрмен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актiсiн жасау жөнiндегi нұсқаулықтарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 10 тамыздағы № 1039 қаулысы;
      18) «Энергетикалық кәсiпорындар үшiн өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 16 қазандағы № 1319 қаулысы;
      19) «Бiртұтас электр энергетикасы жүйесiнiң, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желiлерiнiң жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргiзу және оларды есепке алу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 24 қазандағы № 1345 қаулысы;
      20) «Шаң тәрiздес отынды дайындау және жағу үшiн отын берудiң жарылыс қауiпсiздiгi қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 24 қазандағы № 1348 қаулысы;
      21) «Электр станциялары мен желiлерiн техникалық пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 24 қазандағы № 1352 қаулысы;
      22) «Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк техникасы қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 24 қазандағы № 1353 қаулысы;
      23) «Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 24 қазандағы № 1354 қаулысы;
      24) «Электр қондырғыларын орнату қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 24 қазандағы № 1355 қаулысы;
      25) «Электр станцияларының және жылу желiлерiнiң жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк техникасы қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 24 қазандағы № 1356 қаулысы;
      26) «Электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығының жұмыс iстеуi қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1508 қаулысы;
      27) «Электр қондырғыларын пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк техникасы қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1509 қаулысы;
      28) «Жүйелiк оператордың қызмет көрсету, жүйелiк және қосалқы қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуi қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 29 наурыздағы № 300 қаулысы;
      29) «Энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 1 маусымдағы № 563 қаулысы;
      30) «Электр желiлiк қағидаларды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 19 маусымдағы № 625 қаулысы;
      31) «Электр станцияларының, жылу және электр желiлерiнiң жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетудi және оларды жөндеудi ұйымдастыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 10 шілдедегі № 711 қаулысы;
      32) «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 10 шілдедегі № 712 қаулысы;
      33) «Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 10 шілдедегі № 713 қаулысы;
      34) «Энергетикалық сараптама жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 10 шілдедегі № 714 қаулысы;
      35) «Энергетикалық сараптама жүргiзуге ұйымдарды және электрлiк зертханаларды аккредиттеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 334 бұйрығы.»;
      «4. Бағдарламаның мақсаттары, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары мен оны iске асырудың нәтижелерiнiң көрсеткiштерi» деген бөлімде:
      «Нысаналы индикаторлар»:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2014 жылы көмiр өндiру көлемiн 119 млн. тоннаға дейiн қамтамасыз ету.»;
      «Бағдарламаның міндеттері» мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
      «Термоэлементтерді және күн фотоэлементтерін шығару жөніндегі сыни технологияларды дамыту.»;
      «Нәтижелер көрсеткіштері» мынадай редакцияда жазылсын:
      «2014 жылы электр энергиясын өндіруді 96,8 млрд. кВт сағ. тұтыну болжамымен 97,9 млрд. кВт сағ. дейін жеткізу.
      Қазақстанның 2009 – 2014 жылдарға арналған электр энергиясының болжамдық теңгерімі 1-қосымшада келтірілген.
      Жалпы электр тұтыну көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 2014 жылға 1,0 % астам құрайды.
      Қазақстанның 2009 – 2014 жылдарға арналған ЖЭС электр энергиясының әзірлеу 2-қосымшада келтірілген.
      2011 жылы Алматы облысының Шелек дәлізі ауданында бірінші кезеңде қуаты 50 МВт жел электр станцияларын кезең-кезеңмен салу басталады.
      Алматы облысының Жоңғар қақпасы ауданында бірінші кезеңде қуаты 50 МВт, Шығыс Қазақстан облысында қуаты 24 МВт, Маңғыстау облысында қуаты 40 МВт, Қарағанды облысында қуаты 10 МВт жел электр станцияларын салу бойынша жобаларды іске асыру.
      Сондай-ақ Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында қуаты 100 МВт кем емес, шағын ГЭС құрылыс жобаларын әзірлеу және іске асыру женіндегі жұмыстарды жалғастыру күтілуде.
      2014 жылы көмiр өндiру көлемiн 119 млн. тоннаға дейiн қамтамасыз ету.
      Көмір өндірудің болжамдық теңгерімі 3-қосымшада келтірілген.
      Көмiрге сұранысты қанағаттандыру мақсатында көмiрдi өндіруді 2009 жылғы 94,3 млн. тоннадан 2014 жылы 119,0 млн. тоннаға дейiн өсіру жоспарланып отыр. 2015 жылға қарай Қазақстан Республикасының тұтынушыларының көмiрге деген болжамды қажеттiлiгi 86 млн. тоннаны, оның iшiнде елдiң энергия өндiрушi кәсiпорындарының – 57 млн. тоннаны құрайды.
      Энергетикалық көмір ресурстары жылу электр станцияларының қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз етеді. Коммуналдық сектор мен халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін Шұбаркөл және Майкүбі кен орындарында, сондай-ақ «Қаражыра» разрезінде күлі аз көмір өндіруді арттыру жоспарланып отыр.»;
      «Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік және өзге де органдар» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Бағдарламаны іске асыруға жауапты болып табылады, сондай-ақ мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелердің көрсеткіштеріне табысты қол жеткізу үшін мына мемлекеттік органдар мен ұйымдардың: Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Өңірлік даму министрлігі, Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері, БҰҰДБ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ, «ҚЭЭНҚО» АҚ, «ҚазНИПИИТЭС «Энергия» АҚ, «ҚазНИПИЭнергопром» АҚ, «ҚЭҚ» ЗТБ, «ҚазГидро» ЖШС, Қазақстандық индустрияны дамыту институтының өзара іс-қимылы қажет.»
      «5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген бөлімде:
      екінші бөлікте:
      1-тармақта:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Екібастұз МАЭС-2 № 3 энергия блогын салу, іске асырылу мерзімі 2010 – 2015 ж.ж.;»;
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шардара ГЭС жаңғырту, іске асырылу мерзімі 2010 – 2016 ж.ж.»;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      «Алматы ЖЭО-2 реконструкциялау және кеңейту (3-кезек, бойлерлік), іске асырылу мерзімі 2009 – 2013 ж.ж.,
      Алматы ЖЭО-2 реконструкциялау және кеңейту (3-кезек, № 8 қазандық агрегаты), іске асырылу мерзімі 2011 – 2015 ж.ж.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жаңа генерациялайтын қуаттар құрылысы, оның iшiнде:
      Мойнақ ГЭС құрылысы, іске асырылу мерзімі 2006 – 2012 ж.ж.;
      «Ақшабұлақ» ГТЭС құрылысы, iске асырылу мерзiмi 2010 – 2012 ж.ж.;
      Орал ГТЭС құрылысы, iске асырылу мерзiмi 2010 – 2012 ж.ж.;
      Балқаш ЖЭС құрылысы (I модуль), іске асырылу мерзімі 2010 – 2018 ж.ж.»;
      3-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан ҰЭЖ-не 500 кВ, 220 кВ кернеулі желілер қоса отырып, 500 кВ Алма ҚС құрылысы, iске асырылу мерзiмi 2010 – 2014 ж.ж;»;
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстанның Ұлттық электр желісін жаңғырту, II кезең, iске асырылу мерзiмi 2010 – 2016 ж.ж.;»;
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Метрополитен үшiн Алматы қаласы мен Алматы облысында трансформаторлық қосалқы станциялар салу және жаңғырту, iске асырылу мерзiмi 2009 – 2013 ж.ж.;»;
      жетінші абзац алынып тасталсын;
      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Алматы ЖЭО-1, ЖЭО-2 және ЖЭО-3 күл-қож жою және күл үю жүйелерiн реконструкциялау және кеңейту, iске асырылу мерзiмi 2009 – 2015 ж.ж.;»;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «ТКШ үшiн Алматы қаласы мен Алматы облысында трансформаторлық қосалқы станциялар салу және жаңғырту, iске асырылу мерзiмi 2011 – 2013 ж.ж.»;
      екінші бөлікте:
      1) тармақша алынып тасталсын;
      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) 220 кВ ОБТҚС - Осакаровка ӘЖ реконструкциялау
      Жобаның мақсаты: Жоба электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және Астана энергия торабы мен Астана қаласы индустриялық аймағының экономикасы мен халқының электр энергиясына қажеттiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған.
      Жобада мыналар көзделген:
      220 кВ AT (2x250 MBA) ауыстыра отырып, ОБТҚС 500 ҚС реконструкциялау;
      220 кВ ОБТҚС - Осакаровка ӘЖ (118,7 км) реконструкциялау.
      Іске асыру мерзiмi: 2010 – 2014 ж.ж.
      3) 500 кВ Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитін салу
      Жобаның мақсаты: Шығыс өңірдің Қазақстан БЭЖ-мен байланысын күшейту, контрреттеуіш – Бұлақ ГЭС-ті іске қосқан кезде Шүлбі ГЭС-інен толығымен қуат беруді қамтамасыз ету, Қазақстанның шығыс және оңтүстік өңірлерін сенімді электрмен қамтамасыз етуді арттыру және Солтүстік-Оңтүстік транзитін күшейту. Теміржолдардың электрлендірілетін учаскелерінің, тау-кен өнеркәсібінің энергияны қажетсінетін объектілерінің электр энергиясына деген қажеттілігін жабуды қамтамасыз ету. Шекара маңы аумақтарды дамыту және жаңартылатын энергияның әлеуетін ауқымды игеру үшін жағдай жасау.
      Жоба екі кезең бойынша іске асырылады.
      Іске асырылу мерзімі: 2011 – 2018 ж.ж.
      I кезең. 500 кВ Екібастұз – Семей – Өскемен ӘЖ
      Жобада мыналар көзделген:
      500 кВ Екібастұз – Семей ӘЖ (402,2 км) құрылысы;
      500 кВ Семей – Өскемен ӘЖ (194,9 км) құрылысы;
      220 кВ Семей – ШГЭС ӘЖ (80,9 км) құрылысы;
      500 кВ Семей ҚС 220 кВ АТҚ-да 220 кВ 51 ҚС - 18 ҚС ӘЖ (14,8 км) кіріс-шығысының құрылысы;
      500 кВ Семей ҚС 220 кВ АТҚ-да 220 кВ 18 ҚС - ШГЭС ӘЖ-ның (12,6 км) кіріс-шығысының құрылысы;
      500 кВ Семей ҚС құрылысы;
      1150 кВ Екібастұз ҚС 500 кВ АТҚ-ны кеңейту;
      500 кВ Өскемен ҚС 500 кВ АТҚ-ны кеңейту.
      Іске асыру мерзімі: 2011 – 2017 ж.ж.
      II кезең. 500 кВ Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алма ӘЖ
      Жобада мыналар көзделген:
      500 кВ Семей – Ақтоғай ӘЖ (390,8 км) құрылысы;
      500 кВ Ақтоғай – Талдықорған ӘЖ (285,6 км) құрылысы;
      500 кВ Талдықорған – Алма ӘЖ (206,7 км) құрылысы;
      жалпы ұзындығы 143,4 км Талдықорған ҚС-дағы 220 кВ ӘЖ кірістерінің құрылысы;
      500 кВ Ақтоғай ҚС құрылысы;
      500 кВ Талдықорған ҚС құрылысы;
      500 кВ Алма ҚС 500 кВ АТҚ-ны кеңейту.
      Іске асырудың жоспарланған мерзімі: 2012 – 2018 ж.ж.»;
      4) тармақша алынып тасталсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Павлодар энергия торабының Қазақстанның БЭЭЖ-мен байланысын күшейту.
      Жобаның мақсаты: Энергия торабын Қазақстанның БЭЭЖ-мен кернеуі 220 кВ электр байланысымен жарақтандыра отырып, Павлодар энергия торабы энергия жүйесі жұмысының сенімділігін арттыру. Павлодар қаласы ЖЭО-ның қуат беруін қамтамасыз ету.
      Қазіргі уақытта энергия торабы Қазақстанның БЭЭЖ-імен шектеулі өткізу қабілеті бар (Л-3077 жоспарлы ажыратылған кезде рұқсат етілетін ағын 330 МВт-дан 80 МВт-ға дейін төмендейді) 110 кВ электр беру желілері бойынша байланысқан, бұл Павлодар ЖЭО-ның сыртқы тұтынушыларға қуат беруінің шектелуіне алып келеді.
      Жобада мыналар көзделген:
      Павлодар ҚС 110 кВ 220 кВ АТҚ құрылысы;
      ЕЭК-Промышленная (54 км) 220 кВ ӘЖ құрылысы;
      кернеуі 220 кВ (21,7 км) Павлодар ЕЭК 110 кВ ӘЖ көшіру;
      ЕЭК 220 кВ АТҚ-ны кеңейту.
      Іске асырудың жоспарланған мерзімі: 2012 – 2016 ж.ж.»;
      6) тармақша алынып тасталсын;
      7) тармақша алынып тасталсын;
      8) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Екібастұз МАЭС-1 500 кВ АТҚ реконструкциялау. Іске асырылу мерзімі 2011 – 2016 ж.ж.;»
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерінен өндіру үлесі (жел электр станциялары, күн станциялары, сондай-ақ қуаты 35 МВт дейінгі су электр станциялары) 2015 жылға қарай жалпы электр тұтыну көлемінде 1 % астамды құрайды.
      Жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндіруге жәрдемдесу үшін құқықтық және әкімшілік шараларды іске асыру.
      Қазақстан Республикасының «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдары және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды ынталандыру және қолдау жөніндегі шараларды қамтитын бірқатар нормативтік құқықтық актілерді қабылдағаннан кейін отандық және шетелдік инвесторлардың қызығушылығы артқаны және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы жобалардың іске асырыла басталғаны байқалды.
      Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы нормативтік және нормативтік-құқықтық құжаттамаларды әзірлеуді және жетілдіруді жалғастыру салынатын инвестицияларды қайтаруда инвесторларға кепілдік беруге мүмкіндік беретін қолдау тетігін құруы тиіс және нәтижесінде, жаңартылған энергия көздерінен барлық өндіретін электр энергиясын сатып алу кепілдігі, желілерге жаңартылған энергия көздерін пайдалану бойынша объектілерді қосу кезінде қолдау, жобаның барлық өтімділік кезеңінде жаңартылған көздерінен энергияға инвестициялық преференцияларды кепілдендірілген және тартымды бағасын беру, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы жобаларды келісудің стандартталған рәсімдерін, жаңартылатын энергия көздері объектілерінің құрылысы үшін жер учаскелерін резервтеу және оларды беру кезінде басымдылығы, жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, өндірілген электр энергиясын сатып алу бойынша энергия таратушы ұйымдардың міндеттемелері, жаңартылатын энергия көздерінің желілері бойынша электр энергиясы көлігіне төлеуден босату тәрізді Қазақстан Республикасының аумағында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы жобаларды іске асыру және дамыту үшін әлеуетті инвесторларды тартуға тиіс.
      Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану (жел электр станциялары (ЖЭС), кіші су электр станциялары (кіші СЭС) бойынша жобаларды іске асыру есебінен мынадай жаңа қуаттарды енгізу:
      1) Алматы облысында:
      2010 жылы іске қосылатын Қаратал өзенінде белгіленген қуаты 3,5 МВт кіші СЭС;
      2015 жылы iске қосылатын Шелек дәлiзi ауданындағы белгiленген қуаты 51 МВт ЖЭС;
      2015 жылы iске қосылатын Көксу өзенiнде жиынтық қуаты 42 МВт кiшi СЭС каскады;
      2014 жылы іске қосылатын Қаратал өзенінде белгіленген қуаты 5 МВт кіші СЭС;
      2014 жылы iске қосылатын Басқан өзенiнде белгiленген қуаты 4,35 МВт кiшi СЭС;
      2014 – 2015 жылдары iске қосылатын Есiк өзенiнде жалпы қуаты 4,8 МВт кiшi СЭС;
      2014 – 2015 жылдары iске қосылатын Лепсi өзенiнде белгiленген қуаты 4,8 МВт кiшi СЭС
      2014 жылы іске қосылатын бірінші кезеңдегі Қапшағай қаласындағы қуаты 2 МВт күн қондырғылары;
      2) Шығыс Қазақстан облысында:
      2014 – 2015 жылдары iске қосылатын Ұлан ауданындағы белгiленген қуаты 24 МВт болатын ЖЭС;
      3) Маңғыстау облысында:
      2014 – 2015 жылдары iске қосылатын Түпқараған ауданындағы белгiленген қуаты 42 МВт ЖЭС;
      4) Ақмола облысында:
      2013 жылы iске қосылатын Целиноград ауданындағы белгiленген қуаты 0,75 МВт ЖЭС;
      2014 – 2015 жылдары iске қосылатын Ерейментау ауданындағы белгiленген қуаты 45 МВт ЖЭС;
      5) Қарағанды облысында:
      2013 жылы iске қосылатын Ынтымақ су қоймасында белгiленген қуаты 0,57 МВт кіші СЭС;
      6) Оңтүстiк Қазақстан облысында:
      2014 жылы iске қосылатын Келес өзенiнде белгіленген қуаты 2 МВт кiшi СЭС;
      7) Қостанай облысында:
      2011 жылы іске қосылатын Қарасу ауданындағы белгіленген қуаты 0,35 МВт биогаз қондырғысы;
      8) Солтүстік Қазақстан облысында:
      2012 жылы іске қосылатын Қызылжар ауданындағы белгіленген қуаты 1,5 МВт ЖЭС;
      9) Жамбыл облысында:
      2010 жылы iске қосылатын Мерке өзенінде белгiленген қуаты 1,5 МВт кіші СЭС;
      2011 жылы iске қосылатын Қордай ауданындағы белгiленген қуаты 1,5 МВт ЖЭС;
      2012 жылы iске қосылатын Қордай ауданындағы белгiленген қуаты 0,5 МВт КЭС;
      2013 жылы iске қосылатын Т. Рысқұлов ауданындағы белгiленген қуаты 2,1 МВт кіші СЭС;
      2013 жылы iске қосылатын Шу ауданындағы белгiленген қуаты 9,2 МВт кіші СЭС;
      2013 жылы iске қосылатын Қордай ауданындағы белгiленген қуаты 4 МВт ЖЭС;
      2014 – 2015 жылдары iске қосылатын Мерке өзенінде белгiленген қуаты 4,5 МВт кіші СЭС.»;
      «6. Қажетті ресурстар» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қажеттi ресурстар
      Бағдарламаны iске асыруға арналған қаржы ресурстарының жалпы көлемi 1 177 497 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнде қаржыландыру көздерi бойынша:
      1) Республикалық бюджет – 435 881 млн. теңге.
      2) Меншiктi және қарыз қаражаты – 741 616 млн. теңге.»;
      «7. Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары

                                                           млн. теңге

Р/с

Iс-шара

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындалу мерзiмi

1

2

3

4

5

Өндiрушi қуаттарды реконструкциялау, жаңғырту және салу


ЖИЫНЫ:




1. Жаңа энергия көздерiн салу

1

Орал ГТЭС салу

Пайдалануға беру

«Орал ГТЭС» ЖСШ

2010-2012 ж.ж.

2

Ақшабұлақ кен орнында ГТЭС салу

Пайдалануға беру

«Кристалл Менеджмент» ЖШС

2010-2012 ж.ж.

3

Балқаш ЖЭС салу (I модуль)

Пайдалануға беру

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

2010-2018 ж.ж.

3.1

4

Мойнақ ГЭС салу

Пайдалануға беру

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

2006-2012 ж.ж.

5

Екiбастұз МАЭС-2 № 3 энергия блогын салу

Пайдалануға беру

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

2010-2015 ж.ж.

2. Жұмыс істеп тұрған энергия көздерiн жаңғырту және реконструкциялау

1

Атырау ЖЭО кеңейту және реконструкциялау

Пайдалануға беру

«Атырау ЖЭО» АҚ

2006-2010 ж.ж.

2

Ақсу МАЭС № 2 энергия блогын қалпына келтiру

Пайдалануға беру

«ЕЭК» АҚ

2009-2011 ж.ж.

3

Екiбастұз МАЭС-1 № 8 блогын қалпына келтiру

Пайдалануға беру

«Екiбастұз МАЭС- 1» ЖШС

2010-2012 ж.ж.

4

Шардара ГЭС жаңғырту

Пайдалануға беру

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

2010-2016 ж.ж.

5

Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы жүйесiн дамыту

Пайдалануға беру

ИЖТМ, Қаржымині, ЭБЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi

-

6

Алматы ЖЭО-2 (3-кезек, бойлерлiк) реконструкциялау және кеңейту

Пайдалануға беру

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

2009-2013 ж.ж.

7

Алматы ЖЭО-1 құрамдастырылған күл-қож шығару жүйесiн реконструкциялау және кеңейту

Пайдалануға беру

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

2009-2011 ж.ж.

8

Алматы ЖЭО-3 күл үйіндісін реконструкциялау және кеңейту

Пайдалануға беру

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

2009-2011 ж.ж.

9

Алматы ЖЭО-2 күл-қож шығару жүйесiн реконструкциялау және кеңейту (3-4-кезең)

Пайдалануға беру

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

2010-2015 ж.ж.

10

Алматы ЖЭО-2 реконструкциялау және кеңейту (3-кезек, № 8 қазандық агрегаты)

Пайдалануға беру

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

2011-2015 ж.ж.

3. Электр желiлiк объектiлердi салу және жаңғырту

1

Азиада-2011 үшiн Алматы қаласы мен Алматы облысында трансформаторлық қосалқы станциялар салу

Пайдалануға беру

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

2009-2011 ж.ж.

2

Метрополитен үшiн Алматы қаласы мен Алматы облысында трансформаторлық қосалқы станциялар салу және жаңғырту

Пайдалануға беру

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

2009-2013 ж.ж.

3

ТКШ үшiн Алматы қаласы мен Алматы облысында трансформаторлық қосалқы станциялар салу және жаңғырту

Пайдалануға беру

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

2011-2013 ж.ж.

4

Қазақстанның ҰЭЖ-не 500 кВ, 220 кВ кернеулі желілермен қосылатын 500 кВ «Алма» ҚС салу

Пайдалануға беру

«KEGOC» АҚ

2010-2014 ж.ж.

5

Мойнақ ГЭС қуат беру схемасы

Пайдалануға беру

«KEGOC» АҚ

2010-2012 ж.ж.

6

ҰЭЖ жаңғырту, II кезең (55 кiшi станцияларға электр жабдықты ауыстыру)

Пайдалануға беру

«KEGOC» АҚ

2010-2014 ж.ж.

7

*ОБТҚС - Осакаровка 220 кВ ӘЖ реконструкциялау

Пайдалануға беру

«KEGOC» АҚ

2010-2014 ж.ж.

7.1

8

Павлодар энергия торабын Қазақстанның БЭЭЖ-мен байланысын күшейту

Пайдалануға беру

«KEGOC» АҚ

2011-2016 ж.ж.

9

Солтүстiк-Шығыс-Оңтүстік 500 кВ транзитін салу (1-кезең, Екiбастұз - Семей - Өскемен 500 кВ ӘЖ)

Пайдалануға беру

«KEGOC» АҚ

2011-2017 ж.ж.

4. Инфрақұрылым құрылысы, көмiр өндiрушi өнеркәсiптегі қуаттарды ұлғайту

1

«Богатырь» кенішінің көлiктiк схемасын реконструкциялау, жаңа автомобиль - конвейерлiк технологияға көшу жобасын аяқтау

Пайдалануға беру

«Богатырь Көмiр» ЖШС

2010-2018 ж.ж.

2

«Солтүстiк» кеніші бойынша жылына 10 млн-нан 18 млн. тоннаға, «Шығыс» кеніші бойынша жылына 20 млн-нан 22 млн. тоннаға, «Екiбастұз» жылына 4 млн-нан 8 млн. тоннаға, «Қаражыра» кеніші бойынша жылына 5 млн-нан 7 млн тоннаға және Шұбаркөл тас көмір кен орны жылына 20 млн тоннаға дейін, «Жалын» кен орны бойынша жылына 0,5 млн-нан 2,0 млн тоннаға дейін көмiр өндiру қуаттарын кеңейту бойынша техникалық жобаларды iске асыру

Үкіметке ақпарат

«Богатырь Көмiр» ЖШС, «Шұбаркөл Көмір» АҚ, «ЕЭК» АҚ, «Ангренсор Энерго» ЖШС, «Майкүбе-Вест» ЖШС, «Қаражыра ЛТД» ЖШС, «Сарыарқа-ENERGY» ЖШС

2010-2019 ж.ж.

5. Қаржыландыру көздерiнiң болу шартымен салуға ұсынылатындар

1

Іле өзенінде Кербұлақ ГЭС-iн салу

Үкіметке ақпарат

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

2011-2017 ж.ж.

2

ҰЭЖ-ны жаңғырту, II кезең (220 кВ ӘЖ салу)

Үкіметке ақпарат

«KEGOC» АҚ

2014-2016 ж.ж.

3

Балқаш ЖЭС қуат беру схемасы (бірінші кезең)

Үкіметке ақпарат

«KEGOC» АҚ

2011-2018 ж.ж.

4

Солтүстiк-Шығыс-Оңтүстік 500 кВ транзитін салу (II кезең, Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алма 500 кВ ӘЖ)

Үкіметке ақпарат

«KEGOC» АҚ

2012-2018 ж.ж.

5

220-500 кВ ӘЖ оңалту

Үкіметке ақпарат

«KEGOC» АҚ

2013-2020 ж.ж.

6

Газға ауыстыру және ГТҚ орнату арқылы Алматы ЖЭО-1 реконструкциялау және кеңейту

Пайдалануға беру

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

2011-2016 ж.ж.

6. Энергетика саласында нормативтiк-құқықтық, техникалық құжаттама әзiрлеу

1

Ішкі және сыртқы нарықтарда көмiр өнімінің бәсекеге қабілеттілігіне жағдайлар жасау үшін нормативтiк-техникалық құжаттаманы қамтамасыз ету

Мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттар

ИЖТМ

2010-2014 ж.ж.

       Кестенің жалғасы

Болжамды шығыстар

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Барлығы

Қаржыландыру көздерi

6

7

8

9

10

11

12

Өндiрушi қуаттарды реконструкциялау, жаңғырту және салу

197 522

284 459

281 909

190 690

227 393

1 181 973


1. Жаңа энергия көздерiн салу

6 676

42

809



7 527

Меншікті және қарыз қаражаты

8 929

5 494

3 106



17 529

Меншікті және қарыз қаражаты

39 700

89 218

83 076

50 283

36 830

299 107

Меншікті және қарыз қаражаты

3 239

10 758



418

14 415

Республикалық бюджет

10 332

12 996




23 328

Меншікті және қарыз қаражаты

2 422

930

43 467

28

65 897

112 744

Меншікті және қарыз қаражаты

2. Жұмыс істеп тұрған энергия көздерiн жаңғырту және реконструкциялау

5 028





5 028

Меншікті және қарыз қаражаты

6 790

858




7 648

Меншікті және қарыз қаражаты

9 148

7 377

4 924



21 449

Меншікті және қарыз қаражаты

3 563

2 319

2 200

687

2 336

11 105

Меншікті және қарыз қаражаты

63 056

85 258

87 614

73 811

58 056

367 795

Республикалық бюджет

203

12 128




12 331

Республикалық бюджет

1 597

487




2 084

Республикалық бюджет


574




574

Республикалық бюджет

19

11

2 499

797

1 715

5 041

Меншікті қаражат


112

284

108

2 517

3 021

Меншікті қаражат

3. Электр желiлiк объектiлердi салу және жаңғырту

12 847





12 847

Республикалық бюджет

6 152

9 813




15 965

Республикалық бюджет


7 535




7 535

Республикалық бюджет

1 393

7 055

6 579

7 916

6 456

29 399

Меншікті және қарыз қаражаты

84

3 494

2 400



5 978

Меншікті және қарыз қаражаты

207

1 228

11 801

18 948

7 733

39 917

Меншікті және қарыз қаражаты

49


17

646

918

1 630

Меншікті және қарыз қаражаты


600

1 000

403


2 003

Республикалық бюджет

50


5

26

18

99

Меншікті және қарыз қаражаты


216

145

374

8 052

8 787

Меншікті және қарыз қаражаты

4. Инфрақұрылым құрылысы, көмiр өндiрушi өнеркәсiптегі қуаттарды ұлғайту

4 498

7 714

13 765

12 410

13 554

51 941

Меншікті қаражат

11 487

18 183

18 158

24 193

22 833

94 854

Меншікті қаражат

5. Қаржыландыру көздерiнiң болу шартымен салуға ұсынылатындар




































6. Энергетика саласында нормативтiк-құқықтық, техникалық құжаттама әзiрлеу

53

59

60

60

60

292

Республикалық бюджет

      * - 2012 жылы республикалық бюджет қаражатынан іс жүзінде 70 615 мың теңге игерілді»
      «Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуында:
      елу сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі»;
      көрсетілген Бағдарламаға 123-қосымшалар осы қаулыға 123-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1521 қаулысына     
1-қосымша         

Қазақстан Республикасында 
электр энергетикасын дамыту
жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға
арналған бағдарламаға    
1-қосымша          

млрд. кВт сағ.

Р/с

Атауы

Нақты

Болжам

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

1

Электр энергиясын тұтыну

77,9

83,7

88,1

91,4

90,8

96,84

2

Электр энергиясын өндiру

78,4

82,3

86,2

90,2

92,5

97,91

3

Меншiктi көздерден электр энергиясымен қамтамасыз ету, (%)

97,7

97,1

95,8

97,2

99,1

99,85

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1521 қаулысына     
2-қосымша         

Қазақстан Республикасында 
электр энергетикасын дамыту
жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға
арналған бағдарламаға    
2-қосымша          

млрд. кВт сағ.

Р/с

Атауы

2009 ж. нақты

2010 ж. нақты

2011 ж. нақты

2012 ж. нақты

Болжам

2013 ж.

2014 ж.

1

Электр энергиясын өндiру

0,37

0,38

0,40

0,45

0,65

1,00

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1521 қаулысына     
3-қосымша         

Қазақстан Республикасында 
электр энергетикасын дамыту
жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға
арналған бағдарламаға    
3-қосымша          

млн. тонна

Р/с

Атауы

2009 ж.
нақты

2010 ж.
нақты

2011 ж.
нақты

2012 ж.
нақты

Болжам

2013 ж.

2014 ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

I

Ресурстар

94,5

105,5

110,4

114,6

117,3

119,3

1

Өндiру

94,3

105,3

110,1

114,3

111,0

119,0

2

Импорт

0,2

0,2

0,3

0,3

0,3

0,3

II

Бөлу, барлығы

94,5

105,5

110,4

114,6

117,3

119,3


оның iшiнде:







1

экспортқа

25

29,4

33,5

32,8

29,0

33

2

ішкi тұтынуға

69,5

76,1

76,9

81,8

82,0

86,0


оның iшiнде:







а)

өнеркәсiп кәсiпорындары

12,3

12,7

12

12

14

15

б)

коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар және халық

11,3

13,6

13

13,3

14

14

в)

энергетика

45,5

49,8

51,9

56,5

54,0

57,0