Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ережені және Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 915 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 703-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ережені және Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидаларын бекіту туралы.»;
қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидалары бекітілсін.»;
Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау қағидасында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленген және ішкі су жолдарында пайдаланылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау тәртібін айқындайды.»;
3-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының атқаратын лауазымдары бар немесе арнайы біліктілікті талап ететін жұмыстарды орындайтын адамдарына диплом берілуі тиіс, сондай-ақ олар әрбір кейінгі бес жыл өткен соң аттестатталуға жатады.»;
үшінші бөлік алынып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беруге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:
1) жоғарғы немесе орта техникалық білімінің;
2) жүзу өтілін растайтын құжаттың;
3) кемеде жұмысқа жарамдылығы туралы тиісті медициналық комиссияның қорытындысының болуын қамтиды.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы Қағидалардың 7-тармағында аталған құжаттарды комиссияға ұсына отырып, осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген тиісті білімі бар адамдардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беруіне рұқсат етіледі.»;
8-тармақ алынып тасталсын;
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беруді өткізу туралы өтінішті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі — аумақтық бөлімше) күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.»;
10, 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Комиссияның әрбір отырысы хаттамамен ресімделеді, онда дипломдар және кемелердің тобы мен қуаты, сондай-ақ диплом берілетін және аттестатталатын кандидаттар атқарған лауазымдары көрсетілетін, аттестаттаудан өту туралы анықтамалар беру туралы комиссия шешімі жазылады.
11. Нысаны ішкі су көлігі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен (бұдан әрі - орталық атқарушы орган) бекітілетін дипломдар және аттестаттаудан ету туралы анықтамалар беру аумақтық бөлімшелерде жүзеге асырылады, сондай-ақ беру журналында тіркеледі.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Кемелердің командалық құрамы адамдарының дипломы жоғалған немесе ол жарамсыз болып қалған жағдайда (физикалық тозу, бүлінуі) иесі командалық құрам адамдарының дипломын берген комиссия төрағасының атына жоғалуы және бүлінуі жағдайы мен себептерін жаза отырып, өтініш береді. Сонымен қатар, дипломының иесі өз есебінен жергілікті баспа басылымдары арқылы құжаттың жоғалғаны туралы көрсете отырып, хабарландыру береді. Егер хабарландыру жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде құжат табылмаса, өтініш келіп түскен комиссия жоғалған құжатты жарамсыз деп таниды және өтініш берушіге жеті жұмыс күні ішінде телнұсқа береді. Өтініш беруші телнұсқа берілгенге дейін комиссиядан жоғалған құжатты уақытша алмастыратын анықтама алады.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Диплом беру мақсаты үшін өздігінен жүретін кемелер олардың қозғалысын қамтамасыз ететін қозғалтқыштардың тиімді қуатына қарай мынадай топтарға бөлінеді:
1) 1 топқа дейін — 55-тен 110 кВт дейін (75-149 ат күші);
2) 1 топ - 110-нан 330 кВт дейін (150-450 ат күші);
3) 2 топ - 331-ден 550 кВт дейін (451-750 ат күші);
4) 3 топ - 551-ден 850 кВт дейін (751-1 150 ат күші);
5) 4 топ - 581-ден 1 620 кВт дейін (1 151-2 200 ат күші);
6) 5 топ - 1 621-ден және одан астам кВт (2 201 және одан көп ат күші).»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Диплом беруден өткен адамдарға берілген дипломда кеме тобы және олар атқара алатын лауазымы көрсетіледі.»;
21-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) 55-тен 110 Квт (75 - 149 ат күші) дейінгі қуаты бар кемелерге - жоғарғы немесе орта техникалық білімі бар, сондай-ақ осы кемелерді басқару бойынша бір айдан кем емес тағылымдамадан өткен адамдар.».
23-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кемелердің, олардың ведомстволық тиістілігіне қарамастан командалық құрамының барлық адамдарына бес жылда бір рет өткізілетін кезекті;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1586 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 5 тамыздағы
№ 915 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде
мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық
құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша
біліктілік комиссиялары туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленген және ішкі су жолдарында пайдаланылатын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссияларын құру тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау - кемені басқару, оның ішінде кеме жүргізу және түбін тереңдету, Қазақстан Республикасында ішкі су жолдары бойынша кемелердің жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, кемеде тәртіп сақтау, қоршаған ортаны қорғау, кемеге, кемедегі адамдарға, багажға және жүкке қауіп төндіруді болдырмау үшін қажетті командалық құрамның білім деңгейін анықтау үшін жүзеге асырылатын рәсім, ол әрбір кейінгі бес жыл аяқталғанда жүргізіледі;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру - кемелердің командалық құрамының адамдарына біліктілік деңгейін анықтау жөнінде жүзеге асырылатын рәсім, оның қорытындылары бойынша дипломдар беріледі.
3. Осы Ереже Мемлекеттік кеме тізілімі мен Жалға алынған шетел кемелері тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын кемелер экипажында қолданылады.
2. Біліктілік комиссияларын құру
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары (бұдан әрі - комиссия) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінде (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) тұрақты негізде құрылады.
5. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының ішкі су көлігін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуде құзыреттілігін айқындау болып табылады.
6. Комиссия өз қызметін осы Ережеге сәйкес және Қазақстан Республикасының су көлігі саласындағы заңнама нормаларын сақтай отырып, жүзеге асырады.
7. Комиссия құрамы кемінде бес адамнан құралады, аумақтық бөлімше басшысының орынбасары (комиссия төрағасы) төрағалық етеді және су көлігінде қауіпсіздікке бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшенің қызметкерлерінен, сондай-ақ су көлігі саласында кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар тәжірибелі мамандардан (капитандар, командирлер, кеме жүргізушілері, механик-тәлімгерлер, механиктер, электрмеханиктер және кеме иесінің өкілдері) (келісім бойынша) тұратын комиссия мүшелері қатысады.
8. Комиссияның құрамы аумақтық бөлімше басшысының бұйрығымен бекітіледі.
9. Хаттаманы жасау үшін комиссияның отырысына комиссия мүшесі болып табылмайтын және дауыс беру құқығы жоқ комиссия хатшысы қатысады.
10. Комиссияның хатшысы диплом беру және аттестаттауды дайындау бойынша мынадай ұйымдастырушылық іс-шараларды:
1) кандидаттарға қажетті құжаттарды дайындауды;
2) кандидаттардың тізімін дайындауды;
3) диплом беру және аттестаттауды жүргізу кестелерін әзірлеуді;
4) диплом беру және аттестаттауды жүргізудің мақсаттары мен тәртібі туралы түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыруды;
5) кандидаттармен диплом беру және аттестаттау жүргізу мерзімі мен орнын келісуді жүзеге асыратын аумақтық бөлімшенің қызметкері болып табылады.
3. Біліктілік комиссияларының функциялары
11. Комиссия өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдары лауазымдарына үміткер адамдарды ішкі су көлігі мәселелері бойынша тыңдайды.
12. Аумақтық бөлімшенің басшысы комиссия хатшысы ұсынылған құжаттар пакеттерінің негізінде үміткерлер тізімін бекітеді, диплом беру мен аттестаттауды жүргізу мерзімі мен орнын белгілейді.
13. Комиссия хатшысы кандидаттарды жазбаша түрде пошта арқылы диплом беру мен аттестаттауды жүргізу мерзімі туралы оның басталуына дейін он жұмыс күннен кешіктірмей хабарлайды.
14. Комиссия шешімі, егер отырысқа комиссия мүшелерінің жалпы санынан кем дегенде 2/3 қатысса және ол үшін олардың елу пайыздан артығы дауыс берген жағдайда қабылданды деп есептеледі.