Қазақстан Республикаcы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерiстер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 15 Қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Медициналық техника мен медициналық мақсаттағы

      бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 529 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 37, 311-құжат);

      2) "Дәрілік заттардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 шілдедегі № 712 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 43, 386-құжат);

      3) "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы таңбалау қағидаларын бекіту және "Дәрілік заттардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 шілдедегі № 712 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы

      № 1692 қаулысының 2-тармағы.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2013 жылғы 21 қаңтардағы
№ 15 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Қазақстан Республикасында өнiмдердiң сәйкестiгiн мiндетті түрде растау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 17, 203-құжат):

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген мiндетті түрде сертификаттауға жататын өнiмдер мен қызметтердiң тізбесінде:

      14, 15-бөлімдер мынадай редакцияда жазылсын:

      "14 .Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар

3003

Өлшенiп қатталмаған (3002, 3005, 3006 – позицияларда көрсетiлгендерден басқа) дәрiлiк заттар (мөлшерленген дәрiлiк нысандар түрінде ұсынылмаған немесе бөлшек сауда үшiн буылмаған)

3004

Өлшенiп қатталған (3002, 3005, 3006 - позицияларда көрсетiлгендерден басқа) дәрiлiк заттар (мөлшерленген дәрiлiк нысандар түрінде ұсынылған немесе бөлшек сауда үшiн буылмаған)

3006 30 000 0

Рентгенографиялық тексеруге арналған қарама-қарсы препараттар; сырқаттарға егуге арналған диагностикалық реагенттер

3006 60

Гормондардың, 2937 тауар позициясының өзге де қосылыстарының немесе спермицидтердің негiзіндегі химиялық контрацептивтiк заттар

1211

Парфюмерлiк, фармацевтикалық, инсектицидтiк, фунгицидтiк және осындай мақсаттарда пайдаланылатын тұқымдарды, тамырларды және тамыр сабақтары мен жемiстердi қоса алғанда жас немесе кептiрiлген, тұтас немесе ұсақталған, түйіршіктелген немесе ұнтақталған өсімдіктер, оның iшiнде трансгендiлер, олардың жекелеген бөлiктерi


      15. Ветеринарлық мақсаттағы бұйымдар

3005

Фармацевтикалық заттар сiңдiрiлген немесе олармен жабылған, терапевтiк мақсаттарда, сондай-ақ хирургияда, стоматологияда және ветеринарияда пайдалануға арналған мақта, дәке, бинттер және осыған ұқсас бұйымдар, таңу материалдары, жапсырғыштар, ыстық басу заттары

9018 31

Инесi бар немесе инесi жоқ буылмаған шприцтер

9018 90 500

Қан құюға арналған жабдық (бір мәрте қан құю жүйесi)

3006 10

Тiгiс салуға арналған стерильдi хирургиялық кетгут және осыған ұқсас жараларды хирургиялық жолмен жабуға арналған стерильдi адгезивтi маталар, стерильдi сорғыш хирургиялық немесе стоматологиялық қан тоқтататын заттар


      ";

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген сәйкестік туралы

      декларациямен сәйкестiгiн растауға рұқсат етiлетiн өнiмдердiң тізбесінде:

      "Медициналық бұйымдар" деген 2-бөлім алынып тасталсын.

      2. "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 4, 48-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Сәйкестікті растау рәсімдері" деген техникалық регламентте:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы техникалық регламент (бұдан әрі – регламент) дәрілік заттардан, медициналық мақсаттағы бұйымдардан және медициналық техникадан басқа өнімнің, немесе қызметтердің (сәйкестік туралы декларацияны қабылдау немесе сәйкестік сертификатын беру түрінде) регламенттермен, стандарттармен немесе шарттар талаптарымен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау кезінде қолданылады.";

      техникалық регламентке 1-қосымшаның 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9 және 10-схемаларды мынадай біртекті өнімдер топтарын: балалар тағамы өнімдерін, ойыншықтарды, автомобиль бензиндерін сертификаттау кезінде пайдалануға жол берілмейді.".

      3. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 444-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінде:

      осы ережеге 11-қосымшаның 13-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "өндірушінің сапа сертификатында және шығу тегі елі сертификатында көрсетілген сапаға сәйкес - сапасы бойынша, егер оны ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген өнімнің қауіпсіздігі мен сапасы туралы қорытындысы болған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болса.".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 142 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 27.01.2016 № 31 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      6. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 04.07.2019 № 476 қаулысымен.

      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 676 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).