Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1126 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 988-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызмет «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы, «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы негізінде көрсетіледі.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру (бұдан әрі – лицензия) не уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында уәкілетті органның мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауабы болып табылады.
Уәкілетті органға лицензияны, лицензияның телнұсқасын қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда, лицензия, лицензияның телнұсқасы электронды форматта ресімделеді, басып шығарылады, уәкілетті орган басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) лицензия беру – көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынған күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) лицензияны қайта ресімдеу – көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде;
3) лицензияның телнұсқаларын беру (уәкілетті органға жүгінген кезде) - көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде;
4) көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органға барған күні қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты 15 минуттан аспайды;
5) уәкілетті органда көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу кезінде күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты 15 минуттан аспайды.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
лицензия алу үшін:
1) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес белгіленген үлгідегі өтінішті;
2) заңды тұлға үшін – көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесін;
ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін қолданыста болады;
3) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
4) алушының өкілі жүгінген кезде – уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және өкілдікке өкілеттікті куәландыратын құжатты;
5) дара кәсіпкер үшін – көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмесін;
6) көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмесін;
7) ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін;
8) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанын ұсынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған жағдайда талап етілмейді.
Құжаттар портал арқылы ұсынылған кезде құжаттар электрондық нысанда беріледі.
Куәландырылған құжаттардың дұрыстығы үшін оларды ұсынған көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы жауапты болады.
Лицензияның телнұсқасын алу үшін:
еркін нысандағы өтініш;
ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
еркін нысандағы өтініш;
лицензияны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Порталда:
лицензия алу үшін:
мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
заңды тұлға үшін – мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәлік* немесе анықтама;
ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін қолданыста болады;
жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат;
дара кәсіпкер үшін – дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік;
салық органында есепке тұрғаны туралы куәлік;
ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ақпарат;
осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электронды құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы лицензияны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ақпарат.
Уәкілетті орган мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттардың, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің немесе анықтаманың, дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің, салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің, ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ақпараттың мәліметтерін портал арқылы уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ куәландырылатын электрондық құжаттар нысанында алады.
Құжаттарды қабылдаған кезде уәкілетті органның қызметкері құжаттар көшірмесінің түпнұсқаларға сәйкестігін салыстырып тексереді, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қайтарып береді.»;
11-1, 11-2, 11-3, 11-4, 11-5-тармақтар алынып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Осы стандарттың 11-тармағының 1) тармақшасында көзделген өтініштердің нысандары www.egov.kz «электрондық үкімет» порталында, сондай-ақ уәкілетті органның «www.kazcosmos.gov.kz» интернет-ресурсының «Мемлекеттік қызмет» айдарында орналастырылады.
Портал арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін электронды сұрау салу толтырылады.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты уәкілетті органның www.kazcosmos.gov.kz. интернет-ресурсынан алады. Сенім телефоны: 8 (7172) 74 22 61.»;
осы қаулыға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес осы стандартқа 1, 2 және 3-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 1 маусымдағы
№ 567 қаулысына
1-қосымша
«Ғарыш кеңістігін пайдалану
саласындағы қызметті жүзеге асыруға
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға
өтiнiші
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрін (-лерін) көрсету
керек)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________ жүзеге асыруға лицензия
және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта ______ (лицензияны
қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
беруiңiздi сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы,
елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) ______________________________
(пошталық индексі, облысы,
қаласы, ауданы, елді мекені,
көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жай) нөмірі)
Қосымша ___ парақ қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген деректердің бәрі ресми байланыстар болып табылатыны
және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе
беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге
болатыны;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе)
кіші түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағаны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатыны расталады.
Басшы ______________ __________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Мөрдің орны Толтыру мерзімі: 20__ жылғы «___» ________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 1 маусымдағы
№ 567 қаулысына
2-қосымша
«Ғарыш кеңістігін пайдалану
саласындағы қызметті жүзеге асыруға
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға
өтiнiші
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке
_____________________________________________________________________
сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрін (-лерін) көрсету керек)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________ жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға
қосымшаны қағаз тасығышта ______ (лицензияны қағаз тасығышта алу
қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы __________________________
_____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) ______________________________
(пошталық индексі, облысы,
қаласы, ауданы, елді мекені,
көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жай) нөмірі)
Қосымша _____ парақ қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген деректердің бәрі ресми байланыстар болып табылатыны
және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе
беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге
болатыны;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе)
кіші түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағаны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және
жарамды болып табылатыны расталады.
Жеке тұлға _________ __________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Мөрдің орны Толтыру мерзімі: 20__ жылғы «___» ________
(болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 1 маусымдағы
№ 567 қаулысына
3-қосымша
«Ғарыш кеңістігін пайдалану
саласындағы қызметті жүзеге асыруға
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша
Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға
қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны
1. Жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) үшін:
1. Лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары
білімінің және тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы
туралы ақпарат:
1) мамандығы және біліктілігі ________________________________;
2) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі
туралы дипломның нөмірі және берілген күні _________________________;
3) жоғары білімі туралы диплом берген оқу мекемесінің атауы
____________________________________________________________________;
4) жұмыс орны ________________________________________________;
5) кезеңі, атқаратын лауазымдары _____________________________;
6) жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босатылғаны туралы
бұйрықтың нөмірі мен күні және/немесе еңбек шартының нөмірі және күні
____________________________________________________________________;
7) сертификаттың, жеке куәліктің, куәліктің нөмірі, берілген
күні және оны берген ұйымның атауы, сондай-ақ оқу курсының тақырыбы
(болған жағдайда) __________________________________________________.
2. Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде
техникалық-өндірістік базасының (үй-жайлардың немесе арнайы
зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық
немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру
аппаратурасының) болуы туралы ақпарат:
1) техникалық-өндірістік базаны сатып алу-сату немесе сыйға
тарту немесе мүліктік жалға алу (жалдау) немесе өтеусіз пайдалану
немесе сенімгерлік басқару немесе тапсыру туралы шарттың нөмірі
____________________________________________________________________;
2) техникалық-өндірістік базаның немесе үй-жайдың орналасқан
жері _______________________________________________________________;
3) шарт жасасқан күн _________________________________________;
4) шарт кіммен жасалды _______________________________________;
5) арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе
технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдық немесе
бақылау-тексеру аппаратурасы паспортының нөмірі және күні
____________________________________________________________________;
6) паспорт берген орган ______________________________________;
7) жабдықтың тағайындалуы ____________________________________;
8) сертификаттың нөмірі, күні, берген орган, салыстырып тексеру
(калибрлеу) туралы сертификаттың қолданыс мерзімі (болған жағдайда)
____________________________________________________________________.
3. Бекітілген техникалық жобаның болуы туралы ақпарат:
1) техникалық жобаның атауы __________________________________;
2) жобаның негізгі мақсатының қысқаша мазмұны ________________;
3) технологиялық процестің сипаттамасы _______________________;
4) өндіріс өрістетілетін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ
____________________________________________________________________;
5) техникалық жобаны кім бекіткен ____________________________;
6) техникалық жобаның бекітілген күні ________________________.
2. Заңды тұлғалар үшін:
1. Ұйым басшысында жоғары білімінің және басшы лауазымында
кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы туралы ақпарат:
1) мамандығы және біліктілігі ________________________________;
2) жоғары білімі туралы дипломның нөмірі және берілген күні
____________________________________________________________________;
3) жоғары білімі туралы диплом берген оқу мекемесінің атауы
____________________________________________________________________;
4) жұмыс орны ________________________________________________;
5) лауазымы __________________________________________________;
6) ұйымның орналасқан жері ___________________________________;
7) жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босатылғаны туралы
бұйрықтың нөмірі мен күні және/немесе еңбек шартының нөмірі және күні
____________________________________________________________________;
8) сертификаттың, жеке куәліктің, куәліктің нөмірі, берілген
күні және оны берген ұйымның атауы, сондай-ақ оқу курсының тақырыбы
(болған жағдайда) __________________________________________________.
2. Штатта тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілі мен
лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар
мамандардың кемінде 10% болуы туралы ақпарат:
1) штаттық кесте бойынша мамандардың жалпы саны (бірлік) _____;
2) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі
бар мамандар саны __________________________________________________;
3) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі
бар мамандардың Т.А.Ә., олардың мамандықтары және біліктілігі
____________________________________________________________________;
4) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі
бар әрбір маманның жұмыс орны ______________________________________;
5) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі
бар әрбір маманның лауазымы ________________________________________;
6) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі
бар әрбір маманның жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босатылғаны
туралы бұйрықтың нөмірі және күні және/немесе еңбек шартының нөмірі
мен күні ___________________________________________________________;
7) сертификаттың, жеке куәліктің, куәліктің нөмірі, берілген
күні және оны берген ұйымның атауы, сондай-ақ лицензияланатын қызмет
түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар әрбір маманның оқу курсының
тақырыбы (болған жағдайда) _________________________________________.
3. Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде
техникалық-өндірістік базасының (үй-жайлардың немесе арнайы
зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық
немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру
аппаратурасының) болуы туралы ақпарат:
1) техникалық-өндірістік базаны сатып алу-сату немесе сыйға
тарту немесе мүліктік жалға алу (жалдау) немесе өтеусіз пайдалану
немесе сенімгерлік басқару немесе тапсыру туралы шарттың нөмірі
____________________________________________________________________;
2) техникалық-өндірістік базаның немесе үй-жайдың орналасқан
жері _______________________________________________________________;
3) шарт жасасқан күн _________________________________________;
4) шарт кіммен жасалды _______________________________________;
5) арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе
технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдық немесе
бақылау-тексеру аппаратурасы паспортының нөмірі және күні
____________________________________________________________________;
6) паспорт берген орган ______________________________________;
7) жабдықтың тағайындалуы ____________________________________;
8) сертификаттың нөмірі, күні, берген орган, салыстырып тексеру
(калибрлеу) туралы сертификаттың қолданыс мерзімі (болған жағдайда)
____________________________________________________________________.
4. Бекітілген техникалық жобаның болуы туралы ақпарат: