Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысы

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2 және 4-тармақтардан қараңыз.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.12.2015 № 988 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.12.2015 № 988 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Қағидалардың 43-тармағының қолданысы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын. Тоқтатыла тұрған кезеңде көрсетілген тармақ мынадай редакцияда қолданылады:
      «43. Салық органының өкімдері бойынша, егер пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімдерін агент ұсынбаған жағдайда және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек болған кезде банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен салық берешектерін аударуға қатысты нұсқауларды орындайды.».
      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 3-тармағының екінші бөлігін, 7-тармағын4-бөлімін қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1116 қаулысымен  
бекітілген      

Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп
алу қағидалары мен мерзімдері

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.12.2015 № 988 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттердің (бұдан әрі – агенттер) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.12.2015 № 988 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Заңды тұлғалар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер агент ретінде өздерінің орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органдарында есепке алынуға жатады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 255 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Агенттер қызметкерлерге төленетін табыстан ай сайын міндетті зейнетақы жарналарын есептеп ұстап қалады және оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударады.
      Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен олардың пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын агенттер қызметкерлерге төленетін табыстан ай сайын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есебіне жазады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударады.
      Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды өзінің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударады.
      Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды шаруа немесе фермер қожалығы кәмелетке толған мүшесінің (қатысушысының) және басшысының пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің (қатысушыларының) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап есептелуге және төленуге тиіс.
      Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын есептеуді және ұстап қалуды міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне (бұдан әрі – жеке тұлғалардың тізімі) сәйкес Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі – Орталық) жүзеге асырады.
      Заңның 39-бабының 2-тармағында көрсетілген азаматтар үшін міндетті зейнетақы жарналары алатын табысының 10 пайызы, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 10 пайызынан кем болмайтын мөлшерде оларды кейіннен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шотына аудару үшін банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолма-қол ақша салу жолымен төлеуге жатады.
      Агенттердің Орталықтан қызметкерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шотының болуы туралы растама алуға құқығы бар.
      Агенттің қызметкерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шотының болуын растауға арналған өтінішінде: агенттің атауы мен деректемелері, қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Өтінішке басшы, бас бухгалтер қол қоюға және ол мөрмен расталуға тиiс. Егер тегі, аты, әкесінің аты өзгерген болса, сондай-ақ бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
      Орталық агенттен қызметкерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шотының болуын растауға арналған өтініш келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде агентке Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкерде бұл шарттың болуы туралы растау анықтаманы береді.
      Агенттер, егер мүгедектігі мерзімсіз белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың табыстарынан салымшының өтініші бойынша осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын есептейді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ұстап қалады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 (01.03.2014 бастап қолданысқа енгізіледі), 2014.10.27 № 1140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.04.2015 № 255 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2015 № 988 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      4. Агент заңды тұлғалар ұсталған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы, оның ішінде қате төлемдерді қайтару туралы мәліметтерді электрондық және қағаз жеткізгіштерде заңнамада белгіленген тәртіппен сақтайды.
      Агент заңды тұлға таратылған кезде міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ұстап қалу және аудару туралы құжаттар Мемлекеттік мұрағатқа беріледі.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 қаулысымен (01.03.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

2. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) тәртібі мен мерзімдері

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 қаулысымен (01.03.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге жататын міндетті зейнетақы жарналары Заңның 25-бабында белгіленген мөлшерлемелерді, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектісін пайдалану арқылы есептеледі.
      Мыналар міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектілері болып табылады:
      1) заңды тұлғалар үшін – зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының жетпіс бес еселенген ең төменгі мөлшерінен аспауға тиіс;
      2) жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін - міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының жетпіс бес еселенген ең төменгі мөлшерінен аспауға тиіс;
      3) адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін – адвокат, жеке сот орындаушысы, жекеше нотариус, кәсіби медиатор, сондай-ақ дара кәсіпкерлер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өзінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін дербес айқындайтын табыс алатын табыс болып табылады;
      Табыс болмаған жағдайда адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 10 пайызы мөлшерінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өзінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы;
      4) Орталық үшін – еңбек ету қабілетінен және (немесе) жұмысынан айрылу жағдайына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің, сондай-ақ жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдер;
      5) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі үшін Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналы бөлігінде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі орталық аппаратының персоналына теңестірілген лауазымдар бойынша жалақының 100 пайыздық мөлшері;
      6) сақтандыру ұйымы үшін – жалақысынан (табысынан) айырылуына байланысты залалды өтеу ретіндегі сақтандыру төлемі.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 255 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2015 № 988 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      6. Міндетті зейнетақы жарналары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына:
      1) Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 2) және  13) тармақшаларында белгіленгендерді қоспағанда (жоғалған жалақы (табыс) бөлігінде), Салық кодексінің 155-бабының 3-тармағында көрсетілген;
      2) Салық кодексінің 156-бабы 1-тармағының 10)13)26)26-1) тармақшаларында белгіленгендерді қоспағанда, Салық кодексінің 156-бабының 1-тармағында көрсетілген;
      3) Салық кодексінің 357-бабы 2-тармағының 1)2)3)4)5) тармақшаларында көрсетілген;
      4) Салық кодексінің 156-бабы 13) тармақшасында көрсетілген мүгедектер мен өзге де адамдар заттай нысанда немесе материалдық пайда түрінде алған төлемдер мен табыстардан ұсталмайды.
      Салық кодексінің 156-бабы 1-тармағының 26) тармақшасында көрсетілген әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес ұсталады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 (01.03.2014 бастап қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - 2014.12.12 № 1310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2015 № 988 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      7. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге тиіс міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке жазуды агенттер меншікті қаражаты есебінен кәсіптері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің пайдасына жүзеге асырады, ол Заңның 26-бабында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы есептеледі.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.12.2015 № 988 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорына аудару

Міндетті зейнетақы жарналарын аудару тәртібі мен мерзімдері

      8. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қолма-қол ақшасыз төлемдер арқылы агент жүргізеді, егер басқа болса.
      Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі - банктер) шоттары жоқ адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер Қағидалардың 9-тармағында айқындалған тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару тәртібімен оларды банкке қолма-қол ақшамен енгізеді.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 255 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9. Ұсталған (есебіне жазылған) міндетті зейнетақы жарналарын Орталыққа:
      1) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдардан басқа), сондай-ақ жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар қызметкерлерге төленген табыстан – табыстар төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;
      2) дара кәсіпкерлер (осы тармақтың 3), 4), 5), тармақшаларында көрсетілген дара кәсіпкерлерден басқа), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар өз пайдасына – есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;
      3) арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде;
      4) арнаулы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде қолданатын шағын бизнес субъектілері – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде;
      5) арнаулы салық режимін патент негізінде қолданатын жеке кәсіпкерлер – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына патент құнын төлеу үшін көзделген мерзімде;
      6) Орталық – әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей;
      7) сақтандыру ұйымы – жалақысынан (табысынан) айрылған жағдаймен байланысты залалды өтеу ретінде болған сақтандыру төлемі жүзеге асырылған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей аударады.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 255 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2015 № 988 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      10. Міндетті зейнетақы жарналарын, оның ішінде берешекті аудару Орталыққа жүргізіледі. Орталық міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес аударады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 қаулысымен (01.03.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
      11. Салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарының сомасы Орталықтың шотына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде МТ-100 форматындағы электронды төлем тапсырмаларымен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады.
      Орталық бір мезгілде электронды тәсілмен агенттерден келіп түскен, МТ-100 форматындағы төлемнің сомасына сәйкес келетін төлем тапсырмалары тобынан тұратын, олардың пайдасына міндетті зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалардың тізімін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жібереді.
      Салымшының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты және (немесе) МТ-102 форматындағы тізімде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған кезде және (немесе) егер оның деректемелерінде қателер жіберілген болса, Орталық міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын агенттің шотына қайтарады.
      Орталық күн сайын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына алдыңғы операциялық күні жүргізілген төлемдер (сомасы мен салымшылардың саны) туралы үзінді көшірмені ұсынады.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 қаулысымен (01.03.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
      12. Агент Орталыққа міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде үш данада қағазға шығарылған төлем тапсырмасын және екі данада жеке тұлғалардың тізімін банкке ұсынады. Төлем тапсырмасының бірінші данасы мен тізімінің бірінші данасы банкте қалады, төлем тапсырмасының екінші және үшінші даналары мен тізімнің бір данасы банктің қабылдағаны туралы белгімен агентке қайтарылады.
      Агентке қызмет көрсететін банк міндетті зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары арқылы аударған жағдайда агент Банкке, агенттің Банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары мен филиалдарының бөлімшелеріне ұсынатын төлем тапсырмасының қағазда шығарылған төртінші данасын және жеке тұлғалар тізімінің үшінші данасын қосымша тапсырады.
      Жеке тұлғалардың тізімі әрбір жеке тұлға бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), туған күнін, жарна сомасын және ол үшін міндетті зейнетақы жарналары аударылатын кезеңді (айды, жылды) қамтуға тиіс.
      Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармаған жағдайда жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып, МТ-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастыру арқылы аударуды әрбір ай үшін жеке жүргізеді.
      Агенттер міндетті зейнетақы жарналары аударылатын кезеңді қағаз тасымалдағыштарда жасалатын төлем құжаттарында, төлемдер банк шотын ашпай жүргізілген кезде «Кезең» деген жолда, төлемдер агенттің банк шотынан ақшаны есептен шығару жолымен жүргізілген кезде «Төлемнің мақсаты» деген бағанда, ал МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларда «PERIOD» деген негізгі сөзде көзделген «ААЖЖЖЖ» форматында көрсетеді.
      13. Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын өз пайдасына және өз қызметкерлерінің табыстарынан ұсталған сомаларды аудара отырып (банкке қолма-қол енгізе отырып), төлем құжаттарында Орталықтың деректемелерін, ал оларға қоса берілетін тізімдерде өзі және қызметкерлер туралы мәліметтерді (жеке сәйкестендіру нөмірлерін, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), туған күнін, жарналардың сомалары мен міндетті зейнетақы жарналары төленетін кезеңді (айын/айларын, жылын) көрсетуге тиiс.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 255 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      14. Банктер міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомалар агенттердің банктік шоттарынан есептен шығарылған күні Орталыққа аударады.
      Банктердің кассаларына міндетті зейнетақы жарналарын енгізу кезінде аудару қолма-қол ақшалар енгізілген күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей жүргізіледі.
      Банктердің Орталыққа ақша аударуы Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінде қолданылатын форматтарға сәйкес жеке тұлғалардың тізімдерімен бірге электрондық төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады.
      Саны елу адамнан асатын қызметкерлері бар агент Қағидалардың 13-тармағындағы талаптарды орындаудан басқа, банкке жоғарыда көрсетілген форматта электрондық жеткізгіштегі жеке тұлғалардың тізімімен бірге төлем тапсырмасын ұсынады.
      14-1. Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнетақы жасына жеткен адам алдында міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек болған жағдайда, аталған берешек оның банктік шотына ақша аудару арқылы төленуге жатады.
      Ескерту. 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 10.12.2015 № 988 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде қателер анықталған
жағдайда салымшылардың (алушылардың), агенттердің және бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорының іс-әрекеттері

      15. Салымшы (алушы) төленген мiндеттi зейнетақы жарналарының жекелеген сомаларының болмауын байқаса, зейнетақы төлемдерiн немесе жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомалары туралы деректерді алу және жол берілген қателерді түзету шараларын қабылдау үшін қателерді анықтағаны және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе орталыққа кез келген уақыттағы аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары және (немесе) өсiмпұл туралы төлем құжаттарының көшірмесін және төлем құжаттарына қоса берілген, өзінің жеке басына қатысты жеке тұлғалар тізімінің көшірмелерін өзіне беруі жөнінде агентке жазбаша өтініш береді.
      16. Агент заңнамада белгіленген тәртіппен таратылған және тарату процесі аяқталған жағдайда, салымшы (алушы) агенттің орналасқан жері бойынша мұрағат мекемелеріне, ал тарату өндірісі барысында тарату комиссиясына өтініш жасайды, олар оған құжаттардың расталған төлем көшірмелерін береді. Салымшы (алушы) алған төлем құжаттарының көшірмелерін өтінішпен қоса Орталыққа жібереді.
      17. Салымшының (алушының) деректемелерінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсiмпұлды аудару кезінде жіберілген қателер анықталған жағдайда салымшы (алушы) қатені түзеу туралы Орталыққа қатені түзеу туралы нотариатта куәландырылған өтініш береді. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салымшы (алушы) өтініш жасаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде агент беретін анықтама-растама немесе салымшының (алушының) деректемелерінде орын алған өзгерістерді растайтын жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса берiледi.
      Міндетті зейнетақы жарналарын банк шотын пайдаланбай аудару кезінде анықтама-растаманың орнына қолма-қол ақшаның міндетті зейнетақы жарналарын төлеу есебіне енгізілгенін растайтын түбіртек-хабарламалардың көшірмелері қоса беріледі.
      Орталық ұсынылған құжаттардың негізінде салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналарының есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттағы және салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотындағы деректемелеріне өзгерістер енгізу үшін Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салымшының (алушының) нотариатта куәландырылған өтінішінің электронды көшірмесін қоса отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына электронды өтінім ресімдейді.
      18. Агент мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды есептеу, аудару кезінде жіберілген қателерді анықтаған немесе салымшының (алушының) қателерді анықтағаны туралы жазбаша өтінішін алған жағдайда қателерді міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың бұдан кейінгі аударымдарын реттеу жолымен түзетеді.
      Мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұлдың кейінгі аударымдарын реттеу жолымен қателерді түзету мүмкін болмаған кезде агент қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсiмпұлды қайтару туралы өтінішпен Орталыққа жүгінеді. Қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтару туралы өтінішке салымшының (алушының) өзінің жеке зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды есептен шығаруға келісетіні туралы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысандағы салымшының (алушының) нотариатта куәландырылған өтініші қоса беріледі.
      19. Қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға берілген өтініште: агенттің атауы мен деректемелері, (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), (жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – ЖСН), банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі – БСК), жеке сәйкестендiру коды (бұдан әрі – ЖСК), қайтару себебі, қате жіберілген төлем құжаттарының деректемелері (нөмірі, күні мен сомасы), сондай-ақ жеке зейнетақы шотынан қайтару жүргізілетін салымшының (алушының) деректемелері мен қайтаруға жататын жеке сомалар көрсетіледі. Өтінішке басшы, бас бухгалтер қол қоюға және ол мөрмен расталуға тиiс. Егер бас бухгалтердің лауазымы көзделмеген болса, қайтаруға берілген өтінішке тиісті белгі қойылады.
      20. Қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға агенттер мен банктерден алынған құжаттардың негізінде Орталық көрсетілген зейнетақы жарналарының түсу фактісін және олар бойынша бұрын жүзеге асырылған қайтарулардың жоқ екенін тексергеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға арналған электронды түрдегі өтінімді қалыптастырады.
      Электронды түрдегі өтінімде: салымшының (алушының) деректемелері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, ЖСН, міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) қайтаруға жататын өсімпұлдың сомалары мен қайтару себебі көрсетіледі.
      Салымшының өзінің жеке зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды шығаруға келісетіні туралы нотариатта куәландырылған өтінішінің электронды көшірмесімен электронды түрдегі өтінімі ақпаратты тасымалдаудың автоматтандырылған қаржы жүйесін пайдалана отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жіберіледі.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.12.2015 № 988 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      20-1. Жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайға әлеуметтік төлем тағайындалған кезде алушылардың орташа айлық табысын айқындау үшін қабылданған аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомалары қайтарылмайды.
      Ескерту. Қағидалар 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 қаулысымен (01.03.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
      21. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Орталықтан қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға арналған өтінімді электронды түрде алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Орталық өтінімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып, қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын және (немесе) өсiмпұлды Орталыққа қайтаруды жүзеге асырады.
      22. Банктің кінәсі бойынша қате жіберілген жағдайда банк Орталыққа қате аударылған сомаларды қайтару туралы өтінішпен хатты жібереді.
      Қызмет көрсететін банктің кінәсінен қате есептелген сомаларды қайтаруға арналған өтініште: БСН, ЖСК, БСК, қате жіберілген төлем құжаттарының референстері мен қайтару себебі көрсетіледі. Хат пен өтінішке хатқа және қате нұсқаманы қайтаруға арналған өтініштерге қол қоюға аталған адамдардың өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмелерімен қоса, банктің уәкілетті адамдарының қолымен ұсынылады.
      23. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Орталық филиалдары (бұдан әрі – Орталық филиалы) және Орталық Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетінен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылу жағдайына берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары сомаларын есептеу, аудару кезінде жіберілген қателерді анықтаған жағдайда, Орталық филиалы қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын қайтаруға арналған электронды түрдегі өтінішті Орталыққа жібереді.
      24. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұл сомаларын электронды түрде Орталықтың өтінімінде көрсетілген міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына нақты енгізілген номиналды сомасы бойынша Орталықтың банк шотына жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып, төлем тапсырмасымен қайтаруды жүргізеді.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 қаулысымен (01.03.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
      25. Инфляция деңгейі ескеріле отырып нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы өтеу сомасын есептеу кезінде ескерілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы қайтарылуға жатпайды.
      26. Орталық қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары және (немесе) өсiмпұлдың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды агенттің өтінішінде көрсетілген деректемелерге сәйкес жеке тұлғалардың тізімдерімен қоса төлем тапсырмасымен аударуды жүргізеді.
      27. Банк қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұл сомалары Орталықтан келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде міндетті зейнетақы жарналарының қайтарылғаны туралы агентті хабардар етеді.

Мiндеттi зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорына уақытылы аудармағаны үшін өсімпұлды төлеу және берешекті
өндіру

      28. Табыс іс жүзінде төленген және салымшы оны алған кезде агенттің уақытында ұсталмаған (есебіне жазылмаған) және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алады немесе агенттер кешіктірілген әрбір күн үшін (Орталыққа төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен мiндеттi зейнетақы жарналарын салымшылардың пайдасына аударуға тиіс.
      Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есебіне жазуға) және төлеуге міндетті.
      Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      29. Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы ұстамағаны (есебіне жазбағаны) және аудармағаны үшін өсімпұлды агенттер қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның актілерімен бекітілген экономика секторларының кодтарын қолдану және төлемдерді тағайындау және оларға сәйкес төлемдер бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібіне сәйкес айқындалатын төлем тағайындау кодтарын көрсете отырып, кейіннен Орталықтың салымшының (алушының) шарты қолданылатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуы үшін Орталықтың банк шотына төлейді.
      30. Агенттер мiндеттi зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына уақтылы аудармағаны үшін өсiмпұл төлеуді Қағидалардың 8-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
      Әрбір төлем құжаты, оған қоса берілетін жеке тұлғалар тізімі даналарының саны, сондай-ақ оларды беру мен сақтаудың тәртібі мен мерзімдері Қағидалардың 13-тармағында міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін белгіленген шарттарға ұқсас.
      Агенттер өсiмпұлды уақытында аудармаған жағдайда, аудару жеке тұлғалардың тізімін қоса, әрбір ай үшін жеке-жеке МТ-102 форматындағы қалыптастыру арқылы әрбір ай үшін жеке-жеке жүргізеді.
      31. Саны елу адамнан асатын қызметкерлерi бар агент өсiмпұл төлеу кезінде Қағидалардың 13-тармағында айқындалған тәртіпте банкке қағаздағы және электрондық жеткізгіштегі жеке тұлғалардың тізімін қоса беру арқылы төлем құжатын ұсынады.
      32. Төлем құжатына қоса берілетін жеке тұлғалардың тізімі әрбір жеке тұлға бойынша «жарна сомасы» бағанын қоспағанда, мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу кезіндегі жеке тұлғалардың тізімі үшін Қағидалардың 13-тармағында көзделген деректемелерді қамтиды. Жарна сомасының орнына өсiмпұлдың тиісті сомасы көрсетіледі.
      Жеке тұлғалардың тізімдерінде агент олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармаған салымшылар (алушылар) ғана көрсетіледі.
      33. Банктер агенттер төлем құжаттарын көрсеткен кезде агенттер жеке тұлғалардың тізімдерін қоса беріп, МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен Орталықтың банктік шотына өсiмпұл аударуды жүргізеді.
      34. Орталық ақшаны бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына уақтылы аудармағаны үшін Заңда белгіленген мөлшерде өсiмпұл төлейді.
      Орталық өсiмпұл төлеу үшін агенттің төлем тапсырмасы негізінде әрбір жеке тұлға бойынша мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу кезінде жеке тұлғалардың тізімдері үшін осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген деректемелері бар «жарна сомасы» бағанын алып тастай отырып, жеке тұлғалардың тiзiмiн қосып, MT-102 форматындағы электронды төлем тапсырмасын қалыптастырады. Жарна сомасының орнына тізімге сәйкес әрбір жеке тұлға бойынша бөлінген өсімпұл сомасы көрсетіледі.
      35. Келіп түскен өсiмпұл сомаларынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақы алуы мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      36. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алынған өсiмпұл жеке тұлғалардың тізімдеріне сәйкес салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына аударады.
      37. Жеке тұлғалардың тізімі қоса берілмей аударылған өсiмпұл агентке қайтаруға жатады, келесі аударым кезінде өсiмпұлдың сомасы көрсетілген тізімді ұсынудың кешіктірілген күндерінің санына өседі.
      38. Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек қалыптасқан кезде, мемлекеттік кірістер органдары агенттерге кейіннен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару үшін Орталыққа аударылуға тиіс мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама):
      1) 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
      2) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.
      Ескерту. 38-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      39. Хабарлама агентке жеке өзіне қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылуға тиіс. Бұл ретте төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама мынадай жағдайларда:
      1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен – пошталық немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасында агентінің белгісі қойылған күннен бастап;
      2) электрондық тәсілмен – веб-қосымшада мемлекеттік кірістер органы хабарламаны жеткізген күннен бастап салық төлеушіге (салық агентіне) берілген болып есептеледі. Аталған тәсіл Салық кодексінің 572-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген агентке қолданылады.
      Егер міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш сомадан аспайтын болса, хабарлама жіберілмейді.
      Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      40. Агенттер хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына Қағидалардың 13-тармағында белгіленген тәртіппен пайдасына берешек өндірілетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімдерін ұсынады.
      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      41. Агенттердің банк шоттарынан міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімдері қоса берілген, мемлекеттік кірістер органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.
      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      42. Пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндірілетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімдерін агенттерден алған кезде мемлекеттік кірістер органы бенефициарды – Орталықты көрсете отырып, агенттің банктік шотына (шоттарына) инкассолық өкімдерді ұсынады.
      Агенттің банктік шотында ұлттық валютада ақша болмаған жағдайда, міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кірістер органдары ұлттық валютада ұсынған инкассолық өкімдер негізінде агенттің банктік шоттарынан шетелдік валютада жүргізіледі.
      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      43. Агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды мемлекеттік кірістер органы мынадай жағдайларда жүргізеді:
      1) агенттің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімін ұсынбауы және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектің болуы – хабарлама берілген күннен бастап бес жұмыс күні өткенге дейін. Бұл ретте агенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы шамасында жүргізіледі.
      2) міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өтемеу – хабарлама берілген күннен бастап он бес жұмыс күні өткенге дейін. Бұл ретте агенттің банктік шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру жүргізіледі.
      Ескерту. 43-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      44. Мемлекеттік кірістер органының агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп бекіткен нысан бойынша ұсынылады және банк алған күннен бастап күшіне енеді.
      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      45. Осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген хабарламаны берген күннен бастап он бес жұмыс күні өткеннен кейін мемлекеттік кірістер органы агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларды тоқтата тұрады.
      Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтату, кейіннен оларды салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу есебіне аудару үшін банкке ақша тапсыру жөніндегі операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операцияларына қолданылады.
      Агенттің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органының өкімі Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
      Ескерту. 45-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 (01.03.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.04.2015 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      46. Міндетті зейнетақы жарналарын банктік шотын ашпай төлеген кезде банктердің қызметтеріне ақы төлеуге байланысты шығыстар агенттің қаражаты есебінен жүргізіледі.
      47. Агенттердің міндетті зейнетақы жарналарын аударуын, белгіленген жағдайларда өсiмпұл төлеуін, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүргізетін міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомасын қайтаруын бақылауды қамтамасыз ету үшін Орталық күн сайын өткен күн үшін мемлекеттік кірістер органдарына қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен, сондай-ақ қайтарылған тізілімдерін және электрондық төлем тапсырмаларын мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады.
      Мыналар жеке ұсынылады:
      1) адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер банкке қолма-қол ақшамен енгізген міндетті зейнетақы жарналарының қате келіп түскен және қайтарылған сомаларының тізілімдері;
      2) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден ұсталған, аударылған, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді алушыларға бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналары есепке алынған міндетті зейнетақы жарналарының тізілімдері.
      Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен және қайтарылған сомаларының тізілімдері бойынша ай сайынғы есепті Орталық мемлекеттік кірістер органдарына ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнiнен кешіктірмей ұсынады.
      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 255 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 10.12.2015 № 988 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-бөлім 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР Үкіметінің 18.10.2013 N 1116 қаулысының 4-т. қараңыз).

4. Мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорына аудару

      48. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару кезінде қателер анықталған жағдайда салымшылардың (алушылардың), агенттердің және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының іс-қимылы, сондай-ақ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына уақтылы аудармаған кездегі өсімпұлды төлеу және берешекті өндіру осы Қағидалардың үшінші тарауында көзделген мiндеттi зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына уақытылы аудармағаны үшін өсімпұлды төлеу және берешекті өндіру тәртібінде және мерзімдерде жүргізіледі.

Міндетті зейнетақы жарналарын,   
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын
есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 
аудару және олар бойынша өндіріп алу 
қағидалары мен мерзімдеріне 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.12.2015 № 988 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қызметкердің (қызметкерлердің) жеке зейнетақы шотының болуы
туралы анықтама-растама

      Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық қызметкердің (қызметкерлердің) жеке зейнетақы шотының болуы туралы хабарлайды.

Р/с

Тегі

Аты

Әкесінің аты
(бар болса)

Туған күні
ЖЖЖЖААКК

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Қызметкерде міндетті зейнетақы жеке зейнетақы шотының болуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

7

М.О. ЗТМО аудандық (қалалық)
     бөлімшесінің басшысы ___________________________________________
                                          (Т.А.Ә., қолы)

                          Берілген күні 20__ жылғы «___» ____________

Міндетті зейнетақы жарналарын,    
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын
есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына  
аудару және олар бойынша өндіріп алу  
қағидалары мен мерзімдеріне 1-1-қосымша

      Ескерту. 1-1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.12.2015 № 988 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналарын
ұстап қалу туралы
өтініші

      Ескерту. Қағидалар 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 N 250 қаулысымен (01.03.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Мен, _____________________________________________________
                         (Т.А.Ә., туған күні)

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына
сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуға келісім беремін.

      Мына деректемелерді дұрыс деп есептеуді сұраймын:
      ЖСН (2013 жылғы 1 қаңтардан кейінгі кезеңге) _______________
      Т.А.Ә. _____________________________________________________
      Туған күні _________________________________________________

      Міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуға қажетті менің дербес
деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      _____________                                 ___________
         (қолы)                                        (күні)

Міндетті зейнетақы жарналарын,    
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын
есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 
аудару және олар бойынша өндіріп алу 
қағидалары мен мерзімдеріне 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.12.2015 № 988 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Растау анықтамасы

_____________________________________________________________________
                         (төлеушінің атауы)

Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын
аудару кезінде салымшы деректемелерінің мынадай төлем тапсырмаларында
қателер кеткенін растайды:

Төлем тапсырмасының нөмірі

Төлем тапсырмасының күні

Төлем тапсырмасының референсі

Салымшының жеке сомасы

Т.А.Ә. және туған күні
(салымшының дұрыс емес деректемелері)

Жарамды деп есептелсін
ЖСН _________________________________________________________________
Т.А.Ә. ______________________________________________________________
Туған күні __________________________________________________________

Бірінші басшы ______________________________________________ (Т.А.Ә.)
                                  (қолы)
Бас бухгалтер ______________________________________________ (Т.А.Ә.)
                                  (қолы)

Мөр орны

Міндетті зейнетақы жарналарын,    
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын
есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 
аудару және олар бойынша өндіріп алу 
қағидалары мен мерзімдеріне 3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.12.2015 № 988 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шартының деректемелеріне өзгерістер енгізу
туралы өтініші

      Мен, __________________________________________________________
                              (Т.А.Ә., туған күні)
осы арқылы міндетті зейнетақы жарналарын/міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын аудару кезінде менің деректемелерімде қателер
жіберілгендігін хабарлаймын, атап айтқанда:
_____________________________________________________________________
             (қате жіберілген деректемелер көрсетіледі)

      Мынадай деректемелерді жарамды деп есептеулеріңізді сұраймын:
      ӘЖК (2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге) ___________________
      ЖСН (2013 жылғы 1 қаңтардан кейінгі кезеңге) __________________
      Т.А.Ә. ________________________________________________________
      Туған күні ____________________________________________________
      Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының
деректемелеріне өзгерістер енгізу үшін қажетті менің дербес
деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

__________                                              _____________
  (қолы)                                                   (күні)

Міндетті зейнетақы жарналарын,    
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын
есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 
аудару және олар бойынша өндіріп алу 
қағидалары мен мерзімдеріне 4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.12.2015 № 988 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Агенттің қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімақы
сомасын қайтаруға арналған өтініші

      Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.12.2015 № 988 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық    
сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік 
орталығы» РМҚК бас директорына    
________________________________________

      1. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын және (немесе) өсімақылар төлеушінің (агенттің)
деректемелері атауы _________________________________________________
_____________________________________________________________________
БСН (01.01.2013 ж. кейінгі төлемдер бойынша) ________________________
СТН (01.01.2013 ж. дейінгі төлемдер бойынша) ________________________
БСК ________________________ ЖСК ____________________________________
      2. Қате жіберілген төлем тапсырмасының деректемелері № ________
___________________________________ күні «___» _____________ 20__ жыл
төлем тапсырмасының жалпы сомасы ____________________________________
      3. Салымшының деректемелері ___________________________________
                                         (Т.А.Ә., туған күні)
ӘЖК _________________________________________________________________
салымшы жарнасының сомасы ___________________________________________
қайтарылуға тиісті сома _____________________________________________
      4. ____________________________________________________________
(қайтару талап етілетін себеп көрсетіледі, мысалы, қызметкер жұмыстан
босатылды, ТТК қате көрсетілген, кезең дұрыс көрсетілмеген, агенттің
банктік деректемелері қате көрсетілген, салымшының деректемелері қате
көрсетілген, резидент емес және т.б.) келесі төлемдермен түзету
мүмкін емес.
      Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргізуді сұраймыз
_____________________________________________________________________
     (кәсіпорынның толық деректері, барлық банктік деректемелер
                              көрсетіледі)

____________________                         ________________________
  (басшының қолы)                            (бас бухгалтердің қолы)

М.О.                                          _______________________
                                                      (күні)

Міндетті зейнетақы жарналарын,    
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын
есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 
аудару және олар бойынша өндіріп алу 
қағидалары мен мерзімдеріне 5-қосымша 

      Ескерту. 5-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.12.2015 № 988 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Салымшының (алушының) қате есептелген соманы өзінің жеке
зейнетақы шотынан есептен шығаруға келісуі туралы
өтініш

      Мен, __________________________________________________________
                               (Т.А.Ә., туған күні)
      ЖСН ___________________________________________________________
      Осы арқылы менің жеке зейнетақы шотыма қате аударылған
_____________________________________________________________________
      (Қате есептелген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары және/немесе өсімақы сомаларын бірнеше
төлем тапсырмалары бойынша қайтару болған жағдайда, қайтарылуға тиіс
сома әрбір төлем тапсырмасына жеке көрсетіледі) сомасындағы міндетті
зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және
(немесе) өсімақының қайтарылуына келісім беремін)

      Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың
деректемелеріне өзгерістер енгізу үшін қажетті менің дербес
деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

_________                                                   _________
  (қолы)                                                      (күні)

Міндетті зейнетақы жарналарын,    
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын
есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 
аудару және олар бойынша өндіріп алу 
қағидалары мен мерзімдеріне 6-қосымша

      Ескерту. 6-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.12.2015 № 988 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарлама

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.12.2015 № 988 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      20__ ж. «___» ______                               № ______

      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес
____________________________________________________________________
                (мемлекеттік кірістер органының атауы)
Сізді ______________________________________________________________
         (Т.А.Ә., агенттің атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН),
____________________________________________________________________
                                мекенжайы)
20__ ж. «___» __________________ жағдай бойынша мынадай мөлшерде
        теңге

Берешектің

Негізгі төлем сомасы

Өсімпұл сомасы

жиыны



бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегіңіздің бар екені туралы хабардар етеді.
      Осыған байланысты Сіз осы хабарламаны алған күннен бастап бес
жұмыс күні ішінде __________________________________________________
                      (мемлекеттік кірістер органының атауы)
____________________________________________________________________
пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін ұсынуыңыз қажет.
      Бес жұмыс күні өткен соң пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдері ұсынылмаған жағдайда
____________________________________________________________________
               (мемлекеттік кірістер органының атауы)
____________________________________________________________________
агенттің банктік шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.
      Банктік шоттар болмаған немесе банктік шоттарындағы ақша
жеткіліксіз болған жағдайда,________________________________________
                             (мемлекеттік кірістер органының атауы)
касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
      Бұл ретте Сізге «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабында белгіленген тәртіппен және шарттарда өсімпұл есептеледі.
      Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жаза шаралары қолданылады.
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіздің мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) мемлекеттік кірістер органының жоғары тұрған органына немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар.
Мемлекеттік кірістер органының басшысы
(басшының орынбасары) ______________________________________________
                                (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Хабарламаны алдым __________________________________________________
                      (Т.А.Ә., агенттің атауы, қолы, мөрі, күні)
Хабарлама агентке тапсырылды
____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының Т.А.Ә., қолы, күні)
Хабарлама агентке жіберілді ________________________________________
        (жіберу және (немесе) алу фактісі туралы растайтын құжат)

Міндетті зейнетақы жарналарын,    
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын
есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына  
аудару және олар бойынша өндіріп алу  
қағидалары мен мерзімдеріне 7-қосымша 

      Ескерту. 7-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.12.2015 № 988 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарлама

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.12.2015 № 988 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      20__ж. «__» _____                                       № ____

      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес
____________________________________________________________________
                (мемлекеттік кірістер органының атауы)
Сізді ______________________________________________________________
(Т.А.Ә., агенттің атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН), мекенжайы)
20__жылғы «__» ____________________ жағдай бойынша мынадай мөлшерде:
                                    теңге
                                    Негізгі төлем
Атауы         Жалпы берешек         сомасы          Өсімпұл сомасы
                                    

Міндетті
зейнетақы
жарналары
Міндетті кәсіптік
зейнетақы
жарналары
Жиыны
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегіңіздің бар екені туралы хабардар етеді.
      Осыған байланысты Сіз осы хабарламаны алған күннен бастап бес
жұмыс күні ішінде __________________________________________________
                  (мемлекеттік кірістер органының органының атауы)
пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндірілетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімдерін ұсынуыңыз қажет.
      Бес жұмыс күні өткеннен кейін пайдасына берешек өндірілетін жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімдері ұсынылмаған
жағдайда ____________________________________________________________
             (мемлекеттік кірістер органының атауы)
агенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы шегінде тоқтата тұру туралы өкім шығарады.
      Он бес жұмыс күні өткеннен кейін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген
жағдайда, ___________________________________________________________
                   (мемлекеттік кірістер органының атауы)
      агенттің банктік шоттары және кассасы бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.
      Бұл ретте Сізге «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабында белгіленген тәртіппен және шарттарда өсімақы есептеледі.
      Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік өндіріп алу шаралары қолданылады.
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіздің мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органына немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар.
Басшы (мемлекеттік кірістер органы басшысының орынбасары)
_____________________________________________________________________
                          (Т.А.Ә., қолы, мөр)
Хабарламаны алдым ___________________________________________________
                     (Т.А.Ә., агенттің атауы, қолы, мөр, күні)
Хабарлама агентке тапсырылды ________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының Т.А.Ә., қолы, күні)
Хабарлама агентке жіберілді _________________________________________
           (жіберу және (немесе) алу фактісі туралы растайтын құжат)

Міндетті зейнетақы жарналарын,    
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын
есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына  
аудару және олар бойынша өндіріп алу  
қағидалары мен мерзімдеріне 8-қосымша 

      Ескерту. 8-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.12.2015 № 988 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы мемлекеттік кірістер органының өкімі

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.12.2015 № 988 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      20__ жылғы «__» ___________                 № ____________
      (үзінді көшірменің күні)

      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңының 28-бабына,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116
қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп
алу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес ______________________________
____________________________________________________________________
             (мемлекеттік кірістер органының атауы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(агенттің Т.А.Ә., атауы, сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), мекенжайы)
касса бойынша барлық шығыс операцияларын (міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына берешекті өтеу операциясынан басқа) тоқтата тұрады.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Агент осы өкімді алған кезден бастап келіп түсетін барлық қолма-қол ақшалар, олар түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есепке алуға жатады.
      Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру кейіннен салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу есебіне аудару үшін ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға өткізу бойынша операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшалардың барлық шығыс операцияларына қолданылады.
      Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік өндіріп алу шаралары қолданылады.
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіздің мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) мемлекеттік кірістер органдарының жоғары тұрған органына немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар.
Мемлекеттік кірістер органының басшысы
(басшының орынбасары)
____________________________________________________________________
                          (Т.А.Ә., қолы, мөр)
Өкімді алдым _______________________________________________________
                      (агенттің Т.А.Ә., қолы, мөр, күні)
Өкім салық төлеушіге тапсырылды
____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының Т.А.Ә., қолы, күні)
Өкім салық төлеушіге жіберілді
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының Т.А.Ә., қолы, күні)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1116 қаулысына  
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. «Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 9, 69-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 2010 қаулысы.
      3. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 желтоқсандағы № 1671 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 47, 553-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 561 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 25, 239-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы № 185 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 8, 103-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 және 2001 жылғы 22 желтоқсандағы № 1671 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 659 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 338-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 170 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 9, 83-құжат).
      8. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 тамыздағы № 736 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 29, 311-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.
      9. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қарашадағы № 1116 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42, 468-құжат).
      10. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы № 178 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 8, 87-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасы.
      11. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 157-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.
      12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 шілдедегі № 620 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 25, 294-құжат).
      13. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1343 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 622-құжат).
      14. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1350 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 561-құжат).
      15. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 648 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 534-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.
      16. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 1196 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1028-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.
      17. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 551 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.