Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысы

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2 және 4-тармақтардан қараңыз.
       Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.12.2015 № 988 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
       БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.12.2015 № 988 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
       2. Қағидалардың 43-тармағының қолданысы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын. Тоқтатыла тұрған кезеңде көрсетілген тармақ мынадай редакцияда қолданылады:
      "43. Салық органының өкімдері бойынша, егер пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімдерін агент ұсынбаған жағдайда және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек болған кезде банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен салық берешектерін аударуға қатысты нұсқауларды орындайды.".
      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 3-тармағының екінші бөлігін, 7-тармағын4-бөлімін қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

Қазақстан Республикасының
 


Премьер-Министрі
 

С. Ахметов
 



Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1116 қаулысымен
бекітілген

Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері

      Ескерту. Қағидалары мен мерзімдері жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.
 

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттердің (бұдан әрі – агенттер) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ) аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
      2. Заңды тұлғалар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер өздерінің орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органдарында агент ретінде есепке алынуға жатады.
      3. Агенттер жұмыскерлерге төленетін табыстан ай сайын міндетті зейнетақы жарналарын есептеп, ұстап қалады және оларды БЖЗҚ-ға аударады.
      Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен өздерінің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын агенттер жұмыскерлерге төленетін табыстан ай сайын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есебіне жазады және БЖЗҚ-ға аударады.
      Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды өзінің пайдасына БЖЗҚ-ға аударады.
      Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшесінің (қатысушысының) және басшысының пайдасына БЖЗҚ-ға аударады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің (қатысушыларының) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап есептелуге және төленуге тиіс.
      Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын есептеуді және ұстап қалуды міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне (бұдан әрі – жеке тұлғалардың бірыңғай тізімі) сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады.
      Заңның 39-бабының 2-тармағында көрсетілген азаматтар үшін міндетті зейнетақы жарналары алатын табысының 10 пайызы, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 10 пайызынан кем болмайтын мөлшерде оларды кейіннен БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына аудару үшін банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолма-қол ақшалай жарна салу арқылы төлеуге жатады.
      Агенттер, егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың табыстарынан салымшының осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініші бойынша ай сайын БЖЗҚ-ға аударылатын міндетті зейнетақы жарналарын есептейді және ұстап қалады.
      Агенттер Мемлекеттік корпорациядан жұмыскерде БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шотының болуы туралы растама ала алады.
      Агенттің жұмыскерде БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шотының болуын растауға арналған өтінішінде: агенттің атауы мен деректемелері, жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
      Өтінішке басшы, бас бухгалтер қол қоюға және ол мөрмен расталуға тиiс. Егер бас бухгалтердің лауазымы көзделмеген болса, өтініште тиісті белгі жасалады.
      Мемлекеттік корпорация агенттен жұмыскерде БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шотының болуын растауға өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде агентке осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыскерде аталған жеке зейнетақы шотының болуы туралы растау-анықтаманы береді.
      4. Агент-заңды тұлғалар ұстап қалған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы, оның ішінде қате төлемдерді қайтару туралы мәліметтерді электрондық және қағаз жеткізгіштерде заңнамада белгіленген тәртіппен сақтайды.
      Агент-заңды тұлға таратылған кезде міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ұстап қалу және аудару туралы құжаттар Мемлекеттік архивке беріледі.
 

2. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) тәртібі мен мерзімдері

      5. БЖЗҚ-ға төлеуге жататын міндетті зейнетақы жарналары Заңның 25-бабында белгіленген мөлшерлемені міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектісіне қолдану арқылы есептеледі.
      Мыналар міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектілері болып табылады:
      1) заңды тұлғалар үшін – міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының жетпіс бес еселенген мөлшерінен аспайды;
      2) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін – міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының жетпіс бес еселенген мөлшерінен аспайды;
      3) адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін – алатын табысы.
      Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу мақсаттары үшін адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін алынатын табыс Заңның 25-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерлер шегінде, бірақ Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын табыстан аспайтын, олар дербес айқындайтын сома болып табылады.
      Табыс болмаған жағдайда адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен 10 пайыз есебінде БЖЗҚ-ға өзінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы;
      4) Мемлекеттік корпорация үшін – еңбек ету қабілетінен және (немесе) жұмысынан айырылу жағдайына, баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдер;
      5) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі үшін Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналы бөлігінде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі орталық аппаратының персоналына теңестірілген лауазымдар бойынша жалақының 100 пайыздық мөлшері;
      6) сақтандыру ұйымы үшін – жалақысынан (табысынан) айырылуына байланысты залалды өтеу ретіндегі сақтандыру төлемі.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 862 қаулысымен.
      6. БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары:
      1) Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 2) және 13) тармақшаларында белгіленгендерді қоспағанда (жоғалған жалақы (табыс) бөлігінде), Салық кодексінің 155-бабының 3-тармағында көрсетілген;
      2) Салық кодексінің 156-бабы 1-тармағының 10)13)13-2)26)26-1) тармақшаларында белгіленгендерді қоспағанда, Салық кодексінің 156-бабының 1-тармағында көрсетілген;
      3) Салық кодексінің 357-бабы 2-тармағының 1)2)4)5) тармақшаларында көрсетілген;
      4) Салық кодексі 156-бабының 13) тармақшасында көрсетілген мүгедектер мен өзге де адамдар заттай нысанда немесе материалдық пайда түрінде алған төлемдер мен табыстардан ұсталмайды.
      Салық кодексінің 156-бабы 1-тармағының 26) тармақшасында көрсетілген әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес ұсталады.
      7. БЖЗҚ-ға төленуге тиіс міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке жазуды агенттер меншікті қаражаты есебінен кәсіптері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын жұмыскерлердің пайдасына жүзеге асырады, ол Заңның 26-бабында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы есептеледі.
 

3. Міндетті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аудару
Міндетті зейнетақы жарналарын аудару тәртібі мен мерзімдері

      8. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, агент міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қолма-қол ақшасыз төлемдер арқылы жүргізеді.
      Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – банктер) шоттары жоқ адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер осы Қағидалардың 9-тармағында айқындалған тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін оларды банкке қолма-қол ақшамен енгізеді.
      Міндетті зейнетақы жарналарын қолма-қол ақшамен не қолма-қол емес тәсілмен төлеу банктер арқылы "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 862 қаулысымен.
      9. Ұстап қалған (есебіне жазылған) міндетті зейнетақы жарналарын Мемлекеттік корпорацияға:
      1) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың
      2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдардан басқа), сондай-ақ жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар жұмыскерлерге төленген табыстан – табыстар төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;
      2) дара кәсіпкерлер (осы тармақтың 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген дара кәсіпкерлерден басқа), жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар өз пайдасына – есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;
      3) арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде;
      4) арнаулы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде қолданатын шағын бизнес субъектілері – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде;
      5) арнаулы салық режимін патент негізінде қолданатын дара кәсіпкерлер – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына патент құнын төлеу үшін көзделген мерзімде;
      6) Мемлекеттік корпорация – әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей;
      7) сақтандыру ұйымы – жалақысынан (табысынан) айырылу жағдайына байланысты залалды өтеу ретінде сақтандыру төлемі жүзеге асырылған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей аударады.
      10. Мемлекеттік корпорацияға міндетті зейнетақы жарналарын, оның ішінде берешекті аудару жүргізіледі. Мемлекеттік корпорация міндетті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес аударады.
      11. Салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарының сомасы Мемлекеттік корпорацияның шотына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде МТ-100 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен БЖЗҚ-ға аударылады.
      Мемлекеттік корпорация бір мезгілде электрондық тәсілмен агенттерден келіп түскен, МТ-100 форматындағы төлем сомасына сәйкес келетін төлем тапсырмалары тобынан тұратын, өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалардың тізімін БЖЗҚ-ға жібереді.
      Салымшының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты және (немесе) МТ-102 форматындағы тізімде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған кезде және (немесе) егер оның деректемелерінде қателер жіберілген болса, Мемлекеттік корпорация міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын агенттің шотына қайтарады.
      Мемлекеттік корпорация күн сайын БЖЗҚ-ға алдыңғы операциялық күні жүргізілген төлемдер (сомасы мен салымшылардың саны) туралы үзінді көшірмені ұсынады.
      12. Міндетті зейнетақы жарналарын Мемлекеттік корпорацияға аударған кезде агент үш данада қағаз жеткізгіштегі төлем тапсырмасын және екі данада жеке тұлғалардың тізімін банкке ұсынады. Төлем тапсырмасының бірінші данасы мен тізімнің бірінші данасы банкте қалады, төлем тапсырмаларының екінші және үшінші даналары мен тізімнің бір данасы банктің қабылдағаны туралы белгімен агентке қайтарылады.
      Жеке тұлғалардың тізімі әрбір жеке тұлға бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), туған күнін, жарна сомасын және міндетті зейнетақы жарналары аударылатын кезеңді (айды, жылды) қамтиды.
      Арнайы салық режимін қолданатын агенттер, шаруа немесе фермер қожалықтары міндетті зейнетақы жарналарын Мемлекеттік корпорацияға Салық кодексінде көзделген тәртіппен және мерзімдерде МТ-102 форматындағы бір төлем тапсырмасымен "ААЖЖЖЖ" форматында міндетті зейнетақы жарналары төленетін кезеңдерді (ай/айлар, жыл) көрсете отырып, аударады.
      Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармаған жағдайда жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып, МТ-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастыру арқылы аудару әрбір ай үшін жеке жүргізіледі.
      Агенттер міндетті зейнетақы жарналары аударылатын кезеңді төлемдер банк шотын ашпай жүргізілген кезде "Кезең" деген жолда, төлемдер агенттің банк шотынан ақшаны есептен шығару жолымен жүргізілген кезде "Төлемнің мақсаты" деген бағанда, ал МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларында "PERIOD" деген негізгі сөзде көзделген "ААЖЖЖЖ" форматында қағаз жеткізгіштерде жасалатын төлем құжаттарында көрсетеді.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 862 қаулысымен.
      13. Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын өз пайдасына және өз жұмыскерлерінің табыстарынан ұстап қалған сомаларды аудару (қолма-қол ақшамен енгізу) кезінде, төлем құжаттарында Мемлекеттік корпорацияның деректемелерін, ал оларға қоса берілетін тізімдерде өзі және жұмыскерлер туралы мәліметтерді (жеке сәйкестендіру нөмірлерін, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), туған күнін, жарналардың сомалары мен міндетті зейнетақы жарналары төленетін кезеңді (айын/айларын, жылын) көрсетеді.
      14. Банктер міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомалар агенттердің банк шоттарынан есептен шығарылған күні Мемлекеттік корпорацияға аударады.
      Банктердің кассаларына міндетті зейнетақы жарналарын енгізу кезінде ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқау сомаларын аудару қолма-қол ақша енгізілген күннен бастап кейінгі операциялық күннен кешіктірмей жүргізіледі.
      Банктердің Мемлекеттік корпорацияға ақша аударуы Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінде қолданылатын форматтарға сәйкес жеке тұлғалардың тізімдерімен бірге электрондық төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады.
      Саны елу адамнан асатын жұмыскерлері бар агент осы Қағидалардың 13-тармағының талаптарын орындаудан басқа, банкке жоғарыда көрсетілген форматта жеке тұлғалардың электрондық жеткізгіштердегі тізімімен бірге төлем тапсырмасын ұсынады.
      15. Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнетақы жасына жеткен адам алдында міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек болған жағдайда, аталған берешек оның банк шотына ақша аудару арқылы төленуге жатады. 

Міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде қателер анықталған жағдайда салымшылардың (алушылардың), агенттердің және БЖЗҚ-ның іс-қимылы

      16. Салымшы (алушы) төленген мiндеттi зейнетақы жарналарының жекелеген сомаларының жеке (немесе) зейнетақы төлемдерiн немесе жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді алу кезінде өсімпұлдың жоқ екенін байқағаннан кейін тиісті мәліметтерді алу және жол берілген қателерді түзету шараларын қабылдау үшін қателердің анықталғаны және БЖЗҚ-ға немесе Мемлекеттік корпорацияға мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұлдың аударылғаны туралы кез келген уақыттағы төлем құжаттарының көшірмелерін және төлем құжаттарына қоса берілген, өзінің жеке басына қатысты жеке тұлғалар тізімдерінің үзінді көшірмесін өзіне беруі жөнінде агентке жазбаша өтініш береді.
      17. Агент заңнамада белгіленген тәртіппен таратылған және тарату процесі аяқталған жағдайда, салымшы (алушы) агенттің орналасқан жері бойынша архив мекемелеріне, ал тарату өндірісі барысында тарату комиссиясына өтініш жасайды, олар оған төлем құжаттарының расталған көшірмелерін береді. Салымшы (алушы) алған төлем құжаттарының көшірмелерін өтінішпен қоса Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
      18. Салымшының (алушының) деректемелерінде міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды аудару кезінде жіберілген қателер анықталған жағдайда, салымшы (алушы) Мемлекеттік корпорацияға қателерді түзету туралы өтінішпен жүгінеді. Салымшы (алушы) өтініш жасаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша агент беретін растау-анықтама немесе салымшының (алушының) деректемелерінде орын алған өзгерістерді растайтын жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса берiледi.
      Міндетті зейнетақы жарналарын банк шотын пайдаланбай аудару кезінде растау-анықтаманың орнына қолма-қол ақшаның міндетті зейнетақы жарналарын төлеу есебіне енгізілгенін растайтын түбіртек-хабарламалардың көшірмелері қоса беріледі.
      Мемлекеттік корпорация ұсынылған құжаттардың негізінде салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналарының есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында көрсетілген деректемелеріне өзгерістер енгізу үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салымшының (алушының) өтінішінің электрондық көшірмесін қоса бере отырып, БЖЗҚ-ға электрондық өтінімді ресімдейді.
      19. Агент мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды есептеу, аудару кезінде жіберілген қателерді анықтаған немесе салымшының (алушының) қателердің анықталғаны туралы жазбаша өтінішін алған жағдайда қателерді міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың кейінгі аударымдарын реттеу жолымен түзетеді.
      Мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұлдың кейінгі аударымдарын реттеу жолымен қателерді түзету мүмкін болмаған кезде агент осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтару туралы өтінішпен Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді. Қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтару туралы өтінішке осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салымшының (алушының) өзінің жеке зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды есептен шығаруға келісетіні туралы нотариат куәландырған өтініші қоса беріледі.
      20. Қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға берілген өтініште: агенттің атауы мен деректемелері (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – ЖСН), банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі – БСК), жеке сәйкестендiру коды (бұдан әрі – ЖСК), қайтару себебі, қате жіберілген төлем құжаттарының деректемелері (нөмірі, күні мен сомасы), сондай-ақ жеке зейнетақы шотынан қайтару жүргізілетін салымшының (алушының) деректемелері мен қайтаруға жататын жеке сомалар көрсетіледі. Өтінішке басшы, бас бухгалтер қол қоюға және ол мөрмен расталуға тиiс. Егер бас бухгалтердің лауазымы көзделмеген болса, қайтаруға берілген өтінішке тиісті белгі қойылады.
      21. Қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға агенттер мен банктерден алынған құжаттардың негізінде Мемлекеттік корпорация көрсетілген зейнетақы жарналарының түсу фактісін және олар бойынша бұрын жүзеге асырылған қайтарулардың жоқ екенін тексергеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға арналған электрондық түрдегі өтінімді қалыптастырады.
      Электрондық түрдегі өтінімде: салымшының (алушының) деректемелері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, ЖСН, міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) қайтаруға жататын өсімпұлдың сомалары мен қайтару себебі көрсетіледі.
      Салымшының өзінің жеке зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды шығаруға келісетіні туралы өтінішінің электрондық көшірмесі бар электрондық түрдегі өтінімі ақпаратты тасымалдаудың автоматтандырылған қаржы жүйесін пайдалана отырып, БЖЗҚ-ға жіберіледі.
      22. Жүктілігі мен босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайға әлеуметтік төлем тағайындалған кезде алушылардың орташа айлық табысын айқындау үшін қабылданған, аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомалары қайтарылмайды.
      23. БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациядан қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға арналған өтінімді электрондық түрде алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорация өтінімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып, қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын және (немесе) өсiмпұлды Мемлекеттік корпорацияға қайтаруды жүзеге асырады.
      24. Банктің кінәсінен қате жіберілген жағдайда банк қате аударылған сомаларды қайтару туралы өтінішпен Мемлекеттік корпорацияға хат жібереді.
      Банктің кінәсінен қате есептелген сомаларды қайтаруға арналған өтініште: БСН, ЖСК, БСК, қате жіберілген төлем құжаттарының референстері мен қайтару себебі көрсетіледі. Хат пен өтініш хаттарға және қате нұсқауды қайтаруға арналған өтініштерге қол қоюға өкілеттіктерін растайтын құжаттың көшірмелерімен қоса банктің уәкілетті адамдарының қолымен ұсынылады.
      25. Мемлекеттік корпорацияның облыстық, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы филиалдары (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорацияның филиалы) және Мемлекеттік корпорация Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетінен айырылуына және (немесе) жұмысынан айырылуына, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, сондай-ақ баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын және (немесе) өсімпұлды есептеу, ұстап қалу және аудару кезінде жіберілген қателерді анықтаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның филиалы қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды қайтаруға арналған электрондық түрдегі өтінішті Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
      26. БЖЗҚ қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомаларын Мемлекеттік корпорацияның электрондық түрдегі өтінімінде көрсетілген міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың БЖЗҚ-ға нақты енгізілген номиналды сомасы бойынша Мемлекеттік корпорацияның банк шотына жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып, төлем тапсырмасымен қайтаруды жүргізеді.
      27. Инфляция деңгейі ескеріле отырып нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы өтеу сомасын есептеу кезінде ескерілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы қайтарылуға жатпайды.
      28. Мемлекеттік корпорация қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұлдың сомалары БЖЗҚ-дан келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды агенттің өтінішінде көрсетілген деректемелерге сәйкес жеке тұлғалардың тізімдерімен қоса төлем тапсырмасымен аударуды жүргізеді.
      29. Банк қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұлдың сомалары Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде агентті міндетті зейнетақы жарналарының қайтарылғаны туралы хабардар етеді.
 

БЖЗҚ-ға мiндеттi зейнетақы жарналары уақтылы аударылмаған кезде өсімпұлды төлеу және берешекті өндіріп алу

      30. Табыс іс жүзінде төленген және салымшы оны алған жағдайда агент уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алады немесе агенттер мерзімі өткен әрбір күн үшін (Мемлекеттік корпорацияға төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен қоса мiндеттi зейнетақы жарналарын салымшылардың пайдасына аударуға тиіс.
      Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға уақтылы есептейді, ұстап қалады (есебіне жазады) және төлейді.
      31. Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы ұстап қалмағаны (есебіне жазбағаны) және аудармағаны үшін өсімпұлды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның актісімен бекітілетін экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдерді тағайындау және оларға сәйкес төлемдер бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібіне сәйкес айқындалатын төлемдерді тағайындау кодтарын көрсете отырып, кейіннен салымшының (алушының) шарты қолданыста болатын БЖЗҚ-ға Мемлекеттік корпорацияның аударуы үшін Мемлекеттік корпорацияның банк шотына төлейді.
      32. Агенттер мiндеттi зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға уақтылы аудармағаны үшін өсiмпұл төлеуді осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
      Әрбір төлем құжаты, оған қоса берілетін жеке тұлғалардың тізімдері даналарының саны, сондай-ақ оларды беру және сақтау тәртібі мен мерзімдері осы Қағидалардың 13-тармағында міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін белгіленген шарттарға ұқсас.
      Агенттер өсiмпұлды уақтылы аудармаған жағдайда, аудару жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып, МТ-102 форматындағы төлем құжатын қалыптастыру арқылы әрбір ай үшін жеке-жеке жүргізіледі.
      33. Саны елу адамнан асатын жұмыскерлерi бар агент өсiмпұл төлеу кезінде осы Қағидалардың 13-тармағында айқындалған тәртіппен банкке жеке тұлғалардың қағаз және электрондық жеткізгіштердегі тізімін қоса бере отырып, төлем құжатын ұсынады.
      34. Төлем құжатына қоса берілетін жеке тұлғалардың тізімдерді әрбір жеке тұлға бойынша "жарна сомасы" деген бағанды қоспағанда, мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу кезінде жеке тұлғалардың тізімі үшін осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген деректемелерді қамтиды. Жарна сомасының орнына өсiмпұлдың тиісті сомасы көрсетіледі.
      Жеке тұлғалардың тізімдерінде агент өздері үшін міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармаған салымшылар (алушылар) ғана көрсетіледі.
      35. Банктер агенттер төлем құжаттарын көрсеткен кезде жеке тұлғалардың тізімдерін қоса бере отырып, МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен Мемлекеттік корпорацияның банк шотына өсiмпұл аударуды жүргізеді.
      36. Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-ға ақшаны уақтылы аудармағаны үшін Заңда белгіленген мөлшерде өсiмпұл төлейді.
      Мемлекеттік корпорация өсiмпұл төлеу үшін агенттің төлем тапсырмасы негізінде әрбір жеке тұлға бойынша "жарна сомасы" деген бағанды қоспағанда, мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу кезінде жеке тұлғалардың тізімі үшін осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген деректемелерді қамтитын жеке тұлғалардың тiзiмiн қоса бере отырып, MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмасын қалыптастырады. Жарна сомасының орнына тізімге сәйкес әрбір жеке тұлға бойынша бөлінген өсімпұл сомасы көрсетіледі.
      37. Келіп түскен өсiмпұл сомаларынан БЖЗҚ-ның комиссиялық сыйақы алуы мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      38. БЖЗҚ алынған өсiмпұлды жеке тұлғалардың тізімдеріне сәйкес салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына аударады.
      39. Жеке тұлғалардың тізімі қоса берілмей аударылған өсiмпұл агентке қайтарылуға тиіс, келесі аударым кезінде өсiмпұлдың сомасы көрсетілген тізімді ұсынудың кешіктірілген күндерінің санына ұлғаяды.
      40. Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек қалыптасқан кезде, мемлекеттік кірістер органдары агенттерге кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік корпорацияға аударылуға тиіс мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жібереді.
      41. Хабарлама агентке жеке өзіне қол қойғызып немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен табысталуға тиіс. Бұл ретте төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама мынадай жағдайларда:
      1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен – пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасында агент белгі қойған күннен бастап;
      2) электрондық тәсілмен – веб-қосымшада мемлекеттік кірістер органы хабарламаны жеткізген күннен бастап салық төлеушіге (салық агентіне) берілген болып есептеледі. Аталған тәсіл Салық кодексінің 572-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген агентке қолданылады.
      Егер міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш сомасынан аспайтын болса, хабарлама жіберілмейді.
      42. Агенттер хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына осы Қағидалардың 12-тармағында белгіленген тәртіппен өздерінің пайдасына берешек өндіріп алынатын БЖЗҚ салымшыларының тізімдерін ұсынады.
      43. Агенттердің банк шоттарынан міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын БЖЗҚ салымшыларының тізімдері қоса берілген мемлекеттік кірістер органының инкассалық өкімі негізінде жүргізіледі.
      44. Өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын БЖЗҚ салымшыларының тізімдерін агенттерден алған кезде мемлекеттік кірістер органы бенефициарды – Мемлекеттік корпорацияны көрсете отырып, агенттің банк шотына (шоттарына) инкассалық өкімдерін шығарады.
      Агенттің банк шотында ұлттық валютада ақша болмаған жағдайда, міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кірістер органдары ұлттық валютада ұсынған инкассалық өкімдері негізінде агенттің банк шоттарынан шетелдік валютада жүргізіледі.
      45. Агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды мемлекеттік кірістер органы:
      1) агент БЖЗҚ салымшыларының тізімін ұсынбаған және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек болған жағдайда – хабарлама берілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң жүргізеді. Бұл ретте агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасының шегінде жүргізіледі;
      2) міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда – хабарлама берілген күннен бастап он бес жұмыс күні өткен соң жүргізеді. Бұл ретте агенттің банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру жүргізіледі.
      46. Мемлекеттік кірістер органының агенттердің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі салықтық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп бекіткен нысан бойынша шығарылады және банк алған күннен бастап күшіне енеді.
      47. Осы Қағидалардың 40-тармағында көзделген хабарлама табысталған күннен бастап он бес жұмыс күні өткен соң мемлекеттік кірістер органы агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
      Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру кейіннен салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу есебіне аудару үшін банкке ақшаны тапсыру жөніндегі операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операцияларына қолданылады.
      Мемлекеттік кірістер органының агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығарылады.
      48. Міндетті зейнетақы жарналарын банк шотын ашпай төлеген кезде банктердің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге байланысты шығыстар агенттің қаражаты есебінен жүргізіледі.
      49. Агенттердің міндетті зейнетақы жарналарын аударуын, белгіленген жағдайларда өсiмпұл төлеуін, БЖЗҚ жүргізетін міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомаларын қайтаруын бақылауды қамтамасыз ету үшін Мемлекеттік корпорация күн сайын (өткен күн үшін) мемлекеттік кірістер органдарына қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен, сондай-ақ қайтарылған тізілімдерін және электрондық төлем тапсырмаларын ұсынады.
      Мыналар жеке ұсынылады:
      1) адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер банкке қолма-қол ақшамен енгізген қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен, қайтарылған сомаларының тізілімдері;
      2) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, сондай-ақ баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден ұстап қалған, баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді алушыларға бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын, қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналары есепке алынған аударылған міндетті зейнетақы жарналарының тізілімдері.
      Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен, қайтарылған сомаларының тізілімдері бойынша ай сайынғы есепті Мемлекеттік корпорация мемлекеттік кірістер органдарына ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнiнен кешіктірмей ұсынады.
 

4. Мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аудару

      50. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аудару, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару кезінде қателер анықталған жағдайда салымшылардың (алушылардың), агенттердің және БЖЗҚ-ның іс-қимылы, сондай-ақ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға уақтылы аудармаған кезде өсімпұлды төлеу және берешекті өндіріп алу осы Қағидалардың үшінші тарауында мiндеттi зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аудару үшін көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
 


Міндетті зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын есептеу, ұстап қалу
(есебіне жазу) және бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорына
аудару және олар бойынша өндіріп
алу қағидалары мен мерзімдеріне
1-қосымша

Салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалу туралы өтініші

      Мен, _____________________________________________________
      (Т.А.Ә. (бар болса), туған күні)
      осы арқылы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 2-тармағының
       2) тармақшасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуға келісім беремін.
      Мына деректемелерді дұрыс деп есептеуді сұраймын:
      ЖСН (2013 жылғы 1 қаңтардан кейінгі кезең үшін) ______________
      Т.А.Ә. (бар болса) ___________________________________________
      Туған күні ___________________________________________________
      Міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
      ____________ ___________
       (қолы) (күні)
 


Міндетті зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын есептеу, ұстап қалу
(есебіне жазу) және бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорына
аудару және олар бойынша өндіріп
алу қағидалары мен мерзімдеріне
2-қосымша

Жұмыскерде (жұмыскерлерде) жеке зейнетақы шотының болуы
туралы растау-анықтама

      Мемлекеттік корпорация жұмыскерде (жұмыскерлерде) жеке зейнетақы шотының бар (жоқ) екенін хабарлайды
 

Р/с

 

Тегі
 

Аты
 

Әкесінің аты
(бар болса)
 

Туған күні
ККААЖЖ
 

Жеке сәйкестендіру нөмірі
 

Жұмыскерде жеке зейнетақы шотының бар (жоқ) екені туралы ақпарат
 

1
 

2
 

3
 

4
 

5
 

6
 

7
 


            М.О. Мемлекеттік корпорацияның аудандық (қалалық) бөлімшесінің басшысы _______________________(Т.А.Ә. (бар болса), қолы)
      Берілген күні 20__ жылғы "___" _____________
 


Міндетті зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын есептеу, ұстап қалу
(есебіне жазу) және бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорына
аудару және олар бойынша өндіріп
алу қағидалары мен мерзімдеріне
3-қосымша

Растау-анықтама

      ______________________________________________________________
      (төлеушінің атауы)
      міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару кезінде салымшылар деректемелерінің мынадай төлем тапсырмаларында қателер жіберілгенін растайды:
 

Төлем тапсырмасының нөмірі
 

Төлем тапсырмасының күні
 

Төлем тапсырмасының референсі
 

Салымшының жеке сомасы
 

Т.А.Ә. (бар болса) және туған күні
(салымшының дұрыс емес деректемелері)
 

1
 

2
 

3
 

4
 

5
 


            Жарамды деп есептелсін
      ЖСН _____________________________________________________________
      Т.А.Ә. (бар болса)_______________________________________________
      Туған күні ______________________________________________________
      Бірінші басшы _______________________________ (Т.А.Ә. (бар болса)
      (қолы)
      Бас бухгалтер _______________________________(Т.А.Ә. (бар болса)
      (қолы)
      Мөр орны
 


Міндетті зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын есептеу, ұстап қалу
(есебіне жазу) және бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорына
аудару және олар бойынша өндіріп
алу қағидалары мен мерзімдеріне
4-қосымша

Салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың деректемелеріне өзгерістер енгізу туралы өтініші

      Мен, _________________________________________________________
      (Т.А.Ә. (бар болса), туған күні)
      осы арқылы міндетті зейнетақы жарналарын/міндетті кәсіптік зейнетақы
      жарналарын аудару кезінде менің деректемелерімде қателер жіберілгенін хабарлаймын, атап айтқанда:
      ____________________________________________________________________
      (қателер жіберілген деректемелер көрсетіледі)
      Мынадай деректемелерді жарамды деп есептеуді сұраймын:
      ӘЖК (2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезең үшін) _______________
      ЖСН (2013 жылғы 1 қаңтардан кейінгі кезең үшін) ______________
       Т.А.Ә. (бар болса)____________________________________________ Туған күні ___________________________________________________
      Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың деректемелеріне өзгерістер енгізу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
      __________ _____________
      (қолы) (күні)
 


Міндетті зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын есептеу, ұстап қалу
(есебіне жазу) және бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорына
аудару және олар бойынша өндіріп
алу қағидалары мен мерзімдеріне
5-қосымша

Агенттің қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомасын қайтаруға арналған өтініші

      "Азаматтарға арналған үкімет"
      мемлекеттік корпорациясы
      __________________________
      1. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы
      жарналарын және (немесе) өсімпұлды төлеушінің (агенттің)
      деректемелері
      Атауы ______________________________________________________________
      БСН (01.01.2013 ж. кейінгі төлемдер бойынша) _______________________
      СТН (01.01.2013 ж. дейінгі төлемдер бойынша) _______________________
      БСК ________________________ ЖСК ___________________________________
      2. Қате жіберілген төлем тапсырмасының деректемелері № _______
      _______________________________ күні 20__ жылғы "___" ______________
      Төлем тапсырмасының жалпы сомасы ___________________________________
      3. Салымшының деректемелері __________________________________
       (Т.А.Ә. (бар болса), туған күні)
      Салымшының ЖСН _____________________________________________________
      Салымшы жарнасының сомасы __________________________________________
      Қайтарылуға тиіс сома ______________________________________________
      4. ___________________________________________________________
      (қайтару талап етілетін себеп көрсетіледі, мысалы, қызметкер жұмыстан
      босатылды, ТТК, кезең, агенттің банктік деректемелері, салымшының деректемелері қате көрсетілген, резидент емес және т.б.) байланысты кейінгі төлемдермен түзету мүмкін болмайды.
      Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргізуді сұраймыз
      ____________________________________________________________________ (кәсіпорынның толық деректері, барлық банктік деректемелер көрсетіледі)
      ____________________ __________________________
       (басшының қолы) (бас бухгалтердің қолы)
      ____________________
      (күні)
 


Міндетті зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын есептеу, ұстап қалу
(есебіне жазу) және бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорына
аудару және олар бойынша өндіріп
алу қағидалары мен мерзімдеріне
6-қосымша

Салымшының (алушының) қате есептелген сомаларды өзінің жеке зейнетақы шотынан есептен шығаруға келісетіні туралы өтініші

      Мен, _________________________________________________________
      (Т.А.Ә. (бар болса), туған күні)
      ЖСН __________________________________________________________
       Осы арқылы менің жеке зейнетақы шотыма қате аударылған
      ____________________________________________________________________
      (сомасы жазбаша)
      ____________________________________________________________________
      сомасындағы міндетті зейнетақы жарналарының/міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың қайтарылуына келісім беремін.
      (Қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және/немесе өсімпұлдың сомасын бірнеше төлем тапсырмалары бойынша қайтару қажет болған жағдайда, қайтарылуға тиіс сома әрбір төлем тапсырмасына жеке-жеке көрсетіледі)
      Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың деректемелеріне өзгерістер енгізу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
      _________ _________
       (қолы) (күні)
 


Міндетті зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын есептеу, ұстап қалу
(есебіне жазу) және бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорына
аудару және олар бойынша өндіріп
алу қағидалары мен мерзімдеріне
7-қосымша

БЖЗҚ-ға аударылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарлама

      20__ ж. "___" ______ № ______
      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және БЖЗҚ-ға аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес
      ____________________________________________________________________
      (мемлекеттік кірістер органының атауы)
      Сізді ______________________________________________________________
      (Т.А.Ә. (бар болса), агенттің атауы,
      ____________________________________________________________________
      сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН), мекенжайы)
      20__ ж. "___" __________________ жағдай бойынша мынадай мөлшерде
      теңге
 

Берешектің жиыны
 

Негізгі төлем сомасы
 

Өсімпұл сомасы
 





             БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегіңіздің бар екені туралы хабардар етеді.
       Осыған байланысты Сіз осы хабарламаны алған күннен бастап бесжұмыс күні ішінде __________________________________________________
      (мемлекеттік кірістер органының атауы)
      ____________________________________________________________________
      өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын БЖЗҚ салымшыларының тізімдерін ұсынуыңыз қажет.
      Бес жұмыс күні өткен соң өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын БЖЗҚ салымшыларының тізімдері ұсынылмаған жағдайда
      _____________________________________________________________________
      (мемлекеттік кірістер органының атауы)
      _____________________________________________________________________
      агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.
       Банк шоттары болмаған немесе банк шоттарындағы ақша жеткіліксіз болған жағдайда,____________________________________________________
      (мемлекеттік кірістер органының атауы)
      касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
      Бұл ретте Сізге "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабында белгіленген тәртіппен және шарттарда өсімпұл есептеледі.
      Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жаза шаралары қолданылады.
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіздің мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) мемлекеттік кірістер органының жоғары тұрған органына немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар.
      Мемлекеттік кірістер органының басшысы
      (басшының орынбасары)
      ______________________________________________
      (Т.А.Ә. (бар болса), қолы, мөрі)
      Хабарламаны алдым
      ______________________________________________
      (Т.А.Ә. (бар болса), агенттің атауы, қолы, мөрі, күні)
      Хабарлама агентке тапсырылды
      ____________________________________________________________________
      (мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының Т.А.Ә. (бар болса), қолы, күні)
      Хабарлама агентке жіберілді ________________________________________
       (жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)
 


Міндетті зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын есептеу, ұстап қалу
(есебіне жазу) және бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорына
аудару және олар бойынша өндіріп
алу қағидалары мен мерзімдеріне
8-қосымша

Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органының өкімі

      20__ жылғы "__" ___________ № ____________
      (үзінді көшірменің күні)
 

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және БЖЗҚ-ға аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес _______________________________________________

      ___________________________________________________________________
      (мемлекеттік кірістер органының атауы)
      касса бойынша барлық шығыс операцияларын (міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша БЖЗҚ-ға берешекті өтеу операцияларынан басқа) тоқтата тұрады.
      ___________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________
      (агенттің Т.А.Ә. (бар болса), атауы, сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), мекенжайы)
      Осы өкімді алған кезден бастап агент келіп түсетін барлық қолма-қол ақшаны, келіп түскен күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей БЖЗҚ-ға есепке алуға тиіс.
      Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру кейіннен салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу есебіне аудару үшін банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ақшаны өткізу жөніндегі операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операцияларына қолданылады.
      Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік өндіріп алу шаралары қолданылады.
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіздің мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) мемлекеттік кірістер органдарының жоғары тұрған органына немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар.
      Мемлекеттік кірістер органының басшысы
      (басшының орынбасары)
      __________________________________________________________________
      (Т.А.Ә. (бар болса), қолы, мөрі)
      Өкімді алдым
      __________________________________________________________________
      (агенттің Т.А.Ә. (бар болса), қолы, мөрі, күні)
      Өкім салық төлеушіге тапсырылды
      __________________________________________________________________
      (мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының Т.А.Ә. (бар болса), қолы, күні)
      Өкім салық төлеушіге жіберілді
      __________________________________________________________________
      (мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының Т.А.Ә. (бар болса), қолы, күні)
 


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1116 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. "Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 9, 69-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 2010 қаулысы.
      3. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 желтоқсандағы № 1671 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 47, 553-құжат).
      4. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 561 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 25, 239-құжат).
      5. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы № 185 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 8, 103-құжат).
      6. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 және 2001 жылғы 22 желтоқсандағы № 1671 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 659 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 338-құжат).
      7. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 170 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 9, 83-құжат).
      8. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 тамыздағы № 736 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 29, 311-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.
      9. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қарашадағы № 1116 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42, 468-құжат).
      10. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы № 178 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 8, 87-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасы.
      11. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 157-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.
      12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 шілдедегі № 620 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 25, 294-құжат).
      13. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1343 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 622-құжат).
      14. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1350 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 561-құжат).
      15. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 648 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 534-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.
      16. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 1196 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1028-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.
      17. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 551 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.