Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 ақпандағы № 84 Қаулысы

Жаңартылған

      «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-2-бабына, «Қазақстан Республикасының патент заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабына, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 130-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мемлекеттік монополияға жатқызылған салалардағы қызметті жүзеге асыру (зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласында қызметтер көрсету) болып белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;
      2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2013 жылғы 4 ақпандағы    
№ 84 қаулысымен        
бекітілген         

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
      Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      3-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».
      3. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 188-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «188. «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».
      4. «Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 451 -құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің патент қабілеттілігін мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызмет стандартында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1.«Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің патент қабілеттілігін мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Астана қаласы, Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8, 13 Б кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті және Астана қаласы, Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8, 18 В кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - сараптау ұйымы) көрсетеді.»;
      8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
      8-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қолма-қол ақшасыз ақы төлеу тәсілі кезінде мемлекеттік қызмет үшін аударым бенефициарға жүзеге асырылады: Алушы - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. Мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8, 18 В кіреберіс, СТН: 620300220118. Банктің атауы: «Нұрбанк» АҚ, ЖСК KZ8584905KZ006015415, БСК NURSKZKX, КБЕ: 16.;
      «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің патент қабілеттілігін мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшада:
      селекциялық жетістікке Қазақстан Республикасының патентін беру туралы өтініш нысанында:
      «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМҚК-на» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-на» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8 үй, 13-кіреберіс, 4-корпус, «В» блогы» деген сөздер «010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8, 18 В кіреберіс» деген сөздермен ауыстырылсын.