Қазақстан Республикаcы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қарашадағы № 1297 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 30 қарашадағы
№ 1297 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
      2. «Құрамында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан көрсетілген құралдар мен заттар оңай қол жеткізілетін тәсілдермен алынуы мүмкін емес дәрілік препараттарды бақылаудан алу ережесін және көрсетілген препараттардың тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 413 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 16, 184-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген құрамында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан көрсетілген құралдар мен заттар оңай қол жеткізілетін тәсілдермен алынуы мүмкін емес және Қазақстан Республикасында бақылауға жатпайтын дәрілік препараттардың тізімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 42, 43-жолдармен толықтырылсын:

      «

42.

Бронхотон

125 г препаратқа құрамы, г-да: глауцин гидробромиді – 0,125 г эфедрин гидрохлориді – 0,100 г кәдімгі базилик майы – 0,125 г

125 г сауыттағы шәрбат

IV кесте
І тізбе

43.

Бронхобрю

1 мл препаратқа құрамы, мг-да: эфедрин гидрохлориді – 1 мг
натрий дибунаты –  1 мг
натрий камфосульфонаты – 1 мг

125 мл сауыттағы шәрбат

IV кесте
І тізбе

                                                                   ».

      3. «Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 444-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесінде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушы материалдардың импорты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес қосылған құн салығынан босатылады.
      Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника импортын қосылған құн салығынан босату мақсаттары үшін мынадай шарттарды сақтау қажет:
      1) Қазақстан Республикасының кеден органына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізуге берілген фармацевтикалық немесе медициналық қызметке лицензияның немесе қызметті не белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыру басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талонның (бұдан әрі – хабарламаны қабылдау туралы талон) көшірмелерін ұсыну;
      2) дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға, медициналық техникаға тіркеу куәлігінің немесе Қазақстан Республикасында шетелдік өкілдік болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар, медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін - дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік органның Қазақстан Республикасына дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы әкелуге келісімінің немесе «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 80-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларда дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік органның Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық техниканы, медициналық мақсаттағы бұйымдарды әкелу туралы рұқсатының көшірмелерін ұсыну.
      Фармацевтикалық қызметке немесе медициналық қызметке лицензияның көшірмелерін немесе хабарламаның қабылданғаны туралы талонның көшірмесін санамағанда, жоғарыда көрсетілген құжаттардың орнына мемлекеттік сатып алу туралы шарттар шеңберінде тауарлар импорты жағдайында кеден органдарына тапсырыс беруші мен импортты жүзеге асыратын өнім беруші арасында жасалған шарт ұсынылады.
      Тауарлар (материалдар, жабдықтар, шикізат және жинақтаушы материалдар) кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы шығару үшін импортталған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органына фармацевтикалық қызметке лицензияның көшірмесін ұсыну қажет.».
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Осы Ереженің 346 және 7-тармақтарында көрсетілген Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлар салық жеңілдіктері берілетін мақсаттармен байланысты ғана пайдаланылуы тиіс. Импорттаушы көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдаланған жағдайда кедендік тазарту кезінде төленбеген қосылған құн салығы салық заңнамасына сәйкес бюджетке төленуге тиіс.
      Осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасында медициналық немесе фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру үшін көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияларға немесе медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізуге арналған хабарламаның қабылданғаны туралы талонға сәйкес пайдалануға тиіс.
      Импорттаушы көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасында медициналық немесе фармацевтикалық қызметке сәйкес келмейтін мақсатта пайдаланған жағдайда мұндай тауарларды кедендік тазарту кезінде төленбеген қосылған құн салығы салық заңнамасына, сондай-ақ Кеден одағының немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес бюджетке төленуге тиіс.».
      4. «Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілердің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1565 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 8, 165-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Дәріхана туралы үлгілік ережеде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Дәріхана қызметін жеке және заңды тұлғалар осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген фармацевтикалық қызметке лицензиясы және дәрілік препараттарды дайындауға, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияға қосымшасы немесе мемлекеттік органның немесе халыққа қызмет көрсету орталығының белгісі бар хабарламаны қабылдау туралы талоны немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талоны болған кезде қамтамасыз етеді.»;
      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген фармацевтикалық қызметке лицензиясы және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізуге арналған лицензияға қосымшасы немесе мемлекеттік органның немесе халыққа қызмет көрсету орталығының белгісі бар хабарламаны қабылдау туралы талоны немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талоны бар өнім берушілерден дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алу (әкелуден басқа);»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті туралы үлгілік ережеде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Дәріхана пунктінің қызметін жеке және заңды тұлғалар осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген фармацевтикалық қызметке лицензиясы және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияға қосымшасы немесе мемлекеттік органның немесе халыққа қызмет көрсету орталығының белгісі бар хабарламаны қабылдау туралы талоны немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талоны болған кезде қамтамасыз етеді.»;
      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген фармацевтикалық қызметке лицензиясы және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізуге арналған лицензияға қосымшасы немесе мемлекеттік органның немесе халыққа қызмет көрсету орталығының белгісі бар хабарламаны қабылдау туралы талоны немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талоны бар өнім берушілерден сатып алу (әкелуден басқа);»;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті туралы үлгілік ережеде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жылжымалы дәріхана пунктінің қызметін жеке және заңды тұлғалар осы Ережеге сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген фармацевтикалық қызметке лицензиясы және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияға қосымшасы немесе мемлекеттік органның немесе халыққа қызмет көрсету орталығының белгісі бар хабарламаны қабылдау туралы талоны немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талоны болған кезде қамтамасыз етеді.»;
      4) көрсетілген қаулымен бекітілген Дәріхана қоймасы туралы үлгілік ережеде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Дәріхана қоймасының қызметін жеке және заңды тұлғалар осы Ережеге сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген фармацевтикалық қызметке лицензиясы және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізуге арналған лицензияға қосымшасы немесе мемлекеттік органның немесе халыққа қызмет көрсету орталығының белгісі бар хабарламаны қабылдау туралы талоны немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талоны болған кезде қамтамасыз етеді.»;
      6-тармақтың 1)2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген фармацевтикалық қызметке лицензиясы және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіруге немесе көтерме саудада өткізуге арналған лицензияға қосымшасы немесе мемлекеттік органның немесе халыққа қызмет көрсету орталығының белгісі бар хабарламаны қабылдау туралы талоны немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талоны бар өндірушілерден немесе өнім берушілерден алу, оның ішінде әкелу;
      2) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген фармацевтикалық қызметке лицензиясы және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияға қосымшасы немесе мемлекеттік органның немесе халыққа қызмет көрсету орталығының белгісі бар хабарламаны қабылдау туралы талоны немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талоны бар дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілерге көтерме саудада өткізу;»;
      5) көрсетілген қаулымен бекітілген Оптика дүкені туралы үлгілік ережеде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Оптика дүкенінің қызметін жеке және заңды тұлғалар осы Ережеге сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген фармацевтикалық қызметке лицензиясы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруге және (немесе) бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияға қосымшасы немесе мемлекеттік органның немесе халыққа қызмет көрсету орталығының белгісі бар хабарламаны қабылдау туралы талоны немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талоны болған кезде қамтамасыз етеді.»;
      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) медициналық оптика бұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген фармацевтикалық қызметке лицензиясы және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізуге арналған лицензияға қосымшасы немесе мемлекеттік органның немесе халыққа қызмет көрсету орталығының белгісі бар хабарламаны қабылдау туралы талоны немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талоны бар өнім берушілерден сатып алу (әкелуден басқа);»;
      6) көрсетілген қаулымен бекітілген Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкені туралы үлгілік ережеде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Дүкеннің қызметі осы Ережеге сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген фармацевтикалық қызметке лицензиясы және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияға қосымшасы немесе мемлекеттік органның немесе халыққа қызмет көрсету орталығының белгісі бар хабарламаны қабылдау туралы талоны немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талоны болған кезде қамтамасыз етіледі.»;
      7) көрсетілген қаулымен бекітілген Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймасы туралы үлгілік ережеде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қойманың қызметін жеке және заңды тұлғалар осы Ережеге сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген фармацевтикалық қызметке лицензиясы және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізуге арналған лицензияға қосымшасы немесе мемлекеттік органның немесе халыққа қызмет көрсету орталығының белгісі бар хабарламаны қабылдау туралы талоны немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талоны болған кезде қамтамасыз етеді.»;
      6-тармақтың 1)3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген фармацевтикалық қызметке лицензиясы және медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруге және (немесе) көтерме саудада өткізуге арналған лицензияға қосымшасы немесе мемлекеттік органның немесе халыққа қызмет көрсету орталығының белгісі бар хабарламаны қабылдау туралы талоны немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талоны бар өнім берушілерден медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу (Қазақстан Республикасының аумағына әкелуден басқа);
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген фармацевтикалық қызметке лицензиясы және медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияға қосымшасы немесе мемлекеттік органның немесе халыққа қызмет көрсету орталығының белгісі бар хабарламаны қабылдау туралы талоны немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талоны бар фармацевтикалық қызмет субъектілерінің, медициналық қызметке лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымдарына медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізуі, олардың сапасын бақылау, өнімді сақтау мен жою;»;
      8) көрсетілген қаулымен бекітілген Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіретін ұйым туралы үлгілік ережеде:
      4-тармақтың 1)4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіруге және (немесе) көтерме саудада өткізуге арналған лицензиясы немесе мемлекеттік органның немесе халыққа қызмет көрсету орталығының белгісі бар хабарламаны қабылдау туралы талоны немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талоны бар өнім берушілерден дәрілік заттарды өндіру үшін қажетті дәрілік субстанцияларды сатып алу;
      4) өндірілген өнімді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуге арналған лицензиясы немесе мемлекеттік органның немесе халыққа қызмет көрсету орталығының белгісі бар хабарламаны қабылдау туралы талоны немесе медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талоны бар дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілерге өткізу;».
      5. «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1693 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 16, 262-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларында:
      34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген фармацевтикалық қызметке лицензияны және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізуге арналған лицензияға қосымшаны немесе мемлекеттік органның немесе халыққа қызмет көрсету орталығының белгісі бар хабарламаны қабылдау туралы талонды немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талонды алған субъектілер жүзеге асырады.
      4. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген фармацевтикалық қызметке лицензияны және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияға қосымшаны немесе мемлекеттік органның немесе халыққа қызмет көрсету орталығының белгісі бар хабарламаны қабылдау туралы талонды немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талонды алған субъектілер жүзеге асырады.»;
      6-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген фармацевтикалық қызметке лицензияның және оған тиісті қосымшаның немесе мемлекеттік органның немесе халыққа қызмет көрсету орталығының белгісі бар хабарламаны қабылдау туралы талонның немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талонның көшірмелері;»;
      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «36. Дәріханаларда, дәріхана пункттерінде дәрілік заттарға арналған рецептілерді сақтау мерзімдері:
      1) тегін және жеңілдікті шарттарда босатылған дәрілік заттар – 3 жыл;
      2) құрамында 8-оксихинолиннің туындылары, улы заттар, гормондық стероидтер, клонидин, анаболиялық стероидтер, кодеин, тропикамид, циклопентолат бар дәрілік заттар – 3 ай.».
      6. «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу және әкету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 711 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 54, 729-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу қағидаларында:
      8-тармақтың 3) тармақшасы бірінші бөлігінің тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы өндірумен байланысты және (немесе) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізумен байланысты қызметтің кіші түріне арналған қосымшасы бар фармацевтикалық қызметпен айналысуға арналған лицензияның немесе мемлекеттік органның немесе халыққа қызмет көрсету орталығының белгісі бар хабарламаны қабылдау туралы талонның немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы көтерме саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талонның көшірмесі, денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі (дәрілік заттарды денсаулық сақтау ұйымы әкелген жағдайда);»;
      15-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы өндіруге немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы көтерме саудада өткізумен байланысты қызметтің кіші түріне арналған қосымшасы бар фармацевтикалық қызметпен айналысуға арналған лицензияның көшірмесі, медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның (медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы денсаулық сақтау ұйымы әкелген жағдайда) немесе мемлекеттік органның немесе халыққа қызмет көрсету орталығының белгісі бар хабарламаны қабылдау туралы талонның немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы көтерме саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талонның көшірмесі;»;
      16-тармақта:
      3) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізуге байланысты қызметтің кіші түріне арналған қосымшасы бар фармацевтикалық қызметпен айналысуға арналған лицензияның көшірмесі немесе мемлекеттік органның немесе халыққа қызмет көрсету орталығының белгісі бар хабарламаны қабылдау туралы талонның немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талонның көшірмесі немесе денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметті жүзеге асыруына арналған лицензияның көшірмесі (медициналық мақсаттағы бұйымдарды денсаулық сақтау ұйымы әкелген жағдайда);»;
      5) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы көтерме саудада өткізуге байланысты қызметтің кіші түріне арналған қосымшасы бар фармацевтикалық қызметпен айналысуға арналған лицензияның немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хабарламаны қабылдау туралы талонның немесе халыққа қызмет көрсету орталығыны қабылдау туралы белгісі бар хабарламаның көшірмелері немесе денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметті жүзеге асыруына арналған лицензияның көшірмесі (медициналық техниканы, оны жинақтаушы медициналық мақсаттағы бұйымдарды денсаулық сақтау ұйымы әкелген жағдайда);»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкету қағидаларында:
      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы өндірумен немесе дәрілік заттарды көтерме саудада өткізумен байланысты қызметтің кіші түріне қосымшасы бар фармацевтикалық қызметпен айналысуға арналған лицензияның немесе мемлекеттік органның хабарламаны қабылдағаны туралы талонның көшірмесі немесе халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдағаны туралы белгісі бар хабарламаның немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талонның көшірмесі немесе медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі (дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы денсаулық сақтау ұйымы әкеткен жағдайда);».
      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. «Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 71 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 13, 242-құжат):
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мыналар:
      1) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары – медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;
      2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі бөлігінде медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар айқындалсын.»;
      біліктілік талаптарына 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 30 қарашадағы
№ 1297 қаулысына   
қосымша        

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 31 қаңтардағы
№ 71 қаулысына    
1-қосымша      

Медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға
лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар

Р/с №

Мемлекеттік орган

Лицензияланатын қызмет түрі

Лицензияланатын қызметтің кіші түрі

Лицензиар

1

2

3

4

5

1

Тиісті аумақтағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау аумақтық органдары

медициналық қызмет

медициналық-санитариялық алғашқы көмек:
дәрiгерге дейiнгi, бiлiктi, жедел медициналық көмек;
диагностика;
патологиялық анатомия;
клиникалық зертханалық диагностика;
қан және оның компоненттерiн дайындау, консервациялау, сақтау және өткiзу;
ересектерге және (немесе) балаларға мына мамандықтар бойынша консультациялық-диагностикалық және (немесе) стационарлық медициналық көмек:
акушерия және гинекология;
педиатрия немесе терапия: жалпы, невропатология, кардиология, ревматология, гастроэнтерология, нефрология, пульмонология, эндокринология, аллергология (иммунология), гематология, кәсiптiк патология, отбасылық дәрiгер; жұқпалы аурулар;
фтизиатрия;
хирургия: жалпы, трансплантология, кардиохирургия, ангиохирургия, пластикалық хирургия, жақ-бетсүйек хирургиясы, нейрохирургия, оториноларингология, офтальмология, трансфузиология, урология, травматология және ортопедия; анестезиология және реаниматология;
дерматовенерология (дерматокосметология);
психиатрия: жалпы, наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология;
онкология;
стоматология;
дәстүрлi медицина: гомеопатия, гирудотерапия, мануальдық терапия, рефлексотерапия;
медициналық реабилитология;
сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама;
еңбекке уақытша жарамсыздық пен кәсiптiк жарамдылық сараптамасы;
санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызмет: дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын өндiру, қайта өңдеу және өткiзу, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызмет түрлерін өткізу

жергілікті атқарушы органдар

2

Тиісті аумақтағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау аумақтық органдары

фармацевтикалық қызмет

дәрiлiк заттарды өндіру;
медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру;
медициналық техниканы өндіру;
дәрiлiк препараттарды дайындау;
медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау;
дәрілік заттарды көтерме саудада өткізу;
дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу.

жергілікті атқарушы органдар