"Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 115 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1725 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 115 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 27-28, 367-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қағидалар облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді мынадай республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша пайдалану тәртібін айқындайды:
      010 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер»;
      027 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер.»;
      038 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер».»;
      3-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      5-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге: наркологиялық диспансерлерде және оңалту орталықтарында, хоспистер мен мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсіпорындарында, санаторийлерде, мейірбикелік күтім ауруханаларында науқастарды емдеуге стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке; онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсету (2011 жылғы желтоқсандағы шот-тізілімге енбеген ТМКК аясында медициналық қызмет көрсету оқиғалары үшін және сапа мен көлемді бақылау бойынша оқиғаларды қосқандағы төлем); аурулардың профилактикасына, салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруға; тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка) көрсетуге медициналық қызметтерді сатып алуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік денсаулық сақтау басқармаларының жергілікті органдары жүзеге асырады.»;
      4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға және жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға республикалық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану тәртібі»;
      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
      «13-1. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмнiң, белгiленген тәртiппен бекiтiлген төлемдер бойынша тиiстi бюджеттiк бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспарының негiзiнде мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі болған кезде жүзеге асырылады.
      Күрделі сипаттағы шығыстарды қоспағанда, ағымдағы нысаналы трансферттер жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға байланысты ағымдағы шығыстарға пайдаланылады.»;
      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1725 қаулысына   
қосымша        

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық
бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы
нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларына
2-қосымша                    

2012 жылы облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттары

мың теңге

Р/с

Өңірлердің атауы

БМСК ұйымдарын жарақтандыру

Жедел медициналық жәрдем қызметін жарақтандыру

Туберкулезге қарсы ұйымдарды жарақтандыру

Балалар мен босандыру ұйымдарын жарақтандыру

Аудандық, қалалық және облыстық ауруханаларды жарақтандыру

Онкологиялық ұйымдарды жарақтандыру

Магнитті-резонансты және компьютерлік томографтармен жарақтандыру

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1.

Ақмола облысы

37 454

4 686

30 730

196 965

146 997

-

-

2.

Ақтөбе облысы

1 135

7 762

30 720

82 558

60 440

30 000

-

3.

Алматы облысы

307 374

37800

-

123 455

26 532

30 000

-

4.

Атырау облысы

67 155

25 220

30 730

152 777

26 760

30 000

-

5.

Шығыс Қазақстан облысы

119 422

12 610

30 730

234 193

26 500

30 000

-

6.

Жамбыл облысы

72 647

12 200

-

115 632

56 539

-

499 565

7.

Батыс Қазақстан облысы

61 219

-

-

217 188

29 346

30 000

-

8.

Қарағанды облысы

75 996

-

30 720

115 724

7106

30 000

-

9.

Қостанай облысы

98 325

12 610

-

193 442

83 909

-

-

10.

Қызылорда облысы

42 765

25 222

-

287 001

7 100

30 000

255 674

11.

Маңғыстау облысы

39 125

25 222

-

235 784

7 109

30 000

-

12.

Павлодар облысы

35 092

25 222

-

214 380

89 549

-

-

13.

Солтүстік Қазақстан облысы

41 100

25 200

-

139 632

28 090

30 000

-

14.

Оңтүстік Қазақстан облысы

60 934

-

55 999

356 841

6 958

30 000

-

15.

Алматы қаласы

73 365

-

-

74 641

7 109

30 000

-

16.

Астана қаласы

25 300

-

-

194 474

7 106

30 000

-


Жиыны:

1 158 408

213 754

209 629

2 934 687

617 150

360 000

755 239

мың теңге

Р/с

Өңірлердің атауы

Кардиологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарды жарақтандыру

Кардио-хирургиялық, кардиологиялық орталықтарды (бөлімшелерді) жарақтандыру

Медициналық жылжымалы кешендермен жарақтандыру

Барлығы

1

2

10

11

12

13

1.

Ақмола облысы

255 500

65 948

-

738 280

2.

Ақтөбе облысы

254 600

73 780

-

540 995

3.

Алматы облысы

-

73 784

-

598 945

4.

Атырау облысы

255 500

71 460

-

659 602

5.

Шығыс Қазақстан облысы

254 600

73 740

128 250

910 045

6.

Жамбыл облысы

-

62 360

-

818 943

7.

Батыс Қазақстан облысы

255 500

73 768

-

667 021

8.

Қарағанды облысы

255 500

110 703

-

625 749

9.

Қостанай облысы

255 700

68 786

-

712 772

10.

Қызылорда облысы

-

73 794

-

721 556

11.

Маңғыстау облысы

255 730

36 905

-

629 875

12.

Павлодар облысы

255 700

73 802

-

693 745

13.

Солтүстік Қазақстан облысы

255 500

66 696

-

586 218

14.

Оңтүстік Қазақстан облысы

-

73 786

-

584 518

15.

Алматы қаласы

510 000

73 810

-

768 925

16.

Астана қаласы

-

73 709

-

330 589


Жиыны:

3 063 830

1 146 831

128 250

10 587 778