Конкурстан тыс рәсімдер арқылы 2013 - 2015 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 385 қаулысы

Жаңартылған

      «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Республикалық бюджеттен 2013 - 2015 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру:
      1) «2013 - 2015 жылдарға арналған карантиндік зиянды организмдердің фитосанитариялық қауіп-қатерлерін талдау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша;
      2) «2013 - 2014 жылдарға арналған жаңғыртылған энергия көздерін қолдану арқылы Қазақстандағы мал шаруашылығын дамыту мен жайылымдарды тиімді пайдалануға ғылыми-эксперименталдық негіздеме» ғылыми-техникалық жобасы бойынша конкурстан тыс рәсімдер арқылы жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 826 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов