Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысы

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2 және 4-тармақтардан қараңыз.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару мерзімдері мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
      2. Қағидалардың 43-тармағының қолданысы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын. Тоқтатыла тұрған кезеңде көрсетілген тармақ мынадай редакцияда қолданылады:
      «43. Салық органының өкімдері бойынша, егер пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімдерін агент ұсынбаған жағдайда және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек болған кезде банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен салық берешектерін аударуға қатысты нұсқауларды орындайды.».
      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 3-тармағының екінші бөлігін, 7-тармағын4-бөлімін қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1116 қаулысымен  
бекітілген      

Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару
қағидалары мен мерзімдері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 3) тармақшасына, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес әзірленді және міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттердің (бұдан әрі – агенттер) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есептеуінің, ұстап қалуының (есебіне жазуының) және аударуының тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
      2. Заңды тұлғалар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер агент ретінде өздерінің орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органдарында есепке алынуға жатады.
      3. Агенттер қызметкерлерге төленетін табыстан ай сайын міндетті зейнетақы жарналарын есептеп ұстап қалады және оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақтың екінші бөлігі 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР Үкіметінің 18.10.2013 N 1116 қаулысының 4-т. қараңыз).
      Кәсіптері салымшылар өз қаражаты есебінен олардың пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын агенттер ай сайын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептейді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударады.
      Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды өзінің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударады.
      Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды шаруа немесе фермер қожалығы кәмелетке толған мүшесінің (қатысушысының) және басшысының пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің (қатысушыларының) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап есептелуге және төленуге тиіс.
      Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте он жылға жетпейтін қызмет стажы бар әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшін міндетті зейнетақы жарналарын есептеу және аудару Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының судьялары үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына судьяның ай сайынғы табысының 10 пайызы мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары бюджет қаражаты есебінен қосымша белгіленеді.
      Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетінен айрылу және (немесе) жұмысынан айрылу, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, сондай-ақ бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын есептеуді және ұстап қалуды міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі – Орталық) жүзеге асырады.
      Агенттердің Орталықтан қызметкерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шотының болуы туралы растама алуға құқығы бар.
      Агенттің қызметкерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шотының болуын растауға арналған өтінішінде: агенттің атауы мен деректемелері, қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Өтінішке басшы, бас бухгалтер қол қоюға және ол мөрмен расталуға тиiс. Егер тегі, аты, әкесінің аты өзгерген болса, сондай-ақ бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
      Орталық агенттен қызметкерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шотының болуын растауға арналған өтініш келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде агентке Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкерде бұл шарттың болуы туралы растау анықтаманы береді.
      4. Заңды тұлғалар-агенттер ұсталған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, оның ішінде қате төлемдерді қайтару туралы мәліметтерді электрондық және қағаз жеткізгіштерде заңнамада белгіленген тәртіппен сақтайды.
      Заңды тұлғаны-агенттi таратқан кезде міндетті зейнетақы жарналарын ұстау және аудару туралы құжаттар Мемлекеттік мұрағатқа беріледі.

2. Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу
(есебіне жазу) тәртібі мен мерзімдері

      5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге жататын міндетті зейнетақы жарналары Заңның 25-бабында белгіленген мөлшерлемелерді, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектісін пайдалану арқылы есептеледі.
      Мыналар міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектілері болып табылады:
      1) заңды тұлғалар үшін – зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының жетпіс бес еселенген ең төменгі мөлшерінен аспауға тиіс;
      2) жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын адвокаттар, жеке сот орындаушылары, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін – міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының жетпіс бес еселенген ең төменгі мөлшерінен аспауға тиіс;
      3) адвокаттар, жеке сот орындаушылары, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін - адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін дербес айқындайтын табыс мәлімделетін табыс болып табылады;
      4) Орталық үшін – еңбек ету қабілетінен және (немесе) жұмысынан айрылу жағдайына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің, сондай-ақ жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдер;
      5) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі үшін Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналы бөлігінде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі орталық аппаратының персоналына теңестірілген лауазымдар бойынша жалақының 100 пайыздық мөлшері.
      6. Міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 13) тармақшасында, 156-бабы 1-тармағының 10), 12), 21), 26) тармақшаларында көзделген табыстар мен төлемдерді қоспағанда, Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағында, 156-бабы 1-тармағында, 357-бабының 2-тармағының белгіленген төлемдерден ұсталмайды.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      7-тармақ 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР Үкіметінің 18.10.2013 N 1116 қаулысының 4-т. қараңыз).
      7. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуді міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын салымшылары кәсіптері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлердің тізбесінде көзделген қызметкерлердің пайдасына өз қаражаты есебінен Заңның 26-бабында белгіленген мөлшерлемені пайдалану арқылы есептеледі.

3. Міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорына аудару

Міндетті зейнетақы жарналарын аудару тәртібі мен мерзімдері

      8. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қолма-қол ақшасыз төлемдер арқылы агент жүргізеді, егер басқа болса.
      Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – банктер) шоттары жоқ адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер Қағидалардың 10-тармағында айқындалған тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын оларды кейіннен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару тәртібімен банкке қолма-қол ақшамен салады.
      9. Ұсталған (есебіне жазылған) міндетті зейнетақы жарналарын Орталыққа:
      1) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері мен шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатындардан басқа), сондай-ақ жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары мен адвокаттар қызметкерлерге төлейтін табысынан – табыстар төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;
      2) дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері мен шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін патент немесе оңайлатылған декларация негізінде қолданатындардан басқа), сондай-ақ жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары мен адвокаттар өз пайдасына – есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;
      3) арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде;
      4) арнаулы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде қолданатын шағын бизнес субъектілері – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде;
      5) арнаулы салық режимін патент негізінде қолданатын жеке кәсіпкерлер – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына патент құнын төлеу үшін көзделген мерзімде;
      6) Орталық – әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей аударады.
      10. Міндетті зейнетақы жарналарын, оның ішінде берешекті аудару Орталыққа жүргізіледі. Орталық міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес аударады.
      11. Салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарының сомасы Орталықтың шотына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде МТ-100 форматындағы электронды төлем тапсырмаларымен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады.
      Орталық бір мезгілде электронды тәсілмен агенттерден келіп түскен, МТ-100 форматындағы төлемнің сомасына сәйкес келетін төлем тапсырмалары тобынан тұратын, олардың пайдасына міндетті зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалардың тізімін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жібереді.
      Салымшының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты және (немесе) МТ-102 форматындағы тізімде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған кезде және (немесе) салымшының деректемелерінде қателер жіберілген болса, Орталық салымшының міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын агенттің шотына қайтарады.
      Орталық күн сайын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына алдыңғы операциялық күні жүргізілген төлемдер (сомасы мен салымшылардың саны) туралы үзінді көшірмені ұсынады.
      12. Агент Орталыққа міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде үш данада қағазға шығарылған төлем тапсырмасын және екі данада жеке тұлғалардың тізімін банкке ұсынады. Төлем тапсырмасының бірінші данасы мен тізімінің бірінші данасы банкте қалады, төлем тапсырмасының екінші және үшінші даналары мен тізімнің бір данасы банктің қабылдағаны туралы белгімен агентке қайтарылады.
      Агентке қызмет көрсететін банк міндетті зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары арқылы аударған жағдайда агент Банкке, агенттің Банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары мен филиалдарының бөлімшелеріне ұсынатын төлем тапсырмасының қағазда шығарылған төртінші данасын және жеке тұлғалар тізімінің үшінші данасын қосымша тапсырады.
      Жеке тұлғалардың тізімі әрбір жеке тұлға бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), туған күнін, жарна сомасын және ол үшін міндетті зейнетақы жарналары аударылатын кезеңді (айды, жылды) қамтуға тиіс.
      Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармаған жағдайда жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып, МТ-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастыру арқылы аударуды әрбір ай үшін жеке жүргізеді.
      Агенттер міндетті зейнетақы жарналары аударылатын кезеңді қағаз тасымалдағыштарда жасалатын төлем құжаттарында, төлемдер банк шотын ашпай жүргізілген кезде «Кезең» деген жолда, төлемдер агенттің банк шотынан ақшаны есептен шығару жолымен жүргізілген кезде «Төлемнің мақсаты» деген бағанда, ал МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларда «PERIOD» деген негізгі сөзде көзделген «ААЖЖЖЖ» форматында көрсетеді.
      13. Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер өз қызметкерлерінің міндетті зейнетақы жарналарынан және табыстарынан ұсталған сомаларын өз пайдасына аудара отырып (банкке қолма-қол енгізе отырып), төлем құжаттарында Орталықтың деректемелерін, ал оларға қоса берілетін тізімдерде өзі және қызметкерлер туралы мәліметтерді (жеке сәйкестендіру нөмірлерін, тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде), туған күнін, жарналардың сомалары мен міндетті зейнетақы жарналары төленіп отырған кезеңді (айын, жылын) көрсетуге тиiс.
      14. Банктер міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомалар агенттердің банктік шоттарынан есептен шығарылған күні Орталыққа аударады.
      Банктердің кассаларына міндетті зейнетақы жарналарын енгізу кезінде аудару қолма-қол ақшалар енгізілген күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей жүргізіледі.
      Банктердің Орталыққа ақша аударуы Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінде қолданылатын форматтарға сәйкес жеке тұлғалардың тізімдерімен бірге электрондық төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады.
      Саны елу адамнан асатын қызметкерлері бар агент Қағидалардың 13-тармағындағы талаптарды орындаудан басқа, банкке жоғарыда көрсетілген форматта электрондық жеткізгіштегі жеке тұлғалардың тізімімен бірге төлем тапсырмасын ұсынады.

Міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде қателер анықталған
жағдайда салымшылардың (алушылардың), агенттердің және бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорының іс-әрекеттері

      15. Салымшы (алушы) төленген мiндеттi зейнетақы жарналарының жекелеген сомаларының болмауын байқаса, зейнетақы төлемдерiн немесе жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомалары туралы деректерді алу және жол берілген қателерді түзету шараларын қабылдау үшін қателерді анықтағаны және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе орталыққа кез келген уақыттағы аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары және (немесе) өсiмпұл туралы төлем құжаттарының көшірмесін және төлем құжаттарына қоса берілген, өзінің жеке басына қатысты жеке тұлғалар тізімінің көшірмелерін өзіне беруі жөнінде агентке жазбаша өтініш береді.
      16. Агент заңнамада белгіленген тәртіппен таратылған және тарату процесі аяқталған жағдайда, салымшы (алушы) агенттің орналасқан жері бойынша мұрағат мекемелеріне, ал тарату өндірісі барысында тарату комиссиясына өтініш жасайды, олар оған құжаттардың расталған төлем көшірмелерін береді. Салымшы (алушы) алған төлем құжаттарының көшірмелерін өтінішпен қоса Орталыққа жібереді.
      17. Салымшының (алушының) деректемелерінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсiмпұлды аудару кезінде жіберілген қателер анықталған жағдайда салымшы (алушы) қатені түзеу туралы Орталыққа қатені түзеу туралы нотариатта куәландырылған өтініш береді. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салымшы (алушы) өтініш жасаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде агент беретін анықтама-растама немесе салымшының (алушының) деректемелерінде орын алған өзгерістерді растайтын жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса берiледi.
      Міндетті зейнетақы жарналарын банк шотын пайдаланбай аудару кезінде анықтама-растаманың орнына қолма-қол ақшаның міндетті зейнетақы жарналарын төлеу есебіне енгізілгенін растайтын түбіртек-хабарламалардың көшірмелері қоса беріледі.
      Орталық ұсынылған құжаттардың негізінде салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналарының есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттағы және салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотындағы деректемелеріне өзгерістер енгізу үшін Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салымшының (алушының) нотариатта куәландырылған өтінішінің электронды көшірмесін қоса отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына электронды өтінім ресімдейді.
      18. Агент мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды есептеу, аудару кезінде жіберілген қателерді анықтаған немесе салымшының (алушының) қателерді анықтағаны туралы жазбаша өтінішін алған жағдайда қателерді міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың бұдан кейінгі аударымдарын реттеу жолымен түзетеді.
      Мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұлдың кейінгі аударымдарын реттеу жолымен қателерді түзету мүмкін болмаған кезде агент қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсiмпұлды қайтару туралы өтінішпен Орталыққа жүгінеді. Қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтару туралы өтінішке салымшының (алушының) өзінің жеке зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды есептен шығаруға келісетіні туралы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысандағы салымшының (алушының) нотариатта куәландырылған өтініші қоса беріледі.
      19. Қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға берілген өтініште: агенттің атауы мен деректемелері, (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), (жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – ЖСН), банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі – БСК), жеке сәйкестендiру коды (бұдан әрі – ЖСК), қайтару себебі, қате жіберілген төлем құжаттарының деректемелері (нөмірі, күні мен сомасы), сондай-ақ жеке зейнетақы шотынан қайтару жүргізілетін салымшының (алушының) деректемелері мен қайтаруға жататын жеке сомалар көрсетіледі. Өтінішке басшы, бас бухгалтер қол қоюға және ол мөрмен расталуға тиiс. Егер бас бухгалтердің лауазымы көзделмеген болса, қайтаруға берілген өтінішке тиісті белгі қойылады.
      20. Орталық қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға агенттер мен банктерден және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алған құжаттардың негізінде зейнетақы төлемдерінің түсу фактісін және олар бойынша бұрын жүзеге асырылған қайтарулардың жоқ екенін тексергеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға арналған өтінімді электронды түрде қалыптастырады.
      Электронды түрдегі өтінімде: салымшының (алушының) деректемелері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, ЖСН, міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) қайтаруға жататын өсімпұлдың сомалары мен қайтару себебі көрсетіледі.
      Салымшының өзінің жеке зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды шығаруға келісетіні туралы нотариатта куәландырылған өтінішінің электронды көшірмесімен электронды түрдегі өтінімі ақпаратты тасымалдаудың автоматтандырылған қаржы жүйесін пайдалана отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жіберіледі.
      21. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Орталықтан қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға арналған өтінімді электронды түрде алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Орталық өтінімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып, қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын және (немесе) өсiмпұлды Орталыққа қайтаруды жүзеге асырады.
      22. Банктің кінәсі бойынша қате жіберілген жағдайда банк Орталыққа қате аударылған сомаларды қайтару туралы өтінішпен хатты жібереді.
      Қызмет көрсететін банктің кінәсінен қате есептелген сомаларды қайтаруға арналған өтініште: БСН, ЖСК, БСК, қате жіберілген төлем құжаттарының референстері мен қайтару себебі көрсетіледі. Хат пен өтінішке хатқа және қате нұсқаманы қайтаруға арналған өтініштерге қол қоюға аталған адамдардың өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмелерімен қоса, банктің уәкілетті адамдарының қолымен ұсынылады.
      23. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Орталық филиалдары (бұдан әрі – Орталық филиалы) және Орталық Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетінен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылу жағдайына берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары сомаларын есептеу, аудару кезінде жіберілген қателерді анықтаған жағдайда, Орталық филиалы қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын қайтаруға арналған электронды түрдегі өтінішті Орталыққа жібереді.
      24. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұл сомаларын электронды түрде Орталықтың өтінімінде көрсетілген міндетті зейнетақы жарналарының және (өсімпұлдың) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына нақты енгізілген номиналды сомасы бойынша Орталықтың банк шотына жеке тұлғалардың тiзiмiн қоса бере отырып, төлем тапсырмасымен қайтаруды жүргізеді.
      25. Инфляция деңгейі ескеріле отырып нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы өтеу сомасын есептеу кезінде ескерілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы қайтарылуға жатпайды.
      26. Орталық қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары және (немесе) өсiмпұлдың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды агенттің өтінішінде көрсетілген деректемелерге сәйкес жеке тұлғалардың тізімдерімен қоса төлем тапсырмасымен аударуды жүргізеді.
      27. Банк қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұл сомалары Орталықтан келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде міндетті зейнетақы жарналарының қайтарылғаны туралы агентті хабардар етеді.

Мiндеттi зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорына уақытылы аудармағаны үшін өсімпұлды төлеу және берешекті
өндіру

      28. Табыс іс жүзінде төленген және салымшы оны алған кезде агенттің уақытында ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын салық органдары өндіріп алады немесе агенттер кешіктірілген күн үшін (Орталыққа төлем жасау күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен мiндеттi зейнетақы жарналарын салымшылардың пайдасына аударуға тиіс.
      Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есебіне жазуға) және төлеуге міндетті.
      29. Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы ұстамағаны (есебіне жазбағаны) және аудармағаны үшін өсімпұлды агенттер қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның актілерімен бекітілген экономика секторларының кодтарын қолдану және төлемдерді тағайындау және оларға сәйкес төлемдер бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібіне сәйкес айқындалатын төлем тағайындау кодтарын көрсете отырып, кейіннен Орталықтың салымшының (алушының) шарты қолданылатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуы үшін Орталықтың банк шотына төлейді.
      30. Агенттер мiндеттi зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына уақтылы аудармағаны үшін өсiмпұл төлеуді Қағидалардың 8-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
      Әрбір төлем құжаты, оған қоса берілетін жеке тұлғалар тізімі даналарының саны, сондай-ақ оларды беру мен сақтаудың тәртібі мен мерзімдері Қағидалардың 13-тармағында міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін белгіленген шарттарға ұқсас.
      Агенттер өсiмпұлды уақытында аудармаған жағдайда, аудару жеке тұлғалардың тізімін қоса, әрбір ай үшін жеке-жеке МТ-102 форматындағы қалыптастыру арқылы әрбір ай үшін жеке-жеке жүргізеді.
      31. Саны елу адамнан асатын қызметкерлерi бар агент өсiмпұл төлеу кезінде Қағидалардың 13-тармағында айқындалған тәртіпте банкке қағаздағы және электрондық жеткізгіштегі жеке тұлғалардың тізімін қоса беру арқылы төлем құжатын ұсынады.
      32. Төлем құжатына қоса берілетін жеке тұлғалардың тізімі әрбір жеке тұлға бойынша «жарна сомасы» бағанын қоспағанда, мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу кезіндегі жеке тұлғалардың тізімі үшін Қағидалардың 13-тармағында көзделген деректемелерді қамтиды. Жарна сомасының орнына өсiмпұлдың тиісті сомасы көрсетіледі.
      Жеке тұлғалардың тізімдерінде агент олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармаған салымшылар (алушылар) ғана көрсетіледі.
      33. Банктер агенттер төлем құжаттарын көрсеткен кезде агенттер жеке тұлғалардың тізімдерін қоса беріп, МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен Орталықтың банктік шотына өсiмпұл аударуды жүргізеді.
      34. Орталық ақшаны бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына уақтылы аудармағаны үшін Заңда белгіленген мөлшерде өсiмпұл төлейді.
      Орталық өсiмпұл төлеу үшін агенттің төлем тапсырмасы негізінде әрбір жеке тұлға бойынша мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу кезінде жеке тұлғалардың тізімдері үшін осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген деректемелері бар «жарна сомасы» бағанын алып тастай отырып, жеке тұлғалардың тiзiмiн қосып, MT-102 форматындағы электронды төлем тапсырмасын қалыптастырады. Жарна сомасының орнына тізімге сәйкес әрбір жеке тұлға бойынша бөлінген өсімпұл сомасы көрсетіледі.
      35. Келіп түскен өсiмпұл сомаларынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақы алуы мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      36. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алынған өсiмпұл жеке тұлғалардың тізімдеріне сәйкес салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына аударады.
      37. Жеке тұлғалардың тізімі қоса берілмей аударылған өсiмпұл агентке қайтаруға жатады, келесі аударым кезінде өсiмпұлдың сомасы көрсетілген тізімді ұсынудың кешіктірілген күндерінің санына өседі.
      38. Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек қалыптасқан кезде, салық органдары агенттерге кейіннен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару үшін Орталыққа аударылуға тиіс мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама):
      1) 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
      2) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.
      39. Хабарлама агентке жеке өзіне қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылуға тиіс. Бұл ретте төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама мынадай жағдайларда:
      1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен – пошталық немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасында агентінің белгісі қойылған күннен бастап;
      2) электрондық тәсілмен – веб-қосымшада салық қызметі органының хабарламаны жеткізген күннен бастап салық төлеушіге (салық агентіне) берілген болып есептеледі. Аталған тәсіл Салық кодексінің 572-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген агентке қолданылады.
      Егер міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш сомадан аспайтын болса, хабарлама жіберілмейді.
      40. Агенттер хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық органына Қағидалардың 13-тармағында белгіленген тәртіппен пайдасына берешек өндірілетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімдерін ұсынады.
      41. Агенттердің банк шоттарынан міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімдері қоса берілген, салық органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.
      42. Пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндірілетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімдерін агенттерден алған кезде салық органы – Орталықтың бенефициарын көрсете отырып, агенттің банктік шотына (шоттарына) инкассолық өкімдерді ұсынады.
      Агенттің банктік шотында ұлттық валютада ақша болмаған жағдайда міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу салық органдары ұлттық валютада ұсынған инкассолық өкімдер негізінде агенттің банктік шоттарынан шетелдік валютада жүргізіледі.
      43. Агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды салық органдары мынадай жағдайларда жүргізеді:
      1) агенттің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімін ұсынбауы және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектің болуы – хабарлама берілген күннен бастап бес жұмыс күні өткенге дейін. Бұл ретте агенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы шамасында жүргізіледі.
      2) міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өтемеу – хабарлама берілген күннен бастап он бес жұмыс күні өткенге дейін. Бұл ретте агенттің банктік шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру жүргізіледі.
      44. Салық органының агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп бекіткен нысан бойынша ұсынылады және банк алған күнінен бастап күшіне енеді.
      45. Агентте банктік шот болмаған немесе агенттің банктік шоттарындағы ақша жеткіліксіз болған жағдайда салық органы агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларды тоқтатады.
      Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтату, кейіннен оларды салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу есебіне аудару үшін банкке ақша тапсыру жөніндегі операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операцияларына қолданылады.
      Агенттің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтату туралы салық органының өкімі Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
      46. Міндетті зейнетақы жарналарын банктік шотын ашпай төлеген кезде банктердің қызметтеріне ақы төлеуге байланысты шығыстар агенттің қаражаты есебінен жүргізіледі.
      47. Агенттердің міндетті зейнетақы жарналарын аударуын, белгіленген жағдайларда өсiмпұл төлеуін, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүргізетін міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомасын қайтаруын бақылауды қамтамасыз ету үшін, Орталық күн сайын өткен күн үшін салық органдарына қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен, сондай-ақ қайтарылған тізілімдерін және электрондық төлем тапсырмаларын Салық органдарына ұсынады.
      Мыналар жеке ұсынылады:
      адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер банкке қолма-қол ақшамен енгізген міндетті зейнетақы жарналары сомаларының қате келіп түскен және қайтарылған тізілімдері:
      Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айрылу және (немесе) жұмысынан айрылу, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден ұсталған, аударылған міндетті зейнетақы жарналарының тізілімдері.
      Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомаларының келіп түскен тізілімдері мен қайтарылған тізілімдері бойынша ай сайынғы есепті Орталық салық органдарына ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күнiнен кешіктірмей ұсынады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-бөлім 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР Үкіметінің 18.10.2013 N 1116 қаулысының 4-т. қараңыз).

4. Мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорына аудару

      48. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару кезінде қателер анықталған жағдайда салымшылардың (алушылардың), агенттердің және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының іс-қимылы, сондай-ақ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына уақтылы аудармаған кездегі өсімпұлды төлеу және берешекті өндіру осы Қағидалардың үшінші тарауында көзделген мiндеттi зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына уақытылы аудармағаны үшін өсімпұлды төлеу және берешекті өндіру тәртібінде және мерзімдерде жүргізіледі.

Мiндеттi зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы 
жарналарын есептеу, ұстап қалу
(есебіне жазу) және аудару  
қағидалары мен мерзімдеріне 
1-қосымша           

Қызметкердің (қызметкерлердің) жеке зейнетақы шотының болуы
туралы анықтама-растама

      Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық қызметкердің (қызметкерлердің) жеке зейнетақы шотының болуы туралы хабарлайды.

Р/с

Тегі

Аты

Әкесінің аты
(бар болса)

Туған күні
ЖЖЖЖААКК

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Қызметкерде міндетті зейнетақы жеке зейнетақы шотының болуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

7

М.О. ЗТМО аудандық (қалалық)
     бөлімшесінің басшысы ___________________________________________
                                          (Т.А.Ә., қолы)

                          Берілген күні 20__ жылғы «___» ____________

Мiндеттi зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы 
жарналарын есептеу, ұстап қалу
(есебіне жазу) және аудару  
қағидалары мен мерзімдеріне 
2-қосымша           

Растау анықтамасы

_____________________________________________________________________
                         (төлеушінің атауы)

Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын
аудару кезінде салымшы деректемелерінің мынадай төлем тапсырмаларында
қателер кеткенін растайды:

Төлем тапсырмасының нөмірі

Төлем тапсырмасының күні

Төлем тапсырмасының референсі

Салымшының жеке сомасы

Т.А.Ә. және туған күні
(салымшының дұрыс емес деректемелері)

Жарамды деп есептелсін
ЖСН _________________________________________________________________
Т.А.Ә. ______________________________________________________________
Туған күні __________________________________________________________

Бірінші басшы ______________________________________________ (Т.А.Ә.)
                                  (қолы)
Бас бухгалтер ______________________________________________ (Т.А.Ә.)
                                  (қолы)

Мөр орны

Мiндеттi зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы 
жарналарын есептеу, ұстап қалу
(қоса есептеу) және аудару  
қағидалары мен мерзімдеріне 
3-қосымша           

Салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шартының деректемелеріне өзгерістер енгізу
туралы өтініші

      Мен, __________________________________________________________
                              (Т.А.Ә., туған күні)
осы арқылы міндетті зейнетақы жарналарын/міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын аудару кезінде менің деректемелерімде қателер
жіберілгендігін хабарлаймын, атап айтқанда:
_____________________________________________________________________
             (қате жіберілген деректемелер көрсетіледі)

      Мынадай деректемелерді жарамды деп есептеулеріңізді сұраймын:
      ӘЖК (2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге) ___________________
      ЖСН (2013 жылғы 1 қаңтардан кейінгі кезеңге) __________________
      Т.А.Ә. ________________________________________________________
      Туған күні ____________________________________________________
      Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының
деректемелеріне өзгерістер енгізу үшін қажетті менің дербес
деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

__________                                              _____________
  (қолы)                                                   (күні)

Мiндеттi зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы 
жарналарын есептеу, ұстап қалу
(есебіне жазу) және аудару  
қағидалары мен мерзімдеріне 
4-қосымша           

Агенттің қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімақы
сомасын қайтаруға арналған өтініші

«Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік
орталығы» РМҚК бас директорына
________________________________________

      1. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын және (немесе) өсімақылар төлеушінің (агенттің)
деректемелері атауы _________________________________________________
_____________________________________________________________________
БСН (01.01.2013 ж. кейінгі төлемдер бойынша) ________________________
СТН (01.01.2013 ж. дейінгі төлемдер бойынша) ________________________
БСК ________________________ ЖСК ____________________________________
      2. Қате жіберілген төлем тапсырмасының деректемелері № ________
___________________________________ күні «___» _____________ 20__ жыл
төлем тапсырмасының жалпы сомасы ____________________________________
      3. Салымшының деректемелері ___________________________________
                                         (Т.А.Ә., туған күні)
ӘЖК _________________________________________________________________
салымшы жарнасының сомасы ___________________________________________
қайтарылуға тиісті сома _____________________________________________
      4. ____________________________________________________________
(қайтару талап етілетін себеп көрсетіледі, мысалы, қызметкер жұмыстан
босатылды, ТТК қате көрсетілген, кезең дұрыс көрсетілмеген, агенттің
банктік деректемелері қате көрсетілген, салымшының деректемелері қате
көрсетілген, резидент емес және т.б.) келесі төлемдермен түзету
мүмкін емес.
      Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргізуді сұраймыз
_____________________________________________________________________
     (кәсіпорынның толық деректері, барлық банктік деректемелер
                              көрсетіледі)

____________________                         ________________________
  (басшының қолы)                            (бас бухгалтердің қолы)

М.О.                                          _______________________
                                                      (күні)

Мiндеттi зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы 
жарналарын есептеу, ұстап қалу
(қоса есептеу) және аудару  
қағидалары мен мерзімдеріне 
5-қосымша          

Салымшының (алушының) қате есептелген соманы өзінің жеке
зейнетақы шотынан есептен шығаруға келісуі туралы
өтініш

      Мен, __________________________________________________________
                               (Т.А.Ә., туған күні)
      ЖСН ___________________________________________________________
      Осы арқылы менің жеке зейнетақы шотыма қате аударылған
_____________________________________________________________________
      (Қате есептелген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары және/немесе өсімақы сомаларын бірнеше
төлем тапсырмалары бойынша қайтару болған жағдайда, қайтарылуға тиіс
сома әрбір төлем тапсырмасына жеке көрсетіледі) сомасындағы міндетті
зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және
(немесе) өсімақының қайтарылуына келісім беремін)

      Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың
деректемелеріне өзгерістер енгізу үшін қажетті менің дербес
деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

_________                                                   _________
  (қолы)                                                      (күні)

Мiндеттi зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы 
жарналарын есептеу, ұстап қалу
(қоса есептеу) және аудару  
қағидалары мен мерзімдеріне 
6-қосымша           

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылуға тиіс
міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы
хабарлама

      20__ ж. «___» ______                                   № ______

      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына және Қазақстан Республикасы
Үкіметінің ______ жылғы ___________ № _______ қаулысымен бекітілген
Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын
есептеу, ұстап қалу (қоса есептеу) және аудару қағидалары мен
мерзімдеріне сәйкес
_____________________________________________________________________
                      (салық органының атауы)
Сізді _______________________________________________________________
      (Т.А.Ә., агенттің атауы, БСН-і (ЖСН-і), сәйкестендіру нөмірі
_____________________________________________________________________
               (ЖСН/БСН (ол болған жағдайда), мекен-жайы

20__ ж. «___» __________________ жағдай бойынша

                                                                теңге

Жиыны

Негізгі төлем сомасы

Өсімақы сомасы




      Осыған байланысты Сіз осы хабарламаны алған күннен бастап бес
жұмыс күні ішінде ___________________________________________________
                               (салық органының атауы)
_____________________________________________________________________
пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп
алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін табыс
етуіңіз қажет.
      Пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп
алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдері табыс
етілмеген жағдайда __________________________________________________
                                (салық органының атауы)
_____________________________________________________________________
агенттің банктік шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру
                           туралы өкім шығарады.
      Банктік шоттар болмаған немесе банктік шоттарындағы ақша
жеткіліксіз болған жағдайда _________________________________________
                                     (салық органының атауы)
касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
      Бұл ретте Сізге «Қазақстан Республикасында зейнетақымен
қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабында
белгіленген тәртіппен және шарттарда өсімақы есептеледі.
      Салық қызметі органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының
заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге «Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес
әкімшілік жаза шаралары қолданылады.
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіздің салық
қызметі органдары лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне)
салық қызметінің жоғары тұрған органына немесе сотқа шағымдануға
құқығыңыз бар.

Салық органының
басшысы (Басшының орынбасары) _______________________________________
                                      (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Хабарламаны алдым ___________________________________________________
                      (Т.А.Ә., агенттің атауы, қолы, мөрі, күні)
Хабарлама агентке тапсырылды
_____________________________________________________________________
  (салық қызметі органының лауазымды тұлғасының Т.А.Ә., қолы, күні)
Хабарлама агентке жіберілді _________________________________________
                      (жіберу және алу фактісі туралы растаушы құжат)

Мiндеттi зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы 
жарналарын есептеу, ұстап қалу
(қоса есептеу) және аудару  
қағидалары мен мерзімдеріне 
7-қосымша           

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуға тиіс міндетті
зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарының сомасы туралы хабарлама

      20__ ж. «___» ______                                   № ______

      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»
2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына
және Қазақстан Республикасы Үкіметінің ______ жылғы ______ № ____
қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (қоса есептеу) және
аудару қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес
_____________________________________________________________________
                     (салық органының атауы)
Сізді _______________________________________________________________
 (Т.А.Ә., агенттің атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН), мекенжайы)

20__ жылғы «___» ___________________ жағдай бойынша мынадай мөлшерде:

                                                                теңге

Атауы

Жалпы берешек

Негізгі төлемнің сомасы

Өсімпұл сомасы

Міндетті зейнетақы жарналары




Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары




Барлығы




бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары,
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегіңіздің бар
екендігі туралы хабардар етеді.
Осыған байланысты Сіз осы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс
күні ішінде _________________________________________________________
                              (салық органының атауы)
пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналары бойынша берешек өндірілетін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қоры салымшыларының тізімдерін табыс етуіңіз қажет.
      5 жұмыс күні өткеннен кейін пайдасына міндетті зейнетақы
жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек
өндірілетін жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдері
табыс етілмеген жағдайда ____________________________________________
                                   (салық органының атауы)
агенттің банктік шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру
туралы өкім шығарады.
      Банктік шоттар болмаған немесе банктік шоттарындағы ақша
жеткіліксіз болған жағдайда _________________________________________
                                     (салық органының атауы)
_____________________________________________________________ бойынша
шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
      Бұл ретте Сізге «Қазақстан Республикасында зейнетақымен
қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабында
белгіленген тәртіп пен шарттарда өсімақы есептеледі.
      Салық қызметі органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының
заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге Қазақстан
Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес
әкімшілік өндіру шаралары қолданылады.
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіздің салық
қызметі органдары лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне)
салық қызметінің жоғары тұрған органына немесе сотқа шағымдануға
құқығыңыз бар.

Салық органының басшысы
(басшының орынбасары) _______________________________________________
                                   (Т.А.Ә., қолы, мөр)
Хабарламаны алдым ___________________________________________________
                      (Т.А.Ә., агенттің атауы, қолы, мөр, күні)
Хабарлама агентке тапсырылды ________________________________________
                       (салық қызметі органының лауазымды тұлғасының
                                   Т.А.Ә., қолы, күні)
Хабарлама агентке тапсырылды ________________________________________
                        (салық қызметі органының лауазымды тұлғасының
                                                 Т.А.Ә., қолы, күні)

Мiндеттi зейнетақы жарналарын,
міндетті кәсіптік зейнетақы 
жарналарын есептеу, ұстап қалу
(қоса есептеу) және аудару  
қағидалары мен мерзімдеріне 
8-қосымша           

Агенттің кассасы бойынша щығыс операцияларын тоқтату туралы
салық органының өкімі

      20__ жылғы «___» ___________                     № ____________
      (үзінді көшірменің күні)

      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-тармағына және Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы «___» ___________ № ______________
қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (қоса есептеу) және
аудару қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес ___________________________
_____________________________________________________________________
                      (салық органының атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
касса бойынша барлық шығыс операцияларын (міндетті зейнетақы
жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорына берешекті өтеу операциясынан басқа)
тоқтата тұрады
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
   (агенттің Т.А.Ә., атауы, салыстыру нөмірі (ЖСН/БСН), мекенжайы)

      Агент осы өкімді алған сәттен бастап келіп түсетін барлық
қолма-қол ақшалар, олар түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен
кешіктірілмей бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына есепке алуға
жатады.
      Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру
кейіннен салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша
берешекі өтеу есебіне аудару үшін ақшаны банкке немесе банктік
операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға өткізу
бойынша операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшалардың барлық
шығыс операцияларына қолданылады.
      Салық қызметі органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының
заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге Қазақстан
Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес
әкімшілік өндіру шаралары қолданылады.
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіздің салық
қызметі органдары лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне)
салық қызметінің жоғары тұрған органына немесе сотқа шағымдануға
құқығыңыз бар.

Салық органының басшысы
(Басшының орынбасары) _______________________________________________
                                    (Т.А.Ә., қолы, мөр)

Өкімді алдым ________________________________________________________
                           (агенттің Т.А.Ә., қолы, мөр, күні)

Өкім салық төлеушіге
тапсырылды __________________________________________________________
           (салық органының лауазымды тұлғасының Т.А.Ә., қолы, күні)

Өкім салық төлеушіге
жіберілді ___________________________________________________________
           (салық органының лауазымды тұлғасының Т.А.Ә., қолы, күні)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1116 қаулысына  
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. «Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 9, 69-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 2010 қаулысы.
      3. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 желтоқсандағы № 1671 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 47, 553-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 561 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 25, 239-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы № 185 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 8, 103-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 және 2001 жылғы 22 желтоқсандағы № 1671 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 659 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 338-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 170 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 9, 83-құжат).
      8. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 тамыздағы № 736 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 29, 311-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.
      9. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қарашадағы № 1116 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42, 468-құжат).
      10. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы № 178 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 8, 87-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасы.
      11. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 157-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.
      12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 шілдедегі № 620 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 25, 294-құжат).
      13. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1343 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 622-құжат).
      14. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1350 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 561-құжат).
      15. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 648 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 534-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.
      16. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 1196 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1028-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.
      17. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 551 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.