Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысы

Қолданыстағы

      «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiруге байланысты қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;
      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветеринариялық-санитариялық сараптауға байланысты қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгіленсін.
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 545 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 22, 251-құжат);
      2) «Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 545 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1714 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 17, 276-құжат).
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1511 қаулысымен    
бекiтiлген       

Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын
біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесі

Р/с

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру бойынша ветеринария саласындағы қызметтің кіші түрін жүзеге асыру кезінде

Заңды және жеке тұлғалар үшін

1.

жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік үй-жайлар

1) салыстырып тексеру үшін өндірістік үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттардың немесе жалға алу шартының түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмелері;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы берген ветеринариялық нормативтерге сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды

Түпнұсқасы ұсынылған жағдайда, көшірмесін түпнұсқамен салыстыру жолымен тексеріледі

жануарлардың жұқпалы ауруларын емдеуге және алдын алуға арналған препараттарды, оның ішінде – вакциналарды, гипериммундық сарысуларды, иммуномодуляторларды өндіру үшін:
1) қосалқы материалдарды, химиялық ерітінділерді, қоректік орталарды, жасушалардың өсінділерін дайындау ғимараттары;
2) өндіру жөніндегі үй-жайлар (цехтар, бөлімдер);
3) виварий;
4) оқшаулауыш;
5) өндірушінің өндірістік бақылау бөлімшелері;
6) температураны және ылғалдылықты (қажет болған жағдайда) тіркейтін көрсеткіштермен жабдықталған термостаттық бөлме;
7) зертханалық ыдыстарды, қоректік орталарды, құрал-саймандарды стерильдеу және микробтардың өсінділерін, залалданған материалды және басқа да биологиялық шығындарды залалсыздандыруға (зарарсыздандыру) арналған автоклав бөлмелері;
8) ыдыстарды жуу және дайындау үшін – жуу бөлмесі;
9) буып-түюге арналған ғимарат;
10) сақтауға арналған қойма ғимараты;
11) тұрақты коммуникациялар – нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес өндірістің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ыстық және суық сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және кәріз;
12) өндіріс қалдықтарын және сарқынды суларды залалсыздандыру жүйелері.
Диагностикалық заттарды өндіру үшін:
1) қосалқы материалдарды, химиялық ерітінділерді, қоректік орталарды, жасушалардың өсінділерін дайындау ғимараттары;
2) өндіру жөніндегі үй-жайлар (цехтар, бөлімдер);
3) өндірушінің өндірістік бақылау бөлімшесі;
4) ыдыстарды жуу және дайындау үшін – жуу бөлмесі;
5) буып-түюге арналған ғимарат;
6) сақтауға арналған қойма ғимараты;
7) тұрақты коммуникациялар – нормативтік техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес өндірістің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ыстық және суық сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және кәріз;
8) өндіріс қалдықтарын және сарқынды суларды залалсыздандыру жүйелері.
Жануарларға арналған химиялық-фармацевтикалық препараттарды, антибиотиктерді, ферменттерді, гормондарды, амин қышқылдарын, витаминдерді, парфюмерлік-косметикалық өнімдерді және радиофармацевтикалық препараттарды өндіру үшін:
1) ветеринариялық препаратты өндіру жөніндегі үй-жайлар (цехтар, бөлімдер);
2) өндірушінің өндірістік бақылау бөлімшесі;
3) ыдыстарды жуу және дайындау үшін – жуу бөлмесі;
4) буып-түюге арналған ғимарат;
5) сақтауға арналған қойма ғимараты;
6) тұрақты коммуникациялар – нормативтік техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес өндірістің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ыстық және суық сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және кәріз;
7) өндіріс қалдықтарын және сарқынды суларды залалсыздандыру жүйелері.
Дезинфекциялық және дератизациялық заттарды, дезинсектанттарды (репелленттер) өндіру:
1) ветеринариялық препаратты өндіру жөніндегі үй-жайлар (цехтар, бөлімдер);
2) өндірушінің өндірістік бақылау бөлімшесі;
3) ыдыстарды жуу және дайындау үшін – жуу бөлмесі;
4) буып-түюге арналған ғимарат;
5) сақтауға арналған қойма ғимараты;
6) тұрақты коммуникациялар – нормативтік техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес өндірістің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ыстық және суық сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және кәріз;
7) өндіріс қалдықтарын және сарқынды суларды залалсыздандыру жүйелері

2.

өндірілетін ветеринариялық препараттың техникалық шарттарына сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіруге арналған технологиялық, өлшеу және сынау жабдықтары;
өндiрiлетiн ветеринариялық препараттардың сапасын бақылауды жүзеге асыру үшiн құрал-жабдықтармен жабдықталған аккредиттелген зертханалар немесе көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың сынау жұмысын орындау (қызмет көрсету) туралы шарттар

1) өтiнiш берушiнiң қолымен расталған, өндiрушi зауыттардың жабдықтарға арналған пайдалану паспорттарының көшiрмелерi;
2) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тексеруден және (немесе) калибрлеуден өткені туралы растау;
3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы берген ветеринариялық нормативтерге және технологиялық жабдықтар жиынтығының нормативтеріне сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды;
4) зертханада аккредиттеу өткізілгені туралы құжат немесе аккредиттелген зертханамен жасалған шарттың көшірмесі


3.

ветеринариялық препараттарды өндіруді және бақылауды регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттаманың болуы

1) өндіріс басшысы бекіткен, ветеринария саласындағы уәкілетті органмен келісілген, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган тіркеген ветеринариялық препаратты өндіру жөніндегі ұйымның стандарты, өндірілетін ветеринариялық препараттарға техникалық шарттар;
2) ұйым басшысы бекіткен ветеринариялық препараттарды қолдану жөніндегі нұсқаулық (нұсқама);
3) микроорганизмдердің өндірістік және бақылау штамдарының паспорттары;
4) техникалық реттеу және метрология жөнiндегi уәкілетті орган берген сынау зертханасы ретінде аккредиттеу куәлiгі


4.

заңды тұлғалар үшін:
басшылар мен мамандардың білікті құрамы:
тікелей ветеринариялық препаратты өндірумен айналысатын және өндірістік бақылау бөлімшелерінде, «ветеринариялық медицина», «ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімі және (немесе) «ветеринария» мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімі бар мамандар (кемінде бір ветеринариялық дәрігер немесе фельдшер);
тікелей ветеринариялық препаратты өндірумен айналысатын және өндірістік бақылау бөлімшелерінде, биотехнологиялық, химиялық немесе биологиялық жоғары немесе орташа білімі бар мамандар;
тікелей ветеринариялық препаратты өндірумен айналысатын бөлімшелер басшыларының және/немесе өндірістік бақылау бөлімшесі қызметкерінің мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі, соңғы 5 жылда мамандануы немесе біліктілігін жетілдіруі және біліктілігін арттырудың басқа түрлері.
Жеке тұлғалар үшін:
«ветеринариялық медицина», «ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білім және (немесе) «ветеринария» мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білім;
мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі, соңғы 5 жылда мамандануы немесе біліктілігін жетілдіруі және біліктілігін арттырудың басқа түрлері

бірінші басшы қол қойған және ұйымның мөрімен бекітілген тегін, атын, әкесінің атын, білімін, дипломның нөмірін және берілген күнін қамтитын жиынтық кесте, маманданудан немесе біліктілігін жетілдіруден және біліктілігін арттырудың басқа түрлерінен өту туралы сертификат


Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветеринариялық-санитариялық сараптау жөніндегі ветеринария саласындағы қызметтің кіші түрін жүзеге асыру кезінде

Заңды тұлғалар үшін

5.

жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік-техникалық базалар



өндірістік үй-жайлар

1) салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда өндірістік үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттардың немесе жалға алу шартының нотариат куәландырылған көшірмелері;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы берген ветеринариялық нормативтерге сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды

түпнұсқасы ұсынылған жағдайда көшірмесін түпнұсқамен салыстыру жолымен тексеріледі

6.

сынау әдістерін регламенттейтін нормативтік құжаттар, сондай-ақ «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тексеруден және (немесе) калибрлеуден өткен, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатқа ветеринариялық-санитариялық сараптау жүргізуге арналған өлшеу, сынау жабдықтары

1) стандарттар, әдістемелік нұсқаулық;
2) өтiнiш берушiнiң қолымен расталған, өндiрушi зауыттардың жабдықтарға арналған пайдалану паспорттарының көшiрмелерi;
3) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен сынау, өлшеу жабдықтары жинағының тексеруден және (немесе) калибрлеуден өткені туралы растау


7.

заңды тұлға басшысының «ветеринариялық медицина», «ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімі, мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі.
Заңды тұлғаның немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлімшесінің штатында:
ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханасында «ветеринариялық медицина», «ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімі және (немесе) «ветеринария» мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімі бар (кемінде бір ветеринариялық дәрігер немесе фельдшер), соңғы 5 жылда мамандануы немесе біліктілігін жетілдіруі және біліктілігін арттырудың басқа түрлері

бірінші басшы қол қойған және ұйымның мөрімен бекітілген тегін, атын, әкесінің атын, білімін, дипломның нөмірін және берілген күнін қамтитын жиынтық кесте, маманданудан немесе біліктілігін жетілдіруден және біліктілігін арттырудың басқа түрлерінен өту туралы сертификат