Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1434 қаулысы

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 42-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелері бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1434 қаулысымен    
бекітілген        

Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының
негізгі ережелері

Мазмұны

      Кіріспе
      1. Қоныстандыру және өндіргіш күштерді орналастыру жүйесі.
      2. Өндірістік, әлеуметтік, рекреациялық, инженерлік және көліктік инфрақұрылымды дамытудың схемалары мен жобалары
      3. Республикалық және өңіраралық маңызы бар ерекше қала құрылыстық реттеу аймақтары мен объектілерін дамыту схемалары мен жобалары
      4. Экономикалық мамандану және басымдықпен пайдалану түрлері бойынша аумақтарды жіктеу
      5. Қала құрылысы қызметін жүзеге асыру кезінде оны пайдаланудың басымдықтары мен шектеулерін анықтай отырып, аймаққа бөлу схемалары
      6. Өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсарту, тарихи және мәдени мұра объектілері және (немесе) қорғалатын ландшафтық объектілері бар аумақтарды сақтау бойынша, сондай-ақ аумақтарды табиғи және антропогендік, техногендік құбылыстар мен процестердің қауіпті (зиянды) әсерінен қорғау жөніндегі іс-шаралар кешені
      Қорытынды

Кіріспе

      Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелері (бұдан әрі – Негізгі ережелер) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы (бұдан әрі – Бас схема) шеңберіндегі жобалаудың аралық (2020 жыл) және есептік (2030 жыл) мерзімдеріне арналған Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастыру жөніндегі басты жобалық ұсыныстар мен шешімдердің қысқаша мазмұны болып табылады. Негізгі ережелерде қоныстандыру және өндіргіш күштерді орналастыру жүйелерін дамытудың, әлеуметтік, инженерлік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылымдарды дамытудың, қоршаған ортаны қорғау, республикалық маңызы бар ерекше қала құрылысын реттеу аумақтары мен объектілерін дамытудың маңызды қағидаттары мен бағыттары қамтылады.
      Бас схема – елдің аумақтық бәсекелік артықшылықтарын іске асыру және тұрақты дамуына қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді кеңістіктік дамуының көрінісін және аумақты оңтайлы ұйымдастыру жүйесін қамтитын қала құрылысы жобасы.
      Әзірленген теориялық негіздерге сәйкес әдіснамалық негіз ретінде ахуалды дамытудың мүлдем әртүрлі негізгі екі нұсқасы қолданылады: инерциялық (пессимистік) және инновациялық (оптимистік). Инерциялық нұсқа бұрын қалыптасқан үрдістер бойынша дамуды, инновациялық нұсқа әлемдік әлеуметтік-экономикалық және саяси факторлардың жағымсыз әсерін ескермей жаңа және одан да тиімді шешімдер, озық технологиялар, креативті тұжырымдамалық тәсілдер мен стратегияларды қолданудың негізінде дамуды болжайды. Дамудың осы негізгі нұсқаларын талдаудың негізінде Бас схема шеңберінде аумақты ұйымдастырудың барлық бағыттары бойынша жобалық ұсыныстар мен шешімдер негіз болған базалық сценарий қалыптастырылды.
      Базалық сценарий жалпы инерциялық дамудан өзгеше, ол дамудың ең соңғы инновациялық нысандарын қолдануға негізделген, бірақ жаһандану процестерін, әлемдік экономикалар әсерлерін, экономикалық мамандану мен бәсекелестік ортаны ескереді. Берілген нұсқаның базалық көрсеткіштері аумақтарды ұйымдастыруды дамытудың инерциялық және инновациялық нұсқаларының көрсеткіштері аралығындағы дәлізде орналасқан.
      Қазақстан Республикасын серпінді және тұрақты дамыту, «Қазақстан – 2030» және «Қазақстан – 2050» стратегияларын іске асыру елді аумақтық ұйымдастыруды жетілдірмей, халықтың өмір сүруінің деңгейі жоғары әлемнің дамыған елдерінің қатарына кіру талаптарына жауап беретін жаңа бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастырудың кеңістіктік негізін құрмай мүмкін емес.
      Бас схема елдің табиғи ресурстары мен әлеуметтік-экономикалық әлеуетін тиімді пайдаланудың, геосаяси жағдайларды, жаһандық сын-қатерлер мен уақыт қатерін, шектес мемлекеттердің аумақтық және әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын ескерудің негізінде елдің аумақтық құрылымын жетілдірудің жалпы стратегиялық қағидаттары мен бағыттарын анықтайтын басты қала құрылысы құжаты болып табылады.
      Бас схема Қазақстан Республикасын дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын іске асыруды қала құрылыстық қамтамасыз ету үшін әзірленуде. Бас схемадағы нысаналы мақсаттар мен міндеттерді қою бағыттылығы елді дамытудың мынадай бағдарламалық құжаттары мен жоспарларынан туындайды:
      Қазақстанды 2030 жылға дейін дамыту стратегиясы;
      Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы;
      Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспары;
      Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама (бұдан әрі - ҮИИДМБ).
      Бас схема сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына, құжаттардың нұсқаулық ережелеріне және аумақты ұйымдастыру мен орналастырудың экологиялық, әлеуметтік-экономикалық мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленеді.
      Бас схеманың практикалық бағыттылығы биліктің орталық және жергілікті органдарының ойластырылған басқарушылық шешімдер қабылдауы, сондай-ақ инвестицияларды біршама тиімді орналастыру бойынша бизнес- құрылымдарға бағдарлану үшін елдің қоныстану және экономикалық әлеуетін орналастыру жүйелерін дамыту бойынша дәйекті ұсынымдар дайындаудан тұрады.
      Бас схема оның Негізгі ережелерін нақтылаушы келесі кезеңдердегі қала құрылысы құжаттамаларын: өңіраралық, өңірлік және аудандық жоспарлаудың кешенді схемаларын, елді мекендердің бас жоспарларын, бөлшектеп жоспарлау жобаларын әзірлеу үшін негіз болып табылады.

      Бас схеманың мақсаттары мен міндеттері
      Бас схеманы құрудың мақсаты халықтың тіршілік әрекетінің сапасын арттыру және әлемдік экономикалық процестердің ықпалдасуы мен жаһандануы жағдайында Қазақстан аумағын тұрақты кеңістіктік дамыту болып табылады.
      Бас схема халық өмірі мен әл-ауқатының деңгейін арттыру, экономиканы тұрақты және серпінді дамытуды қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды, экожүйелерді тозудан және бұзылудан қорғауды, өсімдік әлемі (флора) мен жануарлар әлемінің (фауна) биологиялық алуандылығын сақтау үшін Қазақстан Республикасын аумақтық ұйымдастыруды дамытудың негізгі бағыттарын анықтайды.
      Бас схемада қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттер шешілуде:
      1) қоныстандыру және өндіргіш күштерді орналастыру жүйесін мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету;
      2) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымын ескере отырып, аумақтарды пайдаланудың мәртебесін, мақсаты мен сипатын белгілеу;
      3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру арқылы әлеуметтік-экономикалық және шаруашылықты дамыту жөніндегі өңіраралық және салааралық мемлекеттік мүдделерді үйлестіру.

1. Қоныстандыру және өндіргіш күштерді орналастыру жүйесі

Халықты қоныстандыру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары

      Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың ерекше өзекті мәселелері қатарына қалыптасқан қоныстандыру жүйесін қоғам дамуының жаңа шарттары мен талаптарына сәйкес жетілдіру мәселесін жатқызуға болады.
      Елді мекендер жүйесін қалыптастыру және дамыту қоныстандыру проецесінің нәтижесі болып табылады. Бас схеманы әзірлеудің бастапқы кезеңінде (01.01.2012 жыл) Қазақстан халқы 87 қалада (оның 2 республикалық, 40 облыстық және 45 аудандық маңызы бар қала), 34 кентте және 6947 ауылда қоныстанған. Алдыңғы кезеңдер қалалық және ауылдық елді мекендерде тұратын және оларды көліктік-коммуникациялық және инженерлік инфрақұрылыммен байланыстыратын, жалпы алғанда қоныстандырудың негізгі қаңқасын құрайтын жергілікті, өңірлік және республикалық құрамалармен ұсынылған Қазақстан Республикасының халқын қоныстандырудың жүйесін қалыптастырды (осы Негізгі ережелерге 1-қосымша). Сонымен бірге халық саны мен мұқтаждығының өсуі, экономика құрылымында болып жатқан өзгерістер елді мекендердің белгілі бір аудандарда шоғырлану беталысын күшейтіп отыр. Қалалар үлкеюде, қоныстандырудың жергілікті жүйелері және агломерацияларлар қалыптасуда. Халықты қоныстандыру жүйесінің жалпы қалыптасу бейнесінде халықты қоныстандыру бейнесін өзгертуге едәуір әсер етуге қабілетті өңірлік ерекшеліктер, экономикалық, демографиялық және көші-қон процестеріндегі айырмашылықтар қосылады.
      Халықтың қоныстануы – бұл халықтың аумақ бойынша таралуы және қайта таралу процесі екенін ескере отырып, демографиялық жағдай зерделенді, көші-қон процестері сараланды, қоныстандыруды дамытудағы мәселелердің қойылуын анықтайтын негізгі трендтер белгіленді.
      Елімізде соңғы он жылда демографиялық процестер жалпы оң көрсеткіштермен сипатталады. 2012 жылдың басында Қазақстан халқының саны 2000 жылмен салыстырғанда 12%-ға өсті. Елдің көптеген өңірлерінде халық санының өсуі байқалды, айта кететін жағдай, халық өсімінің ең жоғары көрсеткіші Оңтүстік Қазақстан облысына тән, мұнда халық 22,4%-ға (1152,9 мың адамға) өскен. 2011 жылы ел ішіндегі болжамды өмір ұзақтығы 68,4 жасты құрады, ол 2000 жылмен салыстырғанда 2,9 жасқа өскен. Алдыңғы он жыл ішінде 65 және одан да үлкен жастағы адамдардың үлесі едәуір төмендеген болатын: 6,7%-дан 6,5%-ға дейін. Сонымен қатар талдаулар осы кезеңде кейбір өңірлерде халық санының орта есеппен 13,3%-ға (336,2 мың адамға) төмендегенін көрсетті. Бұл - Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары, осы облыстарда халықтың демографиялық қартаю процестері байқалады. Көрсетілген демографиялық процестер табиғи өсу көрсеткіштерінің серпініне, сондай-ақ халықтың ішкі және сыртқы көші-қонына байланысты, себебі Қазақстан тәуелсіздік жылдарында дүниежүзілік көші-қон процестерінің белсенді қатысушысына айналды.
      Өзекті болып отырған мәселелер қатарына ауыл халқының қалаларға және қалаға іргелес аумақтарға еңбек нарығының, соңғыларының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымының мүмкіндіктерін ескерместен көшуін жатқызуға болады. Бұл басқарылмайтын процесс қалалар мен қала маңындағы елді мекендердің бей-берекет, жүйесіз жайылуымен, экологиялық, көліктік, тұрғын үй және әлеуметтік мәселелердің күрделенуімен қатар жүруде. Осындай ерекше тез жайылып өсуші қалалар қатарына Алматы, Астана, Ақтөбе, Жаңаөзен, Шымкент, Атырау, Ақтау, Тараз, Қызылорда, Қаскелең және Түркістан қалаларын жатқызуға болады.
      Бір жағынан, ауылды жерлер босап, ауыл шаруашылығындағы еңбек ресурстарының базасы жойылуда. Біршама күрделі жағдай еліміздің аграрлық-экономикалық және табиғи-климаттық жағдайлары бар қолайлы солтүстік және шығыс өңірлерінде орын алып отыр. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында соңғы 15 жылда халық аз қоныстанған 298 ауыл (халықтың толығымен көшіп кетуі немесе оларды жақын орналасқан ауылдармен біріктіруге байланысты), Солтүстік Қазақстан облысында 168 ауыл қысқарды.
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі (бұдан әрі – СА) жасты жылжыту әдісінің негізінде және туу мен 2011 жылғы орташа коэффициенті мен болжамды өмір ұзақтығы, сондай-ақ базалық кезеңдегі (2008-2011 жылдардағы) халық көші-қонының орташа мәндері өзгеріссіз қалған жағдайлардағы, 2020 және 2030 жылдарға арналған халық санының жобасы орындалды. Инерциялық деп аталатын бұл нұсқа еліміздің өңірлеріндегі халық санының өсу немесе азаю үрдісін көрсетеді.
      Осы нұсқа бойынша Қазақстанның оңтүстік облыстарында, сондай-ақ экстремалды климатымен және ауыз судың өткір тапшылығымен ерекшеленетін Маңғыстау облысында халық санының белсенді өсуі күтілуде. Атап айтқанда, Жаңаөзен қаласындағы халық саны 2000 жылғы 66 мыңнан 2010 жылы 118,7 мыңға дейін өскен.
      Өмір сүрудің едәуір қолайлы жағдайларына қарамастан, солтүстік және шығыс өңірлерде халық санының азаюы болжанып отыр (1.1-кесте).
      Аталған мәселелер еңбек ету мүмкіндіктері бар жерлер мен қала құрылысы саясатын ескере отырып, табиғи өсу мен көші-қон процестерін басқару және реттеу бойынша батыл шараларды әзірлеуді талап етеді.

      Демографиялық жағдайды жақсарту мен көші-қон процестерін реттеудің негізгі бағыттары

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Кіші бөлімге өзгеріс енгізілмеді - ҚР Үкіметінің 05.02.2015 № 42 қаулысымен.

      Жергілікті атқарушы органдармен келісілген халық санының болжамды көрсеткіштерінің жобалық нұсқасы СА-ның болжамды санының, Астана және Алматы қалаларының бекітілген бас жоспарларының негізінде, ҮИИДМБ және Қазақстан өңірлерін аумақтық дамыту бағдарламаларының көрсеткіштерін ескере отырып есептелген (1.2-кесте).
      Жалпы, республика бойынша халық санының 2011 жылмен салыстырғанда 2020 жылға қарай 12,2 %-ға және 2030 жылға қарай 23,5 %-ға өсуі күтіліп отыр.

      1.1-кесте – Жобалаудың есептік мерзіміне арналған болжамды халық санының кескіні (СА деректері)

Өңірлер

2012
(адам)

2020
(адам)

2030
(адам)

2012 жылға қарай өсу/азаю қарқыны, %

2020 жылға қарай

2030 жылға қарай

Ақмола

731328

713531,0

662905

97,6

90,6

Ақтөбе

786349

879238,0

944523

111,8

120,1

Алматы

1909362

2182907,0

2428078

114,3

127,2

Атырау

542987

642495,0

744653

118,3

137,1

Батыс Қазақстан

612551

650405,0

670526

106,2

109,5

Жамбыл

1055976

1159292,0

1231339

109,8

116,6

Қарағанды

1358064

1398836,0

1395353

103

102,7

Қостанай

879579

856757,0

793650

97,4

90,2

Қызылорда

712992

820848,0

923822

115,1

129,6

Маңғыстау

545724

720488,0

930148

132

170,4

Оңтүстік Қазақстан

2621523

3114496,0

3652556

118,8

139,3

Павлодар

747055

755137,0

729662

101,1

97,7

Солтүстік Қазақстан

583598

545938,0

482212

93,5

82,6

Шығыс Қазақстан

1395059

1382252,0

1308021

99,1

93,8

Астана қаласы

742918

1090121,0

1491009

146,7

200,7

Алматы қаласы

1450327

1683665,0

1941600

116,1

133,9

Барлығы

16 675 392

18 596 406,0

20 330 057

111,5

121,9

      Ауылдық елді мекендердегі демографиялық жағдайды жақсарту және халықтың ауылдан кетуін азайту үшін өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігі және Дүниежүзілік сауда ұйымының (бұдан әрі – ДСҰ) халықаралық стандарттарына сәйкес келетін өнімдер өндіретін ірі жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы құрамаларын құру қажет. Өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығы бірлестіктері ауылдардың әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық инфрақұрылымын дамытуды және абаттандыруды өз теңгерімдеріне ала отырып, ауылдық елді мекендерді заманауи жайлы қоныстарға айналдыра алады. Осының барлығы ауыл халқының көші-қонының азаюына, ауыл шаруашылығы өндірісінің өсуіне, ауылдардың гүлденуіне ықпал етеді.

      1.2-кесте – Қазақстан өңірлерінің бөлінісіндегі халық санының болжамы

Қазақстан Республикасының өңірлері

2012
(адам)

2020
(адам)

2030
(адам)

2012 жылға қарай өсім, %

2020

2030

Ақмола

731 337

793985

846485

108,6

115,7

Ақтөбе

786 316

880016

979816

111,9

124,6

Алматы

1 908 717

2072947

2210017

108,6

115,8

Атырау

542 966

589507

628488

108,6

115,8

Батыс Қазақстан

612 498

665031

709005

108,6

115,8

Жамбыл

1 055 813

1146447

1222254

108,6

115,8

Қарағанды

1 357 878

1474416

1571910

108,6

115,8

Қостанай

879 454

954937

1018081

108,6

115,8

Қызылорда

712 878

774078

825262

108,6

115,8

Маңғыстау

545 751

674204

817744

123,5

149,8

Оңтүстік Қазақстан

2 621 488

2846122

3034317

108,6

115,7

Павлодар

747 004

811059

864689

108,6

115,8

Солтүстік Қазақстан

583 582

633598

675493

108,6

115,7

Шығыс Қазақстан

1 394 710

1514581

1614730

108,6

115,8

Астана қаласы

742 884

991000

1220000

133,4

164,2

Алматы қаласы

1 449 801

1882500

2347500

129,8

161,9

Барлығы

16 673 077

18704428

20585791

112,2

123,5

      Елдегі ауылдық аудандардың қоныстану және онда тұрақты тұру үшін тартымдылығын арттыру мақсатында оларды әлеуметтік-экономикалық дамытудың аумақтық бағдарламаларын әзірлеу керек. Бұл халықтың ірі қалаларға көші-қон ауыртпалығын біршама азайтуға ықпал етеді. Тұрақты тұру үшін ауылдық аудандар аумақтарының тартымдылығын арттыру үшін ауылдардағы денсаулық сақтау саласын жетілдіру және дамыту және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бағдарламасын әзірлеу қажет.
      Аталған бағдарлама балиғаттық жастағы әйелдердің, әсіресе жүкті әйелдер мен жаңа босанған әйелдердің, нәрестелердің денсаулық жағдайын жақсартуға, олардың босанғаннан кейінгі аурушаңдығын, мүгедектігі мен өлімін азайтуға мүмкіндік беретін жағдайлар жасауы тиіс. Сонымен қатар ел халқының, әсіресе балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға ықпал ететін жағдайлармен қамтамасыз ету.
      Қазақстанның демографиялық дамуына ауыл халқы елеулі үлес қоса алады, ондағы туудың орташа коэффициенті қалаға қарағанда екі есе жоғары. Халықтың дәл осы тобына және жас отбасыларға мемлекеттік қолдау көрсету қажет (қолдаудың мұндай үлгілері Ресей Федерациясында қарастырылған).
      Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі балаларды қамтамасыз етуге төленетін ата-ана төлемақысын жартылай немесе толығымен өтеген жөн.
      Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында халық санының азаюы байқалуда. Бұл беталыс сақталып қалатын болса, жақын келешекте осы өңірлерде тұрғындар депопуляциясы болуы мүмкін. Мұндай жағдайға жол бермеу үшін жоғарыда келтірілген іс-шараларды қоспағанда тұрақты және өнімді жұмыспен қамту жолымен халықтың материалдық әл-ауқатын арттыру және кіріс деңгейін көтеру үшін жағдайлар жасау қажет.
      Әсіресе ауыл шаруашылығы, соның ішінде ауылшаруашылығы өнімдерін дайындау және қайта өңдеу саласында орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту және тұрмыстық қызметтерді дамыту үшін жағдайлар жасау халықтың өзге жаққа кетуін едәуір азайтады.
      Ішкі көші-қон ағымдарын елдің экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарымен үйлестіру мақсатында осы салада жүйелі шараларды әзірлеу және қабылдау, соның ішінде көші-қон мәселелерін реттейтін заңнаманы жетілдіру, ішкі мигранттардың құқықтық мәртебесін, елдегі ішкі көші-қонды реттеудің негізгі қағидаттарын анықтау қажет.
      Ауыл халқының көші-қонын қысқарту шараларының бірі даму әлеуеті бар тірек ауылдық елді мекендерде және қалаларда кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін құру болып табылады. Еңбектің ұтқырлығын арттыру халықтың келешегі жоқ, табиғи-климаттық және өзге жағдайлары бойынша қолайсыз өңірлерден жаңа жұмыс орнын құру және тұрғын үй алу мүмкіндіктерін жеңілдету қажет келешегі бар елді мекендерге көшуін қамтамасыз етеді.
      Ұсынылып отырған шаралар қатарына сондай-ақ:
      1) тұрақты тұруға, сондай-ақ еңбек етуге келген тұлғаларға сапа параметрлері (жасы, денсаулық жағдайы, сауаттылық деңгейі, сұранысқа ие немесе сирек мамандықтың болуы, жұмыс тәжірибесі, біліктілігі және т.б.) бойынша іріктеудің қатаң критерийлерін енгізе отырып, шетелдік жұмыс күшін квоталау;
      2) әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым құрылысын шоғырландыруды қажет ететін, келешегі бар ауылдық елді мекендер тізбесін өзекті ету (еңбек нарығының келешек сыйымдылығын ескере отырып) жұмыстарын жүргізу;
      3) республиканың жұмыс күші мол аудандарындағы халықтың ұтқырлығын арттыру жолымен көші-қон ағымдарының маңызды бөлігін елдің солтүстік және шығыс өңірлеріне қарай қайта бағыттау, оңтүстік өңірлерді Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстанмен тікелей байланыстыратын жаңа көліктік магистральдар салу немесе қолданыстағыларын жаңғырту;
      4) ауылдық аумақтарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, соның ішінде жылжымалы құмдарды бекітуді қоса, шөлейттенумен күрес жүргізу, Арал теңізін сақтап қалу бойынша іс-шаралар кешені, табиғат қорғау объектілерін қалпына келтіру, қайта жаңарту және күтіп ұстау; адамға келетін техногендік әсерлердің зардаптарын жою;
      5) жаңа тұрғылықты жерде экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасай отырып, халықты келешегі жоқ, табиғи-климаттық және экологиялық жағдайлары қолайсыз өңірлерден келешегі бар елді мекендерге қоныстандыру жолымен азаматтарға қолайлы жағдайлар жасау. Мысалы, экологиялық жағдайы қолайсыз және инфрақұрылымы жоқ кенттер: Атырау облысындағы Сарықамыс, Қаратон, Байшонас, Ескене, Комсомольск, Қошқар және Бекбике, тұрғындары аудан және облыс орталықтарына көшірілді, бұл ретте шығындардың жартысын әлеуметтік серіктестік бағдарламасы бойынша мұнай компаниялары өзіне алды;
      6) ҮИИДМБ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 қаулысымен бекітілген Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасымен және басқа бағдарламалармен үйлестіре отырып, жұмыс күшіне тапшылықты бастан кешуші өңірлерге еңбекке қабілетті халықтың ішкі көші-қонын ынталандыру.
      «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй құрылысы мен халықты көшіру жұмыс берушінің жұмысқа орналастыру бойынша міндеттемелері ескеріле отырып, еңбек ресурстарына қажеттілігі бар өңірлерде ғана іске асырылатын болады. Жұмыс берушінің қажеттілігіне сүйене отырып, еңбек ресурстарының икемділігін арттыру Қазақстан Республикасы азаматтарының өз еркімен көшуіне ықпал ету және жастардың бейімделуі үшін жағдай жасау есебінен іске асырылады.
      Бас схема шеңберінде ірі қалалар мен агломерациялардағы демографиялық жағдайды жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірленді, өйткені бей-берекет ұлғайып келе жатқан ірі қалалар тұрғын үймен, еңбекпен қамту орындарымен және әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілерімен қамтылмаған адамдар шоғырының әлеуетті ошағына айналуда. Ірі қалалар мен олардың қала маңындағы аймақтарына көші-қон ағынын қысқарту жөніндегі қала құрылысы іс-шаралары кешені ұсынылады.
      Әрбір агломерацияда, ірі қалалардан 100-200 км қашықтықтағы радиуста, маятниктік еңбек көші-қон орындылығынан асатын аймақта, көші-қон ағынын өзіне тартатын, контрмагниттер ретінде дамыту ұсынылатын қалалар немесе ірі қоныстар айқындалды. Ірі қоныстарды олардың ықпал ету аймағында орналасқан ауылдық елді мекендерге қызмет көрсету орталықтары ретінде дамыту ұсынылады.
      Ірі қалалар айналасында, маятниктік еңбек көші-қоны радиусында ерекше қала құрылыстық реттеу аймағын белгілеу қажет. Қала құрылысының ерекше реттеу аймақтарында құрылысқа арналған жер учаскелерін құрылысқа бөлу бас жоспарлармен бекітілген негізді есептеулердің негізінде және инженерлік желілермен, жолдармен және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтылған аумақтарда ғана жүргізу қажет.
      Аса ірі, ірі және үлкен қалалардың қала маңы аймақтарының ерекше қала құрылыстық реттеу аумақтарында жүйесіз құрылыс салу процесінің алдын алу үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру қалалар мен қала маңы аймақтарының бекітілген бас жоспарларына сәйкес берілетіні туралы нормалар енгізу ұсынылады.

      Қалалық қоныстандыру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары
      2012 жылдың басында республикадағы қала тұрғындарының саны 9,11 млн. немесе жалпы халықтың 54,7%-ын құрады. Қала халқы қалалық әкімшіліктерге бағынысты 87 қала мен 34 кентте тұрады. Республика құрамындағы біршама урбандалған өңірлер Қарағанды, Павлодар және Ақтөбе облыстары болып табылады, олардағы қала тұрғындарының үлесі тиісінше 78,1; 68,6 және 61,5%-ды құрайды. Урбандалудың ең төмен көрсеткіштері Алматы (23,3%), Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында (40%-ға жуық) анықталған.
      Республика қалалары: 1 аса ірі, 8 ірі, 12 үлкен, 7 орташа және 59 шағын қалаларға бөлінеді. Санақ бойынша қала тұрғындарының 16,0%-ы аса ірі қалада (Алматы), 39,3%-ы - 8 ірі қалада, 22,9%-ы - 12 үлкен қалада, 5,5 %-ы - 7 орташа және 16%-ы 59 шағын қалада тұрады.
      Қалалар бұрындары кеңістіктік ұйымдасу жоспарында едәуір қолайлы табиғи-климаттық жағдайларға орналастырылатын, ал табиғи ресурстарды белсенді игеру басталған уақыттан бері қалалар табиғат жағдайлары қолайсыз аумақтарда да пайда болуда.
      ХХI ғасырдың басында халықтың қалалық қоныстануының қалыптасу ерекшелігі оның құрылымының өзгеруі болып табылады. Соңғы 10 жыл ішінде қалалардағы тұрғындар саны 18,3%-ға артты, олардың бестен бірі– Алматы қаласына, қалған бөлігі ірі және үлкен қалаларға қоныс аударды. Бұл ретте, орташа және шағын қалалардағы халық санының азаюы байқалуда, барлық едәуір ірі қалалардың қалыптасуы және үлкен қалаларда тұратын халықтың үлесінің артуы жүруде. Урбандалу процесінің өсу беталысы келешекте де сақталатын болады. Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасына сәйкес 2020 жылға қарай урбандалу 60%-ға, 2030 жылға қарай 65%-ға жетеді.
      Қоныстануға талдау жүргізу нәтижесінде республика аумағында қоныстанудың бірыңғай республикалық жүйесінің орталығы, ел астанасы – Астана қаласы және республикалық маңызы бар аса ірі қала – Алматы ерекшеленеді. Қоныстанудың облыстық жүйелерінің орталықтары рөлін Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен және Шымкент қалалары атқаруда. Аталған қалалар оларды біріктіруші көлік жүйелері бар халықаралық, жалпыұлттық, өңіраралық және өңірлік маңызды орталықтар мен түйіндер бола отырып, елдегі халықтың қоныстануының бірыңғай жүйесінің кеңістіктік тірек қаңқасын қалыптастырады.
      Қалаларды «моноқалалар» қатарына жатқызудың негізгі экономикалық және әлеуметтік белгілері олардың көп бейінділігі болып табылады, бұл ретте еңбекке қабілетті халықтың негізгі бөлігі қазіргі кезде жұмыс істемейтін немесе жартылай жұмыс істейтін бір саланың бір немесе бірнеше қала түзуші кәсіпорындарында жұмыс істейді.
      Моноқалалар дамуының негізгі проблемасы – қала түзуші кәсіпорындардың жабылуымен немесе осы кәсіпорындардағы жұмыс орындарының айтарлықтай төмендеуімен байланысты жұмыссыздықтың жоғары деңгейінде, кеңестік кезеңде қалыптасқан бірыңғай экономикалық кеңістіктің құлауы бұл жағдайдың басты себебі болды.
      Жұмыссыздықтың салдарынан кедейшілік, қылмыс пен халық аурушаңдығының жоғары деңгейі, қоғамдағы әлеуметтік шиеленісудің күшеюі сияқты бірқатар ауыр әлеуметтік құбылыстар туындайды.
      Моноқалалар мәселелерін шешудің негізгі шаралары мыналар болып табылады:
      1) шағын және орта бизнесті дамыту, инвестициялар тарту үшін моноқалаларға еркін экономикалық аймақтар мәртебесін беру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша өндірістерді орналастыру үшін басымдық беру;
      2) әр қала үшін дотациялар (трансферттер) мен кредиттердің көмегімен дамудың перспективалық бағыттары бойынша жаңа бәсекеге қабілетті кәсіпорындар құруды қамтитын кешенді инвестициялық жоспарлар қабылдау;
      3) объективті экономикалық салдар болған жағдайларда қала түзуші кәсіпорындардың қызметін толық немесе жартылай қайта жаңғырту. Мысалы, даму перспективалары Қаратау фосфорит кластерін дамыту жоспарларымен байланысты Жамбыл облысындағы Жаңатас және Қаратау қалалары.
      Моноқалаларды (шағын қалаларды) оңалтудың тағы бір бағыты іргелес ауыл шаруашылығы құрамаларынан жеткізілетін шикізаттан ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша кәсіпорындар құру болып табылады. Моноқалаларды көліктік және көліктік-логистикалық түйіндер, сондай-ақ туризмді дамытудың орталықтары ретінде дамыту да перспективалы болып табылады.
      Қазіргі кезде 27 қаланы дамытудың негізгі параметрлері және олардың проблемаларын шешу бойынша нақты шаралар көзделетін моноқалаларды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы әзірленді.
      Шағын және орташа қалаларда қонысаралық маңызы бар қызмет көрсету саласының әлеуметтік маңызды мекемелерін (колледждер, мамандандырылған медициналық орталықтар) орналастыру осы қалаларда және олардың ықпал ету аймағындағы ауылдық елді мекендерде халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыруға және бір жағынан, жергілікті халықтың жұмыссыздық деңгейін төмендететін жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

      Агломерацияларды реттеудің негізгі шаралары және дамыту бағыттары
      Қазақстанда агломерацияларды дамытудың негізгі міндеті олардың дүниежүзілік және өңірлік нарықтармен ықпалдасқан өсудің ұзақ мерзімді орталықтары ретінде қалыптасуымен анықталған. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес екі деңгейдегі агломерациялар айқындалды: үлкен мүмкіндікке ие Астана, Алматы және Шымкент – 1-ші деңгейдегі агломерациялар; Ақтөбе және Ақтау – 2-ші деңгейдегі агломерациялар.
      1. Астана агломерациясы
      Астана агломерациясының аумағы қызметтік жүктемесі бойынша қарқынды шаруашылық және қала құрылыстық игеру аймағы болып табылады. Астана агломерациясына орталық және қала маңы аймақтары дамуының теңгерімсіздігі тән. Сонымен қатар қала маңындағы кенттерде халық санының күрт өсу мәселесі айқындалды және бұл жағдай жұмыс орындары мен әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға арналған инвестициялар көлемінің тиісті өсімімен сүйемелденген жоқ.
      Астана агломерациясын дамытудың негізгі басымдықтарына мыналар жатады:
      1) әкімшілік-іскерлік, ғылыми-білім берушілік, мәдени-ағартушылық, қаржы-экономикалық саланың, бизнес пен қызмет көрсетудің сауда-саттық және өзге де салаларының, соның ішінде халықаралық салалардың қызметін ынталандыру жолымен орталық қаланың мәртебелік функцияларын дамыту;
      2) ірі іскерлік, қызмет көрсету және сауда-саттық аймақтарын құру;
      3) қала маңындағы қоныстану жүйелерін қалыптастыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын дамыту;
      4) Астана қаласының кадрлық әлеуеті мен ғылыми-инновациялық ресурстары базасында ғылыми-инновациялық қызметті дамыту (ғылыми-өндірістік орталықтар және т.б.);
      5) Астана қаласының солтүстік коммуналдық-өндірістік аймағындағы индустриялық-инновациялық, ғылыми-өндірістік кешендерді дамыту, функционалдық-жоспарлау дәліздерінде көліктік-логистикалық орталықтар ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 611 қаулысымен бекітілген Астана агломерациясын 2020 жылға дейін дамыту жөніндегі іс-шаралардың өңіраралық жоспарын ескере отырып, қолда бар өндірістік кешендерді кеңейту;
      6) көліктік-логистикалық қызметтерді (өңір аумағындағы халықаралық тасымалдар қызметі салаларын түбегейлі жаңарту үшін логистикалық орталықтар) дамыту;
      7) қаланың жасыл белдеу аймақтарында рекреациялық аймақтар қалыптастыру.
      Қоныстанудың астаналық агломерациялық жүйесінің перспективалы дамуының айрықша ерекшелігі өсудің шектеуші функцияларын орындайтын астананың маңында қарсы салмақ түсіретін қалалар жоспарлаумен емес, олардың ықпал ету аймағында астананың табысты қызмет етуін қолдаушы серіктес-қалалармен көрінуінде. Серіктес-қалаларды елдің көлік магистральдарының басты бағыттарында орналастыру ұсынылады. Серіктес-қалалардағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың шоғыры көршілес индустриялық өңірлердің ірі кешендерімен технологиялық өзара байланысқа түсуі тиіс.
      Аталған серіктес-қалалар, бірмезгілде, күтпеген жағымды жағдайлардың салдарынан (астананың қалыптасуының бастапқы кезеңінде болғандағыдай) Астана агломерациясының екпінді өсуі болған жағдайда ұстап қалушы факторлардың рөлін атқаруы мүмкін.
      Сонымен қатар:
      1) Астана қаласының айналасында, айналма автожолдан 30-50 км қашықтықтағы аймақ шегінде қала маңы аймағының бекітілген жобасына сәйкес азық-түлік белдеуін, астананың жасыл қалқанын қалыптастыру, сондай-ақ рекреациялық инфрақұрылымды дамыту үшін ерекше қала құрылысын реттеу аймағын белгілеу. Елді мекендер аумақтары кеңеюінің ресурстық мүмкіндіктеріне негізделмей бей-берекет және жүйесіз, жайылып өсу жағдайларын жою, қала маңы аймағына көші-қонды шектеу мақсатында ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлерді жеке тұрғын үй құрылысына өзгертуге тыйым салу және жаңа тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін ақылы негізде беру мүмкіндіктері туралы мәселені қарастыру;
      2) қала маңы аймағында астана тұрғындарын тез бүлінетін және тасымалдануы қиын тамақ өнімдерімен жабдықтау бойынша азық-түлік белдеуін ұйымдастыру;
      3) Астана қаласынан 100-150 км қашықтықтағы, маятниктік еңбектік қозғалыстардан асатын радиуста, ірі қоныстар базасында өзіне көші-қон ағындарын тартатын контрмагниттер құруды қарастыру. Батыс бағытында – Астраханка ауылы, солтүстікте – Шортанды ауылы, Ақкөл қаласы, шығыста – Ерейментау қаласы, оңтүстік-шығыста – Аршалы ауылы, Осакаров ауылы, оңтүстік-батыста– Қорғалжын ауылы бірмезгілде индустриялық-инновациялық өсу, олардың ықпал ету аймағын экономикалық дамыту, сондай-ақ олардың ықпал ету аймағында орналасқан ауылдық елді мекендерге қызмет көрсету орталығы бола алады;
      4) қалаға іргелес кенттерде жыл бойы еңбекпен қамтитын жұмыс орындарын құру ұсынылады.
      Астана қаласы мен қала маңының дамуын үйлестіруді қала маңындағы қоныстарда жаңа жұмыс орындарының жеткілікті көлемін құру және олардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту есебінен шешуге болады, атап айтқанда:
      1) өндірістік (шаруашылық және фермерлік шаруашылықтарда) және тұрмыстық мақсаттарда жел және күн энергиясын пайдалану бойынша өндірісті ұйымдастыру және қондырғылар жинау;
      2) жел және күн энергетикасын дамыту есебінен қосымша қуат беретін қосарлас жергілікті және ықпалдасқан электр желілерін қала маңы аймағында құру;
      3) Астана қаласынан жарты сағаттық көліктік қолжетімділік радиусында электрлік тұрмыстық құрылғыларды, автомобильдерді және зиянды заттары бар басқа техниканы қайта кәдеге жарату бойынша кәсіпорындар ұйымдастырылуы мүмкін;
      4) Астана қаласындағы Назарбаев университеті қызметінің шеңберінде қала маңындағы аймақтарда инновациялық тәжірибелік-эксперименталдық өндірістерді орналастыру мақсатқа сай болып табылады;
      5) қала маңы аймағының ірі елді мекендерінде (Шортанды, Аршалы, Қосшы ауылдары) қала маңы аймағының шағын және орта кәсіпорындары бар кооперациясы арқылы құрастыруда пайдаланылатын құрамдас бөлшектер өндірісін кейіннен оқшаулай отырып, ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру өндірісін ұйымдастырған жөн;
      6) қарапайым автомобиль керек-жарақтарын (пластмасса және резеңке бұйымдар) өндіру;
      7) автомобиль көлігі мен ауылшаруашылығы техникасына арналған сертификатталған қосалқы бөлшектердің едәуір күрделі өндірісін ұйымдастыру, үй маңындағы және жеке шаруашылықтың ауылуышаруашылық және тұрмыстық мүкәммалдарын өндіру;
      8) зауыттық жағдайларда жеңіл болат жұқа қабырғалы конструкциялардан жасалған коттедж типіндегі бір және екі қабатты үйлер өндірісі перспективалы болып табылады.
      Астана қаласының халықаралық әуежайының тиімді географиялық орналасуын ескере отырып, оның базасында Қосшы ауылында өндірістік қуаттылықтарды орналастыра отырып, шетелдік әуе компанияларының орта магистральдық ұшақтарын жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша хаб құру туралы ұсыныстың перспективасы бар. Ұзақ мерзімді перспективада кіші авиацияға арналған ұшақтар өндірісін ұйымдастыру.
      Қала маңы аймағындағы барлық ауылдық округтерде ағаш бұйымдарын өндіру бойынша цехтарды, машина жөндеу шеберханаларын, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станцияларын дамыту.
      Астана қаласына жақын орналасқан ірі кенттердегі (Талапкер, Жібек жолы, Қосшы ауылдары) қала маңы аймағындағы мал шаруашылығы кәсіпорындарының және ауыл тұрғындарының жеке үй-жай шикізаттарын ұтымды пайдалану мақсатында, жыл бойы еңбекпен қамту үшін қой терісін, ірі қара және ұсақ мал терісін өңдеу, сондай-ақ тері, жүн және аң терісі бұйымдарын дайындау бойынша цехтар, халық шаруашылығы шеберханаларын ашу мақсатқа сай.
      2. Алматы агломерациясы
      Алматы агломерациясының аумағындағы жалған урбандалу процесін шектеу үшін Алматы қаласына жақын орналасқан аумақтарды ұйымдастыру мен дамытуды Алматы қаласының қала маңындағы аймағының бекітілген бас жоспарының (Аумақтың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасы, 2010 жыл) негізгі ережелеріне сәйкес жүргізу қажет. Олар Gate City, Golden City, Growing City, Green City сияқты төрт жаңа серіктес қаланың «Жаңа Іле» туристік орталығының құрылысын, қаланың транзиттік жылдамдық сыртқы айналма жолының – Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының құрылысын, «Жетіген-Қорғас» теміржол тармағының құрылысын, шаңғы курорттарын, спорттық-сауықтыру объектілерін, тау шаңғысы демалыс базаларын, Үлкен Алматы және Кіші Алматы, Қаскелең, Талғар, Есік, Шамалған және басқа тау өзендері аңғарлары бойындағы Іле Алатауының тау етегіндегі, аласа және биік таулы аймақтарындағы демалыс үйлерін дамытуды көздейді.
      Алматы агломерациясын дамытудың жобалық шешімдерін әзірлеу бойынша ұсыныстар:
      1) қала маңы аймағы халқының перспективалы санын оңтайландыру (Алматы агломерациясы халқының 2030 жылға арналған жалпы жобалық санын 4,5 млн. адамнан 3,266 млн. адамға дейін азайту);
      2) белгілі бір аудандар аумақтарын қоса алғанда, Алматы қаласының ықпал ету аймақтарын нақтылау;
      3) агломерация аумағын мынадай аймаққа бөлу қажет:
      орталық қаланың айналасындағы демалу және денсаулық сақтау объектілері орналастырылған жасыл белдеу;
      агломерация аумағының функционалдық аймаққа бөлінуі ескерілген орталық қаланың айналасындағы азық-түлік белдеуі;
      рекреациялық мақсаттағы оңтүстік тау етегі және таулы аймақтар;
      ауыл шаруашылығы (өсімдік шаруашылығы) мақсатындағы солтүстік-шығыс аймақ;
      рекреациялық мақсаттағы Қапшағай су қоймасының солтүстік аймағы;
      өнеркәсіптік-қоймалық және ауыл шаруашылығы (мал шаруашылығы) мақсатындағы солтүстік-батыс аймақ;
      4) солтүстік бағыттағы жаңа серіктес-қалаларды бұрыннан бар елді мекендер базасында дамыту ұсынылады;
      5) көліктік-логистикалық тораптар ретінде станцияларды айналма теміржол және автомобильдік магистральдық транзиттік желілер түзе отырып жоспарлау ұсынылады;
      6) өнеркәсіптік және қоймалық мақсаттағы объектілерді қоса алғанда, орталық қаладан барлық зиянды өнеркәсіптік кәсіпорындарды қаланың желдетілетін солтүстік бөлігіне шығару;
      7) сауда-қойма аймақтары және теміржол тартылған халықаралық сыныпқа жататын жүк транзиттік әуежайды алдын ала қарастыру;
      8) өзінің функционалдық пайдаланылуы бойынша барлық бағыттарда маманданған жеңіл авиацияның өңірлік желісін дамыту;
      9) ауыртпалықты төмендету үшін агломерация орталығынан солтүстік бағытта орналастырылатын серіктес қалалар жүйесі (Gate City, Golden City, Growing City, Green City) және рекреациялық ойын-сауық орталығы бар Қапшағай қаласын дамыту ұсынылады.
      3. Шымкент агломерациясы
      Болашақ перспективада Шымкент қаласы ірі өндірістік-инновациялық және көліктік-логистикалық, білім беру және ғылыми, мәдени және туристік орталық ретінде қарастырылады.
      Шымкент агломерациясы халқының қоныстану жүйесін дамыту жоспарында болжамдық кезеңдердегі мүмкіндіктерді ескере отырып, жалпы көлік жүйесін жаңғырту және жүрдек көлік құралдарын пайдалану, Тараз және Түркістан қалаларын қоса отырып агломерациялар аймағын кеңейту есебінен қызмет көрсету объектілеріне қолжетімділік нормаларын қайта қарау мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.
      Шымкент агломерациясының аймағы қызметтік жүктемесі бойынша басқа агломерациялық аймақтар сияқты қарқынды шаруашылық және қала құрылыстық игеру аймағы болып табылады. Шымкент агломерациясының аймағын дамытудың негізгі басымдықтарына мыналар жатады:
      1) табиғи-шикізат ресурстарын барынша пайдалана отырып, өндіріс салаларын әртараптандыру және жаңғырту жолымен қаланы дамытудың әлеуметтік-экономикалық саясат стратегиясы;
      2) жаңа технологияларды игеру, халықаралық сапа стандарттарына өту және өткізудің жаңа нарықтарына шығу арқылы экономиканың барлық салаларын кешенді дамытудың индустриялық-инновациялық саясатын іске асыру;
      3) қаланың өндірістік әлеуетін ары қарай үдемелі дамыту, оның бәсекелестік ұстанымдарын нығайту, жұмыс істеп тұрған ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындардың негізінде өңдеуші өнеркәсіпте кластерлік өндірістер қатарын құру;
      4) Шымкент қаласында оңтүстік өңірдің сервистік орталығы ретінде мыналар ұсынылады:
      Орталық Азия нарығына бағдарланған ірі тауарлық-логистикалық тораптар құру және өз өнімдерін өңірде іске асыру үшін әлемдік тауар өндірушілерге тиімді жағдайлар ұсыну;
      көліктік-логистикалық тораптар құра отырып, Еуропа, Қытай, Таяу Шығыс және Орта Азия арасында жүктер мен жолаушылар транзитіне ыңғайлы және пайдалы жағдайлар жасай отырып, көліктік-логистикалық орталықты дамыту;
      жақын орналасқан өңірлерге қызмет көрсету мақсатында халықаралық сыныпқа жататын қаржылық қызметтерді көрсетуге бағдарланған өңірлік қаржы орталығын дамыту;
      әртүрлі ақпараттық және мультимедиялық қызметтерді, соның ішінде спутниктік байланыс арналары бойынша ұсынуға мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық орталықты дамыту;
      Ұлы Жібек жолының бай тарихи-мәдениәлеуетін пайдаланудың негізінде туристік орталықты дамыту;
      өңір халқына жоғары білікті мамандандырылған медициналық көмек көрсету және медициналық кадрлар біліктілігін арттыру бойынша медициналық орталықты дамыту;
      халықаралық бизнес, сауда және іскерлік қатынас орталығы ретіндегі қаланың өңірлік функцияларын кеңейту шеңберінде коммерциялық-іскерлік саланы ары қарай дамыту.
      4. Ақтөбе агломерациясы
      Агломерация аумағы біркелкі және агломерациялау процесін белсенді дамыту үшін орташа алғанда тығыз қоныстанбаған.
      Агломерацияны дамытуға арналған негізгі проблемалы мәселелер: энергия тапшылығы, демография және еңбек нарығындағы проблемалар, қалалар үшін – еңбекке қабілетті жастағы халықтың біліктілігі төмен контингенті бар ауылдық аумақтардан келетін көші-қон ағынының күшеюі және бұл жағдай еңбек өнімділігін арттыруға және жоғары технологиялы жобаларды енгізуге ықпал етпейді. Металлургия және химия өнеркәсібі кәсіпорындарының қызметінен туындаған күрделі экологиялық жағдай, сондай-ақ еңбектің қосымша саласы ретіндегі өнеркәсіп рөлінің төмендеуі.
      Агломерация экономикасының дамуындағы шикізаттық бағыттың өсуінің себептері:
      1) мұнай-газ секторының дамуы шикізатты терең өңдеусіз жүріп жатыр;
      2) хром кендерінің кен орындарын кешенді пайдалану бойынша кластерімен сипатталатын агломерацияның экономикасы өңірдің тиімді көліктік-географиялық жағдайын ескере отырып, өзінің дамуы үшін әлеуетінтолығымен пайдаланбайды.
      Ақтөбе агломерациясын және өңір экономикасын дамытуға арналған жобалық ұсыныстар:
      1) халықтың өсімін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ экономиканың қосымша еңбек ресурстарына қажеттіліктері үшін көші-қон процестерін басқару;
      2) агломерация аумағындағы қоныстану тығыздығының төмендігін және Ақтөбе қаласында металлургияның, агроөнеркәсіптік кешеннің (бұдан әрі – АӨК), химия өнеркәсібінің және машина жасаудың бірқатар жаңа объектілерін орналастырудың шынайы перспективаларын ескере отырып, бұл агломерация үшін поляризацияланған (бір орталықты) нұсқа бойынша жобалық қоныстану ұсынылады;
      3) құрылыс материалдарын шығару бойынша өндірістерді дамыту, хромит кендері қорларының, мұнай және газ қорларының негізінде жоғары қайта өңдеу өндірістерін құру;
      4) машина жасау кешенінің әлеуетін пайдалану, өнеркәсіптің металлургия және химия салаларында бәсекеге қабілеттілікті арттыру және қосымша құнды арттыру;
      5) өңірдің энергия тапшылығын жою және перспективалық энергетикалық қуаттылығын арттыру үшін екі жаңа электр беру желісінің құрылысын қамтитын тиімді жоғары технологиялық энергожүйені құру қажет;
      6) агломерацияның транзиттік және шекаралық орналасу әлеуетін барынша пайдаланудың нәтижесі ретінде өңіраралық және мемлекетаралық шаруашылық байланыстардың дамуын қамтамасыз етуші заманауи көліктік-логистикалық кешенді қалыптастыру;
      7) әуежайдың тұрғын құрылыстардан қауіпті қашықтықта орналасқанын және ұшақтардың ұшу-қону жолдары тұрғын аудандар үстінен өтетінін ескере отырып, әуежайды қайта құру немесе қала шекарасынан тыс жерге көшіру туралы мәселені қарастыру ұсынылады.
      5. Ақтау агломерациясы
      Ақтау агломерациясын дамыту перспективаларына ерекше назар аудару қажет. Өңірдің төтенше ауа-райы жағдайын, ауыз су көздерінің тапшылығын, мұнай-газ кен орындарының шектеулі қорларын ескере отырып, еңбек ресурстарына қажеттіліктің төмендеуімен байланысты өткір әлеуметтік-экономикалық мәселелердің туындауын болдырмау үшін осы өңірге халықтың көші-қон ағынын реттеу қажет. Мұнда мұнай-газ кен орындарын игеру мен құруды вахталық әдіспен жүргізген жөн.
      Ақтау қаласында Қазақстанның бірден-бір теңіз порты орналасқан (Каспий теңізінде). Қазіргі кезде қала 2007 құрылған Мұнайлы ауданы және Түпқараған ауданының Ақшүкір селолық округімен бірге тұрақты экономикалық, еңбек және мәдени байланыстары бар заманауи агломерацияның бейнесін құрайды.
      Қоныстандырудың бірыңғай ұлттық жүйесінің жобалық ұсыныстарына, қолда бар және перспективалы ресурстық әлеуетке сәйкес Ақтау агломерациясы болжамдық кезеңге Каспий қоныстану кіші орталығы және Ақтау өзек қаласымен бірге Ақтау урбандалған аймағы ретінде қарастырылады. Бұған Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы географиялық орналасуы, жеткілікті адами, экономикалық ресурстарының болуы және әлеуметтік, рекреациялық, көліктік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту қолайлы жағдай жасайды.

      Ауылдық қоныстануды дамытудың негізгі бағыттары
      Ауылдық аумақтар мен ауылдық елді мекендерді дамыту перспективаларын ауыл шаруашылығы өндірісінің аумақтық ұйымдарын дамыту стратегиясынан бөліп қарастыруға болмайды.
      Ауылдық қоныстану жүйесі ауыл шаруашылығы өндірісінің аумақтық ұйымдасу талаптарының ерекшеліктерімен анықталатын белгіленген заңдылықтарға сүйене отырып, жағдайды тұрақтандыру және ауылдың жаңа қала түзуші негізін қалыптастыру жөнінде мынадай іс-шаралар ұсынылады:
      1) ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша кәсіпорындарды бірмезгілде дамыта отырып, қала маңындағы ауылдық аумақтарда өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының қарқынды салаларын дамыту. Бұл қала халқының көкөніске, жеміс-жидек дақылдарына, ет пен сүтке қажеттілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, ауыл тұрғындарын жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
      2) оңтүстік өңірлердегі ауылдық аудандарда өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамытумен қатар халықтың жұмыссыз бөлігін еңбекпен қамту үшін жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы кәсіпорындарын салуда, туризмді, рекреацияны, халық шығармашылығы кәсіптерін дамытуда бизнеске жан-жақты ықпал ету қажет;
      3) елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлеріндегі шалғай ауылдық аумақтарда нарықтық қатынастар жағдайларында АӨК-ні дамыту парадигмасына сай келетін жаңа қала түзуші негізді мыналардың есебінен құру:
      шаруа қожалықтарын, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қайта өңдеуші кәсіпорындармен сатылас ықпалдасуын кооперациялау;
      ауыл шаруашылығы өндірісін бәсекеге қабілетті, жоғары механикаландырылған ғылымды қажет ететін салаға айналдыру үшін әлеуеті жоғары ауыл шаруашылығы құрамаларының жаңа ірі нысандарының қалыптасу процесін мемлекеттік қолдау;
      шалғай ауылдық аудандарға бизнес инвестицияларының келуі үшін қолайлы жағдайлар жасау,көлік желісі мен инженерлік инфрақұрылымды дамыту.
      Шаруа қожалықтарын кооперациялау мен біріктіруге арналған стратегиялық бағыт бәсекеге қабілетті ірі ауыл шаруашылығы құрамаларын құру ескеріле отырып, Бас схемада ауыл халқын қоныстандырудың перспективалық үлгілері әзірленген. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ірі шаруашылықтардағы тұрғындар жайлылығы қалалық деңгейдегі жабдықталған қоныстарда тұрады. Бұл кенттерді жаңа тұрпатты ауылдық қоныстар – агроқалашықтар деп атауға болады. Кооператив мүшелерінің қаржылық және материалдық-техникалық жабдықтарын біріктірудің негізінде пайда болған ірі шаруашылықтар ортақ мүдденің негізінде тиімді жоғары механикаландырылған ірі тауарлы өндірісті жолға қоя алады, бұл оларға ауылдың әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерін ұстауды теңгеріміне алуға қаржыландыруға мүмкіндік жасайды. Шаруа қожалықтарының кооперациялары мен бірлестіктерінен заманауи, жабдықталған, жайлы қоныстардан тұратын ауыл шаруашылығы мен ауылдық қоныстануының келешегі көрінеді.
      Елде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстанның заманауи бәсекеге қабілетті АӨК құру үшін мыналар қажет:
      1) өңірлердің табиғи-климаттық жағдайларына және өндірісті жүргізудің едәуір ұтымды және тиімді әдістеріне сай келетін тұрақты ұйымдастырушылық және техникалық даму негіздеріне ауыл шаруашылығын көшіруде мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
      2) елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарындағы қолайлы аграрлық және табиғи-климаттық жағдайларды толығымен пайдалану, көкөніс, бақша және жидек дақылдарын өсіруге арналған алаңдарды кеңейту;
      3) балық кәсіпшілігін, балықты қайта өңдеуді, балық шаруашылығын дамыту үшін, атап айтқанда, бекіре тұқымдастарды, бахтах және бағалы балықтардың басқа түрлерін өсіру үшін өңірлердегі қолда бар ресурстық әлеуетті толығымен пайдалану;
      4) ауыл шаруашылығы өнімдерін халықтан жинақтау және сатып алу пункттері бар қайта өңдеу кәсіпорындарын ауылдық қоныстарда, әсіресе шалғай аудандарда ұйымдастыру;
      5) малды қорада бағатын және өнімді жер жайылымдары бар өңірлерде жем-шөп өндірісін дамыту өндірістерінің қарқынды нысандарының есебінен ірі тауарлы мал шаруашылығын, сондай-ақ жайылымдарды жақсарту және суландыру бойынша іс-шаралар әзірлей отырып, қуаң және шөлейт өңірлерде жайылымдық және отарлық мал шаруашылығын дамыту;
      6) ауылдық қоныстар мен ауыл шаруашылығы өндірісінің қазіргі жағдайы туралы деректерді мемлекеттік органдар мен тиісті аумақтық қызметтердің жинауы мен талдауын жүйелі ұйымдастырудың негізінде ауылдық аумақтар мен ауылдық елді мекендерді дамыту стратегиясын мыналарды қоса әзірлеу:
      ауылдық аудандар кесіміндегі елді мекендер халқының, соның ішінде еңбекке қабілетті халықтың саны;
      өндірістік инфрақұрылымның болуы (мал шаруашылығы орынжайлары, машина алаңдары, ауыл шаруашылығы техникасы, жабдық);
      елді мекендерде әлеуметтік және мәдени және тұрмыстық мақсаттағы объектілердің (мектепке дейінгі мекемелердің, жалпы білім беретін мектептердің (деңгейі бойынша), мәдениет үйлерінің, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және сауда объектілерінің) болуы;
      ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу және өткізу объектілері;
      ауылдық елді мекендердің жақын қалалар мен ірі елді мекендерден шалғайлығы;
      өңірлер жағдайына қарай ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту құрылымы;
      ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердің, сондай-ақ резервтік жерлердің сол ауылдық елді мекенде тұратын және тұрмайтын меншік иелеріне тиесілілік жағдайы;
      ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерді пайдалану тиімділігін бағалау.

Өндіргіш күштерді орналастырудың негізгі бағыттары

      Елдің және өңірлердің экономикалық өсуі экономиканың инновациялық процестері мен және оны индустрияландырумен тығыз байланысты ғылыми-техникалық прогресспен басым түрде қамтамасыз етіледі.
      Жекелеген өңірлерде экономикалық өсуді жеделдету, ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін өңірлік саясатты қалыптастырудың заманауи талаптары тұрғысынан жалпыалғанда өндіргіш күштерді орналастыру және халықты қоныстандырудың едәуір жетілдірілген әдіснамасы қажет.
      Өндіргіш күштерді аумақтық ұйымдастырудың міндеттері Кеңес Одағының шикізаттық және азықтық мүддесімен ұйымдастырылған, кеңестік кезеңде қалыптасқан Қазақстан Республикасынының өндіргіш күштерін ұйымдастыру жүйесін реформалау мен қайта құру, тау-кен саласын басым дамытуда оның біржақты мамандануын жою қажеттілігімен анықталды.
      Өндірісті ұтымды аумақтық ұйымдастыру перспективалық өнеркәсіптік кластерлер мен кешендерді қалыптастыру және дамыту аймақтарын орналастыратын аумақтарды анықтау арқылы экономикалық, энергетикалық, көліктік және еңбек шығындарын төмендетуге бағытталатын болады.
      Өндіргіш күштердің даму әлеуеті үш құрамдас құрылымдық элементтерді талдау жолымен анықталды: табиғи-шикізаттық ресурстар, еңбек ресурстары және материалдық-техникалық базаның жағдайы. Өндіргіш күштердің даму перспективаларын анықтау үшін өңірлерде әрбір саланың табиғи-шикізаттық және еңбек ресурстарының әлеуеті зерттелді.
      Табиғи-шикізаттық ресурстар еңбек ресурстарына қарағанда кеңістікте тұрақты екендігін ескере отырып, олар өндіргіш күштердің, өндірістік инфрақұрылымның қалыптасуын және орналастырылуын анықтайтын республика аумағының тірек жоспарлық қаңқасының жүйелік элементтеріне жатқызылады. Тау-кен саласының өндіргіш күштерін орналастыру мен дамытудың перспективалық аудандарын анықтау үшін минералды-шикізат ресурстардың негізгі түрлерін бөлу схемасы әзірленді (осы Негізгі ережелерге 2-қосымша). Аталған схема елдің индустриялық орталықтары мен өнеркәсіптік кластерлерлерінің жаңаларын қалыптастыру және ескілерін дамытуға арналған басшылық ретінде қызмет етеді.
      Атырау, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында мұнай-химия өнеркәсібін, мұнай-химия шикізатынан синтетикалық талшықтар, синтетикалық шайырлар, полимерлер, композитті материалдардан жасалған құбырлар және т.б. шығару бойынша ғылымды қажет ететін өндірістерді дамытудың ресурстық әлеуеті бар. Батыс өңірде синтетикалық шайырлар мен пластмассалар өндірісін қалпына келтіру және ары қарай дамыту кеңінен тұтынылатын тиісті тауарлар өндірісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мұнай-химия өндірістерін қалыптастыру мақсатында Атырау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы құрылды, сондай-ақ «Мұнай химия өнімдерін өндіру жөніндегі «Интеграцияланған газ-химиялық кешенінің құрылысы», «Хош иісті көмірсутектер өндіру жөніндегі кешен құрылысы» жобалары іске асырылады, «Ақтау пластикалық массалар зауытындағы жол битумдарын өндіру жөніндегі зауыттың құрылысы» жобасын іске асыру аяқталуда. Шымкент қаласында шиналарды, Саран қаласында резиналық-техникалық бұйымдарды өндіру бойынша зауыттарды реконструкциялау, Атырау облысында резиналық-техникалық зауытты салу үшін ресурстық мүмкіндіктер мен қажеттіліктер бар.
      Химия өнеркәсібін перспективалық дамытудың ерекше маңызды проблемаларының қатарына фосфорлы өнеркәсіпті қайта жандандыруды жатқызу қажет. Ішкі нарықтың нақты сыйымдылығы мен экспорт мүмкіндіктерін ескерсек, қолда бар ресурстар минералдық тыңайтқыштарға қажеттілікті толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Ауыл шаруашылығы экономикасын қайта қалпына келтіру және оны шаруашылықтың қарқынды әдістеріне көшіру минералды тыңайтқыштарға қажеттілікті біршама арттырады.
      Химия және мұнай-химия саласындағы әлемдік жетістіктерді талдау алдағы 10-15 жыл ішінде химия және мұнай-химия өндірістерінде басымдықтардың шұғыл алмасуы мүмкін екенін көрсетеді. Сондықтан Бас схемада отандық химия ғылымын дамыту туралы, мұнай-химия кәсіпорындарын салу және қайта құру кезінде өндірісі бәсекеге қабілетсіз басқа елдер қатарына кіріп қалмау үшін патенттер, лицензиялар және жетекші әлемдік фирмалардың жабдықтарын сатып алу қажеттілігі туралы мәселе қойылады.
      Мұнай-химия өнеркәсібін дамыту және оның кәсіпорындарын орналастыру жөніндегі шаралар:
      1) жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеуші кәсіпорындардағы мұнай-химия өнімдерінің негізгі түрлерінің өндірісін кеңейту жолымен мұнай-химия кешенінің шикізат импортына тәуелділігін жою жөніндегі жұмысты жалғастыру;
      2) тұтыну нарығына жұмыс істейтін мұнай-химия өндірісінің жалпы өнімнің тұтас көлеміндегі үлесін Қытай, Иран, Түркиядан импортталатындармен салыстырғанда бәсекеге қабілетті пластмассалар, полиэтилен, бутадиен және синтетикалық каучукты қайта өңдеу бойынша іске асырылатын жобалар, лактар, эмальдар, синтетикалық негіздегі бояулар шығару бойынша жаңа өндірістерді дамыту есебінен арттыру;
      3) маңызды мұнай-химия өнімдеріне ішкі нарық қажеттілігін қанағаттандырушы бәсекеге қабілетті экспортқа бағытталған (Ресей, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі – ТМД) елдері, шекара маңындағы мемлекеттер) мұнай-химия өндірісін (полимерлі материалдар, химиялық талшықтар, көмір пластиктері, синтетикалық каучуктер) құру;
      4) мұнай-химия өнімдерін өндіру және өткізудің жалпы әлемдік жүйесіне ондағы бәсекелестермен салыстырғанда арзан шикізат және біршама перспективалы технологиялар енгізу есебінен меншікті өнімінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жолымен өз орнын таба отырып ықпалдасу.
      Металлургия өндірісін шикізаттық қамтамасыз ету міндеттерін шешу үшін Сарыбай кенішінде өнімді бір мезгілді тұрақтандыру кезінде шикі кенді өндіру бойынша оның қуаттылығын жылына 15 млн. т. дейін жеткізе отырып, Қашар тау-кен байыту комбинатын (Қостанай облысы) дамыту көзделуде. Соколов кенішін қайта құру шикі кен бойынша оның қуаттылығын жылына 3 млн. т. деңгейінде сақтауға мүмкіндік беруі тиіс.
      Орталық (Жәйрем), Шығыс және Оңтүстік Қазақстан облыстары қорғасын және мырыш өндіру бойынша перспективалық өңірлер болып табылады. Солтүстік Қазақстан облысы бокситтер бойынша жетекші өңір болып болып табылады, өндірістік әзірлемелер үшін Ақтөбе облысының Талдық-Ащысай кен орнын алуға болады. Орталық (Босаға, Көшек, Ақтайлақ) және Солтүстік(Құбасадыр) Қазақстанда бокситтік емес алюминий шикізатының (алуниттер, нефелинді сиениттер) перспективалық кен орындары бар.
      Каспий маңы, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Мұғалжар және Зайсан титанды аудандарында геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу талап етіледі, олардың бөлігі өнеркәсіп мүддесін білдіруі мүмкін. Сирек жер элементтері бойынша әлемдік сыныптағы ірі кешенді сирек металды-сирек жер объектісіне жататын Жоғарғы Еспе (Шығыс Қазақстан облысы) кен орны геологиялық-барлау жұмыстарын талап етеді.
      Елде алюминийдің ірі тұтынушысы болып табылатын немесе бола алатын өнеркәсіп өндірісінің салалары жоқ. Алюминий кластерін қалыптастыру мақсатқа сай болатын Павлодар қаласында салынуы мүмкін прокат және басқа да алюминий бұйымдарын өндіру бойынша зауыт салу мүмкіндігін қарастыру қажет.
      Жаңа қуаттылықтар енгізу және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта құру есебінен перспективада алтын өндіру өнеркәсібін дамыту мақсатқа сай.
      Шеелит, молибден және висмут концентраттарын шығара отырып, Степногорск тау-химия комбинатының күшімен Ақмола облысында Ақсораң вольфрам-молибден кенорындарын игеруге қолайлы мүмкіндіктер бар. Қазақстанның әлеуетті мүмкіндіктерін және баяу балқитын және сирек металдар өнімдерінде өнеркәсіптің өсуші қажеттіліктерін ескере отырып, елде баяу балқитын сымдарды, тым қыздыратын, тотығу және қызуға төзімді элементтерді өндіру бойынша зауыт салу мақсатқа сай.
      Қазақстан Республикасы болаттың көмірсутектік, қосындыланған және тот баспайтын маркаларынан сорттық прокат өндіру өніміне маңызды сұранысқа ие болып отыр. Бүгінгі таңда тот баспайтын, ыстыққа төзімді,шарлы мойынтірек, аспаптық және метиздік болаттардың барлық сыныбы республикада импортталады. Қазақстанның болат балқыту металлургиясындағы экономикалық серпінді қамтамасыз ету үшін жоғары сапалы және қосындыланған болаттардан құрылымдық материалдарды өндіру және осыған байланысты Ақтөбе қаласында жаңа электр металлургия болат балқыту зауытын салуға байланысты проблеманы шешу қажет.
      Қазақстанда қара металл прокатының өндірісін және Теміртау металлургия комбинатындағы қалың темір станы құрылысының есебінен сорттық прокатты өндіруді біршама арттыру үшін ресурстар бар. Теміртауда қазіргі кезде Қытай мен Ресейден импортталатын коксты өндіру бойынша қосымша қуат күштерін салуға инвестиция салынатын болады.
      Экономика салаларының өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуетін қарқынды дамыту жолына көшу экономика қажеттілігін, елдің қорғаныс қабілеті мен экспорт көлемінің өсімін қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті машина жасауды жедел дамытуды талап етеді. Қазақстанда машина жасауды дамытудың негізгі басымдықтары ауыл шаруашылығы және көліктік машина жасау, мұнай өндіруші және мұнай-газ өңдеуші өнеркәсіпке, тау-кен – металлургия кешеніне арналған машиналар мен жабдықтар өндіру болып табылады. Инновациялық өсу мен машина жасауды дамыту нүктелері бола алатын қорғаныс кешенінің машина жасаушы кәсіпорындарына ерекше орын мен рөл беру қажет.
      Басым бағыттарға сондай-ақ жоғары және «жасыл» технологиялар (күн панелі, жел энергия генераторлары, медициналық аппарат және т.б.) бұйымдарын өндіруді, авиақұрылысты (тікұшақтар және ауыл шаруашылығы авиациясының жеңіл ұшақтары), ғарыштық аспап жасауды (Астана қаласындағы ғарыштық аппараттарды жинау-сынау кешені) жатқызу қажет.
      Бас схема шеңберінде жүргізілген өндіргіш күштерді дамытудың ресурстық әлеуетін бағалау өнеркәсіптің бәсекеге қабілетті өнімін өндіруші негіздер құру есебінен 2030 жылы экономиканы дамытудың шикізаттық бағыттылығынан екпінді шығуға елдің ресурстық әлеуетінің бар екенін көрсетті.
      Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін қолайлы шарттар бар: өзіндік шикізат (өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдері)және еңбек ресурстары. Жеңіл өнеркәсіп көп халықты жұмыспен қамтамасыз ететіндіктен зор әлеуметтік мәнге ие. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде дайын өнімдер шығара отырып, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын олардың ауыл шаруашылығына мамандануын ескере отырып дамыту ұсынылады. Бұл ретте мемлекеттік қолдау шараларын қарастыру ұсынылады.
      Өндіргіш күштерді және өндірістік инфрақұрылымды дамыту мен орналастыру жөніндегі ұсыныстар ашық экономика және нарық жағдайында өндірістің тұрақты үдемелі өсімін қамтамасыз ету,Қазақстан өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оны тең құқылы серіктестік құқығында әлемдік шаруашылық жүйесіне ықпалдастыру қажеттілігінен туындайды.
      Өнеркәсіпті дамытудың болжамын әзірлеу кезінде 2013 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде өнеркәсіптің өңдеуші салаларында өндірісті өсіру өндірістік қуаттылықтардың қолда барқорының есебінен басым жүретіні болжанып отыр. Өңдеуші өнеркәсіп дамуының жеткілікті жоғары қарқынына қарамастан, қарастырылушы перспективада басты міндеттердің бірін – мұнай экспортына тәуелділікті төмендете отырып, салалық құрылымды жақсартуды шешу қажет.
      Өнеркәсіптің барлық салаларын дамыту өнеркәсіптік өндірісте тікелей, сондай-ақ қызмет көрсету салаларында ілеспелер ретінде шағын және орта бизнес саласын кеңейтуге әкеледі. Өнеркәсіптің кейбір салаларында (азық-түлік, жеңіл, резеңке және пластмасса бұйымдар өндірісі) даму шағын және орта бизнес есебінен басым қамтамасыз етіледі. Машина жасауда ірі кәсіпорындар базасында және олармен кооперацияда шағын және орта бизнес өндірістерін құрудың оң практикасы жалғастырылады.
      Перспективада Қазақстан металлургиясын дамытудың және тиімділігін арттырудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      1) шикізат базасын дамыту және кен орындарының базасында кен өндіру мен қайта өңдеу кәсіпорындарын құра отырып, оларды жедел игеру жолымен металлургиялық зауыттардың қуатын арттыру;
      2) өнімнің сапасын арттыру, оның көлемі мен сұрыпталымын көбейту үшін қолданыстағы өндірістерді қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру жүргізу;
      3) шикізат өңдеуді тереңдету есебінен дайындығы жоғары деңгейдегі өнім шығаруға дейін соңғы өнімді алу, байыту, металлургиялық қайта өңдеу және өндіру қуаттылығын ұтымды теңдестіру;
      4) бастапқы алюминий мен одан прокат бұйымдарын өндіру бойынша зауыт салу жолымен Қазақстанда алюминий өнеркәсібін дамыту;
      5) қара және түсті металлургияның (қорғасын прокаты және мыстан алынатын прокат) қолданыстағы өндірістер және алюминий, мырыш, титан прокаты, мыс катанкасы және олардан жасалатын бұйымдарды шығару жөніндегі жаңа қуаттылықтарды және әлемдік нарықта едәуір бәсекеге қабілетті өнім жасау үшін қосымша құны жоғары қара металлургия прокатын құру есебінен республикадағы төртінші қайта қорытуды (прокат өндірісін) дамыту;
      6) сирек металды және сирек жер металлургиясын жедел дамыту;
      7) жаңа тау-кен байыту кәсіпорындарын толық қуаттылыққа қосу есебінен асыл металдар өндірісін арттыру, шикізатты тиімді пайдалануға бағытталған жаңа технологиялық процестерді қолдануды енгізу және кеңейту, металлургиялық кәсіпорындар орналасқан аудандардағы табиғи ортаны сауықтыру;
      8) республикадағы металл өнімдерін өндіру мен тұтыну сәйкессіздігін жеңу.
      Осылайша, Қазақстан Республикасының машина жасау кешенін дамытудың негізгі мақсаты ішкі өндірісті кеңейту және ел экономикасын қажетті машиналармен, жабдықтармен және қосалқы бөлшектермен, кепілді және кепілдемеден кейінгі қызмет көрсету мен барынша мүмкіндікпен қамтамасыз ету үшін өндірістік-техникалық және басқа мақсаттағы өнім шығаруға көшу, импорттың үлесін төмендету, экспортқа арналған мүмкіндіктерді арттыру болып табылады.
      Бұл ретте мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
      1) Қазақстанның машина жасау кәсіпорындарының өндірістік базасын кең көлемде жаңғырту және жаңарту жүргізу және осы негізде сапа деңгейі, құн параметрлері бойынша үздік шетелдік үлгілерге жол бермейтін бәсекеге қабілетті машина жасау өнімдерінің соңғы түрлерін шығару номенклатурасы мен көлемін едәуір арттыру және өндіріс шығындарын төмендету;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының шеңберінде олардың қорғалуын қамтамасыз ету кезінде отандық тауар өндірушілер өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізінде машина жасау өнімдерінің шығындалған ішкі нарығын қазақстандық кәсіпорындардың иемденуі;
      3) еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ету жағдайында мамандар мен жұмысшылардың білікті кадрларын сақтай және өсіре отырып, қалпына келтірілетін немесе жаңадан қайта құрылатын жұмыс орындарының санын арттыру;
      4) республикада инновацияларды құру және енгізу, өнімнің қосымша құны жоғары ғылымды қажет ететін өнім шығару үшін, атап айтқанда бизнес инкубаторлар, технопарктер, ғылыми-зерттеу, конструкторлық, технологиялық, ақпараттық орталықтар және т.б. сияқты объектілерді қамтитын машина жасау өндірісінің дамыған инфрақұрылымын құру.
      Ғарыш қызметін дамыту. Қазақстан бірегей бәсекелестік басымдығының – әлемдегі ірі «Байқоңыр» ғарыш кешенінің бар болуының арқасында 2020 жылға дейін әлемнің жетекші ғарыш мемлекеттерінің қатарына кірудің қажетті алғы шарттарына ие. Қазақстанда бүгінгі таңда әртүрлі ғарыш қызметтеріне,атап айтқанда, байланыстың ғарыш жүйелері, жоғары дәлдікті спутниктік навигация жүйесі қызметтеріне біршама қажеттілік қалыптасты.
      Қазақстанның ғарыш саласының негізгі міндеті – республиканың индустриялық-инновациялық дамуын жеделдетуге, ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты күшейтуге, ғылым мен жоғары технологияларды дамытуға ықпал ететін экономиканың ғылымды қажет ететін және жоғары технологиялы секторы ретінде толыққанды ғарыш саласын құру.
      Нысаналы ғарыштық жүйелерді дамыту және оларды пайдалану:
      1) сыртқы нарықтарға кезең-кезеңімен шыға отырып, ішкі нарықта байланыстың ғарыштық жүйелеріне қызмет көрсету үшін спутниктік байланыс және «KazSat» хабар тарату жүйелерін;
      2) Жерді қашықтықтан барлаудың ғарыштық жүйесін;
      3) ғарыштық ғылым мен технологияларды дамыту, жер сілкінудің жаршысын зерттеу міндеттерін шешу үшін ғылыми мақсаттағы ғарыштық жүйелерді құруды көздейді.
      Балама энергетиканы дамыту. Балама энергетиканың негізгі міндеті – елдің энергия теңгеріліміндегі жаңартылатын энергия көздерінің (шағынсу электр станциялары, геотермальды, жел арқылы жұмыс істейтін, биологиялық және күн қондырғылары) үлесін арттыру.
      Қазақстандағы жаңартылатын энергетикалық ресурстардың (су энергиясы, жел және күн энергиясы) әлеуеті едәуір қомақты.
      Жаңартылатын энергия көздерінің біршама перспективалы түрлерінің бірі – жел энергетикасы. Қазақстанның жел атласы әзірленді. Қазақстанда жел электр станциясын (бұдан әрі – ЖЭС) салу үшін 10 шағын алаң зерттелді. Барлық осы шағын алаңдарды 2-3 млрд. кВт.сағ. көлеміндегі электр энергиясын коммерциялық өндіру үшін жалпы қуаты 1000 МВт дейінгі ірі ЖЭС салу үшін пайдалануға болады.
      Зерттеулер қорытындысы бойынша елдің оңтүстік аудандарындағы күн энергиясының әлеуеті жылына 2500 – 3000 күн сағатына жетеді.
      Саланы дамытудың негізгі бағыттары:
      1) Бас схема 2020 жылға қарай 400 млн. кВт.сағ. электр энергиясын өндіретін, жалпы қуаттылығы 125 МВт күн, жел және басқа жаңартылатын және балама электр өндіруші қондырғылар салуды ұсынады;
      2) 2030 жылға дейін республика бойынша жаңартылатын энергия көздерінің жаңа қуаттылықтарын пайдалануға беру жоспарлануда.
      Жаңартылатын энергия көздерін қолдау шаралары: жаңартылатын энергия көздерінің объектілерін салу үшін жер учаскелерін ұсыну кезінде резервтеу және басымдық беру; жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып,өндірілген электр энергиясын сатып алу бойынша энергия беруші ұйымдардың міндеттемелері; жаңартылатын энергия көздерін желілер бойынша электр энергиясын тасымалдау төлемінен босату; жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектілерді энергия беруші ұйымдар желілеріне қосу кезінде қолдау.
      Атом энергиясын дамыту. Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттіктің деректері бойынша уранның барланған әлемдік қорының 19%-ға жуығы Қазақстан Республикасының жер қойнауында шоғырланған. Елдің жалпы қоры 802 мың тонна уранға бағаланады.
      Атом саласын дамыту – Оңтүстік Қазақстанда, Ақмола облысында, Ақмола (Степногорск тау-химия комбинаты) және Шығыс Қазақстан (Үлбі металлургия зауыты) облыстарында өңдеу жүзеге асырылады. Халықаралық рейтинг бойынша Қазақстан іргелі ядролық физика және радиациялық материалтану саласында құзыреті жоғары деңгейдегі елдердің қатарына кіреді.
      Қазақстандағы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар нарығы жедел қарқынмен дамуда және компьютерлік жабдықтар өндірумен және оны іске асырумен, бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіру және IТ қызметтер көрсетумен айналасатын компаниялардан тұрады. Қазіргі кезде компьютерлік жабдықтарды сату жетекші позицияларға ие, бірақ ақпараттық қамтамасыз ету нарығы өсу қарқынын үдетіп келеді және инвесторлар үшін үлкен перспективаларды ашады.
      Биотехнологияны дамыту. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында медициналық препараттарды өндіру – 11 % (оның ішінде вакциналар – 1,1 %), ветеринарлық препараттарды өндіру 78 % құрайды, қалған препараттар сырттан әкелінеді. Қазақстан үшін негізгі проблема - перспективалық экспериментті әзірлемелердің бар болуы жағдайында түпнұсқаға сай келетін отандық биотехнологиялық дәрі препараттардың болмауы.Биотехнологияның басым бағыттарының тағы бірі азық-түлік және өңдеуші өнеркәсіп қажеттіліктері үшін ашытқыларды, ферменттік препараттарды, биологиялық белсенді қоспалар мен пробиотиктерді әзірлеу болып табылады. Саланы дамытудың негізгі міндеттері: ғылымды қажет ететін технологияларды және денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, азық-түлік және өңдеуші өнеркәсіп үшін бәсекеге қабілетті биотехнологиялық өнімдерді жасау мен енгізу.
      Биотехнология саласын тиімді және сапалы дамыту мақсатында келесі шаралар жүзеге асырылатын болады:
      1) әлеуметтік маңызы бар ауруларды диагностикалау үшін геномдың технологияларды пайдалану негізінде жаңа тест-жүйелер құру;
      2) гендік-инженерлік рекомбинанттық субстанциялар негізінде түпнұсқаға сай келетін дәрілік препараттар технологияларын әзірлеу және өнеркәсіптік өндіру;
      3) органдарды, өзек жасушаларын трансплантациялау, ұзақ өмір сүру медицинасы және әдіснамалық негіздер әзірлеу және оларды регенеративтік медицинада және жасушалық терапияда пайдалану саласындағы әзірлемелер бойынша орталық құру;
      4) өндірістік тәжірибенің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін вакциналар шығару бойынша өндірістер құру;
      5) микроорганизмдер коллекциясын және ашытқылар, азық-түлік белогын, аминқышқылдар, ферменттер, биоконсерванттар шығару бойынша биотехнологиялық өндірістер құру;
      6) ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін өсімдіктердің жоғары өнімді, бәсекеге қабілетті сорттарын өсіру;
      7) өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғаудың экологиялық таза биологиялық әдістерін әзірлеу;
      8) мұнай өнімдерімен ластанған топырақ және су экожүйелерін биоремедациялау мақсатында пайдалану үшін микроорганизмдер штамдарының консорциумдарын құру;
      9) өсімдік-гипераккумуляторларды пайдаланудың негізінде ауыр металдармен және пестицидтермен ластанған топырақты фиторемедиациялау тәсілдерін әзірлеу;
      10) жануарлардың жоғары өнімді тұқымдарын өсіру.
      Жаңа прогрессивтік және жоғары технологиялы өндірістер құру есебінен республика өңірлерінің өндірістік әлеуетін өсіру және әртараптандыру қажет.
      Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңаруға ықпал ету үшін:
      1) «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы, «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы арқылы жобаларды венчурлық қаржыландыру аясында Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыруға гранттар бөлу;
      2) СDМА технологиясын пайдалана отырып, телекоммуникация желілерін дамыту үшін 450 МГц диапазонында радио жиіліктік спектрді босату;
      3) «бірлесіп пайдалану» санатынан «азаматтық пайдалану» санатына 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі радио жиіліктің 50% кем емес жолағын қайта бөлу ұсынылады.
      Ауыл шаруашылығы өндірісінің өндірістік әлеуетін және оның дамуын тежеуші факторларды талдау өсімдік және мал шаруашылығында, табиғи-экономикалық аймақтар мен шаруашылық жүргізудің негізгі нысандары аясында бірқатар құрылымдық қайта құрулар жүргізу қажеттілігін көрсетті.
      2020 жылға дейінгі кезеңде ауылшаруашылығы өндірісін табиғи-экономикалық аймақтар бойынша орналастыруды қалыптастыру қажет. Бұл өңірлердің, соның ішінде ауылдық аумақтардың табиғи-климаттық және өндірістік әлеуетін едәуір толық және ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді (осы Негізгі ережелерге 3-қосымша).
      Ауыл шаруашылығының экономикалық өсуін ынталандырудың негізгі бағыты ауылшаруашылығы құрамаларының негізгі өндірістік қорларын жаңарту болуы тиіс. 2020 жылға дейін дамудың экстенсивтік, нысанымен қатар қарқынды нысандарын қолға алу қажет.
      Өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісін орналастыруды Қазақстан аумағын ауылшаруашылығы аймақтарына бөлуге сәйкес табиғи-климаттық және аграрлық шарттарын ескере отырып іске асыру қажет.
      Дәнді дақылдардың негізгі көлемін – Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында; көкөністер мен бақша дақылдарын – Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында; күнбағысты Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жайғастыру мақсатқа сай. Техникалық дақылдар өндірісін оңтүстік облыстардағы суарылатын жерлерге, мақта шикізаты өндірісін – Оңтүстік Қазақстан облысында, қант қызылшасын Алматы және Жамбыл облыстарында өрістету қажет.
      Жем-шөп өндірісін өсірудің маңызды қоры көп жылдық дақылдарға қалдырылған жерлерді пайдалану болады. Олардың аумақтық бөлінуі барлық облыстар бойынша қарастырылады.
      Республика аумағының табиғи-климаттық аймақ бойынша мамандануын ескере отырып, мал шаруашылығы саласында да құрылымдық өзгерістер болады. Солтүстік өңір сүт және ірі қара, шошқа және құс еті өндірісіне мамандандырылатын болады. Батыс және Орталық өңірлер қой мен ешкі, жылқы мен түйе еті өндірісіне, тері, жүн, қаракөл өндірісіне, қымыз және шұбат өндірісіне мамандандырылатын болады. Шөлейт және шөл аймақтарда орналасқан бұл өңірлердің (Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Қарағанды облыстары) көпшілігінде отарлық-жайылым жүйесінің және жайылым айналымдарын енгізудің көмегімен табындық жылқы шаруашылығын, түйе және қой шаруашылығын дамыту мақсатқа сай келеді. Бұл өңірлердегі табиғи жем-шөп жайылымдарының болуы қой мен ешкі басын 2030 жылға қарай 1,6-2,6 есе өсіруге мүмкіндік береді. Тиісінше жылқы мен түйе басын 1,5-2,4 есе өсіруге болады. Бұл ретте мал басының өсімін негізінен ірі және орта ауылшаруашылығы кәсіпорындары қамтамасыз ететін болады. Ауыл шаруашылығын қолдау шаралары іске асырылған жағдайда ол шығынсыз, жоғары технологиялы және бәсекеге қабілетті бола алады.
      Ауыл шаруашылығы жерлерін сақтауға және түбегейлі жақсартуға, оларды тиімді пайдалануға бағытталған мемлекеттің және жер пайдаланушылардың мүддесі жер қатынастарындағы басым мәнге ие болуы қажет. 2020 жылға дейін барлық ескі техника жаңа заманауи өндірістік техникамен ауыстырылуы қажет.
      Егін шаруашылығындағы бидай және басқа өсімдік өнімдерін өндіру кезінде жерді нөлдік өңдеу жүйесінің заманауи технологиялары пайдаланылуы тиіс.
      Осы кезеңде суарылмалы жерлер алаңын және заманауи суару жүйелерін қалпына келтіру, тамшылап суару технологиясын енгізу қажет.
      2020 жылға дейінгі кезеңдегі негізгі міндет ел халқының мал шаруашылығы өнімдеріне сұранысын меншікті өндіріс есебінен қамтамасыз ету болып табылады. Осы міндетті шешу үшін:
      1) селекциялық-генетикалық орталықтарда және асыл тұқымды мал шаруашылықтарында малдың барлық түрлерінің үйірін ұдайы өсірудің заманауи технологиясы деңгейінде тұқымдық істі дамыту;
      2) нашар тұқымды малды тұқымдық шаруашылықтардың элиталық жоғары өнімді малымен ауыстыру;
      3) барлық мал басына арналған балансталған жемді тұрақты жем базасын құру;
      4) мал жемдейтін алаңдар қуатын жылына 2 млн. ірі қара мал басына жеткізу;
      5) ет өңдеу кешендерінің қуатын жыл сайын 2 млн. басқа дейін жеткізу;
      6) жыл сайынғы жем өндірісін 4,3 млн. тонна жем бірлігіне жеткізу;
      7) жем дақылдары үлесін арттыру жолымен егіс алаңдарын әртараптандыруды жүргізу;
      8) сервистік-дайындау орталықтары базасында машина-технологиялық станциялар желісін құру;
      9) мал шаруашылығы фермаларына және жеке қосалқы шаруашылықтарға ветеринарлық қызмет көрсетудің және санитарлық-эпидемиялық бақылаудың тиімді жүйесін құру;
      10) әрбір ауданда мал шаруашылығы өнімдерін сатып алу және өткізу бойынша дайындау-өткізу кооперативтерін құру.
      Әлемдік ауыл шаруашылығының даму қарқынына талдау көрсетіп отырғандай, XXI ғасырда ауылшаруашылығы өндірісінің ірілену, жинақталу, мамандану беталысы және өңдеуші кәсіпорындары бар ауылшаруашылығы кәсіпорындарының сатылас ықпалдасуы байқалды. Бұл қарқын сондай-ақ жақын және алыс перспективада Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің ауыл шаруашылықтарын да қамтитын болады.
      Аталған қарқынды ескере отырып, 2020 жылға дейін шаруашылық жүргізудің рентабелділігін және тиімділігін арттыру үшін ауылшаруашылығы кооперативтерінің құрамына келесі кәсіпорындарды енгізе отырып, шаруа қожалықтарын кооперациялау процесін аяқтау қажет:
      1) машина-технологиялық станциялар;
      2) сатып алу-өткізу;
      3) ауыл шаруашылығы өнімін бастапқы өңдеу бойынша;
      4) агрохимиялық және ветеринарлық қызмет көрсету бойынша.
      Сондай-ақ аудандық деңгейде ауылшаруашылығы кооперативтерінен ассоциациялар, яғни шағын кластерлер, ал өңірлер деңгейінде ірі кластерлер құру қажет.
      Қалалар-агломерациялар орталықтары айналасында сүт, ет, көкөністер, жемістер, картоп, тұқымдар мен жидектер өндірісіне мамандандырылған ауылшаруашылығы кәсіпорындарынан азық-түлік белдеулерін құрған жөн.
      Ірі қалалардың маңайына көкөністер, жидектер мен гүлдер өсіру бойынша жылыжай шаруашылықтарын салу.
      Саланы одан әрі жедел дамыту үшін:
      1) ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту;
      2) минералды тыңайтқыштар мен мал және өсімдіктерді қорғау құралдары өндірісін дамыту;
      3) суару жүйелерін қалпына келтіру және дамыту;
      4) топырақтық-климаттық жағдайларға сәйкес егу айналымы жүйесін қалпына келтіру;
      5) фермерлік шаруашылықтарда мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін жаңарту;
      6) ауыл шаруашылығы өндірісінің мамандандырылуын, кооперациялануын және ықпалдасуын тереңдету;
      7) ауылдық құрылыс ұйымдары желісін құру және кеңейту.
      Болжамдық есептер республиканың агроөнеркәсіптік кешенге реформа жүргізе отырып, тамақ өнімдерімен Қазақстан халықының қажеттілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдерінің ірі экспорттаушысы болуға әлеуетін жеткілікті екенін көрсетті.
      Аталған міндеттерді шешу үшін ауыл шаруашылығында:
      1) елдің фитосанитарлық және ветеринарлық салауаттылығын қамтамасыз ету;
      2) ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу бойынша инфрақұрылымды дамыту;
      3) су ресурстарын ықпалдастыра басқару қағидаттарын ескере отырып, су ресурстарын пайдалану;
      4) шаруашылық жүргізу жағдайларын жақсарту және ауыл шаруашылығы өндірісін ірілендіру, дайындау-өткізу құрылымдары желісін құру және кеңейту есебінен тауар өнімдерінің өсуіне түрткі жасау;
      5) өңдеудің және суарудың озық әдістерін енгізу жолымен жердің мелиоративтік жағдайын сақтау және жақсарту қажет.
      Осылайша, кешенді ауыл шаруашылығын механизациялау, химиялау, жерді мелиорациялау, ауыл шаруашылығында еңбекті энергиямен қамтуды арттыру, ауылшаруашылығы өндірісінің мамандандырылуын тереңдету, агроөнеркәсіптік интеграцияны ары қарай дамыту 2030 жылға дейін агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағытына айналады.
      Ауылшаруашылығы саласын ұзақ мерзімдік кезеңде дамытудың басты векторлары:
      1) инновациялық технологияларды қолдану және ұсақ тауарлы өндірістен бәсекеге қабілетті, жоғары механикаландырылған өндіріс құруға мүмкіндік беретін орта және ірі тауарлы өндіріске көшірудің негізінде саланы жаңарту;
      2) шаруашылықтарды мал шаруашылығын, жем өндірісін дамытуға, жарма және май дақылдарын өсіруге, бидайлық бір салалық маманданудан алшақтауға экономикалық ынталандыру жолымен саланы әртараптандыру;
      3) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің сатылас және деңгейлес кооперациясын қолдаудың экономикалық тетіктері жолымен шаруашылықтарды іріленуге ынталандыру болып табылады.

      Табиғатты ұтымды пайдалану және шаруашылық қызметтің негізгі ережелері
      Жер қойнауын пайдалануды мемлекет мүддесіне бағындыру және пайдалы қазбаларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жаңғырмалы емес табиғи ресурстарды басқарудың мемлекеттік жүйесін енгізу қажет.
      Пайдалы қазбалардың шектеулі қорын және көп салалы, тұрақты және бәсекеге қабілетті экономика құру үшін оларды игерудің салыстырмалы қысқа мерзімін ескере отырып, шикізат салаларынан түсетін пайданы Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ететін экономиканың шикізаттық емес салаларын дамытуға пайдалану қажет.
      Табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану мен тұтынудың экономикалық мүдделілігін қамтамасыз ету үшін тиісті нормативтік құқықтық базасы бар ресурсты сақтаудың мемлекеттік саясатын әзірлеу қажет.
      Аумақты дамытудың экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету және ормандардың ресурстық әлеуетін арттыру мақсатында Астана қаласының айналасындағы орман белдеуінің үлгісі бойынша ағаш және бұта өсімдіктерін плантациялық өсірудің мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу қажет.
      Қоршаған ортаны қорғау жүйесін дамыту және табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру мақсатында табиғатты қорғау, соның ішінде шөлге айналуды және жердің деградациясын болдырмау және топырақ құнарлығын қалпына келтіру бойынша іс-шараларын жүзеге асыру қажет.

2. Өндірістік, әлеуметтік, рекреациялық, инженерлік және
көліктік инфрақұрылымды дамытудың схемалары мен жобалары

Өндірістік инфрақұрылымды дамытудың негізгі бағыттары

      Өндірістік инфрақұрылым айналым саласында өндіріс процесін жалғастырады және жаңа бағаны құрады. Ол көлік, байланыс, қойма және таралық шаруашылықты, материалдық-техникалық жабдықтауды, инженерлік құрылыстарды, жылу жолдарын, суқұбырларын, коммуникациялар мен желілерді, газ және мұнай құбырларын, ирригациялық жүйелерді және т.б. қамтиды.
      Өндірістік инфрақұрылым мынадай функцияларды атқарады:материалдық құралдар – табиғи ресурстар, энергия, дайын тауарлар қозғалысын қамтамасыз ету, жұмыс күшінің (еңбек ресурстарының) қозғалысын қамтамасыз ету; өндірістік ақпараттың қозғалысын қамтамасыз ету және т.б.
      Осылайша, өндірістік инфрақұрылым шаруашылық объектілерінің едәуір ұтымды және тиімді қызмет етуіне мүмкіндік бере отырып, қан тасымалдау жүйесінің функциясын орындайды.
      Өндірістік инфрақұрылымды дамытуды жоспарлау кезінде төмендегі жалпы қағидаттар айқындалған:
      1) елдің ұлттық экономикасы жоспарының бірлігі, саланың даму жоспарының көрсеткіштерін оған кіретін бірлестіктер мен кәсіпорындар жоспарларының көрсеткіштерімен келісу, өндірістік қуаттар, еңбек, табиғи, қаржылық ресурстар тарапынан өндіріс жоспарын жан-жақты негіздеу;
      2) жоспарлаудың ғылымилығы – өндірістік инфрақұрылымды жоспарлау және оның элементтерін дамыту дәйекті ақпарат негізінде жүзеге асырылады және ғылыми негізделген әдістермен орындалады. Бас схеманы заманауи жоспарлау кезінде математикалық үлгілер, компьютерлік техника қолданылды;
      3) теңгерімділік – саланы дамытуға бөлінетін өндірістік қуаттарды, жұмыс күшін, отынды, шикізатты, материалдар сияқты өндірістік ресурстар түрлерін ұтымды үйлестіруде, сондай-ақ оларды технологиялық процестер бойынша бөлуде жүзеге асырылатын көліктің, байланыстың, материалдық-техникалық жабдықтаудың жеке қосалқы салалары арасындағы өзара іс-қимыл;
      4) экологиялылық – экологиялық болжамдардың, экологиялық мониторингтің нәтижелерін, мақсатты табиғат қорғау бағдарламаларының ережелерін пайдалану.
      Осылайша, өндірістік инфрақұрылымды жоспарлау кезінде жоғарыда қарастырылған қағидаттарды сақтау инфрақұрылымдық кешенді дамытуда ұтымдылықты қамтамасыз етуге және оны басқаруға ғылыми, кешенді келістің жалпы әдістемелік базасын қалыптастыруға мүмкіндік берді.
      Индустрияландыру арқылы әртараптандыруды жеделдету және инфрақұрылымды дамыту экономикалық модельді өзгертуге және экстенсивтік, шикізаттық даму жолынан индустриалдық-инновациялық дамуға өтуге мүмкіндік береді. Елдің инфрақұрылымдық даму жоспарлары экономиканың үдемелі әртараптануына және елге шетел инвестицияларын тартуға ықпал ететін энергетика, көлік және телекоммуникациялар салаларын жаңғыртуға бағытталған.
      Өндірістік инфрақұрылымды қалыптастыру келесі сатылардан өтеді:
      1-кезең: инфрақұрылымды жинақтау немесе өнеркәсіптік өндірістің инфрақұрылымдық дайындығының басталуы;
      2-кезең: көліктік игеру немесе магистральдық желілер мен инфрақұрылым объектілерін құру;
      3-кезең: инфрақұрылымдық дайындық және негізгі өндірістерді дамыту бойынша іс-шаралар;
      4-кезең: өнеркәсіптік игеру немесе өнеркәсіптік инфрақұрылым объектілерін белсенді дамыту.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың негізгі бағыттары

      Мемлекеттің тұрақты дамуының басты көрсеткіштерінің бірі оның әлеуметтік тұрақтылығы болып табылады. Елдің тұрақты дамуы үшін адамзат ұйымдасуының барлық деңгейінде тең құқықты қоғам құру қажет, халықтың өмір сүруінің кепілді ең төмен деңгейі кез келген азаматтың ажырамас құқығы болуы тиіс. Әлеуметтік инфрақұрылым салаларын дамыту халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, оның әл-ауқаты мен ұзақ өмір сүру деңгейін арттыруға, дені сау және шығармашылық жағынан белсенді ұрпақты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік саясаттың негізгі міндеттерін ескереді. Әлеуметтік инфрақұрылымды тиімді дамыту үшін өңірдің әлеуметтік даму деңгейіне бағалау жүргізу және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қажетті көлемін есептеп шығару керек. Оның барлық құрамдастары басқару мен жоспарлаудың бірыңғай, тұтас процесінің мәні болуы тиіс.
      Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту шеңберінде Бас схеманы жобалаудың аралық (2020 жыл) және есептік (2030 жыл) мерзімдеріне арналған облыстар бөлінісіндегі білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй құрылысы, мәдениет және спорт объектілерінде қажеттіліктердің есебі жүргізілді. Есептер ҚНжЕ 3.01-01-2008* «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу» және мемлекеттік органдардың ұсынымдарына сәйкес салалық, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сай Бас схема мен демографиялық құрылым шеңберінде есептелген әлеуметтік инфрақұрылымның қазіргі жағдайын, халықтың болжамды санын талдаудың негізінде саралау жолымен орындалған (осы Негізгі ережелерге 17-қосымша).

      Білім беру инфрақұрылымы
      Мектепке дейінгі білім беру баланың жеке тұлғасын қалыптастыру үшін дамушы ортаны құратын үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы болып табылады. Қазақстан Республикасының жаңа білім беру саясаты қоғамда білім берудің мәдени жасампаз рөлін қайта жаңартуға және мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарының сапалы қызметтерін алуға бағытталған.
      Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген) (бұдан әрі – Білім беруді дамыту бағдарламасы) мектепке дейінгі білім беруді дамытудың басты мақсаты «Балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әртүрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету» болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – БҒМ) деректері бойынша Қазақстанда 2013 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 8729 мектепке дейінгі білім беру ұйымы қызмет етеді, олардың – 3128-і балабақша (753-і жеке меншік), 5462 шағын орталық (120-сы жеке меншік). 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамту 71,5%-ды, мектепке дейінгі жастағы балалардың мектеп алдындағы даярлықпен қамтылуы 96%-ды құрайды. Бас схема шеңберінде жобалаудың аралық мерзіміне 2020қарай (жыл) мектепке дейінгі ұйымдар санын 480 мың орынға көбейту жоспарлануда, бұл 1060,0 мыңға жуық баланы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуға мүмкіндік береді, бұл ретте балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 100%-ды құрайды. Жобалаудың есептік мерзімінің соңында қарай (2030 жыл) мектепке дейінгі ұйымдардағы орындардың санын тағы 125,0 мың орынға көбейту жоспарланып отыр, бұл 1200,0 мыңға жуық баланы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуға мүмкіндік береді, бұл ретте балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 100%-ды құрайды.
      Үздіксіз білім берудің базалық буыны орта білім беру болып табылады, оның мақсаты алған білімдері арқылы тез өзгеретін әлемге еркін бейімделе алатын тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Білім беруді дамытудың бағдарламасы болып орта білім беруді дамытудың негізгі мақсаты анықталды – «Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту».
      Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіруі үшін білім беру жүйесін жетілдіру маңызды рөл атқарады және әлемдік білім беру кеңістігінде ықпалдастырудың стратегиялық мәселелерінің бірі 12 жылдық білім беру моделіне көшу болып табылады.
      БҒМ деректері бойынша 2012-2013 оқу жылының басындағы жағдай бойынша оқушылардың саны 2536,7 мыңды құрайтын 7698 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеді. БҒМ жүйесінде 7625 мектеп қызмет етеді, оның – 7402 жалпы білім беретін, 106 арнайы түзетуші, 8 девианттық 109 мемлекеттік емес мектептер. Сонымен қатар ведомстволар бойынша: Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру агенттігі – 11, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі – 6, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі – 1, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – 1, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі – 54 мектеп. Мектептермен қамтамасыз етудегі маңызды факторлардың бірі сабақтардың ауысымдылығы болып табылады.Барлығы республика бойынша 92 мектепте үш ауысыммен оқиды, 4145 шағын жиынтықты мектеп жұмыс істейді. Орта білім беру саласындағы стратегиялық мақсаттарды іске асыру үшін мектептердің материалдық-техникалық жағдайын, оқу-әдістемелік базасын жақсарту, апатты мектептерді, үш ауысымдық білім беруді жою және бір ауысымдық білім беруге өту қажет. 12 жылдық білім беруге көшу шеңберінде БҒМ жаңаларын салу және жұмыс істеп қайта құру жолымен бейіндік мектептер енгізуді көздеп отыр.
      Жалпы білім беретін мектептердің саны республика бойынша орташа алғанда Бас схеманы жобалаудың аралық мерзімінде (2020 жыл) 30,2%-ға арттыру жоспарланып отыр, бұл ретте оқушылар контингенті 3830,6 мың оқушыны құрайды. Жобалаудың есептік мерзімінің (2030 жыл) соңына қарай мектептер санын тағы 21,5%-ға арттыру жоспарланып отыр, оқушылар контингенті 4752,4 мың оқушыны құрайды.

      Денсаулық сақтау инфрақұрылымы
      Адами капиталдың сапасы білім берумен қатар денсаулық сақтау жүйесінің деңгейімен, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ететін елдегі дене шынықтыруды дамытудың деңгейімен анықталады.
      Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына (Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген) және Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына (Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен бекітілген) сәйкес 2020 жылға дейінгі кезеңде денсаулық сақтау саласындағы саясаттың негізгі мақсаты ауыл халқы үшін басымдылық бере отырып, тұрғындардың барлық топтары үшін нақты қолжетімді сапалы медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қызметінің алғашқы бағытын күшейтуді, тұрғындардың мақсатты топтары үшін скринингтік бағдарламаларды енгізуді, Ұлттық телемедициналық желіні дамыту мен санитариялық авиацияны күшейтуді қамтитын тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің тиімді жүйесін құру арқылы тұрғындардың денсаулығын нығайту болып табылады.
      2012 жылдың басында амбулаторлық-емханалық ұйымдардың жоспарлық қуатылығы орташа алғанда республика бойынша халықтың 10000 адамына шаққанда бір ауысымда 127,2 келушіні құрады, стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда халықтың 10000 адамына шаққанда 70,6 жататын орынмен қамтылған.
      Бас схемада жобалаудың аралық мерзіміне (2020 жыл) амбулаторлық-емханалық ұйымдардың жоспарлы қуатын 18%-ға арттыру жоспарлануда, бұл ретте ол бір ауысымда 251,5 мың келушіні құрайды, ал амбулаторлық-емханалық ұйымдардың жоспарлық қуаты халықтың 10000 адамына шаққанда бір ауысымда 135,3 келушіні құрайды. Станционарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардын жататын орын қорын 6,5%-ға азайту жоспарлануда, бұл ретте жататын орынмен қамтамасыз етілу халықтың 10000 адамына шаққанда 59,2 жататын орынды құрайды.
      Жобалаудың есепті мерзімінде (2030 жыл) амбулаторлық-емханалық ұйымдардың жоспарлы қуатын 2020 жылмен салыстырғанда 50%-ға арттыру жоспарлануда, бұл ретте ол бір ауысымда 412,7 мың келушіні, ал амбулаторлық-емханалық ұйымдардың жоспарлы қуаттылығы халықтың 10000 адамына шаққанда бір ауысымда 203,0 келушіні құрайды. Станционарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың жататын орын қорын 10%-ға азайту жоспарлануда, бұл ретте жататын орынмен қамтамасыз етілу тұрғындардың 10000 адамына шаққанда 50 жататын орынды құрайды.
      Амбулаторлық-емханалық ұйымдардың санын арттырудың және халыққа станционарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың жататын орын қорын төмендетудің аталған үрдісі денсаулық сақтау жүйесінің құрылымын оңтайландырумен, станционарлық көмек көрсететін ұйымдарда күндіз келіп-кету станционарын (бөлімше, палата) амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар жанындағы күндізгі келіп кету станционарын, дамытумен байланысты.

      Әлеуметтік қамтамасыз ету
      Әлеуметтік қамтамасыз ету әрқашан мемлекет пен қоғам өмірінде басты орындардың біріне ие. Ол тікелей экономиканың дамуына тәуелді және еңбек адамымен халықтың жұмыс істемейтін тобындағы адамдардың саяси және әлеуметтік әл-ауқатымен тығыз байланысты.
      Қазақстанда 2012 жылдың басында қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі 50 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істеді, олардағы орын тапшылығы - 0,5%, психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде 3,8% құрайды.
      Бас схемада жобалаудың есептік мерзімінде жобалық қуаты 50 орыннан аспайтын шағын жасақты интернат үйлерін салу және 10-нан 50-ге дейінгі жататын орынды құрайтын күндізгі келіп-кету бөлімшелері түріндегі әлеуметтік қамтамасыз етудің баламалы нысандарын дамыту көзделген. Дәл осындай әлеуметтік мекемелерді дамытудың тиімділігі қуаттылығы жоғары интернат үйлерінде тұру процесінде тұлғалардың тығыз орналасуының туындауына, көрсетілетін қызмет сапасының және азаматтардың социумдегі әлеуметтік бейімделу деңгейінің төмендеуіне,туыстық отбасылық байланыстардың жойылуының пайда болуына негізделеді.

      Тұрғын үй қоры
      Әлеуметтік инфрақұрылым салаларын дамыту халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, оның әл-ауқаты мен ұзақ өмір сүру деңгейін арттыруға, дені сау, шығармашылық белсенді ұрпақты қалыптастыру мен тудыруға бағытталған әлеуметтік саясаттың негізгі міндеттерін ескереді. Бұл, ең алдымен, тұрғын үй мәселесін шешу, коммуналдық қондыстандыруды жою, халықтың сапалы тұрғын үйге деген артып отырған қажеттіліктерін қанағаттандыру, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың деңгейі мен сапасын арттыру, адамның тіршілік әрекетінде мәдени ортаны құру. Тұрғын үй секторын дамытудың негізгі мақсаты тұрғын үй қорының көлемін арттыру, оның сапалық сипаттамаларын жетілдіру, жаңа құрылыс пен қайта құрудың негізінде қалалық және ауылдық елді мекендердегі тұрғын үйлердің орналасуын оңтайландыру.
      2012 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорының жалпы қоры 283,9 млн. шаршы метрді құрады, оның 59 %-ы қалалық тұрғын үй қорына тиесілі (жалпы ауданы 167,2 млн. шаршы метр). Халықтың тұрғын үймен нормативтік қамтамасыз етілуі орташа есеппен республика бойынша бір адамға шаққанда 17 шаршы метрді құрады. Бұл көрсеткіштің мәні соңғы жылдары тұрақты өсуде, бұл тұрғын үй саласының сәтті дамып келе жатқанын көрсетеді.
      Қазақстанның тұрғын үй қорының болашаққа арналған есебі тұрғын үймен қазіргі қамтылу жағдайы және Бас схема шеңберінде есептелген халықтың болжамды саны ескеріле отырып орындалды. Ел халқының тұрғын үй жағдайын жақсарту және жобалаудың аралық мерзімінің (2020 жыл) соңына қарай тұрғын үймен қамтамасыз етілуінің нақты көрсеткішін арттыру үшін 69,6 млн. шаршы метр тұрғын үйді (24,5 %)іске қосу жоспарланып отыр, бұл ретте қамтамасыз етілу бір адамға шаққанда 19,0 шаршы метрді құрайтын болады. Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оның әл-ауқаты деңгейін арттыру, сондай-ақ халықтың сапалы тұрғын үйге деген артып отырған қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жобалаудың есептік мерзімінің (2030 жыл)соңында 150 млн.шаршы метр тұрғын үй құрылысы жоспарлануда (2020 жылға қарай 42 %), бұл ретте халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету орта есеппен алғанда республика бойынша бір адамға 25 шаршы метрді құрайтын болады (Астана – бір адамға 30 шаршы метр, Алматыда бір адамға 27 шаршы метр).

      Дене шынықтыру және спорт инфрақұрылымы
      Халықты тәрбиелеудің, білім беру мен салауатты өмір салтына шақырудың маңызды элементтерінің бірі дене шынықтыру және спорт болып табылады. Спорттық-сауықтыру қызметі адамның денсаулығын және физикалық дайындығын жақсартады, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуге ықпал етеді, экономикалық белсенді халықтың жұмысқа қабілеттілігі мен еңбек өнімділігін арттырады, белсенді еңбек қызметінің кезеңін ұзартады.
      Елдің спорттық дене шынықтыру қозғалысының негізі қалалар мен ауылдық жерлерде спорт инфрақұрылымын дамыту болып табылады.
      2012 жылдың басына жалпы пайдаланудағы спорт залдары еденінің жабын алаңы халықтың 1000 адамына шаққанда 36%-ды құрады, ал жалпы пайдаланудағы бассейндердегі су бетінің алаңы халықтың 1000 адамына шаққанда нормативтік қажеттіліктің 23% -ын құрады.
      Бас схеманы жобалаудың аралық мерзімінде (2020 жыл) дене шынықтыру және спорт инфрақұрылымын дамытуда жалпы пайдаланудағы спорт залдары еденінің жабын алаңын 39%-ға, ал жалпы пайдаланудағы бассейндергі су бетінің алаңын 45%-ға арттыру жоспарлануда. Бас схеманы жобалаудың есептік мерзімнің соңына қарай (2030 жыл) 100% қамтылуға қол жеткізу үшін қосымша 900 мың шаршы метрге жуық жалпы пайдаланудағы спорт залдарын және 200 мың шаршы метрден аса жалпы пайдаланудағы бассейндердегі су бетінің алаңын іске қосу жоспарлануда.

      Мәдениет инфрақұрылымы
      Мәдениет заманауи адамды қалыптастыру мен дамытуға әсер ететін әлеуметтік жаңарудың маңызды құраушысы болып табылады. 2012 жылдың басында мәдениет және өнер объектілерімен орташа нормативтік қамтамасыз етілу (театрлар, кинотеатрлар, кітапханалар және басқа да объектілер) нормативтік көрсеткіштерден төмен болатын, театрлармен қамтамасыз етілу 16%-ды, кинотеатрлармен қамтамасыз етілу 4%-ды құрады. Жобалаудың аралық мерзімінде (2020 жыл) театрлар санын 27,3 мың орынға, кинотеатрлар санын 139 мың орынға арттыру жоспарлануда. Бас схеманы жобалаудың есептік мерзімінің (2030 жыл) соңына қарай мәдениет және өнер объектілерімен 100% қамтамасыз етілуге қол жеткізу үшін театрлардағы орындар санын 163 мыңға, кинотеатрлардағы орындар санын 712 мың орынға жеткізу жоспарлануда (осы Негізгі ережелерге 17-қосымша).
      Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту халықтың қоныстануының кеңістіктік ұйымдастырылуында және қоғамдық өндірісті орналастыруда, атап айтқанда аумақтық-өндірістік кешендерді қалыптастыруда еңбек ресурстарын тұрақтандыру, еңбек қосымшасы аясын кеңейту, көші-қон процестерін реттеуүшін алғы шарттарды құра отырып, маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік инфрақұрылымның тиімділігі қоғам дамуының көрсеткіштерімен анықталады және адамның тіршілік әрекетінің тиісті жағдайларын құруда көрініс береді.
      Білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй қоры, мәдениет және спорт объектілерімен 100% қамтамасыз етуді қамтитын әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуда Бас схема қалалық немесе ауылдық қоныстарға қатыстылығы бойынша емес, демографиялық көрсеткіштері бойынша елді мекендердің санаттарына сәйкес мемлекет кепілдік берген әлеуметтік қызметтерді енгізуді ұсынады.

Рекреациялық инфрақұрылымды дамытудың негізгі бағыттары

      Жоғары халықаралық бәсекелестік дәуірінде туризм саласында республика аумағындағы табиғи және этномәдени көрікті жерлерді барынша тиімді пайдаланудың негізінде Қазақстанның туристік саласын дамытудың жаңа қағидаттары мен тәсілдерін әзірлеу ерекше маңызды болып отыр (осы Негізгі ережелерге 4-қосымша).
      Республика аумағында рекреациялық инфрақұрылымды дамытуға арналған ресурстық әлеуетті ескере отырып, экологиялық, мәдени-танымдық және емдеу-сауықтыруды қоса туризмнің перспективалық түрлерін қалыптастыру ареалдары айқындалды.
      Стратегиялық бағдарламалық құжаттарда айқындалған мынадай туристік жобаларды 2020 жылға дейін іске асыру көзделуде:
      1) Қапшағай су қоймасы жағалауындағы «Жаңа Іле» халықаралық туристік орталығының құрылысы;
      2) «Кендірлі» халықаралық курорты (туризм және демалыс инфрақұрылымын құру);
      3) «Шучье – Бурабай» курорт аймағындағы туристік орталық;
      4) «Алакөл» көлінің жағалауындағы қонақүй кешені (Шығыс Қазақстан облысы);
      5) «Көксай» тау-шаңғы кешені (Жамбыл облысы);
      6) Қорқыт ата ауылындағы туристік кешен;
      7) Байқоңыр қаласындағы туристік кешен;
      8) Қызылорда облысының Арал ауданындағы Қамбаш көліндегі демалыс аймағы;
      9) «Қасқасу» тау-шаңғы кешені (Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданы);
      10) Түркістан қаласындағы туристік орталықтар - «Ежелгі Түркістан», «Ежелгі Отырар».

Инженерлік инфрақұрылымды дамытудың негізгі бағыттары

      Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін шешілуі тиіс басты міндеттердің бірі – инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру. Қазақстанда оның барлығы кеңес үкіметі кезінде құрылғандықтан, қазіргі кезде инженерлік инфрақұрылымның үлкен бөлігі тозған деуге болады.Бас схеманы әзірлеу шеңберінде елді мекендерді сумен жабдықтау, газдандыру, энергиямен жабдықтау, телекоммуникация және байланыс жүйелерімен қамтамасыз ету және елдің өндірістік инфрақұрылымы мәселелері қарастырылған (осы Негізгі ережелерге 5-717-қосымшалар).

      Сумен қамтамасыз ету
      Қазақстан жер үсті су ресурстарымен жеткілікті көлемде қамтамасыз етілмеген елдер қатарына жатады. Республиканың жер үсті суларының жалпы әлеуетті ресурстары 100,93 текше км.құрайды. Республика ішінде 55,74% жер үсті су ағындары қалыптасады, қалған су көлемі іргелес мемлекеттерден келеді. Су ресурстарының маңызды бөлігі (жалпы санынан 61%) Қазақстанның Ертіс және Балқаш-Алакөл су шаруашылығы бассейндерінде шоғырланған.
      Қазақстан Республикасы бойынша жерасты су ресурстарының болжамды көлемі жалпы жылына 64,28 текше км.құрайды. Жерасты су ресурстарының жалпы пайдалану қоры жылына 15,34 текше км.құрайды. Жерасты суларының негізгі ресурстары (54%) оңтүстік өңірде шоғырланған. Жерасты тұщы су ресурстарының тапшылығы Атырау, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай және Ақмола облыстарында байқалады.
      2013 жылғы жағдай бойынша республикада орталықтандырылған сумен жабдықтаумен 2999 село мен ауыл қамтылды. Ауылдық жерлердегі су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 23,1 мың км құрайды. Жергілікті су көздерінен 2816,96 мың адам (42,9%) сумен қамтылған. Халықтың 4,2% тұратын 412 кентте сумен жабдықтау жағдайы қанағаттанарлықсыз, себебі мұнда шаруашылық-ауыз су қажеттіліктері үшін су басқа жақтан жеткізіледі.
      Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің (ҚР Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті) 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтау қызметімен қалалық халықтың 84%-ы қамтамасыз етілген. Республика бойынша су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 29,9 мың км құрайды, оның ішінде 18 173,7 км – таратушы су құбыры желілері. Су құбыры желілерінің көбі қанағаттанғысыз жағдайда.
      Бас схема шеңберінде Қазақстан үшін алғаш рет Қазақстанның әкімшілік облыстары шекарасында жерүсті және жерасты су ресурстарының есебі жүргізілді. Су шаруашылығы есептерінде іргелес мемлекеттермен (Қытай, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан) транзиттік су ағындарын беру бойынша шарттық міндеттер орындалған жағдайда, 2030 жылы экономика саласының, су тұтынушылардың, экологиялық теңдікті сақтау үшін суға деген талаптарының деңгейі толығымен қамтамасыз етілетіні анықталды. Сондай-ақ Қазақстанның барлық экономикалық салаларында суды дұрыс тұтыну және су үнемдейтін технологияларды енгізу қажеттігі жоғарыда айтылған деңгейге жетуге болады.
      Өңірлерді сумен қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы аумақтарына су тарту үшін:
      1) ауыл шаруашылығы саласында:
      механизацияланған су құю мен микросуару жүйелерін енгізе отырып, суармалы жерлерді қалпына келтіру, суару жүйелерінің тиімді әрекеті коэффициентін арттыру, су ресурстарын үнемдеуді жоғарылату;
      жасанды су көздерін салу есебінен (соның ішінде жаңғырмалы энергия көздерін қолдана отырып), Қазақстанның жайылымдық аумақтарындағы сумен қамтамасыз етуді жақсарту;
      2) өнеркәсіп және коммуналдық шаруашылық саласында:
      өнеркәсіптің су көлемі жоғары салаларында, әрине су тоғаны бар, айналмалы және жабық сумен жабдықтау жүйелерін енгізу. Сондай-ақ су тұтынуды азайту мақсатында тазартудың заманауи жүйелерін қолдана отырып, су құю мен техникалық сумен жабдықтау қажеттіліктері үшін тазартылған ағынды сулардың табиғи су қоймаларына құйылуын қарастыра отырып, ағынды суларды тазарту мәселелерін міндетті шешу;
      2020 жылға дейін қалалық жерде - 100%, ауылдық елді мекендерде - 80%, ал 2030 жылға дейін - 100% халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қолжеткізуін қамтамасыз ету, коммуналдық шаруашылық объектілерін басымды түрде тұрақты сумен жабдықтауды қамтамасыз ету;
      1) мемлекетаралық су қатынастары саласында:
      іргелес елдермен мемлекет аралық қатынастардың негізі ретінде экожүйе мен халықаралық ағыны сулардың теңіздік ортасын сақтау және қорғау айтылатын, Халықаралық ағын суларын пайдаланудың кеме жүзбейтін түрлерінің құқықтары туралы конвенцияны алу ұсынылады.
      Трансшекаралық өзендер бойынша су бөлісу туралы шешім қабылдаудың негізінде әр елдің ортақ су ресурстарын тең құқықта пайдалану және оларды қорғау бойынша өзара жауапкершіліктің іргелі қағидасы болуы тиіс.
      Бұл қағидат су бөлісу бойынша кез келген мемлекетаралық келісімдердің негізі болуы тиіс. Сырдария өзені бойынша Орталық Азия елдерімен Қазақстан орта есеппен 12,0 текше км/жылсу, ал су аз жылдары 10,0 текше км/жылсу алуды қарастыруы тиіс. Қытай Халық Республикасы аумағы жағынан Іле өзені бойынша бізге кем дегенде жылына 11,12 текше км/жыл, ал Қара Ертіс өзені бойынша – 4,5 текше км/жылсу келуі тиіс. Ресей Федерациясымен су бөлісу бойынша республиканың өз аумағында қалыптасатын ағынның жартысын алуға бағытталуымыз қажет;
      2) өзен ағысын реттеу мен су ресурстарын аумақтық қайта бөлу саласында қолдағы су ресурстарын арттыру:
      экономиканың әртүрлі салаларында су тұтыну технологияларын жетілдіру;
      жерасты суларын ауыз су қажеттіліктері, суару және суландыру үшін, өнеркәсіпте және өзге салаларда кеңінен пайдалану, сондай-ақ қайтармалы, ағынды және тұщы суларды пайдалану;
      өзен ағындарын тереңінен реттеу;
      ағындарды бассейнішілік, бассейн аралық үлестіру есебінен көбейту.
      Су ресурстарынан тапшылық көретін өңірлерде су бұруды арттыру мен қосымша реттеуші су сыйымдылығын құру үшін су тораптарын қалпына келтіру және жаңа су қоймаларын салуды жүзеге асыру қарастырылуда.

      Энергиямен қамтамасыз ету
      Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесінің электр станцияларының белгіленген және қолдағы қуаты 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 19 798 МВт және 15 765 МВт болды.
      2030 жылға дейінгі перспективада Қазақстан экономикасын қарқынды дамыту үшін қайта қалпына келтіру және жаңа қуаттылықтарды іске қосу есебінен электр энергиясына жеткілікті қажеттілікті қамтамасыз ету қажет, атап айтқанда:
      1) қолданыстағы электр станцияларын техникалық қайта жарақтандыру және қайта қалпына келтіру;
      2) жаңа генерацияны, соның ішінде Балқаш жылу электр станциясыніске қосуды жүзеге асыру;
      3) атом электр станциясын салу мүмкіндігін қарастыру.
      Шығыс арқылы «Солтүстік-Оңтүстік транзиті» жобасын іске асыру шеңберінде республиканың солтүстік аймағы мен оңтүстік өңірлерінің байланысын күшейту мақсатында жаңа озық технологияларды пайдалана отырып, 500 кВ электр беру желілерінің құрылысы көзделген.
      Бас схемада энерготеңгерілімге жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭС – жел электрстанциясы, кіші ГЭС, күн сәулесінің (КЭС), биомассаны қолданатын энергия көздері және т.б.) кеңінен тарту болжанған.
      Алдын ала жасалғын бағамдарға сүйенсек, Қазақстандағы жаңартылатын энергиялық ресурстардың әлеуеті елдегі электр тұтынуды анағұрлым арттырады. Техникалық іс жүзінде жылына 1337 млрд. кВтс қолдануға болады.
      Жаңғырмалы энергия көздерінен алынатын энергияны орталықтандырылған электрмен жабдықтау желілерінен алыс орналасқан автономды объектілерді электрмен қамтамасыз ету үшін пайдалану, сонымен бірге оны бірыңғай энергетикалық жүйеге сату үшін пайдалану ұсынылады. Бас схеманы әзірлеу шеңберінде әлеуетті жаңартылатын энергия ресурстары бар аймақтар анықталып, оларды кешенді пайдалану мүмкіндігі қарастырылған.
      Энергияның жаңғырмалы көздерінің бір бағыты елдің жел энергиясының ресурстық әлеуетін пайдалана отырып, ірі жел энергия станциялары базасында электр энергиясының өндірісі болып табылады.
      Гелиоэлектрді тұтынудың бірнеше бағыттары ұсынылады. Бірінші бағытқа қолданыстағы электр жүйесіне қосылмаған, алыс орналасқан тұтынушыларды алуға болады. Екіншісіне күн сәулесінің фотоэлектрлік энергиясын өзінің мұқтаждықтары үшін (жылумен жабдықтау, ыстық сумен жабдықтау, жарықтандыру және басқалары), сондай-ақ белгілі бір төлем ақыға желіге электр жеткізу үшін пайдаланатын энергия шоғырландыратын ғимараттарды жатқызуға болады. Гелиоэлектрді қолданудың үшінші бағытында Бас схема ауыз су алу мен тазартуды ұсынады. Төртіншісі – аудандық және өңірлік маңызы бар қолданыстағы электр желілеріне электр энергиясын коммерциялық тарату.
      Перспективада гидрошоғырландырушы электр станцияларын фотоэлектрлік немесе жел станциялары қатарымен бірге салу мәселесі қарастырылатын болады.
      Геотермальды суларды жұмысшы ауылдардың, кәсіпорындардың өндірістік, қосымша және тұрғын жайларын жылыту, ыстық сумен жабдықтау қажеттіліктері үшін пайдалану ұсынылады.
      Қазақстанның жалпы аумағында жануардың немесе өсімдіктердің биомассасынан энергия алу үшін мүмкіндіктер бар. Атап айтқанда, ірі мал өсіру фермалары мен тазарту құрылыстарында биореакторларды орнату ұсынылады.

      Газдандыру
      Каспий теңізінің қайраңында ашылған жаңа кен орындарын ескерсек, қазіргі кезде алынатын табиғи газдың қоры жылына 3,7 трлн.астам текше метрді құрайды. 2012 жылы Қазақстан Республикасының өңірлерінде газ пайдалану 12,1 млрд. текше метрдігазды құрады.
      Қазіргі таңда табиғи газбен 14 облыстың 9 облысы қамтамасыз етілген. Өңірлерді газдандыру, қолда бар газ ресурстарының болуынан басқа магистральдық газ құбырларына бекітілген.
      Халықтың газ пайдалану үлесі жалпы көлемде мардымсыз, халықты әрі қарай тұрақты түрде газбен қамтамасыз ету үшін қолдағы газ ресурстары жеткілікті.
      Келешекте ішкі нарықта газды коммуналдық-тұрмыстық тұтыну мұқтаждықтары үшін, мұнай химия шикізаты ретінде, генерациялық электр станцияларында жанармай ретінде және де инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда пайдалану ұсынылады.
      Республикадағы тұтынушыларды газбен жабдықтау және газдың өзіміздегі ресурстарын жеткізуде энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету бойынша міндетті ішкі магистральдық газ құбырлары желілерін дамыту арқылы шешу ұсынылады. Нәтижесінде республика ішіндегі газдың қайта ағу мүмкіндігіне қол жеткізу үшін газ жүйесінің технологиялық тұтастығы қамтамасыз етілген болуы тиіс. Батыс өңірлерден газ құбырын тарту құрылысының қажеттілігін болдырмау үшін, шығыс өңірлерге Ресей Федерациясынан газ жеткізу мүмкіндігі қарастырылған. Бас схема 2030 жылға қарай еліміздің барлық елді мекендерін газдандыруды көздейді.

      Телекоммуникация және байланыс
      Қазақстандағы телекоммуникация саласының 2012 жылы дамуын мынадай көрсеткіштермен сипаттауға болады:
      тіркелген байланыс абоненттерінің саны 4 361 400, соның ішінде ауылдық жерлерде - 1 193 400;
      байланыстың тіркелген желілері абоненттерінің тығыздығы – 100 тұрғынға шаққанда 26, ауылдық жерлерде 100 тұрғынға шаққанда 15,7;
      ұялы байланыс абоненттерінің саны 30 235 400;
      ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы – 100 тұрғынға шаққанда 180,1;
      Интернет желісіне қолжетімділігі бар абоненттер саны 1 607 200;
      Интернет желісіне қолжетімділігі бар абоненттер тығыздығы – 100 тұрғынға шаққанда 9,6;
      Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділігі бар абоненттер саны 1 571 700;
      Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділігі бар абоненттер тығыздығы – 100 тұрғынға шаққанда 9,4;
      Интернет желісін пайдаланушылар саны - 8 856 900;
      Интернет желісін пайдаланушылар тығыздығы – 100 тұрғынға шаққанда 1,9;
      Телекоммуникация желісін дамытудың негізгі бағыттары:
      1) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту;
      2) жергілікті байланыстың сандық кабельдік желісін ұйымдастыру;
      3) почта саласын дамыту;
      4) сандық телерадиохабар тартуды дамыту;
      5) ауылдық жерлерде телекоммуникация желілерін дамыту.
      Телекоммуникация саласын дамытудағы негізгі міндет Қазақстан Республикасының халқын CDMA/EVDO, FTTH/B, 3G, 4G сияқты заманауи технологиялар бойынша Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік қызметтерімен қамтамасыз ету болып табылады.

Көліктік инфрақұрылымды дамытудың негізгі бағыттары

      Қазақстан Республикасы Орталық Азияның түкпірінде орналасқан, ірі халықаралық коммуникацияларға тікелей шыға алмайды. Қазақстанның Еуропа мен Азия арасында географиялық орналасуы оның Еуразиялық континенттегі елдердің экономикалық және мәдени байланысының стратегиялық көпірі рөлін тарихи түрде белгіледі. Ортасында ұсақ құмды, сусыз және аз халықты даласы бар республиканың солтүстігі мен оңтүстігі бір-бірімен өзара бекем байланысты қамтамасыз ететін дамыған көліктік инфрақұрылымы жоқ болғандықтан, көрші мемлекеттердің шекаралас аумақтарының тартылысы аясына түсіп, әрі қарай бір-бірінен алшақтап кететін түрі бар.
      Мемлекеттің болашағы болу үшін экономикада көрсеткіштердің өзгеруін, еңбек ресурстарын қайта үлестіруді және технологиялық жаңалықтарды енгізетін қабілеті бар өзінің мықты көліктік базасына ғана сүйенетін, жоғары тиімді және жеткілікті тәуелсіз өнеркәсібі бар мемлекет ретінде әлемдік нарыққа шығуды қамтамыз ететін өңірлердің технологиялық және экономикалық байланыстарын үдету үшін теміржол мен автожолдарды дамытуға ерекше назар аудару қажет.
      Қазақстан аумағында 16 теміржол магистралы, 200-дей автожол, оның ішінде 6 халықаралық деңгейдегі автомагистральтоғысады. Қазақстан Республикасында қалыптасқан теміржол тармақтары мен автомобиль жолдарының желісі негізінен кеңестік жылдары қалыптастырылған және республиканың аумағы бойынша біркелкі дамымағандығымен ерекшеленеді. Ауылдық аумақтар мен Батыс және Орталық Қазақстан аумақтары көліктік инфрақұрылыммен өте нашар қамтамасыз етілген. Қазақстандағы пайдаланылатын теміржолдар ұзындығы 14,6 мың км құрайды, тығыздығы 1000 шаршы метрге 5,5 км. Ортақ пайдаланудағы автожолдардың ұзындығы 97,1 мың км-ден астам. Оның 23,5 мың км – республикалық маңызы бар жолдарға. Жалпы алғанда, автожолдардың техникалық күйі экономиканың қарқынды даму талаптарына сай келмейді деуге болады: республикалық маңызы бар жолдардың - 80%, жергілікті жолдардың - 97% тек III-V санаттарға сай келеді.
      Дүниежүзілік тәжірибені талдаудың нәтижесі көрсеткендей, көптеген елдер көлік жүйесін дамыту арқылы өз экономикасының мультипликативті дамуына қолжеткізген. Сондықтан Қазақстанның көліктік жүйесін дамытудың перспективалық бағыттарын әзірлеуге ерекше назар аударылды. Мұндағы басты міндет – елімізде қалыптасқан бытыраңқы көліктік инфрақұрылымды тіршілік тамырларының бірыңғай жүйесіне, қалалар мен елдің түрлі өңірлерінің өнеркәсіптік орталықтарының арасындағы тиімді коммуникациялық байланысын қамтамасыз етуші аумақтың сенімді қаңқалық негізіне айналдыру. Екінші маңызды міндет Қазақстанда қалыптасқан жолдар мен магистральдар желісін Еуразиялық континент елдерімен байланыстыратын маңызды халықаралық көлік жүйесіне айналдырудың ұтымды тәсілдерін іздеу болды. Еліміздің географиялық орналасуында бар әлеуетті мүмкіндіктерді жүзеге асыра отырып, осы міндеттерді шешуде бізге Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту, ХХІ ғасырдың Жібек жолын құру мүмкіндіктері.
      Біршама перспективалы көлік бағыттарының трассаларын анықтау үшін еліміздің әртүрлі өңірлері арасындағы қолданыстағы жүк және жолаушылар тасымалдау ағымы сараланды, ірі кәсіпорындардың технологиялық байланыстары, экспорттық және импорттық тармақтар бақыланды. Қазақстан аумағы арқылы және оны айналып өтетін Еуропа және Азия елдері арасындағы жүк тасымалдау ағымының даму қарқыны зерттелді. Еуразиялық континенттегі елдердің өзара экономикалық байланыстарының дамуы мен елдер арасындағы тауарлардың жүк айналымының болжамы бойынша интернет пен арнайы әдебиеттерде бар ақпараттар қаралды. Бұл Қазақстанның қазіргі кездегі көліктік инфрақұрылымы және оны қайта ұйымдастыру мен дамытудың мүмкін келешектік бағыттары туралы жалпы бейнені алуға мүмкіндік берді.
      Көліктік инфрақұрылымды дамытудың мәселелері Бас схемада тұжырымдамалық деңгейде шешіледі, яғни трасса жүргізгеннен аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына мультипликативтік әсерін алу мүмкіндігін қарастыру ескерілді. Көліктік ведомствоның мүддесі елдің экономикалық даму мүддесіне әрқашан сай келе бермейді. Көп жағдайда аумақтың минералды-шикізаттық және табиғи ресурстарын игеруден, ауыл мен қалаларды мәдени жаңартудан алынған мультипликативті экономикалық әсер жаңа жолдар салу мен жолдарды күтуге жұмсалған шығыстардан анағұрлым артық болады. Сондықтан да трассаны салудың әртүрлі нұсқаларын қарастыруда салынып жатқан бағыттардағы аумақтардың ресурстық (минералды-шикізаттық, аграрлық, туристік-рекреациялық, курорттық-бальнеологиялық) әлеуеті анықталып, зерделеніп, бағаланды.
      Қолданыстағы көліктік тармақтарды қысқаша қоса отырып, жиналған барлық ақпараттың қорытындысын жүйелеу және талдау негізінде батыс өңірлерді шығыспен, солтүстік өңірлерді оңтүстікпен қосатын қысқа байланыстарды қамтамасыз ететін ендік және меридионалдық магистральдарды құрудың әртүрлі нұсқалары пысықталды. Халықаралық транзиттік коридорға шығатын осындай магистральдардың бірқатары Қазақстан аумағы арқылы өтетін халықаралық транзиттік дәліздердің жаңа тармақтарына ұсыныс ретінде қарастырылуы мүмкін.

      Көліктік инфрақұрылымды дамыту бойынша ұсыныстар: (осы Негізгі ережелерге 8-1017-қосымшалар).
      Теміржол инфрақұрылымын дамыту бойынша:
      «Жезқазған – Бейнеу», «Арқалық – Шұбаркөл», «Жетіген – Қазыбек Бек» және «Ералиев – Құрық» темір жол тармақтарының құрылысын аяқтау;
      «Ақтоғай – Мойынты» учаскесінде электрлендіру жүргізу жоспарлануда.
      Автомобильдік көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша Қазақстанның ірі қалалары мен елді мекендерін өзара байланыстыратын заманауи автожол желісі салынатын болады. «Орталық – Оңтүстік» бағыты бойынша, Қарағанды және Балқаш қалалары арқылы өтетін «Астана – Алматы» автожолын қалпына келтіру. «Орталық – Шығыс» бағытын дамыту шеңберінде Павлодар және Семей арқылы өтетін «Астана – Өскемен» автожолын қалпына келтіру. Және «Орталық – Батыс» бағыты бойынша Торғай және Арқалық арқылы өтетін «Астана – Ақтау» автожолының учаскелерін қалпына келтіру және салу.
      Облыс орталықтарында қолданыстағы әуежайларды қалпына келтіру жүргізіледі және Тасымалдау сапасы бойынша Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) халықаралық стандарттары енгізілетін болады, сондай-ақ Кендірлі курорттық аймағында жаңа халықаралық әуежай салынады. Сондай-ақ орталықтан алыс орналасқан өзге көліктік қатынастары жоқ аймақтарға қызмет көрсету үшін жергілікті аэродромдар желісін, ұшып-қону жолақтары мен аэродром алаңдарының жолдарын сала, қалпына келтіре отырып, дамыту және оларды жыл бойы жеңіл әуе кемелері мен тікұшақтарды қабылдау-жіберу мақсатында күтіп ұстау.
      Су көлігі инфрақұрылымын дамыту бойынша. Мұнай газ секторының белсенді дамуы, әсіресе, Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру тиісті көліктік қамтамасыз ету мен порттық базаларды құруды талап етеді. Өз кезегінде бұл теңіз операцияларын қолдау және мұнай өңдейтін компаниялардың жүк ауыстыру-тиеу базасы ретінде қолданылатын Баутино, Сартас және Құрық порттарының теңіз терминалдары мен өндірістік инфрақұрылымын әрі қарай дамытуға әкеледі. Су көлігін дамыту және оны тиімді пайдалану кеме жүзуге жасалған жағдайларға тікелей байланысты.
      Құбыржол көлігін дамыту бойынша. Қолданыстағы магистральдық құбыр желілерінің өткізу қабілеттілігін арттыру үшін инновациялық технологияларды қолдана отырып, олардың диаметрін ауыстыру арқылы кезең-кезеңімен ауыстыру ұсынылады. Республика тұтынушыларын газбен жабдықтау және олардың энергетикалық тәуелсіздіктерін қамтамасыз ету үшін Батыс Қазақстандағы кен орындарынан ішкі магистральдық газ құбырларын дамыту, әрі қарай тұтас газ жүйесін құра отырып, тиісті және өңірлерді қосатын газ құбырларын салу арқылы Қазақстан Республикасының Орталық, Шығыс және Оңтүстік өңірлеріндегі елді мекендерді 100 % газдандыру.

3. Республикалық және өңіраралық маңызы бар ерекше қала
құрылыстық реттеу аумақтары мен объектілерін дамыту схемалары
мен жобалары

      «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-II Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі нысандарына ерекше реттеу мен қала құрылысын жүргізуді регламенттейтін аймақтық нысандар, ерекше реттеу мен қала құрылысын жүргізуді регламенттейтін елді мекендер және ерекше реттеу мен қала құрылысын регламенттеуді талап ететін кейбір жылжымайтын мүлік нысандары жатады (осы Негізгі ережелерге 11-қосымша).
      Ерекше реттелетін аймақтық нысандар мен экологиялық апат аймақтарындағы қала құрылысын регламенттеу бойынша Бас схема жобасын кешенді әзірлеу шеңберінде төмендегілер ұсынылады:
      1) Аралды құтқарудың халықаралық қорының Атқарушы комитеті ұйымдастырған донорлардың үйлестіру конференциясында 2010 жылғы 9 желтоқсанда мақұлданған Арал теңізі бассейнінің 2011-2015 жылдарға арналып қабылданған үшінші бағдарламасы (бұдан әрі – ПБАМ-3) және «Сырдария өзенінің арналарын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (РРССАМ-2) жобасының екінші сатысын жүзеге асыру шеңберінде Арал теңізі бассейнінің аймағында табиғатты қорғау шараларын қолдау. Ең алдымен, бұл Арал теңізі мен Арал теңізі маңының қазақстандық секторында табиғатты пайдаланудың бекем жүйесін жасау және енгізу, экологиялық себеп бойынша халықты мәжбүрлеп көшіруді жою, Кіші Аралды Арал қаласына дейін ұлғайту арқылы оның деңгейін 48 метрге дейін көтеріп, абсолюттік белгіге жету үшін Кіші Арал су қоймасын жасау, суарылатын экожүйені басқару бойынша заманауи технологияларды қолдану, жерді құлдырауға ұшыратудың алдыналатын және қайта жаңғырту бойынша фитомелиоративтік жұмыстарды жүргізу және тұз бен шаңды тасуды азайту.
      2) бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының (СЯСП) аймағында биоремедиация бойынша сауықтыру шараларын жүзеге асыру, полигон аймағында шаруашылық жүргізудің мониторингін іске асыру, полигонның қалпына келтірілген аймағының бөлігін қордағы жердің құрамынан шығару және оны шаруашылыққа пайдалануға беру, қатаң бақылаудағы аймаққа жергілікті тұрғындар мен үй жануарларының өтуіне жол бермеу бойынша іс-шаралар.
      Экологиялық апаттан зардап шеккен аумақтардың экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық ахуалын жетілдіру бойынша барлық жобалар басқа аймақтарға қарағанда басымырақ болуы тиіс.
      Бас схема жобасында ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, су қорғау алаптары мен аймақтары, бірегей және сирек кездесетін ландшафттары бар аймақтар, сонымен қатар тарихи-мәдени мұралары бар аймақтардың мәселелері қарастырылған. Аймақтың әрбір түрі бойынша қала құрылысының әрекеттерін реттейтін ұсыныстар мен сипаттама әзірленді.
      Ірі қалалардың қала маңындағы аймақтарын игеруді реттеуді жергілікті елді мекеннің бекітілген Бас схема жобасына сәйкес болған кезде ғана құрылыс жүргізуге рұқсат беру туралы ережеге қосу есебінен және инженерлік байланыстармен қамтамасыз етілген аймақтарда ғана қатайту ұсынылады.
      Ерекше реттеудегі елді мекендер мен қала құрылысының тәртіп белгілеуі бойынша Бас схема жобасы ұсынады:
      1) астана мен республикалық маңызы бар Алматы қаласында халықтың шектен тыс шоғырлануын, экологиялық ахуалдың шұғыл төмендеуін, көлік мәселелерінің асқынуын болдырмауға бағытталған ерекше ережелер мен нормалар енгізу;
      2) курортты қалалар мен кенттерде қала құрылысын реттеуді бас жоспар мен бөлшектеп жоспарлау жобаларын әзірлеу (түзету) деңгейінде шешу және тұрғылықты елді мекеннің демографиялық әрі cыйымдылық ресурстарын және курорттық мамандандыру көздерін анықтау негізінде, елді мекеннің санаторлық-курорттық нысандарына сертификаттау мен жіктеу жүргізу, олардың инженерлік-көліктік инфрақұрылымдарының жағдайы, санаторлық-курорттық нысандардың әрекеттерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және т.б. ұсынылады;
      3) елді мекендер шегінде тарихи, мәдени құндылықтарға ие олардың бөліктері немесе іргелес аудандары немесе қорғаудағы ландшафттық нысандар, сонымен қатар қорықтар мен ұлттық саябақтарда, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарында күзет аймақтарын орнату;
      4) ерекше (экстремалдық) табиғи-климаттық, геотехникалық немесе гидрогеологиялық жағдайлы аудандарда орналасқан елді мекендерде, сонымен қатар экологиялық және техногендік апат аймақтарында немесе басқа да қолайсыз құбылыстар мен үрдістердің әсеріне душар болған елді мекендерде қала құрылысын ерекше реттеу аймақтарының анықталуымен қала құрылысын салу және басқа да әрекеттер үшін қатаң реттеу мен шектеу енгізу;
      5) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде, сонымен қатар техногенді сипаттағы болжамдалатын төтенше жағдайлар нәтижесінде қауіпті (зиян) ықпалға душар болған елді мекендер мен аймақтардың тұрғындары мен аймақтарды аталған ықпалдан қорғау бойынша кешенді жобалау құжаттарымен қамтамасыз ету;
      6) аймақты су басудан немесе су деңгейінің көтерілуінен инженерлік қорғауды жобалау кезінде оларды тікелей пайдаланудың және табиғи ортаны немесе су басудың, оның деңгейінің көтерілуінің жағымсыз әсерлерін аластату талаптарына сәйкес аймақты су басудан немесе оның деңгейінің көтерілуіне жол бермеуді қамтамасыз ететін кешенді іс-шаралар дайындалуы тиіс;
      7) табиғи қауіпті және техногендік катаклизмдерге душар болған аймақтарда халық санының айтарлықтай өсуіне және ол жерлерде жаңа өндіріс салуға шектеу қойған дұрыс.
      Өңіраралық маңызы бар орташа қала құрылысын жүргізуге болатын аймақтар және шағын қала құрылысын жүргізу реттелінетін аймақтар үшін бұл аймақтар алдағы уақытта оларда жаңа өндіріс нысандарын орнатуда ары қарай игерілетіндіктен дәл сондай реттеу мен шектеулер ұсынылады.

4. Экономикалық мамандану және басымдықпен пайдалану түрлері
бойынша аумақтарды сыныптау

      Қазіргі жағдайы
      Қазақстанның әр өңірі бірегей табиғи-климаттық, минералды-шикізаттық және басқа да ресурстарға ие, сондай-ақ өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын және инженерлік-көліктік инфрақұрылымды дамытудың деңгейі бойынша ажыратылады. Осы факторлардың жиынтығы өңірлердің экономикалық мамандануын анықтайды.
      Ақмола облысы мамандануының негізгі саласы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу болып табылады. Облыстың жалпы өңірлік өнімінің құрылымында өнеркәсіп 17,8%, ауыл шаруашылығы - 21,2% ие. Облыстың жалпы өңірлік өнімінің (бұдан әрі – ЖӨӨ) құрылымында өнеркәсіп уран мен құрамында алтын бар кендерді өндіру, машина жасау, химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп, құрылыс материалдарын өндіреді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің жалпыреспубликалық көлеміндегі өңір үлесі 12,2% құрайды.
      Ақтөбе облысы елдің дамыған индустриялық өңірлеріне жатады. Облыстың ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп 42,0%, ауыл шаруашылығы – 4,2% құрайды. Өнеркәсіптің жалпы өнімінің жалпыреспубликалық көлеміндегі өңірдің үлесі 7,1%. Облыс мамандануының негізгі салалары тау-кен және металлургия өнеркәсібі, машина жасау, химия және азық-түлік өнеркәсібі болып табылады.
      Алматы облысы агроөнеркәсіп кешені басымырақ аграрлық-индустриялық өңір болып табылады. Облыстың ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп 20,2%, ауыл шаруашылығы - 13,9% құрайды. Өнеркәсіптің жалпы өнімінің жалпыреспубликалық көлеміндегі өңірдің үлесі 2,9%, ауыл шаруашылығындағы үлесі – 12,3% ие. Негізгі мамандану салалары: ауыл шаруашылығы, азық-түлік шаруашылығы. Облыс азық-түлік және сусындар шығару бойынша көшбасшы болып табылады.
      Атырау облысы өнеркәсіп өндірісінің көлемі бойынша көшбасшы болып табылады. Облыстың ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп 60,6%, ауыл шаруашылығы 0,7%.Облыстың ЖӨӨ құрылымындағы өнеркәсіп тау-кен өнеркәсібі болып табылады. Өнеркәсіптің жалпы өнімінің жалпыреспубликалық көлеміндегі өңірдің үлесі-24,0%. Облыс мамандануының негізгі салалары: тау-кен өнеркәсібі, мұнай-химия өнеркәсібі және мұнай өңдеу, азық-түлік өнеркәсібі.
      Батыс Қазақстан облысы индустриялық өңір болып табылады. Облыстың ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп 53,1%, ауыл шаруашылығы 3,6% құрайды. Өнеркәсіптің жалпы өнімінің жалпыреспубликалық көлеміндегі өңірдің үлесі-8,1%. Облыс мамандануының негізгі саласы тау-кен өнеркәсібі болып табылады.
      Жамбыл облысының экономикалық мамандануы индустриялық-аграрлық сипатқа ие. Облыстың ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп 18,5%, ауыл шаруашылығы 9,5 % құрайды. Өнеркәсіптің жалпы өнімінің жалпыреспубликалық көлеміндегі өңірдің үлесі - 1,3%. Маманданудың негізгі салалары: химия өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен.
      Қарағанды облысы дәстүрлі түрде елдің аса маңызды индустриялық өңірлерінің бірі болып табылады. Облыстың ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп 49,4%, ауыл шаруашылығы 2,7% құрайды. Өнеркәсіптің жалпы өнімінің жалпыреспубликалық көлеміндегі өңірдің үлесі 13,6%. Маманданудың негізгі салалары: тау-кен өнеркәсібі, қара және түрлі-түсті металлургия, метал өңдеу, машина жасау, химиялық өнеркәсіп, резеңке техникалық өнеркәсіп, құрылыс материалдарын шығару, азық-түлік өнеркәсібі.
      Қостанай облысы елдің индустриялық-аграрлық өңіріне жатады. Облыстың ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп 25,2%, ауыл шаруашылығы 21,2% құрайды. Өнеркәсіптің жалпы өнімінің жалпыреспубликалық көлеміндегі өңірдің үлесі - 3,3%, ауыл шаруашылығында – 17,1%. Маманданудың негізгі салалары: агроөндірістік кешен, тау-кен өнеркәсібі және машина жасау.
      Қызылорда облысы республиканың индустриялық өңірлерінің тобына кіреді. Облыстың ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп 47,7%, ауыл шаруашылығы 2,8% құрайды. Өнеркәсіптің жалпы өнімінің жалпыреспубликалық көлеміндегі өңірдің үлесі- 5,7%.Облыс ас тұзын, кварцты құмды, балық өнімдерін және күріштің жалғыз ірі өндірушісі және өнім берушісі болып табылады.
      Маңғыстау облысы дамыған индустриялық өңірлерге жатады. Облыстың ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп 55,0%, ауыл шаруашылығы 0,2% құрайды. Өнеркәсіптің жалпы өнімінің жалпыреспубликалық көлеміндегі өңірдің үлесі-11,1%. Маманданудың негізгі салалары: тау-кен өнеркәсібі, сауда-тарату және тасымалдау қызметтері.
      Оңтүстік Қазақстан облысы индустриялық-аграрлық өңір болып табылады: ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп - 19,7%, ал ауыл шаруашылығы – 8,6%. құрайды. Өнеркәсіптің жалпы өнімінің жалпыреспубликалық көлеміндегі өңірдің үлесі 3,4%, ауыл шаруашылығында – 9,2%. Облыс мамандануының негізгі салалары: ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, мұнай өңдеу, фармацевтикалық өнеркәсіп, құрылыс материалдарын өндіру, электрлік машина жасау.
      Павлодар облысы республиканың ірі индустриялық өңірі болып табылады. Облыстың ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп - 42,5%, ауыл шаруашылығы 3,9% құрайды. Өнеркәсіптің жалпы өнімінің жалпыреспубликалық көлеміндегі өңірдің үлесі- 7,4%. Облыс мамандануының негізгі салалары: тау-кен өнеркәсібі, электр энергетикасы, мұнай химия және мұнай өңдеу, металлургия өнеркәсібі.
      Солтүстік Қазақстан облысы елдің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі болып табылады. Облыстың ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп - 9,8%, ауыл шаруашылығы 32,4% құрайды. Өнеркәсіптің жалпы өнімінің жалпыреспубликалық көлеміндегі өңірдің үлесі- 15,3%.Маманданудың негізгі салалары: агроөнеркәсіп кешені, машина жасау.
      Шығыс Қазақстан облысы елдің дамыған индустриялық-аграрлық өңірі болып табылады. Облыстың ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп - 29,0%, ауыл шаруашылығы 7,5% құрайды. Өнеркәсіптің жалпы өнімінің жалпыреспубликалық көлеміндегі өңірдің үлесі - 5,4%, ауыл шаруашылығында – 8,7%. Облыс мамандануының негізгі салалары: тау-кен өнеркәсібі, түрлі-түсті металургия, машина жасау, гидроэнергетика, құрылыс материалдарын өндіру, дән, қағаз өнеркәсібі, азық-түлік өнеркәсібі, ет-сүт өндіру.
      Астана экономикасының құрылымында қызмет көрсету секторы (республика бойынша көрсетілген қызметтердің көлемі – 12,0%) маңызды үлескеие. Қаланың ЖӨӨ-дегі қызмет көрсету секторы 28,2% құрайды. Жалпы өнімнің жалпыреспубликалық көлеміндегі Астана қаласының үлесі 8,4% құрайды. Облыс ЖӨӨ-де өнеркәсіп 4,0% құрайды. Қала мамандануының негізгі салалары: жоғары сападағы медициналық қызметтерді ұсыну, білім беру қызметтерін ұсыну.
      Қазіргі кезде Алматы қаласы республикада қызмет секторының үлес салмағы бойынша көшбасшы – 28,2%. Қаланың ЖӨӨ құрылымында қызмет секторы 28,6%. құрайды. Облыс ЖӨӨ-де өнеркәсіп 5,9% құрайды Алматы қаласы мамандануының негізгі салалары: азық-түлік өнеркәсібі, тұрмыстық техника өндірісі, құрылыс материалдарын өндіру және зергерлік өнеркәсіп.
      Мамандануына қарай республиканың өңірлерін мынадай алты топқа жіктеуге болады:
      1) аз қоныстанған аумақтары бар моно шикізаттық мұнай өңірлері (Атырау және Маңғыстау облыстар);
      2) дақылдық бағыттағы аграрлық секторы және халық біркелкі қоныстанбаған мұнай-газға маманданған өңірлер (Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда облысы);
      3) халқы кемуші дақылдық маманданған аграрлық өңірлер (Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысы);
      4) индустриялық-аграрлық (Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары) немесе аграрлық-индустриялық (Қостанай облысы)маманданған көп функционалды өңірлер;
      5) халқы тығыз орналасқан әлсіз урбандалған аграрлық өңірлер (Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары);
      6) салыстырмалы жаңғыртылған экономикасы және дамыған қызмет секторы бар ірі қалалар және оған байланысты агломерациялар (Астана, Алматы).

      Өңірлерді дамытудың негізгі бағыттары
      Өңірлердің экономикалық дамуының 2030 жылғы дейінгі негізгі бағыттарын анықтауда Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында көзделген өнеркәсіп көлемдері мен өндіріс қуатының беталыстары ескерілді.
      1. Ақмола облысы. Агроөнеркәсіп кешен саласындағы облыстың ағымдағы мамандануы күшейтіледі. Есептік 2011-2030 жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша жаңа өндірістерді салу көзделген (осы Негізгі ережелерге 12-қосымша). Дақылдарды терең өңдеу, ет-сүт мал шаруашылығына және туристік қызметке ерекше көңіл бөлінетін болады.
      2. Ақтөбе облысы. 2011-2030 жылдары Ақтөбе облысының өнеркәсіп құрылымы маңызды өзгерістерге ұшырайды, тау-кен өнеркәсібінің үлесі төмендейді, болжамдалатын кезең ішінде өнеркәсіп құрылымындағы өңдеуші өнеркәсібінің үлесі артады. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көліктік транзиттік супердәлізін пайдалануға енгізгенде сауда-логистикалық орталығы ретінде облыстың рөлі артады. 2030 жылға дейін облыс экономикасының дамуына ауылшаруашылығы өндірісінің дамуы ықпал етеді. Болашақта дақыл өндірісі, ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығы дамытылады.
      3. Алматы облысы. 2011-2030 жылдары Алматы облысының өнеркәсіп құрылымы маңызды өзгерістерге ұшырамайды, тау-кен өнеркәсібінің үлесі төмендейді, болжамдалатын кезең ішінде өнеркәсіп құрылымындағы өңдеуші өнеркәсібінің үлесі артады. Облыс бұдан әрі азық-түліктің ірі өндірушілері ретінде жайғасады, сондықтан ирригациялық жүйелерді қалпына келтіре отырып ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді сақтау қажет.Ауыл шаруашылығының перспективасында дақыл өндірісі, ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығы, сондай-ақ өндірісті қарқынды дамыту салалары дамытылады. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көліктік транзиттік дәлізін пайдалануға енгізе отырып сауда-логистикалық орталық ретінде облыстың рөлі күшейеді.
      4. Атырау облысы. Өнеркәсіпті дамытудың басымды бағыттары мұнай өндіру салаларын дамыту болып табылады. Қарқынды даму шығарылатын өнімнің кең спектрімен жоғары сапалы мұнай өнімдері, мұнай-химия өндірісіне ие. Мұнайды табу өсімінің белгіленген жоғары қарқыны, соның ішінде Каспий қайраңында мұнай-газ өндіретін салаларда облыстың мамандануын сақтайды.
      5. Шығыс Қазақстан облысы. 2011-2030 жылдары Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіп құрылымы маңызды өзгерістерге ұшырамайды, тау-кен өнеркәсібінің үлесі төмендеді, болжамдалатын кезең ішінде өнеркәсіп құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесі артады. Облыс машина шығаратын ірі орталық, түсті металлургия орталығы ретінде жайғастырылады. Маманданудың ең маңызды саласының бірі атом энергетикасы үшін компоненттердің өндірісі мен атом саласындағы ғылыми-практикалық зерттеулері болып қалады. Болашақта ауыл шаруашылығында дақыл, өсімдік май өнеркәсібі, ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығы дамытылады.
      6. Жамбыл облысы. 2011-2030 жылдары Жамбыл облысының өнеркәсіп құрылымы маңызды өзгерістерге ұшырайды, тау-кен өнеркәсібінің үлесі аздап төмендейді, болжамдалатын кезең ішінде өнеркәсіп құрылымындағы өңдеуші өнеркәсібінің үлесі төмендейді, ал электр энергияны, газды және суды өндіру мен бөлу үлесі артады. Облыс болашақта фосфорит кен орны әлеуетін пайдалана отырып, ірі химия өнеркәсібінің орталығы болады. Болашақта ауыл шаруашылығында жеміс өнімдерін, дақылдарды, қант қызылшасын өндіру, ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығы дамытылады.
      7. Батыс Қазақстан облысы. 2011-2030 жылдары Батыс Қазақстан облысының өнеркәсіп құрылымы маңызды өзгерістерге ұшырамайды, тау-кен өнеркәсібі, өңдеуші өнеркәсібінің үлесі артады. Болашақта ауыл шаруашылығында дақыл өндірісі, ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығы дамытылады.
      8. Қарағанды облысы. Облыс болашақта Қазақстанның ірі индустриялық өңірінің бірі болып қалады. Дамытудың негізгі басымдылықтары металлургияның шикізат қорының кеңейтілуі, тереңдіктің көтерілуі мен табиғи шикізатты қайта өңдеу кешенділігі, көмір-химия өнімінің өндірісі, машина жасау болып табылады.
      2030 жылға дейін Қарағанды облысы болашақта жеделдетілген қарқынмен дамытылады. Облыстың ағымдағы мамандануы металлургияда, көмір, химия өнеркәсібінде, электр энергиясында күшейтіледі.
      9. Қостанай облысы. Болашақта 2030 жылға дейін облыс экономикасы дамуының басым бағыттары - металл кені мен асбест өндіру, ауыл шаруашылық машина жасау, ауылшаруашылығы өнімін өнеркәсіптік қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы болады. Облыс дақыл өндіру және мал шаруашылығы өнімінің ірі өндірушісі болып қалады. Экономика салаларының дамуы бар өндірісті қуатты ұлғайту және жаңа кәсіпорындар құруға негізделеді.
      10. Қызылорда облысы. 2011-2030 жылдары Қызылорда облысының өнеркәсіп құрылымы маңызды өзгерістерге ұшырамайды, тау-кен өнеркәсібі мен өңдеуші өнеркәсіптің өсу қарқыны сақталады. Облыс болашақта азық-түлік, күріш өндіруші ретінде жайғастырылады. Болашақта ауыл шаруашылығында бақша дақылдары өндірісі, ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығы дамытылады.
      11. Маңғыстау облысы. Болашақта Маңғыстау облысының экономикасын дамытудың негізгі бағыттары өнеркәсіпті, көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды және туристік қызметтерді ұсыну дамытылады. Мұнай-газ өндіру саласы өзінің мағынасын сақтайды, Каспий теңізінің қайраңын игеру бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Ақтау теңіз портының кеңеюімен облыс Қазақстанның ірі сауда-логистикалық орталығының бірі болады.
      12. Павлодар облысы. 2011-2030 жылдары Павлодар облысының өнеркәсіп құрылымы маңызды өзгерістерге ұшырмайды, тау-кен өнеркәсібінің үлесі артады, болжамдалатын кезең ішінде өнеркәсіп құрылымында өңдеуші өнеркәсібінің үлесі төмендейді. Болашақта облыс электр энергиясының ірі өндірушісі, көмір өнімін беруші болып қала береді. Алюминий өндірісі бөлігіндегі салада металлургия кешені ары қарай дамиды. Химия және мұнай-химия өнеркәсібін дамыту жалғастырылуда. Болашақта ауыл шаруашылығында дақылдарды өндіру, ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығы дамытылады.
      13. Солтүстік Қазақстан облысы. Солтүстік Қазақстан облысын дамытудың негізгі басымдылық бағыттары болашақта 2030 жылға дейін бұрынғыдай ауыл шаруашылығы – бидай мен басқа дақылдар және ет-сүт өндіру болады. Өнеркәсіптегі ары қарайғы дамуы машина жасау, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, кварц құмы мен титан-циркон кенін өндіру бойынша жаңа өнеркәсіптік қуаттылық енгізілетін болады. Облыс өнеркәсібінде жетекші орынды ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және машина жасау алады, ол барлық өнеркәсіп өнімдері жартысының үлесін алып жатыр. Болашақта осы салалар өзінің маңызын сақтап қалады.
      14. Оңтүстік Қазақстан облысы. 2011-2030 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп құрылымы маңызды өзгерістерге ұшырамайды, тау-кен өнеркәсібінің үлесі артады, болжамдалатын кезең ішінде өнеркәсіп құрылымындағы өңдеуші өнеркәсібінің үлесі төмендейді. Болашақта ауыл шаруашылығында дақыл өндірісі, ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығы, сондай-ақ мақта, бақша дақылдарын және т.б. өсіру сияқты өндірістің қарқынды даму саласы дамытылады.
      15. Астана қаласы. Болашақта 2030 жылға дейін Астана қаласының экономикасы жоғары қарқынмен дамытылады. Астана қаласы өсімінің шарттасқан факторы - Назарбаев Университеті, «НАТР» АҚ, «Ғылым қоры» АҚ базасында жоғары технологиялар мен инновациялар, ғылыми-жалпы білім беру кластерінің орталығын қалыптастыру, Медициналық холдинг, «жиілік даму аймағы» (Қарағанды-Бурабай), «Астана – жаңа қала» АЭА индустриялды саябақ базасында халықаралық медициналық кластер құру. Ғарыштық қызмет, машина жасау және ағаш өндіру өнеркәсібі, көліктік-телекоммуникация инфрақұрылымы басым дамиды. Астана қаласының индустриялды секторының перспективалық дамуы өнеркәсіп алыбының қызметімен байланысты емес. Бұл жоғары озық, экологиялық таза технологияларды пайдаланатын орташа өңдеуші және жинақтаушы кәсіпорындар болады.
      16. Алматы қаласы. 2030 жылға дейін Алматы қаласының экономикасы жоғары қарқынмен дамиды.
      Өңдеуші өнеркәсіпті (жеңіл, азық-түлік, машина жасау, химиялық, фармацевтикалық, құрылыс) дамытуда, өндірістік салада, инфрақұрылымда, қызмет көрсету мен туристік салада шағын бизнесті дамытуда басым мән болады.
      Халық тұтынатын азық-түлік және тағамдық емес тауарлардың өндірілуіне байланысты өңдеуші өнеркәсіп салаларының үлес салмағы біршама өседі.
      Көліктік-логистикалық және қаржылық қызметтер, халықаралық сауда, туризм, шағын және орта бизнес, жоғары технологиялар, білім беру және медицина саласындағы халықаралық оператор ретіндегі Алматы қаласының позициясы кеңейеді.
      Көтерме-бөлшек сауда, көлік пен байланыс, жылжымайтын мүлік операциялары сияқты нарықтық маманданудың ең жоғары коэффициенттеріне ие болған Алматы қаласының экономикалық мамандануы болашақта өзінің ұстанымдарын сақтайды.

5. Қала құрылысы қызметін жүзеге асыру кезінде оларды
пайдаланудың басымдықтары мен шектеулерін анықтай отырып,
аймаққа бөлу схемалары

Аумақты функционалдық және қала құрылыстық аймаққа бөлу

      Бас схемада қабылданған аумақты ұйымдастыру және функционалдық аймаққа бөлу бойынша шешімдер оны кешенді ұтымды ұйымдастырудың негізгі қағидаттарына сүйенеді:
      1) республикалық және жергілікті деңгейлерде аумақты дамыту процесін қажетті бақылауды және реттеуді белгілей отыра, оларды дамытудың ішкі және сыртқы факторларының, сондай-ақ аумақаралық байланыстарының есебінен қарқынды пайдалану және тиімді ұйымдастыруды бағдарлау;
      2) әртүрлі бағыттағы жер балансы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, ауыл шаруашылық жер сулары және заңнама тәртібінде табиғат, тарих және мәдениет ескерткіштеріне жататын өңірлерді сақтау және қажетті инженерлік-көліктік құрылғыларын құру негізіндегі республика аумағында қоныстандыру жүйесін жетілдіру;
      3) урбандалған аумақтарды (әсіресе қала дамуын) және ашық табиғи кеңістікті (ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және табиғат қорғау мақсатындағы жерлерді) олардың функционалдық пайдалануының тиісті режимге бекітілуімен нақты шектеу;
      4) инженерлік коммуникацияның кеңістіктік бөлуінің ықшамдалуына бағытталған елді мекендердегі бар инженерлік және көлік инфрақұрылымын жаңарту үшін жағдай жасау;
      5) аумақтық резервтің дамуына қоныстандырудың қалалық жүйесін қамтамасыз ету;
      6) қала маңындағы аумақтарды тиімді пайдалануға және қалада тұру ортасын жақсарту мақсатында оларға қалалық функцияның бөлігін аударумен қала аймағында қаланың жасыл аймағын және агломерациясын бөліп беру;
      7) келешектегі оның өсу және даму әлеуеті үшін олардың арасындағы аумақты барынша сақтау кезінде қалалық, ауылдық, рекреациялық қоныс құрылысын салуды ретке келтіру;
      8) қоршаған табиғи ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      9) тарих пен мәдениет ескерткіштерін, құнды ландшафт аймағын, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра болып саналатын тарихи қалыптасқан қоныстар жүйесін сақтау, қалпына келтіру және жаңғырту;
      10) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;
      11) аумақтық ресурстарды ұтымды пайдалану кезінде қалалық және ауылдық қоныстандыру жүйесінің тірек орталықтарын дамыту;
      12) ауылдық қоныстандыру жүйесін сақтау және қайта құру, оның инфрақұрылымын жайластыру;
      13) ауыл шаруашылығын жүргізу үшін біршама қолайлы ұйымдастырушылық-аумақтық жағдайды қамтамасыз ету;
      14) халықтың демалыс орындарында, емделуде және туризмдегі қажеттіліктерін ескере отырып, рекреациялық аумақтарды сақтау және жайластыру;
      15) әртүрлі дәрежедегі қалаларды және ауылдық жерлерді қоса отырып, барлық елді мекендердің қажеттіліктеріне сәйкес өндірістік желілерді, инженерлік инфрақұрылымды ұйымдастыру.
      «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 605 (3.01-02-2008 Қазақстан Республикасы құрылысындағы басшылық құжат) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу бойынша ұсынымдарға сәйкес ел аумағы 4 негізгі функционалды аймаққа бөлінген:
      1) қарқынды шаруашылық және қала құрылыстық игеру және табиғи ортаның барынша рұқсат берілген жасанды өзгертілген аймағы;
      2) қоршаған табиғи ортаны қарқынды игеру аймағы;
      3) шектеу қойылған шаруашылық игеру және барынша сақталынатын табиғи орта аймағы;
      4) шаруашылық қызметінің ерекше реттелген аймағы.
      Белгілі функционалдық аймаққа сол немесе өзге де нақты аумақты жатқызу үшін басты критерийі болып аумақты заманауи пайдалануды талдау және Қазақстан аумағының перспективті жоспарлы құрылымы болып табылады. Жоғарыда аталған әр аймақтардың құрамында тиісті кіші аймақтар бөлінеді.

      Қарқынды шаруашылық және қала құрылыстық игеру және табиғи ортаның барынша рұқсат берілген жасанды өзгертілген аймағы
      Қарқынды шаруашылық игеру және урбандалған аймақтарға келесі агломерациялар мен қалалар аумақтарының басымды урбандалған аймақтары жатқызылған:
      1) Батыс: Орал, Ақсай;
      2) Атырау: Атырау, Мақат, Махамбет, Құлсары;
      3) Ақтау: Ақтау агломерациясы, Форт-Шевченко, Жаңаөзен, Шетпе, Бейнеу.
      4) Петропавл: Петропавл, Мамлютка, Бешкөл, Смирново.
      5) Астаналық: Астана агломерациясы, Қарағанды, Көкшетау.
      6) Ақтөбе: Ақтөбе агломерациясы, Хромтау, Қандағаш, Алға.
      7) Тобыл: Қостанай, Лисаковск, Рудный, Жітіқара.
      8) Павлодар-Екібастұз: Павлодар, Екібастұз, Ақсу.
      9) Шығыс: Өскемен, Семей, Риддер, Зырян.
      10) Жетісу: Алматы агломерациясы, Ұзынағаш, Қапшағай, Талғар, Есік, Шелек.
      11) Оңтүстік: Шымкент агломерациясы, Түркістан, Тараз, Жетісай.
      Шаршы метрге халықтың шоғырлануы 50-ден аса адам болатын урбандалған аймақтардағы қалалардың өсу процесі шапшаң қарқынмен және экологиялық, көліктік және әлеуметтік мәселелердің асқынуымен қоса жүреді, бұл Шымкент және Алматы агломерацияларында ерекше көрінеді.
      Қарқынды шаруашылық және қала құрылысық игеру аумақтары дамуының процесін жетілдірудің негізгі ұстанымы қала құрылыстық реттеу шараларын әзірлеу және серіктес қалаларды дамыту есебінен ірі қалаларды дамыту болып табылады. Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жаңа өнеркәсіптік құрылысты тоқтату, жұмыс істеп тұрған өндіріс бөліктерін қала шекарасының сыртына шығару, сондай-ақ қоршаған ортаны сауықтыру бойынша іс-шараларды өткізу ұсынылады.
      Қала құрылыстық құндылықтары жоғары кіші аймақтар негізінде елдің кеңістіктік дамуының бас жоспарлық өсі – көліктік автомобильдік және темір жолдық магистральдар бойында шоғырланады. Осындай аймақтардың ең көп саны Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақтөбе облыстарында орналасқан. Бұл аймақтар өнеркәсіптік және азаматтық құрылыстың, көлік және коммуналдық шаруашылықтың жобаланатын объектілерін орналастыру үшін қажет. Мұнда көрсетілген объектілер үшін аумақтарды ұзақ болашаққа резервтеу қажет. Оларда сондай-ақ жылыжай-көшетхана шаруашылығын дамыту ұсынылады. Жоспарланған осьтер қалыптасқан халықаралық және республикалық маңызы бар көліктік дәліздер және олардың бойында орналасқан елді мекендер негізінде қалыптасады.
      Өзінің құрамында теміржолдар мен автомагистральдары бар көліктік дәліздер өңірлік және жергілікті қоныстандыру жүйелерінің негізгі өстерімен, олардың көліктік қаңқасының базалық элементтерімен анықталған. Көліктік қолжетімділік өңірдің экономикалық қуатының базалық индикаторы және оның әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті болып табылады. Бірнеше орталықтарды байланыстыратын көліктік дәліздер ең жоғары қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
      Қоныстандырудың көліктік қаңқасының жаңа элементтерінің пайда болуы немесе базалық элементтерін толықтыру кезінде әлеуметтік және экономикалық белсенділік өзгереді. Бұл ретте қоныстандыру жүйесіне автомагистральдар үлкен әсер күшіне ие, ал теміржолдар айналасында көліктің және қоныстандырудың рационалдық құрылымы қалыптасатын теміржол станциялары мен тораптарының функционалдық толуын туындататын «нүктелік» әсер етеді. Сондықтан максималды көліктік қолжетімділіктің және халықтың максималдық тығыздығының кеңістіктік комбинациясы – өңірлік дамудың бірден бір заңнамалығы.
      25 километрлік аймақтың (қоныстандыру үшін салыстырмалы түрде қолайлы аумақтар) шекарасындағы негізгі көліктік дәліздер бойынша қоныстандыру «дәліздер» анықталған және халық тығыздығы бойынша (шаршы км-ге/адам) ранжирлеу жүргізілген. Халық өте тығыз орналасқан аумақтар (шаршы км-ге 50 адамнан жоғары) Оңтүстік Қазақстан облысы «дәліздерінде» жинақталған. Халықтың тығыздығы шаршы км-ге 10-нан аса адам Алматы – Шымкент – Қызылорда, Қарағанды – Астана – Петропавл. Павлодар – Екібастұз – Астана – Есіл, Петропавл – Қостанай негізгі көліктік дәліздер бойында жинақталған.
      Осындай аймақтардың ең көбі халықтың жоғары тығыздығымен Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақтөбе облыстарында орналасқан.
      Есептік мерзімге 25 километрлік аймақтың шекарасында және негізгі су артериясының бойында перспективалық көліктік магистральдар бойынша «қоныстандыру дәліздері» анықталған.
      Қарқынды шаруашылық және қала құрылыстық игеру аймағын дамытудың мынадай негізгі басымдықтары анықталған:
      1) тұрғын үй нарығы, сауда және басқа сервистік салаларға ынталандыру жолымен облыстық қалалардың орталық функцияларын дамыту;
      2) қалалық ортаны жаңартуды жеделдету;
      3) өнеркәсіптік және сервистік функциялардың тіркесімділігі арқасында ірі қалаларды дамыту;
      4) өмір сүру үшін қолайлылығы төмен аумақтардан халықты тығыздау орналасқан аудандар мен қалаларға біртіндеп тарту;
      5) кәсіби білім беруді дамыту;
      6) ең тиімді және кірістік өзін-өзі жұмыспен қамтуды өндіріс, шағын кәсіпкерлік саласында кооперацияны дамыту жолымен ынталандыру;
      7) едәуір арзан және саны көп жұмыс күшінің арқасында көп еңбекті салалар үшін бәсекелес артықшылықтарды қалыптастыру;
      8) агломерациялар аумақтарын инфрақұрылымдық дамыту.
      Қала құрылысы қызметін жүзеге асыру үшін аумақтарды пайдалануға шектеулер мынадай аймақтарда белгіленеді:
      1) Жайық (Орал), Ертіс, Есіл, Тобыл және басқа өзендердің су қоймаларының және жағалау қорғау жолақтары бар ішкі теңіздердің су қорғау аймақтарында;
      2) сумен қамту көздерінің санитариялық қорғау аймақтарында;
      3) ұшақтар мен тікұшақтардан шуыл аймақтарында;
      4) қалпына келтіріліп жатқан өндірістік-коммуналдық кәсіпорындардың күзет аймақтарында;
      5) табиғат, тарих, сәулет, археология ескерткіштері шоғырланған аумақтарда;
      6) тасқын су, су басу және сел жүруден нұқсан келтірілген аумақтарда.
      Мұнай-, мұнай өнімдері-, газқұбыры орналасқан санитариялық-қорғаныс аймақтары аумақтарын қалыптастыру инженерлік-көліктік инфрақұрылымның кіші аймақтарын қалыптастырудың негізгі дәйегі болып табылады.
      Қарқынды шаруашылық игеру аймағында жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік өндірістерді және қалалық қоныстарды дамытуды, сондай-ақ перспективалық күрделі құрылыс үшін резервтік алаңдарды орналастыруды қарастыру қажет. Мұнда маңызды көліктік және коммуналдық-қойма жайларын, қарқынды қала маңындағы ауылшаруашылығы объектілерін орналастыру мақсатқа сай. Бір уақытта осы аймақ шегінде кең жасылдандырылған кеңістіктердің жеткілікті санын енгізу қажет, олар қалалық және қала сыртындағы саябақтар, санитариялық-қорғау және күзет аймақтары ретінде пайдаланылуы мүмкін.

      Қоршаған табиғи ортаны экстенсивтік игеру аймақтары
      Қоршаған табиғи ортаны экстенсивтік игеру аймақтары ауыл шаруашылығын басым дамыту және қарқынды ауыл шаруашылық қызметі бар кіші аймақтарды қамтиды.
      Қоршаған табиғи ортаны экстенсивтік игеру аумақты игеру көлемін арттыруды білдіреді.
      Ауыл шаруашылығын қарқынды жүргізу ғылым жетістіктері мен озық тәжірибені өндіріске кеңінен енгізуді алға тартады.
      Қоршаған ортаны экстенсивтік игеру аймақтарында сол аймақ тұрпатындағы халық шаруашылығын жетекші салаларын (ауыл шаруашылығы өндірісін, пайдалы қазбалар өндіру және т.б.) дамыту үшін оңтайлы жағдайлармен қамтамасыз ететін аймақты пайдалану тәртібі белгіленуі тиіс.
      Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын аймақтардың құрамына ауыл шаруашылығы жерлері, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған, саяжайлық шаруашылық, бақшалық, жеке қосалқы шаруашылық объектілері бар аймақтар жатуы мүмкін.
      Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын аумақтарда қоршаған ортаға зиянды әсер ететін өндірістік ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған объектілерді орналастыруға жол берілмейді.
      Осы аймақтарды дамыту саясатының басымдықтары:
      1) агросекторды, әсіресе астық бағытын қолдау жүйесін қалыптастыру, жер қатынастарын реттеу;
      2) ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өткізу кооперацияларын, техника лизингін ынталандыру, аграрлық нарық инфрақұрылымын дамытуды, өнімдерді сақтау мен тасымалдауды мемлекеттік қолдау;
      3) аграрлық секторға инвестицияны ынталандыру, астық өнімдерін өндірушілердің әлемдік нарыққа шығуына ықпал ету, ауылдардың әлеуметтік инфрақұрылымын мемлекеттік қолдау болып табылады.
      Қарқынды ауылшаруашылық қызметінің кіші аймақтары Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының солтүстік аудандары және Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстік аудандарының аумақтарын қамтиды.
      Осы кіші аймақтарда кәсіби салаларды дамытуға байланысты емес мақсаттағы ауылшаруашылығы жерлерінің барлық түрлерін алуды шектеу ұсынылады. Мұнда шаруашылықтың негізгі салаларын дамытудың жағдайларына теріс әсер ететін барлық өндірістік қызмет түрлері (атмосфераны ластау, тасқындар, эрозия және жердің тұздалуы) максималды шектеледі. Пайдалану кестесі жер жамылғысын бұзуға, жерасты суларын ластауға жол бермейді. Мелиорациялау немесе жерді суару бойынша іс-шаралар көзделеді.
      Мақсатты пайдаланудың әлеуетін анықтау мақсатында ауылшаруашылығы аумақтарын егжей-тегжейлі функционалдық аймақтарға бөлу үшін Бас схемада:
      1) суармалы жерлер, оның ішінде лимандық суармалы жерлер;
      2) жайылымдар мен шөп шалғындары, егістіктер, көп жылдық шөптер, жатқан және қор жерлер орналасқан аумақтар тараған аудандар зерттеліп, бөлініп көрсетілген.
      Жер бонтитетінің жоғары баллды –егістік орналасқан аумақтар Қостанай (5,9 млн.га), Ақмола (5,3 млн.га) және Солтүстік Қазақстан (4,9 млн.га) облыстарындағы дақылдық аудандарда тараған.
      Жайылымдық жерлердің үлкен аудандары Қарағанды (9,7 млн.га), Шығыс Қазақстан (8,2 млн.га), Маңғыстау (6,8 млн.га), Ақтөбе (6,8 млн.га) және Алматы (6,8 млн.га) облыстарының шөл және шөлейт аймақтарында жинақталған.
      Жатып қалған жерлер Батыс Қазақстан (580,7 мың га), Ақмола (583,0 мың га), Ақмола (583 мың га), Павлодар (486,6 мың теңге, Қарағанды (239,6 мың га) және Ақтөбе (325,1 мың га) облыстарында таралған.
      Шамамен 50% шөп шалғындары үш: Шығыс Қазақстан (448,2 мың. га), Батыс Қазақстан (312 мың. га) және Алматы (220,9 мың. га) облыстарында тіркелген.
      2012 жылғы 1 қарашада республикада 89,7 га бақтар, 13,9 жүзім бақтарымен және 23,6 басқа көшеттер орналасқан.
      Суармалы жердің ең ірі аудандары Алматы (572,2 мың. га), Оңтүстік Қазақстан (527,2 мың. га), Жамбыл (229,6 мың. га), Қызылорда (226,8 мың. га) және Шығыс Қазақстан (205,5 мың. га) облыстарында жинақталған.
      Республикада 848,5 мың га құрайтын жайылмалық суармалы жерлер негізінде шөп шабу жерлері (714 мың га) және жайылым (129,8 мың га) ретінде пайдаланылады.
      Жайылмалық суармалы жерді пайдаланудың тиімділігі өте төмен.
      Қарапайым дамбылар мен валдар суды реттеуші және жинақтаушы жайларсыз қажетті әсер бермейді. Жайылмалық суарудың негізгі аудандары Жайық (Орал), Ертіс, Сарысу, Нұра, Торғай, Есіл және Талас өзендері бассейндерінде жинақталған.
      Қазақстан оңтүстігінің суармалы жыртылатын жерлерінде, күріш, мақта, көкөністер өсірілетін аудандарда негізінен жердің жоғары қабатының тұздалуына байланысты жердің құлдырауы байқалады.
      Бас схемамен осы аудандарда 2020 жылға 100% шығуымен көкөніс өсіру кезінде су сақтау технологиясын қолдану, сондай-ақ 2030 жылға 325 мың га көлемде және қосымша 325 мың га егіс жерін химиялық және биологиялық мелиорациялау ұсынылады.

      Шектеулі шаруашылықтық игеру және табиғи ортасы барынша сақталған аймақтар
      Шектеулі шаруашылықтық игеру және табиғи ортаның барынша сақталған аймақтары мына кіші аймақтар енгізілген:
      1) ұзақ демалу, саноторийлік-курорттық қызмет ареалын қамтитын, негізінен рекреациялық мақсатта пайдаланылатын аумақтар;
      2) қорықтар, қаумалдар, табиғат ескерткіштерінің аумақтары енген ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
      3) тарихи ескерткіштер мен жайлар орналасқан аумақтар;
      4) саябақ аймақтары.
      Тау және орман массивтерінде орналасқан табиғи ландшафттар мен орман массивтері, көлдері мен өзендері бар аумақтар рекреациялық пайдалануға басымды (Шығыс Қазақстан, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары) рекреациялық демалыс, туризм, курорттық-бальнеологиялық мекемелерді дамыту функциялары бар аймақтарға әртүрлі қала сыртындағы демалыс және туризм дамыту үшін жатқызу ұсынылады. Мұнда орман отырғызу және орманды қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру, табиғат және мәденет ескерткіштерін қорғауды жүргізу ұсынылады. Қалалық құрылысты және орманды өнеркәсіптік кесуді шектеу, мал шаруашылығының жеке салаларын дамытуға және мелиоративтік жұмыс жүргізуге жол берілмейді, олар экологиялық теңдікті және табиғи ландшафтың эстетикалық бейнесін бұзуы мүмкін.
      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аймақтары. Қазіргі уақытта ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы ауданы 23 101,5 мың га (ел ауданының 8,5%) құрайды. Заңды тұлғалар мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар республика ауданының 5 806,4 мың га немесе республика ауданының 2,1% алады.
      Бас схемада:2020 жылға ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (бұдан әрі –ЕҚТА) аумағын республика (29,1 млн.га) ауданының 10,7% дейін жеткізу, 2030 жылға ЕҚТА аумағын республика (41,6 млн.га) ауданының 15,3% дейін жеткізу қарастырылады.
      Орман қоры жерлерінің аумағын аймақтарға бөлу. Орман қоры жерлерінің құрамына орманмен жабылған, сондай-ақ орманмен жабылмаған бірақ орман шаруашылығы қажеттілігі үшін ұсынылған учаскелер енгізілген. ҚР Статистика агенттігінің (ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті деректерінің негізінде) деректері бойынша 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша орман қорының жалпы ауданы 28,8 млн.га құрады. Жер реформасы жылдарында орман қоры жерілерінің ауданы, негізінен, бұрын ауылшаруашылығы кәсіпорындарының жерді уақытша пайдалануында болған жерлер құрамына берілуіне байланысты екі еседен артық өсті.
      Орман қорының жерлері құрылымындағы орман аудандары және ағаш-бұтақтық көшеттер 43,2 % (12,4 млн. га) алады.
      СА деректері бойынша (01.01.2012 жыл) біршама ормандылығымен Жамбыл (15,4%), Қызылорда (13,7 %) және Оңтүстік Қазақстан (13,7 %) облыстары ерекшеленеді.
      Табиғи-экологиялық қаңқа аймақтары. Қазақстан Республикасы аумағының қалыптастырылатын экологиялық қаңқасының құрылымы келесі элементтерден тұрады: басты табиғи аумақтар; буферлік аймақтар; транзиттік аумақтар; экологиялық жаңарту учаскелері.
      Басты табиғи аумақтарға жеке табиғи қорғау құндылығы бар ең маңызды табиғи аумақтардың учаскелері жатқызылған. Экологиялық тепе-теңдікті қолдауда анықтайтын рөлді ойнайтын басты аумақтар экологиялық қаңқаның ядросы немесе түйіні ретінде бөлініп көрсетіледі. Басты аумақтар арасындағы байланыспен қамтамасыз етілетін учаскелер «транзиттік аумақтар» немесе «транзиттік экологиялық дәліздер» болып табылады.

      Туристік-рекреациялық аумақтарды аймаққа бөлу:
      Туристік назар нысандары, тарихи-мәдени және табиғи мұра нысандарының жүйесі кіретін жер қалыптасқан кеңістіктік орналасуының қоршаған табиғи және мәдени-әлеуметтік ортамен үзілмейтін байланыста болады.
      Туристік-рекреациялық қаңқаны кеңістіктік-жоспарлық және функционалдық ұйымдастыру ішкі біртекті емес Қазақстан аумағының тарихи-мәдени, табиғи және рекреациялық әлеуетіне, қалыптасқан туристік ағындар мен олардың даму болашағына байланысты.
      Рекреациялық инфрақұрылымды дамытудың перспективалы аймақтары ретінде мына кешенді курорттық-рекреациялық өңірлер анықталған:
      1) солтүстік(Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары ареалдарындағы аумақтар);
      2) Батыс (Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары ареалындағы аумақтар);
      3) Шығыс (Шығыс Қазақстан облысы ареалындағы аумақтар);
      4) Оңтүстік (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстары ареалындағы аумақтар);
      5) Оңтүстік шығыс (Алматы облысы ареалындағы аумақтар).
      Былайша аймаққа бөлу Қазақстан Республикасының аралық аудандары мен облыстары шегінде өзара байланысты курорттық және рекреациялық аумақтар құруға мүмкіндік береді.

      Шаруашылық қызметтің ерекше регламенттері бар аймақтар
      Бұл санатқа енгізілгендер:
      1) мәдени мұра нысандарын (тарих және мәдениет ескерткіштерін) қорғау аймақтары;
      2) тұрақты радиометриялық бақылау қажетті радиоактивті ластануы мүмкін аумақтар;
      3) ірі өнеркәсіптік және ауылшаруашылығы кәсіпорындарын санитариялық зиян аймақтар;
      4) бақтар, саздар, пайдалы кен орындары;
      5) бұзылған геологиялық ортасы бар аумақтар;
      6) апатты қауіпті объектілер – магистальды газ- және/немесе мұнай құбырлары өтетін аумақтар;
      7) су қорғау аймақтары.

      Тарихи-мәдени мұра объектілері бар аймақтар мен аумақтар
      Қазіргі уақытта Қазақстанда 25 мыңнан аса жылжымайтын тарихи, археологиялық және монументтік өнер ескерткіштері, 9 тарихи-мәдени қорық-мұражай саналады. Тарихи және этнографиялық саладағы мемлекеттік мұражайлардың тармақталған желісі құрылған.
      «Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес тарихи және мәдени ескерткіштерді есепке алу және оларды қорғауды тиімді ұйымдастыру мақсатында ескерткіштер келесі санаттарға бөлінеді:
      1) ЮНЕСКО мәдени және табиғи мұрасының Бүкіләлемдік тізіміне енгізілген, тарихи, ғылыми, сәулеттік, көркемдік және мемориалдық құндылығы, халықаралық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері;
      2) еліміздің тарихы мен мәдениеті үшін ерекше мәні бар тарихи, ғылыми, сәулеттік, көркемдік және мемориалдық құндылығы, республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері;
      3) облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) тарихы мен мәдениеті үшін ерекше мәні бар тарихи, ғылыми, сәулеттік, көркемдік және мемориалдық құндылығы, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері.

      Жоғары радиациялық қаупі бар аймақтар мен аумақтар
      Радиациялық қауіпті аймақтар 857 мың шаршы км, яғни республиканың 31,5 % алып жатыр. Бірінші және екінші рангтегі радиациялық қауіпті аймақтар Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында көрініс тапқан, бұл облыс ауданында Солтүстік Қазақстан урандық кен провинциясының орналасуына байланысты, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында, урандық және торилық минералдану көрініс тапқан.
      1949 және 1989 жылдар аралығында өткізілген ядролық жарылыстармен негізделетін техногендік радиациялық қысым түсетін жоғары табиғи радиациялық фонмен сипатталатын бұрынғы Семей сынақ полигонының аумағы ерекше мәртебеге ие. Радиациялық қауіпті аймақтарды бөліп көрсету шаруашылық және қала құрылысы қызметін сезіне отырып жүргізуге мүмкіндік береді. Бөлінген аймақтардың алаңдарында кезкелген өндірістік қызметті жүргізу осы тәуекелдердің деңгейін арттырады.

      Ерекше мақсаттағы объектілерді орналастыру бойынша аумақтарды аймаққа бөлу
      Ғарыш кешенінің аумағы. «Байқоңыр» ғарыш айлағы Қазақстан аумағындағы Қызылорда облысында орналасқан әлемдегі бірінші және ең ірі ғарыш айлағы болып табылады.
      Бас схемада «Байқоңыр» ғарыш кешенінің жері және оған жапсарлас жатқан аумақтар пайдаланылуы шектеулі жерлерге жатқызылған. Бұл аумақтар қазіргі кезде пайдаланылған зымыран отыны қалдықтарымен, бөлшек қалдықтарымен ластанған және ғарыш кемелерінің басты ұшу траекториясы аймағында тұр.
      Каспий маңы, Маңғыстау, Бозащы үстірті, Арал, Шу-Сарысу және Оңтүстік Торғай мұнай газ сорғыш бассейндерінің мұнай-газ сорғыш аумақтары. Бұл аумақтарда мұнай және газ өндіру және тасымалдау жөніндегі кәсіпорындар орналастырылуы мүмкін. Жаңа тұрақты қоныстарды орналастыру өндіру мерзімінің шектеулілігіне, қолайсыз климаттық және экологиялық жағдайларға байланысты тиімсіз. Бұл аймақтарда вахталық кенттерді орналастыру ұсынылады.

      Су қорғау аймақтары мен жолақтарының аумақтары.
      Су объектісінің ластануының, бітелуінің, лайлануының және оның суларының сарқылуының алдын алу, сондай-ақ су биологиялық ресурстары мен басқа да жануарлар және өсімдік әлемі объектілерінің мекендеу ортасын сақтау мақсатында су объектілеріне және су шаруашылығы құрылыстарына жанасатын аумақтарда шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асырудың арнайы тәртібі белгіленеді.
      Осылайша, әрбір функционалдық аймақта жобалық ұсыныстарды әзірлеу және іске асыру кезінде қатаң сақталуы тиіс аумақты пайдаланудың ерекше өзіндік режимі белгіленген болуы тиіс (Осы Негізгі ережелерге 13-қосымша).

      Қазақстан Республикасы жер қорының жер санаттары бойынша қарқыны және 2030 жылға дейінгі жер теңгерімінің болжамды өзгеруі
      Жер теңгерімінің 2012 жылғы 1 қарашадағы деректері бойынша Қазақстан Республикасының жер-ресурстық әлеуеті 272,5 млн. га. құрайды.
      Ауыл шаруашылығы мақсатында жерлердің елеулі аумағы (100 млн. га астамы), оның ішінде реформаланған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бөлінбеген жерлері, сондай-ақ өнеркәсіптік жердің қолданылмаған аумақтары және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес қолданылмаған жер аумақтары жер қорының құрамына ауыстырылды.
      Соңғы 10 жылда елді мекендердің жерлерінің аумағы (әсіресе елді мекендердің) 6 есеге өсті, орман қоры жерлерінің аумағы да 9% ұлғайды. Сонымен бірге өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығы емес мақсатындағы жерлердің көлемі 7,2 есеге азайды.
      Елдің жер қорының бұл көрсеткіштері 2005 жылдан бастап салыстырмалы түрде тұрақталды. 2005 жылдан кейін жақсы сападағы қор жерлерін игеру, ең бастысы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді игеру басталды. Осы санаттағы жер аумақтарының өсу үрдісі көптеген облыстарда байқалады. Жалпы көлемі 2-2,5 млн. га жарамды жерлер және 4,0 млн. га астам бос жатқан жерлерді бұрын қолданыстан шығарылған жерлер қатарынан айдалған жерлерге тарту белгіленіп отыр. Осылайша, келешекте жер қоры есебінен 100-110 млн. га дейін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің алаңын көбейту болжануда.
      Соңғы жылдары басқа жер санаттарында елеулі өзгерістер болған жоқ.
      Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысын (ауылдық елді мекендерде) дамыту есебінен елді мекендердің жерлерін едәуір (2020 жылға дейін 25,3-25,7 млн. га дейін) көбейту көзделеді.
      Халықаралық ұйымдардың талаптарын ескере отырып ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен орман қоры жерлерінің (атап айтқанда Астананың маңындағы жасыл аймақты дамыта отырып) аумағын тиісінше 7,0 және 25,5 млн. га-ға дейін ұлғайту жоспарлануда.
      Суды қорғау аймағы мен жолақтарының аумағын нақтылауға байланысты су қоры жерлері аумағының көлемін едәуір ұлғайту күтіледі.
      Баяндалғандарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі болжамды жер теңгерімі жасалды (5.1-кесте).

      5.1-кесте – Қазақстан Республикасының санаттар бойынша жер қорының өсу қарқыны және 2030 жылға дейінгі болжамды жер теңгерімі

Жер санаттарының атауы

2012 жыл
(мың га)

Болжам

2020 жыл
(млн. га)

2030 жыл
(млн. га)

1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

93428,2

100,0

110,0

2.Елді мекендердің жерлері

23789,8

25,7

27,0

3.Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсатындағы жерлер

2620,8

2,9

3,0

4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы жерлер,сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер

5776,5

7,0

9,5

5.Орман қоры жерлері

23059,9

25

25,5

6.Су қоры жерлері

4113,2

4,5

5,0

7.Қордағы жерлер

108385,4

96,1

81,2

Жалпы жерлер

261173,8

261,2

261,2

оның ішінде басқа мемлекеттердің аумағында қолданылатын жерлер

0,9

-

-

Басқа мемлекеттер пайдаланатын жерлер

11317,3

11,3

11,3

Республика аумағы

272490,2

272,5

272,5

Қазақстан Республикасы аумағын кешенді қала құрылыстық бағалау

      Бас схемаға арналған аумақтарды кешенді бағалау схемасы ҚР ҚНжЕ 3.01-07-2007* ресурстық (табиғи, еңбек, инженерлік-техникалық) әлеуетті, өндірісті, мемлекетаралық және өңіраралық инженерлік-көлік коммуникациялар және табиғатты пайдалануды дамытудың кешенді болжамымен үйлестіре отырып, орналастыру жүйесін нормалау және одан әрі жетілдіру бойынша негізгі бағыттарды кешенді бағалау мақсатында «Қазақстан Республикасындағы қала құрылысы жобаларының құрамы, әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі туралы нұсқаулықтың» талаптарына сәйкес құрылған.
      Әрбір қызмет түрін бағалау тиісті мақсаттарда аумақты пайдалану мүмкіндігіне елеулі әсер ететін негізгі табиғи және антропогендік факторлардың жиынтығы бойынша жүргізілді. Түпкілікті интегралды схема түрлі мақсатта пайдаланылатын қандай да бір деңгейде жарамды аудандарды, сондай-ақ шектеулі шаруашылық қызметтегі аумақтарды анықтау үшін жасалған.
      Аумақтарды бағалаудың негізгі факторы ретінде табиғи-климаттық және инженерлік-геологиялық жағдайлар; аумақтың энергия ресурстарымен қамтамасыз етілуі; аумақтық көліктік қолжетімділігі қабылданған.

      Аумақтарды табиғи-климаттық және инженерлік-геологиялық жағдайлары бойынша бағалау
      Табиғи факторлардың жиынтығын тарихи тұрғыдан еліміздің аумағында тұрғындардың орналасуы анықтап берді, алайда орналасу жүйесін жетілдіру үшін табиғи-климаттық фактордың әрқайсысының жеке жергілікті және өңірлік ерекшелігін анықтау, олардың осы процестегі рөлі мен дамудағы маңызын түсіну қажет.
      Қазақстан Республикасының қандай да бір өңірінің тұрғындардың тұруына табиғи жағдайын бағалау табиғи ортаның қолайлылық дәрежесін білдіретін шартты балдармен табиғи жағдайлардың жиынтығымен айқындалады. Бағалау балы жоғары болған сайын адамның өмір сүруі үшін табиғи жағдайы қолайлы (жайлы) бола береді.
      Халықтың тұруына және орналасуына қолайлы табиғи-климаттық жағдайлар адамдардың өмір сүруін қиындатпайды, ал келген адамдардың бейімделуі тез әрі қиындықсыз өтеді.
      Шартты қолайлы табиғи-климаттық жағдайлар – халықтың денсаулығына қысқа мерзімді және елеусіз түрдегі жағымсыз әсер бір табиғи фактордың (мысалы, климаттық фактордың температуралық фоны) жеке көрсеткішін байқатады. Келген халықтың бейімделуі ағзаның бейімделу жүйелерінің тез өтелу үрдісімен қақтығысуынан көрінеді.
      Жайлылығы төмендеу табиғи-климаттық жағдайлар – бұл бірнеше жеке көрсеткіштер немесе жалпы табиғи фактор (мысалы, температуралық фон, теріс рельеф жасайтын процестер; жер бетінде ағынның болмауы, жалпы климат) қалыпты еңбек жағдайын, халықтың тұрмысын және демалысын қиындатқанды айтады. Келген халықтың бейімделуі адам ағзасының бейімделу жүйесінің күшті қақтығысуымен баяу өтелуі арқылы өтеді, бұл табиғи ортаны жақсартуға көп қосымша шығын талап етеді.
      Қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлар – бұл жылдың көп бөлігін бірнеше табиғи факторлардың көптеген өлшемдері бойынша табиғи-климаттық жағдайлар адамдардың еңбек етуін, тұрмысы мен демалысын қиындатады, ал жекелеген табиғи факторлар адамдардың (әсіресе, қарттар мен балалардың) денсаулығына өте қатты теріс әсер етеді. Қоныс аударушылардың бейімделуі ағзаның бейімделу жүйесінің күшті қақтығысымен өте баяу өтеледі және табиғи ортаны қайта жасауға қосымша шығын қажет болады.
      Барынша қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлар – барлық табиғат ортасының құрамдас бөліктері адамның денсаулығын күрт қиындатады және мұндай жағдайларда өмір сүру мүмкін емес. Келген адамдардың бейімделуі өтелмейтін үрдісте бейімделу жүйесінің күшті кернеуімен өтеді, табиғат жағдайларын жақсарту немесе теріс әсерін еңсеру мүмкін емес, не шығын өте көп керек болады және де ол өзін ақтамайды.
      Бас схема жасаған Қазақстан Республикасының аумағында табиғи-климаттық жағдайларды ықтимал өзгертудің болжамды әзірлемесі жер шарындағы климаттың ғаламдық өзгеру үрдісіне қарай жасалды.
      ХХ-ХХІ ғасыр аралығында басталған климаттың ғаламдық жылынуы заманауи адамның өмір сүру ортасы үшін белгілі бір қатер туғызады. Мамандардың есептеулері бойынша ХХI ғасырдың ортасында ауаның орташа температурасы шамамен 30С көтеріледі. Қазақстан климатының 2030, 2050 және 2085 жылдарға қарай болжамды өзгеруі 1961-1990 жылдардың базалық кезеңімен салыстырғанда ауаның орташа жылдық температурасы: тиісінше +1,40С, +2,70С и +4,60С болады (Қалдықтардың сценарийлері бойынша арнайы мақала). Жауын-шашынның жылдық көлемі 2 %, 4 % және 5 % көбейеді. Климаттың өзгеруі қолайсыз салдар алып келуі мүмкін: ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімі азаяды, халық үшін су ресурстарының қолжетімділігі азаяды, сапасыз суды тұтынудың салдарынан аурушаңдық саны өседі. Табиғат апаттарының - су тасқындары, сел, су басу, дауылды желдер, керімсалдар, құйын жаңбырлар мен дауылдардықсаны мен қарқындылығы көбейеді деп болжануда. Бұл таулы және тау маңындағы аумақтарда және өзен жағалауларында орналасқан елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру туралы мәселені көтереді.
      Қазақстан аумағының 54,8 % жуығы шөл және шөлейт аймаққа жатады. Онсыз да қуаңшылық жағдайында температураның артуы ахуалды одан да ушықтыра түседі, қуаңшылықтың, шаңды дауылдың, жылжымалы құмдардың көтерілу қатері артады, су ресурстары азаяды. Жалпы бұл елді мекендердің аз қоныстанған аумақтары, өзен жағалаулары бойында қоныстандыру, көлік магистральдары мен пайдалы қазбалардың кен орындары саласына ұштастырылған. Қазақстан аумағының 10,7 % жуығын сейсмикалық әсері күшті тау сілемдері мен оңтүстік-шығыс және шығыс тау жыныстары алып жатыр.
      Халықтың тұруына қолайлылық дәрежесі бойынша Қазақстан Республикасының аумақтарының табиғи-климаттық жағдайларының заманауи және болжамды жай-күйіне талдау жүргізу олардың шартты қолайлы және барынша қолайсыз жағдайдағы ареалдарды кеңейтуге алып келетін фондық жай-күйінің кеңістік тұрғысын өзгеру үрдісін анықтауға мүмкіндік берді (тиісінше 6,1-ден 7,1-ге дейін, 1,9-дан 7,3%).
      Шартты табиғи-климаттық қолайлы жағдайдағы алаңдарды көбейту еліміздің солтүстік өңірлеріндегі, негізінен дала және алап ландшафтарындағы қысқы кезеңде термиялық жағдайдың қаттылығын жұмсарту есебінен күтілуде. Шөл өңірлердегі жазғы термиялық көрсеткіштерді қатаңдату және жел эрозиясы, импульверизация тәрізді қолайсыз геодинамикалық процестерді жандандыру негізінен солтүстік-шығыс және Каспий ойпаттарының солтүстігіндегі, солтүстік-шығыста, Арал қазан шұңқырлығының шығысы мен оңтүстік-шығысында, Балқаш көлінің батыс және оңтүстік аудандарында, Бетпақдаланың орталық бөлігінде барынша қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлардағы алаңдардың көбеюіне алып келеді. 2030 жылға қарай 2012 жылмен салыстырғанда Іле-Балқаш қазан шұңқырлығының солтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігіндегі құрғақ дала аумағы ландшафтары және арал қазандық шұңқырындағы Сырдария көлінің сол жағалау бөлігінің шөл ландшафтының қолайсыздау табиғи жағдайдағы алаңдарының көлемі елеусіз (1,2 %)ұлғаяды.
      Табиғи-климаттық жағдайдың заманауи және болжанатын фондық жай-күйіне талдау нәтижелеріне сүйене отырып, шартты қолайлы табиғи-климаттық жағдай ареалдарының бірнеше есеге қысқаруына қарамастан, халықтың басты перспективалық орналасу ареалдары еліміздің солтүстік өңірлері болып қалады. Халықтың перспективалық орналасуына қолайлы болып Батыс Қазақстан облысының солтүстігі Ақтөбе облысы, Қостанай облысының солтүстік-батысы, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының орталық және оңтүстік аудандары, Павлодар облысының орталық және шығыс аудандары, Ақмола облысының солтүстік және орталық аудандары, Қарағанды облысының орталық аудандары болып табылады. 2030 жылға қарай халықтың перспективалық орналасуы үшін салыстырмалы қолайлы жағдай Сырдария өзенінің жағалауында (Шымкент облысының Түркістан-Арыс аудандары, Қызылорда облысының Сырдария және Жаңақорған аудандарының оң жақ жағалауы), Жайық, Ертіс, Есіл, Елек, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы және тау арасындағы аудандарында алаңдық қатынаста бірнеше ретке азаюына және негізінен өзен артерияларына жатқызылатындығына қарамастан сақталады.
      Қазақстандағы климаттың елеулі өзгеруімен қатар Құрылыс технологиясын, құрылыс материалдарын өзгерте отырып, құрылыс нормалары мен қағидаларын қайта қарауды талап етеді. Қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының құрылыс индустриясы кәсіпорындарында әртүрлі жүктемелерді есептеу кезінде 1980 жылға дейінгі кезеңде гидрометеорологиялық бақылау материалдарының негізінде есептелген құрылыс нормалары мен қағидаларын пайдаланған. Осыған байланысты 2013-2015 жылдары ішінде климаттық жүктемелердің карталары жаңартылады.
      Сейсмикалық аудандандарға бөлу – сейсмологияның негізгі бағыттарының бірі және өңірлік сейсмикалық генерирлеуші аймақтарды және олардағы жер сілкіністерінің туындауының кеңістікті-уақытша заңдылықтарын бөлуден, ықтимал сейсмикалық әсердің балмен сейсмикалық қарқындылығын белгілеуден тұрады және сейсмологиялық, геофизикалық және геологиялық-тектоникалық материалдар кешенін әзірлеу негізінде орындалады. Сол себепті Қазақстан Республикасының аумақтарын сейсмикалық аудандарға бөлу кезінде орташа топырақ жағдайлары үшін MSK-64 шкаласының балмен сейсмикалық қарқындылық есебі бойынша сейсмикалық белсенділігінің пайда болуы ескерілді (5.2-кесте).
      Қазақстан Республикасының аумағында бес сейсмикалық қауіпті өңір көрсетіледі: 1 – Тарбағатай-Алтай, 2 – Жетісу-Солтүстік-Тянь-Шань, 3 – Қаратау, 4 – Каспий маңы, 5 – Орталық Қазақстан.
      1. Тарбағатай-Алтай өңірі сейсмикалық тұрғыдан әлі аз зерттелген, алайда Алакөл көлінің солтүстік-шығыс аудандарындағы, Өскемен қаласының солтүстігі мен Жайсаң көлінің атырабындағы ең күшті жер сілкіну эпицентрлерімен сипатталады.

      5.2-кесте – Халықты қоныстандыру үшін Қазақстан Республикасы аумағының сейсмикалық жағдайының көрсеткіші

Сейсмикалық белсенділік

Қолайлылық дәрежесі

Бағалау балы

Сейсмикалық белсенділік балы

Аумағы

мың шаршы метр

ҚР аумағының %

шартты қолайлы

4

кемінде 2

1981,0

72,7

қолайлылығы төмен

3

2-4

539,5

19,8

қолайсыз

2

4-6

149,9

5,5

барынша қолайсыз

1

7 астам

54,5

2,0

      2. Жетісу-Солтүстік-Тянь-Шань өңірі Қазақстанның сейсмикалық белсенді жолағында көбірек зерттелген өңір болып табылады және екі ірі сейсмикалық белсенді аймақтан тұрады: Солтүстік-Тянь-Шань және Жетісу өңірі. Соңғы 100 жылда анағұрлым белсенділікпен Солтүстік-Тянь-Шань аймағы сипатталады, бұл жерлердегі күшті жер сілкінулердің эпицентрлері кеңістікпен өлшегенде 50 км. жуық жолаққа созылады. Әсіресе жоғары сейсмикалылық болып Іле және Күнгей Алатауы, сондай-ақ Қырғыз тау жоталарының шығыс бөлігі болып табылады, соның шегінде ең күшті жер сілкіну ошақтары орналасқан. Солтүстік-Тянь-Шань аймағының сейсмикалық белсенділігі 70-жылдардың басынан бастап күшейе бастады, онда соңғы 30-жылдық кезеңде М=5,5-6,8 бірқатар жер сілкінулер орын алды; жер сілкіністерінің кеңістік өлшенуі ендіктен меридиандыққа ауысты.
      Жетісу сейсмикалықбелсенді аймағы сондай-ақ субендік кеңістікке созылады. Көпшілік күшті жер сілкіністері ҚХР шегіндегі Боро-Хоров тау жотасының маңында шығысқа қарай көтеріледі. 70-жылдардың соңынан бастап аталған аймақта, сондай-ақ Бақанас (1979 жыл, М=5,8), Текелі (1993 жыл, М=5,8) және бірқатар әлсіз жер сілкіністері болған аймақтың батыс бөлігінің жанданғаны байқалады.
      3. Қаратау өңірі. Екі сейсмикалық белсенді аймақ бар: Қызылқұм және Қарамын шатқалы немесе Қаржатау. Қарамың шатқалы аймағы 5,0-5,5-тен 6,5 балға дейін амплитудалы жер сілкіністерімен сипатталады (Бұрышмола 1959 жыл, Көштөбе 1965 жыл, Ташкент 1966 жыл, Табақсай 1977 жыл, Назарбек 1980 жыл) және Шатқал, Піскем, Обаған тау жоталары және Ташкент-Жалаңаш дала аймағын қамтиды. Бұл аймақтардың эпицентрлерінің ең жоғары тығыздығы Ташкенттен Тараз қаласына дейін созылады.
      4. Каспий маңы өңірі сейсмикалық режимнің түрлі сипатымен ерекшеленеді – Каспий маңының қазақстандық бөлігі қалыпты платформалық құрылымдарға жатады, соның шегінде екі аймақ: Орталық-Маңғыстау-Үстірт және Оңтүстік Ембі. Орталық-Маңғыстау-Үстірт әлеуетті сейсмогенерирлеуші аймақ Орталық-Маңғыстау-Үстірт жүйесін Торғай аймағынан Оңтүстік-Бозащы аймағымен бірге Солтүстік-Үстірт синеклизасымен бөліп тұратын бір атаулы дислокация жүйесімен айқындалады. Оның сейсмикалық әлеуеті Мmax =5,0 аспайды.
      Оңтүстік-Ембі әлеуетті сейсмогенерирлеуші аймағы Мmax=3,0 аспайтын сейсмикалық әлеуеттің жанама бағалауымен ерекшеленеді.
      5. Орталық Қазақстан өңірі сейсмикалық тұрғыдан белсенді болып табылмайды және оның шегінде арнайы зерттеулер жүргізілмеді.
      Су тасқындары және су басу жағдайы бойынша аумақтарды бағалау. халықтың өмір сүруі мен орналасу жағдайының қолайлылығы көбінесе апатты жағдайлар мен процестердің пайда болуына, бірінші кезекте, өзек артерияларында туындайтын су басулар олардың қирату әрекетінен толыққанды қорғауға байланысты.
      Өзендер мен көлдердегі су басулар облыс аудандарының барлық жерінде байқалады. Көктемгі не көктемгі-жазғы су толуға байланысты су тасқындары Есіл (Ғ. Мүсірепов, Шал ақын, Есіл, Қызылжар аудандарында), Сілеті (Уәлиханов ауданы), Шаглинка (Тайынша ауданы) өзендерінде байқалады.
      Соңғы жылдары антропогенді факторларға байланысты су тасқындарының саны артты. Сілеті өзенінде су тасқыны Сілеті су қоймасынан судың артуы кезінде, Шлаглинка өзенінде – Ақмола облысының аумағында орналасқан Шаглинка су қоймасынан су артқан кезде орын алады.
      Қауіп сондай-ақ Петропавл қаласының ағынды суларының жиналмасында, Шал ақын ауданында, «СевКазЭнерго» АҚ № 2 және № 3 алтын үйіндісінде байқалады.
      Ақмола облысында қалыптасатын селдер (біздің облысқа елеулі әсер ететін) ірі, тегіс өзендерге жатқызылады және ұзақ уақытқа созылатын көктемгі су тасқынына байланысты.
      Облыста (Есіл, Сілеті, Шағалалы және т.б. көлдер) су тасқындары тұрғындарының саны 10 мыңнан асатын 43 елді мекенде қауіп төндіреді, су басатын аймақта 90 км. астам ЛЭП, 285 км. автомобиль және теміржол, 29 көпір, 4 плотина, 8 дамба, Петропавл қаласының 10 мыңға жуық саяжайлық учаскелері бар.
      Республикада барлығы су тасқыны қаупі бар аумақтарда 2012 жылдың басында 15066 мың адам немесе республика халқының 90 % жуығы тұрады. Олардың төтенше жағдай туындау қаупі бар аумақтарда:
      1) республикалық деңгейде – 1034,9 мың адам;
      2) өңіраралық деңгейде – 3062 мың адам;
      3) өңірлік деңгейде – 6438 мың адам;
      4) аудандық және жергілікті деңгейде – 4530,9 мың адам тұрады.
      Республикалық деңгейде төтенше жағдай тудыратын су тасқындары Жамбыл, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының тиісінше 398,306 және 285 мың адам тұратын елді мекендеріне қауіп төндіреді.
      Өңіраралық қауіп деңгейінде төтенше жағдайлар тудыратын су тасқындары Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облысының елеулі бөлігі үшін әлеуетті қауіп төндіреді.
      Сонымен қатар, бүлінуге (тозу, жемірілу) ұшыраған учаскелер шегіндегі өзендер, көлдер, теңіздер және су қоймалары жағалаулары бойынша, кешенді зерттеулер негізінде жағалауды нығайтушы іс-шаралар жүргізуді қарастыру қажет.
      Сел ағындарының таралу аумақтары. Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданы, Алматы Талғар және Қарасай аудандарының тұрғындары үшін сел ағындары ерекше қатер туғызады. Сел ағынының таралу деңгейі аймақтарында 2012 жылдың басында 122 мың адам тұрған.
      Сел ағынының елеулі дәрежелі аймақтарында 2012 жылдың басында 478 мың адам тұрды, оның ішінде 222 мыңға жуығы – Алматы облысында, 143 мың адам – Оңтүстік Қазақстан облысында, 111 мыңға жуық адам – Шығыс Қазақстан облысында және 12 мыңнан астам адам – Жамбыл облысында тұрған.
      Мысалы, республикамыздың жаңа астанасында қазіргі кезде Есіл өзенінің сол жағасындағы су басатын бөлігі белсенді түрде көтеріліп жатыр. Жүргізілген гидрологиялық есептеулер бойынша осы аумақта жоғары су деңгейі тудыруы мүмкін. Сол себепті де оны игеруді мұқият дайындалған қатер картасының негізінде жүргізу қажет.

      Аумақтарды энергоресурстармен қамтамасыз етілуі бойынша бағалау
      Қазақстан бастапқы энергетикалық ресурстардың елеулі қорына ие, бұл өз қажеттілігін ғана емес, келешекте оларды экспортқа жүзеге асыруға да мүмкіндік береді.
      Көмірдің қоры қолданыстағы деңгейдегі экспортты ескергенде 250-300 жылға, газдың қоры 70-90 жылға жетеді. Бұл рете газ генерациясы үшін негізгі қатер газға бағаның өсуі, көмірге – көмір сапасына қойылатын талаптардың қатаңдатылуы болып табылады.
      Қазақстан Республикасы отын ресурстарының едәуір қорына ие. Отын ресурстарының дәлелденген қоры шартты бірліктермен 42,7 млрд. шартты отынды құрайды, ал Қазақстан Республикасы бойынша отын ресурстарының теңгерімдік және болжамды қорлары тиісінше 57 және 240 млрд. шартты отынды құрайды.
      Қазақстанның отын ресурстарының негізгі түрлерінің бірі – көмір, оның қоры алыс перспективада республиканың ішкі қажеттілігін қанағаттандыру үшін ғана емес, сондай-ақ экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту үшін де жеткілікті болып табылады. Республикада Қазақстан мен Ресейдің (Орал мен Сібір) индустриалдық орталықтарына қатысты тиімді географиялық жағдайға ие 10 бассейн мен топқа біріктірілген 400-ге жуық кен орындары саналады.
      «BP Statistical Review of World Energy» деректері бойынша Қазақстанда көмірдің әлемдік өнеркәсіптік қорларының 3,4% жинақталған. Қазақстанның жалпы геологиялық көмір қорлары 283 млрд. тонна. Теңгерімдік қорлар 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 33,6 млрд. тоннаны құрайды.
      Мұнай шикізаты. Қазақстан көмірсутектерді стратегиялық қорына ие мемлекетке жатады, сондай-ақ энергия ресурстарының әлемдік нарығын қалыптастыруға маңызды әсер етеді.
      Көмірсутегі шикізатының ауқымды қорлары республикада дағдарысты еңсеру мен экономикалық реформаларды жүргізудің негізі ретінде энергетикалық саясатты құруға септігін тигізді. Сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстанда шығарылатын (әлеуетті) мұнай қорлары (Каспий шельфі қорларын ескермегенде) 2,7 млрд. тонна, болжамды – 12-13 млрд. тоннаны құрайды.
      Табиғи және ілеспе газ. Табиғи газдың барланған қоры бойынша Қазақстан әлемде 15 орында және ТМД бойынша 4 орында.
      Республикадағы әлеуетті газ қорлары 10,2 трлн. текше м. бағаланады, оның 9,2 трлн. текше м. Каспий маңы ойпатына тиесілі.
      Каспий қайраңын ескермегенде табиғи және ілеспе газдың барланған қорлары 3 трлн. текше м. құрайды, оның ішінде 1,8 трлн. текше м. өнеркәсіптік санатқа жатқызылған, олар халықаралық санат бойынша «дәлелденген» ұғымына сәйкес келеді.
      Еркін (табиғи) газдың біршама ірі қоры Теңіз, Королевское, Имашев, Жаңажол, Ұрықтау, Теңге, Жетібай кен орындарының газ қақпақтарында орналасқан.
      30-100 млрд. текше м. газ қоры бар ірі мұнай кен орындары ең көп пайдалану коэффициентімен сипатталады, оларға Теңге және Жетібай жатады.
      Өнеркәсіптік санаттағы газ қорлары республикада біркелкі орналаспаған, 98% төрт батыс облыста – Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында, ал қалған 2 % Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды облыстарына тиесілі.

      Аумақтарды көліктік қолжетімділік жағдайлары бойынша бағалау
      Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы өңірдегі геосаяси процестердің өңірлік дамуының өзара байланысын болжайтын факторлардың бірі болып табылады. Қазақстанның басты геоэкономикалық кемшілігі – теңізге тікелей шыға алмауы және әлемдік коммуникациялардан алшақтығы, бұл Қазақстанның халықаралық экономикалық байланыстарға қатысуын қиындатады. Қазақстан Солтүстік Қазақстаннан, Жапониядан, Еуропа Одағынан алшақта. Өзінің сыртқы экономикалық қызметін және экономикалық дамыған елдермен байланысын Қазақстан тікелей емес, үшінші елдердің аумақтары арқылы жүзеге асыруға мәжбүр, бұл әлемдік шаруашылық байланыстарды дамыту мүмкіндігін төмендетеді.
      Алайда белгілі бір жағдайлардағы континентальішілік географиялық жағдай көлік дәліздерінің және транзиттік әлеуеттің түйіскен жерінде оның орталықта орналасуымен шарттасатын басымдыққа айналады. Көліктік қатынаста еліміз келешекте Еуропа мен Азия арасындағы «көпірге» айналуы мүмкін.
      Көлік ағынының Оңтүстік Шығыс Азиядан Ресейге және Еуропаға Орталық Азия аумағы арқылы бағытталуы әлемдік көлік жүйесін оңтайландырып, мемлекет үшін жаңа табыс көзін жасап қана қоймай, экономикалық дамудың қуатты импульсі бола алады.
      Көлікті дамыту автомобиль және теміржолдардың, жол машиналары мен жабдықтардың, жылжымалы құрамның құрылысы және реконструкцияла технологиясын бірлесіп игеруді, көліктің барлық түрлерінің заманауи техникалық базасын жасауды болжайды, әлеуметтік-экономикалық және аумақтық дамуды жеделдетуге ықпал етеді. Көліктік инфрақұрылымдық өстері ұлттық экономиканың аумақтық жүйесінде өсудің негізгі желілері болуға тиіс.
      Қандай да бір учаскенің көліктің қолжетімділік деңгейі оның негізгі автомобиль жолдарынан, теміржол станцияларынан алшақ орналасуына және қаралатын аумақта бас орталықтардың созылуына байланысты айқындалады.
      Халықаралық көлік дәліздері басты бағыттарда жалпы қолданылатын (теміржол, автомобиль, теңіз, құбыржол) көлік пен телекоммуникацияларды шоғырландырады. Материалдық, қаржылық және ақпараттық ағындарды шоғырландыру, көрсетілетін қызметтердің жоғары сапалылығы мен алуан түрлілігі капиталдың қатуын жеделдетуді және преференциалды режим жағдайында тауарлардың, құжаттар мен ақшалардың шығуын синхрондауды қамтамасыз етеді.
      Қолжетімділігі бойынша қолайлы автомагистраль болып 10 км. шегіндегі аймақ, ал шектеулі қолайлы аймақ болып – 20 км. шегіндегі аймақ қабылданған. Теміржол станцияларының қолжетімділігі бойынша, сондай-ақ тиісінше 10 км. және 20 км. қолайлы және шектеулі қолайлы аймақ қабылданды. Қалалардың әсер ету аймағы ретінде шартты-сағаттық қолжетімділік – 40 км. радиусы қабылданды.

Аумақты кеңістіктік дамытудың тірек қаңқасы

      Бас схеманың негізінде орналастыру, өнеркәсіптік-энергетикалық, көлік, туристік-рекреациялық және табиғи-экологиялық бөліктерден тұратын бірыңғай тірек қаңқасын қалыптастыру арқылы аумақтарды дамыту тұжырымдамасы жатыр. Тірек қаңқа экономиканың кеңістікті дамуын бағдарлайды. Қаңқаның құрамында өндірістік күштерді орналастыру және қоныстандыруды басымды дамытудың орталықтары мен өстерін білдіретін «нүктелер» мен «желілердің» жиынтығы бөлінген.
      Орналастыру жүйесі, жалпы, Қазақстан аумағының табиғи жағдайлары бойынша анағұрлым қолайлы периферийлік аумақ бойынша шоғырландырылған.
      Осы процестердің нәтижесі жекелеген қалалардағы халық санының өсуі болып табылады. Бұлар Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Атырау, Ақтау және Ақтөбе. Бұл қалалар халық саны бойынша да, аумағы бойынша да өсуді жалғастыруда. Сол себепті қоныстандырудың дамуын жекелеген қалалар бойынша алуға және оларды полюстік даму ретінде қарастыруға мәжбүрміз. Халықтың ең көп санының өсуі оңтүстік және батыс өңірлерде. Бұл Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары.
      Көлік жағдайлары қоныстандырудың барлық жүйесін аумақтық-кеңістікті дамытудың бағыттарын, ал ірі қоныстану жүйелерінің мәнін нығайту – жоғары экономикалық әлеуетті қала агломерацияларына алып келеді.
      Қалыптасқан көліктік-коммуникациялық дәліздер жоспарлы осьтердің өтуін айқындады, ал ірі қалалар тартылыс орталықтары – жоспарлау орталықтары болып табылады.
      Қазақстан Республикасын кеңістікті дамыту қаңқасын қалыптастыруға:
      1) орналастыру қаңқасы;
      2) өнеркәсіптік-энергетикалық қаңқа;
      3) көлік қаңқасы;
      4) туристік-рекреациялық қаңқа;
      5) табиғи-экологиялық қаңқа үлкен әсер етеді.
      Жоспарлау осьтері магистральды теміржолдың, адамдар мен жүктердің жылжу қарқындылығы мен көлемін ескергенде халықаралық, республикалық мәндегі автомагистральдардың болуы, инженерлік-энергетикалық қамтамасыз етілуі, елді мекендердің олардың жанында орналасуын қамтитын факторлардың жиынтығы бойынша 3 санатқа бөлінеді.
      1-жоспарлау осьтеріне теміржолдар және параллельді өтетін жолдар, халықаралық мәнге ие автомагистральдар, ірі қалалар орналасқан, электр жіберудің жоғары вольтты желілері, газ құбыржолдары бар бағыттар жатқызылады. Бұл жағдайлар жаңа өнеркәсіптік-өндірістік кешендердің, көліктік-логистикалық орталықтарын, жоғары және орта арнайы білім беру объектілерінің, курорттық-сауықтыру және туристік мақсаттағы нысандардың орналасуын көздейді.
      2-жоспарлау осьтеріне қаңқасы Қазақстанды шекаралас мемлекеттермен байланыстыратын магистральді теміржолдар болып табылатын бағыттар белгіленген. Автожол желісіне халықаралық жүк және жолаушыларды өткізу үшін аса белсенді қолданылмайтын республикалық маңызы бар автожолдар көрсетілген. Қаңқаның әсеріндегі аймақтағы аумақтарға нашар қоныстанатындығымен және қоныстану санының аздығымен сипатталады.
      3-жоспарлау осьтеріне қаңқасы Қазақстан Республикасын шекаралас мемлекеттермен байланыстыратын республикалық маңызы бар автомобиль магистралі болып табылатын көлік дәліздеріне жақын аумақтар жатқызылады. Бұл санатқа сондай-ақ республикамыздың жекелеген өңірлерін байланыстыратын республикалық маңызы бар автомагистральдар енгізілген.
      1-тәртіптегі аумақтық дамытудың стратегиялық осьтері болып мыналар табылады (Болжамды схемаға сәйкес):
      1) Солтүстік: Өскемен – Семей-Павлодар, Астана – Қостанай (Көкшетау, Петропавл) – Ақтөбе – Орал, Каспийге шығу (Атырау, Ақтау) және Алматы (Талдықорған, Достық) аумақтық-шаруашылық жүйелері – осьтің бүкіл периметрі бойынша – Ресей Федерациясының шекаралас өңірлеріне.
      2) Оңтүстік: Қытай Халық Республикасының шекарасы (Достық, Қорғас) – Талдықорған – Алматы – Тараз – Шымкент – Қызылорда – орталық азия мемлекеттерінің шекаралас өңірлеріне бүкіл периметрлері бойынша шығумен Атырау, Ақтау.
      3) Орталық: Астана – Қарағанды – Алматы Балқашқа, Достыққа бөлініп және Қытайға шығумен, сондай-ақ Жезқазғанға келешекте Батыс Қазақстанның теңіз порттарына бағыттармен.
      Қазіргі кезде 1-тәртіптегі үш осьтің тек Оңтүстік осі ғана тығыз орналасқан аумаққа қатысты кіріктіру функциясын орындап отыр, басқа екі осьтің кеңістікті тиімділігін іске асыру қажетті экономикалық алғышарттар жасалған соң жоспарлануда.
      Сонымен қатар, Қазақстан аумағында тиімді кеңістікті ұйымдарды қалыптастыру тірек өңірлерді байланыстыратын қосымша жоспарлы осьтерді (2 және 3-тәртіптегі) қалыптастыру арқылы елдің ішінде үлкен байланысты талап етеді.
      Есептік кезеңге (2030 жылға дейін) қалыптасқан жоспарлы қаңқа жаңа болжанатын көлік осьтерін және халықты келешекте орналастыруды ескере отырып одан әрі дамуын табады.
      1-тәртіптегі жоспарлы осьтер былайша қалыптастырылады:
      1) Павлодар – Астана – Қостанай бағытындағы теміржол және автомобиль магистралінің жанынан;
      2) Петропавл – Көкшетау – Астана – Қарағанды – Шу;
      3) Қытай Халық Республикасының шекарасы (Достық, Қорғас) – Алматы – Тараз – Шымкент – Қызылорда – Ақтөбе – Орал;
      4) Алматы – Талдықорған - Өскемен – Семей – Павлодар.
      2-тәртіптегі жоспарлы осьтер:
      1) Достық – Ақтоғай – Балқаш – Жезқазған – Сексеуіл;
      2) Астана – Арқалық – Шалқар – Бейнеу – Ақтау;
      3) Достық – Аягөз – Қарағанды;
      4) Петропавл – Есіл – Арқалық – Жезқазған – Шымкент;
      5) Орал – Атырау;Павлодар – Көкшетау – Қостанай;
      6) Петропавл – Қостанай – Ақтөбе.
      3-тәртіптегі жоспарлы осьтер:
      1) Қостанай - Әулиекөл – Қызылорда;
      2) Семей – Балқаш;
      3) Бейнеу – Мақат – Атырау – Ресей Федерациясының шекарасы;
      4) Атырау – Мақат – Қандыағаш;
      5) Бақты – Аягөз – Қарағанды.
      Жаңа жоспарлау қаңқасын қалыптастыру өндірісті диверсификациялау үшін инфрақұрылымдық шектеуді алады. Жаңа индустриализациялау кеңістіктік қаңқасын күрделендіруге, ауыларалық байланысты интенсификациялауға, елді мекендердің жаңа функцияларын өзгертуге және пайда болуына алып келеді.
      Түрлі деңгейдегі жоспарлы осьтерге кеңістіктік тірек қаңқасын дамыту өнімнің өзіндік құнын құрайтын көліктік құнын азайтуға мүмкіндік береді. Ішкі нарықтың төмен сыйымдылығына байланысты жаңа кеңістіктік ұйым шекаралас елдердің сыйымды нарықтарына қосымша құнды одан әрі іске асырумен импортты қайта өңдеудің транзиттік аймағын құруға бағытталады.

6. Өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсарту, тарихи және
мәдени мұра объектілері және (немесе) қорғалатын ландшафтық
объектілері бар аумақтарды сақтау, сондай-ақ аумақтарды табиғи
және антропогендік, техногендік құбылыстар мен процестердің
қауіпті (зиянды) әсерінен қорғау бойынша іс-шаралар кешені

Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттары

      Табиғи ресурстарды ұтымсыз пайдалану, шаруашылық қызметті жүргізудің ескі технологиялары мен әдістерін қолдану, қоршаған табиғи ортаның ластануы және соның нәтижесінде орта сапасы мен адам денсаулығының нашарлауы қазіргі кезеңде қоршаған ортаға антропогендік ауыртпалықты төмендету бойынша неғұрлым тиімді тетіктерді қолдануды талап етеді. Қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік жүйесін ары қарай реформалау мен дамытудың қажеттілігі туындайды.
      Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамада (Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығымен бекітілген) басым міндеттер анықталған:
      1) ресурстарды (су, жер, биологиялық және басқа) пайдалану мен оларды басқару тиімділігін көтеру;
      2) қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңаларын салу;
      3) қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельдік жолы арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын көтеру;
      4) ұлттық қауіпсіздікті, соның ішінде су қауіпсіздігін көтеру болып табылады.
      Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешу қажет: (осы Негізгі ережеге 1417-қосымшалар)
      1) елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлауға «жасыл экономика» қағидаттарын және төмен көміртекті дамуды енгізудің тиімді тетіктерін құру;
      2) жаңартылатын ресурстар мен жаңартылатын энергия көздерін тұрақты және ұтымды пайдалану, «жасыл» және экологиялық таза озық технологияларды енгізу үшін жағдай жасау;
      3) Еуропалық Одақ стандарттарына жақын стандарттарды әзірлеу және енгізу есебінен өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоршаған ортаға эмиссиясын төмендету;
      4) мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру, экологиялық-экономикалық ынталандыруды енгізу;
      5) экология мен климатты сақтау мәселелерінде трансшекаралық және халықаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етудегі Қазақстанның рөлін белсенді ету;
      6) қоқыстарды басқару жүйесін жасау, елдің аймағын «тарихи ластанулардан» тазалауды қамтамасыз ету;
      7) экологиялық мониторингілеудің және Қазақстан Республикасының гидрометеорологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи жүйесін енгізу, басқарудың неғұрлым заманауи стандарттарына көшу.
      Қазақстанның маңызды міндеттерінің бірі парниктік газдар шығаруды азайту болып табылады. Көрсетілген міндетті орындау «жасыл экономикаға» көшу, энергетиканы технологиялық жаңғырту мен энергия қорын сақтауды дамыту, қоршаған ортаны қорғау міндеттерін есепке ала отырып, табиғи ресурстарды дұрыс пайдалану саясатын қалыптастыру контексінде іске асырылуы тиіс.
      Ұлттық мақсаттағы көрсеткішке қол жеткізудің нарықтық маңызды құралы болып парниктік газ шығарындыларын квоталау жүйесі болуы тиіс.
      Парниктік газдар шығаруды базалық 1990 жылға қарағанда 2020 жылға қарай 15%-ға және 2050 жылға қарай 25%-ға төмендету қажет. Энергия көздерімен жаңғыртылатын электр энергиясын өндіру жалпы республика көлемінің 2015 жылға қарай 1,5% деңгейінде және 2020 жылға қарай 1,5% және 3% деңгейінде болуы тиіс.
      2013-2020 жылдар аралығында елімізде реттелінетін сектордағы зиянды заттарды квоталауды қосқандағы парник газдарды шығаруды қысқарту бойынша алдын ала шаралар қолдану қажет, ондай шараларды қолданбаса 2020 жылдан кейін парниктік газдар шығаруды қысқартуда бұдан да қатал шараларды қолдану қажеттілігі туындауы мүмкін. Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалануды реттеу бойынша шараларға озон қабатын бұзатын заттарды пайдалануды азайту мен оларды қолданыстан шығару, озон қабатын бұзбайтын заттарды қолданудың жаңа технологияларын енгізу және сонымен қатар аталған салада ғылыми зерттеу жүргізу жұмыстары жатады.
      Атмосфералық ауаның жағдайын жақсарту бойынша негізгі шаралардың бірі болып шаң-тозаң, күкірттің қос тотығының және азот оксидінің шығарындылары бойынша біршама қатаң стандарттар әзірлеу және оларды 2030 жылға қарай еуропалық нормативтерге жеткізу болуы тиіс.
      Онлайн тәртібіндегі үздіксіз экологиялық мониторингілеудің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру талап етіледі.
      Автокөліктерден бөлінетін зиянды заттарды төмендету үшін Евро-5 экологиялық стандарттарын 2020-2030 жылдарға дейін біртіндеп оларды Европалық Одақ елдерінің деңгейіне біртіндеп жеткізу үшін заңнамалық түрде енгізу талап етіледі.
      Көрсетілген шараларды өткізу нәтижесінде 2030 жылға қарай ірі қалалар мен өндіріс ошақтарындағы экологиялық ахуалды жақсарту жорамалданады.
      Республика аумақтары мен өңірлеріндегі радиациялық ахуалды жақсарту мен тұрақтандыру және радиациялық қауіпті азайту мақсатында мемлекеттік деңгейде, сондай-ақ радиактивті объектілері бар кәсіпорындар деңгейінде тұрақты радиациялық мониторинг жүргізу қажет. Мониторинг кешеніне атмосфералық ауадағы, орынжайлар ауасындағы, су мен топырақтағы радонның концентрациясын өлшеу енгізілген болуы тиіс. Республикада радонның халыққа әсерімен байланысты радиациялық қауіпті төмендету бойынша іс-шаралар кешені бекітілуі тиіс.
      Табиғи ортаның радиоактивтілігі бойынша бірыңғай дерекқор құра отырып, республика аумағындағы радиоактивті ластануға толық түгендеу жүргізу, бұзылған жерлердің және жерасты жазықтықтарының құнарлылығын өндірістік бағдарламаларға және уран кен орындарын өңдеу жобаларына сәйкес қалпына келтіруді жүргізу талап етіледі. Мәселені кешенді шешуге қайта өңдеу мен радиоактивті қоқыстарды көму бойынша мамандандырылған түрде ұйымдастыру жүргізу кіруі тиіс. Нәтижесінде радиациялық қауіпті аймақтардағы мөлшерді ең алдымен халық көп шоғырланған аймақтарға және табиғи жоғары радиациялық жағдайдағы аймақтарда қауіпсіз және қалыпты деңгейге дейін төмендету жоспарланады.
      Су объектілерінде ластанған заттарды түсіруді төмендету бойынша шаралар қабылдау талап етілді.
      Республика аумағының шөлге айналу мен құлдырау мәселелерін шешу үшін халықаралық ынтымақтастық жұмыстарын күшейту қажет. Республикада шөлге айналумен күрес бойынша Ұлттық орталық құрылуы тиіс. Бұзылған жерді құнарландыру 2020 жылға қарай 25,0 мың га және 2030 жылға қарай 26,0 мың га аймақта жүргізілуі тиіс. Республикада Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі ұлттық орталық құрылды.
      Бас схема жоспары шеңберінде «жасыл экономикаға» Қазақстан Республикасының көшуі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес экожүйелерді сақтау және тиімді басқару үшін стратегиялық және салалық жоспарлау үшін аумақтық шектеуді анықтау мақсатында ең алғаш рет қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі жобалық ұсыныс болып табылатын ел аумағының табиғи-экологиялық қаңқасы жасалды.
      Табиғи-экологиялық тірек құрамына экологиялық белгісі бойынша қала құрылысын реттеудің ерекше статусы және оларды өзгерту болжаммен барлық негізгі аймақтар енгізілуі тиіс. Табиғи экологиялық қаңқаның негізгі үш элементі анықталды: экологиялық ядролар, экологиялық дәліздер және буферлік аймақтар. Келесі аймақтар тобы анықталды: негізгі табиғи, транзитті табиғи және буферлік.
      Табиғи-экологиялық қаңқа болашақта республика аймағының экологиялық бекем кеңістіктік ұйымдастырылуының негізі болуы тиіс.
      Табиғи-экологиялық қаңқаны дамыту үшін және табиғи экожүйе мен биотүрлілікті сақтау мақсатында жобалаудың есептік уақытында Бас схема жобасымен 5 жаңа мемлекеттік табиғи қорық, 8 ұлттық мемлекеттік қорық, 14 мемлекеттік табиғи резерват, 130 мемлекеттік табиғи қорық құру және республиканың барлық аймақтарындағы қазіргі таңдағы қолданыстағы 9 ЕҚТА аймағын кеңейту қарастырылған.Бұл 2020 жылға қарай олардың алаңын республика алаңының 10,7%-ына (29,1 млн. га) дейін жеткізу, ал 2030 жылға қарай 15,3%-ға (41,6 млн. га) дейін жеткізуге ықпал етеді.
      Қоныс аударатын сүтқоректілерді қорғау үшін экодәліздер және сайғақтардың көшуі үшін экодуктердің құрылысын жасау жоспарлануда.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман саясаты ең алдымен ормандарды сақтауға және республика аумағындағы орманды ұлғайтуға бағытталған. Орманды алқаптардың көлемін 2020 жылға қарай 10 мың га дейін және 2030 жылға қарай 15 мың га дейін жеткізу ұсынылады.
      Арал маңының экологиялық апат аймағында 2011-2015 жылдарға арналған аймақтық 3-ші Арал теңізі бассейні бағдарламасы (АТББ-3) жүзеге асырылуы тиіс, «Сырдария өзені арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтау» (СӨРСАС -2) жобасының екінші сатысы, Арал-Сырдария бассейніндегі судың экологиялық және санитариялық өтімдерін қалыпқа келтіру жүргізілді, деңгейін 48 м. абсолюттік белгіге дейін көтеру үшін Кіші Арал су қоймасына толықтыру жүргізілді, шайылатын экожүйелерді басқару бойынша жобалар іске асырылды, Арал теңізі бассейніндегі жерді қалпына келтіру және оның тозуына жол бермеу үшін фитомелиоративтік жұмыстар жүргізілді, Арал теңізі бойынша ақпараттық жүйе құрылды.
      Кіші Арал айнасын Арал қаласына дейін ұлғайту керек, Сырдария өзені сағасының экожүйесі қалпына келтірілуі тиіс, Үлкен Аралдың қазақстандық секторында тұз бен шаң тасымалдау қысқартылуы тиіс.
      Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағында биоремедиацияны (тазалау) қоса, полигон мәселелерін шешудің кешенді бағдарламасын әзірлеу қажет. Экологиялық апат аймақтарының проблемаларын шешу бойынша жүйелі шараларды қоса, өңірлерді дамытудың басым міндеттері бар қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іс-шараларын үйлестіру Қазақстан өңірлерін 2020 жылға дейін дамытудың бірыңғай бағдарламалық құжаттары шеңберіндегі «Қазақстанның өңірлерін дамыту» бағдарламасы шеңберінде қамтамасыз етілуі тиіс.
      Қазақстан Республикасындағы қалдықтарды басқару жүйесін жаңарту қажет. Жуық арадағы 20 жылда елімізде өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы барынша азайтылуы, қалдықтарды жеке жинау жүйесі енгізілуі, оларды қайта өңдеу бойынша кәсіпорындар кешені құрылуы тиіс. Аталған іс-шаралар қалдықтарды қайталама шикізат ретінде пайдалануды қамтамасыз етеді және ол бастапқы шикізат ресурстарын үнемдеуге, қоршаған ортаға шығарылатын жағымсыз әсерді төмендетуге, энергиямен қамтамасыз етудің жаңа көздерін алуға жол ашады. Полигондарда тек пайдаға асырылған фракциялар ғана көмілуі тиіс, бұл тиісінше көму алаңдарының азаюына мүмкіндік береді. Бұл үшін қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге асыру саласында тартымды инвестициялық жағдай жасау талап етіледі.
      Бізге Кеңес Одағынан мұра болып қалған «тарихи ластанулар» проблемаларын шешу қажет. Осы мақсатта 2015 жылға дейін тарихи ластанудың барлық объектілеріне олардың қоршаған ортаға әсерін бағалай отырып, толық түгендеу жүргізу жоспарлануда. 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі тарихи ластанудың 5-тен кем емес ірі ошағын, 2020 жылға қарай 15-тен кем емес, ал 2030 жылға қарай – оларды толығымен жою немесе топырақ құнарлылығын қалпына келтіру жоспарлануда. Стокгольм конвенциясының талаптарына сәйкес 2028 жылға дейін барлық ауыр органикалық ластаушыларды, оларды қамтитын қалдықтарды қоса жою қажет. Осы мақсатты іске асыру үшін ауыр органикалық ластаушыларды қоса қауіпті қалдықтарды жою бойынша зауыт салу ұсынылады.
      Зымыран-ғарыш және әскери әрекеттердің ықпалына ұшыраған аймақтардың экологиялық ахуалын жетілдіру мақсатында бірінші кезекте «Байқоңыр» кешенінің аймағында олардың экологиялық ахуалына тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету қажет. Азгир және Капустин яр полигондарындағы ластану алаңдары жойылуы тиіс.
      Бас схема жобасында қарастырылған шараларды жүзеге асыру Қазақстан аумағында және оның аумақтарындағы экологиялық ахуалдың және табиғи ортаның биологиялық әр алуандылығын сақтау айтарлықтай жақсарту және қоршаған ортаны қорғауды дамытуға дамыған шетелдік мемлекеттер деңгейінде қол жеткізуге ықпал етеді.

Тарихи және мәдени мұра объектілері және (немесе) қорғалатын
ландшафтық объектілері бар аумақтарды қорғаудың негізгі
бағыттары

      Тарихи-мәдени мұра объектілері – тарих, археология, сәулет, қала құрылысы, өнер, этнология немесе антропология, тарих және ел мәдениеті үшін ерекше маңызы бар әлеуметтік мәдениеттің қөзқарасынан мемлекеттік маңызы бар тарихи-мәдени құндылықтар жиынтығы. Олар қала құрылысы және сәулет пен археология ескерткіштеріне бөлінеді.
      Тарихи-мәдени мұраларды анықтау, зерттеу мен насихаттауға бағытталған шаралар жүйесін қамтитын тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, сақтау және пайдалануға зор көңіл бөлінеді:
      1) тарихи-мәдени құндылықтарға тарих және мәдениет ескерткіштерінің мәртебесін беру;
      2) жоюдан, бұрмалаудан, адастырушылықтан, негізделмеген өзгерістерді енгізуден, тарихи мәтіннен алып тастаудан қорғауды қамтамасыз ету;
      3) факс басылымдарын консервациялау, жаңғырту, регенерациялау жолымен сақтау және жаңарту;
      4) олардың сақталуын қамтамасыз ететін нормаларға сәйкес ұстау;
      5) этномәдениет ортасын жаңарту процесінде, сондай-ақ ғылыми және тәрбиелік мақсатта пайдалану.
      Көзделіп отырған іс-шаралар жүйесі Қазақстанның барлық тарихи-мәдени құндылықтарын олардың түріне, сақталу деңгейіне және олардың кімнің меншігінде тұрғанына қарамастан барлығын қамтиды.
      Мәдени объектілерді сақтау мақсатында консервациялау, жөндеу, қайта жөндеу немесе заманауи пайдалануға машықтану бойынша жұмыстар жүргізіледі.
      Қазақстан Республикасы 1994 жылғы 29 сәуірдегі Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраларды қорғау туралы Конвенцияны ратификациялау. Қазақстан аумағындағы бірінші объект Комитеттің 27-сессиясына 2003 жылы ЮНЕСКО (Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы) Дүниежүзілік мұралардың тізіміне енгізілген. Мәдениет саласындағы ЮНЕСКО негізгі жұмыстары адами өзара қарым-қатынасты негізделген мәдени әртүрлілікке ықпал ету болып табылады. Осы тәсіл 2001 жылы Мәдени әртүрлілік туралы жалпыға бірдей декларацияда қабылданған. Барлық адами құндылықтарды ұсынатын дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғаудан ұйым материалдық емес мәдени мұралардың әртүрлі нысандағы қорғауына, ауызша шығармашылық жаңаруына көшеді.
      Қазіргі уақытта Қазақстан 2 мәдени мұра объектісі (Қожа Ахмет Яссауи мұражайы, Тамғалы археологиялық ландшафтының петроглифтері) және 1 табиғи мұра объектісі – «Сарыарқа – Қазақстанның жазығы мен көлдері» ЮНЕСКО 2 Дүниежүзілік мұра тізіміне ұсынылған.
      Қазақстан Республикасының аумағында тарихи-мәдени және табиғи мұра объектілерін сақтау жөніндегі жобалау ұсыныстары тек ұсынымдық сипатқа ие болуы мүмкін. Қазіргі уақытта Алдынала тізімде 10 астам объект бар.
      Қазіргі уақытқа 2020 жылға дейін ЮНЕСКО өтініміне Батыс Тянь-Шань (табиғи), Жібек жолы (мәдени мұра), Алтай – алтын таулары (аралас мұра), Алтын Емел (аралас мұра) енгізілетіндігі анықталды.
      2030 жылға қарай Қазақстан Дүниежүзілік мұра тізіміне жиырмаға жуық мәдени, табиғи және аралас мұра объектілерін ұсынатын болады.

Табиғи, антропогендік және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайларға ұшыраған аумақтарды дамытудың негізгі бағыттары

      Қазақстан аумағында қауіпті табиғи процестер, оның ішінде өте қауіпті жер сілкінісі, су тасқыны, дауыл, сел, көшкіндер, қар көшкіні, орман және тау өрттері және басқа да процестер байқалады.
      Табиғи, антропогендік және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты ескерту және қорғау мақсатында Бас схема жобасымен аймақтарды қорғау бойынша ұйымдастыру-профилактикалық және инженерлік-техникалық шаралар құрастырылған. (осы Негізгі ережелерге 1516-қосымшалар).
      Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту бойынша негізгі бағыттар және инженерлік-техникалық іс-шаралар бойынша ұсынылады:
      1) көшкін процестерінің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізу, қар көшкінінен және селден аймақтарды және елді мекендерді қорғау;
      2) республикалық және халықаралық тас жолдарда медициналық-құтқару пункттерін орналастыру;
      3) Қазақстан Республикасы аумағын жалпы сейсмикалық аймақтарға бөлу картасын Еврокод-8 халықаралық стандартын есепке ала отырып және сейсмикалық қауіпті аймақтарда орналасқан республиканың елді мекендерінің, оның ішінде Алматы қаласы аумағының сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу картасын әзірлеу.
      4) Шығыс, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның таулы массивтерінің сейсмикалық белсенді аймақтарында кешенді қорғау іс-шараларын өткізу және сейсмикаға төзімді ғимараттарды және құрылыстарды тексеру, өндірістік, қоғамдық және тұрғын үй ғимараттары құрылысын, қайта құрылуын құрылыс алаңының сейсмика есебімен және сейсмикалық құрылыстардың қолданыстағы нормаларының қатаң сақталуымен жүзеге асыру.
      5) сейсмикалық қауіптілік есебімен құрылыс нормасын және ережелерін жасап шығару;
      6) жер сілкінісі кезіндегі ғимараттар тербелісінің жазбаларын алу үшін қатты қозғалыстардың тіркеу орындарын және республика бойынша жаңа сеймологиялық станцияларды кезең-кезеңмен ашу;
      7) жерасты, жерүсті, ғарыштық техникалық құралдар, есептегіш орталықтарын және өңірлік бақылау орталықтары мен ұлттық сейсмикалық қызметтерді қамтитын сейсмикалық мониторингілеудің мемлекеттік жүйелерін құру;
      8) Алматы қаласында жер сілкінісі болған жағдайда Астана қаласында жер сілкінісін жинау, өңдеу, талдау және болжау орталығын құру;
      9) қауіпті метеорологиялық құбылыстар мен процестердің әсерімен байланысты төтенше оқиғалардың дамуын дер кезінде айқындау және болжау мақсатында метеорологиялық құбылыстар мен үдерістерге мониторинг жүргізу. Төтенше жағдайларға ұшыраған республиканың барлық аумағында станциялар мен бекеттерді біркелкі бөліп орналастыру қажет. Ірі қалалардың айналасында метеорологиялық станциялардан «дауыл шарын» құру қажет, ал автожолдардың қауіпті учаскелерінде бейнебақылау мүмкіндігі бар автоматты жол метеорологиялық станцияларын құру ұсынылады;
      10) өзендер арнасының тарылуын, өзендердің өткізу қабілеттілігін азайтуды, судың аумалы деңгейін арттыруды және іргелес аумақтарды су басуын болдырмау үшін су объектілеріндегі су қорғау аймақтары мен жолақтарында шаруашылық қызметі кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының талаптарын сақтау;
      11) судың қалыпты деңгейінің артуы, су тасқыны, сел және т. б. кезінде өзендердің, көлдердің, теңіздер мен су қоймаларының жағалау бөліктерінде деформациялық процестер өрбуінің алдын алу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
      12) су басу аймақтарындағы ғимараттар мен құрылыстардың беріктілігін арттыру мақсатында ылғалға төзімді құрылыс материалдарын құрылыста қолдану;
      13) төтенше оқиғаларды ескерту үшін жел жүктемелерін ескере отырып, шатыр мен төбе конструкциясының беріктілігін күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен қағидаларын пысықтау;
      14) республика аумағының селитебті аумағын өртке қарсы қорғанысты қамтамасыз ету үшін өрт депосын салу;
      15) қала құрылысы қызметін реттеу кезінде сары топырақтардың таралу ауданын ескеру керек.
      Антропогендік және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту бойынша жалпы қабылданған ұйымдастыру- профилактикалық кешені және инженерлік-техникалық іс-шаралары ұсынылады.
      Бас схемада көзделген іс-шараларды іске асыру Қазақстан Республикасындағы табиғи, антропогендік және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты қорғау және ескертуге ықпал етеді.

Қорытынды

      Мемлекеттік қала құрылысы саясатының негізгі бағыттары
      Кеңестік кезеңде ұзақ жылдар бойы басты қағидаты - экологиялық, табиғи-климаттық және әлеуметтік-демографиялық факторларды ескермей аз шығын шығара отырып, экономиканы барынша дамыту болған өндіргіш күштерді жоспарлы орналастыру саясатын жүргізудің нәтижесінде, Қазақстанда өндірісті ұйымдастыру мен орналастырудың сол жүйесі қалыптасты және қазіргі таңда ол тек экономиканың шикізаттық бағытталуы және бәсекелестігінің төмен болуының ғана емес, сондай-ақ тоқыраған ауылдық қоныстар мен моноқалалардың пайда болуына шартталған, тиісінше қала құрылысы саясатының қалыптасуына себеп болып отыр. Тәуелсіздік алғаннан кейін, Қазақстан қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымы мен аумақтың кеңістіктік ұйымдасуының жаңа қағидаттары мен басымдықтарына негізделген жаңа қала құрылысы саясатын жүргізуге бет алды.
      Елдің жаңа аумақтық-кеңістіктік ұйымдасуы:
      1) экономиканы индустриялық-инновациялық жаңғырту мен өндіргіш күштерді аумақтарға ұтымды бөлу есебінен Қазақстан Республикасының жедел әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етуі;
      2) Қазақстанның жаһандық нарықтағы елді капитализациялау көзқарасы тұрғысынан (оның активтері – аумағы мен жұмыс күші құнының артуы) біршама тиімді ықпалдасуын қамтамасыз етуі;
      3) аумақтар мен оның тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық өсу көздеріне қол жеткізуіне жол ашатын елдің байланыстылығын қамтамасыз ету;
      4) ел аумағын «үлкен кеңістік» ретінде ұстап тұруға кепілдік беруі тиіс.
      Қазақстан Республикасының қала құрылысы саясатын жүзеге асыру соңғы жылдары ауылды жаңғырту, шағын қалаларды дамыту, аумақтардың көлік және инженерлік инфрақұрылымдарын дамыту, аумақтың экологиялық ахуалын жақсарту, Қазақстан Республикасы тұрғындарын қол жетімді және жайлы тұрғын үймен қамтамасыз ету, спорттық көпфункционалды кешендердің, денсаулық сақтау мекемелері мен басқа да қоғамдық ғимараттар мен құрылыстардың құрылысы, тарихи-сәулет ансамбльдерін қайта жөндеу сияқты бірқатар мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жемісті іске асыруға ықпал етті. Ауқымды құрылыс жалпы және егжей-тегжейлі жоспарлаудың қажетті қала құрылысы құжаттамасымен қамтамасыз етілді.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы саясаты Қазақстан Республикасының азаматтарының қолайлы тыныс-тіршілігіне құқықтарын іске асыруға, еліміздің және оның жекелеген өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық тұрақты даму мақсаттарына бағытталған. Қала құрылысы саясаты мемлекеттің жалпы саясатының бөлігі бола отырып, қалалық және ауылдық елді мекендердің орналасу, әлеуметтік, өндірістік, инженерлік-көлік инфрақұрылым жүйесін теңгерімді дамыту бағыттарын, міндеттері мен құралдарын айқындайды және тарихи-мәдени және табиғи құндылықтарды қорғау және оңтайлы пайдалануға, Қазақстан халқының тыныс-тіршілігінің қауіпсіз, салауатты, эстетикалық ортасын құруға бағытталған.
      Қала құрылысы қызметінің мәні халықтың материалдық-кеңістіктік ортасын құру, қызмет етуі мен дамуының заңдылықтарын белгілеу, осы заңдылықтарды іске асыруда қала құрылысы қоғамының түрлі санаттары мен субъектілерінің мүдделерін ескеру және баптаудың тиімді тетіктерін табу және қолдану, басқа заңдылықтардың барысын бұзбай анықталған заңдылықтарды іске асырудың оңтайлы ауқымын айқындау болып табылады.
      Нарықтық қатынастары және бәсекелес ортасы бар жаһанданған әлемге ену жағдайларында, Қазақстан Республикасының қала құрылысы саясатының қатарына ел дамуын экономикалық және қала құрылыстық болжаудың көп деңгейлі жүйесін құруды, жеке, жергілікті және мемлекеттік мүдделердің келісуіне ықпал етуші шаруашылық тетігін құру және бизнес, халық және билік арасындағы қатынасты үйлестіруді жатқызу қажет.
      Қойылған мақсаттарға қол жеткізудің шарттары болып:
      1) шешілетін міндеттердің міндетті шеңберін тиісті мемлекеттік статистикалық қамтамасыз етумен барлық деңгейдегі қала құрылысы және экономикалық болжаудың өзара іс-әрекетінің заңдастырылған ақпараттық технологиясы;
      2) дербес және топтық эгоизмді бейтараптандыру кезінде халықтың әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында қала құрылысы құжаттамасын талқылау кезінде билік пен халықтың өзара іс-әрекетінің технологиясын тәртіпке келтіру;
      3) тұрғылықты жерін таңдау, еңбек және капиталды салу орнын таңдау, еркін уақытты пайдалану нысанын және оған тиесілі жылжымайтын мүліктің өзгеру нысанын таңдау кезінде нарық субъектілерінің қасиеттерін заңнамалық тұрғыдан реттеуде қала құрылысы қызметі мен қала құрылысы құқықтарының рөлін ресми тану.
      Қазіргі кезге дейін қала құрылысы, экономикалық, мүліктік, жер, тұрғын үй-коммуналдық, демографиялық және көші-қон саясатының өзара іс-қимылын оңтайландыру негізінде аумақтарды басқаруға тұтас тәсіл жоқ. Жағдай елімізде өндірісті және орналастыруды жүйелі ұйымдастырудың заңдылықтарын анықтау үшін қала құрылысы және экономикалық болжау жүйесін құруға арналған курстың, еліміздің жүйелі ұйымына өз үлесін артыруға нарықтың әрбір субъектісінің қасиетін баптау мақсатында қала құрылысы, мүліктік және жер құқықтарының мәндік саласын шектеуді оңтайландыру тәсілдерінің жоқтығымен ушығады.
      Қала құрылысы қызметінің маңызы мемлекет аумағының құрылымдық ұйымдасуының барлық деңгейлерінде халықтың тіршілік әрекетінің қала құрылысы ортасын ұйымдастыруға тұжырымдамалық тәсілді қамтамасыз етуден тұрады.
      Қала құрылысы саясатының мақсаты қала құрылысы саласындағы инновациялық тәсілдерді енгізу және еліміздің, оның өңірлері мен елді мекендерінің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын кезең-кезеңімен іске асыру негізінде тыныс-тіршілік ортасын одан әрі жетілдіру болып табылады. Перспективаға Қазақстан Республикасының аумақтық ұйымдарымен, елді мекендерді жоспарлаумен, ортаны кешенді қалыптастырумен, көлік инфрақұрылымын дамыту және елдің сәулет бейнесін жақсартумен байланысты бес қала құрылысы саясаты ұсынылады.
      Тұрғын үй қорының, тіршілікті қамтамасыз етудің инженерлік және әлеуметтік-мәдени жүйелерінің бүлінуінің алдын алудың ерекше жолдарын іздеуге дәйекті тәсілдер әзірлеу де өте маңызды.
      Жаңа дәуірдегі Қазақстанның қала құрылысы саясатының мақсаты қала құрылысы саласындағы инновациялық тәсілдер енгізу және елді, оның өңірлері мен елді мекендерін әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарларын кезең- кезеңімен іске асырудың негізінде тіршілік ету ортасын ары қарай жетілдіру болып табылады. Перспективада Қазақстан Республикасының аумақтық ұйымдасуымен, қоныстар жоспарымен, тұрғын ортаны кешенді қалыптастырумен, көлік инфрақұрылымын дамытумен және елдің сәулет бейнесін жақсартумен байланысты қала құрылысы саясатының бес негізгі бағыты ұсынылады:
      1) олардың әлеуетін пайдалану негізінде өңірлерді және ауылды елді мекендерді жемісті дамытуды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының аумақтық ұйымдастырылуын жетілдіру;
      2)елді мекендердің қауіпсіздігін, жайлылығы мен тиімділігін көздейтін қала құрылысын жоспарлаудың жаңа қағидаттарын ескере отырып қалалық және ауылдық елді мекендерді кеңістіктік ұйымдастыруды жетілдіру;
      3) адамның түрлі қажеттілігін, оның ішінде тұрғын үйге және әлеуметтік қызметтерге түрлі қажеттілігін қамтамасыз етуді, аумақтарды жайластырудың жоғары деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз ететін тұрғын ортаны кешенді қалыптастыру;
      4)күнделікті жылжу, жүк тасу және түрлі мақсаттағы объектілердің қолжетімділігін арттыруға уақыт шығынын төмендетуді қамтамасыз ететін мемлекетаралық, өңірлік және қалалық көлік инфрақұрылымы жүйесін жетілдіру;
      5)Қала құрылысы саласында халықаралық, ұлттық және өңірлік жетістіктерді пайдалану негізінде еліміздің заманауи келбетін жасау.
      Мемлекет аумақтық-кеңістіктік жоспарлау процесін қолдауға және аумақтық-кеңістіктік стратегиямен секторалды қаржыландыруға ықпал етуге тиіс.

      Мемлекеттік қала құрылысы саясатының негізгі ережелерін қамтамасыз ету
      Тиімді қала құрылысын жоспарлауды жүзеге асыру тиісті заңдарды, стратегияларды, басшылыққа алатын қағидаттарды, рәсімдер мен ынталандыру факторларын әзірлеуге байланысты болады. Ол қысқамерзімді ұғымдар мен шектеулерді, ұзақмерзімді міндеттерді де назарға алуды талап етеді.
      Нақты қалыптастырылған заңнама, қаржыландыру стратегиясы мен дамыған ұйымдық инфрақұрылым басты мағынаға ие. Барлық мүдделі тараптарды айқындау және жұмысқа тарту аса үлкен мәнге ие.
      Қала құрылысын жоспарлауды жемісті немесе нәтижесіз жүзеге асыруды болжайтын маңызды фактор басқару тиімділігі болып табылады. Басқару дегеніміз тиісті жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру, саясат пен жоспарлау, сондай-ақ мониторинг болып табылады.
      Қала құрылысын жоспарлау кадастр жүйесімен өзара іс-әрекетті жүзеге асыруға тиісті, себебі ол түсінік жаңа жер учаскелері мен жерді пайдаланудың жаңа құрылымын құратын шараларды білдіреді. Жерді және меншік құқығын пайдаланудың қолданыстағы құрылымын анықтай алмау қабілеті көбінесе кедергілерге немесе даму бағдарламалары, әсіресе қалалық аудандарда сәтсіздікке ұшырап жатады. Заңда белгіленген жерді мәжбүрлеп алып қою және беру рәсімдері, сондай-ақ қоғамның меншік құқығын қорғауға болатын сенімін қамтамасыз ететін апелляциялық тетіктері қызмет етуге тиісті.
      Қала құрылысын жоспарлаудың тиімді іске асырылған стратегиялары қоғамда дамудың тұрақты моделін ұстанады. Жоспарлауға бастапқы шығындар тиімділігін арттырудың, кешенді қаржылық стратегиялар мен операциялық шығыстарды азайтудың арқасында оңай өтеледі. Қала құрылысын жоспарлау даму мақсаттары үшін жер және табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалануға ықпал ету және халықтың дамуына пайданы кепілдендіру, инвестициялар мен дамыту үшін тұрақты және болжамды жағдай жасау арқылы экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайданы қамтамасыз ету үшін барынша маңызды болып табылады. Осылайша, қала құрылысын жоспарлау өмір сүру сапасын тұрақты дамыту және жақсартуды қамтамасыз етудің маңызды құралы болып саналады.
      Қала құрылысын жоспарлау дамудың ұзақ мерзімді жоспарын және салааралық саясатты үйлестіруді қамтамасыз етуде басты рөл атқарады. Ол саясат пен бағдарламалардың жалпы бағытының көрінісін қамтамасыз ете, міндеттердің өзектілігін анықтай алады, үкіметтің әртүрлі департаменттері мен салалары күштерінің қайталануын болдырмауға көмектеседі, салалар арасындағы саясатты үйлестіруге ықпал етеді, экономикалық өсу мен қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды біршама тиімді пайдалану саясатын жүргізудегі инвестициялауға ықпал етеді.
      Қала құрылысын жоспарлауды пайдалану қажеттілігіне шартталған себептер мыналардан тұрады:
      1) қажет болып табылатындардың ғана емес, түрлі контекстерде мүмкін болатындардың да жалпы көрінісі мен жүйелі курсын, сондай-ақ стратегиялық бағасын қамтамасыз ету.
      2) адамдар құқықтарын қорғау. Жерге қол жетімділікті ала отырып, адамдар белгілі құқықтарға ие болады және өздеріне міндеттер алады. Болып жатқан өзгерістер осы құқықтар мен міндеттердің сақталуын қамтамасыз етіп тұруы тиіс.
      3) табиғи экожүйелерді қорғау. Ұзақ мерзімді дамуға қол жеткізу және қоршаған ортаның ауқымды деградациясының алдын алу немесе қалай болғанда да ең төмен шегіне жеткізу үшін сақталуы тиіс табиғи экологиялық жүйелерді пайдалануға қатынаста арнайы талаптар бар.
      4) ресурстарды тиімді пайдалану. Жер, су, энергия, қаржы, құрылыс материалдары, білікті жұмыс күші және басқалар сияқты ресурстардың жеткіліксіздігі бар. Иеліктегі бар ресурстардан максималды пайда алынатындай барлық жағдайларда пайдаланылуы тиіс.
      5) мемлекеттік барлық салада көрсетілетін қызметтердің ең жоғары сапасымен қамтамасыз ету.
      6) инвестицияланған қаражаттың тиімділігін арттыру үшін іс-әрекеттер мен инвестицияларды үйлестіру; іс-әрекеттер мен инвестицияларды уақыт пен кеңістікте үйлестіру қажеттілігі. Оның екі типі болады: мемлекеттік органдардың, инвестициялардың іс-әрекеттерінің түрлі нысандарының үйлестірілуі және мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы үйлестіру.
      7) басымдықтарды айқындау. Елді дамытудағы қажеттіліктерді тиімді қанағаттандырудағы маңызды серпінді қамтамасыз ету үшін басымдықтарды айқындаудың, ресурстарды басқарудың және оларды ерекше қажет ететін салаларға бағыттаудың ұтымды негізін құру қажет.
      8) түрлі мемлекеттік органдардың күштерінің қосарланушылығының алдын алу.
      Мемлекеттің жауапкершілігі әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы күш-жігерді бағдарлау мақсатында аумақтық стратегияны дайындау және қала құрылысы саласындағы саясатты өңдеу болып табылады. Мұндай саясат оны, елдегі халықтың әл-ауқатын біртіндеп жақсартуда өзара қолдау мақсатында индустрияландыру, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік қызмет көрсету, қоршаған және мәдени ортаны қорғау саласындағы саясатпен сабақтастыра және келісе отырып, дамудың жалпы стратегиясының қажетті компоненті болуы тиіс.
      Жер ресурстарын жоспарлау мен ұтымды пайдалануға кешенді көзқарас осы мақсатқа жетудің маңызды практикалық жолы болып табылады. Жер пайдаланудың барлық түрлерін зерттеуге кешенді көзқарас қақтығыстарды азайтуға, біршама тиімді нұсқалар әзірлеуге және әлеуметтік-экономикалық дамуды қоршаған ортаны қорғау және оның жағдайын жақсартумен ұштастыруға, сол арқылы тұрақты даму мақсаттарына жетуге ықпал етуге мүмкіндік береді. Мұндай кешеннің мәні жер пайдалану мен жер ресурстарының түрлі аспектілерімен байланысты қызметті секторлы жоспарлау мен басқаруды үйлестіруде көрініс береді.
      Қала құрылысын жоспарлау саясаты теңдестірілген аумақтық-кеңістіктік құрылым құрудың арқасында тұрақты дамуға ықпал етеді.
      Қала құрылыстық жоспарлау әдетте, аумаққа арналған ұзақ мерзімді және орташа мерзімді мақсаттар мен стратегиялардың айқындалуымен және көлік, ауыл шаруашылығы және қоршаған орта сияқты түрлі салалардағы саясатты үйлестірумен байланысты. Қала құрылыстық жоспарлау жүйесі экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тиімділіктермен қамтамасыз етуге көмектесе алады.
      Қазақстан Республикасында қала құрылысын дамытудың жалпы мақсаты - қоныстану жүйесі мен қалаларды XXI ғасырда олардың жүйелі деградациясын болдырмай тұрақты дамыту, сондай-ақ осы мақсатқа жетудің мемлекет қолдау көрсететін басты құралдары мен жолдарын айқындау.
      Жаңа қала құрылыстық стратегия өзара байланысты өткелдерді болжайды:
      1) ірі қаланың және агломерацияның басқарылмай бей-берекет таралып өсуінен оны дамытуды басқару және реттеу саясатына көшу;
      2) қала шетіндегі бос жерлерді жаппай игеру саясатынан - қаланың барлық аумағындағы инвестициялық-құрылыстық белсенділікке;
      3) сыртқа таралудан - игерілген аумақтар шегінде қаланы реконструкциялауға және қала маңындағы ландшафттарды сақтауға;пассивті есепке алудан - мәдениет пен сәулет ескерткіштерін қарқынды және ойластырылған қайта қалпына келтіруге, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және функционалдық жаңартуға;
      4) аздаған құрылыс жүйелерінің монополиясынан - құрылыс технологиясының әртүрлерінің белсенді әрекетіне; тұтыну бағдарынан - энергия үнемдеуші технологияларға, конструкциялар мен материалдарға және басқаларға.
      XXI ғасырдағы реконструкция объектілері - бұл 60-70 жылдардағы бұқаралық тұрғын құрылыс аудандары. Қаланы ғимараттар мен құрылыстардың толыққанды сәулетпен толықтыру қажет.Бұл «планиметриядан» қала құрылыстық өнердің шынайы туындыларына, мәдениет дамуының үздіксіздігін дәлелдей отырып, жаңа сәулет нысандарының тарихи қалыптасқан ортамен өзара үйлесіміне қайта оралуы болмақ.

      Қала құрылысы саясатының негізгі ережелерін іске асыру шаралары
      Қала құрылысы саясатының негізгі ережелерін іске асыруды республикалық мемлекеттік басқару органдары және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару органдары өз құзыреті шегінде әзірлеген салалық және аймақтық жоспарлар негізінде жүзеге асыру қажет.
      Қала құрылысы саясатының негізгі ережелерін іске асыру мақсатында нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру үшін:
      1) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау, санитариялық нормаларды, қағидалар мен гигиеналық нормативтерді сақтау, аумақтардың өрт қауіпсіздігі мен оларды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау, қоғамдық қауіпсіздік саласындағы салалық стандарттарды әзірлеу;
      2) ауылдық аумақтарда, атап айтқанда тұрғын үй және өзге де құрылыс салу үшін қала маңындағы аумақтарының нысаналы мақсаттағы ауылшаруашылығы жерлеріне өзгертудің қатаң тәртібін орнату аумақтарына қала құрылыстық жоспарлау тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді, соның ішінде техникалық нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
      3) ауылдық елді мекеннің шаруашылық нарық түрлеріне және өндірістік қызметіне сәйкес келетін, бір уақытта оларға өмір деңгейін көтеретін және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуін қамтитын ауыл қоныстарын жоспарлы ұйымдастырудың жаңа қағидаттары мен қабылдауын іздеуге қала құрылыстық жоспарлаудың теориясы мен практикасын күшейту;
      4) тұрғын үй мен қоғамдық құрылыс салудың тығыздығы мен қабат санын реттеу, орамішілік және аулалық аумақтарды абаттандыру параметрлерін анықтау, тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттары бар кешендерде автомобиль көлігі парковкалары мен тұрақтарын ұйымдастыру бөлігінде техникалық нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру қажет;
      5) тұрғын үй құрылысын энергиямен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және ғимараттарды жылытуға кеткен энергияны тұтынуды нормативтік көрсеткіштерге дейін төмендету бойынша әдістемелік ұсынымдар (нұсқаулықтар) әзірлеу;
      Қала құрылысы қызметін мақсатты түрде жүргізетін елді мекендер мен аумақтарды дамыту процесін тиімді басқару үшін мемлекеттік қала құрылысы саясатының ережелерін анықтайтын және оның іске асырылуын қамтамасыз ететін құжаттарды әзірлеу қажет, онда шешім қабылдауға жататын басты проблемалар, елді мекендер мен аумақтарды дамытудың мақсатты және сапалы бағдары тұжырымдалуы тиіс.
      Нарықтық экономика жағдайында қоныстар мен аумақтардың даму процесін басқаруда мемлекеттік реттеудің рөлі даму процесіндегі жағымсыз диспропорцияларды болдырмауда, табиғи ресурстардың азаюына жол бермеуде, қала құрылысын реттеудің құқықытық және экономикалық әдістерін күшейтуде көрінеді.
      Қала құрылысы дамуындағы жеке меншік сектордың ерекше рөлі. Қала құрылыстық даму бағдарламасы қоғамдық мүддеге сай өңірлік және аймақтық деңгейде жеке инвестициялар үшін, қалалар мен аймақтардың тартымдылығының өсуіне қолдау көрсету керек.
      Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікке қолдау көрсету қажет. Барлық өңірлердегі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бұдан әрі де маңызды функцияларды атқаратын мемлекеттік секторға көмек ретінде қарастырылуы керек.
      Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жетістігінің шешуші шартының бірі – ұлттық деңгейдегі ғана емес, сонымен қатар аймақтық және жергілікті деңгейдегі тиімді әкімшілік құрылым. Мұндай құрылым жеке меншік инвесторлардың қызметі үшін негіз жасай алатын қабілетке ие болып, жобалардың іске асырылуын бақылауы қажет.
      Жеке көздерден қаржыландырылатын, бастапқы кезеңде өңірді дамытудың перспективасына сәйкес ірі жобалар қолдану және ерекше бақылауға алынуы керек, себебі олар қоршаған аумақтарды экономикалық дамытудағы маңызды динамика енгізу қажет және кеңістіктік теңгерілімі тайдырылған дамытуға ықпал ете алады.
      Тұрғын үй құрылысы көбінесе жеке меншік көздерінен қаржыландырылатын экономиканың аса маңызды инвестициялық секторларының бірі болып табылады. Жалға беру мен жеке меншік үй иеленудің таралуы мемлекеттік дотациялардан бірнеше есе асатын жеке меншік капиталдың тартылуына әкеледі. Тұрғын үй қорының дамуы аймақтық және тұрғын үй бағдарламалары үшін ғана емес, сонымен қатар жеке меншік саласындағы саясат үшін де маңызды болады. Соңғы жағдай демографиялық өзгерістер салдарынан халықтың өз кәрілігін қамтамасыз ету қажеттілігі үшін маңызды.
      Бас схема – ұзақ мерзімді қала құрылыстық құжат. Қала құрылыстық құжаттың болжамдық сипаттамасы оның мерзімді түзетілуін және аумақтық тұтастықтың сақталу принциптеріне, географиялық кеңістіктің игерілуіне, жаһандық коммуникациялар жүйесіне сенімді қосылуына және еліміздің геосаяси жағынан қорғалуына негізделіп, өзгерімпаз жағдайларға бейімделуін көздейді. Қазақстан үшін алдағы онжылдықтарда аумақтық даму және қоныстандыру мәселелері бірыңғай мемлекеттік кеңістік шегінде аймақтық дербестік және аймақтық ықпалдасу теңдестірілімнің ізденісі сияқты өткір тұрады. Өркениеттің постөнеркәсіптік фазасына жауап беретін технологиялық және әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы саясат та ұзақ мерзімді сипатқа ие болуы керек. Мұнда қоныстандыру, қалалық даму, өндірісті аумақтық ұйымдастыру мен орналасу мәселелеріне байланысты дамудың әртүрлі нұсқалары болуы мүмкін.
      Қала құрылыстық құжат ретінде Бас схема көп ақпарат қабаттарын біріктіретін және ақпараттық жүйелер мен деректер қоры негізінде көптеген нұсқалық әзірлемелер жүргізуге мүмкіндік беретін тірек құжат рөлін атқарады. Бұл мүмкіндіктердің іске асырылуына Қазақстан Республикасы аумағында Бас схема бойынша келесі жұмыстар бағытталады. Бұл қоныстандыру, қала құрылыстық, инвестициялық және құрылыс саясатының өзара келісімде болуын, республикалық деңгейдегі саясаттың аймақаралық, аймақтық және жергілікті шешімдердің теңдестірілуін іске асыруға мүмкіндік береді. Бас схема салалық және аумақтық схемалар есебі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырысы бойынша жасалады және аймақаралық, салааралық, ауданаралық пропорцияларды жетілдіру үшін қызмет етеді.
      Зерттеу өткізу әдіснамасы сабақтастық қағидаттары есебімен қойылған ғылыми проблемалар бойынша жобалау ұсыныстарын әзірлеу тұжырымдамасына негізделген. Атап айтқанда, зерттеулер Бас схеманың жалпымемлекеттік көпмақсатты бағдарлама тұжырымдамасы ретіндегі рөлін анықтауға бағытталған. Қазақстан Республикасы қала құрылысының және республикалық пен жергілікті мақсатты даму бағдарламаларын жасауда оның негізгі ережелері жаңа геосаяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайда базалық болуы керек.
      Бас схема оның негізгі ережелері бекітілгеннен кейін, аумақтың дамуындағы қала құрылысына негіз болатын және қалалық және ауылдық мекендердің дамуы, өндіріс күштерінің және қосалқы инфрақұрылымның орналасуы бойынша мемлекеттік қолдауға байланысты қолданыстағы және жаңартылатын ақпараттық-талдамалық қала құрылыстық құжат болуы керек. Бас схема кешенді жүйелі сипатқа ие, салалық және аумақтық тәсілдерді, халықты қоныстандыруды жетілдірудің және өндіргіш күштерді орналастырудың әлеуметтік, демографиялық, экологиялық және экономикалық аспектілерін үйлестіреді.

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы
      АӨК – агроөнеркәсіптік кешен
      СА – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
      ЖӨӨ – жалпы өңірлік өнім
      ЖЭС – жел электр станциясы
      ГГц – гигагерц
      ҮИИДМБ - Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама
      кВ – киловольт
      кВт. ч – киловатт сағат
      кГц - килогерц
      км3/жыл – жылына текше километр
      ІҚМ – ірі қара мал
      ЖБЖК – жеңіл болат жұқа қабырғалы конструкциялар
      МВт – мегаватт
      МГц – мегагерц
      БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      ҰМ – ұсақ мал
      ЕҚТА – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
      АТББ – Арал теңізі бассейнінің бағдарламасы
      БЖЖ – бөлшектеп жоспарлау жобасы
      СӨРСАС – Сырдария өзенінің арналарын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтау
      СЯСП – Семей ядролық сынақ полигоны
      ТМД – тәуелсіз мемлекеттер достастығы
      ҚНжЕ – құрылыс нормалары және ережелері
      ЮНЕСКО – Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы
      CDMA (ағыл. Code Division Multiple Access) – Кодтық бөлінісі бар көптеген қатынас технологиясы

Қазақстан Республикасының
аумағын ұйымдастырудың
бас схемасының    
негізгі ережелеріне  
1-қосымша       

Қазақстан Республикасының
аумағын ұйымдастырудың
бас схемасының    
негізгі ережелеріне  
2-қосымша       

Қазақстан Республикасының
аумағын ұйымдастырудың
бас схемасының    
негізгі ережелеріне  
3-қосымша       

Қазақстан Республикасының
аумағын ұйымдастырудың
бас схемасының    
негізгі ережелеріне  
4-қосымша       

Қазақстан Республикасының
аумағын ұйымдастырудың
бас схемасының    
негізгі ережелеріне  
5-қосымша       

Қазақстан Республикасының
аумағын ұйымдастырудың
бас схемасының    
негізгі ережелеріне  
6-қосымша       

Қазақстан Республикасының
аумағын ұйымдастырудың
бас схемасының    
негізгі ережелеріне  
7-қосымша       

Қазақстан Республикасының
аумағын ұйымдастырудың
бас схемасының    
негізгі ережелеріне  
8-қосымша       

Қазақстан Республикасының
аумағын ұйымдастырудың
бас схемасының    
негізгі ережелеріне  
9-қосымша       

Қазақстан Республикасының
аумағын ұйымдастырудың
бас схемасының    
негізгі ережелеріне  
10-қосымша      

Қазақстан Республикасының
аумағын ұйымдастырудың
бас схемасының    
негізгі ережелеріне  
11-қосымша      

Қазақстан Республикасының
аумағын ұйымдастырудың
бас схемасының    
негізгі ережелеріне  
12-қосымша      

Қазақстан Республикасының
аумағын ұйымдастырудың
бас схемасының    
негізгі ережелеріне  
13-қосымша      

Қазақстан Республикасының
аумағын ұйымдастырудың
бас схемасының    
негізгі ережелеріне  
14-қосымша      

Қазақстан Республикасының
аумағын ұйымдастырудың
бас схемасының    
негізгі ережелеріне  
15-қосымша      

Қазақстан Республикасының
аумағын ұйымдастырудың
бас схемасының    
негізгі ережелеріне  
16-қосымша      

Қазақстан Республикасының
аумағын ұйымдастырудың
бас схемасының    
негізгі ережелеріне  
17-қосымша      

Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы
жобасының негізгі техникалық-экономикалық
көрсеткіштері

р/с

Көрсеткіштер

Өлшем бірліктері

Қазіргі жағдайы

Бірінші кезең

Есепті мерзім

1

Қазақстан Республикасының аумағы





1)

Барлығы

мың. га

272490,2

272490,2

272490,2


соның ішінде:






ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

-//-

93428,2

100 000,0

110 000,0


елді мекендердің жерлері, олардың:

-//-

23789,8

25 700,0

27 000,0


өнеркәсіп, энергетика, көлік, байланыс, радиохабар тарату, теледидар, информатика, ғарыштық қамтамасыз ету, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және елді мекендер шегінен тысқары өзге де арнайы мақсаттағы жерлер

-//-

2620,8

2 900,0

3 000,0


ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы жерлер, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер

-//-

5776,5

7 000,0

9 500,0


айрықша құнды жерлер

-//-





орман қоры

-//-

23 059,9

25 000,0

25 500,0


су қоры

-//-

4113,2

4 500,0

5 000,0


запас

-//-

108385,4

96 100,0

81 200,0

2)

Жалпы аумақтардан:






табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар әсеріне ұшыраған аумақтар

-//-

35185,9/13

35185,9/13

35185,9/13


мемлекеттік меншіктегі жерлер

-//-

271008,2/99,4

271008,2/99,4

271008,2/99,4


жеке меншіктегі жерлер

-//-

1483,8/0,54

1483,8/0,54

1483,8/0,54

2

Халық





1)

Барлығы

мың адам

16675,4/100

18704,4/100

20585,8/100


соның ішінде:






қала халқының саны: (қалалар, жұмыс кенттері мен басқа да қаланың қоныстар бойынша)

тұрғындардың жалпы санынан мың адам/%

9114,6/54,7

11222,6/60

13380,8/65


ауыл халқының саны: (ауылдар (селолар) бойынша) және басқа да тұрақты ауылдық елді мекендер (фермалар, мал жайылымдары)

-//-

7560,8/45,3

7481,8/40

7205,0/35

2)

тұрғындардың табиғи қозғалысының көрсеткіштері:


228,3/1,4

168,3/0,9

185,3/0,9


өсімі

-//-

372,54/2,2

317,8/1,7

350,0/1,7


кему

-//-

144,21/0,9

149,6/0,8

164,7/0,8

3)

Халықтың көші-қон көрсеткіштері:


5,102/0,031

7,3/0,04

8,2/0,04


өсімі

-//-

402,9/2,42

452,7/2,42

498,2/2,42


кему

-//-

397,8/2,39

445,4/2,38

490,0/2,38

4)

Қалалық елді мекендер санынан - барлығы

бірлік

87

92

92


250,0 мың адамнан астам халқы бар қалалар

-//-

9

9

14


100,0 мыңнан 250,0 мыңға дейін адамы бар қалалар

-//-

12

13

15


50,0 мыңнан 100,0 мыңға дейін адамы бар қалалар

-//-

7

13

12


50,0 мыңнан кем адамы бар қалалар

-//-

59

57

55

5)

Халық саны 500 мыңнан артық адамы бар агломерациялар саны

бірлік

3

3

3

6)

Халық тығыздығы

мың адам/100 шаршы км

0,6

0,7

0,8

7)

Халықтың жас құрылымы:






15 жасқа дейінгі балалар

тұрғындардың жалпы санынан мың адам/%

4398,6/26,38

4905,3/26,38

5362,6/26,38


Еңбекке жарамды жастағы халық (ерлер 16-62 жастағы, әйелдер 16-57 жастағы)

-//-

10603,8/63,59

11825,4/63,59

12927,8/63,59


Еңбекке жарамды жастан асқан халық

-//-

1673/10,03

1865,7/10,03

2039,7/10,03


Жұмыспен қамтылған халық саны - барлығы

мың адам

8301,6/49,78

9257,9/49,78

10121/49,78


Олардың материалдық саладағысы

жұмыспен қамтылған халық саны мың адам/%

8301,6/49,78

9257,9/49,78

10121/49,78


Соның ішінде:

-//-





өнеркәсіп

-//-

960,3/11,57

1070,9

1170,8


құрылыс

-//-

614/7,4

684,7

748,6


ауыл шаруашылығы

-//-

2196,1/26,45

2449,1

2677,4


ғылым

-//-

179,4/2,16

200,1

218,7


өзгелері

-//-

4351,8/52,42

4853,1

5305,6

3

Экономикалық әлеует





1)

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі

млрд. теңге

15929,052

35289,8

68505,0

2)

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі

-//-

2286

4881,5

8058,1

4

Тұрғын үй қоры





1)

Барлығы

мың шаршы м/алаңының/%

283886/100

353568/100

503209/100


соның ішінде:






қалалық елді мекендерде

тұрғын үй алаңының шаршы м/%

167259/58,9

205070/58,0

289345/57,5


ауылдық елді мекендерде

-//-

116627/41,1

148499/42,0

213864/42,5

2)

Жалпы тұрғын үй қорынан:

-//-





мемлекеттік меншікте

-//-

10273/3,6

13789/3,9

20632/4,1


жеке меншіктегі

-//-

273613/96,4

339779/96,1

482578/95,9

3)

халықтың пәтердің жалпы алаңымен қамтамасыз етілуі:

м2/адам

17,0

19,0

24,8


қалалық елді мекендерде

-//-

18,0

18,0

22,0


ауылдық елді мекендерде

-//-

15,0

20,0

30,0

5

Селоаралық маңызы бар халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері





1)

Жоғары оқу орындары

бірлік/студенттер

146/629507

ҚНжЕ 3-01-01-2008* «Қала құрылысы. Елді мекендерді жоспарлау және салу» сәйкес қаланың орталық және оның әсер ету аймағындағы басқа да елді мекендер халқын ескере отырып жобалауға арналған тапсырмалар бойынша

2)

Бастапқы және орта кәсіби білім беру мекемелері

бірлік/оқушылар

804/601790




Мектепке дейінгі ұйымдар

бірлік/мың орын

8729/551,7

/1060

/1200


Күндізгі жалпы білім беру мектептері

бірлік/мың орын

7698/2536,7

/4093

/4972

3)

Мәдениет және өнер мекемелері (театрлар, мұражайлар, көрме залдары және т.б.)

тиісті бірліктер





соның ішінде:






театрлар

бірлік/орын

64/22008

/49384

/162640


кинотеатрлар

бірлік/орын

94/36203

/175410

/711522


кітапханалар

бірлік/мың томдар

4171/118238

/105705

/85384

4)

Денсаулық сақтау мекемелері (ауруханалар, емханалар, перзентханалар, фельдшерлік-акушерлік пункттер және т.б.)

-//-





соның ішінде:






ауруханалар

жатын орын

117655

110046

98389


емханалар

ауысымдағы кіру саны

212156

251581

412700

5)

Әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелері (қарттарға арналған үйлер, балалар үйлері, денсаулығында ауытқулары бар балаларға арналған мамандандырылған мектептер интернаттар және т.б.)

-//-





Жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер

бірлік/орын

50/7611

/7971

/8271


Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелер

бірлік/орын

32/10707

/12473

/13073

6)

Өрт депосының ғимараты

Депо саны, бірлік

411

971

1478

7)

Халыққа қызмет көрсететін әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық өзге де объектілер

-//-





Ортақ пайдалантылатын спорт залдары

еден алаңы мың кв. метр

486,8

677,7

1582,2


Ортақ пайдалантылатын бассейндер

су айнасы мың шаршы м.

96,7

210,8

497,2

6

Көліктік инфрақұрылым





1)

Ортақ пайдаланатылатын теміржол қатынасы жолдарының ұзындығы

км

14900

16200

16200

2)

Ішкі су жолдарының ұзындығы

-//-

4093,9

4150

4150

3)

Ортақ пайдаланатылатын автомобиль жолдарының ұзындығы

км

97155

97865

97865

4)

Магистралды мұнай құбырының ұзындығы

км

7912

7980

7980

5)

Көліктік желілердің тығыздылығы:

км/1000 шаршы км.





теміржол

-//-

5,5

6,0

6,0


автомобиль

-//-

35,7

37,1

37,1

6)

Әуежайлар

бірлік

23

23

23


соның ішінде:






халықаралық мақсаттағы бар

-//-

14

18

18

7

Инженерлік инфрақұрылым





1)

Сумен жабдықтау:






Жерасты суларының ресурстары

млн. м3/жыл

64280

64280

64280


Жерүсті суларының ресурстары

-//-

100900

100900

100900


1 адамға шаққанда орташа тәуліктік суды қолдану

л/тәулік адамға

371

320

318


Шаруашылық-ауыз суына қажеттілік

млн. м3/жыл

2085,9

2268,5

2317,4

2)

Электрмен жабдықтау:






Белгіленген қуаттылық, барлығы

МВт

19800

-

-


соның ішінде:



-

-


суэлектрстанциясы

%

11,2

-

-


жылу электрстанциясы

-//-

83,2

-

-


атомэлектрстанциясы


-

-

2,8


Есептік қажеттілік:

млн. кВт/сағат

87000,7

116000

144000,7


коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерден

-//-

16095,1

25520

37440,2

3)

Жылумен жабдықтау:






Белгіленген қуаттылық

мың. Гкал/ч

24,7

-

-


Есептік қажеттілік:

жылына мың. Гкал/ч

172,36

200,63

223,85

4)

Газбен жабдықтау:






Жанармай балансындағы үлес салмағы

%

18

20

25


Есептік қажеттілік:

млн./жыл

10000,7

19000,2

25000,4


Коммуналды-тұрмыстық қажеттіліктерден

-//-

730

1130

1560

5)

Байланыс және теледидар






байланыстың халықаралық кабельді желілері ұзындығы (мыс/ТОБЖ)

км

3725.73 9538,01

4082.27 11538,27

10483.16 17504,6


Ортақ пайдаланатылатын телефон желілерімен халықты қамтамасыз ету

100 отбасыға арналған нөмірлер

25,03

39,7

54,0


Теледидар хабарларымен халықты қамту

% барлық халық

95

100

100

8

Табиғатты қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану





1)

Табиғи ортасы жоғары деңгейде ластанған қалалар саны

бірлік

8

3

0

2)

Ластаушы заттардың жалпы қалдықтары нормативтерінің белгіленген мәндерінің көлемі

(ведомстволық деректер)
млн. тонна/жылына

3,35

5,0

4,75

3)

Қалдықтардың пайда болуына дейін қалдықтарды қайта өңдеу үлесі

%

20,7

28,5

40,0

4)

Ластаушы заттардың қалдықтары нормативтерінің белгіленген мәндерінің көлемі

(ведомстволық деректер)
млн. тонна/жылына

2,8

5,0

4,75

5)

Жабынды алқаптарға айналдырылған орман жабынысыз алқаптар алаңы

мың. га

5,5

10

15

6)

Республиканың жалпы ауданына ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың үлесі

%

8,5

10,7

15,3

      Ескертпе:
      1. Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының техника-экономикалық көрсеткіштері мынадай кезеңдерге келтіріледі:
      бастапқы жыл;
      бірінші кезең;
      есепті кезең.
      2. 2013 жылғы 07 шілде - 5.1-5.2.2 тармағын қоспағанда, барлық көрсеткіштер үшін бастапқы жыл ретінде 2012 жылғы 01 қаңтар қабылданған.
      3. Жерлердің көрсетілген санаттарының құрамына табиғат қорғау мақсатындағы жерлер, санитариялық күзет аймақтары, тарихи-мәдени мақсаттағы объектілердің күзет аймақтары және аумақты пайдалануды ерекше реттеу шарттары бар басқа жергілікті аймақтар кіреді.
      4. Өнеркәсіп, көлік, байланыс және басқа санаттарының жерлері елді мекендер шекараларынан тыс жерлер де көрсетіледі.
      5. Қаралатын аумақтағы жерлерді деференциациялау аумақтың спецификасына байланысты жобалау тапсырмасында нақтыланады.
      6. Әлеуметтік және инженерлік-көліктік инфрақұрылымдар бойынша бірінші кезеңдегі жаңа құрылыс көлемдерінің көрсеткіштері келтіріледі.
      7. Коммуналдық-тұрмыстық және өндірістік қажеттіліктер үшін электр энергиясына, жылу энергиясына, суға, газға қажеттіліктер және ағын сулар көлемдері бойынша көрсеткіштер тиісті облыстық және аудандық қызметтер деректері бойынша қабылданды.
      8. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның талаптарына сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау.