Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 487 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 15 мамырдағы
№ 487 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 343 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 156-құжат):
      Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесінде:
      16-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Заңды тұлғаларды (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы анықтамаларды берген кезде БСН беру мынадай қажетті мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізу нәтижесінде жүзеге асырылады:»;
      21)22) және 35) тармақшалар алынып тасталсын;
      27)28) және 29) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      27) құрылтайшы-жеке тұлғалар (бастамашы азаматтар) туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, тұратын елі, ЖСН, қатысу үлесі;
      28) құрылтайшы-заңды тұлғалар туралы мәліметтер: тіркелген жері, БСН, қатысу үлесі;
      29) бірінші басшы туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, тұратын елі, ЖСН;»;
      33)34) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «33) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін алымның (сомасы айлық есептік көрсеткіштерде және теңгеде) төленгені туралы мәліметтер, төлем құжатының деректемелері, төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (заңды тұлғаның атауы) және ЖСН»;
      34) заңды тұлғаны, филиалды, өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы анықтама және барлық анықтамаларды берген орны туралы ақпарат (жаңа анықтама берілді)».
      2. «Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесін, Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 406 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 16, 180-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесінде:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Заңды тұлғаны, филиал мен өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы бұрын берілген құжаттарды қайта ресімдеу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар беріледі:
      1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) заңды тұлғалардың, филиалдың, өкілдіктің (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) (ережесі) құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты, ереже) түпнұсқасы;
      3) заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы.»;
      8-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) заңды тұлғаға, филиал мен өкілдікке БСН беру және заңды тұлғаны, филиал мен өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы бұрынғы куәліктің күшін жою туралы бұйрық шығарады;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге БСН беру туралы бұйрықты салық органына береді;»;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) заңды тұлғаға, филиалға, өкілдікке БСН бере отырып, заңды тұлғаны, филиалды, өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы анықтаманы, сондай-ақ құрылтай құжаттарының түпнұсқаларын (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) береді.»;
      91011 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркеу және қайта тіркеу туралы бұрын берілген құжаттарды қайта ресімдеу тиісті құжаттарды қоса беріп, өтініш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде, ал өзге заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері үшін тиісті құжаттарды қоса беріп, өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жасалады.
      10. Заңды тұлғаны - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушыны (бұдан әрі – заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушы) мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы бұрын берілген құжаттарды қайта ресімдеу үшін тіркеуші органға мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушы жарғысының түпнұсқасы;
      3) заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушыны мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы.
      11. Жоғарыда көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін:
      1) тіркеуші орган ұсынылған құжаттар тізбесінің толықтығын тексереді;
      2) заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушыға БСН берілген туралы мәліметтерді тіркеуші орган БСН беру үшін байланыс арналары арқылы Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне береді;
      3) заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушыға БСН беру туралы бұйрық шығарады;
      4) тіркеуші орган заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушының БСН туралы мәліметтер алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға заңды тұлға-қаржы орталығына қатысушыға БСН берілгені туралы ақпарат жібереді;
      5) тіркеуші орган құжаттарға БСН берілгенін растайтын тиісті мөртабан қояды;
      6) істі рәсімдегеннен кейін тіркеуші орган заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушыға БСН берілген заңды тұлға - қаржы орталығына қатысушыны мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы белгіленген үлгідегі анықтаманы, БСН берілгені туралы бұйрықты, сондай-ақ жарғының түпнұсқаларын (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) береді.
      12. Заңды тұлғалар-қаржы орталығына қатысушылардың бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу қажетті құжаттарды қоса беріп, өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуі тиіс.»;
      көрсетілген Ережеге 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      3. «Мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2009 ж., № 59, 519-құжат):
      1) 1-тармақта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi жарғысының (ережесiнiң) телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;»;
      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «20) «Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнің) ережелеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), оның филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік қызмет стандартында:
      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Комитетте және орталықта осы стандартқа 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірі бар заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы беру немесе қағаз жеткізгіштердегі бас тарту жүзеге асырылады.»;
      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарды қоса беріп (құжаттарды қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс;
      саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсынады).
      Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеудің (қайта тіркеудің) көрсетілген мерзімдеріне салық органдарында тіркеу мерзімдері кірмейді.
      Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу хабарлама тәртібімен жүзеге асырылады және портал арқылы бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
      Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) тіркеуші органға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлей отырып, порталда электрондық құжат нысанында толтыру арқылы хабарлама береді.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар Комитетке және орталыққа мынадай құжаттарды:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысандағы өтінішті;
      2) заңды тұлғаның жарғысын немесе ережесін (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) не филиалдың немесе өкілдіктің ережесін;
      3) жиналыс (конференция, съезд) төрағасы мен хатшысы қол қойған, жарғыны қабылдаған құрылтай жиналысының (қоғамдық және діни бірлестіктер үшін – конференция, съезд) хаттамасын;
      4) бастамашыл-азаматтардың тегi, аты, әкесiнің аты, туған күнi, айы, туған жылы, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты мекенжайы, үй және қызмет телефондары, жеке қолтаңбасы көрсетілген тiзiмiн (қоғамдық және діни бiрлестiктер үшін);
      5) басқару органы мүшелерінің тегі, аты, әкесiнің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, сайланбалы лауазымы, туған жылы, тұрғылықты мекенжайы, үй және қызмет телефондары көрсетiлген тізімін (діни бірлестіктер үшін);
      6) заңды тұлғаның уәкілетті органының не құрылтайшының заңды тұлғаны құру туралы шешімін;
      7) діни ілімнің пайда болу тарихы мен негіздерін ашып көрсететін және оған сәйкес келетін діни қызмет туралы мәліметтер қамтылатын діни баспа материалдары (діни бірлестіктер үшін);
      8) бюджетке тіркеу алымы сомасының төленгенін растайтын түбіртекті немесе құжатын;
      9) заңды тұлға басшысының және құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжатты (жеке сәйкестендіру нөмірі) (шаруашылық серіктестігі қатысушыларының тізілімін жүргізуді бағалы қағаздар иелерінің тізілімі жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестері құрылтайшыларының құжаттарын қоспағанда) ұсынады.
      Ұйымдық-құқықтық нысаны мен заңды тұлғаны, филиалдарды, өкілдіктерді тіркеу түріне байланысты құжаттар тізбесі осы тармаққа сәйкес ұсынылады.
      Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу үшiн тiркеушi органға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) белгiлеген нысан бойынша өтiнiш берiледi. Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi әдiлет органдары Ұлттық Банк жолдаған хабарламалар негiзiнде Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзедi.
      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қызмет нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу үшiн Ұлттық Банктің рұқсаты қосымша талап етiледi.
      Тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын және олармен аффилиирленген тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырады. Монополияға қарсы орган тіркеуші органдарға тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізілімін және мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және монополияға қарсы органның келісімімен құрылған және олармен аффилиирленген тұлғалардың тізбесін ұсынады.
      Орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк тіркеу кезiнде өтiнiшке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, құрылтайшы немесе құрылтайшылардың бiреуi не шетелдiк немесе шетелдік заңды тұлға, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе мемлекеттiк органдар не Ұлттық Банк жалғыз құрылтайшы болып табылатын жағдайларда, құрылтайшының уәкiлеттiк берген адамы қол қояды және оны орталықтарға бередi.
      Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде өтінішке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, құрылтайшы (құрылтайшылар) не осыған уәкілеттік берілген адам қол қояды және оны орталықтарға береді.
      Мемлекеттік кәсіпорын филиал құрған жағдайда меншік иесінің немесе олар уәкілеттік берген органның филиалды құруға келісімі туралы құжаты тапсырылуы қажет.
      Филиал немесе өкілдік ашу туралы шешім мен оның басшысына сенімхат бір құжат ретінде ресімделуі мүмкін. Филиалдың басшысына берілген сенімхат қоғамдық бірлестіктің және діни бірлестіктің филиалын (өкілдігін) тіркеген кезде оны сайлауға немесе тағайындау тәртібіне сәйкес табыс етілмеуі мүмкін.
      Саяси партиялар қосымша:
      1) партия бағдарламасын;
      2) тегi, аты, әкесiнiң аты, туған айы мен жылы, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатының нөмiрi, тұрғылықты жерiнiң мекенжайлары көрсетіле отырып, партияның барлық облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы әрқайсысында кемiнде алты жүз партия мүшесi бар құрылымдық бөлiмшелерін (филиалдар мен өкiлдiктердi) білдіретін, құрамында кемінде қырық мың партия мүшесi болуға тиіс партия мүшелерінің тізімдерін ұсынады.
      Тұтыну кооперативтерi азаматтар үшiн – осы кооперативтер мүшелерiнiң тегі, аты, әкесiнiң аты, туған жылы, тұрғылықты жерi, заңды тұлғалар үшiн - тұрған жерi, банк реквизиттерi туралы және мемлекеттік тiркеу туралы мәлiметтер көрсетілген тiзiмдi ұсынады.
      Су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтері тегін, атын, әкесінің атын, тұрғылықты жерін және жеке басын куәландыратын құжат деректерін (жеке сәйкестендіру нөмірін), кооператив мүшелерінің тізімін, сондай-ақ бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін көрсете отырып, заңды тұлғалардың атауы мен тұрған жері көрсетілген тізімін, сондай-ақ су пайдаланушылардың кооперативі мүшелерінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жерлердің болуы туралы мәліметтерді қосымша ұсынады.
      Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтерi осы кооперативтер мүшелерiнiң тегі, аты, әкесiнің аты, туған жылы, жеке сәйкестендіру нөмірі және тұрғылықты жерi көрсетілген тiзiмдi де ұсынады.
      Қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсаты қосымша талап етіледі.
      Тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерін мемлекеттік тіркеуді монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен уәкілетті орган жүзеге асырады; табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркеуді табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның алдын ала келісімімен уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Шетелдік қатысатын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар осы тәртіппен көзделген құжаттардан басқа, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, қосымша:
      1) құрылтайшы – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесі немесе басқа да заңдастырылған құжат;
      2) қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшының паспортының нотариат куәландырған көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат ұсынылуға тиіс.
      Шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеу Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен жүргізіледі.
      Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, көзделген құжаттардан басқа, филиал (өкілдiк) құратын шетелдiк заңды тұлға шет мемлекеттiң заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын шетелдiк заңды тұлғаның сауда тiзiлiмiнiң заңдастырылған үзiндi көшiрмесiн немесе басқа да заңдастырылған құжатты, сондай-ақ салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсетіп шетелдік заңды тұлғаның инкорпорация елінде салық тіркеуін растайтын құжатын қосымша ұсынуға тиiс.
      Филиал (өкiлдiк) құратын шетелдiк заңды тұлғаның құжаттары нотариалды түрде куәландырылған мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi аудармамен ұсынылады.
      Мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған құрылтай құжаттары байланған және нөмірленген түрінде, үш данада тапсырылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылады.
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiнде көзделген жағдайларда заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта тiркеуге жатады.
      Бұл ретте, уәкілетті органға орталық арқылы мынадай құжаттар:
      1) белгіленген нысандағы өтініш;
      2) заңды тұлғаның мөрі басылған құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының шешімі не шешімінен үзінді;
      3) жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың филиалдары (өкiлдiктерi) үшін енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен құрылтай құжаттарының (ережесiнiң) үш данасы;
      4) жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлiк қоғамның бұрынғы құрылтай құжаттарының, олардың филиалдары (өкiлдiктерi) туралы ережелерінің төлнұсқалары;
      5) заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркегені немесе филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркегені үшін тіркеу алымы сомасын бюджетке төлегенiн растайтын түбіртегі немесе өзге құжаты тапсырылады.
      Заңды тұлғаға қатысушылар (акционерлік қоғамның акционерлері) құрамына жаңа қатысушы-заңды тұлға кірген жағдайда, тіркеуші органға құрылтай құжаттармен бірге жаңа қатысушының - заңды тұлғаның салық берешегінiң жоқ екендiгi (бар екендігі) туралы салық органының анықтамасы табыс етіледі.
      Шаруашылық серiктестiгі қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеру негіздемесi бойынша шаруашылық серiктестiктерiн қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына және құрылтай құжаттарына сәйкес шығып кететiн қатысушының, мүлiктегi (жарғылық капиталдағы) үлеске құқығы оның иелiгiнен шығарылғанын (басқа бiреуге берiлгенiн) немесе басқаға ауысқанын растайтын құжат ұсынылады.
      Егер шаруашылық серiктестiгінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иеліктен шығару (біреуге беру) шартының тарапы жеке тұлға болып табылатын жағдайда, жеке тұлға қолының төлнұсқалылығы нотариаттық куәландырылуы тиіс.
      Табиғи монополия субъектiлерiн қайта тiркеу үшiн табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның келiсiмi талап етiледi; тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiн, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен аффилиирленген тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта тiркеу үшiн монополияға қарсы органның келiсiмi талап етіледi.
      Филиалдар мен өкілдіктер атауы өзгерген жағдайда қайта тіркеуге жатады.
      Осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген құжат туралы мәліметтерді уәкілетті орган немесе орталық уәкілетті органның ЭЦҚ куәландырылған электронды құжат нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйе порталы немесе орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы алады.
      Құжаттарды қабылдау кезінде уәкілетті органның немесе орталықтың қызметкері осы тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген құжатты уәкілетті органның мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылған мәліметтермен салыстырып, содан кейін осы құжаттарды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
      Порталда шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін заңды тұлғаны электрондық тіркеуді алған кезде өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу беріледі.
      Жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электронды көшірмелері түрінде электронды сұрау салуға қоса тіркеледі.
      Мемлекеттік қызмет алушының қалауы бойынша бюджетке тіркеу алымын төлегенін растайтын түбіртек немесе құжат ЭҮТШ арқылы төленеді, бұл ретте осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген құжат электронды сұрау салуға қоса тіркелмейді.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде орталықтың қызметкері мемлекеттік қызмет алушыға жетіспейтін құжаттар көрсетілген қолхат береді.
      Комитет пен уәкілетті органдар мынадай:
      1) заңды тұлғаны құрудың, қайта тiркеудің және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiбiнің бұзылған, құрылтай құжаттарын Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келмеген;
      2) тапсыру актiсiн немесе бөліну балансын ұсынбаған не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқорлығы туралы ережелер болмаған;
      3) егер заңды тұлға немесе заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) iс-әрекет етпейтiн заңды тұлға болып табылған;
      4) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға iс-әрекет етпейтiн заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылған және (немесе) әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп танылған, және (немесе) хабарсыз кеткен деп танылған, және (немесе) қайтыс болды деп жарияланған, және (немесе) оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 192216 және 217-баптары бойынша қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болған;
      5) жеке басты куәландыратын жоғалған және (немесе) жарамсыз құжаттарды ұсынған;
      6) сот актілері және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдарының қаулылары (тыйым салулары, қамауға алулары) болған жағдайларда заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) бас тартады.
      Дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеуден және қайта тiркеуден бас тартудың қосымша негiздерi «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.
      Филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеуден және қайта тiркеуден бас тарту Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген филиалды (өкiлдiктi) құру тәртiбi бұзылған, есептiк тiркеуге ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайларда жүзеге асырылады.
      Осы бапта көзделген мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) бас тарту негіздері шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға қолданылмайды.
      Комитет және уәкілетті орган құжаттар пакеті толық ұсынылмаған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажеттігі туындаған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша анықталған кемшіліктер жойылғанша немесе тиісті қорытындыны (сараптаманы) алғанша заңды тұлғаны мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) мерзімін тоқтатады.»;
      көрсетілген стандарт осы қаулыға 345 және 6-қосымшаларға сәйкес 4, 5, 6 және 7-қосымшалармен толықтырылсын;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден алу» мемлекеттік қызмет стандартында:
      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған және қолхат алған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш берген күннен кейін бес жұмыс күні ішінде;»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Мемлекеттік қызмет алушылар заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын тарату негіздері бойынша мемлекеттік тіркеу үшін Комитетке немесе орталықтарға мынадай құжаттарды:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтінішті;
      2) заңды тұлға мүлкiнің меншік иесiнiң немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның не оған заңды тұлғаның мөрi басылған құрылтай құжаттарымен уәкілдік берілген заңды тұлға органының шешімін;
      3) заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлар қойған талаптарды мәлiмдеудiң тәртiбi мен мерзiмдері туралы ақпараттың Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында жарияланғанын растайтын құжатын;
      4) кедендік баждар, салықтық және кедендік алымдар бойынша берешектерi жоқ екендiгi туралы анықтаманы;
      5) акция шығарылымдарының (акционерлiк қоғамдар үшiн) күшi жойылғаны туралы куәлікті;
      6) заңды тұлға мөрiнiң жойылғандығы туралы құжатты;
      7) заңды тұлғаның тоқтатылғанын мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртекті немесе өзге құжатты;
      8) құрылтай құжаттарын ұсынады.
      Заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш заңды тұлғаның таратылғаны туралы ақпарат жарияланған күннен бастап кемінде екі ай өткен соң тіркеуші органға ұсынылады.
      Сот шешімімен таратылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғанын мемлекеттік тіркеу сот шешімінің және соттың тарату іс жүргізуінің аяқталғаны туралы ұйғарымының негізінде жүзеге асырылады.
      Мүліктік кешен ретінде жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін сатып алушы:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтінішті;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органның) мемлекеттік кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде жекешелендіруі туралы шешімін;
      3) мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік кешенін сатып алу-сату шартының көшірмесін;
      4) мемлекеттік кәсіпорынның тапсыру актiсiнің көшірмесін;
      5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені немесе филиалды (өкілдікті) есептік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртекті немесе өзге де құжатты ұсынады.
      Мемлекеттік қызмет алушылар филиалды және өкілдікті есептік тіркеуден шығару үшін Комитетке немесе орталықтарға мынадай құжаттарды:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтінішті;
      2) филиал (өкілдік) туралы ережені;
      3) филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеуден шығарғаны үшiн бюджетке тіркеу алымының төленгенiн растайтын түбiртекті немесе өзге де құжатты ұсынады.
      Салық қызметінің органдары Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмінің мәліметтері негізінде қызметін тоқтататын заңды тұлға, филиал (өкілдіктің), шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер береді не мұндай заңды тұлға, филиал (өкілдік) шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін орындамаған жағдайда берешегі туралы көрсетілген мәліметтерді беруден бас тартады.
      Өзіне қатысты мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі шығарылған заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден шығару:
      1) филиал (өкілдік) туралы ережені;
      2) филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығарғаны үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенiн растайтын түбiртекті немесе өзге де құжатты қоса бере отырып, осындай шешім негізінде жүзеге асырылады.»;
      4) көрсетілген қаулымен бекітілген «Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      1. «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 13-кіреберіс, 955-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі мен құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі – Комитет) және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – уәкілетті органдар), мекенжайлары осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық) және өтініш берушіде электронды-цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
      Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беруді тиісті облыста (Комитетте беруге жататындардан басқалары) уәкілетті органдар орталық арқылы жүзеге асырады.
      Банктерді, республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық бірлестіктерді (оның ішінде барлық саяси партияларды), сондай-ақ шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары және өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу), республикалық және өңірлік мәртебесі бар діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасын беруді Комитет жүзеге асырады.
      Алушыда ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
      Шалғай елді мекендердегі тұрғындардың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Мобильдік орталықтар арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жол беріледі.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
      1) Комитетте және орталықта жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын қағаз тасығышта ұсыну болып табылады.
      Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беруден бас тартылған жағдайда ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамалық актісінің талаптарына сәйкес келмеуіне сілтемені қамтитын қағаз жеткізгіштегі дәлелді бас тарту беріледі;
      2) порталда «жеке кабинетке» жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беруге электрондық өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған уәкілетті органның электрондық құжат нысандағы дәлелді жауабы жіберіледі.»;
      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған күнінен және қолхат алған сәттен бастап, сондай-ақ электронды сұрау салу берген сәттен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау және тапсыру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
      Мемлекеттік қызмет алушы электрондық сұрау салуды портал арқылы ұсынған кезде жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады;»;
      11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) түпнұсқасын жоғалтқаны туралы ақпараттың мерзімді баспасөз басылымында жарияланғанын растайтын құжат (өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған порталдағы электрондық құжат нысанында сұрау салу беру кезінде электрондық көшірмелері электрондық сұрау салуға бекітіледі);»;
      көрсетілген қаулыға мемлекеттік қызмет стандартына 12 және 3-қосымшалардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру»;
      5) көрсетілген қаулымен бекітілген «Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі мен құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 13-кіреберіс, 955-кабинет мекенжайы бойынша және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар) мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетеді.
      Банктердің, республикалық және өңірлік мәртебелері бар қоғамдық ұйымдардың (оның ішінде барлық саяси партиялардың) құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдардың, филиалдары мен өкілдіктерінің, республикалық және өңірлік мәртебесі бар діни ұйымдардың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуді Комитет жүзеге асырады.
      Шалғай жатқан елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Мобильдік орталықтар арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жол беріледі.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мемлекеттік қызмет көрсету 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42-бабы, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-1-бабының негізінде жүзеге асырылады.»;
      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі бизнес-сәйкестендіру нөмірі тіркелген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы қағаз тасығыштағы анықтаманы беру болып табылады.
      Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған жағдайда ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтіндігіне сілтеме жасалып, қағазға тасығыштағы дәлелді жауап беріледі.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету құрылу мақсаттарына, қызметінің түріне және сипатына, қатысушыларының (мүшелерінің) құрамына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында құрылған барлық жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаларға, сондай-ақ акционерлік қоғамдарға, филиалдар мен өкілдіктерге (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетіледі.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Мемлекеттік қызметті алушылар мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды:
      1) белгіленген нысандағы өтінішті;
      2) заңды тұлғаның мөрімен бекітілген заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімін не шешімінен үзінді-көшірмені;
      3) заңды тұлғаның мөрімен бекітілген заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мәтінінің үш данасы немесе жаңа редакцияда ресімделген заңды тұлға құрылтай құжаттарының, филиал (өкілдік) туралы ереженің үш данасы;
      4) заңды тұлғаның бұрынғы құрылтай құжаттарының, филиал (өкілдік) туралы ереженің төлнұсқалары;
      5) нақты орналасқан жерін (орналасқан жерін өзгерткен жағдайда) растайтын құжат ұсынылады.
      Өтінішке құрылтайшы немесе құрылтайшы уәкілеттік берген адам қол қояды. Мемлекет үлестік қатысатын, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және акционерлік қоғамдар (бұдан әрі – мемлекет қатысатын заңды тұлғалар) мемлекет қатысатын мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер тізілімі иесінің белгісі бар өтінішті тапсырады.»;
      16-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Комитет және уәкілетті органдар заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі бұзылған құрылтай құжаттары (ережелер) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келмеген; сот орындаушылары мен құқық қорғау органдарының сот актілері мен қаулылары (тыйым салулары, қамауға алулары) болған кезде жеке кәсіпкерлік, сондай-ақ акционерлік қоғам субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуден бас тартады.
      Акционерлік қоғамды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның тұрғылықты жері ауысқан кезде заңды тұлға, филиал (өкілдік) бұл туралы тұрғылықты жерін ауыстыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айлық мерзімде нақты мекенжайы бойынша тіркеуші органды хабардар етеді.»;
      көрсетілген қаулыға мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 12 және 3-қосымшаларда:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке кәсіпкерлік, сондай-ақ акционерлік қоғам субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу»;
      6) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
      11-тармақта:
      төртінші абзацтағы 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) заңды тұлға үшін – жарғының көшірмесін (салыстырып тексеру үшін төлнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған) өтініш берушінің заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің көшірмесін не анықтаманы;
      сегізінші абзацтағы 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) заңды тұлға үшін – өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін не анықтаманы;»;
      7) көрсетілген қаулымен бекітілген «Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
      11-тармақта:
      төртінші абзацтағы 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) заңды тұлға үшін – жарғысының көшірмесін (салыстырып тексеру үшін төлнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған), өтініш берушінің заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесін не анықтаманы»;
      сегізінші абзацтағы 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) заңды тұлға үшін – өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесін не анықтаманы;».
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      5. «Зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 579 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 501-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет стандартында:
      11-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) құрылтай құжаттарының көшірмелері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі не анықтама»;
      4) тармақша алынып тасталсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартында:
      11-тармақтың он бірінші және он екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қызметтік міндеттерді немесе жұмыс берушінің қызметтік тапсырмасын орындау тәртібімен жасалған қызметтік туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде тіркеу үшін ұсынылатын құжаттардан басқа, еңбек шартының көшірмесін ұсыну қажет. Автор мен жұмыс берушінің арасында қызметтік туындыны пайдалануға мүліктік құқықтардың тиесілігі туралы шарт жасалған жағдайда осындай шарттың көшірмесін, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін не анықтаманы ұсыну қажет.
      Құқық иеленуші заңды тұлға болған жағдайда тіркеу үшін ұсынылатын құжаттардан басқа, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін не анықтаманы ұсыну қажет.».

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 15 мамырдағы
№ 487 қаулысына   
1-қосымша      

Жеке және заңды тұлғалардың   
(филиалдар мен өкілдіктердің),  
сондай-ақ дара кәсіпкерлердің  
сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру
және бұрын берілген құжаттарын  
қайта ресімдеу үшін өтініш    
жасау ережесіне          
1-қосымша            

___________________________
(тіркеуші органның атауы)

Заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) мемлекеттік (есептік)
тіркеу (қайта тіркеу) туралы бұрын берілген құжаттарды қайта
рәсімдеуге арналған
өтініш

      1. Ұйым нысаны (тиісті ұяшықта х-пен көрсетіңіз):
      1) заңды тұлға _______________________________________________;
      2) филиал ____________________________________________________;
      3) өкілдік ___________________________________________________.
      2. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) атауы:
_____________________________________________________________________
      3. Заңды тұлға, филиал (өкілдік) (тиісті ұяшықта х-пен
көрсетіңіз):
      1) коммерциялық ______________________________________________;
      2) коммерциялық емес __________________________ болып табылады.
      4. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрамында
инвесторлардың қатысуы (тиісті ұяшықта х-пен көрсетіңіз):
      1) иә ______________________; 2) жоқ _________________________.
      5. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (тиісті ұяшықта
х-пен көрсетіңіз):
      1) иә ______________________; 2) жоқ _________________________.
      6. Заңды тұлға халықаралық ұйым болып табылады (тиісті ұяшықта
х-пен көрсетіңіз):
      1) иә ______________________; 2) жоқ _________________________.
      7. Заңды тұлғаның үлгілік жарғы негізінде өз қызметін жүзеге
асыруы (тиісті ұяшықта х-пен көрсетіңіз):
      1) иә ______________________; 2) жоқ _________________________.
      8. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері
_____________________________________________________________________
     (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, қаладағы ауданы,
_____________________________________________________________________
  (ауыл, кент), көшесі, шағын ауданы, орамы, тұйық көшесі, даңғылы,
____________________________________________________________________,
      үйдің нөмірі, пәтер, бөлме, телефон нөмірі, факс нөмірі)
      9. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) басшысы туралы
мәліметтер (тиісті ұяшықта х-пен көрсетіңіз):
      1) Қазақстан Республикасының азаматы _________________________;
      2) шетелдік тұлға ____________________________________________;
      3) азаматтығы жоқ тұлға ______________________________________.
_____________________________________________________________________
     (Т.А.Ә., ЖСН немесе құжат, паспорт, нөмірі, берілген күні,
_____________________________________________________________________
кім берген, тұрақты тұратын елі, телефон нөмірі, факс нөмірі, E-mail)
      10. Меншік нысаны (тиісті ұяшықта х-пен көрсетіңіз):
      1) мемлекеттік _____________; 2) жеке ________________________.
      11. Экономикалық қызметінің негізгі түрлерін көрсетіңіз _______
_____________________________________________________________________
      12. Экономикалық қызметінің басқа (екінші) түрлерін көрсетіңіз
_____________________________________________________________________
      13. Жарғылық капитал мөлшері __________________________________
      14. Жарғылық капитал түрі (резидент емес үшін) ________________
      15. Заңды тұлға құрылтайшыларының құрамы (тиісті ұяшықта х-пен
көрсетіңіз):
      1) заңды тұлға _____________; 2) жеке тұлға __________________.
      Заңды тұлға (резидент)
_____________________________________________________________________
          (атауы, тіркелген күні және тіркеу нөмірі, БСН)
_____________________________________________________________________
      Жарғылық капиталдағы үлесі ____ % салым сомасы (мың теңге) ____
      Заңды тұлға (резидент емес)
_____________________________________________________________________
       (сауда тізілімінен үзінді көшірмеге немесе субъектінің
_____________________________________________________________________
заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған
                               құжатқа
_____________________________________________________________________
            сәйкес, атауы, тіркеу елі, тіркеу нөмірі)
_____________________________________________________________________
                    тіркеу күні, қызмет түрі
      Жарғылық капиталдағы үлесі % _____ салым сомасы ______________;
      Жеке тұлға (Қазақстан Республикасының азаматы)
_____________________________________________________________________
      (Т.А.Ә., ЖСН не құжат, паспорты, нөмірі, берілген күні,
_____________________________________________________________________
                 кім берген, тұрақты тұратын елі)
      Жарғылық капиталдағы үлесі _____ %; салым сомасы _____________;
      Жеке тұлға (шет ел азаматы):
_____________________________________________________________________
          (Т.А.Ә., құжат, паспорт, нөмірі, берілген күні,
_____________________________________________________________________
                  кім берген, тұрақты тұратын елі)
      Жарғылық капиталдағы үлесі: _____ % салым сомасы ______________
      16. Филиал (өкілдік) құратын заңды тұлға туралы мәліметтер
      Заңды тұлға (резидент)
_____________________________________________________________________
            (атауы, тіркеу күні және тіркеу нөмірі, БСН)
_____________________________________________________________________
      Жарғылық капиталдағы % _______ салым сомасы (мың теңге) _______
      Заңды тұлға (резидент емес)
_____________________________________________________________________
   (атауы, тіркеу елі, тіркеу нөмірі (сауда тізілімінен үзіндіге,
_____________________________________________________________________
немесе субъектінің заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа
                    да заңдастырылған құжатқа сәйкес
_____________________________________________________________________
тіркеу нөмірі, қызмет түрі), ________________________________________
      Жарғылық капиталдағы үлесі, _________ % салым сомасы __________
      17. Жұмыспен қамтылған қызметкерлердің күтілетін (болжамды)
саны ________________________________________________________________
      18. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшықта х-пен
көрсетіңіз ):
      1) шағын кәсіпкерлік субъектісі ______________________________;
      2) орта кәсіпкерлік субъектісі _______________________________;
      3) ірі кәсіпкерлік субъектісі ________________________________.
      19. Заңды тұлғаны құру қайта құруды болжайды (тиісті ұяшықта
х-пен көрсетіңіз ):
      1) қайта құру ________________________________________________;
      2) қосылу ____________________________________________________;
      3) бөлініп шығу ______________________________________________;
      4) бөлу ______________________________________________________.
      20. Қайта ұйымдастыруға қатысатын заңды тұлғалар саны _________
      21. Қайта құрылған жағдайда мынадай мәліметтер көрсетілуі қажет
_____________________________________________________________________
                 (заңды тұлғаның бұрынғы атауы, БСН)
_____________________________________________________________________
      22. Қосылған жағдайда мынадай мәліметтер көрсетілуі қажет:
_____________________________________________________________________
         (қосылуға қатысатын заңды тұлғалардың атауы, БСН)
      23. Бөлініп шыққан жағдайда мынадай мәліметтер көрсетілуі
қажет: ______________________________________________________________
        (жаңа заңды тұлға бөлініп шыққан заңды тұлғаның атауы, БСН)
_____________________________________________________________________
      24. Бөлінген жағдайда мынадай мәліметтер көрсетілуі қажет:
_____________________________________________________________________
    (базасында заңды тұлғалар құрылған заңды тұлғаның атауы, БСН)
_____________________________________________________________________
                 (Т.А.Ә. және өтініш берушінің қолы)

      _______ жылы «___» ___________________________

      Өтінішке қоса тіркеледі:

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 15 мамырдағы
№ 487 қаулысына   
2-қосымша      

Жеке және заңды тұлғалардың   
(филиалдар мен өкілдіктердің),  
сондай-ақ дара кәсіпкерлердің  
сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру
және бұрын берілген құжаттарын  
қайта ресімдеу үшін өтініш    
жасау ережесіне          
2-қосымша             

___________________________
(тіркеуші органның атауы)

Заңды тұлғаны – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына
қатысушыны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы бұрын
берілген куәлікті қайта ресімдеуге арналған
өтініш

      1. Заңды тұлғаның атауы: ______________________________________
_____________________________________________________________________
      2. Заңды тұлғаның құрамында шетелдік қатысушылардың қатысуы
(тиісті ұяшықта х-пен көрсетіңіз):
      1) иә ______________________; 2) жоқ _________________________.
      3. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (тиісті ұяшықта
х-пен көрсетіңіз):
      1) иә ______________________; 2) жоқ _________________________.

      ____________________________________
      (Т.А.Ә. және өтініш берушінің қолы)

      ____ жылғы «___» ___________________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 15 мамырдағы
№ 487 қаулысына   
3-қосымша      

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу (қайта тіркеу), олардың
филиалдары мен өкілдіктерін 
есептік тіркеу (қайта тіркеу)»
мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша         

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі/Ұлттық Банкі
(нұсқа: (Аумақтық әділет органы) _____________)

Заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы
анықтама
_______________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмiрi

____________                               20__ ж. «___» ____________
   қаласы

Атауы: ______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан жері: ____________________________________________________
_____________________________________________________________________

Анықтама Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберiнде құрылтай
құжаттарына сәйкес қызметтi жүзеге асыру құқығын бередi

Берілген күні

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 15 мамырдағы
№ 487 қаулысына   
4-қосымша      

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу (қайта тіркеу), олардың
филиалдары мен өкілдіктерін 
есептік тіркеу (қайта тіркеу)»
мемлекеттік қызмет стандартына
5-қосымша         

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
(нұсқа: (Аумақтық әділет органы) _____________)

Заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тiркеу туралы
анықтама
_________________________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмiрi

____________                               20__ ж. «___» ____________
   қаласы

Заңды тұлға филиалының (өкiлдiгiнiң) атауы: _________________________
_____________________________________________________________________
Заңды тұлғаның атауы: _______________________________________________
Заңды тұлға филиалының (өкiлдiгiнiң) орналасқан жері: _______________
_____________________________________________________________________
Заңды тұлғаның орналасқан жері: _____________________________________

Анықтама Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберiнде құрылтай
құжаттарына сәйкес қызметтi жүзеге асыру құқығын бередi

Берілген күні

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 15 мамырдағы
№ 487 қаулысына   
5-қосымша      

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу (қайта тіркеу), олардың
филиалдары мен өкілдіктерін 
есептік тіркеу (қайта тіркеу)»
мемлекеттік қызмет стандартына
6-қосымша         

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі/Ұлттық Банкі
(нұсқа: (Аумақтық әділет органы) _____________)

Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы
анықтама

_____________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмiрi

____________                               20__ ж. «___» ____________
   қаласы

Атауы: ______________________________________________________________
Орналасқан жері: ____________________________________________________
Алғашқы мемлекеттік тіркеу күні: ____________________________________

Анықтама Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберiнде құрылтай
құжаттарына сәйкес қызметтi жүзеге асыру құқығын бередi

Берілген күні

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 15 мамырдағы
№ 487 қаулысына   
6-қосымша      

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу (қайта тіркеу), олардың
филиалдары мен өкілдіктерін 
есептік тіркеу (қайта тіркеу)»
мемлекеттік қызмет стандартына
7-қосымша         

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
(нұсқа: (Аумақтық әділет органы) _____________)

Заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік қайта тiркеу туралы
анықтама

_______________________________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмiрi

____________                               20__ ж. «___» ____________
   қаласы

Заңды тұлға филиалының (өкiлдiгiнiң) атауы: _________________________
Заңды тұлғаның атауы: _______________________________________________
Заңды тұлға филиалының (өкiлдiгiнiң) орналасқан жері: _______________
_____________________________________________________________________
Филиалды (өкілдікті) алғашқы есептік тіркеу күні: ___________________

Анықтама Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберiнде құрылтай
құжаттарына сәйкес қызметтi жүзеге асыру құқығын бередi

Берілген күні