"Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 6 ақпандағы № 97 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 633-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентте:
      4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) экологиялық класс – шығарындылар деңгейіне қарай автокөлік құралдарын сипаттайтын техникалық нормативтерді жіктеу коды;»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдары шығарындыларының үлестік нормативтері техникалық регламенттің 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес экологиялық кластар бойынша белгіленеді.»;
      6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. 2-экологиялық класта:»;
      7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. 3-экологиялық класта:»;
      8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. 4-экологиялық класта:»;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын;
      «4) ең үлкен массасы 3,5 тоннадан жоғары М1, барлық доңғалақтарға жетектің жоғарғы өткізгіштігі, оның ішінде осьтердің бірінің өшірілетін жетегімен, дизелі бар М2, М3, N1, N2, N3 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативі БҰҰ ЕЭК № 96-02 ережесінде көзделген шығарындылардың нормативті деңгейінде белгіленеді»;
      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Техникалық регламенттің 6, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген автокөлік құралдары шығарындыларының үлестік нормативтерінің орындалуын қамтамасыз ететін отын сипаттамасына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық кластар бойынша негізгі техникалық талаптар қойылады.
      10. Автокөлік құралдарының техникалық регламенттің 3, 4, 5 және одан жоғары экологиялық кластар бойынша талаптарына сәйкестігі «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі   № 675 қаулысында белгіленген тәртіппен берілетін сәйкестік сертификаттарымен куәландырылады.
      Ұсынылатын көлік құралында экологиялық кластарға сәйкес келетін пайдаланылған газдарды бейтараптандыру жүйесінің болуын растау дайындаушы зауыттың сертификаты немесе көлік құралы паспортының түпнұсқасы болып табылады.»;
      1415 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдары шығарындыларының үлестік нормативтері техникалық регламентке сәйкес мынадай мерзімдерде:
      1) 2-экологиялық класс 2009 жылғы 15 шілдеден;
      2) 3-экологиялық класс 2013 жылғы 1 қаңтардан;
      3) 4-экологиялық класс:
      Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін автокөлік құралдарына қатысты 2013 жылғы 1 шілдеден;
      Қазақстан Республикасында өндірілетін автокөлік құралдарына қатысты 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      15. Автокөлік құралдарына арналған отынның сипаттамаларына қойылатын негізгі техникалық талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай мерзімдерде:
      1) 2-экологиялық класс 2010 жылғы 1 қаңтардан;
      2) 3-экологиялық класс 2014 жылғы 1 қаңтардан;
      3) 4-экологиялық класс 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      16. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын, бұрын пайдаланылған автокөлік құралдарының 2, 3, 4 және 5-экологиялық кластарының талаптарына сәйкестігін растау техникалық регламентке 4-қосымшаны ескере отырып жүзеге асырылады.»;
      17-тармақ алынып тасталсын;
      4-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      5-қосымша алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2013 жылғы 6 ақпандағы
№ 97 қаулысына  
қосымша    
Техникалық регламентке
4-қосымша    

Автокөлік құралдары және іштен жану қозғалтқыштарының шығарылу жылына байланысты 2, 3, 4 және 5 экологиялық кластар бойынша техникалық регламенттің талаптарына сәйкестік кестесі

Автокөлік құралдары және (немесе) олардың қозғалтқыштары шығарылған ел

Экологиялық кластар талаптарына сәйкес келетін көлік құралдарының шығарылған жылдары

2-класс

3-класс

 4-класс

 5-класс

Еуропалық Одаққа кіретін*, бензин қозғалтқыштары

1997-2000

2001-2004

2005 –

тамыз 2009

М1-3 санаты,
N1 – 2009 қыркүйегі және кейінірек

N2 санаты – 2010 қыркүйегі және кейінірек

N3 санаты – 2008 қазан және кейінірек

Еуропалық Одаққа кіретін*, дизельдер

1997-2001

2002-2004

2005 – тамыз 2009

М1-3 санаты,
N1 – 2009 қыркүйегі және кейінірек

N2 санаты – 2010 қыркүйегі және кейінірек

N3 санаты – 2008 қазан және кейінірек

АҚШ

1996-2000

2001-2005

2006  және кейінірек

-

Жапония

1998-2004

2005-2010

2010 және кейінірек

-

Канада

2001-2003

2004

-

-

Үндістан

2005-2009

2010

-

-

Малайзия

2003

-

-

-

Қытай

2004-2007

2008

М3 санаты – 2012 қаңтар және кейінірек

-

Корея

2001-2002

2003-2005

2006 және кейінірек


Ресей

2006-2007

2008-2009

2010

-

Өзбекстан

2007-2009

-

-

-

Беларусь

2007

2008

-

-

Украина

М санаты - 2006

-

-

-

N санаты - 2007

Ескертпе:
      * Еуропалық Одаққа: Австрия, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланд, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция және Эстония кіреді;
      осы қосымша сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген органдардың сәйкестікті растау рәсімдерін өткізген кезде қолданылады.