Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1109 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1109 қаулысымен  
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің ережесі мен құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 31, 387-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес туралы ережеде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Кеңестің мақсаты діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру, қоғамдағы діни келісімді нығайту және конфессияаралық қатынастарды үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.»;
      6-тармақтың 2)3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын республикадағы діни ахуалдың жай-күйі және Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасының сақталуы туралы хабардар ету;»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруға қатысады;
      2) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлейді;
      3) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша консультативтік жұмыс жүргізеді;
      4) шет мемлекеттердің тиісті ұйымдарымен халықаралық байланыстар орнатады және оны жолға қояды.»;
      12-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын қарауға;».
      2. «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 690-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі туралы ережеде:
      15-тармақта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) дінтану сараптамаларын жүргізуді қамтамасыз етеді;»;
      15)16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) діни қызмет саласындағы жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
      16) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;»;
      «Агенттіктің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі» деген бөлім алынып тасталсын;
      «Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «Агенттіктің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі
      1. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      2. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.».
      3. «Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 ақпандағы № 209 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 33, 424-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сараптама жүргізуді діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - Уәкілетті орган) қамтамасыз етеді.»;
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы сараптама қорытындысының негізінде Қазақстан Республикасының аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды миссионерлер ретінде тіркеуге (қайта тіркеуге) қатысты тиісті шешім қабылдайды.».