Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Павлодар қаласындағы өңірлік кардиохирургиялық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 1467 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Павлодар қаласындағы өңірлік кардиохирургиялық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын.
      2. Мыналар:
      1) тиісті саланың кәсіпорынға қатысты уәкілетті органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
      2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласындағы қызмет болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;
      2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 21 қазандағы
№ 1467 қаулысымен 
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар

      1. «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-88-жолмен толықтырылсын:
      «9-88. Павлодар қаласы «Павлодар қаласындағы өңірлік кардиохирургиялық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».
      2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 529-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «Мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 39-12-жолмен толықтырылсын:
      «39-12. «Павлодар қаласындағы өңірлік кардиохирургиялық орталығы».
      3. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 257-1-12-жолмен толықтырылсын:
      «257-1-12. «Павлодар қаласындағы өңірлік кардиохирургиялық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».