Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысы

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жұмыспен қамту 2020 жол картасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың 10-күніне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Бағдарлама іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат, оның ішінде Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулы «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 19 маусымдағы
№ 636 қаулысымен   
бекітілген      

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы

1. Бағдарлама паспорты

Бағдарламаның атауы

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы

Әзiрлеу үшiн негiздеме

Қазақстан Республикасының Президентi – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңестің № 01-7.1 хаттамасы

Әзiрлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттiк орган

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, мiндеттерге, нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге жауапты мемлекеттiк және өзге де органдар

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Бағдарлама мақсаты

Жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтуды ұйымдастыру, жұмыссыздық деңгейінің өсуін төмендету және өсуіне жол бермеу арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу

Бағдарламаның мiндеттерi

Экономика салаларының білікті кадрларға қажеттілігін болжау тиімділігін қамтамасыз ету;
Жұмыс (тұрақты, уақытша) орындарын құруды жоспарлауды үйлестіру;
Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал үшін ғаламдық дағдарыстың ықтимал теріс салдарын төмендету және экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз ету;
Кәсіпкерлік белсенділікті дамыту;
Облысішілік және ауданішілік көші-қонды жоспарлау есебінен еңбек ресурстарының кәсіптік және аумақтық ұтқырлығын арттыру;
Жұмыс істейтін жастардың ұтқыр бөлігінің бейімделуі және өмір сүруі үшін жағдай жасау;
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды арттыру, олардың мәртебесін заңдастыру;
Әлеуметтік қолдау шараларының атаулылығын күшейту, масылдықты төмендету және еңбек белсенділігін ынталандыру.

Бағдарламаны iске асыру мерзiмi және кезеңдерi

1-кезең – 2013 – 2015 жылдар
2-кезең – 2016 – 2020 жылдар

Нысаналы индикаторлар

Жұмыспен қамту 2020 жол картасында қойылған мiндеттердi iске асыру барысында мынадай нәтижелерге қол жеткiзу жоспарланып отыр:
2016 жылға қарай:
кедейлiк деңгейi 6,0 %-дан аспайтын болады;
жұмыссыздық деңгейi 5,0 %-дан аспайтын болады;
өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі 64,5 %-ға дейін ұлғаяды.
2020 жылға қарай нәтижелерге қол жеткізу индикаторлары Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін айқындалатын болады.

Қаржыландыру көздерi және көлемі

Жұмыспен қамту 2020 жол картасын iске асыруға республикалық бюджетте:
2013 жылға – 104, 9 млрд. теңге;
2014 жылға – 100,6 млрд. теңге;
2015 жылға – 98,7 млрд. теңге көзделген.
Келесi жылдары Бағдарламаны қаржыландыру көлемi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттi тиiстi жоспарлы кезеңге қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.

2. Кіріспе

      1. Мемлекет басшысы 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саясатын жаңғырту жөніндегі міндеттерді қойды.
      Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының біріне жатады. Лайықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстарының әлеуетін дамытудың және іске асырудың маңызды шарты, қоғам игілігін өсірудің және өмір сүру сапасын арттырудың негізгі құралы.
      Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер барысында қарқынды дамып келе жатқан еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі және жұмыспен қамтылу деңгейі артуда. Соңғы 12 жыл ішінде жұмыс істейтін тұрғындардың саны 6 698,8 мың адамнан 8 507,2 мың адамға көбейіп, ал жұмыссыздық деңгейі 2001 жылғы 12,8 %-дан 2012 жылдың соңына 5,3 %-ға төмендеді.
      Жол картасы (2009 – 2010 жылдар) шеңберінде жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің арнайы шараларын әзірлеу мен іске асыру әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың әсерімен байланысты уақытша экономикалық қиын жылдарында да жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік берді.
      Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асырудың логикалық жалғасы болып табылады.
      Бағдарлама дағдарысқа қарсы ден қою тетіктерін, еңбек нарығын реттеудің тиімділігін арттыру, оның ішінде еңбек нарығын болжау және мониторингілеу, табысы аз, жұмыссыз мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты жұмыспен қамтудың белсендi шараларына тарту тетіктерін қамтиды.

3. Ағымдағы ахуалды талдау

      2. Елімізде жүргізілген әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар барысында қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды:
      1) халықтың экономикалық белсенділік деңгейі 1991 жылғы 68,6 %-дан 2012 жылы – 71,7 %-ға дейін артты, экономикалық белсенді халықтың саны 7,7 млн. адамнан 9,0 млн. адамға дейін көбейді;
      2) жұмыс істейтін халықтың саны 7,7 млн. адамнан 8,5 млн. адамға көбейді. Бұл ретте жеке кәсіпорындарда жұмыспен қамту басым;
      3) жұмыссыздық деңгейі 2 еседен астам – 2000 жылғы 12,8 %-дан 2012 жылы 5,3 %-ға дейін төмендеді. Жұмыссыз халықтың саны 474,8 мың адамды құрады, бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2 есеге аз.
      Алайда, еңбек нарығын сипаттайтын оң көрсеткіштерге қарамастан, бүгінгі таңда елімізде экономикалық белсенділігі өте төмен халық тобы бар, бұл:
      1) 474,8 мың жұмыссыз, олардың ішінде ең үлкен топ - 34 жасқа дейінгі адамдар;
      2) 1,1 млн-ға жуық нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар, бұлар тіркелмеген өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмыскерлер, жеке қосалқы шаруашылығында тек өзі тұтыну үшін өнім өндірумен айналысатын адамдар және отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін жұмыскерлері;
      3) 646,4 мың табысы аз азаматтар, олардың бір бөлігі жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жатады.
      Жалпы бұл 2,0 млн-ға жуық адам, олардың шамамен 80 %-ы ауылда тұрады.
      2,8 млн. жұмыспен қамтылғандар зейнетақы жинақтары мен әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайды.
      5 % жұмыссыздық деңгейін қамтамасыз ету үшін еліміз бойынша 2020 жылға дейін қосымша 508 мың адамды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету қажет.
      Ахуалды Қазақстандағы экономикалық өсу қарқынын 5 %-ға дейін бәсеңдетуге алып келген және жаңа жұмыс орындарын дамыту мен құруды тағы да кідіртуі мүмкін ғаламдық дамудың тұрақсыздығы ушықтыруы мүмкін.
      Бұған қоса, ауылда жаңа жұмыс орындарының құрылуы жеткіліксіз, бұған елеулі түрде мыналар кедергі болуда:
      1) өткізу нарықтарынан шалғайлық;
      2) көліктік, өндірістік және коммуналдық инфрақұрылымның дамымауы;
      3) қаржыландыруға қол жетімділіктің болмауы, ауылда екінші деңгейдегі банктер өкілдіктерінің болмауы;
      4) ауылда тұратын тұрғындар біліктілігінің төмендігі.
      Кемшін тұстарының арасында сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламаларда республика, облыс, аудан, ауыл деңгейінде құрылатын жұмыс орындарының саны бойынша тұтас және объективті жоспарлардың жоқтығын атап өту қажет.
      Өткен ғасырдың 90-жылдарының соңында жұмыспен қамту қызметінде жүргізілген институционалдық өзгерістер еңбек нарығын реттеудің тиімділігін төмендетті.
      Осылайша, қалыптасқан ахуал кедейлікті төмендету қарқынын бәсеңдетіп қана қоймай, жаңа экономикалық өсу айналымына өту жағдайларында жұмыс күшіне сұранысқа қарамастан еліміздегі еңбек ресурстарын толық пайдаланбау дегенді де білдіреді.
      Әлемдік практикада осындай проблемаларды шешу үшін еңбек нарығының белсенді бағдарламалары (бұдан әрі – ЕНББ) қолданылады. ЕНББ еңбек ресурстарын дамыту (кәсіптік даярлау және қайта даярлау), жұмыс күшіне сұранысты ұлғайту (жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау), еңбек нарығын реттеуді жетілдіру (жұмыспен қамту қызметтерін құру, ақпараттық сүйемелдеу), мемлекет (мемлекет жұмыспен қамту және оқытуды қамтамасыз ету жөніндегі жоғары сапалы қызмет көрсетуге міндеттенген, ал ЕНББ қатысушысы қарқынды жұмыс іздеуді жүзеге асыруға міндеттенген жағдайда «құқықтар мен міндеттер» немесе «өзара міндеттемелер» стратегияларын) жүзеге асыратын әлеуметтік қолдау жүйесімен еңбек күштерін жандандыруды үйлестіру арқылы жүзеге асырылады.
      Экономикалық тұрғыдан ЕНББ нәтижелі жұмыспен қамту ықтималын ұлғайтуды, еңбек өнімділігі мен жалақының өсуін, әлеуметтік тұрғыдан – жұмыссыздықты төмендетуді, еңбек белсенділігін өсіруді және адами әлеуетті дамытуды жоспарлайды.
      Бастапқыда мұндай бағдарламалар экономикалық депрессия және жұмыссыздықтың деңгейі жоғары болған кездерде қолданылған, ал қазіргі уақытта - экономикасы өтпелі елдерде өнеркәсіптік қайта құрылымдаудың кері әсерін азайту және еңбек нарығынан анағұрлым шалғай жатқан халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын кіріктіру үшін пайдаланылады.
      Осы негізде қол жеткізілетін оң нәтижелер ЕНББ қазақстандық еңбек нарығында әзірлеу және қолдануға өзекті сипат береді.
      Бұл тұрғыдан Жол картасы мен Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру барысында жинақтаған біздің мүмкіндіктеріміз еңбек нарығында туындайтын қатерлерді басқару тәжірибесіне күш береді.
      Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында қойған халықты жұмыспен қамту саясатын жаңғырту жөніндегі міндеттерді және баяндалған проблемаларды ескере отырып, осы Бағдарлама әзірленді.

4. Бағдарламаның мақсаты, мiндеттерi және нысаналы
индикаторлары

4.1. Бағдарламаның мақсаты

      3. Жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтуды ұйымдастыру, жұмыссыздық деңгейінің өсуін төмендету және өсуіне жол бермеу арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу.

4.2. Бағдарламаның нысаналы индикаторлары

      4. 2016 жылға қарай:
      1) кедейлiк деңгейi 6,0 %-дан аспайтын болады;
      2) жұмыссыздық деңгейi 5,0 %-дан аспайтын болады;
      3) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі 64,5 %-ға дейін ұлғаяды.
      2020 жылға қарай нәтижелерге қол жеткізу индикаторлары Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін айқындалатын болады.
      5. Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде қамтылғандардың (санаттар бойынша жалпы санындағы) үлес салмағы:
      1) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 2013 жылы – 4,0 %, 2014 жылы – 4,8 % және 2015 жылы – 7,1 %;
      2) жұмыссыздар 2013 жылы – 20,0 %, 2014 жылы – 22,0 % және 2015 жылы – 25,0 %;
      3) күнкөрісі төмен отбасылардың еңбекке жарамды мүшелерi (тартылған) 2013 жылы – 18,0 %, 2014 жылы – 19,0 % және 2015 жылы – 20,0 % болады.

4.3. Бағдарламаның мiндеттерi

      6. Бағдарламаның негізгі міндеттері:
      1) экономика салаларының білікті кадрларға қажеттілігін болжау тиімділігін қамтамасыз ету;
      2) жұмыс (тұрақты, уақытша) орындарын құруды жоспарлауды үйлестіру;
      3) Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал үшін ғаламдық дағдарыстың ықтимал теріс салдарын төмендету және экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз ету;
      4) кәсіпкерлік белсенділікті дамыту;
      5) облысішілік және ауданішілік көші-қонды жоспарлау есебінен еңбек ресурстарының кәсіптік және аумақтық ұтқырлығын арттыру;
      6) жұмыс істейтін жастардың ұтқыр бөлігінің бейімделуі және өмір сүруі үшін жағдай жасау;
      7) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты жұмыспен нәтижелі қамтуды арттыру, олардың мәртебесін заңдастыру;
      8) әлеуметтік қолдау шараларының атаулылығын күшейту, масылдықты төмендету және еңбек белсенділігін ынталандыру болып табылады.
      7. Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
      2) кәсіпкерлікті дамыту арқылы:
      жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау;
      тірек ауылдарды кешенді дамыту арқылы жұмыс орындарын құру;
      3) жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу:
      оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
      жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

4.3.1. Жұмыс орындарын құру мониторингі және жоспарлау

      8. Қолданыстағы мемлекеттік, салалық бағдарламалар шеңберінде экономика салаларының білікті кадрларға қажеттілігіне болжам жасаудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында өңірлер мен жекелеген мамандықтар бөлінісінде 2020 жылға дейін жұмыс орындарын құру бойынша сандық көрсеткіштер болжанатын болады.
      Әзірленетін мемлекеттік (салалық) бағдарламалар жұмыс орындарын құру бөлігінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен (бұдан әрі – Бағдарлама операторы) келісіледі.
      Орталық мемлекеттік органдар бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджет өтінімін қалыптастыру кезінде республикалық бюджет қаражаты есебінен мәлімделген жобалар бойынша жұмыс орындарын құру жоспарларын Бағдарлама операторымен келіседі.
      Жергілікті атқарушы органдар бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен мәлімделген жобалар бойынша жұмыс орындарын құру жоспарларын жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келіседі.
      Жұмыс орындарын құру жөніндегі жоспарларда мемлекеттік және жеке инвестициялар:
      1) мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдаумен коммерциялық жобалар;
      2) жеке бастамалар шеңберінде (мемлекеттің қолдауынсыз) жобаларды іске асыру;
      3) мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде жобаларды іске асыру;
      4) республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен салу және реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу жөніндегі жобаларды іске асыру;
      5) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы құрылатын жұмыс орындары туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.
      9. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде, оның ішінде республикалық меншіктегі объектілерге әлеуметтік-мәдениет объектілерінің құрылысы кезінде кемінде 30 %, әлеуметтік-мәдениет объектілерін реконструкциялау кемінде 40 %, күрделі, ағымдағы жөндеу және абаттандыру бойынша кемінде 50 % инфрақұрылымдық жобалар іске асырылатын ауданда тұратын Бағдарламаға қатысушылар үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша жұмыс орындарын ұсынуды қамтамасыз етеді.
      10. Аталған инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатқан ауданда (қалада) қажетті еңбек ресурстары болмаған жағдайда аудандардың (қалалардың) жұмыспен қамту орталықтарының жазбаша келісімі болған жағдайда сырттан қосымша еңбек ресурстарын тартуға жол беріледі.
      11. Қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдары жылына екі рет (есепті жылдың 1 қаңтардағы және 1 шілдедегі жай-күйі бойынша) 5 қаңтарда және 5 шілдеде Бағдарлама операторы бекіткен нысан бойынша облыстың жергілікті атқарушы органдарына жұмыс орындарын құру жоспарларын ұсынады.
      Жұмыс орындарын құру жөніндегі жоспарлар қалалардың және аудандардың Жұмыспен қамту карталарында көрініс табатын болады.
      12. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары жылына екі рет (есепті жылдың 1 қаңтардағы және 1 шілдедегі жай-күйі бойынша) 10 қаңтарда және 10 шілдеде орталық мемлекеттік органдарға жетекшілік ететін салаларға сәйкес жұмыс орындарын құру жоспарларын ұсынады.
      Жұмыс орындарын құру жөніндегі жоспарлар облыстардың Жұмыспен қамту картасында көрініс табатын болады.
      13. Мемлекеттік (салалық) бағдарламаларды іске асыратын орталық мемлекеттік органдар жетекшілік ететін салалары бойынша орталық мемлекеттік органдардың жоспарларын ескере отырып, жұмыс орындарын құру жөніндегі жиынтық деректерді қалыптастырады әрі 25 қаңтарда және 25 шілдеде Бағдарлама операторына ұсынады.
      Жұмыс орындарын құру жөніндегі жоспарлар республикалық Жұмыспен қамту картасында көрініс табады.
      14. Өңірлердің Жұмыспен қамту картасын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты Бағдарлама операторы бекітеді.
      Жұмыспен қамту карталары еңбек нарығын болжауды, мониторингін жүзеге асыру және еңбек ресурстарына сұраныс пен ұсынысты теңгерімдеуге жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын реттеудің тиімділігін арттыру мақсатында жасалады және бесжылдық перспективаға жылдар бойынша және әрбір аудан, облыстық бағыныстағы қала, облыс, Астана және Алматы қалалары бойынша толтырылады.
      15. Орталық мемлекеттік органдар жетекшілік ететін салалары бойынша және жергілікті атқарушы органдар ұсынылған жоспарларға сәйкес жұмыс орындарын құруға мониторинг жүргізеді.
      16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) отырысында:
      1) республика бойынша және өңірлер бөлінісінде жұмыс орындарын құру жоспары қаралады және мақұлданады;
      2) жыл қорытындысы бойынша облыстардың әкімдері жұмыс орындарын құру, жұмыссыздық деңгейі және кедейлік жоспарын іске асыру және Бағдарламаны іске асыру бойынша есеп береді;
      3) жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік (салалық) бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік органдар басшыларының салалар бойынша жұмыс орындарын құру жоспарын іске асыру туралы есептері тыңдалады.
      Бағдарлама операторы жұмыс орындарын құру және республика бойынша еңбек нарығындағы ахуалға мониторинг қорытындысы бойынша есеп береді.
      17. Жұмыспен қамту карталарының іске асырылуын ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында Бағдарлама операторы «Жұмыспен қамту картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін әзірлейді.
      18. Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Бағдарлама операторы, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар мен халықты жұмыспен қамту орталықтары мынадай бағыттар бойынша жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен ынтымақтастықты жүзеге асырады:
      1) бос орындардың және Бағдарламаға қатысушылардың деректер қорына қолжетімділік беру;
      2) Бағдарлама шеңберінде ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы Бағдарламаға қатысуға үміткерлерге консультация беру;
      3) Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
      19. Қойылған міндеттерді шешу мақсатында Бағдарлама операторы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайтын болады.

4.3.2. Бағдарламаға қатысушылар

      20. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың, жұмыссыздар, табысы аз адамдар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, еңбекке қабілетті мүгедектер, бітіргеннен кейін бір жыл ішінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбы, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
      21. Бағдарламаға қатысу үшін басымдық мынадай санаттарға:
      1) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастарға;
      2) он сегізден жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
      3) ауылды жерлерде тұратын әйелдерге;
      4) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдарға;
      5) жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерге;
      6) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін және мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды алушы болып табылатын адамдарға;
      7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдарға;
      8) бас бостандығынан айыру орындарынан және (немесе) мәжбүрлі емдеуден босатылған адамдарға;
      9) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған адамдарға беріледі.

4.3.3. Бірінші бағыт:
Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту
есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету

      22. Бірінші бағыт әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті орташа немесе жоғары қалалар мен ауылдық елді мекендерде, саяжай кенттерінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған және жұмыс орындарын шұғыл құруға және жұмыссыздық деңгейін бақылауға мүмкіндік береді.
      23. Инфрақұрылымдық жобалар мынадай басымдықтар бойынша іске асырылатын болады:
      1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (сумен жабдықтау, кәріз, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелерінің объектілері);
      2) әлеуметтік-мәдени объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ойын-сауық және демалыс объектілері, оның ішінде республикалық меншік объектілері);
      3) инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (қалалық автомобиль жолдары, кентішілік және ауылішілік жолдар, кірме жолдар, аудандық маңызы бар жолдар, плотиналар, бөгеттер мен көпірлер);
      4) ауылдық жерлердегі фельдшерлік-амбулаторлық пункттер, дәрігерлік амбулаториялар салу (ауылдағы авариялық, бейімделмеген және саман объектілерінің проблемаларын шешетін объектілерге баса назар аударылады);
      5) елді мекендерді абаттандыру (көшелердi жарықтандыру және көгалдандыру, иесi жоқ объектiлердi бұзу, қатты тұрмыс қалдықтары полигондарын, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын алаңшаларын көрiктендiру).
      24. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде аталған бағыттың барлық бес басымдығы бойынша, қалаларда бірінші, екінші және үшінші басымдық бойынша іске асырылады.
      25. Саяжай кенттерінде коммуналдық меншіктегі объектілер бойынша бірінші, екінші және үшінші басымдықтар іске асырылады.
      Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде тірек ауылдық елді мекендерге басымдық беріледі.
      26. Республикалық бағдарламалар әкімшілері мен өңірлер арасында қаражат республикалық меншіктегі әлеуметтік-мәдени объектілерді күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуге бөлінеді. Жобаларды іске асыруға арналған қаражат ВАК-тың ұсынымы негізінде, бірақ бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 5 %-ынан аспайтын мөлшерде бөлінеді.
      Өңірлер арасында қаражат мынадай тәртіппен бөлінеді:
      1) 80 % - халықтың санына барабар түрде;
      2) 20% - алдыңғы жылғы:
      Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру;
      жұмыссыздар санын қысқарту;
      өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың санын қысқарту;
      табысы аз халықтың (атаулы әлеуметтік көмек алушылар) санын қысқарту бойынша жұмыс нәтижесіне байланысты бөлінеді.
      27. Республикалық меншіктегі объектілерді қоспағанда, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жергілікті атқарушы органдардың тарапынан кемінде 10 % қоса қаржыландырылған жағдайда жүзеге асырылады.
      Инфрақұрылымдық жобаларды іріктеуді және қаражат бөлуді жергілікті атқарушы органдар дербес жүзеге асырады. Бөлінген қаражаттың кемінде 70 %-ы жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін ауылдық жерлерге жіберіледі.
      28. Жаңа инфрақұрылымдық жобалар бойынша іріктеу бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің келісімімен өңірлерді дамыту жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлеген әдістемеге сәйкес жүзеге асырылады.
      29. Халықты жұмыспен қамту орталықтары инфрақұрылымдық жобаға жұмысқа орналастыру үшін сол ауданда (қалада) тұратын Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша құрылтайшы болып айқындалған жұмыс берушіге жібереді. Астана және Алматы қалалары үшін уақытша тіркелімді пайдалануға болады.
      30. Іске асыру тетігі:
      1) теңгерімінде республикалық меншіктегі әлеуметтік-мәдени объектілері бар орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi бөлiнген жалпы қаржыландыру лимиттерiн негізге алып, Бағдарлама шеңберiнде iске асыру үшiн инфрақұрылымдық жобаларды:
      ауылдық елдi мекендердiң әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетiн (жоғары немесе орташа);
      мемлекеттiк сараптамадан өткен объектiлердi салуға, реконструкциялауға, күрделi жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманың болуын;
      инфрақұрылымдық жобалар шеңберiнде орташа және (немесе) ағымдағы жөндеудi жүзеге асыру жоспарланып отырған ақаулар ведомосының, сметалық құжаттаманың, орындалатын жұмыс көлемiнiң шығыстар сметасының болуын;
      құрылатын жұмыс орындарының санын, оларға Бағдарламаға қатысушылардың басым тәртiппен жұмысқа орналасуын және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісілген орташа айлық жалақысының мөлшерiн ескере отырып, iрiктеудi жүзеге асырады;
      2) облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдерi iске асыру ұсынылатын инфрақұрылымдық жобаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес талап етілетін техникалық құжаттаманы және инфрақұрылымдық жобаларды таңдау негiздемесiн қоса отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне қарау үшiн ұсынады;
      3) жобаларды қарау барысында республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi жобалардың техникалық құжаттамада ұсынылған бағыттардың басымдықтарына, құрылатын жұмыс орындарының санына сәйкестiгiн тексередi. Жоба Бағдарлама операторымен жұмыс орындарын құру бөлігінде келісілгеннен кейін тиiстi қорытынды дайындайды;
      4) республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң iске асырылуы көзделген инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
      5) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде, оның ішінде республикалық меншіктегі объектілерге әлеуметтік-мәдениет объектілерінің құрылысы кезінде кемінде 30 %, күрделі, ағымдағы жөндеу және абаттандыру бойынша кемінде 50 % инфрақұрылымдық жобалар іске асырылатын ауданда тұратын Бағдарламаға қатысушылар үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша жұмыс орындарын ұсынуды қамтамасыз етеді.
      Инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатқан ауданда (қалада) қажетті еңбек ресурстары болмаған жағдайда, аудандардың (қалалардың) жұмыспен қамту орталықтарының жазбаша келісімі болған жағдайда оны сырттан тартуға жол беріледі;
      6) инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға қатысуды қалайтын және оған мүмкiндiгi бар Бағдарламаның әлеуеттi қатысушылары халықты жұмыспен қамту орталықтарына Бағдарламаға қатысуға өтiнiшпен жүгінеді және қажеттi құжаттарды ұсынады;
      7) халықты жұмыспен қамту орталығы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына қажеттілігін ескере отырып, өтiнiш берушiлердi Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы шешiм қабылдайды;
      8) Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтiк келiсiмшарт жасалады;
      9) халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушыларды iске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшiн жiбередi;
      10) әлеуметтiк келiсiмшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.
      Бағдарламаға қатысушылар мен Бағдарлама шеңберiнде инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға қатысатын жұмыс берушiлер туралы мәлiметтер әлеуметтiк-еңбек саласының бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң «Жұмыспен қамту» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнде орналастырылады;
      11) республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлері өз құзыреттері шегінде Бағдарлама шеңберiнде iске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға мониторинг жүргiзедi.
      Осы бағыт шеңберiнде нысаналы даму трансферттерiн аудару тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекiтiлген Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.

4.3.4. Екінші бағыт:
Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және
тірек ауылдарды дамыту

      31. Екінші бағыт жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту арқылы кәсіпкерлікті ынталандыруды және экономикалық белсенділікті арттыруды, тірек ауылдық елді мекендерді кешенді дамытуды көздейді.
      Екінші бағытта мынадай құрамдас бөліктер бар:
      1) ауылдағы жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау;
      2) тірек ауылдарды кешенді дамыту.

4.3.4.1. Жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау

      32. Аталған құрамдас бөлікті іске асыру олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан, даму әлеуеті орташа және жоғары ауылдарда, шағын қалаларда, қалалық әкімшілік бағыныстылық аумағындағы кенттерде жүзеге асырылады.
      33. Қатысуға құқығы бар адамдар үшін мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетіледі:
      1) жол жүруге және тұруға материалдық көмек ұсына отырып, кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту және бизнес-жоспарын дайындауға жәрдемдесу;
      2) микрокредиттер беру;
      3) бір жылға дейінгі мерзімге жобаларды сүйемелдеу жөнінде сервистік қызметтер (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлері) көрсету;
      4) жетiспейтiн инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу және/немесе инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін ілеспе технологиялық жабдықтар сатып алу.
      34. Қатысу, сондай-ақ Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдау көрсетудi ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында айқындалады.
      35. Конкурсты ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi, микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктердi iрiктеу және кредит ресурстарын беру, оларға осы бағыт шеңберiнде бөлiнген кредит ресурстарының мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргiзу, қатысу тәртібі Микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктерге конкурстық негiзде кредит беру қағидасында айқындалады.
      Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлік негіздерін оқытуды жүргізу және сервистік қызметтер көрсету үшін ұйымды айқындау мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
      36. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және сервистік қызметтер көрсету.
      Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және сервистік қызметтер көрсету республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырылады.
      Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тегін жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды қамтамасыз ететін ұйым тұрғылықты жерінен тысқары жерде орналасқан жағдайда Бағдарламаға қатысушыларға жол жүруге және тұруға материалдық көмек төленеді. Кәсіпкерлік негіздеріне оқитын Бағдарламаға қатысушыларға бизнес-жоспар әзірлеуге жәрдем көрсетіледі.
      Сервистік қызметтерді кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды жүргізген ұйым консультациялар жүргізу арқылы көрсетеді.
      37. Микрокредит беру шарттары:
      1) республикалық бюджеттен бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органға қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 0,01 % жылдық сыйақы мөлшерлемесімен беріледі;
      2) бюджеттiк кредиттiң нысаналы мақсаты – жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту;
      3) кредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй алуға берiлмейдi;
      4) кредит беру мерзiмi – 5 жылдан аспайды;
      5) кредиттiң ең жоғары сомасы 3 млн. теңгеден аспайды;
      6) соңғы қарыз алушыға, микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарына және/немесе кредиттiк серiктестiктерге кредит бойынша негiзгi борышты өтеу бойынша кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бiрiнен аспайтын мерзiмге жеңiлдiктi кезең ұсынылуы мүмкiн;
      7) микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары және/немесе кредиттiк серiктестiктер үшiн уәкiлеттi өңiрлiк ұйым ұсынатын кредиттер бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі өңiрлiк комиссиямен келiсу арқылы уәкiлеттi өңiрлiк ұйым үшiн белгiленген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі мен оның кредит берудi ұйымдастырумен байланысты жоспарланған шығыстарын негізге ала отырып, белгіленеді;
      8) соңғы қарыз алушы үшiн кредиттiк ресурстар бойынша жылдық ең жоғары тиiмдi мөлшерлемені өңiрлiк комиссиямен келiсу арқылы уәкiлеттi өңiрлiк ұйым белгiлейдi;
      9) қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым ұсынатын соңғы қарыз алушы үшін кредиттік ресурстар бойынша жылдық сыйақының ең жоғары тиімді мөлшерлемесі өңірлік комиссиямен келісе отырып белгіленеді.
      38. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту шарттары.
      Жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу және жетiспейтiн инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуға және/немесе салуға мемлекеттік сараптама жүргізу және ілеспе технологиялық жабдықтар сатып алу республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырылады.
      Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту Бағдарлама шеңберiнде қатысушылар iске асыратын жобалар үшiн қолданыстағы жүйелерге: жолдарға, кәрiзге, жылумен және сумен жабдықтауға, телефон және электр желiлерiне жетiспейтiн инфрақұрылым жүргізуді көздейді.
      Жетiспейтiн инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуды және/немесе салуды және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін ілеспе технологиялық жабдықтар сатып алуды жергілікті атқарушы органдар айқындалған техникалық шарттар немесе заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама және бизнес-ұсыныстар негізінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырады.
      39. Жергілікті атқарушы органдар жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамытуға арналған ілеспе технологиялық жабдықтарды сатып алу жөніндегі уәкілетті органды айқындайды.
      Бұл ретте, инфрақұрылым объектілерін салу немесе реконструкциялау және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін сатып алынатын ілеспе технологиялық жабдықтардың құны жобалау-сметалық құжаттаманың құны мен мемлекеттік сараптама жүргізу құны есепке алынбай айқындалады және берілетін кредиттің сомасына қарамастан, Бағдарламаның бір қатысушысына 3 млн. теңгеден аспауға тиіс.
      Жетiспейтiн инфрақұрылым жүргізу елдi мекендi дамытудың бас жоспарына (ауылда – инженерлiк-коммуникациялық желiлердiң жергiлiктi схемаларына) сәйкес келуге тиiс және бiр немесе бiрнеше жобаны қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкiн.
      Жүргізілген инженерлік инфрақұрылым жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігінің теңгеріміне беріледі.
      Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін сатып алынатын ілеспе технологиялық жабдық қабылдау-беру актісі арқылы Бағдарламаға қатысушының меншігіне беріледі. Бұл ретте кредитті қайтару мерзімі ішінде Бағдарламаға қатысушы ілеспе технологиялық жабдықты мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді және растайды.
      40. Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына, кредиттік серіктестіктерге және қаржы агенттігі мәртебесіне ие ұйымдарға кредиттік ресурстар беру тетігі:
      1) Бағдарлама операторы жергiлiктi атқарушы органға бюджеттiк кредит бередi;
      2) аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары:
      жергілікті бюджет қаражаты есебінен Кәсіпкерлікті дамыту картасын әзірлеуді қамтамасыз етеді және облыстың кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі уәкілетті органымен келісім бойынша оны бекітеді;
      Кәсіпкерлікті дамыту картасы бекітілгенге дейін Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру өңірлік комиссиялар айқындаған өңірде кәсіпкерлікті дамытудың басымды бағыттарына сәйкес жүзеге асырылады;
      3) облыстардың жергілікті атқарушы органдары микрокредит беруді ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті өңірлік ұйымды айқындайды;
      4) уәкiлеттi өңiрлiк ұйым микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктерге кредит берудiң белгiленген қағидаларына сәйкес Бағдарламаға қатысу үшiн микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарын және/немесе кредиттiк серiктестiктердi iрiктеу бойынша конкурс өткiзедi.
      Микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдары мен кредиттiк серiктестiктер арасында конкурс өткізбей, соңғы қарыз алушыларға кредит беруді қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымның өзі жүзеге асыруы мүмкін;
      5) уәкiлеттi өңiрлiк ұйым мен микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарының және/немесе кредиттiк серiктестiктердiң арасында кредит беру туралы шарт жасалады.
      Уәкілетті өңірлік ұйымның қаржы агенттігі мәртебесі болған жағдайда кредиттік шарт тікелей соңғы тұтынушымен жасалады.
      41. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тетігі:
      1) Бағдарламаның екiншi бағытының бірінші құрамдас бөлігіне қатысуға ниет бiлдiрушiлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді, онда оларға Бағдарлама шеңберінде микрокредит алудың ықтимал нұсқалары туралы консультация беріледі;
      2) халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылардың құрамына енгізілген адамдармен әлеуметтік келісімшарттар жасайды;
      3) халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйымға жібереді, онда оларды кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту, бизнес-жоспар әзірлеуге жәрдемдесу қамтамасыз етіледі.
      Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыға тұруына және жол жүруіне материалдық көмек төлеуді қамтамасыз етеді.
      Бұдан бұрын Жұмыспен қамту 2020Бизнестің жол картасы 2020 шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткен адамдардың, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған бизнесін кеңейтіп жатқан адамдардың микрокредит алуға құқығы бар;
      4) микрокредиттер беру:
      Бағдарламаға қатысушы сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымның жәрдем көрсетуімен бизнес-жоспар әзірлейді және Бағдарламаға қатысушыларға кредит беру құқығын алған қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымға не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымына микрокредит алуға өтініммен жүгінеді;
      микрокредитті кредиттік серіктестік арқылы алған жағдайда Бағдарламаға қатысушы жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидасына сәйкес уәкілетті өңірлік ұйым өткізетін кредиттік серіктестіктерді іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысатын кредиттік серіктестікке жүгінеді;
      5) Бағдарламаға қатысушы кредит алуға оң қорытынды алғаннан кейін сервистік қызмет көрсету жөніндегі ұйыммен бір жылға дейінгі мерзімге жобаны сүйемелдеу жөніндегі қосымша қызметтер (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлерін) ұсынуға шарт жасасуға құқылы;
      6) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту:
      халықты жұмыспен қамту орталықтары қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымнан не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымынан немесе кредиттік серіктестіктен оң қорытынды алған кезде инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жобалары инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін салуды немесе қайта жаңартуды немесе инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін ілеспе технологиялық жабдықтар сатып алуды талап ететін Бағдарламаға қатысушылардың тізімін жібереді;
      инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті орган инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін қаржыландыру немесе инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін ілеспе технологиялық жабдықтар сатып алу мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) және қаржыландыру көлемі туралы қорытынды дайындайды және халықты жұмыспен қамту орталығын хабардар етеді;
      7) оң қорытынды алған жобалар бойынша Бағдарламаға қатысушы мен инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органның арасында тиiстi шарт жасалады;
      8) жетіспейтін инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады;
      9) шартта көзделген инфрақұрылымдық жобаның iске асырылуына мониторинг жүргiзу инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органға жүктеледi.

4.3.4.2. Тірек ауылдарды кешенді дамыту

      42. Тірек ауылдарды кешенді дамыту мемлекеттік қолдау шараларын шоғырландыру есебінен әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде нысаналы нәтижелі жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған.
      Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесін өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
      43. Әзірленген әдістемеге сәйкес жергілікті атқарушы органдар өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органмен және Бағдарлама операторымен келісім бойынша тірек ауылдық елді мекендердің тізбесін айқындайды.
      Бағдарлама шеңберінде кешенді дамыту үшін айқындалған тірек ауылдық елді мекендердің тізбесі ВАК-та қаралады.
      44. Тірек ауылды дамытудың әзірленген стратегиясы шеңберінде Бағдарламада көзделген барлық құралдары шектеулерсіз, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін ықтимал пайдалана отырып қолданылатын болады.
      Осының есебінен:
      1) жеке қосалқы шаруашылықтарда істейтін өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмыскерлерді толыққанды экономикалық белсенділікке тарту;
      2) жұмыссыздардың, табысы аз адамдардың санын қысқарту;
      3) тірек елді мекендерді жүйелі дамыту;
      4) аграрлық сектордың, оның ішінде ілеспе және қосалқы өндірістердің қосылған құндарының тізбегін жүйелі дамыту қамтамасыз етіледі.
      45. Іске асыру тетігі:
      1) ауданның жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден ауылдық елді мекеннің бизнес моделін әзірлеу үшін консалтингтік компанияны таңдауды жүзеге асырады;
      2) консалтингтік компания ауылдық елді мекендер үшін дамудың перспективалық бағыттарын айқындайды және ұсынады;
      3) ауданның жергілікті атқарушы органы, консалтингтік компания және ауылдық округтің (кенттің) әкімі ынтымақты жауапкершілік қағидаттарында жергілікті қауымдастық жиынына қатысуды қалайтын ауылдық елді мекен, жеке және заңды тұлғалар үшін дамудың перспективалық бағыттарын қарауды қамтамасыз етеді;
      4) консалтингтік компания жергілікті қоғамдастық жиынында келісілген дамудың перспективалық бағыттарының, ауылды елді мекеннің негізінде ауылды елді мекендер үшін оңтайлы бизнес модельді айқындауды көздейтін дамудың мастер-жоспарын әзірлейді, ол мыналарды:
      нақты сатып алушыға бағдарланған кәсіпкерлік қызметті;
      іске асыруға ұсынылатын перспективалық бағыттар мен нақты жобаларды (ірі, орташа және шағын жобалар);
      технологиялық тізбектерді дамытуды (ілеспе және қосалқы өндірістер);
      шикізат берушіні, баға саясатын, логистиканы;
      бәсекелестік басымдықтарды, еңбек ресурстарының болуын, олардың сапасын, көші-қон үдерістерін;
      бизнес модельдегі белгілі бір жобаларды іске асыру үшін қажетті инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды айқындауды;
      құралдарға қажеттілікті және іске асыру кезеңдерін айқындауды қамтиды;
      5) аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары бекіткен мастер-жоспар негізінде ауданның жергілікті атқарушы органы, консалтингтік компания және ауылдық округтің (кенттің) әкімі:
      кредит беруге арналған қаражатқа қажеттілікті;
      бизнес жоспарларды іске асыру қажеттігіне қарай инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру басымдылығы мен кезектілігін айқындайды;
      6) аудандардың жергілікті атқарушы органдары мастер-жоспар негізінде бірінші бағыттың басымдықтарына сәйкес іске асыруға жоспарланатын инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалардың тізбесін, микрокредит беруге арналған қаражатқа қажеттілікті, кәсіпкерлік негіздеріне оқуға және сервистік сүйемелдеу мен жөндеу жұмыстарын қамтитын бюджет өтінімін қалыптастырады.
      Ауданның жергілікті атқарушы органдары облыстың жергілікті атқарушы органдарына қалыптастыру үшін бюджеттік өтінімді жібереді;
      7) облыстың жергілікті атқарушы органдары қолданыстағы заңнамаға сәйкес талап етілетін техникалық құжаттаманы, жобаларды таңдау негіздемесімен қоса іске асыруға жоспарланатын инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалар бойынша бюджеттік өтінімді қалыптастырады және республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жібереді;
      8) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жобаларды қарау нәтижелері бойынша тиісті қорытынды шығарады және Бағдарлама операторымен келіседі;
      9) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік өтінімді жібереді;
      10) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен облыстардың жергілікті атқарушы органдары арасында нысаналы трансферттер бойынша нәтижелері туралы келісім жасалады;
      11) Бағдарлама операторы мен жергілікті атқарушы органдар арасында кредиттік шарттар жасалады.
      Келісімдер мен кредиттік шарттар жасалғаннан кейін көзделген қаражат жергілікті атқарушы органдарға аударылады;
      12) жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізуді қамтамасыз етеді;
      13) консалтингтік компания мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары мастер жоспарының барлық сатыларында сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
      46. Аталған құрамдас бөлікті іске асыру кезіндегі қосымша ынталандыру шарттары:
      1) Бағдарламаға қатысушының бір жеке қосалқы шаруашылығына, Бағдарламаға қатысушылардың қатарынан ауылдық тұтыну кооперативінің бір мүшесіне берілетін микрокредиттің ең жоғары мөлшері 5 млн. теңгеден аспайды;
      2) Бағдарламада көзделген қаражат есебінен микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары арқылы берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
      3) ауылда іске асырылатын жобалар үшін Бағдарлама қаражатынан тыс Бағдарламаға қатысушыларға берілген екінші деңгейдегі банктердің кредиттері, микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарының кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
      4) ауылда іске асырылатын жобалар үшін Бағдарлама қаражатынан тыс Бағдарламаға қатысушыларға берілген лизингтік операциялар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
      5) ауылдық тұтыну кооперативтерінде мыналар:
      нақты жобаны іске асыру үшін ақшалай және тауар түрінде кредит беру;
      қажетті жабдық пен технологияны сатып алуға гранттар беру көзделетін болады;
      6) тірек ауылдарда іске асырылатын жобалар үшін кредиттер/микрокредиттер/лизингтік операциялар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жөніндегі функцияларды іске асыруды қаржы агенті – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Даму» КДҚ» АҚ) жүзеге асырады.
      47. Кредиттер/микрокредиттер/лизингтік операциялар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шарттары.
      Екінші деңгейдегі банктер немесе микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары беретін кредиттер/микрокредиттер/лизингтік операциялар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау ауылда бизнесті жүргізуге арналған жаңа кредиттер, сондай-ақ ауылды жердегі, оның ішінде экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес көтерме және бөлшек сауданы қоспағанда, тірек елді мекендердегі, оның ішінде өндірісті сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе кеңейтуге бағытталған жаңа жобалар бойынша жүзеге асырылады.
      Бағдарламаға қатысушыларға берілген/жасалған кредиттер/микрокредиттер/қаржы лизингі шарттары ғана субсидиялауға жатады.
      Тұтыну мақсатына, алдыңғы қарыздарды жабуға және жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға берілетін овердрафт түріндегі кредиттер/микрокредиттер субсидиялауға жатпайды.
      Жаңа кредиттерге/микрокредиттерге/қаржы лизингі шарттарына 2013 жылғы 1 маусымнан бастап берілген/жасалған кредиттер/микрокредиттер/лизингтік мәмілелер жатады.
      Кредиттің/микрокредиттің сомасы – 5 млн. теңгеге дейін.
      Кредит беру мерзімі – 5 жылға дейін.
      Субсидиялау мерзімі – 5 жылға дейін.
      Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау екінші деңгейдегі банктердің 14 %-дан аспайтын номиналды сыйақы мөлшерлемесімен кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін, оның 6 %-ын өтініш беруші төлейді, ал айырмасын мемлекет өтейтін болады.
      Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары Бағдарламаға қатысушыларға берген микрокредиттер бойынша Бағдарлама қаражатынан тыс 14 %-дан аспайтын номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жүзеге асырады, оның 6 %-ын өтініш беруші төлейді, ал айырмасын мемлекет өтейтін болады.
      Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары Бағдарламаға қатысушыларға берген микрокредиттер бойынша Бағдарлама қаражаты есебінен 8 %-дан аспайтын номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жүзеге асырады, оның 6 %-ын өтініш беруші төлейді, ал айырмасын мемлекет өтейтін болады.
      48. Банк немесе микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары:
      1) өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
      2) өтінім беруші кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатындарды қоспағанда, кредитпен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге төлемдерді алмайды.
      49. Айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша субсидиялау жүзеге асырылмайды.
      Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды лизингтік компаниялар/екінші деңгейдегі банктер Бағдарламаға қатысушыларға берген Қаржы лизингі шарттары бойынша Бағдарлама қаражатынан тыс 14 %-дан аспайтын номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жүзеге асырады, оның 6 %-ын өтініш беруші төлейді, ал айырмасын мемлекет өтейтін болады.
      50. Банк:
      1) өтінім беруші бастама жасайтын қаржыландыру шарттарының өзгеруіне байланысты;
      2) лизинг мәніне тәуелсіз бағалау жүргізумен, лизинг мәнін сақтандырумен, кепіл шартын тіркеумен және ауыртпалықтарды алып тастаумен байланысты;
      3) Қаржы лизингі шартын (кедендік тазалау, лизингтік мәнін арнайы органдардың тіркеу қызметтері, банктердің қызметтері және т.б. сияқты басқа ұйымдардың қызметтерін өтеу) орындаумен байланысты;
      4) кәсіпкер Қаржы лизингі шарт бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатындарды қоспағанда, Қаржы лизингі шартымен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
      51. Субсидиялау қайтарымды лизинг, екінші лизинг немесе қосалқы лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылмайды.
      Субсидиялар сомасын «Даму» КДҚ» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі субсидиялар сомасын аудару күніне белгілеген бағам бойынша теңгемен төлейді.
      «Даму» КДҚ» АҚ кредиттер/микрокредиттер/лизингтік операциялар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жөніндегі қызметтеріне ақы төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      52. Кредиттер/микрокредиттер/Қаржы лизингі шарттары бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау тетігі:
      1) өтінім беруші екінші деңгейдегі банкке/микроқаржы (микрокредиттік) ұйымына/Лизингтік компанияға жүгінеді;
      2) екінші деңгейдегі банк/микроқаржы (микрокредиттік) ұйымы/Лизингтік компания жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және оң шешім болған жағдайда Бағдарламаға қатысушыға жобаға кредит беруге/Қаржы лизингі шартын жасауға дайын екендігі туралы хабарлама жібереді;
      3) Бағдарламаға қатысушы екінші деңгейдегі банктің/Лизингтік компанияның оң шешімімен Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді, ол осы жобаны аудандық (қалалық) комиссияның қарауына шығарады;
      4) Бағдарламаға қатысушы микрокредит алуға оң шешім алған соң микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары арқылы Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді, ол бизнес-жобаны аудандық (қалалық) комиссияның қарауына шығарады;
      5) аудандық (қалалық) комиссия жобаны субсидиялау мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.
      Аудандық (қалалық) комиссия шешімі тиісті хаттамамен ресімделеді;
      6) халықты жұмыспен қамту орталығы аудандық (қалалық) комиссия субсидиялауға мақұлдаған жобалардың тізбесін субсидиялау шарттарымен микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына/екінші деңгейдегі банкке/Лизингтік компанияларға, сондай-ақ «Даму» КДҚ» АҚ жібереді;
      7) екінші деңгейдегі банктердің/микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарының кредит беру/микрокредит беру бойынша – аудандық (қалалық) комиссияның оң шешімі бар жобалар бойынша субсидиялау бойынша екінші деңгейдегі банктердің/микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарының Бағдарламаға қатысушы мен «Даму» КДҚ» АҚ субсидиялау шартын жасайды, соның шеңберінде «Даму» КДҚ» АҚ мен Бағдарламаға қатысушы екінші деңгейдегі банкке/микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына сыйақы мөлшерлемесінің тиісті бөлігін төлейді;
      8) лизингтік компанияның Қаржы лизингі шартын жасасу және субсидиялау бойынша аудандық (қалалық) комиссияның оң шешімін алған жобалар бойынша Бағдарламаға қатысушы және «Даму» КДҚ» АҚ субсидиялау шартын жасайды, соның шеңберінде «Даму» КДҚ» АҚ мен Бағдарламаға қатысушы лизингтік компанияға сыйақы мөлшерлемесінің тиісті бөлігін төлейді;
      9) Бағдарламаға қатысушы мен Халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады.

4.3.5. Үшінші бағыт:
Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару
арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

      53. Үшінші бағыт жұмыс берушінің қажеттігі шеңберінде еңбек әлеуетін дамыту, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының кәсіптік және аумақтық ұтқырлығын арттыру жолымен халықты жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
      54. Үшінші бағыттың мынадай құрамдас бөліктері бар:
      1) оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
      2) жұмыс берушінің қажеттілігіне сәйкес еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

4.3.5.1. Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

      55. Аталған құрамдас бөлік жұмысқа орналасуға, даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға қатысуға құқығы бар адамдарға көмек көрсетуге бағытталған шараларды қамтиды.
      56. Аталған бағыт шеңберінде Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетіледі:
      1) кәсіптік оқу, жұмысқа орналасу және кәсіптік бағдарлану мәселелері бойынша консультация;
      2) тегін біліктілікті арттыру, кәсіптік даярлау және қайта даярлау курстарына (бұдан әрі – кәсіптік оқыту) жіберу;
      3) кәсіптік оқуға материалдық көмек беру;
      4) лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына орналасуға жәрдемдесу;
      5) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жеке тұлғалардың жалақысын ішінара субсидиялау;
      6) жастар практикасына жіберілген жеке тұлғаларға еңбекақы төлеу.
      57. Мемлекеттік қолдау шараларын қаржыландыру 2013 жылдан бастап Бағдарлама операторы арқылы жүзеге асырылады.
      Бағдарлама шеңберінде азаматтардың қатысу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастыру тәртібі Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында айқындалады.
      58. Кәсіптік оқыту Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында айқындалған тәртіппен орналастырылатын мемлекеттік білім беру тапсырысына кіреді.
      Кәсіптік оқыту кадрларды даярлаудың екіжақты үлгі қағидаттарында жүргізілуге тиіс.
      Жалдамалы қызметкерлерді өндірістен қол үзіп немесе қол үзбей кәсіптік қайта даярлау және біліктілігін арттыру Бағдарламаға қатысушының жұмыс орнының сақталу шартымен жұмыс берушілердің өтінімі бойынша жүзеге асырылады.
      59. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту ұзақтығы оқу бағдарламасының мазмұнына қарай белгіленеді және:
      1) кәсіптік даярлау жүргізу кезінде – он екі айдан;
      2) қайта даярлау кезінде – алты айдан;
      3) біліктілікті арттыру кезінде – үш айдан аспауға тиіс.
      60. Іске асыру тетігі:
      1) Бағдарламаға қатысуға үміткерлер Бағдарламаға қатысуға өтінішпен тұрғылықты жерінде ауданның, қаланың халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді және Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына сәйкес құжаттарды ұсынады;
      2) Халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынылған құжаттарды қарайды және Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға ұсынылған құжаттардың сәйкестігін тексеру негізінде Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (не одан бас тарту) туралы шешім шығарады;
      3) Бағдарламаға қатысушыларға халықты жұмыспен қамту орталықтары Дерекқорда бар жұмыс орындарына не жұмыс берушілер өз бетінше немесе жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы мәлімдеген жұмыс орындарына, жалақыны ішінара субсидиялаумен әлеуметтік жұмыс орындарына, сондай-ақ жастар практикасын өту үшін жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді;
      4) қажетті кәсіптік біліктілігі болмағандықтан жұмысқа орналаса алмайтын Бағдарламаға қатысушылар кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқуға, сондай-ақ жұмыс берушілер өз бетінше немесе жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы мәлімдеген тиісті жұмыс орындарына жіберіледі;
      5) үміткерлерді – Бағдарламаға қатысушыларды іріктеуді кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін іріктелген үміткерлерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін жұмыс берушілер жүргізеді;
      6) кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымын және мамандықты (кәсіпті) таңдауды Бағдарламаға қатысушы жұмыс берушінің келісімі бойынша өз бетінше жүргізеді;
      7) Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру үшін тұрақты жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілер:
      кәсіптік оқудан өткізуге үміткерлерді іріктейді;
      Бағдарламаға қатысушы таңдаған Қазақстан Республикасының аумағында кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымын келіседі;
      ағымдағы және перспективалық қажеттілікті ескере отырып, Бағдарламаға қатысушы таңдаған, оқытылатын мамандықты (кәсіпті) келіседі;
      8) Бағдарламаға қатысушылар (жеке тұлғалар):
      Қазақстан Республикасының аумағында кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымын өз бетінше таңдайды;
      ағымдағы және перспективалық қажеттілікті ескере отырып, оқытылатын мамандықты (кәсіпті) таңдайды;
      9) Бағдарламаға қатысуға үміткерлерді іріктеуді жұмыс берушілер:
      халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынатын Бағдарламаға қатысушылар арасынан таңдайды;
      өз бетінше, оның ішінде жұмыспен қамту агенттіктері арқылы іздестіреді;
      бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне қатысу арқылы жүргізеді;
      10) жұмыс берушілер өз бетінше, оның ішінде жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы іздестіру немесе бос жұмыс орындары жәрмеңкелері арқылы іріктеген үміткерлер Бағдарламаға қатысу үшін Бағдарламаға қатысуға өтінішпен тұрғылықты жерінде ауданның, қаланың халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді және Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына сәйкес құжаттарды ұсынады;
      11) кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын ұйымды таңдау Тізбесі Бағдарлама операторының, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органның, Бағдарлама операторының жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың және халықты жұмыспен қамту орталықтарының интернет-ресурстарында орналастырылған ұйымдар ішінен жүргізіледі;
      12) халықты жұмыспен қамту орталықтары кәсіптік оқыту үшін жұмыс берушілер іріктеген Бағдарламаға қатысушылармен білім беру ұйымы мен жұмыс беруші тараптары қатысатын әлеуметтік келісімшарт жасайды.
      Жұмыс беруші мен білім беру ұйымы әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы жауапты лауазымды адамның қолымен және мөрмен расталған жазбаша өтініш (хабарлама) беру арқылы әлеуметтік келісімшарт жасасуды растайды.
      Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа орналастыру үшін тұрақты жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілер өтініште (хабарламада) Бағдарламаға қатысушылардың деректерін, оларды оқытуды ұйымдастыру жоспарланып отырған мамандық (кәсіп), білім беру ұйымын, өндірістік практикадан өту орнын және оқу аяқталғаннан кейін жұмыс істеу кезеңін көрсетеді.
      Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары өтініште (хабарламада) мамандығы (кәсібі), оқытудың ұзақтығы мен құны, өндірістік практикадан өтетін ықтимал орны мен шарттары туралы ақпаратты көрсетеді;
      13) әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын Бағдарламаға қатысушылар, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдары тарапынан халықты жұмыспен қамту орталықтары, халықты жұмыспен қамту орталықтары тарапынан ауданның (қаланың) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бақылайды;
      14) Бағдарламаға қатысушы кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін жұмыс беруші әлеуметтік келісімшарт талаптарына сәйкес жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді.
      61. Кәсіптік оқуға қабылданған адамдардың оқуын қаржыландыруды 2013 жылға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі көрсетілген адамдар оқуды толық аяқтағанға дейін жүзеге асырады.
      62. Кәсіпорындардағы оқу орталықтарында кәсіптік оқыту.
      Кәсіптік оқытуды заңды тұлға болып табылатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру қызметін жүзеге асыруға құқығы бар оқу орталықтары (өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар жанындағы) жүзеге асыра алады.
      Кадрларды фирмаішілік (өндірісішілік) даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыру жүйесін дамыту және жетілдіру мақсатында, сондай-ақ оқу орталықтарының (өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар жанындағы) Бағдарламаға қатысу мүмкіндігін жүзеге асыру үшін, базасында оқу орталықтары жұмыс істейтін жұмыс берушілер Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды жүзеге асыруы мүмкін.
      63. Әлеуметтік жұмыс орындары.
      Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан Бағдарламаға қатысушылардың жалақысын 12 айдан артық емес мерзімде мемлекеттің ішінара субсидиялауы жұмыс берушінің қаражаты есебінен жалақыны 6 айдан кем емес мерзімге толық төлеуді көздейтін еңбек шартын жасасқан жағдайда іске асырылады.
      Бір айдағы жалақыға берілетін субсидия мөлшері салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескере отырып:
      1) алғашқы 6 айда жалақының 50 %-на дейін құрайды, бірақ 26 мың теңгеден аспайды;
      2) келесі 3 айда жалақының 30 %-на дейін құрайды, бірақ 15,6 мың теңгеден аспайды;
      3) кейінгі 3 айда жалақының 15 %-на дейін құрайды, бірақ 7,8 мың теңгеден аспайды.
      64. Жастар практикасы.
      Жастар практикасына қатысушылардың жалақысын субсидиялау 6 айдан артық емес мерзімде жұмыс берушінің қаражаты есебінен жалақыны 6 айдан аспайтын мерзімге толық төлеуді көздейтін еңбек шартын жасасқан жағдайда іске асырылады.
      Жастар практикасына жіберілген Бағдарламаға қатысушылардың еңбекақысын субсидиялау мөлшері айына 17,2 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны және банк қызметтерін ескере отырып) құрайды. Азаматтардың жастар практикасына қатысу және оларға мемлекеттік қолдау көрсету шарттары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында айқындалады.

4.3.5.2. Жұмыс берушінің қажеттігі шеңберінде еңбек
ресурстарының ұтқырлығын арттыру

      65. Жұмыс берушінің қажеттігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру Қазақстан Республикасы азаматтарының өз еркімен қоныс аударуына жәрдемдесу және жастарды бейімдеу үшін жағдайларды қамтамасыз ету есебінен жүзеге асырылады.
      Қатысуға және оларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға құқықтары бар адамдар Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасында айқындалады.
      66. Бағдарламаға қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына көшуі:
      1) бір ауданның ішінде;
      2) бір облыс шегіндегі бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға);
      3) бір облыстан басқа облысқа жүзеге асырылады.
      67. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен және жоғары елді мекендерді айқындау өлшемшарттарын өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
      Әзірленген өлшемшарттарға сәйкес жергілікті атқарушы органдар өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісе отырып, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен және жоғары елді мекендердің тізбесін айқындайды және оны Бағдарлама операторына жібереді.
      68. Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау:
      1) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді;
      2) қызметтік тұрғын үй беруді;
      3) еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлме беруді;
      4) көшуге субсидия беруді;
      5) қажетіне қарай кәсіптік оқу, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқытуды қамтиды.
      Көшуге байланысты субсидиялар көшу шығыстарының өтемін қамтиды.
      69. Көшуін және жұмысқа орналасуын жұмыс беруші өзі жүзеге асырған азаматтар басым тәртіппен тиісті мемлекеттік қолдаудың берілуімен Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушылардың құрамына енгізіледі.
      Еңбекші жастарға жатақханалар, жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын қоныстандыру үшін қызметтік тұрғын үй беру және оны пайдалану тәртібі Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасында айқындалады.
      70. Іске асыру тетігі:
      1) Бағдарламаға қатысуға үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, көшуге өтініш береді;
      2) Халықты жұмыспен қамту орталығы құжаттардың қатысуға іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, өтініш берушілермен көшудің ықтимал жолдарын келіседі және көшетін жеріне қарай құжаттарды өңірлік немесе аудандық (қалалық) комиссияға жолдайды;
      3) Бағдарламаға қатысуға өтініш берген адамдардың құжаттарын қарау қорытындысы бойынша:
      өңірлік комиссиялар бір ауданнан басқа ауданға көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар, сондай-ақ басқа облысқа көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы өтінімдер немесе ұсыныстар дайындайды;
      аудандық/қалалық комиссиялар бір ауданның шегінде көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар дайындайды;
      4) өңірлік не аудандық/қалалық комиссия шешімінің негізінде халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды;
      5) Бағдарламаға қатысушылар тізіміне енгізілген адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында (келген жерінің) әлеуметтік келісімшартқа қол қойылады. Әлеуметтік келісімшарт көшу бойынша әлеуметтік қолдаумен қатар, жаңа жерде жұмысқа орналастыру бойынша іс-шараларды қамтиды;
      6) өңірлерді дамыту жөніндегі орталық уәкілетті орган сейсмологиялық аймақтарды және оның сипатын ескере отырып, тұрғын үйдің (жеке немесе көппәтерлі) үлгілік жобасын әзірлейді;
      7) әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.
      71. «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» құрамдас бөлігін іске асырудың қосымша шарттары пилоттық режимде.
      Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Павлодар облыстарында, сондай-ақ ВАК шешімімен айқындалған өңірлерде қызметтік тұрғын үйлер салу, сатып алу, салып бітіру және қоныстандыру жұмыс берушілердің қатысуымен жүзеге асырылады.
      Жұмыс беруші тарапынан қоса қаржыландырылған жағдайда құрылыс орнын салу, сатып алу және салып бітіру үшін тұрғын үйдің ықтимал нұсқаларын таңдау оның қатысуымен жүзеге асырылады.
      Бұл ретте жұмыс беруші тарапынан қоса қаржыландыру:
      1) көппәтерлі тұрғын үйді салу, сатып алу және салып бітіру кезінде тұрғын үйдің жалпы алаңының құнынан кемінде 10 %;
      2) жеке, екі (үш) пәтерлі тұрғын үйлерді салу, сатып алу және салып бітіру кезінде үйлердің жалпы алаңының құнынан кемінде 10 % құрауға тиіс, бұл ретте қоса қаржыландырудың ең төменгі мөлшері тұрғын үйдегі бір пәтердің құнынан кем болмауға тиіс.
      Құрылысты қаржыландыру тетігі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасында айқындалады.
      72. Салынған және пайдалануға тапсырылған тұрғын үй мемлекет пен жұмыс беруші арасында осы тұрғын үйді салуға көзделген қаражатқа сәйкес бөлінеді.
      Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу қызметтік тұрғын үйлер салуға, сатып алуға, салып бітіруге және қоныстандыруға қатысатын жұмыс берушілердің жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.
      Егер жұмыс беруші қызметкерлер үшін тұрғын үй салуды өз бетінше қамтамасыз еткен жағдайда, жергілікті атқарушы органдар заңнамаға сәйкес тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін бөлуге, аумақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына немесе құрылыс салу жоспарына сәйкес инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылуға, сондай-ақ жүргізуге және қосылуға техникалық жағдай жасалуына жәрдем көрсетеді.

5. Бағдарламаны іске асыру мониторингісі

      73. Ұсынылған қаражатты мақсатты пайдалануды және Бағдарламада көзделген нәтижелерге (нысаналы индикаторларға) қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдардың арасында мынадай негізгі өлшемдер бойынша нәтижелер туралы келісім жасалады:
      1) жұмыссыздық деңгейін төмендету;
      2) жұмыс орындарын құру;
      3) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың санын ұлғайту;
      4) халық құрылымында ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен деңгейде тұратын еңбекке жарамды адамдардың үлесін қысқарту;
      5) Бағдарлама бағыттары мен құрамдас бөліктер бөлінісінде мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған Бағдарламаға қатысушылардың саны;
      6) тұрақты жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына жұмысқа орналастырылғандардың, оның ішінде кәсіптік оқудан өткендердің ішінен Бағдарламаға қатысушылардың саны;
      7) басқа да көрсеткіштер.
      74. Бағдарламаны іске асыруды басқаруды:
      1) республика деңгейінде:
      ВАК;
      Бағдарлама операторы;
      2) облыстық (астаналық, республикалық маңызы бар қаланың) деңгейде – Бағдарламаны іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия (бұдан әрі – өңірлік комиссиялар) және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар мен халықты жұмыспен қамту орталықтары;
      3) аудандық (қалалық) деңгейде – Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия (бұдан әрі – аудандық (қалалық) комиссиялар), жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар мен халықты жұмыспен қамту орталықтары;
      4) ауылдар деңгейінде – аталған әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдерінің аппараттары (кенттік/ауылдық округтердің әкімдері) жүзеге асырады.
      75. Тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын әлеуметтік келісімшарттар Бағдарламаны орындауды ұйымдастырудың құралы болып табылады.
      Өңірлік, аудандық (қалалық) комиссияның үлгілік ережелерін, әлеуметтік келісімшарттың нысандарын, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы өтініштерін (хабарламалар) Бағдарлама операторы бекітеді.
      76. Бағдарлама операторы облыстар, Астана және Алматы қалалары деңгейінде Бағдарламаның көрсеткіштері мен іс-шараларына мониторингті жүзеге асырады.
      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдары аудандар (қалалар) деңгейінде Бағдарламаның көрсеткіштері мен іс-шараларына мониторингті жүзеге асырады.
      Халықты жұмыспен қамту орталықтары мен аудандардың (қалалардың) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдары ауылдар деңгейінде Бағдарламаның көрсеткіштері мен іс-шараларына мониторингті жүзеге асырады.
      Бағдарламаға қатысушының әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерінің орындалу мониторингі аудандардың (қалалардың) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдары мен халықты жұмыспен қамту орталықтары жүзеге асырады.
      Пилоттық өңірлерде – Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, және Павлодар облыстарында, сондай-ақ ВАК шешімімен айқындалған өңірлерде:
      1) жұмыс берушінің әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерінің орындалу мониторингін халықты жұмыспен қамту орталығы мен білім беру ұйымы жүзеге асырады;
      2) білім беру ұйымдарының әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерінің орындалу мониторингін халықты жұмыспен қамту орталығы мен жұмыс беруші жүзеге асырады.

6. Бағдарламаны институционалдық ұйымдастыру

      77. Бағдарламаның іске асырылуы жоғарыдан төмен басқару құрылымымен басқарылады, оның құрамына ВАК, Бағдарламаның операторы, Бағдарламаны жергілікті деңгейде іске асыру жөніндегі өңірлік және аудандық (қалалық) комиссиялар, орталық және облыстық, аудандық және ауылдық маңызы бар жергілікті атқарушы органдар кіреді.
      78. ВАК мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырады:
      1) Бағдарламаны бағыттары бойынша қаржыландыру лимиттеріне және қаражатты бөлуге келісім береді;
      2) Бағдарламаның орындалуының негізгі өлшемдерін қарауды жүзеге асырады және орталық және жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаны іске асыру бойынша есептерін тыңдайды;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Бағдарламаны іске асыруға байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді.
      79. Бағдарламаның операторы:
      1) Бағдарламаны нормативтік құқықтық, әдістемелік және ақпараттық қолдауды;
      2) Бағдарлама бағыттары бойынша қаржыландыру лимиттерін белгілеу жөнінде ұсыныстар дайындауды;
      3) 2014 жылдан бастап республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен өңірлер бөлінісінде ВАК келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бағдарлама бағыттары бойынша қаражат бөлуді;
      4) жергілікті атқарушы органдар қол қойған келісімдердің негізінде Бағдарламаның іске асырылуына мониторингті;
      5) өңірлік, аудандық (қалалық) комиссиялардың үлгілік ережелерін, әлеуметтік келісімшарттың, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының әлеуметтік келісімшартқа қосылуы туралы өтініштерінің (хабарламаларының) нысандарын әзірлеу және бекітуді;
      6) Бағдарламаның іске асырылуына мониторинг жүргізу қағидасын әзірлеуді;
      7) «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ахуалдық орталығы» бағдарламалық-талдамалық кешенін әзірлеу;
      8) «Өңірлердің жұмыспен қамту картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін әзірлеу.
      80. Өңірлік комиссиялар:
      1) Бағдарламаға қатысушылардың тізіміне келісім береді;
      2) кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына келісім береді;
      3) Бағдарламаны бағыттары бойынша өңірлер мен қалалар бөлінісінде қаржыландыру лимиттеріне келісім береді;
      4) уәкілетті өңірлік ұйым микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестіктерге беретін кредиттер бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесінің мөлшеріне келісім береді;
      5) соңғы қарыз алушы үшін микрокредиттер бойынша жылдық ең жоғары тиімді пайыздық ставканың мөлшеріне келісім береді;
      6) жұмыс берушілердің өтінімдері мен басқа өңірлердегі өңірлік комиссиялардың ұсыныстарының негізінде Бағдарлама операторына Бағдарламаға қатысушылардың басқа облысқа көшуі бойынша ұсыныс енгізеді;
      7) облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар жергілікті атқарушы органдардың Бағдарламаның орындалуы туралы есептерін тыңдайды.
      81. Аудандық (қалалық) комиссиялар:
      1) халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынатын ақпараттар мен құжаттар негізінде Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларына іріктеу жүргізеді және тиісті ұсыныстарды қарау үшін өңірлік комиссияларға жібереді;
      2) сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға келісім береді.
      82. Облыстық маңызы бар жергілікті атқарушы органдар:
      1) аудандар мен қалалардың әкімдері ұсынған жобаларға және Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын іс-шаралар жоспарларына келісім береді;
      2) Бағдарламаның өңірлік құрамдас бөліктерін қаржыландыру лимиттері жөніндегі ұсыныстарды өңірлік комиссияның және Бағдарлама операторының қарауына енгізеді;
      3) өңірлік даму мәселелері жөніндегі уәкілетті орталық органмен келісім бойынша әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орташа және жоғары елді мекендердің, тірек ауылдық мекендердің тізбесiн айқындайды, Бағдарламаға қатысушылардың көшу жоспарын бекітеді.
      83. Өнiмдi еңбекке ынталылықты және экономикалық белсендiлiктi күшейту жөнiнде халықпен жұмыс жүргiзу тиiмдiлiгiн арттыру үшiн аудандық (қалалық) маңызы бар жергiлiктi атқарушы органдардың жұмыспен қамту қызметi жаңғыртылатын болады.
      Барлық аудандарда (қалаларда) мемлекеттiк мекеме нысанында халықты жұмыспен қамту орталықтары құрылды, олардың қызметкерлерi (азаматтық қызметшiлер) Бағдарламаны iске асыруды қамтамасыз етеді.
      84. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының негiзгi мiндеттерi:
      1) жалпы рәсiмдердi жүргiзу: Бағдарламаға қатысу мәселесi бойынша азаматтарды хабардар ету және консультация беру қызметiн ұсыну, құжаттарды дайындауда көмек көрсету, үмiткерлердiң қажеттiлiктерiн зерттеу мақсатында олармен консультация жүргiзу және үмiткерлердiң әлеуметтiк қолдауға мұқтаждығына бағалау жүргiзу, Бағдарламаға қатысуға үмiткерлердiң құжаттарын қабылдау;
      2) Бағдарламаның әлеуеттi қатысушыларын, олардың мәртебесiне, еңбек нарығындағы әлеуеттi мүмкiндiгiне және әлеуметтiк қолдауға мұқтаждығын бағалауға байланысты санаттар бойынша iрiктеу және бөлу;
      3) Бағдарламаға қатысушылармен әлеуметтiк келiсiмшартқа қол қою, олардың орындауына мониторинг жүргiзу және оның талаптарын орындамаған жағдайда заңнамаға сәйкес санкция қолдану;
      4) жергілікті еңбек нарығындағы қажеттілікке мониторинг жүргізу және оны айқындау.
      85. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының ауылдық округтерде Бағдарламаны iске асыру мәселелерiмен, жұмыс берушiлермен, бiлiм беру ұйымдарымен және жеке меншiк жұмыспен қамту агенттiктерiмен өзара iс-қимылды үйлестiрумен айналысатын өкiлдiктерi, бөлiмшелерi (немесе мамандары) болуы мүмкiн.
      «Даму» КДҚ» АҚ микрокредиттер/кредиттер/лизингтік операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және гранттар беру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.

7. Бағдарламаны ақпараттық қамтамасыз ету

      86. Бағдарламаны іске асыруды ақпараттық қамтамасыз ету енгізілетін Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің (бұдан әрi – ӘЕСБАЖ) базасында:
      1) нақты уақыт режимiнде Дерекқорды пайдалану үшін Бағдарлама шеңберінде орындалатын бизнес-процестерді автоматтандыру;
      2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қолдау үшін өтініш берген адамдарды, оның ішінде Бағдарламаға қатысушыларды автоматты түрде есепке алуға өзгерістер енгізу;
      3) Бағдарламаға қатысушылардың табысын анықтау үшін «ЗТМО» РМҚК тиісті дерекқорларын пайдалану арқылы жүзеге асырылады, бұл бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылуын болғызбайды.
      Бұған қоса, кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасы қалыптастырылады және «Жастардың еңбек биржасы» бірыңғай веб-порталы, «Жұмыс» ақпараттық порталы құрылады.
      87. Бағдарлама шеңберінде сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарда көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары, қызметтер және оқу орындарының тізбесі туралы ақпарат Бағдарлама операторының, білім беру саласындағы уәкілетті органның, Бағдарлама операторының жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың және халықты жұмыспен қамту орталықтарының интернет-ресурстарында орналастырылады.

8. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

      88. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 2020 жылға дейін бір жарым миллион адамға дейiн, оның iшiнде шамамен 800 мың ауыл тұрғынын қамту жоспарланып отыр.
      Жұмыспен тиiмсiз қамтудың үлес салмағы төмендейдi, жұмыссыздық азаяды, еңбек өнiмдiлiгi, сондай-ақ халықтың табысы артады.

2020 жылға дейін 5 % жұмыссыздық деңгейін қамтамасыз ету үшін
жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жоспары

                                                                 адам

Өңірлер

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Ақмола облысы

4172

2613

2560

2569

2695

3046

3523

3860

Ақтөбе облысы

4105

2571

2519

2527

2652

2997

3466

3798

Алматы облысы

9701

6077

5954

5973

6267

7083

8191

8976

Атырау облысы

2767

1733

1698

1704

1788

2020

2337

2560

Батыс Қазақстан облысы

3148

1972

1932

1938

2034

2299

2658

2913

Жамбыл облысы

5557

3481

3410

3422

3590

4057

4692

5141

Қарағанды облысы

7012

4393

4304

4318

4530

5120

5921

6488

Қостанай облысы

5075

3179

3115

3125

3278

3705

4285

4695

Қызылорда облысы

3278

2053

2012

2018

2118

2393

2768

3033

Маңғыстау облысы

2550

1597

1565

1570

1647

1861

2153

2359

Оңтүстік Қазақстан облысы

11709

7336

7187

7210

7565

8550

9888

10834

Павлодар облысы

4136

2591

2539

2547

2672

3020

3493

3827

Солтүстік Қазақстан облысы

3268

2047

2006

2012

2111

2386

2759

3024

Шығыс Қазақстан облысы

7102

4450

4359

4373

4589

5186

5997

6571

Алматы қ.

3942

2470

2420

2427

2547

2878

3329

3648

Астана қ.

7304

4576

4483

4498

4719

5333

6168

6758

Қазақстан Республикасы

84826

53139

52063

52231

54802

61934

71628

78485

9. Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру

      89. Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру жұмыспен қамту мен атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) көрсету арасында оңтайлы байланыс орнатуға бағытталған.
      Осы мақсатта әлеуметтік көмек көрсетудің мынадай тәртібі мен шарттары ұсынылады.
      АӘК күнкөрісі төмен отбасылар арасындағы еңбекке жарамды жастағы адамдарға олар осы Бағдарламада көзделген іс-шараларға қатысқан жағдайда ғана тағайындалатын болады. Олар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан бас тартқан немесе келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар оларға АӘК төлеуді тоқтата тұрады, бұл ретте отбасы АӘК алу құқығын сақтайды.
      Халықты жұмыспен қамту орталықтары азаматтардың әлеуметтiк келiсiмшарттың талаптарын орындауына бақылау жүргiзедi және ұсынылған көмектiң тиiмдiлiгiн бағалайтын болады.
      Құрамында еңбекке қабiлеттi мүшелерi жоқ (жалғызбасты, қарт адамдар) не отбасында мүмкiндiгi шектеулi мүшелерi (мүгедектер, әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын адамдар) бар күнкөрісі төмен отбасыларға АӘК Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берiлетiн болады.

10. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi

      90. Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады: бірінші кезең – 2013 – 2015 жылдар, 2016 – 2020 жылдар.
      91. Бiрiншi кезеңде пилоттық режимде үшiншi бағытта (экономикалық өсу орталықтарына және әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi жоғары елдi мекендерге көшу) қызметтік тұрғын үйлерді сатып алу, салып бітіру және қоныстандыру жұмыс берушінің қатысуымен жүзеге асырылады.
      Халықты жұмыспен қамтуды және жұмыссыздық деңгейін бақылауды қамтамасыз ету мақсатында қалаларда және ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен жұмыс орындарын жедел құру шаралары пысықталады.
      Тірек елді мекендерді кешенді дамыту тетіктері пысықталады, микрокредиттер, кредиттер және Қаржылық лизинг, гранттар беру шарттары бойынша субсидиялау тетіктері енгізіледі.
      Сонымен қатар Бағдарламаны іске асырудың екінші кезеңіне дайындалу үшін облыстық және аудандық маңызы бар жергілікті атқарушы органдар:
      1) Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын жобалардың тізбесін, қатысушылардың санаттарын, олардың белсенділігін арттыру шаралары мен тәсілдерін (Бағдарлама операторымен келісім бойынша) айқындайды;
      2) қызметтік тұрғын үй құрылысына және (немесе) оны сатып алуға жергілікті бюджет қаражатынан қоса қаржыландыру үлесін ескере отырып, Бағдарламаны іске асыруға бюджеттік өтінім ұсынады.
      92. Екінші кезеңде: 2016 – 2020 жылдары – Бағдарламаның өңірлік құрамдас бөліктері әзірленіп, келісілетін болады және орындалуға қабылданады, еңбек нарығында туындайтын қатерлерді басқару және жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесу Бағдарламада ұсынылған тетіктер мен құралдар негізінде жүзеге асырылатын болады.

11. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері

      93. Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджетте:
      1) 2013 жылға – 104,9 млрд. теңге;
      2) 2014 жылға – 100,6 млрд. теңге;
      3) 2015 жылға – 98,7 млрд. теңге көзделген.
      Келесі жылдары республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі жоспарланатын кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

12. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с

Iс-шараның атауы

Шығыстар

Жауапты орындаушылар

Аяқталу нысаны

Орындау мерзiмi

1

2

3

4

5

6

1. Ұйымдастыру iс-шаралары

1

«Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң бағдарламалық тұғырнамасында ағымдағы және перспективалық жұмыс орындары дерекқорын құру үшін ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету

-

Еңбекминi, ИЖТМ, МГМ, ККМ, АШМ, ДСМ, БҒМ, БАМ, МАМ, жұмыс берушiлердiң бiрлестiктерi (келiсiм бойынша), облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi

Дерекқор

2013 жылғы
3-тоқсан

2

Өңірлердің жұмыспен қамту картасын және оны қалыптастыру жөнінде нұсқаулықты әзірлеу және бекіту

-

Еңбекминi, ЭБЖМ, ӨДМ, АШМ

СА-мен келісілген Еңбекминінің бұйрығы

2013 жылғы
3-тоқсан

3

«Жұмыспен қамту картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін әзірлеу

2013–2015 жылдарға көзделген қаражат шегінде

Еңбекминi

Дерекқор

2013 жылғы
3-тоқсан

2. Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру

4

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

-

Еңбекминi, Қаржыминi, ЭБЖМ, АШМ, «АШҚҚҚ» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2013 жылғы
маусым

5

«Микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 819 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

-

Еңбекминi, Қаржыминi, ЭБЖМ, АШМ, «АШҚҚҚ» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2013 жылғы
маусым

3. Оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу

6

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

-

Еңбекминi, БҒМ, облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2013 жылғы
маусым

4. Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру

7

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

-

Еңбекминi, ӨДМ, Қаржыминi, ЭБЖМ, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2013 жылғы
маусым

5. Ақпараттық жұмыс

8

Халықтың мемлекеттiк жұмыспен қамту саясаты мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру:
- ғылыми-практикалық семинарлар, дөңгелек үстел отырыстарын, халықпен, жұмыс берушілермен, жеке меншік агенттіктермен кездесулер өткiзу;
- БАҚ-та сөз сөйлеу;
- ақпараттық материалдарды Еңбекминiнiң веб-сайтына орналастыру

-

Еңбекминi, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi

Семинарлар, кездесулер, сөз сөйлеулер, жарияланымдар

Үнемi

9

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ахуалдық орталығы» бағдарламалық-талдамалық кешенін құру

2013–2015 жылдарға көзделген қаражат шегінде

Еңбекминi, ККМ, ЭБЖМ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ахуалдық орталығы

2013 жылғы
қараша

10

«Жастардың еңбек биржасы» және «Жұмыс» ақпараттық порталдарын құру

2013–2015 жылдарға көзделген қаражат шегінде

Еңбекминi, ККМ, Қаржыминi, БҒМ, «Нұр Отан» ХДП «Жас отан» Жастар қанаты (келісім бойынша), «Атамекен «одағы» ҚҰЭП (келісім бойынша)

Интернет-сайт

2013 жылғы
қараша

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      СА – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
      ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
      ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
      МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
      МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
      ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
      Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
      ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
      АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
      «Атамекен» одағы» ҚҰЭП – «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы
      «Нұр Отан» ХДП – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы
      «Даму» КДҚ АҚ – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы
      «АШҚҚҚ» АҚ – «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» акционерлік қоғамы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 19 маусымдағы
№ 636 қаулысына    
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысы.
      2. «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 1065 қаулысы.
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 және «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 1621 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 11, 211-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасы.
      4. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 30 наурыздағы № 378 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағы.
      5. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1772 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 7, 160-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 1-тармағы.