Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 1305 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1305 қаулысымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 27, 304-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесінде:
      19-тармақта:
      2) тармақшадағы «бөлігінде объектілердің (кешендердің) құрылысына арналған инвестициялар негіздемелерінің, техника-экономикалық негіздемелер мен есеп айырысулардың, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының сараптамасы жатады.» деген сөздер «объектілердің (кешендердің) құрылысына арналған инвестициялар негіздемелерінің, техникалық-экономикалық негіздемелердің және есеп айырысулардың, концессиялық жобалар бойынша техникалық ұсыныстардың (техникалық және (немесе) технологиялық жобалау алдындағы құжаттама), жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамалардың сараптамасы жатады.» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелер» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 528-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақта:
      орталық аппараттың функцияларында:
      58) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «58) бюджеттік инвестицияларды жоспарлауды әдіснамалық қамтамасыз ету;»;
      мынадай мазмұндағы 71-1) және 71-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «71-1) деректерді республикалық меншікке жататын концессия объектілері жөніндегі концессия шарттарының тізіліміне енгізу үшін республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi органға концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау нәтижелерін жіберу;
      71-2) концессиялық жобаларды ұйымдастыру саласында салааралық үйлестіруді және әдіснамалық басшылықты жүзеге асыру;».
      3. «Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның үлгі шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1326 қаулысында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның үлгі шартын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның үлгі шарты осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.».
      4. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
      456-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «456. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурстар өткізу туралы шешімдер қабылданған концессиялық жобаларды қоспағанда, концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамасын жүргізуді қаржыландыруға арналған өтінім:
      1) салалық сараптаманың оң қорытындысы;
      2) ТЭН әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптама жүргізуге техникалық тапсырманың жобасы;
      3) концессиялық жобаның ТЭН әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамасын жүргізу құнын есептеулерді қоса бере отырып, концессиялық ұсыныстарды қамтуы тиіс.»;
      459-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «459. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық ұсыныстар сараптамасының оң қорытындысы негізінде және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің белгіленген лимиттерін ескере отырып, екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурстар өткізу туралы шешімдер қабылданған концессиялық жобаларды қоспағанда, концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ концессиялық жобалардың ТЭН-ге қажетті сараптамалар жүргізуге концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындылар қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық ұсыныстар сараптамасының оң қорытындысы негізінде және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін ескере отырып, екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурстар өткізу туралы шешімдер қабылданған концессиялық жобаларды қоспағанда, концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ концессиялық жобалардың ТЭН-не қажетті сараптамалар жүргізуге концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындылар қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
      474-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «474. Мыналарды:
      1) концессиялық ұсыныстардың сараптамасын қаржыландыруды;
      2) республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемесiнiң экономикалық сараптамасын, оның ішінде оларды түзету кезінде;
      3) конкурстық құжаттама сараптамасын, оның iшiнде оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзген кезде;
      4) концессионердi таңдау бойынша конкурсты өткiзу кезiнде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтiнiмдер сараптамасын;
      5) концессия шарттары жобаларының сараптамасын, оның iшiнде концессия шарттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзген кезде;
      6) мемлекет тапсырмасын алуға концессионердiң ұсыныстарына сараптаманы;
      7) мемлекеттiк кепiлдiктердi ұсыну үшiн инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын;
      8) республикалық бюджет қаражатты есебiнен заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы арқылы іске асыру жоспарланып отырған бюджеттiк инвестициялардың экономикалық сараптамасын;
      9) концессиялық жобаларды, оның iшiнде бюджеттен қоса қаржыландыру шартында iске асырудың мониторингi мен бағалауды;
      10) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды бағалауды;
      11) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыруды бағалауды бюджеттiк инвестициялар мен концессия мәселелерi бойынша құжаттамаға сараптама мен бағалауды қаржыландыру деп түсiну қажет.».
      484485486487488489-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «484. Өтемақы беру туралы шешімді концессиялық міндеттемелердің белгіленген лимиттерін ескере отырып, тиісті бюджет комиссиясы қабылдайды.
      485. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелер – жасалған концессия шарттары бойынша концеденттің белгілі бір күнге қабылдаған және орындамаған қаржы міндеттемелерінің сомасы бойынша концеденттің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.
      Мемлекеттік концессиялық міндеттемелер мыналарға:
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелері;
      жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелері болып бөлінеді.
      486. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелер қабылдауын әрбір жеке концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
      487. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелер қабылдауын әрбір жеке концессиялық жоба бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатының шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады.
      488. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган шығындарды өтеу көзі ретінде инвестициялық шығындар өтемақысын көздейтін концессиялық ұсыныс сараптамасының оң қорытындысын ескере отырып, қорытындыны қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
      489. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің жиынтық құны «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 3) тармақшасына сәйкес концессия шартының шеңберінде концессионер қаражаты есебінен концессия объектісін құру (реконструкциялау) құнынан аспауы тиіс. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің жиынтық құнын есептеуге концессионерге концессия объектісін құру үшін берілетін жер учаскелерінің немесе концессия шарты шеңберінде реконструкцияланып жатқан концессия объектісі орналасқан жер учаскелерінің құны кірмейді.»;
      490 және 491-тармақтар алынып тасталсын;
      494-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «494. Өтемақы төлеу концессия шартында белгіленген тәртіпке және кестеге сәйкес жүргізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 494-1 және 494-2-тармақтармен толықтырылсын.
      «494-1. Егер концессия объектісінің құны оны мемлекеттік қабылдау комиссиясы қабылдап алғаны туралы актіге қол қойылғаннан кейін салынған объектіні пайдалануға қабылдау кезінде бұрын жоспарланған құннан төмен болған жағдайда, төлеуге жататын өтемақы мөлшері төмендейді.
      494-2. Өтемақы төлеудің ең жоғары көлемі концессия шартымен белгіленеді. Концессионер концессия шартының талаптарын тиісінше орындамаған жағдайда, инвестициялық шығындар өтемақысын төлеудің нақты көлемі концессия шартында қамтылған, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша міндеттемелерді концессионердің орындауын бағалау критерийлерінің негізінде концессия шартында белгіленген төлемнің ең жоғары көлемімен салыстырғанда төмендейді.
      Өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін ұстап қалу мөлшері концессия шартымен айқындалады.
      Концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуі жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 наурызына дейін концессионер мен концедент арасында қол қойылатын актімен расталады.
      Концессионердің концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша бұзушылықтары болмаған жағдайда, концессионерге өтемақы төлеудің ең жоғары көлемі төленеді.»;
      498-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «498. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарында белгіленген мерзімде бюджеттен қаражат алу үшін концедент көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) қол қойылған актісін ұсынады.»;
      52-1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      «52-1-тарау. Экономиканың тиісті саласындағы (аясындағы) әлеуметтік инфрақұрылым және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін ұстауға арналған шығыстар көлемінің шегіндегі концессионердің пайдалану шығындары өтемақысының тәртібі
      499-1. Концессионердің пайдалану шығындарының өтемақысы концессия объектісін пайдалану кезеңінде концессионердің пайдалану шығындарының белгілі бір көлемін республикалық немесе жергілікті бюджеттерден өтеу болып табылады.
      499-2. Концессионердің пайдалану шығындарына концессия шарты шеңберінде экономиканың тиісті саласындағы (аясындағы) әлеуметтік инфрақұрылым және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін ұстауға арналған шығыстар көлемдері шегінде туындайтын концессионердің шығыстары жатады.
      499-3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган шығындарды өтеу көзі ретінде пайдалану шығындарының өтемақысын көздейтін концессиялық ұсыныс сараптамасының оң қорытындысын ескере отырып, қорытындыны қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
      499-4. Концессионерге пайдалану шығындарының өтемақысын беру туралы шешімді концессия міндеттемелерінің белгіленген лимиттерін ескере отырып, тиісті бюджет комиссиясы қабылдайды.
      499-5. Пайдалану шығындарының өтемақысын төлеу концессия шартында белгіленген тәртіпке және кестеге сәйкес жүргізіледі.
      Концессионердің пайдалану шығындарының өтемақысын төлеудің ең жоғары көлемі концессия шартында белгіленеді. Концессионер концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасын бұзған жағдайда, пайдалану шығындарының өтемақысын төлеудің нақты көлемі концессия шартында белгіленген төлемнің ең жоғарғы көлемімен салыстырғанда төмендейді.
      Концессионердің концессия шартының, оның ішінде көрсетілетін қызметтер (орындалатын жұмыстар) сапасы бойынша талаптарын бұзушылықтарының болмауы немесе болуы тиісті актімен (актілермен) расталуы тиіс.
      Көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) және концессионердің концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша бұзушылықтарының болуын немесе болмауын растайтын актілерге концедент пен концессионер арасында қол қойылады.
      Концессионердің концессия шартының, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша талаптарын бұзушылықтары болмаған жағдайда, концессионерге пайдалану шығындарының өтемақысы төлемдерінің ең жоғары көлемі төленеді.
      499-6. Концессионердің пайдалану шығындары өтемақысының жыл сайынғы мөлшері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен заттай нормаларды ескере отырып, ұқсас объектілерді пайдалануға арналған мемлекеттік бюджеттен бөлінетін жыл сайынғы төлемдерден (оның ішінде субсидиялар) аспауы тиіс.
      Пайдалану шығындары өтемақысының жыл сайынғы мөлшері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен заттай нормаларды ескере отырып, ұқсас объектілердi пайдалануға арналған мемлекеттiк бюджеттен жыл сайын төлемдердің (оның iшiнде субсидиялар) теңбе-тең өзгерiсіне индекстелуі мүмкін.
      499-7. Пайдалану шығындары өтемақысының төлемін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалар шегінде жүргізеді.
      499-8. Пайдалану шығындарының өтемақысын төлеуге республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
      499-9. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде концессия шартының талаптарын ескере отырып, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады.
      499-10. Концессионердің республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен пайдалану шығындарының өтемақысына арналған өтінімдерін қанағаттандыру бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.»;
      мынадай мазмұндағы 52-2, 52-3-тараулармен толықтырылсын:
      «52-2-тарау. Мемлекет меншігіндегі концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлеу тәртібі
      499-11. Мемлекет меншігіндегі концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы (бұдан әрі – сыйақы) концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуін ескере отырып, концессиялық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде төлемдердің жалпы сомасынан айқындалған үлестермен бірыңғай төлемдер түрінде бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін концессионердің табыс алу көзі болып табылады.
      499-12. Концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлеу концессия объектісін пайдалану кезеңінде мемлекет меншігіндегі объектілер бойынша жүзеге асырылады.
      499-13. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган шығындарды өтеу көзі ретінде концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлеуді көздейтін концессиялық ұсыныс сараптамасының оң қорытындысын ескере отырып, концессиялық жобалар бойынша қорытындыны қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
      499-14. Сыйақы беру мүмкіндігі туралы шешімді концессиялық міндеттемелердің белгіленген лимиттерін ескере отырып, тиісті бюджет комиссиясы қабылдайды.
      499-15. Сыйақы төлеу концессия объектісін пайдалану кезеңінде жүзеге асырылады.
      499-16. Сыйақы төлеуді Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалар шегінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
      499-17. Сыйақы төлеу концессия шартында белгіленген тәртіпке және кестеге сәйкес жүргізіледі.
      499-18. Сыйақы төлеудің ең жоғары көлемі концессия шартымен белгіленеді. Егер концессионер концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша бұзған жағдайда, сыйақы төлеудің нақты көлемі төлемнің ең жоғары көлемімен салыстырғанда төмендейді.
      Өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін ұстап қалу мөлшері концессия шартымен айқындалады.
      Концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуі жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 наурызына дейін, концессионер мен концедент арасында қол қойылатын актімен расталады.
      Концессионердің концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша бұзушылықтары болмаған жағдайда, концессионерге сыйақы төлеудің ең жоғары көлемі төленеді.
      499-19. Сыйақы төлеуге республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
      499-20. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын концессия шарттарының талаптарын ескере отырып, бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады.
      499-21. Концессионердің республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен сыйақы төлеуге өтінімдерін қанағаттандыру бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
      52-3-тарау. Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақы төлеу тәртібі
      499-22. Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақы (бұдан әрі – қолжетімділік үшін төлемақы) шығындарды өтеу және концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуін ескере отырып, концессиялық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде төлемдердің жалпы санынан айқындалған үлестермен бірыңғай төлемдер түрінде бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін концессионердің табыс алу көзі болып табылады.
      Қолжетімділік үшін төлемақы:
      1) концессионердің инвестициялық шығындарының өтемақысынан;
      2) концессионердің пайдалану шығындарының өтемақысынан;
      3) мемлекет меншігіндегі концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақыдан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессионер меншігіндегі концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысынан тұрады.
      499-23. Қолжетімділік үшін төлемақы төлеуді әлеуметтік маңызы бар санатқа жататын концессиялық жобаларға ғана қатысты қолдануға болады.
      Концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар санатқа жатқызу критерийлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      499-24. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган шығындарды өтеу көзі ретінде концессионерге қолжетімділік үшін төлемақы төлеуді көздейтін концессиялық ұсыныс сараптамасының оң қорытындысын ескере отырып, концессиялық жобалар бойынша қорытындылар қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
      499-25. Қолжетімділік үшін төлемақы төлеу мүмкіндігі туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерінің белгіленген лимиттерін ескере отырып, тиісті бюджет комиссиясы қабылдайды.
      499-26. Қолжетімділік үшін төлемақы төлеу 52 (инвестициялық шығындар өтемақысы), 52-1 (пайдалану шығындарының өтемақысы), 52-2 (концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы) тарауларда айқындалған тәртіппен, сондай-ақ осы қаулыда айқындалған концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысын төлеу тәртібімен жүзеге асырылады.
      499-27. Қолжетімділік үшін төлемақы төлеу шеңберінде концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысын төлеу концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуін ескере отырып, концессиялық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде төлемдердің жалпы санынан айқындалған үлестермен бірыңғай төлемдер түрінде бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін концессионердің табыс алу көзі болып табылады.
      499-28. Қолжетімділік үшін төлемақы төлеу шеңберінде (бұдан әрі – жалдау төлемақысы) концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысын төлеу концессия объектісін пайдалану кезеңінде жеке меншіктегі (концессионер меншігіндегі) объектілер бойынша ғана жүзеге асырылады.
      499-29. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган шығындарды өтеу көзі ретінде концессионер меншігіндегі концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысын төлеуді көздейтін әзірленген концессиялық ұсыныс сараптамасының оң қорытындысын ескере отырып, концессиялық жобалар бойынша қорытынды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
      499-30. Концессионерге жалдау төлемақысын төлеу мүмкіндігі туралы шешімді концессиялық міндеттемелердің белгіленген лимиттерін ескере отырып, тиісті бюджет комиссиясы қабылдайды.
      499-31. Жалдау төлемақысын төлеу концессионер меншігіндегі концессия объектісін пайдалану кезеңінде жүзеге асырылады.
      499-32. Жалдау төлемақысын төлеуді Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалар шегінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
      499-33. Жалдау төлемақысын төлеу концессия шартында белгіленген тәртіпке және кестеге сәйкес жүргізіледі.
      499-34. Жалдау төлемақысы бойынша төлемнің ең жоғары көлемі концессия шартымен белгіленеді. Концессионер концессия шартының, оның ішінде жалға берілетін үй-жай мен көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша талаптарын бұзған жағдайда, жалдау төлемақысы бойынша төлемнің нақты көлемі төлемнің ең жоғары көлемімен салыстырғанда төмендейді.
      Өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін ұстап қалу мөлшері концессия шартымен айқындалады.
      Концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуі жыл сайын жыл қорытындылары бойынша, келесі жылдың бірінші тоқсанында концессионер мен концедент арасында қол қойылатын актімен расталады.
      Концессионердің концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша бұзушылықтары болмаған жағдайда, концессионерге жалдау төлемақыларын төлеудің ең жоғары көлемі төленеді.
      499-35. Жалдау төлемақыларын төлеуге республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
      499-36. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын концессия шарттарының талаптарын есепке ала отырып, бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады.
      499-37. Концессионердің жалдау төлемақыларын төлеуге өтінімдерін қанағаттандыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.»;
      772 және 773-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «772. Қарыз алушылар:
      1) техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) және облигацияларды шығару проспектісінің жобасын конкурстық өтінімдер құрамында дайындауды;
      2) осы Ережеге және мемлекет кепілгерлігін беру процесіне қатысушылардың талаптарына сәйкес концессиялық жобаларды қарау үшін талап етілетін құжаттама беруді қамтамасыз етеді;
      3) жыл сайын қарыз берушіге және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға алдыңғы сақтандыру шартының мерзімі өткенге дейін кемінде бір ай қалғанда сақтандыру шартын береді;
      4) концессия шартын жасасады;
      5) облигацияларды ұстаушылардың өкілімен облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарт жасасады.
      773. Салалық уәкілетті органдар:
      1) ТЭН мен концессиялық ұсыныс дайындауды жүзеге асырады;
      2) концессиялық жобалардың салалық сараптамасын жүргізеді;
      3) салалық сараптама нәтижелері бойынша тиісті қорытынды береді;
      4) мемлекет кепілгерлігін, инфрақұрылымдық облигациялар шығару проспектісінің жобасын, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессиялық өтінімі сараптамасының оң қорытындысын алуға үміткер әлеуетті концессионер конкурсқа ұсынған концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптамалардың басқа да қорытындыларын қамтитын құжаттаманы жібереді;
      5) концессия шартын жасасады.»;
      781-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «781. Салалық уәкілетті орган (концессионер таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы) мемлекет кепілгерлігін, инфрақұрылымдық облигацияларды шығару проспектісінің жобасын, салалық сараптаманың және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессиялық өтінімінің экономикалық сараптамасының және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет басқа да сараптамалардың оң қорытындыларын алуға үміткер қарыз алушы конкурсқа ұсынған концессиялық жоба ТЭН-ін ұсынғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаның қаржылық сараптамасын жүргізуді ұйымдастырады және екі ай ішінде концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушыға жіберетін тиісті қорытындыны дайындайды.»;
      мынадай мазмұндағы 781-1, 781-2, 781-3, 781-4-тармақтармен толықтырылсын:
      «781-1. Концессионер таңдау жөніндегі конкурстың ұйымдастырушысы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның концессиялық жобасының қаржылық сараптамасының оң қорытындысы негізінде жоспарланған кезеңге мемлекет кепілгерлігін ұсыну лимитінің шегінде концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігін беру туралы ақпаратты дайындайды және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
      781-2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігін беру туралы мәселені Республикалық бюджет комиссиясына шығарады. Республикалық бюджет комиссиясы жоспарланған кезеңге мемлекет кепілгерлігін ұсыну лимитінің шегінде концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігінің мөлшерін айқындайды.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган конкурс ұйымдастырушысына Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің хаттамасынан үзінді көшірмені алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жібереді.
      781-3. Қарыз алушы концессиялық жоба құрылысының құнын ұлғайту ТЭН-ін, инфрақұрылымдық облигацияларды шығару проспектісіне енгізілетін өзгерістер жобасын, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган сараптамасының және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет басқа да сараптамалардың оң қорытындыларын ұсынғаннан кейін, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігінің мөлшерін ұлғайтуға қаржылық сараптама жүргізуді ұйымдастырады және 30 (отыз) жұмыс күні ішінде тиісті қорытынды дайындайды.
      781-4. Мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту:
      1) егер мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер немесе конкурс өткізу кезінде ескерілмеген толықтырулар енгізілсе және осындай өзгеріс немесе толықтыру сомасын қосымша қаржыландыру туралы концессия шарты тараптарының бірлескен шешімі қабылданса;
      2) егер ұлғайту құрылыс жұмыстарының ұзақ мерзімділігіне және жобалау-сметалық құжаттамада ескерілмеген концессия объектісінің құрылысы құнына концессионерге тәуелді емес объективті себептердің (форс-мажорлық жағдайлар, инфляция, дағдарыс, салық саясатының өзгеруі және басқалары) ықпал етуіне байланысты болса, концессиялық жобаны қаржыландыру көлемін ұлғайту қажет болған жағдайларда, Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      мынадай мазмұндағы 782-1, 782-2 және 782-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «782-1. Мемлекеттің берілген кепілгерлігінің көлемін ұлғайтудың міндетті шарттары мыналар:
      1) мемлекет кепілгерліктерінің жоспарланған кезеңге арналған жалпы лимитінің болуы;
      2) концессиялық жобаның экономикалық өзін-өзі өтеу параметрлерінің сақталуы (оның ішінде болжамды кассалық айырмашылықтардың болмауы, таза келтірілген құнның оң көрсеткішінің болуы, концессиялық жоба кірістілігінің ішкі нормасын сақтау) және концессия шартында көзделген қаржы ковенанттарын орындау (қарыз алушының кейбір қаржылық көрсеткіштерді белгілі бір деңгейде ұстау міндеттемелері);
      3) концессия объектісі құрылысының ұлғаю құны кемінде 20 (жиырма) пайыз құрайтын мөлшерге дейін концессия объектісінің құрылысына/реконструкциясына концессионер салатын жеке қаражат мөлшерін теңбе-тең ұлғайту;
      4) сақтандыру шарты ұсынылмай мемлекет кепілгерлігі берілген жағдайларды қоспағанда, мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту сомасына мемлекет кепілгерлігі жөніндегі міндеттемелерді орындауға алынған республикалық бюджет қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартының сомасын ұлғайту болып табылады.
      782-2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган кезекті қаржы жылының лимиті шегінде концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігін ұлғайту туралы мәселені қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      782-3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының шешімін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бюджет комиссиясының шешімі хаттамасынан үзінді көшірмені және қаржылық сараптама қорытындысының көшірмесін салалық уәкілетті органға (концедентке) жолдайды.»;
      783-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «783. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген барлық қажетті талаптар қанағаттандырылған кезде, бюджет заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға алынған республикалық бюджет қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шарты ресімделген және берілген, қарыз алушы мемлекет кепілгерлігін ұсынғаны үшін біржолғы төлемді (алымды) алдын ала төлеген соң, мемлекет кепілгерлігі кепілгерлік шартын жасау арқылы беріледі.
      Бұл ретте, сақтандыру шартын беру мерзімдері мен шарттары және қарыз қайтарымын қамтамасыз ету жөніндегі сақтандыру шартына қойылатын талаптар кепілгерлік шартында көзделеді.
      Кепілгерлік шартының мерзімі концессия шартын қолдану мерзімінен аспауы тиіс.
      Концессия шарты жасалған сәттен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде қарыз алушы сақтандыру шартын жасауы тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы 783-1, 783-2 және 783-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «783-1. Республикалық бюджет комиссиясының шешімі негізінде салалық уәкілетті орган (концедент) тиісті шешім қабылдау үшін қаулы жобасын әзірлейді және оны мүдделі мемлекеттік органдармен келіседі және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
      783-2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның концессия шартына өзгерістер мен толықтырулар жобасына келісім алынғаннан кейін және егер концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның табиғи монополия салаларында іске асырылған жағдайда, концессия шартына қосымша келісім жасалады. Концессия шартына қосымша келісім заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеуге жатады.
      783-3. Мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген барлық қажетті талаптар қанағаттандырылған кезде, концессия шартына қосымша келісім жасалған, мемлекет кепілгерлігін ұлғайту сомасына мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға алынған республикалық бюджет қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шарты ресімделген және берілген, қарыз алушы мемлекет кепілгерлігінің ұлғайған бөлігі үшін біржолғы төлемді (алымды) алдын ала төлеген соң, кепілгерлік шартына қосымша келісім шарт жасау арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде жүргізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 786-1-тармақпен толықтырылсын:
      «786-1. Республикалық бюджет комиссиясының шешімі негізінде концессия шартының жобасы мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісілгеннен кейін салалық уәкілетті орган (конкурсты ұйымдастырушы) қаулы жобасын әзірлейді, мүдделі мемлекеттік органдармен келіседі және тиісті шешім қабылдау үшін оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.»;
      83 және 84-тараулар мынадай редакцияда жазылсын:
      «83-тарау. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркеу және есепке алу тәртібі
      788. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін тіркеуді және есепке алуды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
      789. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелері;
      2) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелері тіркеуге және есепке алуға жатады.
      790. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді есепке алу Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің мониторингін жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі.
      Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді есепке алуды жүргізу үшін тиісті тізілімге мәліметтерді енгізу арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін тіркеу жүзеге асырылады.
      791. Тізілім тіркеу журналы мен дерекқорда жүргізіледі. Нөмірленген және тігілген, тізілімді жүргізуге жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының мөрімен және қолымен куәландырылған тіркеу журналы мынадай ақпаратты:
      1) тіркеу күнін;
      2) тіркеу нөмірін;
      3) концессия шартының атауы мен нөмірін;
      4) концессия шарты бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерін;
      5) жауапты тұлғаның тегін, атын, әкесінің аты мен қолын қамтиды.
      Дерекқор ақпаратты жинау, өңдеу мен сақтаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін білдіреді.
      792. Қазақстан Республикасы Yкіметінің концессиялық міндеттемелерін тіркеу тиісті концессия шарттары негізінде мемлекеттік концессиялық міндеттемеге тіркеу нөмірін беру және мемлекеттік концессиялық міндеттемелер тізіліміне енгізу жолымен жүзеге асырылады.
      793. Қазақстан Республикасы Yкіметінің концессиялық міндеттемелерін есепке алу концессия шартының негізгі есепке алу сипаттамаларын (концессия шартының нөмірі мен күні, концессионер, концессия шартының орындалу нысанасы мен мерзімі, инвестициялық шығындарды өтеу бойынша жыл сайынғы төлемақыларды қоса алғанда, Үкіметтiң мемлекеттік концессиялық міндеттемелері, пайдалану шығындарының өтемақылары, концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақылар, сондай-ақ инфляцияны ескере отырып, концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемі мен қолжетімділік төлемі, мемлекеттік концессиялық міндеттемелер төлеуді жүзеге асыру шарттары), сондай-ақ қажет болған кезде – концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің жекелеген көрсеткіштерін және оның жобалау-сметалық құжаттамасының немесе жұмыс жобасы (олар болған кезде) дерекқорға енгізу жолымен жүргізіледі.
      794. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін тіркеу концессия шартына қол қойылғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      795. Концессия объектісінің құрылысы аяқталғаннан кейін, концессия объектісін пайдалануға мемлекеттік қабылдау актісінің нотариалды куәландырылған көшірмесі негізінде концессия объектісі пайдалануға қабылданғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күн ішінде дерекқорға тиісті өзгерістер енгізу жолымен Үкіметтің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін нақтылау жүргізіледі.
      796. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін тіркеу мен есепке алуды тиісті концессия шарттары негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
      797. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін тіркеу мемлекеттік концессиялық міндеттемеге тіркеу нөмірін беру және оны мемлекеттік концессиялық міндеттемелер тізіліміне енгізу арқылы жүзеге асырылады.
      798. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін есепке алу концессия шартының негізгі есепке алу сипаттамаларын (концессия шартының нөмірі мен күні, концессионер, концессия шартының орындалу нысанасы мен мерзімі, инвестициялық шығындарды өтеу бойынша жыл сайынғы төлемақыларды қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелері, пайдалану шығындарының өтемақылары, концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақылар, сондай-ақ инфляцияны ескере отырып, концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемі мен қолжетімділік төлемі, концессиялық міндеттемелер төлеуді жүзеге асыру шарттары), сондай-ақ қажет болған кезде – концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің жекелеген көрсеткіштерін және оның жобалау-сметалық құжаттамасының немесе жұмыс жобасының (олар болған кезде) дерекқорға енгізу жолымен жүргізіледі.
      799. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін тіркеу концессия шартына қол қойылғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      800. Концессия объектісінің құрылысы аяқталғаннан кейін концессия объектісін пайдалануға мемлекеттік қабылдау актісінің нотариалды куәландырылған көшірмесі негізінде, концессия объектісі пайдалануға қабылданғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде дерекқорға тиісті өзгерістер енгізу жолымен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін нақтылау жүргізіледі.
      84-тарау. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің мониторингі
      801. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның атынан тиісінше концессиялық міндеттемелерді есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және орындау процесін бақылау жөніндегі мемлекет қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің мониторингін білдіреді.
      802. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелер мониторингінің объектілері:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелері;
      2) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелері болып табылады.
      803. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің мониторингі:
      1) мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркеу және есепке алу;
      2) мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің концессия шартына сәйкес орындалуын жүзеге асыруды қамтамасыз ету және бақылау;
      3) мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің орындалу жағдайларына ықпал ететін көрсеткіштерді есепке алу жөніндегі жұмыстарды қамтиды.
      804. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің мониторингін жүргізу үшін мынадай құжаттар:
      1) концессионерлердің есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметі туралы аудиттелген есептері;
      2) концессия объектілерін пайдалануға мемлекеттік қабылдау актілерінің көшірмелері;
      3) концессионерлердің өндірілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден және есепті кезеңдегі концессия объектілерін пайдаланудан алынған табыстары туралы есептері;
      4) айыппұл ведомостілері негізінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің орындалу жай-күйі туралы деректерді ағымдағы жаңарту үшін концессия шарттары тараптарының өз міндеттемелерін орындау жөнінде ақпарат жинау жүзеге асырылады.
      805. Алынатын ақпаратты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшелері жинақтайды және талдайды, тиісінше, ол автоматтандырылған ақпараттық жүйенің дерекқорында жиналады және сақталады.
      806. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелер мониторингінің нәтижелері Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындауларының ағымдағы жай-күйі туралы есептер, кестелер, диаграммалар түрінде, қағаз тасығыштарда, сол сияқты электрондық ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау жүйесі пайдаланыла отырып та ресімделеді.».
      5. «Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау және мемлекет кепілгерліктерін беру немесе лимит көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 1343 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 57-құжат):
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу, концессия шарттарына мониторинг жүргізу, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобалардың мониторингі және олардың іске асырылуын бағалау, мемлекет кепілгерліктерін беру немесе лимит көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобалардың мониторингі және олардың іске асырылуын бағалау қағидасы;»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидасы осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасы осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидасы осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе лимит көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидасы осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      6. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 691-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасында:
      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Ұйымдастырушы мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, сондай-ақ тапсырыс берушінің өтініші бойынша МҒТС өзге де объектілерін МҒТС жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
      6. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға жататын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың МҒТС құзыретті шетелдік және қазақстандық сарапшылар жүргізеді.».
      7. «Концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 457 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 43, 576-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу критерийлерінде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақыны қолдану мақсатында концессиялық жобаны әлеуметтік маңызы бар жобалардың санатына жатқызу жүзеге асырылады.»;
      4-тармақта:
      1) тармақшаның бесінші абзацындағы «шаруашылық салаларының бірінде концессиялық жобаларды іске асыру;» деген сөздер «шаруашылық;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «көлік салаларының бірінде концессиялық жобаларды іске асыру.»;
      2) тармақшаның бесінші абзацындағы «объектілерінің санын ұлғайтуға алып келетін концессиялық жобаларды іске асыру.» деген сөздер «объектілерінің;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «көлік саласы объектілерінің санын ұлғайтуға алып келетін концессиялық жобаларды іске асыру.».

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1305 қаулысына     
1-қосымша        

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2006 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1326 қаулысымен     
бекітілген         

Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның үлгі
шарты

____________________                     20__ жылғы «___» ___________
(қол қойылатын қала)                            (жасалған күні)

      Бұдан әрі Концедент деп аталатын _______________________ атынан
                                         (мемлекеттік орган)
_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
(тұлғаның өкілеттіктерін белгілейтін құжаттың
           атауы мен деректемелері)
_____________________________________________________________________
                 (уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.)
бір тараптан және бұдан әрі Концессионер деп аталатын ________ атынан
                                        (заңды, жеке тұлға және т.б.)
_____________________________________________________________________
       (тұлғаның өкілеттіктерін белгілейтін құжаттың атауы мен
                              деректемелері)
негізінде әрекет ететін _____________________________ екінші тараптан
                    (уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.)
бұдан әрі бірлесіп Тараптар, жеке алғанда Тарап, деп аталатындар
Концессиялар жөніндегі комиссияның __________________________________
                                   (комиссияның толық атауын көрсету)
20__ жылғы «___» ___________________ № ____ шешіміне сәйкес концессия
объектілерін салуға немесе реконструкциялауға және пайдалануға
арналған үлгі шартты жасасты.

1. Анықтамалар

      Осы бөлімде түсініктеме берілмеген анықтамалар мен терминдердің
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде
қамтылған анықтамалар мен терминдерге сәйкес келетін мәні болады:
      1) Үлгі шарт – осы Үлгі шартты, Үлгі шартта көрсетілген және
Үлгі шарттың ажырамас бөліктері болып табылатын Үлгі шарттың барлық
қосымшалары (егер олар болса, оған қоса берілетін құжаттар);
      2) концессия объектісі – концессия объектісінің атауы;
      3) концессиялық жоба – Үлгі шарттың қолданылу мерзімі ішінде
іске асырылатын және аяқталған сипатқа ие концессия объектісін құруды
(реконструкциялауды) және пайдалануды жүзеге асыру жөніндегі
iс-шаралар жиынтығы;
      4) концессиялық жобаны басқару – жобаны басқару рәсімдерінің
орындалуы: жобаның шарттарын айқындау, тұжырымдау, өзгерту, жобаны
жоспарлау, жобаны техникалық орындау (жоспарлау мен бақылауды
қоспағанда), жобаның орындалуын бақылау;
      5) баланс ұстаушы – балансына Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікке қабылдауға
жататын концессия объектісін бекіту болжанатын мемлекеттік заңды
тұлға;
      6) концессия объектісін пайдалану – Концессионердің концессия
объектісін Үлгі шартта айқындалған тәртіппен және шарттарда концессия
объектісінің тағайындауына сәйкес, оның ішінде тауарлар өндіру
және/немесе жұмыстарды орындау және/немесе қызметтер көрсету
мақсатында пайдалануы;
      7) концессия объектісін басқару – концессия объектісін
сенімгерлік басқару;
      8) жобалау құжаттамасы – концессия объектісін құру және/немесе
реконструкциялау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
әзірленуі мен бекітілуі талап етілетін құжаттама;
      9) кадрлар – Концессионердің сол немесе өзге қызмет саласындағы
даярланған, білікті қызметкерлерінің негізгі (штаттық) құрамы;
      10) тәуекелдер – пайда болған жағдайда оң немесе теріс әсері
болатын, ақша түріндегі сатып алуларға немесе шығындарға алып келетін
оқиға немесе шарт;
      11) кадрлардағы жергілікті қамту – жұмысшылар мен қызметшілерді
әрбір санат бойынша бөлумен, келісімшартты орындау кезінде тартылған
персоналдың жалпы санына қатысты пайызбен алынған қазақстандық
кадрлардың саны;
      12) жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) жергілікті қамту –
жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарларда, шарттың және
(немесе) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын
қызметкерлердің еңбекақысын төлеу құнында, жұмысты орындау кезінде
пайдаланылатын тауарлар құнын және қосымша мердігерлер шарттарының
бағаларын шегерумен, жұмысты орындауға немесе қызмет көрсетуге
арналған шарт бойынша жұмысты (көрсетілетін қызметті) өндірушінің
еңбекақысын төлеу қорында жергілікті қамту құнының жалпы жиынтық
үлесі;
      13) тауардағы жергілікті қамту – Қазақстан Республикасының
аумағында жүзеге асырылатын тауарларды өндірушінің тауарды өңдеуге
пайдаланылатын жергілікті материалдар мен шығындар құнының тауардың
түпкілікті құнындағы пайыздық құрамы;
      14) арнайы қаржы компаниясы – «Жобалық қаржыландыру және
секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
Концессионер құратын компания.

2. Үлгі шарттың нысанасы және концессия объектісі

      1. Үлгі шарттың нысанасы Тараптардың __________________________
                                               (керегін көрсету)
қоғамдық мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатында концессия
объектісін салуға және/немесе реконструкциялауға және пайдалануға,
концессия объектісін сенімгерлік басқаруға немесе концессионерге
мүліктік жалға алуға (жалдауға) немесе концедентке немесе оның
уәкілетті тұлғасына мүліктік жалға алуға (жалдауға) беруге
бағытталған қызметін жүзеге асыру кезінде Тараптардың
қарым-қатынастарын реттеу болып табылады.
      2. Салынатын және/немесе реконструкцияланатын концессия
объектісін сипаттау, мүлік құрамы, техникалық жай-күйі, қызмет ету
мерзімі, концессия объектісінің болжанған бастапқы, қалдық және
қалпына келтіру құны, технология мен технологиялық жабдықтар туралы
мәліметтерді қоса алғанда, техникалық-экономикалық ерекшеліктер Үлгі
шартқа 1-қосымшада көрсетілген.
      3. (Егер бұл Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі)
Концедент Үлгі шартта көрсетілген қызметті Концессионер жүзеге асыру
үшін ________________________________________________________________
      (концессия объектісімен біртұтас болады және/немесе концессия
                                объектісімен
_____________________________________________________________________
                 жалпы тағайындау бойынша пайдалануға
_____________________________________________________________________
                      арналған – керегін көрсету)
мүлікті (бұдан әрі – өзге мүлік) Концессионерге беруге құқылы.
      Өзге мүліктің құрамы және оның сипаттамасы, оның ішінде
техникалық-экономикалық ерекшеліктері, мүліктің құрамы, техникалық
жай-күйі, қызмет ету мерзімі, берілетін мүліктің бастапқы, қалдық
және қалпына келтіру құны туралы мәліметтерді қоса алғанда, өзге
мүліктің құрамына кіретін объектілер тізбесі, Концессионердің өзге
мүлікті иелену және пайдалану мерзімі Үлгі шартқа 2-қосымшада
келтірілген.
      Концедент иелену және пайдалану құқығы Үлгі шартқа сәйкес
Концессионерге берілетін өзге мүліктің меншік иесі екендігіне
кепілдік береді.
      4. (Егер қажет болса, енгізіледі) Концессия объектісі және өзге
мүлік осы Үлгі шарт жасалған кезде, _________________________________
                                      (құқық белгілеуші құжаттардың
                                     және/немесе өзге мүлікке қатысты
_____________________________________________________________________
                   Концеденттің меншік құқықтарын
_____________________________________________________________________
     мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың атауы мен деректемелері
негізінде меншік құқығында Концедентке тиесілі.
      Концеденттің меншік құқығын куәландыратын құжаттардың
көшірмелері және/немесе түпнұсқалары Үлгі шартқа қоса беріледі.
      5. Концессия объектісінде мынадай ауыртпалықтар мен пайдалану
шектеулері бар және/немесе тіркелген _______________________________.
                                            (керегін көрсету)
      6. (Егер бұл Концессиялық жобада көзделген болса, енгізіледі)
Концессионер Үлгі шарт бойынша қызметін жүзеге асырған кезде
пайдалануға арналған концессия объектісінің құрамына кірмейтін,
жылжымайтын мүлік объектілерін құрады, олардың сипаттамасы, мүліктің
құрамы, техникалық жай-күйі, қызмет ету мерзімі, мүліктің болжамды
бастапқы, қалдық және қалпына келтіру құны, технология мен
технологиялық жабдықтар туралы мәліметтерді қоса алғанда,
техникалық-экономикалық ерекшеліктері Үлгі шартқа 3-қосымшада
көрсетілген.
      7. Концессиялық жобаны жүзеге асыру кестесі осы Үлгі шартқа
4-қосымшада көрсетілген.
      8. Концессиялық жобаның өнімі, жұмыстары мен көрсетілетін
қызметтері және оларды өткізу нарығы _______________________________.
                                            (керегін көрсету)
      9. Концессиялық жобаның өндірістік бағдарламасы концессиялық
жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің (бұдан әрі – ТЭН)
қаржылық-экономикалық бөлімінде көрсетілген (Үлгі шартқа 5-қосымша).
      10. Концессиялық жобаны іске асырудың негізгі
қаржылық-экономикалық көрсеткіштері концессиялық жобаның басты
негіздемелері мен базалық шарттары көрсетілетін, сондай-ақ:
      1) концессиялық жобаны жүзеге асыру кестесіне сәйкес рұқсаттар
мен лицензиялар алу үшін көзделген болжамды мерзімдерді;
      2) концессиялық жобаны жүзеге асыру кестесіне сәйкес жұмыстарды
орындау үшін көзделген мерзімдерді;
      3) мемлекеттік қолдау шараларының төлемдері мен мемлекеттік
бюджет қаражатынан өзге де төлемдердің сомасы мен кестесін;
      4) концессия объектісін пайдалану кезіндегі коммерциялық табыс
пен таза пайданың сомаларын;
      5) концессиялық жобаға арналған жылжымайтын мүлікті және жер
учаскелерін иеліктен айыру бойынша өтемақыларды төлеуге арналған
жалпы соманы;
      6) концессиялық жобаны іске асыруға кедергі болатын жағдайларды
жоюға арналған шығындардың жалпы сомасын;
      7) концессия объектісін пайдалану кезеңінде өндірілетін
өнімдердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сипаттамалары мен
мәнін (табиғи монополиялар салаларында концессиялық жобаны іске
асырған жағдайда енгізіледі);
      8) тарифтерді қалыптастыру тәртібін және мыналардың:
      тарифке (баға, алым мөлшерлемесі) енгізілген шығындар
көлемдерінің және табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар
салаларындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарифті
қалыптастыру кезінде ескерілмейтін шығыстардың;
      тарифте ескерілетін негізгі құралдар мен материалдық емес
активтер тозуының жыл сайынғы сомаларының;
      реттелетін қызметтердің (тауарлар, жұмыстар) түрлері бойынша
реттелетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) болжамды
көлемінің;
      инвестицияланған капиталды қайтарудың жыл сайынғы сомаларының;
      инвестицияланған жеке қаражатқа жыл сайынғы пайданың
есептеулерін қамтитын тарифке (баға, алым мөлшерлемесі) енгізілетін
жыл сайынғы пайда болжамын;
      9) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің тозуын
есептеу әдістерін, негізгі құралдарды қайта бағалау жүргізу
мерзімдерін және амортизациялық аударымдар қаражатын пайдалану
бағыттарын;
      10) нормативтік техникалық шығындар болжамы мен шикізат,
материалдар, отын, энергия шығысының болжамды техникалық және
технологиялық нормаларын;
      11) негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы
жөндеулерге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына
бағытталатын шығындардың жыл сайынғы болжамды сметасын;
      12) штаттық кестені және еңбекақы төлеудің шекті деңгейін;
      13) инвестицияланған капиталды тартудың болжамды шекті мөлшері
мен алдын ала шарттарын (пайыздық мәнінде инвестицияланған капитал
құрылымындағы қарыздық және меншікті қаражаттың арақатынасы, қарыз
капиталының сыйақы мөлшерлемесі және меншікті қаражат пайдасының
мөлшерлемесі, нысаналы пайдалану, игеру кестесі, инвестицияланған
капиталды қайтару шарттары) қамтитын концессиялық жобаның ТЭН-де
бекітіледі (Үлгі шартқа 5-қосымша).
      11. Концессиялық жобаның өніміне, жұмыстары мен көрсетілетін
қызметтеріне баға белгілеу жүйесі осы Үлгі шартқа 6-қосымшада
көрсетілген.
      Табиғи монополиялар салаларында концессиялық жобаны іске асыру
кезінде осы Үлгі шартқа 6-қосымшада тарифтерді (бағаларды, алымдар
мөлшерлемелерін) есептеу тәртібі (формулалар), болжамды тарифтік
сметалар және табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар
салаларындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес
есептелген болжамды тарифтер келтірілген.
      Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне
(бұдан әрі – тіркелім) енгізілген концессионерлер уәкілетті органның
оны тіркелімге енгізу туралы хабарламасын алған сәттен бастап он күн
мерзімінде уәкілетті органға тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін)
және тарифтік сметаны оңайлатылған тәртіппен бекіту жөніндегі
өтінімді ұсынады.
      12. Үлгі шарттан туындайтын немесе Үлгі шартқа сәйкес ұсынылған
Концессионердің барлық құқықтары, өкілеттіктері мен міндеттері Үлгі
шарттың қолданылу кезеңі ішінде Концессионер үшін айрықша болып
табылады және Концедент Концессионердің осы құқықтары мен
міндеттемелерінің ешбіреуін Үлгі шарттың қолданылу кезеңі ішінде
Концессионердің жазбаша келісімінсіз кез келген өзге тұлғаға бермеуге
міндеттенеді.

3. Концессионерге жер учаскелерін беру тәртібі

      13. Концессионерге осы Үлгі шартты орындау мақсатында жер
учаскелеріне құқық беру оны жасау, бұзу және тоқтату тәртібі
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын тиісті шарт
негізінде іске асырылады.
      14. Концессия объектісін салу және пайдалану үшін қажетті жер
учаскесін сипаттау, оның ішінде оның кадастрлық нөмірі, құны,
орналасқан жері, ауданы, шекарасын сипаттау, мемлекеттік жер
кадастрынан үзінді Үлгі шартқа 7-қосымшада келтірілген.
      15. (Егер концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Үлгі
шарттың 6-тармағында көрсетілген жылжымайтын мүлікті салуға және
пайдалануға қажетті жер учаскесін сипаттау, оның ішінде кадастрлық
нөмірі, құны, орналасқан жері, ауданы, шекарасын сипаттау,
мемлекеттік жер кадастрынан үзінді Үлгі шартқа 8-қосымшада
келтірілген.
      16. Жер учаскелері концессия объектісін салу кезеңінде уақытша
өтеусіз пайдалану шартымен беріледі.
      17. Егер Жер учаскесі шартында ________________________________
                                    (жалдау, қосалқы жалдау – керегін
                                                көрсету)
өзгеше көзделмесе, Концессионердің жер учаскесіне өзінің құқықтарын
өзге тұлғаларға беруге және жер учаскесін қосалқы жалдауға беруге
құқығы жоқ.
      18. Үлгі шартты тоқтату Концессионердің жер учаскесіне
құқықтарын тоқтау үшін негіз болып табылады.

4. Концессиялық жобаның инвестициялары

      19. Концессиялық жобаны қаржыландыру көздері, құрылымы,
мерзімдері, кестесі және шарттары, оның ішінде негізгі қорларға
инвестициялар, сыртқы қаржыландыру шарттары, қаржыландыру схемасы мен
оны ұйымдастыру Үлгі шартқа 9-қосымшада көрсетілген.
      Табиғи монополиялар салаларындағы концессиялық жобаны іске
асырған кезде табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар
салаларындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес
әзірленген концессиялық жобаның инвестициялық бағдарламасы осы Үлгі
шартқа 9-қосымша болып табылады.
      20. (Егер көрсетілген ереже осы Үлгі шартты жасау туралы
Концедент шешімімен көзделген жағдайда, шарт мәтініне енгізуге
жатады) Концедент Концессионерге Үлгі шартқа 9-қосымшада көрсетілген
шарттарда, көлемдерде, нысандар мен мерзімде концессия объектісінің
_____________________________________________________________________
(құруға, құруға және реконструкциялауға, реконструкциялауға – керегін
                               көрсету)
шығыстарын қаржыландыруға қаражат жіберуге міндетті.
      21. Инвестициялар, оның ішінде концессия объектісін жасау
және/немесе реконструкциялау бойынша жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтерді қаржыландыру Үлгі шарттың 12-бөлімінде көрсетілген
шығындарды өтеу және кірістерді алу көздері есебінен өтеуге жатады.
      22. Концессионер концессия объектісін пайдалануға байланысты
қызмет бойынша есеп айырысулар үшін жеке банктік есепшот ашады.
      23. Бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау
үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан
Республикасы заңнамасының талаптарына, халықаралық немесе ұлттық
стандарттарға және бухгалтерлік есепке алудың үлгі есепшоттары
жоспарына сәйкес, олардың қажеттіліктері мен қызмет ерекшеліктерін
негізге ала отырып, Концессионер есепке алу саясатын қабылдауға
міндетті.
      Концессионер бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы
Қазақстан Республикасы заңнамасының, есепке алу саясатының сақталуын
қамтамасыз ету, активтерді сақтау, бухгалтерлік есепті жүргізу және
қаржылық есептілікті жасау кезінде жымқыру және қателік жағдайларының
алдын алу және оларды анықтау жөніндегі шараларды қоса алғанда,
операцияларды тиімді жүргізу мақсатында Концедент өкілдері қосыла
алатын ішкі бақылау қызметін ұйымдастыруға құқылы.
      (Егер концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларында іске
асырылатын болса, енгізіледі)
      Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар туралы Қазақстан
Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін Концессионер
мыналарға:
      реттелетін қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi
бойынша және жалпы өзге қызмет бойынша кірістердің, шығындар мен
тартылған активтердiң бөлек есебін жүргiзуге, осыған байланысты
табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылық
етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекiткен тәртiппен табиғи
монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінiң
(тауарлардың, жұмыстардың) түрлерi бойынша кірістердің, шығындар мен
тартылған активтердiң бөлек есебін жүргiзу әдістемелерін келісуге;
      табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда
басшылық етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган көздеген тәртіппен
есепке алу саясатын келісуге міндетті.

5. Концессиялық жобаны басқаруды ұйымдастыру

      24. Концессиялық жобаны басқарудың институционалдық схемасы
Үлгі шартқа 10-қосымшада көрсетілген.
      25. Мемлекеттік меншікке берілетін немесе мемлекеттік
меншіктегі концессия объектісінің баланс ұстаушы
_____________________________________________________ болып табылады.
      (заңды тұлғаның деректемелерін көрсету)
      26. Баланс ұстаушы Үлгі шарт бойынша Концедент мүддесіне орай
концессия объектісіне қатысты мынадай құқықтар мен міндеттерге ие:
____________________________________________________________________.
                          (керегін көрсету)
      27. Концессия объектісінің техникалық жай-күйін бақылау мынадай
тәртіппен жүзеге асырылады:
_____________________________________________________________________
(тұлғаларды және олардың жобаны жасау және/немесе пайдалану сатысында
                                оны басқару
_____________________________________________________________________
жөніндегі құзыреттерін, сондай-ақ, құзыретінің негіздемелерін (шарт,
                               сенімхат және
_____________________________________________________________________
                            басқалары) көрсету
      28. Концессиялық жоба бойынша өндірілетін өнімдердің, жұмыстар
мен көрсетілетін қызметтердің саны мен сапасын бақылау мынадай
тәртіппен жүзеге асырылады
_____________________________________________________________________
    (тұлғаларды және олардың жобаны жасау және/немесе пайдалану
_____________________________________________________________________
      сатысында оны басқару жөніндегі құзыреттерін, сондай-ақ,
_____________________________________________________________________
 құзыретінің негіздемелерін (шарт, сенімхат және басқалары) көрсету
      29. Концессиялық жоба бойынша өндірілетін өнімдердің, жұмыстар
мен көрсетілетін қызметтердің тарифтері мен бағаларын бақылау мынадай
тәртіппен жүзеге асырылады __________________________________________
                             (тұлғаларды және олардың жобаны жасау
                                      және/немесе пайдалану
_____________________________________________________________________
      сатысында оны басқару жөніндегі құзыреттерін, сондай-ақ,
_____________________________________________________________________
құзыретінің негіздемелерін (шарт, сенімхат және басқалары) көрсету

6. Концессия объектісін құру және/немесе реконструкциялауды
ұйымдастыру

      30. Концессия объектісін құру және/немесе реконструкциялау оның
материалдары, күші және қаражатын пайдалану арқылы Концессионер
тартатын қаражат есебінен жүзеге асырылады. Концессия объектісін құру
және реконструкциялау кезеңінде пайда болатын тәуекелдер
Концессионерге жүктеледі.
      Салынып жатқан, реконструкцияланатын концессия объектісінің
техникалық құрамына, ұсынылған материалдар мен жабдықтардың тиісті
емес сапасына, сондай-ақ үшінші тұлғалар құқықтарының ауыртпалығымен
ұсынылған материалдар мен жабдықтарды ұсынуға жауапты болады.
      31. Концессионер Үлгі шарттың 6-тармағында көрсетілген
концессия объектісін және жылжымайтын мүлік объектілерін құрады және
(немесе) реконструкциялайды, Үлгі шартқа 13-қосымшаларда және
жобалау құжаттамасында көрсетілген шарттар мен талаптарға сәйкес
объектілерге қажетті жақсартулар жүргізеді.
      32. Концедент Концессионерге және оның уәкілеттік берген
тұлғаларына концессия объектісіне еркін қолжетімділікті қамтамасыз
етеді.
      33. Концессионер осы Үлгі шарттың 27-тармағында көрсетілген
тұлғамен келісу бойынша, оның іс-қимылына жеке өзінікі секілді жауап
беретін үшінші тұлғаларды (қажет болған жағдайда нақты тартылатын
тұлғаларды көрсетуге болады) ________________________________________
                                (құру, құру және реконструкциялау,
                                реконструкциялау – керегін көрсету)
концессия объектісі бойынша жұмысты орындауға тартуға құқылы.
      34. ___________________________________________________________
                  (Концессионер, Концедент – керегін көрсету)
20__ жылғы «___» _____________ дейінгі Үлгі шарттың 6-тармағында
көрсетілген концессия объектісін және жылжымайтын мүлік объектілерін
_____________________________________________________________________
         (құру, құру және реконструкциялау, реконструкциялау –
                              керегін көрсету)
қажетті жобалау құжаттамасын ________________________________________
                               (әзірлеуге және Концедентпен келісуге,
___________________________________________________________ міндетті.
  әзірлеуге және Концессионерге беруге – керегін көрсету)
      Жобалау құжаттамасы Үлгі шартқа 13-қосымшаларға және
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қойылатын талаптарға
сәйкес келуі қажет.
      35. Концессионер Концеденттің келісімінсіз әзірленетін жобалау
құжаттамасын беруге немесе өзге тәсілмен пайдалануға, сондай-ақ
жобалау құжаттамасын немесе оның бір бөлігін үшінші тұлғаларға
иеліктен шығарып беруге құқығы жоқ.
      36. Концедент концессия объектісін ____________________________
                                              (құру, құру және
_____________________________________________________________________
         реконструкциялау, реконструкциялау – керегін көрсету)
бойынша жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру кезінде Концессионерге
мынадай іс-қимылдарды: ______________________________________________
                                (нақты іс-қимылдарды көрсету)
жүзеге асыру жолымен жәрдемдесуге міндетті.
      37. Концессионер жобалау құжаттамасының осы Үлгі шартта
белгіленген талаптарға, техникалық регламенттердің және Қазақстан
Республикасының өзге да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына
сәйкес келмеуін анықтаған жағдайда Концессионер бұл туралы
Концедентті дереу ескертуге және Концедент шешімінің негізінде
жобалау құжаттамасына қажетті өзгерістер енгізгенге дейін концессия
объектісін
_____________________________________________________________________
    (құру, құру және реконструкциялау, реконструкциялау - керегін
                                 көрсету)
бойынша жұмысты тоқтата тұруға міндетті.
      Жобалау құжаттамасының осы Үлгі шартта белгіленген талаптарға
сәйкес келмеуін анықтаған кезде жобалау құжаттамасын
__________________________________ әзірлеген жағдайда осы Үлгі шартта
    (Концессионер, Концедент –
          керегін көрсету)
көрсетілген тәртіппен және мөлшерде _________________________________
                                       (Концессионер, Концедент –
                                             керегін көрсету)
алдында жауапкершілікте болады.
      38. Концессионер объектілерді сәулет және қала құрылысы қызметі
туралы заңнамада белгіленген тәртіппен және Үлгі шартқа 1,
3-қосымшаларда көрсетілген техникалық-экономикалық ерекшеліктерге
сәйкес пайдалануға береді.
      39. Концессионер осы Үлгі шартта белгіленген мерзімде концессия
объектісін __________________________________________________________
             (құру, құру және реконструкциялау, реконструкциялау –
                              керегін көрсету)
пайдалануға беру мүмкін болмаған Тараптарға тәуелді емес мән-жайларды
анықтаған кезде Концессионер осы Үлгі шартты орындау бойынша
Тараптардың кейінгі іс-қимылдарын келісу мақсатында көрсетілген
жағдайлар туралы Концедентке дереу хабарлауға міндетті.
      40. Концессионер қажет болған жағдайда, концессия объектісін
құрудың/реконструкциялаудың барлық кезеңінде көлік құралдарының жүріп
өтуін қамтамасыз ететін уақытша айналма жолды жоспарлауға, салуға
және оған қызмет көрсетуге міндетті. Мұндай шығыстар концессия
объектісін салу құнына жатады.
      41. Концедент Үлгі шартқа 13-қосымшаларда және Үлгі шарттың
34-тармағында көрсетілген, бірақ күтпеген мән-жағдайлар пайда
болғанда талап етілетін бастапқы жобалау құжаттамасында көрсетілмеген
қосымша жұмыстарды орындауды Концессионерге тапсыруға құқығы бар.
      42. Концессионер ____________ күнде немесе Тараптардың Келісімі
                   (мерзімін көрсету)
бойынша басқа мерзімде Үлгі шарттың 41-тармағында көрсетілген
жұмыстарды орындау шығыстарының сметасын, сондай-ақ қосымша
жұмыстардың орындалу кестесін ұсынады. Бұл ретте, Концедент тиісті
құжаттарды алған күннен бастап 20 күннен аспайтын қысқа мерзімде
Концессионерге оларды бекіту немесе бас тарту туралы хабарлауға
міндеттенеді. Қосымша жұмыстардың құны мынадай тәртіппен айқындалатын
болады: _____________________________________________________________
                              (тәртібін көрсету)
      43. Концессионер, егер:
      1) қосымша жұмыстар бастапқы жобалау құжаттамасы мен Үлгі
шартқа 13-қосымшаларда көрсетілген талаптарға айтарлықтай
өзгерістерге әкелмейтін болса;
      2) қосымша жұмыстар концессия объектісін құру және/немесе
реконструкциялау шығындарының _______________________ артық ұлғаюына,
                                (сомасын көрсету)
Үлгі шартқа сәйкес Концессионердің міндеттерін орындау мерзімінің
______________________ артуына әкелмесе, өз есебінен жоғарыда аталған
  (мерзімін көрсету)
Концедентке қажетті, Үлгі шарттың 41-тармағында көрсетілген қосымша
жұмыстарды орындауға міндетті.
      44. Үлгі шарттың 41-тармағында көрсетілген жобалау кезінде
жіберілген және Концессионер үшін _____________________ асатын сомаға
                                     (сомасын көрсету)
қосымша шығындар алып келетін қателер мен жіберілген олқылықтар
салдарынан пайда болмаған қосымша жұмыстар шығыстарын Концессионердің
осы шығындарды төлеуге қаржы ресурстарын тарту мүмкіндігі болмаған
жағдайда Концедент өтейді.
      45. Үлгі шарттың 41-тармағында көрсетілген қосымша жұмыстарды
орындау қаржылық-экономикалық жоспар көрсеткіштерін бұзатын болса
(Үлгі шартқа 5-қосымша), Үлгі шарттың 118-тармағына сәйкес
Тараптардың көрсеткіштерді қалпына келтіруге құқығы бар.
      46. Концессионер жұмыскерлердің жұмыс орнындағы қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау жөніндегі нормаларға сәйкес қауіпсіздік бойынша
жауапты жұмыскерді тағайындау және функцияларын атқаруы бойынша
жауапкершілікте болады.

7. Концессия объектісін пайдалану

      47. Концессия объектісін пайдалану мынадай құқықтық режим
негізінде жүзеге асырылады: _________________________________________
                             (керегін көрсету: сенімгерлік басқару,
_____________________________________________________________________
  мүліктік жалдау, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау және басқа)
      Концессия объектісін, өзге де мүлікті, сондай-ақ құрылуы Үлгі
шарттың 6-тармағында қарастырылған объектілерді пайдалану тәртібінің
ерекше шарттары, техникалық және өзге де сипаттамалары Үлгі шартқа
11-қосымшада көрсетілген.
      48. Концессия объектісі _______________________________________
                                       (мерзімін көрсету)
мерзімге пайдалануға беріледі.
      49. (Концессиялық жобада көзделген болса, енгізіледі)
Концессионер өзінің басқа мүлкінен оған пайдалануға берілген мүлікті
жекешелейді.
      50. (Концессиялық жобада көзделген болса, енгізіледі)
Пайдалануға берілген мүлік Концессионердің жеке балансында
көрсетіледі және ол бойынша дербес есеп жүргізіледі.
      51. ______________________________________ концессия объектісін
               (Концедент/Концессионер)
пайдалану кезінде дербес және өз есебінен (керегі көрсетілсін):
      1) мүліктің техникалық құрамын және сақталуын қамтамасыз етеді;
      2) мүлікті ағымдағы жөндеуді жүзеге асырады;
      3) инженерлік желілер мен электр жабдықтарын пайдалануды жүзеге
асырады;
      4) мүлікті пайдаланумен байланысты барлық төлемдерді жүргізеді;
      5) қолданыстағы заңнамада белгіленген өртке қарсы, санитариялық
және өзге да нормалардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
      52. Концессионердің концессия объектісін иеліктен шығаруға,
оның мүлкін кепілге беруге, Концеденттің рұқсатынсыз қабырғаларды
бұзуды немесе тұрғызуды, ғимараттың жоспарлануын өзгертуді, концессия
объектісінің нысаналы мақсатын өзгертуді қоса алғанда, мүлікке қандай
да бір өзгеріс (ағымдағы және күрделі жөндеуден басқа) енгізуге
құқығы жоқ, сондай-ақ: __________________________________ құқығы жоқ.
                         (қажетті шектеулерді көрсету)
      53. (Концессионердің концессия объектісін пайдалануы
концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі.) Концессионер концессия
объектісін концессия объектісінің бейініне сәйкес пайдаланады және
мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
_____________________________________________________________________
   (экономика саласына (аясына) байланысты барлық қызмет түрлері
_____________________________________________________________________
             көрсетіледі (негізгі және өзге де қызмет)
      54. Концессия объектісін пайдалану сапасының критерийлері:
_____________________________________________________________________
                       (критерийлерін көрсету)
____________________________________________________________________.
      55. Концессия объектісін пайдалану сапасын айқындау тәртібі:
_____________________________________________________________________
(концессия объектісін пайдалану сапасын айқындау тәртібін көрсету)
      56. Концессия объектісін шектелген нысаналы пайдалану құқығы
үшінші тұлғаларға мынадай тәртіппен беріледі:
_____________________________________________________________________
   (үшінші тұлғаларды және концессия объектісін нысаналы пайдалану
____________________________________________________________________.
                           тәртібін көрсету)
      57. (Концессионердің концессия объектісін пайдалануы
концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі.) Концессионер Үлгі шарттың
53-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруы үшін
Концедент мынадай шаралар қабылдайды:
_____________________________________________________________________
       (экономиканың тиісті саласында (аясында) қызмет түрлерін
                              Концессионердің
_____________________________________________________________________
            жүзеге асыруына қойылатын талаптарына, сондай-ақ
_____________________________________________________________________
        Концеденттің құзыретіне байланысты шаралар көрсетіледі)
      58. (Концессионердің концессия объектісін пайдалануы
концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі.) Концессия объектісін
шектелген нысаналы пайдалану құқығын ұсыну мақсатында Үлгі шарттың
56-тармағына сәйкес Концедент және Концессионер мынадай шаралар
қабылдайды:
_____________________________________________________________________
  (экономиканың тиісті саласында (аясында) Концессионердің қызмет
_____________________________________________________________________
 түрлерін жүзеге асыруына қойылатын талаптарға, сондай-ақ Концедент
____________________________________________________________________.
   және Концессионердің құзыретіне байланысты шаралар көрсетіледі)
      59. Негізделген қажеттілік болған кезде Концедент концессия
объектісін пайдалану шарттарын түзету жүргізуді талап етуге құқылы.
Мұндай жағдайда Тараптар Концедент талаптарына жауап беретін
концессия объектісін пайдалану бойынша шарттарға түзетулерді келісуге
міндеттенеді.
      Концессия объектісін пайдалану бойынша шарттарды қайта қарау
6-қосымшада қарастырылған ТЭН-нің қаржылық-экономикалық жоспардың
және 9-қосымшада қарастырылған инвестициялық бағдарламаның
көрсеткіштерін бұзуға алып келетін болса, Тараптар оны Үлгі шарттың
120-тармағына сәйкес қайта қарауға құқылы.

8. Концессионердің меншігіндегі концессия объектісін
Концедентке немесе ол уәкілеттік берген тұлғаға, оның ішінде
концессия объектісін Концеденттің сатып алу құқығымен мүліктік
жалға (жалдауға) беру

      60. Концессионердің меншігіндегі концессия объектісін
Концедентке немесе ол уәкілеттік берген тұлғаға мүліктік жалға
(жалдауға) берудің жалпы шарттары:
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
      61. Концессионердің меншігіндегі концессия объектісін
Концеденттің сатып алуының жалпы шарттары:
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.

9. Салық салу

      62. Концессионер Үлгі шарт бойынша қызметінің шеңберінде
мынадай салықтық міндеттемелерді атқарады: __________________________
____________________________________________________________________.
                          (керегін көрсету)
      Үлгі шарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша бюджетке
төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша салықтық
міндеттемелерді есептеу оларды төлеу бойынша міндеттемелердің
туындаған сәтіндегі қолданыстағы Қазақстан Республикасының салық
заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Үлгі шарт шеңберінде жүзеге
асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерді орындау
Концессионерді Үлгі шарт шеңберінен тыс қызметті жүзеге асыру бойынша
салықтық міндеттемелердің туындаған күніне қолданыстағы Қазақстан
Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерді
орындаудан босатпайды.

10. Концессия объектісін күрделі жөндеу және жаңғырту

      63. Концессия объектісін пайдалануға бергеннен кейін әрбір
_____________________ мерзімнің соңында Тараптар концессия объектісін
  (мерзімін көрсету)
күрделі жөндеу, жаңғырту жүргізу қажеттігіне, қызмет көрсету және
күтіп-ұстау бойынша шарттарды өзгерту және тиісті шығындар
қажеттілігі тұрғысынан концессия объектісін бағалауды орындайды.
      64. Концессия объектісін оны пайдалану кезеңінде күрделі
жөндеуді: ___________________________________________ жүзеге асырады.
                   (Концедент /Концессионер)
      65. __________________ пайдалану кезеңінде концессия объектісін
       (Концедент/Концессионер)
жаңғыртуды объектіні жетілдіру, жаңарту, оны жаңа талаптар мен
нормаларға, технологияларға, техникалық шарттарға, сапа
көрсеткіштеріне сәйкес келтіру жолымен жүзеге асырады.
      66. Концессия объектісі күрделі жөндеу мен жаңғыртуды
қаржыландыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
____________________________________________________________________.
                        (керегін көрсету)
      67. Концессия объектісін күрделі жөндеу және жаңғырту
Концедентпен келісілген техникалық тапсырма мен жобалау-сметалық
құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады. Концессия объектісін күрделі
жөндеуді және/немесе жаңғыртуды жүргізген кезеңде Концедентпен келісу
немесе оның тапсырмасы бойынша концессия объектісін пайдалануды
жүзеге асыру концессия объектісін күрделі жөндеу және жаңғырту
бойынша жұмыстарды жүргізу кезеңінде толығымен немесе ішінара
тоқтатылуы мүмкін.
      (Табиғи монополиялар салаларында концессиялық объектіні іске
асыру кезінде енгізіледі)
      Табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын концессиялық
жобалар бойынша концессия объектісін күрделі жөндеу және жаңғыртуды
жүргізудің мерзімі мен қаржыландыру көздері 9-қосымшада келтірілген
инвестициялық бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады.

11. Мемлекеттік қолдау шаралары

      68. Концессионерге Концедент мынадай мемлекеттік қолдау
шараларын ұсынады:
_____________________________________________________________________
             (мемлекеттік қолдау шараларының тізбесін
____________________________________________________________________.
                     және ұсыну тәртібін көрсету)

12. Шығындарды өтеу және кірістер алу көздері
(бөлімде қажетті шарттар көрсетіледі)

      69. Концессионердің шығындарды өтеу және кірістер алу көздері:
      1) концессия объектісін пайдалану процесінде өндірілген
тауарларды (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өткізу;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда
мемлекеттен субсидиялар;
      3) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес
концессионердің инвестициялық шығындарын өтеу;
      4) экономиканың тиісті саласында (аясында) әлеуметтік
инфрақұрылым және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін күтіп-ұстау
шығындарының көлемі шегінде Концессионердің пайдалану шығындарын
өтеу;
      5) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес
мемлекеттік меншіктегі концессия объектісін басқаруды жүзеге асыруға
сыйақы, сондай-ақ Концессионердің меншігіндегі концессия объектісін
пайдалану үшін жалға алу ақысын төлеу;
      6) концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлем болып
табылады.
      70. Концессия объектісін құруға және/немесе реконструкциялауға
жұмсалған инвестициялық шығындарды Концессионерге өтеу осы Үлгі шарт
бойынша _______________________________________________ аспауы қажет.
                      (сомасын көрсету)
      Өтемақыны төлеу концессия объектісін пайдалануға бергеннен
кейін жүзеге асырылады.
      71. Концессионерге пайдалану шығындарын өтеу Үлгі шарт бойынша
_______________________________________________________ аспауы қажет.
                   (сомасын көрсету)
      72. Концессия объектісін басқару үшін сыйақы
____________________________________________________________ құрайды.
                   (сомасын көрсету)
      73. Концедент Концессионерге концессия объектісін құруға
және/немесе реконструкциялауға арналған инвестициялық шығындардың
өтемақысын, пайдалану шығындарының өтемақысын және концессия
объектісін басқару үшін сыйақыны, концессия объектісінің
қолжетімділігі үшін төлемді (керегін көрсету) мынадай тәртіппен және
мерзімде:
_____________________________________________________________________
 (қажетті деректерді, соның ішінде есептеу және төлемдер мөлшерін
____________________________________________________________ төлейді.
                 өзгерту тәртібін көрсету)
      74. Концессия объектісін құруға және/немесе реконструкциялауға
арналған инвестициялық шығындардың өтемақысын, пайдалану шығындарының
өтемақысын және сыйақыларды төлеу кезінде осы Үлгі шартта және
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген концессия
объектісін құру (реконструкциялау) және пайдалану сапасының
критерийлері мынадай тәртіппен _______________________________ есепке
                                     (тәртібін көрсету)
алынады.
      75. Концессия объектісін пайдалануға бергенге дейін Үлгі шартты
бұзған жағдайда, бұзу күніне нақты инвестициялық шығындардың
өтемақысы мынадай тәртіппен және мөлшерде жүргізіледі:
____________________________________________________________________.
      76. Осы Үлгі шарт бойынша қызметті жүзеге асыру нәтижесінде
алынған жылжымалы мүлік, өнім мен кірістер __________________ меншігі
                                        (Концедент/Концессионер)
болып табылады.
      77. Концессия объектісін пайдалану процесінде өндірілген
тауарларды (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өткізу нәтижесінде
алынған пайда мынадай тәртіппен ___________________________ бөлінеді.
                             (деректер, тұлғалар мен шығындар
                              элементтері бойынша көрсетіледі)
      78. Концессионер Концедентке концессия объектісін пайдаланғаны
үшін төлемді мынадай тәртіппен және мөлшерде төлейді:
_____________________________________________________________________
         (қажетті деректерді, оның ішінде төлемді есептеу
_____________________________________________________________________
          және оның мөлшерінің өзгерту тәртібін көрсету)

13. Кадрларды оқыту
(Концессионердің концессия объектісін пайдалануы концессиялық жобада
көзделсе, бөлім енгізіледі)

      79. Кадрларды оқыту, біліктілігін арттыру Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      80. Концессионер жыл сайын кадрларды оқыту және біліктілігін
арттыру бағдарламаларын бекітеді және Концедентке ұсынады.

14. Жергілікті қамту
(Концессионердің концессия объектісін пайдалануы концессиялық жобада
көзделсе, бөлім енгізіледі)

      81. Кадрлардағы жергілікті қамту мыналарды құрауы тиіс:
      1) бірінші санат – басқарушы құрам – _______________________ %;
      2) екінші санат – жоғары және орта кәсіптік білімі бар мамандар
- __________________ %;
      3) үшінші санат – білікті жұмысшылар - _____________________ %.
      82. Жергілікті қамту:
      1) Концессионер алатын (сатып алатын) жұмыстарда (көрсетілетін
қызметтерде) – ______ %
      2) Концессионер алатын (сатып алатын) тауарларда _____ % құрауы
тиіс.
      83. Жергілікті қамтуды есептеу Үлгі шартқа 12-қосымшада
көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады.

15. Концессия объектісіне және өзге да жылжымайтын мүлікке
меншік құқығы және оны беру тәртібі

      84. Құрылған және пайдалануға берілген концессия объектісі
мемлекеттік меншікке берілуге жатады.
      Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдауды және
одан әрі мемлекеттік концессия объектісін Концессионерге пайдалануға
беруді (соңғысы концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық меншікке билік ету
құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге
асырады.
      Концессионер концессия объектісін мемлекеттік меншікке ресімдеу
кезінде және концессия объектісін пайдалануға беру кезеңінде
концессия объектісін күтіп-ұстауды және сақтауды қамтамасыз ету
міндетін қабылдайды.
      85. Үлгі шарттың 6-тармағына сәйкес құрылған жылжымайтын мүлік
объектілер ________________________________________________ меншігіне
          (негіздемесі мен қабылдап алатын тұлғаны көрсету)
мынадай тәртіппен беруге жатады
_____________________________________________________________________
                (тәртібін, оның ішінде мүліктің құнын,
_____________________________________________________________________
           ауыртпалықтардың болуын айқындау тәртібін көрсету)
      86. (Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Үлгі шарттың
қолданылу мерзімі аяқталғаннан, оны мерзімінен бұрын бұзғаннан кейін
және Үлгі шартта көзделген өзге де жағдайларда Концессионер концессия
объектісін және ол бойынша барлық қажетті құжаттаманы Концедентке
береді, ал Концедент ______________________ мерзім ішінде қабылдайды.
                       (мерзімін көрсету)
      87. (Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Үлгі шарттың
қолданылу мерзімі аяқталған, сондай-ақ концессия объектісін
пайдалануға берген күннен кейін оны мерзімінен бұрын бұзған жағдайда,
Концессионер Концедентке беретін концессия объектісі Үлгі шартқа
13-қосымшада көрсетілген жай-күйде болуға тиіс, оның бейініне сәйкес
пайдалануға жарамды болуға және Үлгі шарттың 5-тармағында көрсетілген
ауыртпалықтардан басқа оған үшінші тұлғалардың құқықтарының
ауыртпалығы болмауы тиіс.
      88. (Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Концессия
объектісін пайдалануға бергенге дейін Үлгі шартты мерзімінен бұрын
бұзған жағдайда Концессионер Концедентке беретін концессия
объектісіне Үлгі шарттың 5-тармағында көрсетілген ауыртпалықтардан
басқа, үшінші тұлғалар құқықтарының ауыртпалығы болмауы тиіс.
      89. (Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Концессионер
Үлгі шартқа 14-қосымшада көрсетілген жай-күйде және санда өзге
мүлікті және ол бойынша барлық қажетті құжаттаманы Үлгі шарттың
қолданылу мерзімі аяқталғанда, оны мерзімінен бұрын бұзғанда және
Үлгі шартта көзделген өзге де жағдайларда күннен _____ күн аралығында
                                           (мерзімін көрсету)
Концедентке қайтарады, ал Концедент қабылдайды.
      Концессионер концессия объектісін, өзге мүлікті, сондай-ақ Үлгі
шарттың 6-тармағына сәйкес құрылған объектілерді Концедентке беруді
Тараптар қол қоятын концессия объектілерін және/немесе өзге мүлікті
қабылдау-тапсыру актісі бойынша жүзеге асырады.
      90. Концессия объектісінің, сондай-ақ Үлгі шарттың 6-тармағына
сәйкес құрылған объектілердің, құны мынадай тәртіппен айқындалады:
_____________________________________________________________________
                         (тәртібін көрсету)
      91. Концеденттің ______________________________________________
                             (олар басталған жағдайда Концедент
_____________________________________________________________________
         қол қоюдан бас тартуға құқылы мән-жайларды көрсету)
жағдайда концессия объектісін, өзге мүлікті, сондай-ақ Үлгі шарттың
6-тармағына сәйкес құрылған объектілерді қабылдау-тапсыру актісіне
қол қоюдан бас тартуға құқығы бар.
      92. Концедент Үлгі шарттың 91-тармағының негізінде көрсетілген
объектілерді және/немесе өзге мүлікті қабылдау-тапсыру актісіне қол
қоюдан бас тартқан жағдайда Концессионер Үлгі шарттың 91-тармағында
көрсетілген мән-жайларды жою жөнінде шаралар қабылдауға міндеттенеді.

16. Арнайы қаржылық компания
(Егер бұл концессиялық жобада көзделсе, бөлім енгізіледі)

      93. Арнайы қаржылық компанияның жарғылық капиталына қатысу
үлестері (акцияларға құқықтары)
_____________________________________________________________________
           (қатысушылар және жарғылық капиталдағы үлесінің
____________________________________________________________ тиесілі.
     немесе акцияларға құқықтарының көлемін көрсету)
      94. Арнайы қаржылық компания Үлгі шартты орындау мақсатында осы
Үлгі шартта айқындалған мерзімге және шарттарға сәйкес құрылады.
Арнайы қаржылық компания Үлгі шарттан туындайтын міндеттемелерді
орындауға Концессионермен ортақ толық жауапкершілікте болады.
Концессионер Үлгі шарттың 142-тармағында белгіленген тәртіппен арнайы
қаржылық компанияның ортақ жауапкершілігі туралы міндеттемелерді
ресімдеуге міндетті.
      95. Арнайы қаржылық компанияға, сондай-ақ Концедентке қатысты
құрылтайшылардың қатынастары мен міндеттемелері Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.
      96. Концессионер және арнайы қаржылық компания осы Үлгі шарт
бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында талап
етілетін концессиялық жобада көзделген техникалық, экономикалық және
қаржылық сипаттағы сапа мен кепілдіктерді сақтауға міндетті.
      97. Арнайы қаржылық компанияның жарғылық капиталындағы
(акцияларға құқықтарындағы) үлестерін иеліктен шығару Қазақстан
Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен
жүргізілуі мүмкін.
      98. Концессионердің жарғылық капиталынан бір немесе бірнеше
қатысушының шығуына немесе бір немесе бірнеше қатысушының келуіне
алып келетін Концессионердің жарғылық капиталдағы (акцияларға
құқықтарының) үлестерін иеліктен шығаруы Концедентті алдын ала
хабардар ету арқылы жүргізіледі.

17. Концеденттің құқықтары мен міндеттері

      99. Концедент:
      1) Концессионермен Үлгі шарттың талаптары мен Үлгі шарттардағы
кез келген өзгерістер мен толықтырулар туралы келіссөздер жүргізуге;
      2) Концессионердің кінәсінен болған концессия объектісінің
жай-күйі нашарлаған жағдайда, Концессионерден залалдарды өтеуді талап
етуге;
      3) Концессионердің жедел қызметіне және Үлгі шартты іске асыру
барысына араласпай, ___________ күннен кешіктірмей берілген алдын ала
хабарландырумен бірге жұмыс уақыты ішінде, тиісті бюджеттің немесе
өзге де қаражаттың (алайда Концессионердің қаражаты емес) есебінен
аудиторлық ұйымды, тәуелсіз консалтингтік ұйымды немесе тиісті
мәселелер бойынша консультациялар жөніндегі қызметтерді көрсететін
(жұмыстарды атқаратын) өзге де тұлғаны тарту жолымен Концессионердің
қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді, концессия объектісіне, өзге
мүлікке, сондай-ақ Үлгі шарттың 6-тармағына сәйкес құрылған
объектілерде кез келген бару кезінде Концессионер белгілеген
қауіпсіздік шараларын осындай тұлғалардың сақтауы шартымен жүзеге
асыруға;
      4) Концессионердің Қазақстан Республикасының заңнамасын, Үлгі
шарттың талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыруға және одан
жіберілген бұзушылықтарды жоюды талап етуге;
      5) Үлгі шарттың ережелеріне сәйкес Концессионерден концессия
объектісін, өзге мүлікті, сондай-ақ Үлгі шарттың 6-тармағына сәйкес
құрылған объектілерді құру, реконструкциялау, жаңғырту және пайдалану
туралы ақпаратты алуға, оның ішінде қаржылық есептілікпен танысуға;
      6) Концессионердің Үлгі шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін
орындағанын растайтын құжаттарды Концессионерден талап етуге және
алуға;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Үлгі шартта
белгіленген рәсімге сәйкес Концессионер маңызды шарттарын бұзған
жағдайда, Үлгі шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес өзге де жағдайларда Үлгі шартты мерзімінен бұрын бұзуды талап
етуге;
      8) Концессионердiң Үлгi шарт бойынша маңызды міндеттерді
тиісінше орындамаған жағдайда Үлгі шартта белгіленген шарттарда және
тәртіппен шығындар үшін өтемақы алуға, сондай-ақ Үлгі шартқа сәйкес
концессия объектісін пайдалану бойынша Концессионердің инвестициялық,
пайдалану шығындарын өтеу және тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтердің сапасын бағалау қорытындылары бойынша сыйақы бойынша
төлемдер сомасын азайтуға;
      9) Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына
сәйкес Концессионердің өзіне қабылдаған концессиялық жобаны іске
асыруға меншікті капитал салымы бойынша міндеттемелердің орындалуын
тексеруге;
      10) заңнамаға және Үлгі шартқа сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге
асыруға құқығы бар.
      100. Концедент:
      1) (концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Концессионерге
Үлгі шартты қолданудың барлық мерзіміне концессия объектісіне иелік
ету және пайдалану құқықтарын, сондай-ақ Концессионердің концессия
объектісіне аталған құқықтарын растайтын құжаттарды белгіленген
тәртіппен, концессия объектісіне мемлекеттік меншік құқығын тіркеуден
кейін, егер мұндай тіркеу Үлгі шарт мерзімінің аяқталуына дейін
туындайтын болса, уақытылы беруге;
      2) заңнамаға және осы Үлгі шартқа сәйкес концессия объектісін
құру және пайдалану мақсаттары үшін Концессионерге жер учаскелерін
беруді қамтамасыз етуге;
      3) объектіні құру және пайдалану мақсаттары үшін Концессионерге
берілген жер учаскелерінде қауіпті материалдар анықталған жағдайда,
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұндай материалдарды жою
бойынша жәрдем көрсетуге;
      4) концессия объектісін салу және пайдалану мақсаттары үшін
инженерлік желілерді (энергиямен жабдықтау, сумен жабдықтау,
телекоммуникациялар және т.б.) орнату, қосу және/немесе пайдалануға
қолжетімділік бойынша жәрдем көрсетуге;
      5) Үлгі шартта көзделген шарттарды сақтауға;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Үлгі шартта
белгіленген тәртіппен концессия объектісіне мемлекеттік меншік
құқығын тіркеуді қамтамасыз етуге;
      7) заңнамада және Үлгі шартта белгіленген өзге де талаптарды
сақтауға;
      8) мүмкіндік болған жағдайда, Концессионерге оның өтініші
бойынша:
      Концеденттің беру құқығы бар Үлгі шартқа қатысы бар, бірақ
дайын түрде жоқ құқықтық актілердің көшірмелерін алу үшін өтінгенде;
және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті қандай да
бір шешімдерді, лицензияларды немесе келісімдерді алу үшін өтінгенде
жәрдемдесуге міндетті.

18. Концессионердің құқықтары мен міндеттері

      101. Концессионер:
      1) (концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) заңнамада және
Үлгі шартта көзделген шарттарда концессия объектісіне қатысты иелік
ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асыруға;
      2) концессия объектісін салу мен пайдалану үшін заңнамада және
Үлгі шартта белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелеріне иелік
ету мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыруға;
      3) Концедентпен келісу бойынша концессия объектісін салуды
және/немесе пайдалануды қаржыландыру мақсатында қаржылық құралдарды
шығаруды және орналастыруды жүзеге асыруға, сондай-ақ концессия
объектісін салу және пайдалану үшін қаржыландыруды алу мақсатында
қарыз беруші ретінде шығуға;
      4) (концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Концедентпен
келісу бойынша, егер бұл жобалау-сметалық құжаттамада белгіленген
тәртіппен көзделсе, концессия объектісін бөліктер бойынша пайдалануға
беруге;
      5) Үлгі шарт пен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
Шарттың орындалуына байланысты болған шығындардың өтемін алуға;
      6) Үлгі шартта белгіленген рәсімге сәйкес Концедент ерекше
шарттарды бұзған жағдайда Үлгі шартты бұзуды талап етуге;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылатын
инвестициялық преференциялардың субъектісі болуға;
      8) Концедентпен келісу бойынша, концессия объектісін салу,
реконструкциялау және пайдалану бойынша жұмыстарды орындауға кез
келген үшінші тұлғаларды тартуға, олардың іс-қимылына Үлгі шартқа
сәйкес Концессионер толық жауапкершілікте болады;
      9) концессия объектісін салу, реконструкциялау және пайдалану
мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасы немесе осы Үлгі
шарт бойынша оған ұсынылған құқықтар шеңберінде кез келген іс-қимыл
жасауға;
      10) Шартқа сәйкес концессия объектісін пайдалануға беруден
Қазақстан Республикасының заңнамасына және Үлгі шартқа сәйкес
табыстар алуға;
      11) Концессионер ретінде өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғау
үшін тиісті мемлекеттік органдарға және өзге де тұлғаларға жүгінуге;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Үлгі шартқа
сәйкес өзге да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      102. Концессионер:
      1) Үлгі шартта белгіленген мерзімде концессия объектісін,
сондай-ақ, жобалау құжаттамасына, Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес Үлгі шарттың 6-тармағына сәйкес құрылған концессия
объектісін құру және/немесе реконструкциялау және пайдалану бойынша
жұмыстарды өз есебінен, дербес немесе өзге де тұлғаларды (мердігерлік
ұйымдар) тартумен орындауға және көрсетілген концессия объектісін
құруды және/немесе реконструкциялауды және пайдалануды
инвестициялауды жүзеге асыруға;
      2) пайдалану кезінде концессия объектісінің, сондай-ақ Үлгі
шарттың 6-тармағына сәйкес құрылған объектілердің бейінін сақтауға;
      3) концессия объектісінің нысаналы бағытына сәйкес жұмыстарды
орындауға және қызметтер көрсетуге;
      4) концессия объектiсін салуды және/немесе реконструкциялауды
жүзеге асыру кезiнде тиiмдi, сапалы әдiстер мен технологияларды
таңдауға және пайдалануға;
      5) концессия объектiсін салу және/немесе реконструкциялау және
пайдалану жөніндегі жұмыстар сапасын техникалық және авторлық
қадағалау мен технологиялық сүйемелдеуді ұйымдастыру жолымен
қамтамасыз етуге;
      6) концессия объектісін салу және/немесе реконструкциялау
кезінде Концессионер көлік құралдарының үздіксіз және қауіпсіз жүріп
өтуін, оның ішінде уақытша айналма жолдар бойынша қамтамасыз етеді;
      7) уәкiлеттi органдар қызметтік функцияларын орындауы кезінде
Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарына, Концедент пен оның
өкілдеріне олардың Үлгі шарттың сақталуына бақылауды жүзеге асыруы
кезінде, осындай тұлғалар кез келген уақытта объектіге келгенде
Концессионер белгілеген қауіпсіздік шараларын сақтаған жағдайда
қажетті құжаттарды, ақпаратты және жұмыс орындарына кiруге рұқсат
беру және осындай тұлғалар анықтаған заңнаманы бұзушылықтарды
уақтылы, өз есебінен және өз күшімен жоюға;
      8) концессия объектісін салу және/немесе реконструкциялау және
пайдалану кезінде, егер олар мемлекеттік немесе халықаралық
стандарттарға сәйкес келсе, Қазақстан Республикасында жасалған
жабдықтар мен материалдарды басым тәртіппен қолдануға;
      9) концессия объектісін салу және пайдалану кезiнде, егер
осындай мердігерлік ұйымдардың көрсететін қызметтері мемлекеттік
немесе халықаралық стандарттарды қанағаттандырған жағдайда, басым
тәртіппен қазақстандық мердігерлік ұйымдарды тартуға;
      10) концессия объектісін салу және пайдалану үшін жұмысшыларды
жалдауды жүзеге асырған кезде қазақстандық кадрларға артықшылық
беруге;
      11) сапа және экологиялық қауіпсіздік менеджментінің
халықаралық стандарттарын енгізуді қамтамасыз етуге;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды
және бюджетке төленетін өзге де мiндеттi төлемдердi уақтылы төлеуге;
      13) өзінің қызметi процесінде концессия объектісін салу
және/немесе реконструкциялау мен пайдалану үшін қолданылатын аумақта
орналасқан мәдени-тарихи маңызы бар объектілердi, сондай-ақ Үлгі
шарттың 6-тармағына сәйкес құрылған объектілерді сақтауға;
      14) Үлгі шарт бойынша Концессионер қызметiнен жай-күйi бұзылған
жер учаскелерiн және басқа да табиғи объектiлердi Қазақстан
Республикасы заңнамасының талаптарына және Үлгі шартқа сәйкес одан
әрi пайдалану үшiн жарамды жай-күйге дейiн қалпына келтiруге;
      15) (егер бұл концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Шарттың
қолданылу мерзімі аяқталған соң, ол мерзімінен бұрын бұзылған және
Шартта көзделген басқа да жағдайларда, белгіленген тәртіппен табиғи
тозуын ескере отырып, техникалық жарамды қалпында концессия
объектісін және ол бойынша барлық қажетті құжаттаманы Концедентке
беруге;
      16) егер Тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, концессия
объектісін тарату туралы шешім қабылданған жағдайда тарату
рәсімдерінің басынан аяғына дейін концессия объектісі мүлігінің
сақталуына жауапты болуға;
      17) Қазақстан Республикасының еңбек, халықты жұмыспен қамту
және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын сақтауға;
      18) концессия объектісін салу және/немесе реконструкциялау мен
пайдалану кезінде қолданыстағы қазақстандық және халықаралық
стандарттарды сақтауға;
      19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес концессиялық
жобаны іске асыруға тартылған қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуын
қамтамасыз етуге;
      20) Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына
сәйкес концессиялық жобаны іске асыру үшін меншікті капиталын салу
бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға;
      21) жыл сайын сатып алуды жүргізу үшін жоспарланған жылдың 1
ақпанынан кешіктірмей алдағы жылға тауарларды, жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын және сатып
алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты
сауданы және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы
Қазақстан Республикасының уәкілетті органына белгіленген нысанда және
мерзімде ұсынуға;
      22) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Үлгі шартта
белгіленген өзге де талаптар мен шарттарды сақтауға міндетті.

19. Археологиялық олжалар

      103. Егер концессия объектісін құру және/немесе
реконструкциялау жұмыстарын орындау кезінде археологиялық олжалар
табылса, археологиялық қызығушылықты алдын ала тексеру мақсатында
Концессионер жұмыстарды тоқтата тұрады және бұл туралы уәкілетті
мемлекеттік органға және Концедентке дереу хабарлайды. Жұмыстар
уәкілетті мемлекеттік органның жазбаша рұқсаты бойынша ғана
жалғастырылуы мүмкін. Олжалардың табылу себебі бойынша жұмыстардың
тоқтатылуы форс-мажорлық мән-жайлар болып саналады.
      104. Концессионер археологиялық олжаларға байланысты кідіртуді
мүмкін болғанша қысқартуға міндетті. Осы мақсат үшін ол құзыретті
органдармен неғұрлым қолайлы шешімдерді анықтау бойынша, сондай-ақ
Концедент бекітетін олжаларды алу жоспарын және оны жаңа мерзімдерге
сәйкес келтіру үшін концессиялық жобаны жүзеге асыру кестесін өзгерту
бойынша Концедентпен ынтымақтастық жасауға міндеттенеді.

20. Концеденттің Үлгі шарттың орындалуын бақылауды жүзеге асыру
тәртібі

      105. Концедент Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен Концессионердің Үлгі шарттың ережелерін
орындауын, Үлгі шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін,
(Концессионердің концессия объектісін пайдалануы концессиялық жобада
көзделсе, енгізіледі) сондай-ақ концессия объектісін пайдалану
бойынша міндеттемелердің Үлгі шартта белгіленген мақсаттарға сәйкес
орындалуын бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
      106. Бақылаудың негізгі бағыттары:
      1) концессия объектілерін пайдалану мен бейінін сақтаудың
тиімділігі;
      2) өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің) көлемін ұлғайту мен сапасын жақсарту;
      3) қызметтің өзіндік құнын төмендету және кіріс бөлігін
арттыру;
      4) Үлгі шартта айқындалған барлық талаптар мен тәртіптерді
сақтау;
      5) қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі
жөніндегі талаптарды сақтау болып табылады.
      107. Концессионердің Үлгі шарттың талаптарын орындауын
бақылауды жүзеге асыратын Концеденттің уәкілетті органдарының
өкілдеріне концессия объектісіне, сондай-ақ Үлгі шарт бойынша
қызметті жүзеге асыруға қатысты құжаттамаға кедергісіз қол жеткізуін
қамтамасыз етеді.
      108. Концессионер _____________________________________________
                       (ай сайын, тоқсан сайын, әр жартыжылдықта, күн
                                   сайын – керегін көрсету)
      Концедентке Концессионердің Үлгі шарт бойынша міндеттемелерді
орындауы туралы есепті есептілік кезең аяқталған күннен бастап ______
күн ішінде ұсынады. Есеп мынадай деректерді қамтуы қажет
____________________________________________________________________.
           (Тараптармен келісілген деректер көрсетіледі)
      109. Концессионер қызметін бақылау барысында Концессионердің
Үлгі шарттың талаптарын орындауына елеулі әсер ететін бұзушылықты
Концедент анықтаса, Концедент Концессионердің жіберілген
бұзушылықтарын _________ күн ішінде жоюы туралы талабын жазбаша түрде
жібереді.
      110. Тараптар Үлгі шарт бойынша міндеттерін орындау үшін
қажетті ақпаратты бір-біріне уақтылы беруге және Үлгі шартта
көзделген міндеттерді тиісінше орындауға ықпал етуі мүмкін елеулі
оқиғалардың басталғаны туралы бір-біріне дереу хабарлауға міндетті.
      111. Концессионер жыл сайын ___________ кешіктірмей Концедентке
                              (мерзімін көрсету)
өзінің концессия объектісін басқару бойынша қызметі туралы есеп
береді.
      112. Концессионер жыл сайын сатып алуды өткізу үшін
жоспарланған жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей алдағы жылға арналған
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық
бағдарламасын және сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін
қызметтер туралы ақпаратты сауда және индустриялық саясатты
мемлекеттік реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті
органына белгіленген нысанда және мерзімде ұсынуға міндетті.

21. Тәуекелдерді бағалау және оларды басқару жөніндегі
іс-шаралар

      113. Концессиялық жоба бойынша міндеттемелердің орындалмауы
және қосымша шығындар тәуекелдерін Тараптар Үлгі шарт талаптарына
және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес көтереді.
      114. Үлгі шарттың өзге бөлімдерінде белгіленген тәуекелдерді
бөлуді ескере отырып, Тараптар тәуекелдерді былайша бөлу туралы
шешімге келді:
____________________________________________________________________.
                          (керегін көрсету)
      115. Тәуекелдерді басқару мүмкіндігін бағалау Үлгі шартқа
15-қосымшада белгіленген тәртіппен тұрақсыздандыратын және қолайлы
оқиғаларды талдау негізінде жүзеге асырылады.
      116. Тұрақсыздандыратын оқиғалар мыналар болып табылады:
      1) Концеденттің Үлгі шарт бойынша өз міндеттемелерін
орындамауы;
      2) Үлгі шарттың 12-бөлімінде көзделген _________ артық төлемдер
                                        (мерзімін көрсету)
мерзімін бұзу;
      3) мемлекеттік органдардың тарапынан лицензиялар, аккредиттеу
және Үлгі шартты орындау үшін қажет өзге де рұқсат беру құжаттарын
беру бойынша белгіленген мерзімдердің бұзылуы;
      4) заңнамаға және Үлгі шартқа сәйкес Концедент
міндеттемелерін, формальдылық пен міндеттерін уақтылы орындау бойынша
оң тарихы бола тұрып, Концеденттің немесе өзге де мемлекеттік
органдардың іс-қимылы нәтижесінде Концедент осы Үлгі шартқа сәйкес
өзінің міндеттемелерін орындай алмауы;
      5) Үлгі шарттың 33-бөліміне сәйкес кез-келген еңсерілмес күш
жағдаяттары (Концедент шығыны _____________________ асатын мөлшерде);
                                (сомасын көрсету)
      6) Осы Үлгі шартты жасасқаннан кейін қолданысқа енгізілген:
      Үлгі шартта көзделген концессия объектісін құрудың және/немесе
реконструкциялаудың мерзімдері мен шарттарына, концессия объектісін
экономикалық басқаруға және оның функционалдылығына немесе инвестиция
мен төлемдердің тетіктері мен шарттарына теріс әсер ететін;
      Үлгі шарттың ережелеріне өзгерістер енгізу қажеттігін
туындататын;
      Концессионер үшін теріс болатын салықтық режимді өзгертуге
әкелетін;
      Үлгі шарт бойынша көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды,
тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерге, тауарларға, жұмыстарға
қол жеткізуді ұсынудың көлеміне немесе орындау тәртібі мен ұсыну
шарттарына әсер ететін;
      Үлгі шартты жасасу сәтінде қолданылған бухгалтерлік
қағидаттарды өзгертуге әкелетін немесе концессиялық жоба шеңберінде
берілетін негізгі құралдарды амортизациялаудың, инвестицияларды
есепке алудың жаңа тәртібін орнататын Қазақстан Республикасы
заңнамасының кез келген ережесі;
      7) Концессионердің кінәсінсіз болған, концессия объектісінің
дайындығына теріс әсер ететін және концессия объектісін пайдалануға
беруді кідірте алатын кез келген орындалу мерзімінің (______________)
бұзылуы (қосымша маңызды жұмыстарды көрсету, мысалы: кіреберіс
жолдары немесе жол желісін ұйымдастыру бойынша жұмыстар);
      8) Үлгі шарттың 19-бөліміне сәйкес кез келген археологиялық
олжа;
      9) жобалық құжаттаманы бекіту мерзімінің бұзылуы немесе
Концессионер кінәсінсіз болған __________________ астам күннің ішінде
                       (күндерін немесе айларын көрсету)
бекітпеуі;
      10) Концессионер кінәсінсіз болған, концессия объектісін құру
және/немесе реконструкциялау мерзімінің бұзылуы мен шығындардың
_____________________________________________________ сомаға ұлғайту;
                (сомасы көрсетілсін)
      11) Концессионер кінәсінсіз болған қажетті лицензияларды,
рұқсаттарды жою немесе олардың күшін жою;
      12) концессиялық жобаны сақтандыру бойынша шығындарды
_________________________________________________ мөлшерінде ұлғайту;
                (сомасын көрсету)
      13) Үлгі шарттың 41-тармағына сәйкес қосымша жұмыстар;
      14) (концессиялық жобаның ерекше сипаттамаларына байланысты
басқа да ықтималды тұрақсыздандыратын оқиғаларды қосу).
      117. Қолайлы оқиғалар мыналар болып табылады:
      1) қаржы-экономикалық жоспарда көзделген деректерге қарағанда
осындай төмендету жалпы соманы ________________________ артық болатын
мөлшерде шығындарды төмендету;
      2) жобалық құжаттамада көзделген деректерге қарағанда концессия
объектісін құруға жұмсалған шығындарды төмендетуге әкелетін, осындай
төмендету жалпы сомадан ______________________ артық болатын мөлшерде
Концедент мақұлдаған техникалық және технологиялық өзгерістер;
      3) концессия объектісін пайдалану бойынша шығындарды __________
астам сомаға төмендету;
      4) теріс салдардың орнына оң нәтижеге және қаржы-экономикалық
параметрлердің жақсаруына әкелетін тұрақсыздандыратын оқиғалар
анықтамасында аталған кез келген оқиға немесе мән-жай;
      5) (концессиялық жобаның ерекше сипаттамаларына байланысты
басқа да мүмкін қолайлы оқиғаларды қосу).
      118. Егер:
      1) қолайлы оқиғаның; және/немесе
      2) тұрақсыздандыратын оқиғаның салдарынан баланстың бұзылуы
болса, Тараптар қаржы-экономикалық жоспарға сәйкес қаржылық балансты
қалпына келтіруге құқылы.
      119. Егер қандай да бір жағдай немесе Үлгі шарттың 116,
117-тармақтарында аталған мән-жайлардың бірі оң мағынадағы
өзгерістерге әкелсе, балансты қалпына келтіру Концеденттің пайдасына
жүргізіледі.
      120. Қарсы Тарапқа қолайлы және/немесе тұрақсыздандыратын
оқиғаның пайда болуы туралы растайтын құжатты берген сәттен бастап
күнтiзбелiк ____________ күн мерзімінде Тараптар концессиялық жобаның
қаржылық шарттарын тексеруді орындайды және қаржылық параметрлері
баланстың бұзылуы туындаған күннің алдындағы күні болған деңгейіне
қайтып келетіндей етіп қаржы-экономикалық жоспардың көрсеткіштерін
қалпына келтiруді көздейтін шарттарды қайта қарау бойынша бiрлескен,
балама шешiм қабылдайды:
      1) Концедентке және/немесе Концессионерге сыйақыларды және өзге
де төлемдерді ұлғайту немесе азайту;
      2) Концедентке және/немесе Концессионерге өтемақы ретінде
сомаларды (біржолғы төлем немесе мерзімдік сомалар) төлеу;
      3) Үлгі шартты мерзімінен бұрын тоқтату немесе мерзімін ұзарту;
      4) (басқа жағдайларды қосу).

22. Тараптардың жауапкершілігі

      121. Үлгі шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе
тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Үлгі шартта және Қазақстан
Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікте болады.
      122. Тараптардың бірі жобалау құжаттамасының Үлгі шартта
белгіленген талаптарға, Қазақстан Республикасы заңнамасының,
техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеуін анықтаған
кезде осы сәйкессіздікті анықтаған Тарап екінші Тарапқа бұл туралы
дереу ескертеді және Концеденттің шешімі негізінде жобалау
құжаттамасына қажетті өзгерістер енгізген сәтке дейін Концессионер
объектілерді құру және/немесе реконструкциялау бойынша жұмыстарды
тоқтата тұрады.
      Жобалау құжаттамасының Үлгі шартта белгіленген талаптарға,
Қазақстан Республикасы заңнамасының, техникалық регламенттердің
талаптарына сәйкес келмеуі анықталған кезде жобалау құжаттамасын
әзірлеген __________________________________ Үлгі шартқа 16-қосымшада
      (Концессионер, Концедент – керегін көрсету)
көрсетілген тәртіппен және мөлшерде ___________ алдында жауап береді.
                  (Концессионер, Концедент – керегін көрсету)
      123. Концессионер Концеденттің алдында объектіні
___________________________________________________ кезде Үлгі шартта
 (салған, реконструкцияланған және пайдаланған –
                   керегін көрсету)
белгіленген талаптарды, техникалық регламенттердің, жобалау
құжаттамасының талаптарын, концессия объектінің сапасына қойылатын
өзге де міндетті талаптарды бұзғаны үшін жауап береді.
      124. Үлгі шартта көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда,
Концедент бұзушылықтар анықталған күннен бастап __________ күн ішінде
                              (күнтізбелік күндер саны, өзге мерзім –
                                           керегін көрсету)
Концессионерге жазбаша түрде Үлгі шарттың және/немесе талаптары
бұзылған құжаттың тармағын көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды
өтеусіз жою, сондай-ақ Концессионердің бұзушылығынан туындаған
залалды Концедентке өтеу талабын жібереді. Бұл ретте бұзушылықтарды
жою мерзімі ________________________________________________ құрайды.
         (күнтізбелік күндер саны, өзге мерзім – керегін көрсету)
      125. Концессионер Концеденттің алдында концессия объектісін
______________ жөніндегі жұмыстардың сапасы үшін концессия объектісін
(салу және/немесе реконструкциялау – керегін көрсету)
Концедентке берген күннен бастап _________ жыл ішінде жауапты болады.
      Концессия объектісінде Концессионердің концессия объектісін
сапасыз __________ туындаған ақаулықтар анықталған кезде Концессионер
(салуынан және/немесе реконструкциялауынан – керегін көрсету)
Концеденттен анықталған ақаулар туралы хабарламаны алған күннен
бастап _________ күннің ішінде не Тараптармен жазбаша келісілген өзге
мерзімде мұндай ақауларды өз есебінен жояды.
      126. Екінші Тараптың Үлгі шарт бойынша міндеттемелерін
орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан туындаған
Тараптардың шығындарын өтеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
_____________________________________________________________________
            (Тараптармен келісілген тәртіп көрсетіледі)
      127. Концессионер Концедентке осы Үлгі шартта көзделген
міндеттемелерді Концессионер орындамаған немесе тиісінше орындамаған
жағдайда, оның ішінде Үлгі шарт бойынша міндеттемелерді орындау
мерзімдері бұзылған жағдайда ________________ түрінде тиісті бюджетке
                (айыппұл, өсімақы – керегін көрсету)
тұрақсыздық айыбын төлейді.
      128. Концедент міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше
орындамаған жағдайда, оның ішінде Үлгі шарт бойынша міндеттемелерді
орындау мерзімдерін бұзған жағдайда Концедент
_____________________________________________________________________
                (айыппұл, өсімақы – керегін көрсету)
түрінде Концессионерге тұрақсыздық айыбын төлейді.
      129. Айыппұлдарды, өсімақыларды төлеу мөлшері, тәртібі мен
мерзімі Үлгі шартқа 16-қосымшада көрсетілген.
      130. Концессионер _____________________________________________
                         (Үлгі шарттың күшіне енген, өзге – керегін
                                           көрсету)
      күннен бастап _________________________________________________
                      (концессиялық жобаға сәйкес көрсетіледі)
мөлшерде Үлгі шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз
етуді мынадай нысандарда: __________________________________ ұсынады.
                       (концессиялық жобаға сәйкес көрсетіледі)
      131. Екінші Тараптың Үлгі шарт бойынша өз міндеттерін бұзуы
Үлгі шартта көзделген міндеттерді орындауға кедергі болған жағдайда,
Тарап Үлгі шарт бойынша өз міндеттерін орындауды бастамауға немесе
екінші Тарапты ол туралы дереу хабардар ете отырып, олардың
орындалуын тоқтата тұруға құқылы.
      132. (Егер концессиялық жоба көзделген болса, енгізіледі)
Концессионер концессия объектісін пайдалану кезінде Концеденттің
мүдделеріне тиісті қамқорлық көрсетпесе, оның табиғи тозуын,
сондай-ақ жіберіп алған пайдасын ескере отырып, концессия объектісін
сенімгерлік басқару кезінде жіберіп алған пайдасын және мүліктің
жойылуынан немесе бүлінуінен болған шығындарды өтейді.
      133. Егер Концессионер осы шығындар еңсерілмес күш салдарынан
немесе Концеденттің іс-қимылынан пайда болғанын дәлелдей алмаса,
келтірілген шығындар үшін жауапты болады.
      134. (Егер концессиялық жобада көзделген болса, енгізіледі)
Концессия объектісін басқаруға байланысты туындаған міндеттемелер
бойынша борыштар Концессионердің мүлігі және оған тиісті төлемдер
есебінен өтеледі.
      135. (Егер концессиялық жобада көзделген болса, енгізіледі)
Концессионер осы Үлгі шарттың тиісінше орындалмауына байланысты
ықтимал шығындарды өтеуді қамтамасыз ету үшін Концедентке Үлгі
шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұсынады.
      Үлгі шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну шарттары Үлгі
шартқа 17-қосымшада көрсетілген.

23. Құқықтар мен міндеттерді беру

      136. «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында,
«Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан
Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық
актілерінде және Үлгі шартта белгіленген шарттарды сақтай отырып,
Концессионер өзінің Үлгі шарт бойынша құқықтарын немесе оның бір
бөлігін басқа адамдарға беруге құқылы.
      Үлгі шарт бойынша талаптар басқаға берілген немесе борышы
аударылған жағдайда Концессионердің құқықтары мен міндеттерін басқа
адамға/адамдарға ауысуы осындай адамның/адамдардың «Концессиялар
туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және осы Үлгі шарт бойынша
концессионерді айқындау жөніндегі конкурстың конкурстық
құжаттамасында белгіленген конкурсқа қатысушыларға қойылатын
талаптарға сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылуы тиіс.
      137. Заңды тұлға Концессионерді қайта ұйымдастырған жағдайда,
оның құқықтары мен міндеттерін қайта ұйымдастырылған немесе пайда
болған заңды тұлғаға беру қайта ұйымдастырылған немесе қайта
ұйымдастыру нәтижесінде пайда болған заңды тұлға «Концессиялар
туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және осы Үлгі шарт бойынша
Концессионерді айқындау жөніндегі конкурстың конкурстық
құжаттамасында белгіленген конкурсқа қатысушыларға қойылатын
талаптарға сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылуы тиіс.
      138. Құқықты беру:
      1) өтеулі немесе өтеусіз азаматтық-құқықтық мәмілелердің
негізінде басқа адамға құқықты ішінара немесе толық иеліктен айыру;
      2) құқықты басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына беру;
      3) банкроттылық кезінде конкурстық іс жүргізу процесінде
құқығынан айыру;
      4) құқыққа ақыны, оның ішінде кепілдік кезінде өндіріп алу
жолымен жүзеге асырылады.
      139. Барлық жағдайларда, Үлгі бойынша құқықтар мен міндеттерді
басқа адамға/адамдарға беру Концеденттің жазбаша рұқсатымен жүзеге
асырылады.
      140. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығына Концессионер
болып табылатын заңды тұлғаның акцияларын немесе акцияларға меншік
құқығын растайтын өзге де бағалы қағаздарын немесе акцияға
айырбасталатын құнды қағаздарын айналымға бастапқы шығарылуы, оның
ішінде қосымша эмиссия шеңберінде шығарылған осындай бағалы
қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында бастапқы
орналастыру Концедентті алдын ала хабардар ете отырып, жүзеге
асырылады.
      141. Үлгі шарт бойынша құқықты (оның бір бөлігін) кепілге беру
Концеденттің жазбаша рұқсатымен жүзеге асырылады.
      Үлгі шарт бойынша құқық кепілдік ретінде алынған кредитті Үлгі
шартта көзделген мақсаттарға Концессионердің өзі немесе арнайы қаржы
компаниясы пайдалануға тиіс.
      142. Құқық ішінара басқа адамға берілген жағдайда Концессионер
мен осындай адам құқықтарды бірлесіп жүзеге асыру және Үлгі
келісімшарт бойынша міндеттерді орындау кезінде туындайтын өзара
міндеттемелер бойынша келісімге келуге тиіс. Бірлескен қызмет туралы
шарт немесе Концессионер мен үшінші тұлға арасындағы Үлгі шарт
бойынша қызметі шеңберінде өзара құқықтар мен міндеттерді белгілеу
туралы өзге де шарт Концедентпен келісіледі және Үлгі шарттың
Тараптары үшін міндетті күші бар Үлгі келісімшартқа қосымша болып
табылады.
      143. Концессионер және Үлгі шарт бойынша құқық берілетін үшінші
тұлға Үлгі келісімшарт бойынша ортақ жауапкершілікте болады.
      144. Үлгі шартты тоқтату Үлгі шарт бойынша құқықтар мен
міндеттерді өзге тұлғаларға беру туралы мәмілелерді тоқтатуға негіз
бола алады.
      145. Құқықты беру бойынша барлық шығыстар, егер беру
шарттарында өзгеше көзделмесе, Концессионердің шығыстарына
жатқызылады.
      146. Үлгі шарт бойынша құқықты беру Үлгі шарттың 160-тармағына
сәйкес Үлгі шартқа тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар
енгізу қажеттілігіне әкеледі және осындай өзгерістер және (немесе)
толықтырулар тіркелген сәттен бастап жасалған болып есептеледі.
      Концедент Үлгі шарт бойынша құқығын беруден бас тартуға құқылы.
      147. Концессионер Концеденттің рұқсаты болмай тұрып жасаған
Үлгі шарт бойынша құқықты беруге бағытталған мәмілелер мен өзге де
іс-қимылдар оларды жасасу сәтінен бастап жарамсыз деп саналады.
      148. Үлгі шарттың 147-тармағында көрсетілген мәмілелерді жасасу
туралы Концедентті оны жасасқаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде
хабардар етпеу мәмілелерді жарамсыз деп тануға негіз болады.

24. Қолданылатын құқық

      149. Үлгі шарттың негізінде қол қойылған Үлгі шарт және басқа
да мәмілелер үшін Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
      150. Үлгі шарт бойынша құқықты беруге бағытталған мәмілелер
бойынша құқықтар мен міндеттерге Қазақстан Республикасының құқығы
қолданылады.
      151. Концессионер Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау
саласында қабылдаған халықаралық міндеттемелерді орындау
міндеттемесін өзіне қабылдайды.
      152. Егер олар Қазақстан Республикасы қатысушысы болып
табылатын халықаралық шарттарға қайшы келмесе, Қазақстан Республикасы
заңнамасының нормалары қолданылады.

25. Дауларды шешу тәртібі

      153. Үлгі шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулар
келіссөздер арқылы шешіледі.
      154. Егер Үлгі шартты орындауға, өзгертуге немесе тоқтатуға
байланысты даулар алты айдың ішінде келіссөздер арқылы шешілмейтін
болса, онда Тараптар дауларды Қазақстан Республикасының заңдарына
және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға
сәйкес шешуге құқылы.

26. Үлгі шарт тұрақтылығының кепілдіктері

      155. Концессионерге Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес оның құқықтарын қорғауға кепілдік беріледі.
      156. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және Үлгі
шартта өзгеше көзделмесе, Үлгі шарттың талаптарын өзгертуге және
толықтыруға Тараптардың келісімі бойынша жол беріледі.
      157. Егер ол осы өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін
жасалса және заңнамада нормативтік құқықтық актінің кері күші тікелей
көзделмеген болса, Үлгі шарт бойынша Концессионердің кәсіпкерлік
қызметінің нәтижелерін нашарлататын Қазақстан Республикасы
заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар Үлгі шартқа қолданылмайды.
      158. Үлгі шарттың 159-тармағында белгіленген кепілдіктер ұлттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс қабілеттігі саласындағы,
экологиялық қауіпсіздік, денсаулықты сақтау, салық салу және кедендік
реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгерістеріне
қолданылмайды.
      (Табиғи монополиялар саласындағы концессиялық жобаны іске асыру
кезінде енгізіледі)
      159. Үлгі шарттың ______________ тармақтарында көзделген табиғи
монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту
тәртібін регламенттейтін ережелер, заңнамада оның қолданысы бұрын
жасалған шарттардан туындаған қатынастарға қолданылады деп
белгіленген жағдайлардан басқа кезде өз күшін сақтайды.

27. Үлгі шартты өзгерту, толықтыру және тоқтату
шарттары

      160. Концедент және Концессионер өзара келісім бойынша Үлгі
шартқа объектіні концессияға беру жөніндегі конкурстың шарттарын және
ондағы бекітілген концессиялық жобаның бастапқы параметрлері мен
сипаттамаларын өзгертпейтін өзгерістер мен толықтыруларды Үлгі шартқа
жазбаша нысандағы қосымша келісімдер жасасу жолымен енгізуге құқығы
бар.
      Үлгі шартқа объектіні концессияға беру жөніндегі конкурстың
шарттарына және ондағы бекітілген концессиялық жобаның бастапқы
параметрлері мен сипаттамаларын өзгертетін өзгерістер мен
толықтырулар енгізу оларды Үлгі шарттың кіріспесінде көрсетілген
Концессиялар жөніндегі комиссиямен және мүдделі мемлекеттік
органдармен келіскеннен кейін рұқсат етіледі.
      161. Үлгі шарт:
      1) Үлгі шарттың қолданылу мерзімі аяқталған;
      2) Тараптардың өзара келісімі бойынша мерзімінен бұрын
бұзылған;
      3) сот шешімі;
      4) Концессионер таратылған;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Үлгі шартта
көзделген өзге де жағдайларда қолданылуын тоқтатады.
      162. Концедент концессия объектісін ___________________________
                              (құру/реконструкциялау және пайдалану –
                                           керегін көрсету)
ұлттық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, денсаулық
сақтауға және адамгершілікке қауіп төндіретін, атап айтқанда:
_____________________________________________________________________
   (экономика саласына (аясына) байланысты жағдайлар көрсетіледі)
жағдайларда Үлгі шарттың талаптарын біржақты өзгерту және/немесе оған
толықтырулар енгізу немесе оны бұзу туралы шешім қабылдай алады.
      163. Концедент осы тараудың 162-тармағында көрсетілген құқықты
іске асырған жағдайда, Концедент Концессионерге Үлгі шарттың
талаптарын өзгертуге және/немесе оған толықтырулар енгізуге
байланысты қосымша шығындарды өтейді, сондай-ақ, Үлгі шартты бұзу
немесе талаптарын өзгерту және/немесе оған толықтырулар енгізу
Концессионердің дөрекі салғырттығынан не оның Үлгі шарт талаптарын
бұзушылығынан туындаған жағдайдан басқа, Үлгі шартты бұзуға
байланысты Концессионер шеккен залалдардың орнын толтырады.
      164. Егер Тараптар концессия объектісін __________________ іске
                        (құруды/реконструкциялауды және пайдалануды –
                                       керегін көрсету)
асыру үшін мемлекеттің инфрақұрылымдық облигациялары бойынша
кепілгерлігі таңдалса, онда инфрақұрылымдық облигациялар айналысының
мерзімі ішінде облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделеріне
қысым жасауға әкеп соғуы мүмкін Үлгі шарттың талаптарын өзгертуге
және/немесе оған толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

28. Үлгі шарт тілі

      165. Үлгі шарт қазақ және Тараптар үшін қолайлы тілде, тең
заңды күші бар ______________ түпнұсқа данада жасалды, олардың ішінде
__________ данасы Концедент үшін және ______ данасы Концессионер үшін
жасалды.
      166. Үлгі шарттың мазмұнын айқындау және түсіндіру кезінде
келіспеушіліктер немесе даулар туындаған жағдайда ___________ тілдегі
                                                (тілді көрсету)
мәтін нұсқасының күші басым.
      167. Тараптар қазақ (немесе) орыс тілдері қарым-қатынас тілі
ретінде қолданылады деп уағдаласады.
      168. Үлгі шарт күшіне енген күннен бастап Үлгі шартты орындауға
қатысты техникалық құжаттама мен ақпарат қазақ және (немесе) орыс
тілінде жасалады.

29. Үлгі шарттың қолданылу мерзімі

      169. Үлгі шарт тиісті тіркеу органында мемлекеттік тіркелген
сәттен бастап күшіне енеді және ________________________ қолданылады.
                   (мерзімі концессиялық жобаға сәйкес көрсетіледі)
      170. Концессия объектісін құру мерзімі 20__ жылғы «___» _______
      171. __________________________________________________________
          (моральдық жағынан ескірген және іс жүзінде тозған жабдықты
_____________________________________________________________________
  жаңғырту, жаңа, неғұрлым өнімді жабдықпен ауыстыру, өзге мүліктің
_____________________________________________________________________
      сипаттамалары мен пайдалану қасиеттерін жақсарту жөніндегі
_____________________________________________________________________
             іс-шараларды жүзеге асыру – керегін көрсету)
мерзімі 20__ жылғы «___» _______________
      172. (Егер Концессионердің концессия объектісін пайдалануы
концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Концессионердің объектіні
пайдалану мерзімі 20__ жылғы «___» ________________ бастап 20__ жылғы
«___» _______________ аралығында.
      173. Концессионердің Концедентке тиесілі Үлгі шарттың
185-тармағында көрсетілген шартқа сәйкес зияткерлік қызмет
нәтижелеріне айрықша құқықтарды пайдалану мерзімі –
____________________________________________________________ құрайды.
               (күн, ай, жыл – керегін көрсету)

30. Зияткерлік қызмет нәтижелеріне айрықша
құқықтар

      174. Концедентке Концессионер Үлгі шартты орындаған кезде өз
есебінен алған зияткерлік қызметтің мынадай нәтижелеріне айрықша
құқықтар тиесілі:
_____________________________________________________________________
               (зияткерлік меншік объектілерінің атауы)
      Зияткерлік қызметтің көрсетілген нәтижелеріне Концеденттің
құқықтарын тіркеуді Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен
_____________________________________________________________________
    (Концедент немесе Концеденттен алынған өкілеттіктің негізінде
_____________________________________________________________________
                   Концессионер – керегін көрсету)
жүзеге асырады.
      175. Концессионердің Үлгі шарт бойынша міндеттемелерін орындауы
мақсатында Концедент Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
Үлгі шарттың 173-тармағында көрсетілген мерзімге Үлгі шарттың
174-тармағында көзделген зияткерлік қызметтің нәтижелерін пайдалану
құқықтарын өтеусіз негізде Концессионерге беру туралы шарт жасасады.
      176. Үлгі шартты тоқтату Үлгі шарттың 175-тармағында көзделген
зияткерлік қызметтің нәтижелерін пайдалану құқығын өтеусіз негізде
Концессионерге беру туралы шартты тоқтату үшін негіз болып табылады.
      177. Концессионер Үлгі шарттың 174-тармағында көрсетілген
зияткерлік қызметтің нәтижесіне құқықты беру кезінде, ол зияткерлік
қызмет нәтижелеріне барлық айрықша мүліктік құқықтың заңды құқық
иеленушісі болып табылатынына, Концессионер үшінші тұлғалардың
зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарға қатысты барлық өзара
қарым-қатынастардың реттелгені және зияткерлік қызметтің нәтижелері
үшінші тұлғалардың қандай да бір құқықтары мен талаптарынан бос
екендігіне кепілдік береді. Концессионер зияткерлік қызметтің
нәтижелеріне айрықша құқықтарға қатысты үшінші тұлғалардың барлық
талаптары, наразылықтары мен даулары бойынша толық жауапкершілікте
болады.
      178. Концеденке зияткерлік қызметтің нәтижелерін берумен бір
мезгілде Концедентке зияткерлік қызметтің нәтижелеріне меншік құқығы
ауысады және оларды пайдаланудың айрықша мүлік құқықтары ауысады.
      Концедент зияткерлік қызметтің нәтижелеріне билік етуге және
оларды кез келген нысанда, кез келген тәсілмен және өзінің қалауы
бойынша:
      1) зияткерлік қызметтің нәтижелерін қалпына келтіруге (қалпына
келтіру құқығы);
      2) зияткерлік қызметтің нәтижелерін кез келген тәсілмен
таратуға: сатуға, өзге де операцияларды жасауға (тарату құқығы);
      3) зияткерлік қызметтің нәтижелерін жария көрсетуге (жария
көрсету құқығы);
      4) автормен жазбаша келісім бойынша зияткерлік қызметтің
нәтижелеріне өзгерістер енгізуге, қайта жасау немесе басқа тәсілмен
автормен жазбаша келісім бойынша коммерциялық орындылығы үшін
зияткерлік қызметтің нәтижелерін қайта өңдеуге (өзгерту құқығы);
      5) зияткерлік қызметтің нәтижелерін іс жүзінде сату,
пайдалануға айрықша мүлік құқықтарын іске асыруға құқылы.
      179. Үлгі шарттың 174-тармағында көзделмеген және
Концессионерге тиесілі зияткерлік қызмет объектілерін пайдалану
құқығын Концедентке беру мынадай: ___________________________________
                                         (шарттарды көрсету)
шарттарға сәйкес келуге тиіс жекелеген шарттар мен келісімдердің
негізінде жүзеге асырылады.

31. Сақтандыру

      180. Тараптар сақтандыруға жататын тәуекелдерді айқындайды,
оларды Концессионер заңнамада белгіленген тәртіппен сақтандырады.
      181. Сақтандыру мүліктік тәуекелдер және мыналарға:
      1) құрылыс жүргізу орнына жеткізілетін жүктерді тасымалдауға
және қоймаға орналастыруға;
      2) жалға алынған немесе лизинг бойынша пайдаланылатын мүлікті
қоса алғанда, Концессионердің _______________________________________
                             (құрылыста, құрылыста және пайдалануда –
                                          керегін көрсету)
пайдаланылатын мүлкіне;
      3) жерді қоса алғанда, қоршаған ортаны ластауға және қоршаған
табиғи ортаға келтірілген зиянның салдарларын жоюға арналған
шығыстарға;
      4) үшінші тұлғалар алдындағы жалпы азаматтық-құқықтық
жауапкершілікке байланысты жауапкершілік тәуекелдері үшін көзделеді.
      182. Мемлекеттің қарыздар бойынша кепілгерлігін алуға үміткер
Концессионердің осы Үлгі шартқа 18-қосымшада келтірілген мемлекет
кепілгерлігімен тартылатын қарызды қайтаруды қамтамасыз ету
талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шарты болуы тиіс.
      183. Концессионер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
сақтандыру компанияларын өзінің қалауы бойынша таңдайды.

32. Құпиялылық

      184. Үлгі шарттың ережелері, Үлгі шартты орындау процесінде
қандай да болмасын Тарап алған немесе сатып алған ақпарат құпия болып
табылады. Тараптар құпия ақпаратты Қазақстан Республикасының
заңнамасында көзделген қажетті есептерді жасау үшін пайдалана алады.
      185. Тараптар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен
сот немесе құқық қорғау органдарының сұрау салуларына ақпаратты беру;
      2) ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
қаржылық және өзге де есептілікті алуға құқылы мемлекеттік органдарға
берілген жағдайда;
      3) үшінші тұлға осындай ақпаратты құпия ретінде қарау және оны
Үлгі шартта көзделген, Тараптар белгілеген мақсаттарда ғана пайдалану
міндеттемесін өзіне алған жағдайда, Концессионерге қызмет көрсететін
осындай үшінші тұлғаға ақпарат берілген;
      4) институционалдық инвестор осындай ақпаратты құпия ретінде
қарау және оны концессиялық жобада көзделген мақсаттарда ғана
пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда, Концессионер
концессиялық жобаға қаржы қаражатын тарту туралы келіссөздер
жүргізетін институционалдық инвесторға ақпарат берілген жағдайларды
қоспағанда, құпия ақпаратты екінші Тараптың келісімінсіз үшінші
тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
      186. Концессия объектісін _____________________________________
                                (құру, реконструкциялау, пайдалану –
                                            керегін көрсету)
жүргізуге жатқызылған барлық құжаттар, ақпараттар мен есептер бойынша
______________________ жылға құпиялылықты сақтау мерзімі белгіленеді.

33. Еңсерілмеген күш мән-жайлары (форс-мажор)

      187. Тараптар Үлгі шарт бойынша қандай да болмасын
міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер
осындай орындамау немесе тиісінше орындамау Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес еңсерілмеген күш мән-жайларынан туындаса,
жауапкершілікте болмайды.
      188. Еңсерілмеген күш мән-жайларына: мысалы, Үлгі шарт бойынша
Тараптардың міндеттемелерді орындауына тікелей әсер еткен әскери
жанжалдар, дүлей зілзалалар сияқты осындай мән-жайлар кезіндегі
төтенше және күтпеген жағдайлар жатады. Келтірілген тізбе толық болып
табылмайды. Осындай мән-жайларға, атап айтқанда, жұмыстарды орындау
үшін қажетті көрсетілетін қызметтердің немесе материалдардың болмауы
немесе тапшылығы жатпайды.
      189. Еңсерілмеген күш мән-жайлары туындаған жағдайда, олардан
зардап шеккен Тарап форс-мажорлық мән-жайлардың басталған күнін
нақтылайтын және сипаттайтын жазбаша хабарламаны табыстау не почта
арқылы жіберу жолымен бес күн ішінде ол туралы екінші Тарапты
хабардар етеді.
      190. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде Тараптар
қалыптасқан жағдайдан шығу шешімін іздестіру үшін тез арада
келіссөздер жүргізеді және осындай мән-жайлардың салдарларын мейлінше
азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
      191. Форс-мажорлық мән-жайлардан туындаған Үлгі шарт бойынша
жұмыстарды толық немесе ішінара тоқтату кезінде осы жұмыстарды
жүргізу кезеңі форс-мажордың әрекет ету мерзіміне ұзартылады және
форс-мажорды тоқтатқан сәттен бастап жаңартылады.

34. Қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі
бойынша талаптар

      192. Қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету
мақсатында Концессионер:
      1) концессия объектісін салу жөніндегі жұмыстарды жүргізу
кезінде концессия объектісін салуға тартылған персоналдың
қауіпсіздігіне қойылатын Қазақстан Республикасының нормативтік
құқықтық актілерінде белгіленген нормалар мен талаптарды сақтауға
және олардың сақталуын бақылауға;
      2) концессия объектісінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге
тартылған персоналдың қауіпсіздігіне қойылатын Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нормалар
мен талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес концессия объектісінің
жұмыс істеуі нәтижесінде атмосфераға шығарындылардың саны мен
химиялық құрамы бойынша нормалардың сақталуын қамтамасыз етуге;
      4) жұмыстарды жүргізудің оң тәжірибесін басшылыққа ала отырып,
адамдардың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға, сондай-ақ
жеке меншікті жоюға қауіп төндіретін авариялар мен өзге де қауіпті
жағдайлардың алдын алу бойынша қажетті барлық шараларды қолдану;
      5) концессия объектісін пайдалану кезінде Концессионердің
қызметімен экологияға келтірілген зиянды барынша азайтуға бағытталған
экологияны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына
және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өзге
іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
      193. Егер адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатын
болса, концессия объектілерін салу және/немесе реконструкциялау,
пайдалану бойынша жұмыстар жүргізуге тыйым салынады.
      194. Үлгі шарт бойынша жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз
ету бойынша негізгі талаптар:
      1) жұмыстарға арнаулы даярлығы және біліктілігі бар адамдарды,
құрылыс жұмыстарына басшылық етуге арнайы білімі бар, денсаулық
сақтау саласындағы заңнамаға сәйкес міндетті медициналық тексеруден
өткен адамдарды жіберу;
      2) құрылыс жұмыстарын істейтін адамдарды арнайы киімдермен,
жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету;
      3) қауіпсіздік талаптары мен санитариялық ережелерге және
гигиеналық нормативтерге сәйкес келетін машиналарды, жабдықтар мен
заттарды қолдану;
      4) жарылғыш заттар мен жарылу құралдарын есепке алу, тиісінше
сақтау және жұмсау, сондай-ақ оларды дұрыс және қауіпсіз пайдалану;
      5) жұмыстардың технологиялық циклын қамтамасыз ету және қауіпті
жағдайларды болжау үшін қажетті және жеткілікті геологиялық,
маркшейдерлік және өзге де бақылаулар кешенін жүргізу, қауіпті
аймақтарды уақтылы айқындау және оны тау-кен жұмыстары жоспарына
түсіру;
      6) атмосферасының жай-күйін, ондағы оттегі мөлшерін, зиянды
және жарылғыш қауіпті газдар мен тозаңдарды жүйелі түрде бақылау;
      7) жұмыстарды қауіпсіз жүргізу аймақтарының шектерін
нақтылайтын деректермен техникалық құжаттамалар мен аварияларды жою
жоспарларын уақытылы толықтыру;
      8) ғимараттарды әзірлеу және жабдықтаудың жобалау жүйелерін,
жобалары мен технологиялық схемаларын сақтау болып табылады.
      195. Жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген
жағдайда Концессионердің лауазымды тұлғалары жұмыстарды дереу
тоқтатып, адамдарды қауіпсіз жерге тасымалдауды қамтамасыз етуге
міндетті.
      196. Халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген
жағдайда Концессионер бұл туралы жергілікті атқарушы органдарды дереу
хабардар етуге міндетті.
      197. Үлгі шарт бойынша қызмет әсер ететін аймақта халықтың
өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда, Концессионер жұмысты
тоқтата тұруға міндетті және халықтың денсаулығы мен өмірі үшін
қауіпсіз жағдай жасалмайынша және төнген қауіп жойылмайынша
жұмыстарды бастауға құқылы емес. Қауіптің алдын алу үшін өзге
шараларды қолдану мүмкін болмаған кезде Концессионер Үлгі шарт
бойынша қызметтерді халық қауіпті аймақтан көшірілгеннен кейін ғана
қайта бастауға құқылы.
      198. Концессионер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
Концессионер алдында шарттық міндеттемелер мен еңбек міндеттерін
орындаумен байланысты, Концессионердің кінәсінан азаматтардың
денсаулығына келтірілген зиян үшін өтемақы төлейді.
      199. Концессионер авариялар мен өзге де қауіпті жағдайларды
болдырмау жөніндегі іс-шаралардың бағдарламаларын әзірлеуге және
оларды жобалау құжаттама құрамында бекітуге міндетті.

35. Қорытынды ережелер

      200. Үлгі шартқа барлық қосымшалар мен толықтыруларға
Тараптардың өкілетті өкілдері қол қоюы тиіс.
      201. Үлгі шарт бойынша кез келген хат алмасу мынадай мекен-жай
бойынша жіберіледі:
      Концедент _____________________________________________________
      Концессионер __________________________________________________
      Үлгі шарттың талаптарын өзгертетін Үлгі шарт бойынша хат
алмасудың заңды күші жоқ.
      202. Тараптардың құқықтық мәртебесін не ұйымдық-құқықтық
нысанын өзгерту Үлгі шарттың қолданылуын тоқтатпайды және Тараптар
Үлгі шартты бұзуға, оны өзгертуге ниет білдірген не құқық нормалары
оны қайта ресімдеуді талап еткен жағдайларды қоспағанда, барлық
құқықтар мен міндеттер тиісті құқықтық мирасқорға көшеді. Бұл ретте
Тараптар құқықтық мәртебесінің, орналасқан орнын және өзге де
деректемелерінің өзгеруі туралы бірін-бірі жазбаша түрде күнтізбелік
үш күн ішінде хабардар етуге міндетті.

36. Тараптардың орналасқан жері және банктік деректемелері

           Концедент                                Концессионер
      ___________________                      ______________________
      ___________________                      ______________________

      Тараптардың қолдары

      ___________________                      ______________________
      Концеденттің атынан                      Концессионердің атынан

      Осы Үлгі шарт Концедент пен Концессионер арасында пайда болған
өзара құқықты реттейді. Концедент, осы Үлгі шартты қолдана отырып,
Концессионердің таңдауы бойынша конкурс қорытындылары негізінде
өзінің концессия шартының соңғы жобасын әзірлеуге тиіс. Бұл ретте,
осы Үлгі шартқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан
Республикасының заңнамасына, Концеденттің конкурстық құжаттамасына,
Концессионердің конкурстық өтінімі мен конкурс қорытындылары туралы
хаттамаға сәйкес келуге тиіс. Осы Үлгі шартта курсивпен бөлінген
түсіндірмелерді Концедент толтыруы тиіс.

Экономиканың түрлі саласындағы  
(аясындағы) концессияның үлгі шартына
1-қосымша              

Концессия объектісі

      (Қосымшада құрылатын және/немесе реконструкцияланатын концессия
объектісінің сипаттамасы, концессия объектісі мүлкінің құрамы,
техникалық жай-күйі, қызмет ету мерзімі, болжамды бастапқы, қалдық
және қалпына келтіру құны, технологиялар мен технологиялық жабдықтар
туралы мәліметтерді қоса алғанда, техникалық-экономикалық
ерекшеліктері егжей-тегжейлі көрсетіледі).

      Тараптардың қолдары

      ___________________                     _______________________
      Концеденттің атынан                     Концессионердің атынан

Экономиканың түрлі саласындағы   
(аясындағы) концессияның үлгі шартына
2-қосымша              

Өзге мүлік

      (Қосымшада өзге мүліктің құрамы және оның сипаттамасы, оның
ішінде техникалық-экономикалық ерекшеліктері, берілетін мүліктің
мүлік құрамы, техникалық жай-күйі, қызмет ету мерзімі, болжамды
бастапқы, қалдық және қалпына келтіру құны, Концессионердің өзге
мүлікті иелену және пайдалану мерзімі туралы мәліметтерді қоса
алғанда, өзге мүліктің құрамына кіретін объектілердің тізбесі
егжей-тегжейлі көрсетіледі).

      Тараптардың қолдары

      ___________________                      ______________________
      Концеденттің атынан                      Концессионердің атынан

Экономиканың түрлі саласындағы   
(аясындағы) концессияның үлгі шартына
3-қосымша              

Концессия объектісінің құрамына кірмейтін жылжымайтын мүлік
объектілері

      (Қосымшада мүлік құрамы, техникалық жай-күйі, қызмет ету
мерзімі, мүліктің болжамды бастапқы, қалдық және қалпына келтіру
құны, технологиялар және технологиялық жабдықтар туралы мәліметтерді
қоса алғанда, сипаттамасы, техникалық-экономикалық ерекшеліктері
егжей-тегжейлі көрсетіледі).

      Тараптардың қолдары

      ___________________                      ______________________
      Концеденттің атынан                      Концессионердің атынан

Экономиканың түрлі саласындағы   
(аясындағы) концессияның үлгі шартына
4-қосымша             

Концессиялық жобаны жүзеге асыру кестесі

      (Қосымшада Концессиялық жобаны жүзеге асыру кестесі
егжей-тегжейлі көрсетіледі).

      Тараптардың қолдары

      ___________________                      ______________________
      Концеденттің атынан                      Концессионердің атынан

Экономиканың түрлі саласындағы   
(аясындағы) концессияның үлгі шартына
5-қосымша             

Қаржылық-экономикалық жоспар

      (Қосымшада концессиялық жобаның өндірістік бағдарламасы, осы
Шарттың 2-бөлімі 10-тармағының талаптарын ескере отырып, концессиялық
жобаны іске асырудың негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері
егжей-тегжейлі көрсетіледі).

      Тараптардың қолдары

      ___________________                      ______________________
      Концеденттің атынан                      Концессионердің атынан

Экономиканың түрлі саласындағы   
(аясындағы) концессияның үлгі шартына
6-қосымша              

Концессионер өндіретін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін
қызметтерге тарифтерді (бағаларды) қалыптастыру және бекіту
тәртібі

      (Қосымшада концессиялық жобаның өніміне, жұмыстарына және
көрсетілетін қызметтеріне баға белгілеу жүйесі егжей-тегжейлі
көрсетіледі.
      Табиғи монополиялар салаларында концессиялық жобаны іске асыру
кезінде осы қосымша осы Шарттың 2-бөлімі 11-тармағының талаптарына
сәйкес қалыптастырылады).

      Тараптардың қолдары

      ___________________                      ______________________
      Концеденттің атынан                      Концессионердің атынан

Экономиканың түрлі саласындағы   
(аясындағы) концессияның үлгі шартына
7-қосымша             

Концессия объектісінің жер учаскесі

      (Қосымшада концессия объектісін құру және пайдалану үшін
қажетті жер учаскесінің сипаттамасы, оның ішінде оның кадастрлық
нөмірі, құны, орналасқан жері, ауданы, шекарасын сипаттау,
мемлекеттік жер кадастрынан үзінді егжей-тегжейлі көрсетіледі).

      Тараптардың қолдары

      ___________________                      ______________________
      Концеденттің атынан                      Концессионердің атынан

Экономиканың түрлі саласындағы   
(аясындағы) концессияның үлгі шартына
8-қосымша             

Концессия объектісі болып табылмайтын жылжымайтын мүлік
объектілеріне арналған жер учаскесі

      (Қосымшада Үлгі шарттың 6-тармағында көрсетілген жылжымайтын
мүлікті құру және пайдалану үшін қажетті жер учаскесінің сипаттамасы,
оның ішінде оның кадастрлық нөмірі, құны, орналасқан жері, ауданы,
шекарасын сипаттау, мемлекеттік жер кадастрынан үзінді егжей-тегжейлі
көрсетіледі).

      Тараптардың қолдары

      ___________________                      ______________________
      Концеденттің атынан                      Концессионердің атынан

Экономиканың түрлі саласындағы   
(аясындағы) концессияның үлгі шартына
9-қосымша             

Қаржыландыру көздері

      (Қосымшада концессиялық жобаны қаржыландыру көздері, құрылымы,
мерзімдері, кестелері мен шарттары, оның ішінде негізгі қорлардағы
инвестициялар, сыртқы қаржыландыру шарттары, схемасы және
қаржыландыруды ұйымдастыру егжей-тегжейлі көрсетіледі.
      Табиғи монополиялар салаларында концессиялық жобаны іске асыру
кезінде осы қосымшада Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар
және реттелетін нарықтар саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес
әзірленген және бекітілген табиғи монополиялар субъектінің
инвестициялық бағдарламасы келтіріледі).

      Тараптардың қолдары

      ___________________                      ______________________
      Концеденттің атынан                      Концессионердің атынан

Экономиканың түрлі саласындағы   
(аясындағы) концессияның үлгі шартына
10-қосымша             

Концессиялық жобаны басқарудың институционалдық
схемасы

      (Қосымшада концессиялық жобаны басқарудың институционалдық
схемасы егжей-тегжейлі көрсетіледі).

      Тараптардың қолдары

      ___________________                      ______________________
      Концеденттің атынан                      Концессионердің атынан

Экономиканың түрлі саласындағы   
(аясындағы) концессияның үлгі шартына
11-қосымша             

Экономиканың әртүрлі салаларында концессия объектісін пайдалану
шарттары

      (Қосымшада төменде көрсетілген шарттардан басқа, концессия
объектісін пайдалануға қажетті өзге де шарттар егжей-тегжейлі
көрсетіле алады)

1. Концессия объектісін жалдаудың жалпы шарттары

      1. Концессия объектісін жалға беру қабылдап алу-тапсыру актісі
(беру сәтіндегі концессия объектісінің іс жүзіндегі жай-күйін көрсете
отырып) бойынша жүзеге асырылады, оған Концессионердің, баланс
ұстаушының өкілдері қол қояды және Концедент бекітеді әрі ол осы Үлгі
шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
      2. Үлгі шартқа қол қою арқылы Концедент және жазбаша
келісімімен баланс ұстаушы жалға берілетін концессия объектісінің
беру сәтінде кепілдікке қойылмағандығын, сатылмағандығын, тыйым
салынбағандығын және Үлгі шарттың қолданылуы кезінде Үлгі шартқа
қатысы жоқ үшінші тұлғалармен талап етілмейтіндігін куәландырады.
      3. Үлгі шарт «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу
туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік тіркеуге
жатады және концессия объектісін жалдау жөніндегі шарттар осындай
тіркеу сәтінен бастап күшіне енген деп есептеледі.
      Үлгі шартты мемлекеттік тіркеу Концессионердің қаражаты
есебінен жүзеге асырылады.
      4. Концессионер өрт және электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуге,
жалға алынған үй-жайлардағы техникалық құралдар мен инженерлік
жабдықты дұрыс пайдалануға, сондай-ақ осы тармақта көзделген
шарттардың тиісінше орындалмауының салдарына толық жауап береді.
      5. Концеденттің:
      1) баланс ұстаушымен келісім бойынша концессия объектісін, онда
орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауға немесе
қайта жабдықтауға және қосалқы жалға беруге Концессионерге жазбаша
рұқсат беруге;
      2) жалдау ақысын аударудың уақыттылығы мен толықтығына
бақылауды жүзеге асыруға;
      3) жалдау ақысының уақытылы енгізілмегені үшін өсімпұл
есептеуге;
      4) концессия объектісінің нысаналы пайдаланылуын тексеруді
жүзеге асыруға құқығы бар.
      6. Концессионердің:
      1) жалдау ақысын аванспен төлеуге;
      2) баланс ұстаушының жазбаша келісімімен концессия объектісін,
онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауға
немесе қайта жабдықтауға және қосалқы жалдауға беруге рұқсат алу үшін
Концедентке жүгінуге құқығы бар.
      7. Концедент:
      1) баланс ұстаушының концессия объектісін Концессионерге
қабылдап алу-тапсыру актісі бойынша беруін және шарт жасалған күннен
бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде оны бекітуді
қамтамасыз етуге;
      2) шартпен белгіленген тәртіппен Концессионердің концессия
объектісін иеленуіне және пайдалануына кедергі келтірмеуге;
      3) жалдау ақысының мөлшерін өзгерткен жағдайда, бұл туралы
Концессионерді жалдау ақысын төлеудің кезекті мерзіміне дейін бір ай
бұрын жазбаша хабардар етуге;
      4) Концессионерге жалдау ақысын төлеудің кезекті мерзіміне
дейін он күннен кешіктірмей мерзімі өткен жалдау төлемдері үшін
өсімақылар мен айыппұлдар есептегені туралы хабарламаны жіберуге
міндетті.
      8. Концессионер:
      1) ай сайын жалдау ақысын, сондай-ақ басқа жалдау төлемдерін
(айыппұлдарды, өсімақыларды) төлеуге;
      2) жалдау ақысын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлегеннен кейін
үш жұмыс күні ішінде төлем тапсырмаларының (түбіртектердің)
көшірмелерін ұсына отырып, тоқсан сайын Концедентпен есеп айырысуды
салыстырып тексеруді жүргізуге;
      3) қабылдап алынған концессия объектісін Үлгі шартта көзделген
мақсаттарда ғана пайдалануға;
      4) концессия объектісін тиісті тәртіпте ұстауға, концессия
объектісіне немесе онда орналасқан инженерлік коммуникацияларға зақым
келтіруі мүмкін іс-қимылдарды жасамауға;
      5) концессия объектісін жарамды жай-күйде ұстауға, өз есебінен
ағымдағы жөндеу жүргізуге және мүлікті ұстау бойынша шығыстарды
көтеруге, сондай-ақ тараптармен келісілген мерзімдерде күрделі жөндеу
жүргізуге;
      6) концессия объектісінің жекелеген элементтері, инженерлік
құрылғылар Концессионердің кінәсынан, сол сияқты табиғи тозуына
байланысты болса да істен шыққан жағдайда, өз есебінен жөндеу
жұмыстарын жүргізуге;
      7) Концеденттің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз концессия
объектісін, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта
жоспарлауды немесе қайта жабдықтауды жүзеге асырмауға;
      8) концессия объектісіне және концессия объектісі орналасқан
жер учаскесіне Концедент, санитариялық қадағалау қызметтері және
Қазақстан Республикасы заңнамасының және концессия объектісін
пайдалану мен қолдану тәртібіне қатысты өзге де нормалардың сақталуын
бақылайтын басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерін кедергісіз
жіберуге, олар белгілеген мерзімдерде тіркелген бұзушылықтарды жоюға;
      9) Үлгі шарт бойынша өз құқықтарын бермеуге, оларды шаруашылық
серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталына салым
немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде салмауға;
      10) Үлгі шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір жыл
бұрын концессия объектісін жалдауды ұзарту ниеті туралы жазбаша
өтініш беруге міндетті. Мұндай өтініштің болмауы Концедентке
концессия объектісін басқа заңды немесе жеке тұлғаларға мүліктік
жалға (жалдауға) беруіне негіз береді;
      11) Үлгі шарт бұзылған немесе мерзімі аяқталған жағдайда,
Концессионер мен баланс ұстаушының қолдары қойылған және Концедент
бекіткен қабылдап алу-тапсыру актісі бойынша баланс ұстаушыға
күнтізбелік он күн ішінде концессия объектісін қайтаруды қамтамасыз
етуге;
      12) концессия объектісі Концессионердің кінәсы бойынша
пайдалануға жарамсыз күйге келтірілген жағдайда, өз қаражатының
есебінен қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруға;
      13) концессия объектісін жұмыс істемейтін немесе
қанағаттанарлықсыз техникалық күйде (нормативтік көрсеткіштерден
асатын тозумен) қайтарған жағдайда, шығынды өтеуге міндетті.
      9. Концеденттің талабы бойынша мынадай:
      1) егер Концессионер концессия объектісін Үлгі шарттың
талаптарын елеулі бұза отырып, мұндай іс-қимылдарды тоқтату туралы
Концеденттің жазбаша ескертуіне қарамастан, пайдаланған;
      2) егер Концессионер Үлгі шарт бойынша берілген концессия
объектісін мақсатқа сай пайдаланбаған;
      3) егер Концессионер қасақана немесе байқаусызда концессия
объектісін елеулі нашарлатқан;
      4) егер Концессионер концессия объектісін пайдаланғаны үшін
жалдау ақысын Үлгі шартта белгіленген мерзім өткеннен кейін екі
реттен астам төлемеген;
      5) егер Концессионер Үлгі шартта белгіленген мерзімде, ал олар
шартта болмаған кезде, Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілеріне немесе шартқа сәйкес күрделі жөндеу міндеті Концессионерге
жүктелген жағдайларда ақылға қонымды мерзімде концессия объектісіне
күрделі жөндеу жүргізбесе, Концедент Концессионерге өз
міндеттемелерін ақылға қонымды мерзімде орындау мүмкіндігін бергеннен
кейін ғана шартты мерзімінен бұрын жоюды талап етуге құқылы;
      6) Концедент концессия объектісін алып қою туралы шешім
қабылдаған;
      7) баланс ұстаушы Концеденттің атына Үлгі шартты бұзу
себептерін негіздей отырып жазбаша өтініш жасаған жағдайларда Үлгі
шарт бұзылуы және концессия объектісі баланс ұстаушыға қайтарылуы
мүмкін.
      10. Шарт Концессионердің талабы бойынша мерзімінен бұрын
мынадай:
      1) баланс ұстаушы шарттың талаптарына немесе концессия
объектісінің мәніне сәйкес Концессионердің пайдалануына концессия
объектісін бермеген, не концессия объектісін пайдалануға кедергі
жасаған;
      2) концессия объектісінің баланс ұстаушысы Үлгі шартпен
белгіленген мерзімде, ал олар Үлгі шартта болмаған жағдайда – оған
жүктелген міндеттің ақылға қонымды мерзімінде концессия объектісін
күрделі жөндеуді жүргізбеген;
      3) Концессионерге берілген концессия объектісінің, Концедент
Үлгі шартты жасасқан кезде айтпаған, Үлгі шартты жасасқан кезде
Концессионерге алдын ала белгілі болмаған және концессия объектісін
қарап тексерген немесе оның ақаусыздығын тексерген уақытта оның табуы
мүмкін болмаған, пайдалануға кедергі жасайтын ақаулары болған;
      4) егер концессия объектісі Концессионер жауап бермейтін
мән-жайлар салдарынан пайдалануға жарамай қалған жағдайларда бұзылуы
мүмкін.
      11. Егер Концессионер өз қаражаты есебінен және баланс
ұстаушының келісімімен және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті
органның (жергілікті атқарушы органдардың) жазбаша рұқсатымен
концессия объектісі үшін зиянсыз ажыратылмайтын жақсартулар жүргізген
жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде
өзгеше көзделмесе, Концессионер Үлгі шарт тоқтатылғаннан кейін осы
жақсартулардың құнын баланс ұстаушы арқылы өтеуге құқығы бар.
      Концессионер жүргізген концессия объектісінің ажырайтын
жақсартулары оның меншігі болып табылады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше
көзделмесе, Концедент пен баланс ұстаушының келісімінсіз Концессионер
жасаған ажыратылмайтын жақсартулардың құны өтеуге жатпайды.
      12. Мүліктік жалға (жалдауға) тапсырғаны үшін жалдау ақысын
есептеу концессия объектісін қабылдап алу-тапсыру актісі бойынша
концессия объектісін баланс ұстаушыға қайтару сәтіне дейін
жүргізіледі. Концессионер мен баланс ұстаушы қол қойған және
Концедент бекіткен қабылдап алу-тапсыру актісі мүліктік жалдың
(жалдаудың) аяқталу фактісін растайтын құжат болып табылады.

2. Концессия объектісін сенімгерлік басқарудың жалпы шарттары

      1. Концедент Концессионерге концессия объектісін сенімгерлік
басқаруға береді, ал Концессионер осы Шарт бойынша пайда табушы
болатын Концеденттің мүддесіне концессия объектісін басқаруды жүзеге
асыруға міндеттенеді
      2. Концессия объектісі Концессионерге Қазақстан Республикасының
заңнамасында және Үлгі шартта көзделген тәртіппен және шарттарда
сенімгерлік басқаруға беріледі.
      3. Концессионер концессия объектісін сенімгерлік басқаруды
иеліктен шығару және оны кепілге беру құқығынсыз жүзеге асырады.
      4. Осы Шарт Концессионердің концессия объектісіне сенімгерлік
басқаруды жүзеге асыру құқығын куәландыратын негіздеме болып
табылады.
      5. Концедент концессия объектісі Концессионерге берілген күні:
      1) кепілде тұрмағанын;
      2) үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынғанын/
салынбағанын;
      3) сатуға қойылмағанын растайды.
      6. Концессия объектісін сенімгерлік басқаруға беру
Концессионерге оның меншік құқығының өтуіне әкеп соқтырмайды.
      7. Концессионердің концессия объектісін басқару бойынша
құқықтары мен міндеттері концессия объектісі Концессионерге берілген
сәттен басталады. Концессия объектісін беру (қабылдап алу-тапсыру
актісін жасау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
акционерлердің, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге
қатысушылардың тізіліміне тиісті жазбаларды енгізу немесе сенімгерлік
басқаруға берілетін концессия объектісіне байланысты өзгесі) арқылы
жүзеге асырылады.
      8. Концеденттің:
      1) жазбаша сұрау салу бойынша концессия объектісін басқару
жөніндегі Концессионердің қызметі туралы ақпарат (есеп) алуға;
      2) Концессионердің қызметіне араласпай, осы Шарт бойынша
Концессионердің міндеттемелерінің орындалуын, оның ішінде концессия
объектісін басқару тиімділігінің мониторингін жүргізу, Шарт бойынша
міндеттемелерді орындау бойынша Концессионердің есебін тыңдау жолымен
бақылауға;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де
іс-қимылдарды жасауға құқығы бар.
      9. Концессионердің:
      1) Концедент мүддесінде Сенімгерлік басқаруға берілген
концессия объектісіне қатысты заңды және іс жүзіндегі іс-қимылдарды
жасауға;
      2) концессия объектісін сенімгерлік басқару кезінде жүргізілген
қажетті шығыстарды оған сенімгерлік басқаруға берілген концессия
объектісінің мүлкін пайдаланудан түскен кірістер есебінен ғана
өтеуге;
      3) сыйақы беру құқығын қоспағанда, осы Шартта белгіленген
шектеулерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасымен
көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған
сенімгерлік басқаруға берілген концессия объектісін сатып алуға
құқығы бар.
      10. Концедент:
      1) Концессионерге осы Шартта белгіленген мерзімде концессия
объектісін беруге;
      2) Концессионерге осы Шарт бойынша оның міндеттемелерін жүзеге
асыру үшін қажетті құжаттарды беруге;
      3) осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Концессионерді хабардар
етпей, концессия объектісін сенімгерлік басқаруға үшінші тұлғаларға
беру туралы шешімдер қабылдамауға;
      4) концессия объектісін кепілдікке бермеуге, үшінші тұлғалардың
құқықтарымен ауыртпалық салмауға, әрі осы Шарттың қолданылу мерзімі
ішінде үшінші тұлғалар арқылы сатуға қоймауға міндетті.
      11. Концессионер:
      1) концессия объектісін тиімді басқаруды жүзеге асыруға;
      2) концессия объектісінің сақталуын қамтамасыз етуге;
      3) сенімгерлік басқаруға берілген концессия объектісімен өз
атынан, бұл ретте Концессионер ретінде іс-қимыл жасап отырғанын
көрсете отырып, мәмілелер жасауға;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті болып
табылатын барлық рұқсат беру құжаттарын уәкілетті мемлекеттік
органдардан алуға;
      5) осы Шартқа сәйкес Концессионердің құқықтары мен міндеттерін
жүзеге асыруға;
      6) концессия объектісін іс жүзінде иеліктен шығаруға, оның
ішінде оны кепілге беруге әкеп соғатын кез келген заңды және іс
жүзіндегі іс-қимылдарды жасамауға;
      7) Концедентке өзінің Шартты тиісінше орындамауы салдарынан
келтірілген шығындардың орнын толтыруға;
      8) Шартты тиісінше орындау мақсатында сенімгерлік басқару
бойынша іс-қимылдар нәтижесінде туындайтын міндеттерді орындауға;
      9) Концедентке _________________ өз қызметі туралы есеп беруге;
                     (ұсыну мерзімдері)
      10) жылжымайтын мүлікті сенімгерлік басқаруға тапсыруды
мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға;
      11) осы Шарт тоқтатылған (шарттың мерзімі аяқталған, мерзімінен
бұрын бұзылған) кезде концессия объектісін Концедентке беруге;
      12) өзге міндеттерге (сенімгерлік басқаруға берілетін концессия
объектілеріне байланысты) міндетті.
      12. Концессионер концессия объектісін басқару кезінде ол
Концеденттің мүддесіне, еңсерілмейтін күш әрекетімен келтірілген зиян
немесе залалды есепке алмағанда, келтірген кез келген зиян немесе
залал үшін жауапты болады.
      13. Тараптар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін
орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      14. Осы Шарт талаптарының орындалуын бақылауды Концедент жүзеге
асырады.
      Осы мақсатта Концедент басқа да мүдделі мемлекеттік органдар
өкілдерінің қатысуымен комиссия құра алады. Концессионер осындай
комиссияның қарауына қажетті құжаттар мен есептерді комиссияның өзі
белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде беруге тиіс.
      15. Осы Шартта көзделмеген қалған барлық жағдайларда тараптар
Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
      16. Осы Шарттың қолданылу мерзімінің тоқтатылуы, ол бойынша
Тараптар міндеттемелерінің тоқтауына әкеп соқтырады, бірақ
Тараптардың осы Шарт талаптарын орындауы кезінде бұзушылықтар орын
алса, ол үшін осы Шарттың Тараптарын жауапкершіліктен босатпайды.

3. Объектіні пайдалану кезіндегі бірлескен қызметтің жалпы
шарттары

      1. Үлгі шарттың Тараптары (серіктестер) мүлік пен күш-жігерді
біріктіру негізінде мынадай _________________________________________
өнімдерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бірлесіп өндіру мен
өткізуді ұйымдастыру саласында ынтымақтастық жасауға міндеттенеді.
      2. Серіктестердің бірлескен қызметі Үлгі шартқа 5-қосымшаға
сәйкес жүзеге асырылатын болады, онда тараптар кезеңдерді,
мерзімдерді және басқа да шарттарды айқындайды.
      3. Тараптар мынадай мөлшерде міндеттемелерді орындау бойынша
шығыстарды өздеріне алады:
      - 1-ші серіктес салым ретінде: ________________________ салады;
      - 2-ші серіктес салым ретінде: ________________________ салады.
      4. Тараптар арасындағы келісілген бағалау бойынша
серіктестердің ортақ мүлкі __________ %, 2-нікі __________ % құрайды.
Тараптар ортақ мүліктегі үлестерге жалпы келісіммен ғана иелік етеді.
      5. Ортақ мүлік 1-ші серіктестің жеке балансында ескеріледі,
ақша салымдары есеп шотқа ақша аудару арқылы жүргізіледі.
      6. Бірлескен қызмет нәтижесінде дайындалған өнімдер ___________
арқылы өткізіледі.
      7. Өнімдерді өткізуден түскен табыстар, тараптар арасында
серіктестіктер үлестеріне пропорционалды түрде бөлінеді.
      8. Тараптар басқа тарап алдында олардың іс-қимылы үшін
жауапкершілікті өздеріне ала отырып, өз міндеттемелерін орындауға
үшінші тұлғаларды тарта алады.
      9. Бірлескен істі жүргізуде құжаттарды ресімдеуді және жалпы
басқаруды _____________________________________________________ өзіне
алады.
      10. Барлық серіктестердің келісімі мынадай мәселелерді:
____________________________________________________ шешу үшін қажет.
      11. Тараптар бір-біріне, жұмыстарды жүргізу үшін қажетті
құжаттаманы қоса алғанда, техникалық және өзге де ақпаратты беруге
міндеттенеді.
      12. Серіктестер, құпия сипатының бар екендігі арнайы айтылған,
алынған ақпараттарға, сондай-ақ білімге, тәжірибеге қатысты
құпиялықты сақтауға міндеттенеді.
      13. Бірлескен қызмет нәтижесінде пайда болған шығындарды бөлу
серіктестер үлестеріне пропорционалды түрде жүзеге асырылады.
      14. Үлгі шарт бойынша өзінің міндеттемелерін бұзған тарап, тез
арада басқа тарапты бұл туралы хабардар етуге және бұзушылықты жою
үшін оған байланыстының барлығын жасауға міндеттенеді.

      Тараптардың қолдары

      ___________________                      ______________________
      Концеденттің атынан                      Концессионердің атынан

Экономиканың түрлі саласындағы   
(аясындағы) концессияның үлгі шартына
12-қосымша            

Жергілікті қамтуды есептеу әдістемесі

      (Қосымшада жергілікті қамтуды есептеу әдістемесі егжей-тегжейлі
көрсетіледі).

      Тараптардың қолдары

      ___________________                      ______________________
      Концеденттің атынан                      Концессионердің атынан

Экономиканың түрлі саласындағы   
(аясындағы) концессияның үлгі шартына
13-қосымша            

Қайтарылатын концессия объектісінің жай-күйіне қойылатын
талаптар

      (Қосымшада концессия объектісінің сипаттамасы, концессия
объектісі мүлкінің құрамы, техникалық жай-күйі, қызмет ету мерзімі,
болжамды бастапқы, қалдық және қалпына келтіру құны, технологиялар
мен технологиялық жабдықтар туралы мәліметтерді қоса алғанда,
техникалық-экономикалық ерекшеліктері егжей-тегжейлі көрсетіледі).

      Тараптардың қолдары

      ___________________                      ______________________
      Концеденттің атынан                      Концессионердің атынан

Экономиканың түрлі саласындағы   
(аясындағы) концессияның үлгі шартына
14-қосымша            

Өзге мүліктің жай-күйіне қойылатын талаптар

      (Қосымшада концессия объектісінің сипаттамасы, концессия
объектісі мүлкінің құрамы, техникалық жай-күйі, қызмет ету мерзімі,
болжамды бастапқы, қалдық және қалпына келтіру құны, технологиялар
мен технологиялық жабдықтар туралы мәліметтерді қоса алғанда,
техникалық-экономикалық ерекшеліктері егжей-тегжейлі көрсетіледі).

      Тараптардың қолдары

      ___________________                      ______________________
      Концеденттің атынан                      Концессионердің атынан

Экономиканың түрлі саласындағы   
(аясындағы) концессияның үлгі шартына
15-қосымша            

Тәуекелдерді бағалау және басқару әдістемесі

      (Қосымшада тәуекелдерді бағалау және шектеу әдістемесін көрсету
қажет. Қаржылық-экономикалық тепе-теңдікке белгілі бір
тұрақсыздандыратын немесе қолайлы оқиғаның әсер етуін бағалау үшін
концессиялық жобаның ағымдағы сәттегі қаржылық рентабельділігін өлшеу
тетігін қарастыру қажет. Тұрақсыздандыратын немесе қолайлы оқиғаға
одан кейінгі бейімделу тұрақсыздандыратын немесе қолайлы оқиға
басталғаннан соң бірден ағымдағы жағдайды қалпына келтіруі қажет, сол
арада кейін белгіленген нақты рентабельділіктен айтарлықтай
ерекшеленетін (жоғарылау немесе төмендеу жағына) Үлгі шартты жасау
күніне белгіленген рентабельділікке жүгіне отырып, бейімделуіне
арналған тараптардың құқықтарын бағалауды өткізу ақылға қонымсыз
болар еді).

      Тараптардың қолдары

      ___________________                      ______________________
      Концеденттің атынан                      Концессионердің атынан

Экономиканың түрлі саласындағы   
(аясындағы) концессияның үлгі шартына
16-қосымша             

Тұрақсыздық айыптарының мөлшері, тәртібі және төлеу мерзімі

      (Қосымшада айыппұлдардың, өсімақылардың мөлшері, тәртібі және
төлеу мерзімдері егжей-тегжейлі көрсетіледі).

      Тараптардың қолдары

      ___________________                      ______________________
      Концеденттің атынан                      Концессионердің атынан

Экономиканың түрлі саласындағы   
(аясындағы) концессияның үлгі шартына
17-қосымша             

Концессия объектісіндегі шектеулер

      (Қосымшада концессия объектісіндегі және жобаға қатысатын
Концессионердің өзге мүлкіндегі бар шектеулер көрсетіледі).

      Тараптардың қолдары

      ___________________                      ______________________
      Концеденттің атынан                      Концессионердің атынан

Экономиканың түрлі саласындағы   
(аясындағы) концессияның үлгі шартына
18-қосымша            

Мемлекеттің кепілгерлігін ұсыну шарттары

      (Қосымшада Үлгі шарт бойынша мемлекеттің кепілгерлігін ұсыну
шарттары көрсетіледі).

      Тараптардың қолдары

      ___________________                      ______________________
      Концеденттің атынан                      Концессионердің атынан

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1305 қаулысына     
2-қосымша        

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2010 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1343 қаулысымен     
бекітілген        

Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 155-4-бабының 5-тармағына, «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 4) тармақшасына және «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Қағида концессиялық жобаларды ұсынуды, қарауды және іріктеуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
      3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) концессиялық ұсыныс – мемлекеттік орган әзірлейтін тиісті іс-шаралардың жиынтығын қоса алғанда, концессиялық жобаның мақсатын, оған қол жеткізу жолдарын көрсететін тұжырымдама;
      2) концессиялық ұсыныстың салалық сараптамасы - орталық мемлекеттік немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы әзірлеген концессиялық ұсынысты тиісті саланың орталық мемлекеттік органының саланы дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан бағалауы;
      3) техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ТЭН) әзірлеуге немесе түзетуге арналған техникалық тапсырма – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен және байланыс және ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті органмен бірлесіп белгілеген талаптарына сәйкес концессиялық жобаның ТЭН-іне қойылатын талаптарды, оны әлеуетті әзірлеушіге қойылатын біліктілік талаптарын айқындайтын, сондай-ақ ТЭН әзірлеу жөніндегі жұмыстардың көлемі мен осы жұмыстардың орындалу мерзімін регламенттейтін құжат;
      4) республикалық жоба – республикалық меншікке жататын объектілер бойынша (жұмыс істеп тұрған немесе салынуы болжанып отырған) және Заңның 12-бабына сәйкес іске асырылатын концессиялық жоба;
      5) жергілікті жоба – коммуналдық меншікке жататын объектілер бойынша (жұмыс істеп тұрған немесе салынуы болжанып отырған) және Заңның 13-бабына сәйкес іске асырылатын концессиялық жоба;
      6) алдын ала есептеулер – жорамалдарды көрсете отырып, концессиялық жобаның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің кіріс және шығыс бөлігі бойынша есептеулер. Алдын ала есептеулер ашып көрсететін формулалары бар MS Excel форматында қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынылады.
      4. Орта мерзімді кезеңге арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін (бұдан әрі – тізбе) Заңның 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

2. Концессиялық ұсыныстарды ұсыну, қарау және іріктеу тәртібі

      5. Концессиялық ұсыныстарды ұсыну, қарау және іріктеу процесі өзара байланысты мынадай кезеңдерден тұрады:
      1) концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның концессиялық ұсынысты әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін айқындауы және бекітуі.
      Мемлекеттік орган сапалы концессиялық ұсыныс әзірлеу үшін ведомстволық бағынысты ұйымдарды, тәуелсіз сарапшыларды, жобалау, инжинирингтік, консалтингтік және басқа да компанияларды, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарды тарту жолымен жобалау тобын құра алады.
      Жобалау тобы қызметінің мақсаты осы немесе өзге салада/аяда/өңірде концессиялық жобаны іске асырудың дәлелденген қажеттілігімен бірге концессиялық ұсыныс әзірлеу болып табылады.
      Жобалау тобы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      концессиялық жобаны іске асыру бойынша келіп түскен ұсыныстар мен бастамаларды зерделейді, олардың басымдылығын іріктейді, бағалайды, айқындайды, шарттың, конкурстың түрін және концессиялық жобаның өзге де негізгі параметрлерін айқындайды;
      жоспарланған концессиялық жоба бойынша маркетингтік және өзге де қажетті зерттеулерді жүргізеді;
      барлық қажетті есептеулерді, оның ішінде концессиялық жобаның алдын ала есептеулерін әзірлеуді жүргізеді.
      2) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың ережелерін, ел басшылығының тиісті тапсырмаларын, мемлекеттік органдардың бастамаларын, сондай-ақ дербес бастама тәртібінде жеке және заңды тұлғалар енгізген ұсыныстарды ескере отырып, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын әзірлеу кезеңінде мемлекеттік органның концессиялық ұсынысты қалыптастыруы.
      Концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік орган жоспарланып отырған концессиялық жоба туралы қысқаша ақпаратты республикалық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің интернет-ресурсында жариялайды, сондай-ақ мүдделі тараптарды (әлеуетті концессионерлер мен халықты) кездесулер, дөңгелек үстелдер және басқа қажетті іс-шаралар шеңберінде концессиялық ұсынысты қалыптастыру процесіне тарта алады;
      3) республикалық меншікке жататын және Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген концессия объектілері жөніндегі концессиялық ұсыныстарды республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, сондай-ақ «Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-5) тармақшасына сәйкес табиғи монополиялар саласына жататын көрсетілген қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігіндегі табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу;
      4) концессиялық ұсынысқа концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның, жергілікті деңгейде – облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің немесе оны алмастыратын тұлғаның қол қоюы;
      5) Заңның 15-1-бабының 2-тармағына сәйкес концессиялық ұсынысқа салалық сараптама жүргізу.
      Концессиялық ұсыныстың салалық сараптамасы:
      егер жоба республикалық болса, концессиялық ұсыныстың қол қойылған сәтінен бастап;
      облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органның тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына қол қойылған концессиялық ұсынысты енгізу сәтінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
      Концессиялық ұсыныстың салалық сараптамасына тиісті саладағы мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды;
      6) әзірлеуші мемлекеттік органның бекітілген концессиялық ұсынысты, осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жолдауы;
      7) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тарта отырып, концессиялық ұсыныстарға сараптама жүргізуі.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық ұсынысты сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға концессиялық жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган оны енгізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолдайды.
      Сараптама концессиялық ұсыныстардың концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға келіп түскен күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
      Әзірлеуші мемлекеттік орган ақпаратты толық ұсынбаған, сондай-ақ концессиялық ұсыныстарда көрсетілген қосымша ақпаратты ұсыну қажет болған жағдайда концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым көрсетілген ақпараттарды ұсынуды талап етеді.
      Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым, осы тармақшаның 4-бөлігінде көрсетілген жағдайда, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына сұрау салуды, сұрау салудың көшірмесін – құжаттар пакеті концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жолдайды.
      Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жетіспейтін және/немесе қосымша ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға бір мезгілде ұсынады немесе ақпаратты ұсыну үшін қосымша, бірақ күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімнің қажеттігі туралы хабарлайды.
      Сұрау салуды жолдаған күннен бастап және концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға қажетті ақпаратты ұсынғанға дейін сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатыла тұрады.
      Әзірлеуші мемлекеттік органның өтінімі бойынша концессиялық ұсынысты пысықтаған жағдайда сараптама мерзімдері тек 1 (бір) рет қана жаңартылады;
      8) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның 5 (бес) жұмыс күні ішінде сараптама қорытындысын:
      егер жоба республикалық болса, тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органға;
      егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жолдауы;
      9) республикалық меншік объектілері бойынша сараптаманың оң қорытындысы қоса берілген концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органның өтінімі негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуге, түзетуге және қажетті сараптамаларын жүргізуге арналған концессиялық ұсыныстары жөніндегі қорытындысын қалыптастыруы және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығаруы;
      коммуналдық меншікке жататын объектілер бойынша сараптаманың оң қорытындысын қоса берілген концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органның өтінімі негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуге, түзетуге және қажетті сараптамаларын жүргізуге арналған концессиялық жобалардың жөніндегі қорытындысын қалыптастыруы және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығаруы.
      Аталған кезеңде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Заңның 7-бабына сәйкес концессионердің шығындарды өтеуін және кірістерді алуын көздейтін концессиялық жобаларды тиісті бюджет комиссиясының отырысына енгізеді;
      10) бюджет комиссиясының тиісті шешімдерін шығару;
      11) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның Заңның 16-бабына сәйкес тізбені қалыптастыруы.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органды осы тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген рәсімді өту туралы бюджет комиссиясының тиісті шешімдері шыққан сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
      6. Концессиялық ұсыныс мынадай құрылымға сәйкес болуы тиіс:
      1) жоба паспорты;
      2) кіріспе;
      3) институционалдық бөлім;
      4) маркетингтік бөлім;
      5) қаржылық бөлім;
      6) техникалық-технологиялық бөлім;
      7) тәуекелдерді бөлу;
      8) жоба бойынша тұжырымдар;
      9) қосымшалар.
      7. Паспортта жоба туралы жалпы ақпарат кесте нысанында көрсетіледі:
      1) концессиялық жобаның атауы;
      2) концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органның атауы;
      3) концессиялық жобаның мақсаты;
      4) концессия шарты бойынша құрылуы (реконструкциялануы) және пайдаланылуы көзделетін әлеуметтік инфрақұрылымның және тіршілікті қамтамасыз ету объектісінің атауы;
      5) концессия объектісін құру (реконструкциялау) кезеңі (мерзімі), пайдалану кезеңі (мерзімі);
      6) концессиялық жобаның болжамды түпкілікті нәтижесі (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түрі мен көлемі);
      7) концессионердің болжамды келтірілген таза пайдасының құны мен концессионердің ішкі кірістілік нормасы;
      8) Заңның 7-бабына сәйкес концессонердің шығындарын өтеу және кірістерін алу көздері;
      9) мемлекеттік қолдаудың болжамды шаралары;
      10) концессионердің таңдауы бойынша конкурс өткізу тәсілі (екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып немесе екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай);
      11) Заңның 21-1-бабына сәйкес концессия шартының түрі.
      8. «Кіріспе» деген бөлімде:
      1) концессиялық жобаны іске асыру арқылы шешу жоспарланған саладағы (өңірдегі) проблеманың сипаттамасы;
      2) концессиялық жобаның елдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкестігі туралы ақпарат;
      3) олардың шеңберінде концессиялық жобаны іске асыру жоспарланған экономика саласы (аясы), өңір мен елді мекен;
      4) концессия шарты бойынша құрылуы (реконструкциялануы) және пайдаланылуы болжанатын әлеуметтік инфрақұрылымның және тіршілікті қамтамасыз ету объектісінің атауы, сондай-ақ оның құқықтық мәртебесі (меншігі, баланс ұстаушысы, шектеулері мен ауыртпалықтары);
      5) Концессионердің концессиялық жоба шеңберіндегі болжанатын қызмет түрлері;
      6) концессияға беруге жоспарланбаған қызмет түрлері туралы ақпарат;
      7) концессияға берілетін жұмыс істеп тұрған объектіге қатысты ауыртпалық және шектеу туралы ақпарат (кепілдік, мүлікке тыйым салу, бөтен жылжымайтын мүлікке (сервитут) шектеулі нысаналы пайдалану құқығы);
      8) концессиялық жобаның іске асырылуына әлеуетті концессионерлер тарапынан мүдделіліктің болуы туралы ақпарат;
      9) концессия объектілері тараптарының бір-біріне жоспарланған беру алгоритмі, сондай-ақ оның негізінде аталған мүлік берілетін құқықты көрсете отырып, концессия объектісінің құрамына кірмейтін өзге мүлікті беру тәртібі мен шарттары;
      10) экономиканың осы саласындағы (аясындағы) ұқсас концессиялық жобаларды іске асырудың халықаралық және/немесе қазақстандық оң тәжірибесі;
      11) концессионердің таңдауы бойынша (екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланумен немесе екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай) конкурс өткізу тәсілін таңдаудың негіздемесі;
      12) Заңның 21-1-бабына сәйкес концессия шартының түрін таңдаудың негіздемесі;
      13) егер жаңа концессия объектісін салу жоспарланған жағдайда, концессиялық жобаның табиғи монополиялар салаларына тиесілілігі туралы ақпарат және егер жұмыс істеп тұрған объектілерді жаңғырту немесе реконструкциялау жоспарланған жағдайда, жұмыс істеп тұрған табиғи монополиялар субъектісі туралы ақпарат, оның ішінде соңғы күнтізбелік үш жылдағы негізгі құралдарды қайта бағалау, іске асырылған инвестициялық бағдарламалар, табиғи монополиялар субъектісі қызметінің техникалық сараптамасы, объектілердің техникалық жай-күйін куәландыру және басқа да мәліметтер туралы ақпаратты қоса алғанда концессияға берілетін табиғи монополиялар субъектісінің мүліктік кешені туралы ақпарат;
      14) концессионердің концессия объектілеріне құқықтары туралы, оның ішінде концессия шарты тоқтатылған жағдайда құрылысы аяқталмаған концессия объектісіне құқықтары және (немесе) қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыру құқығы туралы жоспарланған шарттар, концессия шартының талаптарын орындау кезінде туындаған зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне мүліктік құқықтары туралы шарттар;
      15) объектіні реконструкциялау кезінде оның ретроспективасы (объектіні пайдалануға енгізу күні, реконструкциялау бойынша жүргізілген жұмыстар және аталған объектіге байланысты басқа да мәліметтер) қоса беріледі.
      9. Институционалдық бөлім тараптардың өзара іс-қимыл тетіктері, концессиялық жобаның әрбір тарапының, оның ішінде үшінші тұлғалардың, атап айтқанда, мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (тараптардың өзара іс-қимыл схемасын қоса бере отырып) инвестициялық және постинвестициялық кезеңдегі жауапкершілігі туралы ақпаратты қамтиды.
      10. Маркетингтік бөлім маркетингтік зерттеулердің нәтижелерін, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде пайда болатын өнімге (тауарларға/көрсетілетін қызметтерге) қазіргі және болжалды (концессиялық жобаны іске асыру кезеңіндегі) сұраныс конъюктурасын талдауды, бәсекелестікті (ағымдағы бәсекелестер, жаңа бәсекелестердің, алмастырушы тауарлардың пайда болу ықтималдығын) талдауды, әлеуетті тұтынушылар, оның ішінде төлеуге қабілетті сұраныстың болуы туралы мәліметтерді, сондай-ақ SWOT-талдауды (концессиялық жобаны іске асыру шеңберінде болжанатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, жұмыстардың, әлеуетті күшті және осал жақтарын, мүмкіндіктерін және қауіптерін айқындау және бағалау) бар болуы туралы мәліметтерді қамтиды.
      Заңның 14-бабына сәйкес өнімнің негізгі тұтынушысы мемлекет болып табылған жағдайда, онда жоспарланған тұтыну көлемдері бойынша растайтын құжаттар мен тиісті есептеулерді ұсыну қажет.
      11. Қаржылық бөлімде:
      1) жыл сайын концессиялық жобаны іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде ұсынылатын концессиялық міндеттемелердің белгіленген лимиті шеңберінде концессиялық жобаны іске асыру мүмкіндігі туралы ақпарат;
      2) концессия объектісі құрылысының болжамды құны;
      3) концессиялық жоба шеңберінде салымы жоспарланған инвестициялар көлемі;
      4) тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) елдегі, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсер етуі туралы есептеулер мен мәліметтер негіздемелерін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған, оның ішінде табиғи монополиялар саласына жататын тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) алдын ала есептеу;
      5) егер:
      ұсынылатын реттеліп көрсетілген қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарланған және нақты көлемі туралы ақпаратты;
      көрсетілген қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрлері бөлінісінде қолданыстағы тарифтер мен тарифтік сметалар туралы ақпаратты;
      мұндайлар болған жағдайда, реттелмей көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көрсетілетін түрлері мен көлемі туралы ақпаратты;
      бухгалтерлік балансты, пайда мен шығындар туралы есепті, ақшалай қаражат қозғалысы туралы есепті;
      тарифте ескерілетін қолданылатын амортизациялау әдістері туралы ақпаратты;
      инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қаржыландырудың нақты шарттары мен өлшемдері туралы ақпаратты;
      бұрын іске асырылған инвестициялық бағдарламаларда нақты орындалу көрсеткіштерін инвестициялық бағдарламаларда бекітілген көрсеткіштермен салыстырылуы туралы ақпаратты;
      мұндайлар болған кезде, қол жеткізілген нақты көрсеткіштердің бекітілген инвестициялық бағдарламалардағы көрсеткіштерден ауытқу себептерін түсіндіруді;
      субъектінің реттеліп көрсетілген қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың дебиторлық берешектерінің деңгейін төмендету бойынша кешенді іс-шаралар және мұндайлар болған кезде, кредиторлық берешекті төлеуді;
      мұндайлар болған жағдайда, нормативтік және (немесе) нормативтен тыс шығындарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын қамтитын жұмыс істеп тұрған объектілерді жаңғырту немесе реконструкциялау жоспарланған жағдайда соңғы үш жылда жұмыс істеп тұрған табиғи монополиялар субъектісі туралы ақпарат;
      6) мемлекеттік қолдау көрсету мүмкіндігі мен қажеттілігі және тарифтердің күрт өсуін болдырмау мақсатында инвестициялық, пайдалану шығындарын өтеу және басқарғаны үшін сыйақы көздерін талдау нәтижелері;
      7) Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік қолдау көрсетудің болжамды түрлері, көлемдері, мерзімдері мен шарттары;
      8) алдын ала есептеулер түрінде негіздей отырып, жылдар бойынша бөлінген мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің болжамды жиынтық құны;
      9) Заңның 7-бабына сәйкес концессионердің шығындарын өтеудің және кіріс алуының болжамды көздері;
      10) егер концессиялық жоба әлеуметтік маңызы барлар санатына жататын болса, концессия объектісінің қол жетімділігіне төлемақыны қолдану мүмкіндігі туралы ақпарат;
      11) концессиялық жобаның болжамды түпкілікті нәтижесі (тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрі мен көлемі), сондай-ақ алдын ала есептеулер түрінде негізделген концессионер пайдасының болжамды таза келтірілген құны мен ішкі кірістілік нормасы көрсетіледі;
      12. Техникалық-технологиялық бөлім:
      1) екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланумен концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізген кезде енгізілуі жоспарланған технологиялық инновациялар туралы мәліметтерді;
      2) концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде құрылатын объектінің жоспарланған физикалық параметрлері мен техникалық сипаттамаларын;
      3) концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеудің болжамды құны туралы жалпы ақпаратты және концессиялық ұсыныстың жобасына егжей-тегжейлі ақпарат қоса берілген екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбайтын конкурс таңдалған жағдайда, концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеудің көрсетілген құнын негіздейтін есептеулерді қамтиды.
      13. «Тәуекелдерді бөлу» деген бөлімде жобаны іске асыру кезінде түсуі мүмкін тәуекелдер, концессионер мен концедент арасында тәуекелдерді бөлу, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жөніндегі жоспарланған іс-шаралар сипатталады.
      14. «Жоба жөніндегі тұжырымдар» деген бөлімде негізгі тәуекелдерді ескере отырып, маркетингтік, қаржылық және техникалық-технологиялық бөлімдер бойынша негізгі нәтижелер көрсетіледі.
      Сондай-ақ, аталған бөлімде мемлекет ерекше қорғайтын археологиялық немесе өзге де объектілердің жоспарланған концессиялық жобасының мәселелері қозғалған жағдайда осы объектілердің жай-күйі туралы, сондай-ақ оларға концессиялық жобаның ықпал етуі туралы мәліметтер келтіріледі.
      15. Концессиялық ұсыныс мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға:
      1) концессиялық ұсыныстар бойынша салалық сараптаманың оң қорытындысын;
      2) екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбайтын конкурс таңдалған жағдайда:
      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен және байланыс және ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті органмен бірлесіп белгілеген талаптарға сәйкес концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге арналған техникалық тапсырманың жобасын;
      тиісті негіздемені қоса бере отырып, концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу құнының есептеулерін;
      3) концессиялық ұсынысты республикалық меншікке жататын және Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген концессия объектілері бойынша республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, сондай-ақ «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-5) тармақшасына сәйкес табиғи монополиялар саласына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу нәтижелерін;
      4) орындау үшін жауаптыларды, іске асыру мерзімдерін және аяқталу нысандарын көрсете отырып, концессиялық жоба бойынша іс-шаралар жоспарының жобасын;
      5) концессиялық жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның пікірі бойынша ұсынылатын концессиялық ұсынысты жан-жақты және толық бағалау үшін қажетті өзге де материалдар мен мәліметтер қоса бере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберіледі.
      Концессиялық ұсыныстардың, сондай-ақ оған қоса берілетін материалдардың әрбір парағына тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органның және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесінің басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды.
      Сараптама жүргізу үшін қажетті материалдарды қоса бере отырып концессиялық ұсыныстарды тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органдар мен облыстың (республикалық маңызды қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары концессиялық ұсынысқа қосымшалардың электрондық көшірмесін ұсыну арқылы бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған титулдық бланктегі жеке ілеспе хатпен ұсынады.
      16. Концессиялық ұсыныстарды табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу табиғи монополиялар саласына жататын мемлекеттік меншік объектілерін жақсарту және тиімді пайдалану үшін уақытша иеленуге және пайдалануға немесе концессионердің қаражаты есебінен жаңа объектілерді құру (салу) құқығын концессияға беру мүмкіндігін айқындау мақсатында жүргізіледі.
      17. Концессиялық ұсынысты келісу концессиялық ұсыныстың табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде, мынадай мәселелерді қарай отырып жүзеге асырылады:
      1) концессиялық жобаның табиғи монополиялар салаларына тиесілігін және табиғи монополиялар салаларына жататын концессиялық жобаның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін келісу;
      2) тауарлар (көрсетілетін қызметтер, жұмыстар) өндірісінің өндірістік циклы, жылу және электр желілерін, газ бөлу жүйесін, сондай-ақ сумен жабдықтау және кәріз желілерін дамыту;
      3) концессиялық жобаның өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалға ықпалы және концессиялық жобаны іске асыру қажеттілігі, оның ішінде жобаның өңірдегі басқа монополистердің қызметіне ықпалы;
      4) концессиялық жобаның реттеліп көрсетілген қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифті (алым мөлшерлемесін бағасын) қалыптастыру тәртібі және көлемі.
      Жұмыс істеп тұрған табиғи монополиялар субъектілерінің объектілерін реконструкциялау немесе жаңғырту кезінде концессиялық жобаны іске асыру көрсеткіштерінің тарифтердің өсуіне және көрсетілген қызметтер сапасының жоғарылауына, оның ішінде табиғи монополиялар субъектісі әзірлеген және іске асыратын іс-шаралар жоспарына негізделген нормативтік шығындарды төмендету және (немесе) олар болған жағдайда нормативтен тыс шығындарды жою мәселесі қосымша қарастырылады.
      18. Концессиялық ұсынысты табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу мынадай:
      концессиялық ұсынысты келісу туралы;
      әрбір қарастырылған мәселе бойынша келіспеу себептерін немесе концессиялық ұсынысты пысықтау жөніндегі талаптарды немесе концессиялық жобаны жақсарту жөніндегі ұсынымдарды көрсете отырып келіспеу туралы нәтижелері бар концессиялық ұсынысты әзірлеуші мемлекеттік органға жіберілетін хат түрінде ресімделеді.
      19. Республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган республикалық меншікке жататын және Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген объектілер бойынша тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынатын концессиялық ұсыныстарды олар ұсынылған сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде тізбеге енгізу үшін келіседі.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1305 қаулысына    
3-қосымша        

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2010 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1343 қаулысымен    
бекітілген       

Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткiзу қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу тәртібін айқындайды.
      2. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурс (бұдан әрі – конкурс) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен орта мерзімді кезеңге концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) негізінде өткізіледі.
      3. Концессиялық өтінімдерді қарауды және іріктеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары құратын комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады.
      Комиссияның міндеттері, функциялары мен құқықтары, сондай-ақ оның қызметін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары бекітетін Комиссия туралы ережеге сәйкес айқындалады.
      Комиссияның жұмыс органы конкурстың тиісті ұйымдастырушысы болып табылады.
      Республикалық меншікке жататын және Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурсты ұйымдастырушы тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
      Коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессиялық объектілерге қатысты конкурсты ұйымдастырушы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиісті жергілікті атқарушы орган болып табылады, оның атынан әкімнің шешімі бойынша осы Қағидада көзделген конкурсты ұйымдастырушының функцияларын жүзеге асыратын жауапты мемлекеттік орган айқындалады.
      4. Тізбеге енгізілген объектілер бойынша концессионерді таңдау, Заңға және осы Қағидаға сәйкес екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізу жолымен жүзеге асырылады.
      5. Конкурстың ұйымдастырушысы қажет болған жағдайда конкурстық құжаттаманы, концессия шартының жобасын әзірлеу, тиісті конкурстық өтінімде қамтылған ұсынылған концессиялық өтінімдерді тәуелсіз бағалау, сондай-ақ әлеуетті концессионерлермен келіссөздерге қатысу үшін тәуелсіз сарапшыларды тарта алады.
      Тәуелсіз сарапшыларды тарту үшін конкурстың ұйымдастырушысы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға концессиялық жобаны консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыруға арналған өтінімді жолдайды.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасына сәйкес келетін қаражат есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастырады.
      6. Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
      7. Егер конкурс үшiншi рет және одан да көп өткiзiлген және конкурсқа қатысуға тек бір конкурстық өтiнiм ұсынылған жағдайда, Комиссия аталған конкурстық өтiнiмді оны iске асырудың мүмкiндігі тұрғысынан осы Қағидада белгіленген тәртіпке сәйкес қарайды.

2. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және
өткiзу (екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай өткізілетін
конкурс)

      8. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткiзу мынадай дәйекті іс-шараларды орындауды көздейді:
      1) конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі, сондай-ақ концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеуі немесе түзетуі және сараптамасын жүргізуі;
      2) республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның, сондай-ақ концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларына жататын жағдайда табиғи монополия салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның келісімін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес алдын ала қажетті сараптамадан өткен конкурс құжаттамасын, концессиялық жобаның ТЭН-ін, тиісті сараптамалар жүргізу және келісу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсыну;
      3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар Заңның 15-2-бабының 5-тармағында көрсетілген аталған жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымды қамтитын экономикалық сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытындылар қалыптастырады және тиісті бюджет комиссияларына қарастыруға енгізеді;
      4) конкурстық құжаттама сараптамасының оң қорытындысы бойынша конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бекітуі;
      5) осы Қағиданың 2122-тармақтарына сәйкес конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті концессионерлерді конкурстың өткізілуі туралы хабарландыруы;
      6) осы Қағиданың 2324-тармақтарына сәйкес конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғаларға конкурс ұйымдастырушысының конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсынуы, сондай-ақ мұндай тұлғалар туралы мәліметтерді конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізу;
      7) осы Қағиданың 25-27-тармақтарында көзделген жағдайларда конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларға оның ережелерін түсіндіруі;
      8) әлеуетті концессионерлердің қойылған біліктілік талаптарына олардың сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы (конкурстық өтінімдер ұсынғанға дейін әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігіне бағалауды жүргізу жағдайында).
      Конкурсты ұйымдастырушы құжаттарды дайындауға және концессиялық жобаның өту мерзімін қысқартуға арналған шығыстарды оңтайландыру мақсатында конкурстық құжаттамада әлеуетті концессионерлердің конкурстық өтінімдерді ұсынғанға дейін қойылған біліктілік талаптарына олардың сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну мерзімін (конкурс жарияланғаннан кейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен аз емес) қарастыра алады.
      Әлеуетті концессионерлердің қойылған біліктілік талаптарына олардың сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Комиссия әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігіне бағалауды өткізеді.
      Бағалау қорытындысы бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті концессионерлердің тізбесі қалыптастырылады және тиісті хаттаманы ресімдеу жүргізіледі.
      Аталған хаттаманың көшірмесін конкурсты ұйымдастырушы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде әлеуетті концессионерлерге не олардың уәкілетті өкілдеріне жібереді;
      9) әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімді әзірлеуі және конкурсты ұйымдастырушыға ұсынуы, сондай-ақ әлеуетті концессионердің Заңның 18-1-бабына сәйкес конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуі.
      Осы тармақтың 8) тармақшасына сәйкес әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды өткізу кезінде конкурстық өтінімді әзірлеу және конкурсты ұйымдастырушыға ұсынуды тиісті біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті концессионерлер оларды жүргізілген бағалау қорытындылары туралы конкурсты ұйымдастырушы хабардар еткеннен кейін кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) күн бұрын мерзімде жүзеге асырады;
      10) конкурсты ұйымдастырушының конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында тіркеуі;
      11) конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу, сондай-ақ Комиссия отырысының тиісті хаттамасын ресімдеу;
      12) конкурсты ұйымдастырушының конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті концессионерлерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін жіберуі;
      13) әлеуетті концессионерлердің Заңмен қойылған біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау үшін конкурстық өтінімдерді қарау.
      Осы тармақтың 8) тармақшасына сәйкес әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізген кезде қайта бағалау жүзеге асырылмайды;
      14) конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті концессионерлердің тізбесін қалыптастыру және рұқсат беру туралы тиісті хаттаманы ресімдеу;
      15) конкурсты ұйымдастырушының конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті концессионерлерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне рұқсат беру туралы хаттаманың көшірмесін жіберуі;
      16) конкурсты ұйымдастырушының конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасының расталған көшірмесін қоса бере отырып, оларға сараптама жасау үшін біліктілік талаптарына сай келетін конкурсқа қатысушылардың концессиялық өтінімдерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберуі;
      17) Комиссияның конкурстық құжаттама талаптарына, концессиялық өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкес бағалау жөніндегі қорытындысын ескере отырып, конкурс қатысушылары ұсынған конкурстық өтінімдерді қарауы;
      18) Комиссияның концессиялық өтінімі концессиялық жобаны нақтылау және концессия шартының талаптары мен концессия шарты жобасының соңғы нұсқасын қалыптастыру бойынша үздік деп танылған конкурсқа қатысушымен келіссөздер жүргізуі;
      19) конкурсты ұйымдастырушының концессия шартының жобасын келісу үшін осы Қағиданың 676869-тармақтарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберуі;
      20) концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша Комиссия шешімімен хаттама түрінде концессиялық өтінім бекітіледі, ал өтінім беруші конкурс жеңімпазы деп танылады;
      21) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әрбір жеке концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әрбір жеке концессиялық жоба бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады;
      22) әрбір жеке жоба бойынша мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын немесе мәслихат шешімінің жобасын концедент әзірлейді және конкурс жеңімпазын айқындағаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе мәслихатқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасында немесе мәслихат шешімінің жобасында әрбір қабылданған концессиялық міндеттеменің көлемі туралы ақпарат қамтылуы тиіс;
      23) осы тармақтың 20) тармақшасында көрсетілген Комиссия шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы немесе мәслихат шешімін қабылдау қорытындысы бойынша концессия шартын келісу нәтижелерін ескере отырып, конкурс жеңімпазымен концессия шарты жасалады;
      24) мемлекеттік кепілгерлігін ұсынуды көздейтін концессиялық жоба бойынша концессия шартын жасағаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 1343 қаулысымен бекітілген Мемлекет кепілгерлігін ұсыну немесе лимит көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидасына сәйкес кепілгерлік шарты жасалады;
      25) конкурс қорытындылары туралы мәліметтерді Заңның 20-бабының 9-тармағына сәйкес жариялау.

3. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты екі кезеңдік
рәсімдерді пайдалана отырып өткізу

      9. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткiзу Заңның 20-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда өткізіледі.
      10. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткiзудің бірінші кезеңі:
      1) концессиялық ұсыныстардың сараптамасы негізінде конкурсты ұйымдастырушының техникалық тапсырманы қалыптастыруы;
      2) конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі;
      3) республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның, сондай-ақ концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларына жатқан жағдайда табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның келісімін растайтын құжаттарды қоса бере отырып конкурстық құжаттаманы, тиісті сараптамаларды жүргізуге және келісуге мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсыну;
      4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар осы жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымды қамтитын конкурстық құжаттама сараптамасының оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытынды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді;
      5) конкурстық құжаттама сараптамасының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық органның оң қорытындысының нәтижесі бойынша конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның конкурстық құжаттаманы бекітуі;
      6) конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті концессионерлерді осы Қағиданың 2122-тармақтарына сәйкес екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыруы;
      7) конкурсты ұйымдастырушының екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңінде қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырмалар мен конкурстық құжаттаманы беруі, сондай-ақ мұндай тұлғалар туралы мәліметтерді конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізу;
      8) конкурсты ұйымдастырушының осы Қағиданың 252627-тармақтарында көзделген жағдайларда конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларға оның ережелерін түсіндіруі;
      9) әлеуетті концессионерлердің Заңның 18-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға конкурстық құжаттамада көзделген құжаттарды ұсынуы;
      10) Комиссияның әлеуетті концессионерлерді біліктілік іріктеуді жүргізуі.
      Біліктіліктік іріктеуді Комиссия әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізу арқылы жүзеге асырады;
      11) конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті концессионерлермен техникалық тапсырманың техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына қатысты мәселелерді талқылауы, оның ішінде концессиялық жобалар бойынша техникалық ұсыныстарды (техникалық және (немесе) технологиялық жобалау алды құжаттаманы), сондай-ақ мемлекеттік сараптаманы өткізу мерзімін қамтитын ТЭН-ді әзірлеудің және ұсынудың оңтайлы мерзімін айқындауы.
      Әзірленген ТЭН болған кезде конкурсты ұйымдастырушы оны концессиялық жобаны іске асыру мерзімдерін қысқарту мақсатында әлеуетті концессионерлерге ұсына алады;
      12) біліктіліктік іріктеуден өткен конкурсқа қатысушылардың техникалық тапсырмаға сәйкес әзірленген концессиялық жобалар бойынша (техникалық және (немесе) технологиялық жобалау алды құжаттамасы) техникалық ұсыныстары бар конкурстық өтінімдерді әзірлеуі және ұсынуы.
      Конкурсқа қатысушыға конкурс ұйымдастырушының және/немесе өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдардың концессиялық жоба бойынша техникалық ұсынысты (техникалық және (немесе) технологиялық жобалау алды құжаттамасын) әзірлеуі үшін сол немесе өзге мәліметтер ұсынуы қажет болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы мәліметтердің, оларды ұсынуы мен мерзіміне жауаптылардың тізбесін, сондай-ақ басқа да іс-шараларды көрсете отырып, көрсетілген мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді;
      13) конкурс ұйымдастырушының конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында тіркеуі;
      14) конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу, сондай-ақ Комиссияның тиісті отырысының хаттамасын ресімдеу;
      15) конкурс ұйымдастырушысының олар туралы мәліметтер конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті концессионерлерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін жіберуі;
      16) тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органның және Қазақстан Республикасының Үкіметі жобаларға мемлекеттік сараптаманы жүзеге асыруға уәкілеттік берген заңды тұлғаның мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді, адамның тыныс-тіршілігінің қолайлы және қауіпсіз жағдайларын, жобаланатын объектілердің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған қала құрылысы және техникалық регламенттерге, мемлекеттік нормативтердің шарттары мен талаптарына сәйкес келетінін не сәйкес келмейтінін, сондай-ақ техникалық ұсыныстың құнын айқындау мақсатында концессиялық жобалар (техникалық және (немесе) технологиялық жобалау алды құжаттама) бойынша техникалық ұсыныстардың сараптамасы.
      Осы тармақшада көрсетілген заңды тұлға жүргізетін концессиялық жобалар бойынша (техникалық және (немесе) технологиялық жобалау алды құжаттама) техникалық ұсыныстар сараптамасы концессионер қаражаты есебінен жүзеге асырылады;
      17) концессиялық жобалар (техникалық және (немесе) технологиялық жобалау алды құжаттама) бойынша техникалық ұсыныстары конкурсты ұйымдастырушының техникалық тапсырмасына сәйкес келетін кемінде екі конкурсқа қатысушыны мемлекеттік сараптаманың нәтижесін ескере отырып Комиссияның таңдауы;
      18) концессиялық жобалар (техникалық және (немесе) технологиялық жобалау алды құжаттама) бойынша техникалық ұсыныстары бірінші кезеңде техникалық тапсырмаға сай деп танылған конкурсқа қатысушыларға екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушының шақыру жіберуі.
      11. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткiзудің екінші кезеңі:
      1) концессиялық жобалар (техникалық және (немесе) технологиялық жобалау алды құжаттама) бойынша техникалық ұсыныстары бірінші кезеңде техникалық тапсырмаға сәйкес келеді деп танылған конкурсқа қатысушылардың концессиялық жобаның ТЭН-і бар конкурстық өтінімдерді ұсынуын, сондай-ақ әлеуетті концессионердің Заңның 18-1-бабына сәйкес конкурстық өтінімдерді қамтамасыз етуді енгізуін.
      Болжамды концессия объектісі табиғи монополиялар саласына жататын болса, табиғи монополиялар салаларындағы заңнама талаптарына сәйкес әзірленетін инвестициялық бағдарламаны қоса беру қажет;
      2) конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға концессиялық жобаның ТЭН-ін, оларға сараптама жүргізу үшін тиісті сараптамалар қорытындыларын, соның ішінде Заңның 20-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өткізілген концессиялық жобалар (техникалық және (немесе) технологиялық жобалау алды құжаттама) бойынша техникалық ұсыныстарға мемлекеттік сараптаманың қорытындысын қоса бере отырып жолдауын;
      3) Комиссияның конкурсқа қатысушылар ұсынған барлық конкурстық өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін, концессиялық өтінім бойынша қорытындыларды және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды ескере отырып қарауын;
      4) Комиссияның концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау мен концессия шарты жобасының соңғы нұсқасын қалыптастыру бойынша концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа қатысушымен келіссөздер жүргізуін;
      5) конкурсты ұйымдастырушының концессия шартының жобасын осы Қағиданың 67-69-тармақтарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға келісуге жолдауын қарастырады;
      6) концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша Комиссия шешімімен хаттама түріндегі концессиялық өтінім бекітіледі, ал өтінім беруші конкурс жеңімпазы деп танылады;
      7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әрбір жеке концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әрбір жеке концессиялық жоба бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады;
      8) әрбір жеке жоба бойынша мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын немесе мәслихат шешімінің жобасын концедент әзірлейді және конкурстың жеңімпазы айқындалғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе мәслихатқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы немесе мәслихат шешімінің жобасы әрбір қабылданған концессиялық міндеттеменің көлемі туралы ақпаратты қамтуы тиіс;
      9) Комиссияның осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын немесе мәслихат шешімінің жобасын қабылдау қорытындысы бойынша концессия шартының келісу нәтижелері ескеріле отырып, конкурс жеңімпазымен концессия шарты жасалады;
      10) мемлекет кепілгерлігін ұсынуды көздейтін концессиялық жоба бойынша концессия шартын жасасқаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы
10 желтоқсандағы № 1343 қаулысымен бекітілген Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе лимит көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидасына сәйкес кепілгерлік шарты жасалады;
      11) конкурс қорытындылары туралы мәліметтерді Заңның 20-бабының 9-тармағына сәйкес жариялау.

4. Конкурстық құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту

      12. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсты өткізу шарттары мен тәртібін айқындау үшін конкурстық құжаттаманы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлейді және оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдармен, концессиялық жоба табиғи монополиялар саласына тиесілі болған жағдайда табиғи монополия салаларында және реттелетін нарықтарда реттеу және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен келіседі.
      Конкурстық құжаттаманың мазмұны мен шарттары Заңның 17-бабына сәйкес айқындалады.
      Концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу бюджеттік заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын концессиялық жобаның ТЭН құрамында тариф құру тәртібі табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар саласындағы заңнаманың талаптарын ескере отырып әзірленеді.
      13. Конкурстық құжаттаманы және концессиялық жобаның ТЭН-ін, табиғи монополиялар салаларына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісуі, конкурстық құжаттама ережелерінің құрамы мен мазмұнының және ТЭН-нің табиғи монополиялар саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ концессиялық жобаның концессиялық ұсынысында бекітілген концессиялық жобаның тарифін белгілеумен байланысты экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа да параметрлеріне конкурстық құжаттама мен концессиялық жоба ТЭН-нің сәйкестігі тұрғысынан бағалау жүргізу мақсатында жүзеге асырылады.
      Конкурстық құжаттаманы және концессиялық жобаның ТЭН-ін табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісуі олар келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      14. Концессиялық жобаның ТЭН-ін келісу кезінде табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган мынадай мәселелерді қарастырады:
      1) концессияның жұмыс істеп тұрған объектілерін жаңғырту немесе реконструкциялау кезінде іске қосылған негізгі құралдардың өтімділік құнының капитал құрушы шығындар есебінен өсуіне немесе жұмыс істеп тұрған деңгейін сақтауына және концессиялық жобаны іске асыру шеңберінде әзірленген және іске асырылатын іс-шаралар жоспарына негізделген нормативтік шығындарды төмендету және (немесе) бар болған жағдайда нормативтен тыс шығындарды жою қосымша қарастырылады;
      2) реттеліп көрсетілген қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша шығыстар, өндірістік шығындарды азайту;
      3) реттелетін және реттелмей көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі, көлемін ұлғайту және/немесе сапасын арттыру;
      4) тарифті (бағаларды, алымдар мөлшерлемесін) қалыптастыру тәртібі және ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтің шекті лимиті;
      5) қарыз алудың және қарыз ресурстарын өтеудің схемасы мен шарттары;
      6) жобаның негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері – пайданың (кірістіліктің), Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының және мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді төлеу болжамының көрсеткіштерін ескере отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемесінің) өсу болжамы шеңберінде субъектілердің көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемесінің) деңгейіндегі қолма қол ақшаның дисконтталған ағымдарының тартылған активтеріне арналған пайдалардың ішкі нормалары.
      15. Концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын келісу кезінде табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган мынадай мәселелерді қарастырады:
      1) табиғи монополиялар саласына жататын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағалар, алымдар мөлшерлемесін) қалыптастыру және бекіту бөлігінде конкурстық құжаттама ережелерінің табиғи монополиялар саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі;
      2) конкурстық құжаттаманың концессиялық ұсыныста және концессиялық жобаның ТЭН-інде бекітілген экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа да тариф белгілеу параметрлеріне сәйкес келуі;
      3) конкурстық өтінім құрамында конкурсқа қатысушылар ұсынатын концессиялық жобаның тариф белгілеуіне байланысты құжаттар тізбесін келісу;
      4) тариф белгілеуге байланысты конкурстық құжаттаманың елеулі шарттарын келісу;
      5) концессиялық жобаның тариф белгілеуіне байланысты концессия шартына енгізілетін ережелер мен қосымшалар бөлігінде концессия шартының жобасын келісу. Концессия шартының жобасы және концессиялық жобаның ТЭН-і конкурстық құжаттамаға қосымша болып табылады.
      Конкурстық құжаттаманы келісу және концессиялық жобаның ТЭН-ін келісу келісім туралы немесе әрбір қарастырылатын мәселе бойынша келіспеу себептерін көрсете отырып, келіспеу туралы немесе конкурстық құжаттаманы немесе ТЭН-ді пысықтау туралы талаптары бар мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам не оның орынбасары қол қоятын хат түрінде ресімделеді және конкурстық құжаттаманы және ТЭН әзірлеуші мемлекеттік органға жолданады.
      16. Табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органнан конкурстық құжаттама мен ТЭН-ге оң келісім алғаннан кейін конкурсты ұйымдастырушы концессиялық жобаның ТЭН-ін қоса бере отырып, конкурстық құжаттаманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға келісуге жібереді.
      17. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган келіп түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттаманы келісуді жүргізеді.
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттің кепілгерлігін ұсынуды көздейтін конкурстық құжаттаманы келісу кезінде концессиялық жоба бойынша концессионерді таңдау жөніндегі конкурс шеңберінде беру үшін конкурсты ұйымдастырушы ұсынатын мемлекет кепілгерлігінің көлемін және мемлекет кепілгерлігін беруге байланысты конкурстық құжаттаманың елеулі шарттарын келіседі.
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның конкурстық құжаттаманы келісуі мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның, не оның орынбасарының қол қоюымен келісу туралы немесе келіспеу себептерін көрсете отырып келіспеу туралы немесе конкурстық құжаттаманы пысықтау жөніндегі талаптары бар хат түрінде ресімделеді және конкурстық құжаттама мен ТЭН-ді әзірлеуші мемлекеттік органға жіберіледі.
      18. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган конкурстық құжаттама мен ТЭН келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттаманың сараптамасын жүргізу үшін, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, сондай-ақ концессиялық жобаның ТЭН-іне экономикалық сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға жолдайды, ол оны аталған ұйымға құжаттар ұсынылған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      Аталған құжаттарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қарауының жалпы мерзімі 40 (қырық) жұмыс күнін құрайды.
      Тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік орган немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы ақпаратты толық ұсынбаған, сондай-ақ конкурстық құжаттамада көрсетілген қосымша ақпаратты ұсыну, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде қажет болған жағдайда концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым көрсетілген ақпараттарды ұсынуды талап етеді.
      Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым қажет болған жағдайда тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органға немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына жетіспейтін және/немесе қосымша ақпаратты ұсыну жөнінде сұрау салуды, сұрау салудың көшірмесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға құжаттар пакетінің келіп түскен күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жолдайды.
      Тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органдар және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпаратты бір мезгілде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға ұсынады немесе ақпаратты ұсыну үшін қосымша мерзімнің қажеттілігі туралы хабардар етеді, бірақ ол күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспауы тиіс.
      Сұрау салуды жіберген күннен бастап және концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға қажетті ақпаратты ұсынғанға дейін сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатыла тұрады.
      Конкурстық құжаттаманы пысықтаған жағдайда, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде әзірлеуші мемлекеттік органның өтінімі бойынша сараптамалар жаңартылады.
      19. Конкурстық құжаттама сондай-ақ әлеуетті концессионердің өзінің біліктілік талаптарына сай екенін қосымша растауы ретінде мынадай құжаттардың бірін ұсыну мүмкіндігін қарастыруы қажет:
      1) халықаралық рейтингтік ұйымның рейтингін алуын растайтын құжат;
      2) биржаның ресми листингіне енгізгені туралы қор биржасынан үзінді.
      Осы тармақта көрсетілген құжаттарға байланысты шынайы мәліметтерді ресми интернет-ресурстарына орналастырған жағдайда әлеуетті концессионер бұл туралы құжаттардың өзін ұсынбай-ақ конкурсты ұйымдастырушыны хабардар ете алады.
      Егер әлеуетті концессионер Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда, оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденті үшін талап етілетін дәл осы құжаттар ұсынылады немесе Қазақстан Республикасының резиденті емес – әлеуетті концессионердің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді конкурстық құжаттама тілдеріне аударылған, нотариуспен куәландырылған құжат ұсынылады, сондай-ақ резиденттіктің апостиль қойылған сертификаты ұсынылады (егер халықаралық шартпен өзгеше қарастырылмаса).
      20. Конкурсты ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға бекітеді.

5. Әлеуетті концессионерлерді конкурсты өткізу туралы хабардар
ету

      21. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсты өткізу туралы ақпаратты конкурсты өткізу күніне дейін кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) күн бұрын, ал қайта конкурс өткізу кезінде – кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ қажет болған жағдайда басқа тілдерде міндетті түрде жариялайды.
      22. Конкурсты өткізу туралы ақпарат концессия объектілері туралы, конкурсты ұйымдастырушыға ұсыну үшін қажетті құжаттардың тізбесі туралы мәліметтерді, конкурс жарияланған объектінің сипатына қарай әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптарды, конкурсты өткізу орны, уақыты мен күні туралы мәліметті қамтуы тиіс.
      Конкурсты өткізу туралы ақпаратта қамтылған мәліметтер конкурстық құжаттамада көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі тиіс.

6. Конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсыну

      23. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті концессионерге (оның уәкілетті өкіліне) конкурстық құжаттаманың көшірмесін қағаз жеткізгіште ұсынады.
      Конкурсты ұйымдастырушы табыс етілген конкурстық құжаттама үшін конкурстық құжаттаманың көшірмесін жасауға жұмсалған нақты шығындардан аспайтындай ақы ала алады.
      24. Конкурсты ұйымдастырушы:
      1) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алу арналған, тиісінше ресімделген әлеуетті концессионер өкілінің өкілеттіктерін құжаттық расталудың болуын тексереді;
      2) егер конкурс өткізу туралы хабарландыруда мұндай ақыны алу туралы нұсқау қамтылған болса, әлеуетті концессионердің немесе оның уәкілетті өкілінің конкурстық құжаттаманың көшірмесін алу үшін ақы төленгені туралы құжаттық расталудың болуын тексереді;
      3) қажетті мәліметтерді (алған уақыты мен күні, әлеуетті концессионердің атауы, мекенжайы және өзге де мәліметтер) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізеді;
      4) әлеуетті концессионердің уәкілетті өкіліне конкурстық құжаттаманың көшірмесін қол қою арқылы береді.

7. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру

      25. Олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғалар конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы өтінішпен жүгіне алады, бірақ ол конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмеуі тиіс. Қайта конкурс өткізу кезінде олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғалар конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы өтінішпен жүгіне алады, бірақ ол конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмеуге тиіс.
      Конкурсты ұйымдастырушы сұрау салу тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған жауап жолдайды және сұрау салудың кімнен түскенін көрсетпей, конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ұсынған барлық әлеуеттік концессионерлерге осындай түсіндірмені хабарлайды.
      Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн күнтiзбелiк 20 (жиырма) күннен кешiктiрілмейтін мерзімде, ал конкурсты қайта өткізу кезінде – күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмейтін мерзімде өз бастамасымен немесе әлеуетті концессионердiң сұрау салуына жауап ретiнде хаттама ресiмдеу арқылы конкурстық құжаттамаға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзе алады. Енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мiндеттi күшi болады.
      Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей, енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін конкурстық құжаттама ұсынылған барлық әлеуетті концессионерлерге өтеусіз түрде береді. Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті концессионерлердiң осы өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды конкурстық өтiнiмдерде ескеруі үшiн конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмiн кемiнде күнтiзбелiк 30 (отыз) күн мерзімге, ал конкурсты қайта өткізу кезінде кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн мерзімге ұзартады.
      26. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн конкурстық құжаттамада көрсетiлген белгiлi бiр орында және тиiстi уақытта әлеуетті концессионерлермен кездесу өткiзе алады. Бұл ретте, конкурсты ұйымдастырушы осы кездесу барысында ұсынылған, дереккөздерi көрсетiлмеген конкурстық құжаттаманы түсiндiру туралы сұрау салуларды, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптар қамтылатын хаттама жасайды.
      Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсiндiру туралы хаттама ресімделген және қол қойылған күнінен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға және конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ұсынған барлық әлеуетті концессионерлерге көрсетілген хаттаманың көшірмесін жолдауға міндетті.
      27. Егер конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті концессионерлермен кездесу әлеуетті концессионерлердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің конкурстық құжаттамада кездесуді өткізу күні белгіленген мерзімі мен уақытында келмеуі себебінен өткізілмеген жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы көрсетілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мұндай факт туралы Комиссияны жазбаша хабардар етеді.

8. Конкурстық өтінімдердің мазмұны және оларды ұсыну

      28. Конкурстық өтінім конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті концессионердің конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес концессиялық жобаны іске асыруды жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.
      29. Конкурсты ұйымдастырушыға конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті концессионер ұсынатын конкурстық өтінімі мыналарды қамтуы тиіс:
      1) конкурстық құжаттамада белгіленген нысан бойынша әлеуетті концессионер толтырған және қол қойған конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
      2) әлеуетті концессионердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін ұсынылатын құжаттарының тізбесі:
      есепшоттарында ақшаның болуын, әлеуетті концессионердің меншік құқығы мен жылжитын және жылжымайтын мүліктің құнын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды расталған көшірмелері;
      бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған толық алдыңғы екі қаржылық жылдың қаржылық есептілігінің түпнұсқасы. Еншілес ұйымдары бар ұйымдар негізгі ұйым қызметі жөніндегі қаржылық есептілікке қосымша бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және ұсынады;
      әлеуетті концессионердің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және әлеуетті концессионердің мөрімен расталған соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржылық жылы үшін) «Негізгі құралдар» бухгалтерлік балансының баптарын таратып жазу;
      әлеуетті концессионердің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және әлеуетті концессионердің мөрімен расталған, олардың пайда болған күні мен болжамды өтеу мерзімі, сондай-ақ берешектің (не үшін берешек пайда болды) оның құнсыздануы бойынша есептелген резерв сомасы мақсаты, оларды құнсыздандыру бойынша есептелген резервтердің сомалары көрсетілген соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржылық жылы үшін) дебиторлық және кредиторлық берешекті таратып жазу. Банктік қарыздар болған жағдайда банктік қарыздар шарттарының көшірмесін негізгі борышты және пайыздарды өтеу кестесін қоса беру қажет;
      әлеуетті концессионердің төлем қабілеттілігінің, оның таратылуға жатпайтынының, мүлкіне тыйым салынбағанының, оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатылмағанының кепіл хаты;
      әлеуетті концессионердің жасалған концессия шарттары бойынша оның міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін соңғы үш жыл ішінде заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауапкершілікке тартылмағанының кепіл хаты;
      салық берешегінің және үш айдан астам (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайлардан басқа) міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектердің жоқтығы туралы немесе конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектердің болуы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
      өткен екі толық қаржы жылындағы аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі.
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен міндетті түрде аудит өткізу белгіленген заңды тұлғалар, сондай-ақ соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есеп ұсынады;
      заңды тұлға қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға заңнамамен белгіленген тәртіппен бекітілген нотариалды расталған жарғысының көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аударылған сауда тізілімінен заңдастырылған нотариалды куәландырылған үзіндіні ұсынады;
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі.
      Егер заңды тұлға қызметін заңнамамен белгіленген тәртіппен бекітілген үлгілік жарғы негізіне жүзеге асыратын жағдайда, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады;
      құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтері бар құрылтайшылық құжаттардан нотариалды куәландырылған үзіндіні (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер болмаса) немесе конверттерді ашқан күннен бір ай ерте емес мерзімде берілген белгіленген тәртіппен қол қойылған және мөрмен расталған акция ұстаушылар тізілімінен үзіндінің түпнұсқасы;
      кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікпен айналысуға құқық беретін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін, ЖСН көрсете отырып нотариалды куәландырылған жеке бас куәлігінің (төлқұжат) көшірмесін ұсынады;
      әлеуетті концессионерге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының мөрі мен қол қойылған анықтама берілген күннің алдында үш ай бойы әлеуетті концессионер міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына сәйкес банк немесе банк филиалы алдында мерзімі өткізілген берешегі жоқ екендігі туралы анықтамасының түпнұсқасы.
      Егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылса, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады. Анықтама конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінен екі ай ерте берілмеуі тиіс.
      Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестіктері қарапайым серіктестік нысанында қатысқан жағдайда оның қатысушылары өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін осы Қағидада белгіленген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды ұсынулары қажет:
      бірлескен қызмет шартының нотариалды расталған көшірмесі;
      қарапайым серіктестік мүшелері арасындағы жасалған ортақ жауапкершілік шартының нотариалды расталған көшірмесі;
      конкурс шеңберінде оның атынан келіссөздерді және басқа да іс-шараларды жүзеге асыруға шығатын қарапайым серіктестік өкіліне арналған сенімхаттың нотариалды расталған көшірмесі.
      Концессионерде концессия объектісін іске асыруға ұсынылған құнға қатысты 10 (он) пайыздан кем емес мөлшерде конкурсқа қатысу үшін жеткілікті меншік капиталының болуы:
      заңды тұлғалар бойынша бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған қаржылық есептілікті талдау жолымен;
      жаңадан құрылған заңды тұлғалардың құрылтайшылары бойынша, қарапайым серіктестік нысанындағы жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестіктері немесе жеке тұлғалар бойынша оларда қаржылық есептілік болмаған жағдайда олардағы активтер мен міндеттемелердің болуын растайтын құжаттарды талдау жолымен айқындалады.
      Егер әлеуетті концессионер концессиялық жобаны iске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда:
      әлеуетті концессионер Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс;
      жаңа заңды тұлғаның құрылтайшылары ретінде шығатын заңды тұлғалар Заңның 18-бабы 1-тармағының 2)3) және 5) тармақшаларының талаптарына сәйкес болуы тиіс;
      жаңа заңды тұлға құрған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтық дербес капиталы Заңның 18-бабы 1-тармағының 4) тармақшасының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
      Конкурсқа қатысушылар өз қалауы бойынша Заңмен және осы Қағидамен бекітілген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігін растайтын өзге де құжаттарды ұсына алады.
      Әлеуетті концессионер бiлiктiлiк талаптары жөнінде дұрыс емес ақпарат ұсынған жағдайда, осындай факт белгіленген сәттен бастап оған үш жыл ішінде концессионердi таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға рұқсат берілмейді.
      Әлеуетті концессионер ұсынатын біліктілік талаптары жөніндегі ақпараттың дұрыстығын Комиссия, конкурсты ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізудің кез келген сатысында белгілей алады;
      3) Заңның 20-1-бабына сәйкес техникалық ұсыныс;
      4) мыналарды қамтуы тиіс әлеуетті концессионер толтырған және қол қойған концессиялық өтінім:
      Концессия шартының жобасы;
      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес құрылған, оның ішінде қосымша ретінде мыналарды қамтитын концессиялық жобаның ТЭН-і (концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты екі кезеңдік рәсімдерді пайдалану арқылы өткiзген жағдайда):
      мыналарды қамтитын табиғи монополиялар салаларындағы заңнама талаптарына сәйкес әзірленетін инвестициялық бағдарламаны (болжанатын концессия объектісі табиғи монополиялар саласына жатқан жағдайда):
      тарифке (баға, алымдар мөлшерлемесі) қосылатын шығындарды қалыптастыру тәртібі;
      шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормалары, сондай-ақ нормативтік техникалық ысыраптар шегіндегі шығыстардың баптарын қалыптастыру:
      тарифті (бағаны, алымдар мөлшерлемесін) қалыптастыру кезінде ескерілмейтін шығыстар тізбесі;
      инвестициялар көлемі мен инвестицияланған капиталды қайтару тәртібі;
      пайданы қалыптастыру;
      негізгі құралдардың әрбір түрі бойынша тозуын есептеу әдістерінің сипаттамасы;
      негізгі қаражатты және тарифтік сметада көзделетін амортизациялық есептеу құралдарын пайдалану бағыттарын қайда бағалауды жүргізу;
      объектілерді күрделі жөндеуді немесе жаңғыртуды жүргізуді қаржыландыру мерзімдері (кезеңдері) мен көздері;
      5) мемлекеттің кепілгерлігін ұсынуды көздейтін концессиялық жобалар бойынша:
      «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзірленген инфрақұрылымдық облигацияларды шығару проспектісінің жобасы;
      мемлекеттің кепілгерлігін ұсыну бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қаржылық сараптамасының теріс қорытындысын алған жағдайда концессиялық жобаны қаржыландырудың баламалы көздері туралы ақпарат;
      6) әлеуетті концессионерлердің контрагенттермен жасасқан концессиялық жобаға инвестициялардың тартылуын растайтын конкурс ұйымдастырушының алдындағы кепілдігі ретінде қаржыландыруға келісімнің алдын ала шарттары және банктік қарыз шарттарының түпнұсқасы немесе нотариалды расталған көшірмелері. Конкурс ұйымдастырушының алдындағы қаржыландыруға, кепілдік беруге келісімнің алдын ала шартына контрагентте тізбесі конкурстық құжаттамада белгіленетін қажетті қаржы құралдарының болуын растайтын құжаттар қоса беріледі;
      7) Заңның 18-1-бабына сәйкес конкурстық өтінімді қамтамасыз ету;
      8) әлеуетті концессионер жарғысына сәйкес конкурстық өтінімге қол қоюға және Комиссия отырыстарына қатысуға құқығы бар сенімхатсыз қол қоюға құқығы бар әлеуетті концессионердің бірінші басшысынан басқа әлеуетті концессионердің мүдделерін ұсынатын тұлғаға (тұлғаларға) сенімхат.
      30. Конкурстық өтінімді әлеуетті концессионер конкурсты ұйымдастырушыға тігілген, парақтары нөмірленген және әлеуетті концессионердің қолы әрбір бетіне қойылған және соңғы бетіне оның қолы мен мөрі қойылған (егер мұндай болса жеке тұлғаға) түрінде табыс етіледі.
      31. Конкурстық өтінімде, әлеуетті концессионерге грамматикалық қателерді түзету қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өшірулер мен қосып жазулар болмауы тиіс.
      32. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті концессионер конкурстық өтінімді ұсынудың түпкілікті мерзіміне дейін әлеуетті концессионердің толық атауы мен пошталық мекенжайы (егер ол «кешіккен» болып жарияланса, конкурстық өтінімді ашпай қайтару мақсатында), конкурсты ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы конкурстың атауы жазылып жабылған «конвертке» салынған, сондай-ақ, «(конкурс атауын көрсету) ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС» және «(конкурстық өтінімдері ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН» деген мазмұндағы мәтін жазылған конкурстық өтінімді жолдайды.
      33. Белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін ұсынылған конкурстық өтінімі бар конверт конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында тіркелмейді, ашылмайды және әлеуетті концессионерге қайтарылады.
      34. Конкурстық құжаттамада белгіленген мерзім ішінде конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдері бар конверттерді қабылдайды.
      35. Конкурсты ұйымдастырушы:
      1) әлеуетті концессионер атынан өтінімі бар конвертті ұсынған әлеуетті концессионер өкілінің өкілеттігін құжаттамалық растаудың болуын тексереді;
      2) конкурстық өтінімдері бар конверттерде осы Қағиданың 32-тармағында көзделген мәліметтердің болуын тексереді. Осы Қағиданың 32-тармағының талаптары бұзылып ресімделген конкурстық өтінімдері бар конверттер тіркелуге жатпайды және:
      әлеуетті концессионерлерге конкурстық өтінімдері бар конвертті пошта байланысы арқылы алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;
      конкурстық өтінімдері бар конвертті ұсынған әлеуетті концессионердің уәкілетті өкіліне дереу қайтарылады;
      3) тиісінше ресімделген конкурстық өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және осы тармақта көзделген мәліметтерді конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына енгізеді;
      4) конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімдерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайды;
      5) конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін оны кері қайтарған жағдайда конкурстық өтінімді қайтаруды қамтамасыз етеді.
      36. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында мынадай мәліметтерді:
      1) конкурстың атауы мен өткізу мерзімін;
      2) концедент пен конкурсты ұйымдастырушының толық атауын, олардың пошталық мекенжайын;
      3) әлеуетті концессионердің уәкілетті өкілінің тегін, атын, әкесінің атын;
      4) әлеуетті концессионердің толық атауы мен пошталық мекенжайын, оның ЖСН-ін немесе БСН-ін;
      5) конкурстық өтінімі бар «конвертті» тіркеу күні мен уақытын;
      6) әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімге енгізген өзгерістері мен (немесе) толықтырулары туралы ақпаратты көрсетеді.
      Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімді тіркеуден бас тартылған әлеуетті концессионерлерді, мұндай бас тартудың себебін баяндай отырып көрсетеді.
      Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналы тігілген, парақтары нөмірленген және әрбір бетіне Комиссия хатшысының қолы қойылған болуы, конкурстық өтінімдерді тіркеу журналының соңғы беті конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітілуі қажет. Конкурстық өтінімдерді тіркеудің бірыңғай журналын барлық конкурстар бойынша бір қаржылық жыл ішінде жүргізуге жол беріледі.
      37. Әлеуетті концессионер конкурстық өтінім берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің конкурстық өтініміне енгізу құқығын жоғалтпай, өзінің конкурстық өтінімін өзгерте немесе кері қайтарып ала алады. Өзгерістер енгізу конкурстық өтінімнің өзі сияқты дайындалған және мөр басылған түрде ұсынылуы тиіс.
      38. Конкурстық өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама әлеуетті концессионердің қолы қойылған және мөр қойылған (егер болған жағдайда жеке тұлғаға) конкурсты ұйымдастырушының атына еркін түрдегі өтініш ретінде ресімделеді.
      39. Егер конкурсты ұйымдастырушы оны конкурстық өтінімді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін қабылдаса, конкурстық өтінімге өзгерістер енгізу немесе конкурстық өтінімді қайтарып алу жарамды болып табылады.
      Өзгерістер конкурстық өтінімге оларды ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін енгізілмеуі тиіс.

9. Конкурсты өткізу

Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу

      40. Конкурстық өтінімдерді қарау мен іріктеуді Комиссия жүзеге асырады.
      41. Комиссия хатшысы конкурсты ұйымдастырушыны Комиссия отырысын өткізу мерзімі, уақыты және орны туралы отырысқа дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жазбаша нысанда хабардар етеді.
      Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды және отырыс хаттамасын ресімдейді.
      42. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашуды Комиссия конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімде, уақытта және орында Комиссияның қарапайым көпшілігінің, конкурсты ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, сондай-ақ әлеуетті концессионерлердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жүргізеді.
      Конкурсты ұйымдастырушыға, Комиссия кворумы болмаған жағдайда немесе Комиссия төрағасының немесе оны алмастыратын тұлғаның шешімімен конкурстық өтінімдерді ашу орны, өткізілетін уақыты мен күні туралы конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі.
      Енгізілген өзгерістер міндетті күшке ие болады және олар туралы конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ұсынған барлық әлеуетті концессионерлерге, сондай-ақ Комиссия мүшелеріне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органды қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдарға дереу хабардар етеді.
      43. Комиссия отырысында:
      1) Комиссия хатшысы қатысушыларды:
      Комиссия құрамы;
      конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті концессионерлер саны;
      әлеуетті концессионерлер сұрау салуларының болғандығы не болмағандығы, сондай-ақ конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті концессионерлермен конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру бойынша кездесулер өткізуі;
      конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің болғандығы немесе болмағандығы, сондай-ақ олардың себептерін;
      конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына тіркелген, белгіленген мерзімде конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті концессионерлер жөнінде хабардар етеді;
      осы конкурс бойынша өзге де ақпаратты жариялайды;
      2) төраға немесе Комиссия мүшелері арасынан төраға болып айқындалған тұлға:
      конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттар тізбесі мен олардың қысқаша мазмұнын жариялайды;
      3) Комиссия хатшысы:
      өтінімдері бар конверттерді ашуды тиісті хаттамамен ресімдейді;
      әлеуетті концессионерлерді немесе олардың уәкілетті өкілдерін Комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін алатын мерзімі туралы хабардар етеді.
      44. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасына Комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ Комиссия хатшысы қол қояды және әрбір парағына қол қояды.
      45. Көрсетілген хаттаманың көшірмесі конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі Комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті концессионерлерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне Комиссияның көрсетілген отырысынан кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал қатыспағандарға олардың жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

Конкурстық өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысуға рұқсат беру

      46. Комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде конкурстық өтінімдерді қарайды және әлеуетті концессионерлерге конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы (конкурсқа қатысушылар деп таниды) шешім қабылдайды.
      Әлеуетті концессионерлерге конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы (конкурсқа қатысушылар деп тану) шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылады, Комиссия отырысына қатысып отырған барлық мүшелері, сондай-ақ Комиссия хатшысы шешімнің әрбір парағына қол қояды. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға, болған жағдайда, сараптамалық қорытынды немесе Комиссия мүшесінің ерекше пікірі, сарапшының (сараптама комиссиясының мүшесі) ерекше пікірі қоса берілуі мүмкін.
      47. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей Комиссия хатшысы:
      1) Комиссия төрағасымен, ол болмаған жағдайда, төрағаның орынбасарымен конкурстық өтінімдерді қарау жөніндегі Комиссия отырысының өткізілу күні мен уақытын келіседі;
      2) Комиссия мүшелеріне конкурстық өтінімдерді қарау жөніндегі Комиссия отырысының өткізілу күні мен уақыты туралы хабарландырады;
      3) Комиссияның қарауына әлеуетті концессионердің конкурстық құжаттамада көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттарды, сондай-ақ әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізгенін растайтын құжаттарды ұсынады.
      48. Комиссия отырысын өткізбей, конкурстық өтінімдерді қарауға жол берілмейді.
      49. Комиссия:
      1) әлеуетті концессионерлердің конкурстық өтінімдерін құрайтын құжаттар пакеттерін олардың толықтығы мен тиісті түрде ресімделуі тұрғысынан қарайды;
      2) құжаттар тізбесін толық ұсынбаған және (немесе) тиісті үлгіде ресімделмеген құжаттар ұсынған әлеуетті концессионерлерді айқындайды;
      3) конкурстық өтінім ұсынған әлеуетті концессионерлерден конкурстық өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруды жеңілдету үшін жазбаша нысанда материалдар мен олардың өтінімдеріне байланысты түсіндірулерді сұратады;
      4) конкурсқа қатысу жөніндегі өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында Комиссия жазбаша нысанда тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратады. Конкурстық өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге байланысты Комиссияның сұрау салуларды мен өзге де іс-қимылдарына жол берілмейді. Конкурстық өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурстық өтінімде ұсынылған құжаттарды алмастыруға, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды түзету арқылы сәйкестендіруге бағытталған Комиссияның іс-қимылдары конкурстық өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіру деп түсініледі;
      5) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың өзге де талаптарына сәйкес келетін әлеуетті концессионерлерді айқындайды және оларды конкурс қатысушылары деп таниды.
      Әлеуетті концессионерлердің банкротқа ұшырау рәсіміне қатысы болмау бөлігіндегі біліктілік талаптарына сәйкестігін нақтылау мақсатында Комиссия банкротқа ұшырау рәсімдерін жүргізуге бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналасқан ақпаратты қарайды.
      50. Комиссия конкурстық өтінімнің енгізілген қамтамасыз етуін:
      1) банктік кепілдеме түрінде ұсынылған конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;
      2) Комиссияға:
      конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
      оған қатысу үшін банктік кепілдеме түрінде ұсынылған конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін конкурстың атауын;
      банктік кепілдеме және (немесе) өтінімді қамтамасыз ету сомасы түрінде ұсынылған, конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;
      конкурстық өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;
      оның пайдасына конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауын білдіретін конкурстық өтінімді қамтамасыз ету тиісті түрде ресімделмеген;
      3) белгіленген сомадан аз мөлшерде конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгізілген жағдайларда конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп таниды.
      51. Әлеуетті концессионер, егер:
      1) мынадай негіздемелер бойынша Заңның 18-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сай емес деп айқындалса:
      конкурстық өтінімде әлеуетті концессионердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың болмауы;
      әлеуетті өнім беруші міндеттемелердің барлық түрлері бойынша осы анықтама берілген күннің алдында үш айдан артық мерзімге созылған мерзімінен кешіктірілген берешегінің болуы туралы банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар анықтамасы түпнұсқасының болуы;
      тиісті салық органының анықтамасында салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен үш айдан артық уақытқа (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) бір теңге және одан астам мөлшерде әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі туралы мәліметтердің болуы;
      біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат ұсыну фактісі анықталуы;
      оның концессия шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және материалдық ресурстары жоқ, оның ішінде концессия объектісін іске асыруға ұсынылған құнға қатысты кемінде 10 (он) пайызды құрайтын меншікті капиталы немесе концессия объектісін іске асыруға ұсынылған құнға қатысты кемінде 10 (он) пайызды құрайтын сомаға банктік кепілдігінің болмауы;
      оның банкротқа ұшырау немесе таратылу рәсіміне жатуы, төлем қабілеттілігінің болмауы, мүлкіне тыйым салынуы, қаржы-шаруашылық қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылуы;
      2) егер конкурстық өтінім, мынадай негіздемелер бойынша конкурстың талаптарға сай емес деп айқындалса:
      конкурстық өтінімді толық ұсынбау;
      конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін конкурстық өтінімді ұсыну;
      3) Заңның 18-2-бабының талаптарын бұзса, конкурсқа қатысуға (конкурсқа қатысушы деп танылмайды) жіберілмейді.
      52. Комиссия хатшысы:
      1) Комиссия төрағасымен, ол болмаған жағдайда, төрағаның орынбасарымен Комиссия отырысының өткізілу күні мен уақытын келіседі;
      2) Комиссия мүшелеріне Комиссия отырысының тағайындалған күні мен уақыты туралы хабарландырады.
      53. Комиссияның көрсетілген отырысында:
      1) Комиссия конкурстық өтінімді әлеуетті концессионерлер ұсынған құжаттардың толықтығы мен тиісті түрде ресімделуі, сондай-ақ олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және зерделейді;
      2) Комиссия конкурстық өтінімдерді қарау қорытындысын шығарады;
      3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.
      54. Конкурстық өтінім, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін жоғалтпайтын, түзетуге болатын грамматикалық қателері болса, конкурстық құжаттама талаптарына жауап береді деп танылады.
      55. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде:
      1) көрсетілген хаттаманың көшірмелерін ұсыну немесе жолдау арқылы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама көшірмелерін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде конкурстық өтінімдер ұсынған, олар туралы мәліметтер конкурстық өтінімдер журналына енгізілген барлық әлеуетті концессионерлерге жолдауды қамтамасыз етеді;
      2) тәуелсіз сарапшыларды тартқан жағдайда оларға қарау үшін (тәуелсіз сараптама комиссиясы), оларды немесе екі кезеңнен тұратын конкурс өткізу кезінде осы Қағиданың 58-тармағында көрсетілген тұлғаларға техникалық ұсынысты ұсынады.
      56. Тәуелсіз сарапшы немесе тәуелсіз сараптама комиссиясы төраға белгілеген мерзімде:
      1) әлеуетті концессионер ұсынған техникалық ұсыныстарды өз құзыреті шегінде қарайды және зерделейді;
      2) әлеуетті концессионер ұсынатын техникалық шешімдердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы сараптама қорытындысын ресімдейді және қол қояды;
      3) тиісінше ресімделген сараптама қорытындысын ұсынады, сондай-ақ әлеуетті концессионерлердің құжаттарын Комиссия хатшысына береді.
      57. Тәуелсіз сарапшының (тәуелсіз сараптама комиссиясы) қорытындысына, сарапшы ерекше пікір білдіретін жағдайларды қоспағанда, барлық сарапшылар қол қояды және әрбір парағына қол қойылады.
      58. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланумен концессионер таңдау жөніндегі конкурсқа қатысушылардың техникалық ұсыныстарының сараптамасын олардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді, адамның тыныс-тіршілігінің қолайлы және қауіпсіз жағдайларын, жобаланатын объектілердің орнықты жұмыс істеуін, сондай-ақ техникалық ұсыныстың құнын қамтамасыз етуге бағытталған қала құрылысы және техникалық регламенттерге, мемлекеттік нормативтер талаптары мен шарттарына сәйкестігі немесе сәйкессіздігін айқындау мақсатында, тиісті саладағы мемлекеттік уәкілетті орган және мемлекеттік құрылыс сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға жүзеге асырады.
      59. Егер:
      1) бірде-бір әлеуетті концессионер конкурсқа қатысуға жіберілмесе;
      2) конкурсқа қатысуға бір әлеуетті концессионер жіберілсе;
      3) бас тартылмаған бір ғана конкурстық өтінім қалған жағдайларда, үздік конкурстық өтінімді айқындау жүргізілмейді.

Концессиялық өтінімдерді қарау және іріктеу

      60. Конкурстық құжаттамада белгіленген күні, уақытта және орында Комиссия конкурсқа қатысушылардың концессиялық өтінімдерін қарау жөніндегі отырыс өткізеді.
      61. Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға оларға сараптама жүргізу үшін концессиялық өтінімдер жібереді.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық өтінімдер түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға жібереді.
      Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым концессиялық өтінімдерге сараптаманы олар тапсырылған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық өтінімдерді қараудың жалпы мерзімі қырық жұмыс күнін құрайды.
      62. Комиссия концессиялық өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларын ескере отырып, конкурс қатысушылары ұсынған барлық конкурстық өтінімдерді қарайды және үздік концессиялық өтінімді айқындайды, ол туралы хаттама жасайды, оған Комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.
      63. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 тамыздағы № 783 қаулысымен белгіленген концессиялық жобаларға қойылатын критерийлердің негізінде концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа қатысушымен Комиссия концессиялық жоба және концессия шартының талаптарын нақтылау жөнінде келіссөздер жүргізеді.

Конкурсқа қатысушылармен келіссөздер жүргізу тәртібі

      64. Келіссөздерді дайындау шеңберінде концессиялық жоба мен концессия шарты бойынша ескертулер мен ұсыныстарды Комиссия өтінім берушіге жазбаша нысанда олар туындаған кезден 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберуі тиіс.
      65. Конкурсқа қатысушы конкурсты ұйымдастырушымен келісім бойынша келіссөздерге банктерді, қаржы ұйымдарын, тәуелсіз сарапшыларды және өзге де мүдделі үшінші тұлғаларды тарта алады.
      Келіссөздер қорытындылары конкурс ұйымдастырушының уәкілетті тұлғалары мен конкурсқа қатысушы қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді.
      Келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша олардың нәтижелері туралы комиссияның тиісті шешімі қабылданады.
      Келіссөздер барысында конкурстың шарттарына, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
      66. Егер концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа қатысушы Комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес концессиялық өтінім мен концессия шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартқан, немесе оның ұсынысы конкурстың шарттары тұрғысынан қолайсыз болып табылған жағдайда, Комиссия бұл концессиялық өтінімді қарамайды және концессионер таңдау жөнінде ашық конкурс өткізу арқылы үздік концессиялық өтінімді қайтадан таңдайды.

Концессия шартын жасасу тәртібі

      67. Келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша конкурсты ұйымдастырушы концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде үздік концессиялық жобаны айқындау туралы хаттама көшірмелерін қоса бере отырып, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігі мен мемлекеттік кепілдік ұсынуды көздейтін концессиялық жобалар бойынша бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесін мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға және табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын концессиялық жоба бойынша табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға келісуге жолдайды.
      Концессия шартының мазмұны Заңның 21-бабына сәйкес айқындалады.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессия шартының жобасын сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға түскен сәттен 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.
      Сараптама концессия шартының жобасы концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға түскен күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымнан сараптама нәтижелері алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде концессия шартының жобасын келіседі немесе конкурсты ұйымдастырушыға дәлелді ескертулер жібереді.
      Концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, сондай-ақ қосымша материалдарды:
      1) тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органдар мен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары, концессиялық ұсынысқа қосымшалардың электрондық көшірмелерін ұсына отырып, бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған титулдық бланкте жеке ілеспе хатпен ұсынады;
      2) оларға тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік орган мен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды;
      3) тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік орган мен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесінің басшысы әрбір параққа қол қояды.
      Тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік орган мен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы ақпаратты толық көлемде ұсынбаған, сондай-ақ концессия шартының жобасында көзделген қосымша ақпаратты, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде ұсыну қажет болған жағдайда, концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым қажетті қосымша ақпарат ұсынуды талап ете алады.
      Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым, қажет болған жағдайда, сұрау салудың көшірмесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібере отырып, концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік орган мен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына жетіспейтін және/немесе қосымша ақпарат ұсыну жөнінде сұрау салулар жібереді.
      Тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органдар мен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы сұрау салу түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жетіспейтін және/немесе қосымша ақпаратты бір мезгілде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға ұсынады немесе ақпарат ұсыну үшін қосымша, бірақ күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімнің қажет екендігі туралы хабардар етеді.
      Бұл ретте сұрау салу жіберілген күннен бастап және қосымша ақпарат ұсынғанға дейін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатылады.
      Концессия шарттары жобаларын пысықтаған жағдайда, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, әзірлеуші мемлекеттік органның өтінімі бойынша концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның сараптама жүргізу уақытында концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның сараптама жүргізу мерзімдері жаңартылады.
      68. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган концессия шартының жобасын, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі.
      69. Табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган концессия шартының жобасын көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру мен бекіту тәртібі бөлігінде, ол ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі немесе конкурсты ұйымдастырушыға дәлелді ескертулер жолдайды.
      Концессия шартының жобасын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтерін (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру мен бекіту тәртібі бөлігінде келісу кезінде табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган инвестициялық бағдарламаны және:
      1) тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін шығындарды қалыптастыруды;
      2) шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының, сондай-ақ нормативтік техникалық ысыраптардың техникалық және технологиялық нормалары шегінде шығыстар баптарын қалыптастыруды;
      3) тарифті (баға, алым мөлшерлемесін) қалыптастырған кезде есепке алынбайтын шығыстар тізбесін белгілеуді;
      4) инвестициялар көлемі және инвестицияланған капиталды қайтару тәртібін;
      5) тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін пайданы қалыптастыру мен шектеуді;
      6) негізгі құралдардың тозуын есептеу әдістерін қолдануды;
      7) концессия объектісін пайдалану сапасының критерийлерін;
      8) объектіні пайдалану сапасын айқындау тәртібін;
      9) үшінші тұлғаларға концессия объектісін шектеулі нысаналы пайдалануды ұсынуды;
      10) объектілерге күрделі жөндеу жүргізуді немесе оларды жаңғыртуды қаржыландыру мерзімдері (кезеңдері) мен көздерін;
      11) тарифтерді қалыптастырумен және бекітумен байланысты концессионердің құқықтары мен міндеттерін;
      12) негізгі құралдарға және табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметасында көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын пайдалану бағыттарына қайта бағалау жүргізуді;
      13) концессиялық жоба бойынша өндірілетін өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сапасын бақылауды жүзеге асыруды қоса алғанда, табиғи монополиялар салаларындағы қызметін бақылауды, сондай-ақ реттелетін нарықтарда баға белгілеуді мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыруды айқындайтын концессия шартының ережелерін келіседі.
      70. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша концессия шартының жобасы сараптамасының қорытындысын ескере отырып, Комиссия шешімімен концессиялық өтінім бекітіледі, ал өтінім беруші конкурстың жеңімпазы болып танылады.
      Егер концессиялық жобаны қаржыландыру мемлекеттік кепілдікпен және (немесе) мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен болжанатын болса, Комиссияның конкурстың қорытындылары туралы шешімі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның концессиялық жобасының қаржылық сараптамасының қорытындысы ескеріле отырып, бюджет заңнамасына сәйкес қабылданады.
      71. Комиссия шешімі хаттама түрінде ресімделеді.
      72. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс жеңімпазымен концессия шартын жасасады.
      Егер:
      1) конкурс жеңімпазы концессия шартын жасасудан жалтарса;
      2) конкурстық өтінімдері үздік деп танылған конкурсқа қатысушылар, Комиссия ұсыныстары мен ескертулеріне сәйкес концессиялық өтінімдер мен концессия шарттарының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартса немесе олардың ұсыныстары конкурс шарттары тарапынан тиімсіз болса, шарт жасасу жүзеге асырылмайды.
      73. Концессия шартын жасасу мерзімі конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен астам бола алмайды.

10. Конкурсты өткізілмеген деп тану негіздемелері

      74. Конкурс мынадай жағдайларда:
      1) осы концессия объектісі бойынша үшінші және кейінгі конкурстарды қоспағанда, ұсынылған конкурстық өтінімдер болмаған;
      2) осы концессия объектісі бойынша үшінші және кейінгі конкурстарды қоспағанда, екіден кем конкурстық өтінім ұсынылған жағдайларда өткізілмеді деп танылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1305 қаулысына    
4-қосымша        

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2010 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1343 қаулысымен    
бекітілген       

Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, бюджеттен қоса
қаржыландыру шартымен концессиялық жобалардың мониторингі және
олардың іске асырылуын бағалау қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобалардың мониторингі және олардың іске асырылуын бағалау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 158-бабының 4-тармағына, сондай-ақ «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 7-1-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Қағида концессия шарттарының мониторингі, соның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобалардың мониторингі және олардың іске асырылуына бағалау жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Концессия шарттарының мониторингін жүргізу тәртібі

      3. Республикалық және коммуналдық меншіктегі концессия объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингі ақпарат жинау, концессия объектісін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану және қолдану және тиісінше жай-күйде сақтау бөлігінде жай-күйді талдау, бағалау және болжамдау жүйесін білдіреді.
      4. Концессия шарттарының мониторингін:
      республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша – республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
      коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша – жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
      5. Концессия шарттары мониторингінің міндеттері:
      1) концессия объектілерін басқару тиімділігін талдау, сондай-ақ мемлекеттік мүліктің жай-күйін бағалау;
      2) концессияға берілген мемлекеттік мүлікке залал келтіретін нысаналы емес пайдалану жағдайларының алдын алу, қажет болған жағдайда мемлекеттік мүлікті тиімді басқару бойынша ұсынымдар әзірлеу;
      3) мониторинг объектісінің техникасы мен технологиясының жай-күйін және олардың даму перспективаларын сараптамалық бағалау;
      4) мемлекеттің экономикалық өсуін, экономиканың ықтимал теріс факторларға осалдығы дәрежесін барынша азайтуды қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.
      6. Мониторинг объектілерін тексеру, ақпаратты жинау және талдау, ұсынымдарды пысықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидасына сәйкес тәуелсіз сарапшыларды тартады.
      7. Концессия шарттарына мониторинг жүргізуге уәкілетті республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган республикалық және коммуналдық меншіктегі концессия объектілері бойынша концессия шарттарына мониторингті жүзеге асыру мақсатында:
      1) республикалық және коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша дұрыс және объективті талдау жүргізу үшін қажетті мониторинг объектісінің өндірістік-техникалық, технологиялық және құқықтық параметрлері туралы ақпаратты сұратады және алады;
      2) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарынан, сондай-ақ өзге де мүдделі мемлекеттік органдардан және ведомстволық тиесілігіне қарамастан заңды тұлғалардан мониторинг объектілерін басқару тиімділігін талдау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратады және алады;
      3) елдің және өңірлер экономикасының ресурстық-энергетикалық негізін, бірыңғай және дербес коммуникациялық және энергетикалық жүйелерді сақтауға және нығайтуға қолайсыз әсер ететін факторларды уақтылы анықтау және бейтараптандыру, орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында мониторинг объектілері бойынша ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыра отырып, мониторинг объектісі дамуының жай-күйі мен үрдістерін жүйелі түрде байқауды жүргізеді;
      4) жыл сайын 30 қаңтарға дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға есепті кезеңге арналған мониторинг нәтижелері бойынша қорытынды және қажет болған жағдайда ұсынымдар береді.
      8. Республикалық және коммуналдық меншіктегі концессия объектілері бойынша концессионер республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның және/немесе олардың тиісті растаушы өкілеттіктері бар сенімді тұлғаларының сұрау салуы бойынша басқару тиімділігін дұрыс және объективті талдау үшін қажетті барлық ақпаратты қағаз және электрондық жеткізгіштерде береді.
      9. Республикалық және коммуналдық меншіктегі концессия объектілері бойынша концессия шарттары мониторингінің мазмұнын:
      1) мемлекеттік меншікке жататын мониторинг объектілерін базалық тексерулерді үш жылда бір реттен жиі емес, ал мемлекет қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайларда, қажет болған жағдайда, бірақ жылына бір реттен жиі емес;
      2) мониторинг объектілерін базалық кешенді тексерулер арасындағы кезеңдерде объектілердің қызметі бойынша мониторингтің негізгі деректерін ағымдағы жаңартуға арналған, концессиядағы мемлекеттік мүліктің жай-күйі жөніндегі ақпаратты кезең-кезеңімен жедел жинау құрайды.
      10. Республикалық және коммуналдық меншіктегі концессия объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингі мыналарды талдауды қамтиды:
      1) негізгі және қосалқы өндірістердің ресурстарының жай-күйін, технологиясын;
      2) мониторинг объектісін тексеру және оның қызметіне жүргізілген талдау негізінде тексеру жүргізген сарапшылар есепті және бастапқы материалдарды ресімдейді, олар:
      қағаз нұсқада республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға;
      сараптама компаниясының қолы қойылған және мөрімен расталған есептің қағаз нұсқасының сканерленген көшірмесі бекітіле отырып, тізілімге электрондық есеп түрінде ұсынылады.

3. Концессиялық жобаларға, оның ішінде бюджеттен қоса
қаржыландыру шартымен мониторинг жүргізу және олардың іске
асырылуына бағалау жүргізу тәртібі

      11. Концессиялық жобаларға, оның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау (бұдан әрі – концессиялық жобалардың мониторингі және олардың іске асырылуын бағалау) концессиялық жобалардың орындалу барысын үздіксіз бақылау және талдау процесі, концессия шартына сәйкес жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу және мынадай бағыттар бойынша концессиялық жобаның қаржы-экономикалық моделі болып табылады:
      1) ресурстарды нысаналы пайдалану;
      2) құрылыс жұмыстарының барысы;
      3) жоба бойынша шарттық құжаттаманың сақталуын және өзгеруін бақылау: жабдықтарды жеткізушілер, бас мердігерлер, бөгде құрылыс ұйымдары, өңірлік және муниципалдық билік органдары (жобаға жерді жалға алған немесе сатып алған жағдайда), тартылған мамандар және т.б.;
      4) жабдықтарды сатып алуды, жеткізуді, сақтандыруды және кеден бажының төленуін бақылау;
      5) рұқсат беру құжаттамасының алынуын бақылау (жер, коммуникациялар жүргізу, құрылыс салуға рұқсат, жобаны бекіту және т.б.);
      6) жобаның қаржылық көрсеткіштерін бақылау;
      7) жоба шеңберінде нақты деректерді және өзгерістерді ескере отырып, жоба дамуының қаржылық-экономикалық моделін түзету;
      8) есепке алу саясатын бақылау.
      12. Концессиялық жобалардың мониторингі және олардың іске асырылуын бағалаудың мақсаты концессиялық жобаларды іске асыру кезіндегі ағымдағы проблемалар мен туындауы мүмкін әлеуетті тәуекелдерді анықтау және оларды жою және азайту бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
      13. Концессиялық жобалардың, соның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен іске асырылу мониторингін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессия объектілерін құру (реконструкциялау) кезеңінде жүзеге асырады.
      Концессиялық жобалардың іске асырылу мониторингі тоқсан сайын жүзеге асырылады.
      Концессиялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ақпарат ұсыну мерзімі жыл сайын концессия шартын жасасқан сәттен бастап концессия объектісі мемлекеттік меншікке берілгенге дейін 20 сәуірден, 20 шілдеден, 20 қазаннан және 20 қаңтардан кешіктірмей.
      14. Концессиялық жобалардың, соның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессия объектілерін құру (реконструкциялау) және оларды кейіннен пайдалану кезеңінде жүзеге асырады.
      Концессиялық жобалардың іске асырылуына бағалау жүргізу үшін ақпаратты тиісті саладағы уәкілетті орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары және концессионер жыл сайын 10 шілдеге дейін концедентке, ал концедент жыл сайын 31 шілдеге дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
      15. Концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады.
      16. Концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау мақсатында тиісті саладағы уәкілетті орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары, концессионер мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, ал мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға:
      1) 1-қосымшаға сәйкес құжаттарды;
      2) 2-қосымшаға сәйкес концессиялық жоба жөніндегі концеденттің түйіндеме есебін;
      3) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес концессионер көрсететін қызметтерді концеденттің бағалауын ұсынады.
      17. Концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау мақсатында концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалуын бақылауды жүзеге асыратын тиісті саладағы уәкілетті орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ концедент, концессионер және облигациялар ұстаушылардың өкілдері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға концессиялық жобаның іске асырылуы туралы ақпарат ұсынады.
      18. Облигациялар ұстаушылардың өкілі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттің кепілгерлігімен қарыз алған концессионердің қаржылық жай-күйіне жүргізілген мониторинг нәтижелері жөніндегі ақпарат (инфрақұрылымдық облигацияларды шығару жолымен қаражат тартқан жағдайда) ұсынады.
      19. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүзеге асыру үшін алынған ақпаратты жыл сайын 30 тамыздан кешіктірмей концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға жібереді.
      20. Концессиялық жобаларға тоқсан сайын мониторинг жүргізудің аяқталу нысаны концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым жыл сайын 1 желтоқсанға дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, сондай-ақ концессиялық жобалардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберетін мониторинг қорытындылары бойынша есеп болып табылады.
      21. Концессиялық жобалардың іске асырылуының мониторингі қорытындысы осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес ақпаратты қамтиды.
      22. Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау нәтижелері концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау қорытындылары бойынша ұсынымдар болып табылады.
      23. Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау қорытындылары бойынша ұсынымдар 5-қосымшаға сәйкес ақпаратты қамтиды және жыл сайын 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның уәкілетті өкілі бекіткен есеп нысанында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.
      24. Концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау қорытындылары бойынша ұсынымдарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі 1 наурызға дейінгі мерзімде республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының тізіліміне деректерді енгізу үшін республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкілетті мемлекеттiк органға және концедентке жібереді.

Концессия шарттарына мониторинг
жүргізу, бюджеттен қоса  
қаржыландыру шартымен   
концессиялық жобалардың  
мониторингі және олардың іске
асырылуын бағалау қағидасына
1-қосымша         

Концессиялық жобаларға, соның ішінде бюджеттен қоса
қаржыландыру шартымен мониторинг жүргізу және олардың іске
асырылуын бағалау үшін осы Қағиданың 16-тармағына сәйкес
ұсынылатын құжаттар

Р/с

Ұсынылатын ақпарат

Ақпарат ұсыну

Мониторинг жүргізу кезеңінде

Бағалау жүргізу кезеңінде

1

2

3

4

1

Ағымдағы есепті күнге қолданыстағы концессионер компаниясы жарғысының көшірмесі

бір рет және өзгеруіне қарай

бір рет және өзгеруіне қарай

2

Концессионер компаниясының құрылтай шартының көшірмесі және акция ұстаушылар тізілімінен есепті күнге акционерлер құрамы туралы үзінді

бір рет және өзгеруіне қарай

бір рет және өзгеруіне қарай

3

Уәкілетті органда тіркелгені туралы белгісі бар концессия шартының және барлық қосымша келісімдердің (болған кезде) көшірмесі

бір рет және өзгеруіне қарай

бір рет және өзгеруіне қарай

4

Заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген концессионердің алдыңғы және ағымдағы есепті күнге қаржылық есептілігі (бас компаниямен шоғырландырылған және филиалды Қазақстан Республикасында тіркеу жолымен концессиялық жобаны іске асыру кезінде филиал бойынша жеке) (түпнұсқалар):
1) бухгалтерлік баланс (№ 1 нысан);
2) кірістер мен шығыстар туралы есеп (№ 2 нысан);
3) ақша қозғалысы туралы есеп (тікелей әдіс, № 3 нысан);
4) меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп (№ 4 нысан);
5) қаржы есептілігіне түсіндірме жазба;
6) дебиторлық және кредиторлық берешектің толық жазылуы (дебитордың/кредитордың атауын, төлемдер сомасын, мақсатын, мерзімін көрсете отырып);
7) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің толық жазылуы (атауы, шығарылған, пайдалануға берілген жылы, бастапқы және қалдық құны, есептелген амортизация, ағымдағы жай-күйі);
8) тауарлық-материалдық қордың толық жазылуы (баптарға бөле отырып: дайын өнім, шикізат пен материалдар, аяқталмаған құрылыс: атауын, құнын, ағымдағы жай-күйін көрсете отырып)

тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей (20 сәуір,  20 шілде,  20 қазан,  20 қаңтар)

жыл сайын 31 шілдеден кешіктірмей

5

Концессионердің алдыңғы есепті кезеңдегі аудиторлық есебі мен аудиторлық қаржылық есептілігі

заңнамада белгіленген тәртіппен

заңнамада белгіленген тәртіппен

6

Есептік саясат

бір рет және өзгерістер енгізілген жағдайда қайтадан

бір рет және өзгерістер енгізілген жағдайда қайтадан

7

Концессиялық жоба бойынша тәуекелдер матрицасы (олардың әсері мен туындау ықтималдығын айқындай отырып, әлеуетті тәуекелдер тізімі, тәуекелдерді сандық талдау)

тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей (20 сәуір, 20 шілде, 20 қазан, 20 қаңтар)

жыл сайын 31 шілдеден кешіктірмей

8

Жоба бойынша ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы мәліметтер (төлемдердің құны мен мерзімін, жүргізілген төлемдер туралы ақпаратты қоса алғанда)

тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей (20 сәуір, 20 шілде, 20 қазан, 20 қаңтар)

жыл сайын 31 шілдеден кешіктірмей

9

Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспарының көшірмесі

бір рет және өзгеруіне қарай

бір рет және өзгеруіне қарай

10

Құрылыс кестесінің көшірмесі (айлар бөлінісінде)

бір рет және өзгеруіне қарай

бір рет және өзгеруіне қарай

11

Инвестицияларды игеру кестесінің көшірмесі (айлар бөлінісінде)

бір рет және өзгеруіне қарай

бір рет және өзгеруіне қарай

12

Ақша қаражатын игеруді және олардың нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттардың көшірмелері

игеру кезеңінде: тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей (20 сәуір, 20 шілде, 20 қазан, 20 қаңтар)

игеру кезеңінде: жыл сайын 31 шілдеден кешіктірмей

13

Сақтандыру шарттарының көшірмелері (қолданыстағы заңнамада және концессия шартында көзделген)


жыл сайын 31 шілдеден кешіктірмей

14

Кепілгерлік шарты және тіркеу куәлігі (болған кезде)

бір рет және өзгеруіне қарай

бір рет және өзгеруіне қарай

15

Өтеу кестесі бар, кредиттік шарттардың немесе ақша қаражатын қайтару көзделетін концессиялық жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз ететін өзге шарттардың көшірмелері

бір рет және өзгеруіне қарай

бір рет және өзгеруіне қарай

16

Инфрақұрылымдық облигацияларды шығару проспектісі, облигацияларды орналастыру кестесі, облигация ұстаушылар туралы ақпарат, инфрақұрылымдық облигацияларды шығару шарттарының орындалу барысы туралы ақпарат және есептер (концессиялық жобаларды қаржыландыру кезінде инфрақұрылымдық облигацияларды шығару жолымен)

бір рет және өзгеруіне қарай

бір рет және өзгеруіне қарай

17

Құрылыс бойынша растаушы құжаттардың көшірмелері қоса берілген құрылыс бойынша есептер

құрылыс кезеңінде: тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей (20 сәуір, 20 шілде, 20 қазан, 20 қаңтар)

құрылыс кезеңінде: жыл сайын 31 шілдеден кешіктірмей

18

Ақпаратты ұсыну күніндегі жағдай бойынша күрделі құрылыс объектілерінің құрылысы (реконструкциясы) бойынша орындалған жұмыстардың нәтижелері туралы концеденттің фотоесебі (электрондық түрде)

құрылыс кезеңінде: тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей (20 сәуір, 20 шілде, 20 қазан, 20 қаңтар)

құрылыс кезеңінде: жыл сайын 31 шілдеден кешіктірмей

19

Көшпелі мониторинг нәтижелері бойынша есеп

жыл сайын 20 шілдеге дейін

жыл сайын 31 шілдеден кешіктірмей

20

Тарифтерді бекітетін құжаттардың көшірмелері және концессионер табыстарының өзгеруіне әкеп соғатын өзге де құжаттар

бір рет және өзгерістер енгізілген жағдайда, жыл сайын 20 шілдеге дейін

бір рет және өзгерістер енгізілген жағдайда, жыл сайын 31 шілдеге дейін

Концессия шарттарына мониторинг
жүргізу, бюджеттен қоса   
қаржыландыру шартымен    
концессиялық жобалардың   
мониторингі және олардың іске
асырылуын бағалау қағидасына
2-қосымша          

Концессиялық жоба бойынша концеденттің түйіндеме есебі

Жоба:

Кезеңі

Шаралар қабылдау талап етілетін мәселелер:

Концессионер қабылдаған іс-қимылдар

Концедент қабылдаған іс-қимылдар

1

2

3

1. Концессионердің мерзімдерді сақтамауы
1)
2)



2. Концеденттің мерзімдерді сақтамауы
1)
2)



3. Концессионердің пайдалану көрсеткіштерін сақтамауы
1)
2)



4. Концессионердің/концеденттің ақы төлеу кезіндегі бұзушылығы
1)
2)



5. Жобаны іске асыру кезінде концедент жол берген бұзушылықтар (құрылыс (құру) немесе реконструкция кезеңінде – нормалардан ауытқу және т.б., пайдалану кезеңінде – қызметтерді сапалы және уақтылы көрсетпеу, жобаның техникалық сипаттамасын сақтау және т.б.)
1)
2)



6. Анықталған проблемалар жойылмаған жағдайда, оларды жою жөніндегі ұсыныстар
1)
2)



7. Концессионер тарапынан бұзушылықтарға әкеп соғуы мүмкін басқа мәселелер
1)
2)



6. Концедент тарапынан бұзушылықтарға әкеп соғуы мүмкін басқа мәселелер
1)
2)



7. Оның ішінде орындалған жұмыстар туралы ақпаратты, жобаны іске асыруға әсер ететін немесе әсер етуге қабілетті және концессиялық жоба шарттарының орындалуына қауіп төндіретін мән-жайлар туралы мәліметтерді қамтитын концеденттің түсіндірме жазбасының осы есебіне қосымша түрінде жобаны ілгерілету және іске асыру жөніндегі түсініктемелер



8. Егер мұндайлар бар болса, қосымша ұсыныстар



      *Осы түйіндеме есепке қосымша тараптардың концессия шарты бойынша өз міндеттемелерін орындауын растайтын құжаттар болып табылады (оның ішінде жер учаскелерін бөлу туралы, концессионердің қаржылық жабу бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етуді, уақтылы және сапалы құрылыс бойынша қамтамасыз етуді ұсыну туралы және концессия шартында көзделген т.б.)

Концессия шарттарына мониторинг
жүргізу, бюджеттен қоса   
қаржыландыру шартымен    
концессиялық жобалардың   
мониторингі және олардың іске
асырылуын бағалау қағидасына
3-қосымша         

Концессионер ұсынатын қызметтерге концеденттің бағасы

Р/с

Тақырыбы

Концессионердің шарт талаптарын бұзуы немесе орындамауы

Бұзушылықтың туындау мерзімі

Бұзушылықтың жою мерзімі

Материалдық көріністе келтірілген залал

Берілетін балл (бағалау шәкілі 1-ден 10-ға дейін)

1

2

3

4

5

6

7

1

Концессионердің концессия объектісін салу (құру) немесе реконструкциялау кезеңінде міндеттемелерін орындауы

1)
2)





2

Клиенттердің мүдделерін бірінші орынға қоятын сапалы және икемді қызметтер көрсету






3

Өндірісте және процесте үздіксіз жақсаруды қамтамасыз етуге ықпал ететін концессияның барлық объектісін кешенді пайдалану

1)
2)





4

Концессия объектісін уақтылы және тиімді басқару

1)
2)





5

Концессия объектісін қауіпсіз басқару

1)
2)





6

Концессионердің клиенттердің ұсыныстары мен шағымдарына ден қоюы

1)
2)





7

Техникалық қызмет көрсету және объектіні пайдалану сипаттамаларын сақтау

1)
2)





8

Экологиялық талаптарды сақтау

1)
2)





9

Концессиялық жобаның ТЭН-інде бекітілген барлық көрсеткіштерге қол жеткізу

1)
2)





10

Есептілік беру мерзімдерін сақтау

1)
2)





Концессия шарттарына мониторинг
жүргізу, бюджеттен қоса   
қаржыландыру шартымен    
концессиялық жобалардың   
мониторингі және олардың іске
асырылуын бағалау қағидасына
4-қосымша          

      Концессиялық жобалардың, соның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен іске асырылуы мониторингісінің қорытындысы мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
      1) концессиялық жоба туралы жалпы мәліметтер;
      2) концессионер компания туралы жалпы мәліметтер;
      3) олардың негізінде концессиялық жобаның мониторингі жүргізілген құжаттар;
      4) концессионер компанияның қаржылық жай-күйін талдау;
      5) концессиялық жобаның іске асырылуының ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат;
      6) концессиялық келісімнің (концессия шартының) орындалуын талдау;
      7) жоба бойынша қазіргі бар және әлеуетті проблемалар мен тәуекелдер;
      8) тұжырымдар мен ұсынымдар.
      Бөлімдердің мазмұны:
      1. «Концессиялық жоба туралы жалпы мәліметтер» деген бөлімде:
      1) жобаның атауы;
      2) жобаның мақсаты мен міндеттері;
      3) концеденттің атауы;
      4) концессионер-компанияның атауы;
      5) концессиялық келісімді (концессия шартын) жасасу күні;
      6) жобаны іске асыру кезеңі (концессия объектісін салу және пайдалану кезеңі);
      7) құрылыс (концессия объектісін реконструкциялау) құны;
      8) жобаның физикалық параметрлері мен қуаттылығы;
      9) концессионер қызметін мемлекеттік қолдау шаралары;
      10) жобаны қаржыландыру көздері қамтылуы тиіс.
      2. «Концессионер компания туралы жалпы мәліметтер» деген бөлімде:
      1) концессионер компанияның атауы;
      2) концессионер компанияның тіркелуі туралы куәліктің нөмірі мен күні;
      3) жарғылық (акционерлік) капиталдағы қатысу үлесін көрсете отырып, концессионер компанияның құрылтайшылары туралы ақпарат;
      4) концессионер компанияның бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты;
      5) концессионер компанияның (іс жүзіндегі және заңды) мекенжайы;
      6) концессионер компания қызметінің сипаттамасы қамтылуы тиіс.
      3. «Олардың негізінде концессиялық жобаның мониторингі жүргізілген құжаттар» негізінде концессиялық жобаның мониторингі жүргізілген құжаттардың (нормативтік құқықтық актілер, бағдарламалық, құрылтай және басқа да құжаттар) тізбесі, сондай-ақ, болған жағдайда олар бойынша тиісті ескертулер мен ұсынымдар қамтылуы тиіс.
      4. «Концессионер компанияның қаржылық жай-күйін талдау» деген тармақта концессионер компанияның қаржылық есептілігіне (бухгалтерлік балансына, кірістер мен шығыстар туралы есебіне, ақша қаражатының қозғалысы туралы есебіне және жеке капиталдың қозғалысы туралы есебіне) деңгейлес және сатылай талдау жүргізу және концессионер компанияның қаржылық-шаруашылық қызметінің жай-күйі туралы тұжырым жасау қажет.
      5. «Концессиялық жобаның іске асырылуының ағымдағы жай-күйі» деген тармақ концессия шартына, концессиялық жобаның нақты көрсеткіштеріне сәйкес жоспарланған көрсеткіштерге (концессия объектісін қаржыландыру және салу/жаңғырту бойынша) қол жеткізу дәрежесін айқындауға бағытталған.
      Осы бөлімде мынадай ақпараттар келтіріледі және талдаулар жүргізіледі:
      1) жобаны қаржыландыру көздері мен құрылымы;
      2) қаржыландыру жоспарын орындау;
      3) жобаны қаржыландыру уақтылығы (жоспар, факт);
      4) концессиялық жобаның мемлекеттік бюджеттен, сол сияқты өз қаражаты есебінен бөлінген ақша қаражатының нысаналы жұмсалуы;
      5) оның ішінде жұмыс түрлері мен орындау мерзімдері бойынша бөле отырып, концессия объектісін салу/реконструкциялау кестесінің орындалуы.
      Егер концессия объектісі мемлекеттік меншікке беру кезеңінде болған жағдайда:
      6) объектіні салу/реконструкциялаудың нақты құнына концессия шартында жоспарланғанмен салыстырғанда концессия объектісінің құнына;
      7) тұрғызылған объектінің сапасына және оның концессия шартында көзделген техникалық сипаттамаларына сәйкестігіне;
      8) концессия объектісінің пайдалануға дайындығы туралы талдау жүргізіледі.
      6. «Концессиялық келісімнің (концессия шартының) орындалуын талдау» деген тармақта тараптардың концессиялық келісімді (концессиялық шартты), оның ішінде ерекше шарттарын орындау жай-күйі сипатталады.
      6. «Жоба бойынша қазіргі бар және әлеуетті проблемалар мен тәуекелдер» деген тармақта концессиялық жобаны іске асырудың барлық әлеуетті проблемаларының сипаттамасы келтіріледі және жобаның тәуекелдері анықталады және тәуекелдерді барынша азайту бойынша шешімдердің жолдары ұсынылады.
      7. «Тұжырымдар мен ұсынымдар» деген тармақта әлеуетті проблемаларды жою және концессиялық жобаларды одан әрі іске асыру кезінде туындауы мүмкін тәуекелдердің пайда болу ықтималын төмендету бойынша ұсынымдар көрсетілуі тиіс.

Концессия шарттарына мониторинг
жүргізу, бюджеттен қоса   
қаржыландыру шартымен    
концессиялық жобалардың   
мониторингі және олардың іске
асырылуын бағалау қағидасына
5-қосымша         

      Концессиялық жобалардың, оның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен іске асырылуын бағалау қорытындысы мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
      1) концессиялық жоба туралы жалпы мәліметтер;
      2) концессионер компания туралы жалпы мәліметтер;
      3) олардың негізінде концессиялық жобаның мониторингі жүргізілген құжаттар;
      4) концессионер компанияның қаржылық жай-күйін талдау;
      5) концессиялық жобаның іске асырылуының ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат;
      6) концессиялық келісімнің (концессия шартының) орындалуын талдау;
      7) жоба бойынша қазіргі бар және әлеуетті проблемалар мен тәуекелдер;
      8) тұжырымдар мен ұсынымдар.
      Бөлімдердің мазмұны:
      1. «Концессиялық жоба бойынша жалпы мәліметтер» деген тармақта:
      1) жобаның атауы;
      2) жобаның мақсаты мен міндеттері;
      3) концеденттің атауы;
      4) концессионер компанияның атауы;
      5) концессиялық келісімді (концессия шартын) жасасу күні;
      6) жобаны іске асыру кезеңі (концессия объектісін салу және пайдалану кезеңі);
      7) құрылыс (концессия объектісін реконструкциялау) құны;
      8) жобаның физикалық параметрлері мен қуаты;
      9) концессионер қызметін мемлекеттік қолдау шаралары;
      10) жобаны қаржыландыру көздері қамтылуы тиіс.
      2. «Концессионер компания туралы жалпы мәліметтер» деген тармақта:
      1) концессионер компанияның атауы;
      2) концессионер компанияның тіркелуі туралы куәліктің нөмірі мен күні;
      3) жарғылық (акционерлік) капиталдағы қатысу үлесін көрсете отырып, концессионер компанияның құрылтайшылары туралы ақпарат;
      4) концессионер компанияның бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты;
      5) концессионер компанияның (іс жүзіндегі және заңды) мекенжайы;
      6) концессионер компанияның қызметінің сипаттамасы қамтылуы тиіс.
      3. «Олардың негізінде концессиялық жобаның мониторингі жүргізілген құжаттар» деген тармақта негізінде концессиялық жобаның мониторингі жүргізілген құжаттардың (нормативтік құқықтық актілер, бағдарламалық, құрылтай және басқа да құжаттар) тізбесі, сондай-ақ, болған жағдайда олар бойынша тиісті ескертулер мен ұсынымдар қамтылуы тиіс.
      4. «Концессионер компанияның қаржылық жай-күйін талдау» деген тармақта концессионер компанияның қаржылық есептілігіне (бухгалтерік балансына, кірістер мен шығыстар туралы есебіне, ақша қаражатының қозғалысы туралы есебіне және жеке капиталдың қозғалысы туралы есебіне) деңгейлес және сатылай талдау, өтімділік және тиімділік, табыстылық, қаржылық орнықтылық талдауын жүргізу және концессионер компанияның қаржылық-шаруашылық қызметінің жай-күйі туралы тұжырым жасау қажет.
      5. «Концессиялық жобаның іске асырылуының ағымдағы жай-күйі» деген тармақта концессиялық жобаның нақты көрсеткіштерімен салыстыра отырып, концессия шарты мен концессиялық жобаның қаржылық-экономикалық үлгісіне сәйкес жоспарланған көрсеткіштерге (өндірістік және қаржылық) қол жеткізу дәрежесін айқындауға бағытталған.
      Егер концессиялық жоба концессия объектісін салу/реконструкциялау кезеңінде болған жағдайда:
      1) жобаны қаржыландыру құрылымы мен уақтылығына (жоспар, факт);
      2) концессия объектісін салу/реконструкциялау кестесінің орындалуына, оның ішінде жұмыс түрлері мен орындау мерзімдері бойынша бөле отырып;
      3) қаржыландыру жоспарының орындалуына талдау жүргізіледі.
      Егер концессиялық жоба концессия объектісін пайдалану кезеңінде болған жағдайда:
      4) объектіні салу/реконструкциялаудың жоспарлы және нақты құнына, концессия шартында жоспарланғанмен салыстырғанда концессия объектісінің құнына;
      5) жоба бойынша жоспарлы өндірістік көрсеткіштердің орындалуына;
      6) өнімдер түрлерінің бөлінісінде жоба бойынша қаржылық көрсеткіштердің орындалуын (өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын (тарифін) талдау), тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің түсімін, өзіндік құнын талдау;
      7) бюджетпен есеп айырысуларды (қоршаған ортаны қорғау, салық төлемдері және т.б. бойынша бюджетке төленетін төлемдердің уақтылығы мен толықтығы) талдау жүргізіледі.
      Егер концессиялық жоба бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы, пайдалану шығындарының өтемақысы, концессия объектісін басқаруды жүзеге асыруға сыйақылар төлемі, қолжетімділік үшін ақы төлеу көзделген болса, онда концессиялық жобаның іске асырылуын бағалау туралы қорытындыда міндетті түрде концессионердің пайдалану міндеттемелерін орындау сапасы, уақтылығы, оның ішінде көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемінің концессия шартында көзделген көлемдерге сәйкестігі туралы ақпарат келтіріледі.
      6. «Концессиялық келісімнің (концессия шартының) орындалуын талдау» деген тармақта тараптардың концессиялық келісімді (концессиялық шартты), оның ішінде ерекше шарттарын орындау жай-күйінің сипаттамасы беріледі.
      7. «Жоба бойынша қазіргі бар және әлеуетті проблемалар мен тәуекелдер» деген тармақта концессиялық жобаны іске асырудың барлық әлеуетті проблемаларының сипаттамасы келтіріледі және жобаны іске асыру тәуекелдері анықталады.
      8. «Тұжырымдар мен ұсынымдар» деген тармақта әлеуетті проблемаларды жою және концессиялық жобаларды одан әрі іске асыру кезінде туындауы мүмкін тәуекелдердің пайда болу ықтималын төмендету бойынша ұсынымдар келтіріледі.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2013 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1305 қаулысына    
5-қосымша        

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2010 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1343 қаулысымен     
бекітілген        

Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе лимит көлемін ұлғайту
үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе лимит көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 230-бабына сәйкес әзірленген және концессиялық жобалар бойынша мемлекет кепілгерліктерін беру және мемлекет кепілгерліктерінің лимиті көлемін ұлғайту рәсімдерін атқару тәртібін айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілгерлік шартына сәйкес концессия шартының шеңберінде тартылған қарыз бойынша қарыз алушының қарыз беруші алдындағы борышын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі мемлекет кепілгерлігі болып табылады.
      Кепілгерлік бойынша міндеттемелер қарыздың негізгі сомасы мен ол бойынша сыйақыны қамтиды.
      3. Мемлекет кепілгерлігі мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын концессиялық жобалар тізбесіне енгізілген концессиялық жобалар бойынша мемлекет кепілгерлігімен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тиісті кезеңге тартылатын республикалық бюджет туралы заңда белгіленген лимит шегінде беріледі.
      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепілгерлігін беруді көздейтін конкурстық құжаттаманы келісу кезінде концессиялық жоба бойынша концессионерді таңдау жөніндегі конкурс шеңберінде конкурс ұйымдастырушысы ұсынатын мемлекет кепілгерлігінің көлемін және мемлекет кепілгерлігін берумен байланысты конкурстық құжаттаманың елеулі шарттарын келіседі.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган конкурстық құжаттаманы келісу нәтижелері бойынша мемлекеттің кепілгерлік көлемін көрсете отырып, кезекті қаржы жылының лимиті шегінде мемлекет кепілгерлігін беру мүмкін болатын концессиялық жобалар тізбесінің жобасын Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      Концессионердің қызметіне мемлекеттік қолдауды, концессия шарттары шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігін ұсына отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыру ұсынылатын концессиялық жобалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткеннен кейін жүзеге асырылады.
      4. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражаты концессия объектілерін мемлекеттік меншікке міндетті түрде бере отырып, концессия объектілерін құруға ғана пайдаланылуы тиіс.
      Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатын кепілгерлік шартында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беру үшін пайдалануға тыйым салынады.
      5. Мемлекет кепілгерліктері бұрын тартылған қарыздарды қайта қаржыландыру ретінде немесе қарыздарға қызмет көрсету үшін, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын қайтаруды қамтамасыз ету ретінде тартылатын қарыздар бойынша берілмейді.
      6. Мемлекеттік емес қарыз бойынша мемлекет кепілгерлігін бергені үшін қарыз алушыдан мемлекет кепілгерлігі сомасының екі пайызы мөлшерінде алдын ала біржолғы төлем (алым) алынады.
      7. Әлеуетті концессионер (қарыз алушы) концессиялық жобаларды іріктеу жөніндегі конкурс шеңберінде мемлекет кепілгерліктерін алу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 1343 қаулысымен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасына сәйкес концессия шарттарының шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігін ұсынуды көздейтін конкурстық өтінімді әзірлейді және конкурсты ұйымдастырушыға ұсынады.
      8. Қарыздар бойынша мемлекет кепілгерлігін алуға қарыз алушы ретіндегі үміткер тұлғаларға бюджет заңнамасына сәйкес мынадай талаптар қойылады:
      1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті болуы;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің келісімі бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздың қайтарылуын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартының болуы;
      3) тиісті саладағы уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;
      4) концессиялық жобаның қаржылық сараптамасы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;
      5) экономикалық сараптаманың оң қорытындысының болуы;
      6) кредиторлар алдында төлеу мерзімі жеткен бұдан бұрын мемлекет кепілгерлігімен немесе мемлекеттік кепілдікпен алынған қарыздарды өтеу немесе қызмет көрсету бойынша берешегінің, сондай-ақ басқа да мерзімі өткен берешегінің болмауы;
      7) концессия объектісі құнына қатысты кемінде жиырма пайызын құрайтын меншікті капиталының болуы;
      8) төлемақы төлеуге қабілетті болып табылуы, таратуға жатпауы, оның мүлкіне тыйым салынбауы, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылмауы тиіс;
      9) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тиісті кезеңге арналған мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын концессиялық жобалар тізбесіне енгізілген жобалардың іске асырылуын жүзеге асыру.

2. Мемлекет кепілгерліктерін беру үшін концессиялық жобаларды
іріктеу тәртібі

      9. Қонцессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау бойынша келіссөздерді жүргізудің қорытындылары бойынша «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 4-тармағында көрсетілген шешім қабылданғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде бюджет заңнамасына және мемлекет кепілгерлігін беру процесіне қатысушылардың талаптарына сәйкес концессиялық жобаларды қарастыру үшін талап етілетін мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер заңды тұлғаның (конкурстық өтінімі үздік деп танылған концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа қатысушының) құжаттамасын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
      10. Қонцессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер әлеуетті концессионер конкурсқа ұсынған концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, инфрақұрылымдық облигацияларды шығару проспектісінің жобасын, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессиялық өтінімге сараптамасының оң қорытындысын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет басқа да сараптамалардың қорытындыларын ұсынғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаның қаржылық сараптамасын жүргізуді ұйымдастырады және екі ай ішінде тиісті қорытындыны әзірлеп, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушыға жолдайды.
      11. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыз есебінен қаржыландыруға ұсынылатын концессиялық жобаның қаржылық сараптамасы бойынша қорытындысына қойылатын талаптар бюджеттік заңнамасында айқындалады.
      12. Қонцессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның концессиялық жобаның қаржылық сараптамасының оң қорытындысы негізінде Республикалық бюджет комиссиясына мемлекет кепілгерлігін беру туралы мәселені шығаратын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға концессиялық жоба бойынша ақпарат дайындайды және жібереді.
      13. Мемлекет кепілгерлігін беру бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қаржылық сараптамасының теріс қорытындысын алған кезде конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 1343 қаулысымен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасына сәйкес концессиялық жобаны қаржыландырудың балама көздерін қарастыру мақсатында келіссөз процесін қайта бастайды.
      14. Республикалық бюджет комиссиясы жоспарланған кезеңге арналған мемлекет кепілгерлігінің лимиті көлемін беру немесе ұлғайту лимиті шегінде әрбір концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігінің көлемін айқындайды.
      15. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган конкурс ұйымдастырушысына Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің хаттамасынан үзіндіні қолына алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жібереді.
      16. Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің негізінде концессия шартының жобасын мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келіскеннен кейін салалық уәкілетті орган (конкурсты ұйымдастырушы) қаулы жобасын әзірлейді, мүдделі мемлекеттік органдармен келіседі және тиісті шешімдер қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
      17. Мемлекет кепілгерлігі Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасында көзделген барлық қажетті талаптарды қанағаттандырған жағдайда кепілгерлік шартын жасасу жолымен, мыналардан кейін, Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімдерінің негізінде беріледі:
      1) концессия шартын жасасу;
      2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға тартылған республикалық бюджет қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартын ресімдеу және ұсыну;
      3) мемлекет кепілгерлігін бергені үшін қарыз алушының алдын ала біржолғы төлем (алым) төлеуі.
      Кепілгерлік шартының мерзімі концессия шартының қолданылу мерзімінен аспауы тиіс.
      Қарыз алушы концессия шартын жасасқан күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде сақтандыру шартын жасасуы тиіс.

3. Мемлекет кепілгерліктерінің лимит көлемін ұлғайту тәртібі

      18. Мемлекет кепілгерліктерінің лимитін тиісті жылға ұлғайту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысымен бекітілген Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесіне сәйкес жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет кірісінің, үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге және оны өтеуге арналған шығындардың, мемлекет кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты шығындардың көлемдерін негізге ала отырып, мемлекет кепілгерліктерінің лимитін айқындау кезінде жүзеге асырылады.
      19. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті қаржы жылына арналған мемлекет кепілгерліктерін беру лимитін айқындайды және тиісті қаржы жылына арналған мемлекет кепілгерліктерінің лимитін ұлғайту бойынша тиісті ұсыныстарды Республикалық бюджет комиссиясына қарауға енгізеді.
      20. Мемлекет кепілгерліктерінің лимитін айқындау Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 203-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
      21. Мемлекет кепілгерліктерінің көлемін ұлғайту Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.