Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 сәуірдегі № 387 қаулысы

Жаңартылған

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 23 сәуірдегі
№ 387 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 шілдедегі № 843 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 25, 265-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларында:
      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама;
      филиал немесе өкілдік үшін – филиалды немесе өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама.
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;
      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. «Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 ақпандағы № 98 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 3, 45-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру ережесінде:
      5-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасында құрылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама немесе сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірме немесе шетелдік заңды тұлғаның осы тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын растайтын басқа заңдастырылған құжаты.
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.».
      3. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 440 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 17, 192-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларында:
      4-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама.
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.».
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 180 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.04.2015 № 238 қаулысымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 140 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      7. «Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 1198 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1030-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларында:
      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 180 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 23 сәуірдегі
№ 387 қаулысына    
1-қосымша       

Қазақстан Республикасында 
таратылатын шетелдiк мерзімді
баспа басылымдарын есепке 
алу қағидаларына      
1-қосымша          

_____________________________________________________________________
(өтінішті тіркейтін органның атауы және мекенжайы)

Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді баспа
басылымдарын есепке алу туралы
өтініш

      Сізден Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді
баспа басылымдарын есепке алуды сұраймын.
      Таратушының деректері:
_____________________________________________________________________
(ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетумен дара кәсіпкердің/заңды тұлғаның
                               атауы)
_____________________________________________________________________
                             (ЖСН/БСН)
_____________________________________________________________________
(тіркелген орны, нақты мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық
                              поштасы)

Р/c

Шетелдік мерзімді баспа басылымдары атауының тізбесі

Шетелдiк мерзімді баспа басылымдарының таралу аумағы

Таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымдарының тiлi (тiлдерi)

Негiзгi тақырыптық бағыттылығы

Мерзімділігі

Таратылатын даналарының болжамды саны

1.







2.







Қосымшалар: 1. _________________________
            2. _________________________
бірінші басшының/дара кәсіпкердің қолы

М.О. 20__ ж. «___» _____________________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 23 сәуірдегі
№ 387 қаулысына   
2-қосымша      

      Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 180 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 23 сәуірдегі
№ 387 қаулысына   
3-қосымша      

      Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.04.2015 № 238 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 23 сәуірдегі
№ 387 қаулысына   
4-қосымша      

      Ескерту. 4-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 140 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 23 сәуірдегі
№ 387 қаулысына    
5-қосымша      

      Ескерту. 5-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 140 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 23 сәуірдегі
№ 387 қаулысына   
6-қосымша       

Телерадио хабарларын тарату
мақсаты үшiн жиiлiктердiң 
белдеулерiн, радиожиiлiктердi
(радиожиiлiк арналарын) бөлу
қағидаларына        
2-қосымша          

Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары

      Өтінімге мыналар қоса беріледі:
      1) мынадай құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері:
      заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;
      жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқықты растайтын құжаттар;
      2) теле-, радиоарналардың қамту аймағының шекаралары түсірілген және радиотарату жабдығының орнатылған орны көрсетілген болжамды қызмет көрсету аумағының жергілікті жерінің картасы;
      3) мынадай мәліметтер көрсетілетін түсіндірме жазба:
      телевизиялық сигналдың (бір сөйлеу, көп сөйлеу) дыбыстық сүйемелдеу түрі;
      теле-, радиоарналарды тарату үшін жоспарланатын жабдықтардың болуы, оның сипаттамалары, жай-күйі және түрі туралы ақпарат;
      білікті техникалық персоналдың болуы (дипломдар мен еңбек кітапшаларының көшірмелерін қоса беріп);
      болжамды қаржыландыру көздері, жоспарланатын шығындар мен кірістер, жобаның өтелу мерзімі;
      4) теле-, радиоарналарды тарату стандартының орындалуы туралы міндеттемелер;
      5) арнаның орташа ақпараттық жылдамдығын және жоспарланатын хабар тарату сапасының стандарттарын ұстап тұру туралы міндеттемелер;
      6) телерадио хабарларын тарату желісін ұйымдастыру немесе бір бағдарламалық хабар тарату схемасы;
      7) спутниктік байланыс арналары пайдаланылған жағдайда қосымша:
      пайдаланылатын жердің жасанды спутниктерінің атауы, орналасқан жері және тиесілігі (спутниктік оператор), олардың орналасу нүктесі, қызмет көрсету аймағы;
      спутниктік операторға берілген желіде пайдаланылатын қабылдағыш-таратқыш спутниктік станцияларының трансмиссиялық жоспарларының көшірмесі;
      жиіліктердің алатын белдеулері (пайдаланылатын спутниктік ресурс мөлшері);
      8) радиостанциялар үшін қосымша шығармашылық ұсыныстар:
      радиоарнаның хабар тарату кестесі (кейінгі айға);
      мынадай мәліметтерді қамтитын ақпарат:
      радиоарнаның тақырыптық бағытталуы;
      хабар таратудың тілдік арақатынасы, мемлекеттік тілдегі радиобағдармаларды тарату уақыты;
      меншіктік радиобағдарламалардың, сатып алынатын радиобағдарламалар мен ретрансляциялардың арақатынасы.

      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 23 сәуірдегі
№ 387 қаулысына   
7-қосымша      

      Ескерту. 7-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 180 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).