Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қарашадағы № 1449 қаулысы

Жаңартылған

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 683 қаулысымен бекітілген Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау, сондай-ақ өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөнінде қолдау көрсету қағидалары;
      2) Бағдарлама шеңберінде жаңа өндірістерді құруға арналған мемлекеттік гранттар ұсыну қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 15 қарашадағы
№ 1449 қаулысымен   
бекітілген     

Бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін
банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік
мәмілелері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау, сондай-ақ
өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөнінде қолдау
көрсету қағидалары

1. Жалпы ереже

      1. Осы Бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау, сондай-ақ өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөнінде қолдау көрсету қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 683 қаулысымен бекітілген Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін банктер/лизингтік компаниялардың кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау тәртібін айқындайды.
      2. Банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау осы Қағидаларда белгіленген жағдайларды қоспағанда, Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасындағы моноқалалардың тізбесіне сәйкес моноқалаларда және/немесе оларға әкімшілік бағыныстағы аумақта орналасқан елді мекендерде экономиканың кез келген секторында қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі - кәсіпкер) жаңа кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша жүзеге асырылатын болады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.
      3. Субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ экономиканың кез келген секторында өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілген банктердің/лизингтік компаниялардың жаңа кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша жүзеге асырылады.
      Субсидиялау айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит/лизинг шеңберінде, бірақ кредиттің/лизингтің жалпы сомасының 30%-нан көп емес, жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) жаңа кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылмайды.
      2012 жылғы 1 шілдеден бастап банктер/лизингтік компаниялар берген кредиттер/лизингтік мәмілелер жаңа кредиттер/қаржы лизингі шарттарына жатады.
      4. Субсидиялауға қарыздарды/қаржы лизингі шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, 2012 жылғы 1 шілдесінен ерте емес алынған Бағдарламаның критерийлеріне сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер жатады.
      5. Мақсаттарға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдар және Қағидаларда қолданылатын терминдер:
      1) банк – өз қызметін моноқалаларда жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы төлеу ставкаларын субсидиялау шеңберінде ынтымақтастық туралы келісімді жасасқан екінші деңгейдегі банк (бұдан әрі - ынтымақтастық туралы келісім);
      2) банк - төлем агенті - лизингтік компанияның уәкілетті банкі - қаржы агентімен келісілуі тиіс және субсидияларды аударуға және есептен шығаруға арналған Лизинг компаниясының арнайы ағымдағы шотын жүргізу бойынша функцияларды жүзеге асыруы тиіс;
      3) субсидиялау шарты - қаржы агенті, кәсіпкер, банк/лизингтік компания арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша қаржы агенті банк/лизингтік компания берген Кәсіпкердің кредиті/лизингі бойынша сыйақы ставкасын ішінара субсидиялайды;
      4) банктік қарыз шарты – кәсіпкер, банк арасында жасалатын жазбаша келісім, оның талаптары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді. Банктік қарыз шартына сондай-ақ кредит желісін ашу туралы келісім де жатады;
      5) Қаржы лизингісінің шарты - кәсіпкер, банк/лизингтік компания арасында жасалған жазбаша келісім, оның талаптары бойынша банк/лизингтік компания кәсіпкерге лизингі ұсынады;
      6) бағдарламаны үйлестіруші - Бағдарламаны облыстық деңгейде іске асыруға жауапты, облыстардың әкімдері айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
      6-1) бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі - Бағдарламаны моноқалада іске асыруға жауапты, облыстардың әкімдері айқындайтын моноқаланың/ауданның жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі;
      7) лизингтік компания – ынтымақтастық туралы келісім жасасқан лизингтік компания;
      8) лизингтік мәмілелер – азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған лизингке қатысушылардың келісілген іс-қимылдарының жиынтығы;
      9) қаржы лизингі (бұдан әрі - лизинг) – лизингі беруші сатушыдан меншікке сатып алған және қаржылық лизинг шартымен негізделген лизинг нысанын белгілі бір ақыға және белгілі бір шарттарда кәсіпкерлік мақсаттар үшін кемінде үш жыл мерзімге уақытша иелену және пайдалану үшін лизингті алушыға беруге міндеттенетін инвестициялық қызмет түрі;
      10) бағдарлама – орта және ұзақ мерзімді преспективада моноқалаларда кәсіпкерлікті дамыту және әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу мақсатында әзірленген іс-шаралардың жиынтығы;
      11) жоба – кәсіпкер бизнестің әртүрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы;
      12) жұмыс органы - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті;
      13) өңірлік үйлестіру кеңесі – жергілікті атқарушы органдар, банктер/лизингтік компаниялар, бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің және тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен облыстардың әкімдері басқаратын консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – ӨҮК);
      14) субсидиялау – кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде, болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбасқа төлейтін шығыстарын ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны;
      15) субсидиялар – өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржы агенті субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде банктерге және лизингтік компанияларға төлейтін кезеңді төлемдер;
      16) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі;
      17) қаржы агенті - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.
      6. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде:
      1) жобаларды қаржыландыру (қайта қаржыландыру) бойынша іріктеуді және шешімді банктер/лизингтік компаниялар бағдарламада белгіленген шарттарға сәйкес дербес қабылдайды;
      2) ӨҮК жобаларды субсидиялау мүмкіндігі бойынша шешім қабылдайды;
      3) бағдарламаны іске асыру шеңберінде барлық келісімдерді мемлекет тарапынан «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жергілікті деңгейдегі бағдарлама үйлестірушілер орындайтын болады.
      7. Жергілікті атқарушы органдар Аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеу кезінде осы Қағидалардың ережелерін ескеретін болады.

2. Бағдарламаның шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне
берілетін банктердің/лизингтік компаниялардың
кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау тәртібі

      8. Жұмыс органы республикалық бюджетте көзделген қаражат шеңберінде моноқалалар бөлінісінде өңірлер үшін қаржыландыру лимитін айқындайды және жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісіне нысаналы трансферттер түрінде қаражат бөледі.
      9. Уәкілетті орган мен облыстардың әкімдері арасында Қазақстан Республикасының 2009 жылы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне 93-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нысаналы трансферттер жөніндегі туралы үлгі келісім жасалады:
      1) моноқалаларда кәсіпкерлік белсенділікті арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру;
      2) моноқалаларда жаңа өндірістер құру;
      3) халықтың еңбек ұтқырлығын ынталандыру.
      10. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсету жобаны іске асыруға арналған банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялауды білдіреді.
      11. Жергілікті атқарушы орган, қаржы агенті, банктің/лизингтік компаниялардың арасындағы өзара қарым-қатынасты ретке келтіру үшін ынтымақтастық туралы келісім (осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес) жасалады.
      12. Қаржы агентінің қызметіне жұмыс органы республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.
      13. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісі қаржы агентіне олардың арасында жасалатын субсидиялау туралы шарттың негізінде (Қағидаларға 2-қосымша) аударады.

Сыйақы ставкаларын субсидиялау шарттары

      14. Сыйақы ставкаларын субсидиялауды жүзеге асыратын кредиттің/қаржы лизингі шартының сомасы кәсіпкердің әрбір жобасы бойынша 750 млн. теңгеден аспауы тиіс. Кредиттің/қаржы лизингі шартының мерзімі 10 (он) жылдан аспауы тиіс.
      15. Субсидиялау мерзімі кейіннен 5 (бес) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылға дейінгі мерзімді құрайды. 3 (үш) жыл өткен соң Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту кәсіпкерлерге тиісті жылы субсидия беру үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлінген кезде ғана банк/лизингтік компания қолдаухатының негізінде ӨҮК шешімімен мақұлданады. Субсидиялау шартының әрекет ету мерзімін ұзарту жыл сайын жүзеге асырылады.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.
      16. Пайыздық ставканы субсидиялау белгіленген номиналды сыйақы ставкасы 14 %-дан аспайтын кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін, оның 10 %-ын мемлекет өтейді. Бұл ретте, банктер мен лизингтік компаниялар:
      1) кредит беру шарттарын өтініш берушінің бастамасымен өзгертуге байланыстыларды;
      2) өтініш берушінің кредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебіне байланысты алынатындарды қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.
      17. Егер кредит бойынша номиналды сыйақы ставкасы жылдық 14 %-дан төмен болса, онда 10 %-ын мемлекет өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейді.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.
      18. Лизинг бойынша субсидиялау қайтару лизингі, қайталама лизинг немесе сублизинг шарты бойынша жүзеге асырылмайды.

Кредиттер/қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкаларын
субсидиялау тетігі

      19. Кәсіпкер банкке/лизингтік компанияға осы Қағидаларға сәйкес шарттарда кредит/лизинг ұсынуға өтінішпен (банк/лизингтік компанияның ішкі нормативтік құжаттарында бекітілген нысан бойынша) жаңа кредит/қаржы лизингі шарттары бойынша жүгінеді.
      20. Банк/лизингтік компания жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігін бағалауды жүргізеді және кредит/лизинг беру немесе кредит/лизинг бойынша сыйақы ставкасын төмендету туралы оң шешім қабылдаған жағдайда кәсіпкерге 2 (екі) жұмыс күні ішінде жобаны кредиттеуге/қаржы лизингі шартын жасасуға дайын екені туралы жазбаша жауап жолдайды.
      21. Банктің кредит беру туралы оң шешімі бар кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен бірге (Ынтымақтастық туралы келісімде көзделген нысан бойынша) жүгінеді, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама (кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);
      2) егер қызмет түрі лицензияланатын болса, лицензия (кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);
      3) жарғы, құрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда құрылтай шарты талап етілмейді). Акционерлік қоғам қосымша акциялар шығару проспектісін және құнды қағазды ұстаушылар тізілімінен үзіндіні (тізілімді ұстаушының мөрімен/қолымен расталған көшірмесі) ұсынады;
      4) кәсіпкердің соңғы қаржы жылындағы салық декларациясының көшірмесі қоса берілген, қаржы есептері және/немесе интернет ресурстарға орналастырылған дебиторлық және кредиторлық берешегі (оның ішінде берешектің сомасы, пайда болған күні және өнімдердің/тауарлар мен көрсетілген қызметтердің атауы) таратып жазылған қаржы жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін ақпарат (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);
      5) кредит/лизинг беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар банк/лизингтік компанияның хаты (кәсіпкердің Бағдарламаға қатысуы туралы банктің/лизингтік компанияның уәкілетті органының шешімін қоса бере отырып).
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.
      22. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші кәсіпкерден өтініш-сауалнаманы және құжаттарды алғаннан кейін мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      1) 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш-сауалнамамен қоса берілген міндетті құжаттардың толықтығын тексеру. Құжаттар пакеті толық тапсырылмаса немесе белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар тапсырылған жағдайда, жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші тапсырылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, тапсырылған құжаттарды пысықтау үшін банкке/лизингтік компанияға қайтарып береді;
      2) кәсіпкердің жобасын алдын ала қарау және жоба бойынша ӨҮК үшін ұсынымдарды әзірлеу;
      3) кәсіпкердің басқа да мемлекеттік бағдарламаларға қатысуын, мемлекеттік даму институттары арқылы өзге де мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануын тексеру;
      4) ӨҮК отырысының ұсыныстар, күн тәртібін қалыптастыру, өтетін күнді, уақытты және орынды айқындау, бұл туралы ӨҮК барлық мүшелерін хабардар ету;
      ӨҮК отырысы күн тәртібінің қалыптастырылуына байланысты жүргізіледі;
      5) құжаттардың толық пакетін қоса отырып, ӨҮК қарау үшін кәсіпкердің жобаларының тізімін қарауға енгізу;
      6) толық құжаттар пакетін алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кәсіпкердің жобасын ӨҮК қарауына жіберу.
      23. Өткізілетін отырыс шеңберінде ӨҮК мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      1) 10 (он) жұмыс күні ішінде кәсіпкердің және ол іске асыратын жобалардың Бағдарлама талаптарына сәйкестігін тексереді;
      2) ӨҮК мүшелерінің арасында кәсіпкердің жобасы мен ұсынылған құжаттарды қарайды және талқылайды;
      3) кәсіпкердің өтінішінде көрсетілген басқа да мемлекеттік бағдарламаларға қатысу, мемлекеттік даму институттары арқылы өзге де мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану туралы ақпаратты қарайды;
      4) талқылау нәтижесі бойынша кәсіпкерді субсидиялау мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысын өткізген күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді, бұл ретте хаттамада кәсіпкердің бағдарламаға қатысудан бас тарту себептері міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
      Осы Қағидалардың 314 және 16-тармақтарында көрcетiлген талаптарға сәйкес келмеуі ауытқудың себебі болуы мүмкін.
      24. Осы Қағидалардың шеңберінде мынадай кәсіпорындар сыйақы ставкаларын субсидиялауға жатпайды:
      1) мұнайгаз өнеркәсібі кәсіпорындары;
      2) қару-жарақ және акцизге тәуелді өнімдерді өндірушілер;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1771 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары;
      4) таукен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындары;
      5) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мен акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қоспағанда) болып табылатын заңды тұлғалар, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалар.
      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.
      25. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі хаттамаға ӨҮК мүшелері қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмесін банкке/лизингтік компания мен қаржы агентіне жібереді.
      ӨҮК шешімінің қолданылу мерзімі банк/лизингтік компания ӨҮК хаттамасын алған күннен бастап 6 (алты) ай.
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.
      26. Банк/лизингтік компания жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісінен ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін және субсидиялау туралы оң шешім болған кезде қаржы агентінің, банктің/лизингтік компанияның арасында субсидиялау шарты жасалады (Қағидаларға 3-қосымша), соған сәйкес қаржы агенті банкке/лизингтік компанияға банктік қарыз шартына/қаржы лизингі шартына өтеу кестесіне сәйкес және субсидиялау шартының талаптарына сәйкес сыйақы ставкасын төлеуді жүзеге асырады.
      27. Субсидиялау шарты Қағидаларда белгіленген нысанға сәйкес жасалады:
      1) банк/лизингтік компания жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіден хат алған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
      2) қаржы агентімен:
      банк/лизингтік компаниядан субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жасайды.
      28. Субсидиялау шарты бекітілген нысанға, Бағдарлама талаптары мен ӨҮК шешіміне сәйкес болу шартында оған кәсіпкер және қаржы агенті қол қойған күнге тәуелсіз банк/лизингтік компания, қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
      29. Егер банктік қарыз шарты/қаржы лизингі шарты және/немесе субсидиялау шарты ӨҮК шешіміне және/немесе Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда қаржы агенті субсидиялау шартына қол коймайды. Бұл ретте қаржы агенті үш жұмыс күні ішінде Бағдарлама үйлестірушісін, банкті және кәсіпкерді хатпен хабардар етеді.
      30. Бағдарламаны үйлестіруші, банк/лизингтік компания ескертулерді жойған жағдайда қаржы агенті бес жұмыс күні ішінде субсидиялау шартына қол қояды (Қағидаларға 3-қосымша).
      31. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші, банк/лизингтік компания қаржы агентінің ескертулерімен келіспеген жағдайда Бағдарламаны үйлестіруші қаржы агенті хатының көшірмесін жұмыс органына келісуге жібереді.
      32. Жұмыс органы қарау нәтижелері бойынша кәсіпкерді субсидиялау немесе субсидиялаудан бас тарту туралы шешімді келіседі. Келісу нәтижелері тиісті хатпен жергілікті деңгейдегі қаржы агентіне жіберілді (бұл ретте көшірмеде жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісін, банкті/лизингтік компанияны және кәсіпкерді көрсетеді).
      33. Сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеу күнін кәсіпкер, банк/лизингтік компания дербес айқындайды. Егер кредит/лизинг бойынша сыйақыны есептеу кәсіпкер, банк/лизингтік компания субсидиялау шартына қол қойған күннен кейінгі күнінен басталған жағдайда, кәсіпкер, банк/лизингтік компания қол қойған күн субсидиялау кезеңіне кірмейді.
      Субсидиялау кезеңі банк/лизингтік компания және кәсіпкер субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап басталады.
      Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.
      34. Қаржы агенті субсидиялау шартына қол қойғанға дейін субсидияларды төлеу күні басталған жағдайда:
      1) қаржы агентінің ағымдағы шотында/лизингтік компанияның шотында қаражат болмаған немесе жеткіліксіз болған кезде төленген соманы кейіннен қаржы агенті өтейтіндей етіп төлеуді кәсіпкер дербес жүргізетін болады;
      2) қаржы агентінің ағымдағы шотында/лизингтік компанияның шотында қаражат болған және жеткілікті болған кезде банк/банк - төлем агенті сол кәсіпкердің кредиттеу/қаржы лизингі шарты бойынша қаржы агентінің ағымдағы шотынан субсидияланатын сыйақы ставкасын өтеу есебінен жүргізеді.
      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.
      35. Банк жасалған субсидиялау шарттары бойынша соманы аудару үшін қаржы агентіне ағымдағы шот ашады.
      36. Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ лизингтік компаниялар қаржы агентімен келісім бойынша, онда лизингтік компания субсидияларды аудару үшін шот ашатын банк - төлем агентін айқындайды.
      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.
      37. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші сыйақы ставкасын субсидиялау үшін қарастырылған қаражат түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агентіне тиісті қаржы жылы бағдарламаны іске асыруға бөлінген соманың 30% мөлшеріндегі қаражатты қаржы агенті көрсеткен шотқа аударуды жүзеге асырады. Одан кейінгі төлемдер қаржы агентінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      38. Субсидиялау үшін қарастырылған қаражатты аударуды қаржы агенті субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып тоқсан сайын аванстық төлемдермен банктегі/банк төлем агентіндегі ағымдағы шотқа аударады.
      39. Кәсіпкердің сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша банк/банк төлем агенті кәсіпкердің кредиті/лизингі бойынша сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін өтеу есебіне қаржы агентінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.
      40. Кәсіпкер кредит/лизинг бойынша төлемді, оның ішінде сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін уақытында өтемеген жағдайда банк/банк-төлем агенті кәсіпкер берешекті өтегенге дейін сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агентінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және бұл туралы қаржы агентін 2 (екі) жұмыс күні ішінде (қаржы агенті субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдамаған жағдайда) хабардар етеді.
      41. Қаржы агенті банк/лизингтік компаниядан субсидиялау туралы есепті алғаннан кейін сыйақы есебі мен банкке/лизнгік компанияға төленген қаражатты тексеруді жүзеге асырады.
      42. Кәсіпкердің банктік қарыз шартының/қаржы лизингі шартының талаптарына, ӨҮК хаттамасына сәйкес қаржы агенті ол бойынша банк сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігіне төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең ұсынатын кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігіне субсидиялар аударуды жүзеге асыруға құқылы.
      42-1. Егер банк/лизингтік компания қолданыстағы банктік қарыз шартының/қаржы лизингі шартының талаптарын өзгерткен жағдайда, банк/лизингтік компания тиісті хаттың негізінде Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісін хабардар етеді. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі жеті жұмыс күні ішінде жүргізілген қаржыландыру талаптарының өзгерістерін хатпен келіседі немесе келісуден бас тартады.
      Ескерту. Қағидалар 42-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.

Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына келтіру

      43. Субсидиялауды тоқтату және қайта қалпына келтіру туралы шешімді қаржы агентінің өтінімі (хабарламасы) негізінде ӨҮК қабылдайды.
      44. Мынадай факторлар белгіленген кезде қаржы агенті кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұрады, ал ӨҮК тоқтату туралы шешім қабылдайды:
      1) субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа кредитті мақсатсыз пайдалану;
      2) кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын қаржы лизингі шарты бойынша лизингтің нысанын алмауы;
      3) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарламаның шарттарына сәйкес келмеуі;
      4) Бағдарламаға қатысушының шоттарына тоқтату салыну және/немесе сотта қарауды жүргізу;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда кәсіпкерден лизингтің нысанын алдырту;
      6) кәсіпкердің 3 (үш) ай бойы қатарынан банк/лизингтік компания алдындағы төлемдерін төлеу міндеттемелерін банктік қарыз шартына/қаржы лизингі шартына төлемдері кестесіне сәйкес төлемеуі.
      45. Субсидиялар төлеу тоқтатылған жағдайда осындай шешім қабылданған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде хатпен қаржы агенті банкті/лизингтік компанияны, кәсіпкерді, жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісін субсидиялауды тоқтата тұрудың себептерін көрсете отырып хабардар етеді.
      46. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі қаржы агентінен кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұру туралы хатты алғаннан кейін күн тәртібін әзірлейді және қалыптастырады, ӨҮК мәжілісі өтетін күнді, уақытын және орнын айқындайды, бұл туралы барлық мүшелерді хабардар етеді.
      47. ӨҮК өткізілетін мәжіліс шеңберінде мынадай іс-әрекетті жүзеге асырады:
      1) қаржы агенті ұсынған ақпаратпен бірге қаржы агенті ұсынған күн тәртібіне енгізілген мәселені қарайды;
      2) субсидиялауды тоқтату немесе бастау туралы шешім қабылдайды.
      Бұл ретте субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылданған жағдайда субсидиялауды қайта бастау үшін негіздеме көрсетіледі.
      Осы Қағидалардың 44-тармағында көрcетiлген субсидиялауды тоқтата тұру фактілері жойылған жағдайда, ӨҮК субсидиялауды қайта бастау себептерін көрсете отырып оны қайта бастау туралы шешiм қабылдайды.
      Осы Қағидалардың 44-тармағында көрcетiлген субсидиялауды тоқтата тұру фактілері жойылмаған жағдайда ӨҮК кәсiпкердiң жобасы бойынша субсидиялауды тоқтатады.
      48. ӨҮК мәжілісінің хаттамасы ӨҮК мәжілісі өткен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді.
      49. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны қаржы агентіне, банкке/лизингтік компанияға мәлімет ретінде жібереді.
      50. Қаржы агенті мәжіліс қорытындылары бойынша:
      1) кәсіпкерді субсидиялауды қайта бастау туралы шешім келісілген жағдайда:
      банкті/лизингтік компанияны және кәсіпкерді субсидиялау төлемін қайта бастау туралы хабардар етеді;
      тоқтата тұру мерзімінде олар төлемеген субсидияларды төлеуді жүзеге асырады;
      2) кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату туралы шешімді келіскен жағдайда кәсіпкерге, банкке/лизингтік компанияға субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарлама жібереді, онда субсидиялау шартының бұзылатын күні және бұзу себептері көрсетіледі.
      51. Мынадай жағдайларда субсидияларды төлеу тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылған деп танылады:
      1) кәсіпкер банктік қарыз шарты/қаржы лизингі шарты бойынша банк/лизингтік компания алдындағы кредитті/лизингті толығынан өтегенде. Кәсіпкер банкке/лизингтік компанияға кредитті/лизингті толық өтеген күн субсидиялауды толық өтеген күн болып есептеледі.
      2) субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған;
      3) кәсіпкердің субсидиялау шартын бұзу туралы бастамасы бойынша.
      52. Кәсіпкер кредит/лизинг бойынша негізгі борышын ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда банк/лизингтік компания қаржы агентін кредит/лизинг бойынша негізгі борышын ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу фактісі туралы хабардар етеді.
      Сонымен бір мезгілде, кәсіпкердің кредиті/лизингі бойынша негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, банк/лизингтік компания банктік қарыз шартына/қаржы лизингі шартына қосымша келісім жасаған кезде қаржы агентіне төлемдерді өтеу кестесінің өзгерістерімен бірге субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып банк/лизингтік компания банктік қарыз шартына/қаржы лизингі шартына қосымша келісімнің көшірмесін жібереді.
     53. Кәсіпкердің орынсыз пайдаланылғаны анықталған кредиті бойынша банк қаржы агентіне кредитті орынсыз пайдалану фактілерін растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілген құжаттарды ұсынады.

3. Жобаның мониторингі

      54. Жобаны іске асыру мониторингін қаржы агенті жүзеге асырады, оның функцияларына мыналар жатады:
      1) банк ұсынған деректер мен құжаттардың негізінде субсидиялау шарты жасалған кәсіпкердің жаңа кредитті мақсатты пайдалану мониторингі;
      2) жобаны іске асыру мониторингі (қаржы лизингі шарты бойынша лизингтің нысанын пайдалану);
      3) банк/лизингтік компаниясы ұсынатын деректердің негізінде кәсіпкердің субсидияланатын кредитінің/лизингінің төлем тәртібінің мониторингі;
      4) жобаның және/немесе кәсіпкердің Қағидалар және бағдарлама талаптарына сәйкестігі мониторингі.
      55. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы агенті кәсіпкерден, банктен/лизингтік компаниядан барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға іске асыратын жерге барып жобаны іске асыру мониторингін жүзеге асыруға құқылы.
      56. Мониторингтің тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ есептілік нысандарын қаржы агенті дербес белгілейді.

4. Кәсіпкерлерге өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды
дамыту бойынша қолдау көрсету

      57. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету Бағдарламаның 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының моноқалалар тізбесіне сәйкес моноқалаларда, сондай-ақ оларға әкімшілік бағыныстағы аумақта орналасқан елді мекендерде тиісті инфрақұрылымды дамыта отырып, кәсіпкерлікті және іскерлік белсенділікті дамытуға бағытталған.
      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.
      58. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсетуді қаржыландыру Бағдарлама шеңберінде 014 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне индустриялдық инфрақұрылымды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» республикалық бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Өз кезегінде, жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісін айқындайды.
      59. Жаңа өнеркәсіптік алаңқайларды ұйымдастыру және жұмыс істеп тұрғандарын дамыту үшін нысаналы трансферттерді беру мыналар болған жағдайда жүзеге асырылады:
      1) өнеркәсіп алаңқайларын дамыту жоспары;
      2) бөлінген жер учаскелері;
      3) мүдделі мемлекеттік органдармен және мекемелермен келісілген өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жетілдіруге арналған техникалық талаптар;
      4) жаңа өнеркәсіптік алаңдар құрылысының және жұмыс істеп тұрғандарын дамытудың техникалық-экономикалық негіздемесі;
      60. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу бірнеше жобаларды қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкін.
      61. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау алу үшін жоба нысаналы трансферт бөлініп отырған моноқаланың аумағында іске асырылуы тиіс.
      62. Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға арналған бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында моноқала дамуының әлеуеті деңгейіне байланысты олардың ұзақ мерзімді даму перспективаларын есепке ала отырып жүзеге асырылатын болады.

Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету шарттары

      63. Моноқалаларда өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жетіспейтін инфрақұрылымды жетілдіруге негізделетін болады және жекелеген жобалар үшін де жеке, өнеркәсіп алаңдарын ұйымдастыру шеңберінде де өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар үшін жүзеге асырылады.
      64. Қаражат бөлуді тек мынадай инфрақұрылымды: жолдарды, су бұруды, газдандыруды, су тартқыштарды, бу құбырларын, жылумен жабдықтауды салуға және қайта жаңартуға, өнеркәсіптік алаңқайларға арналған қазандықтарды салуға және қайта жаңартуға, су құбырларын, темір жол тұйықтарын, телефондандыру, кіші электр станцияларын, электр тарату желілерін салуға және қайта жаңартуға бағыттауға болады.
      65. Қаражат бөлу құрылысқа немесе қайта құруға арналған техникалық-экономикалық негіздеменің немесе бизнес жоспардың негізінде жүзеге асырылады.
      66. Өндірістік инфрақұрылымды дамытуға қаражат бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
      67. Инфрақұрылым құрылысының (қайта құру) құны жеке жоба үшін инфрақұрылымды жетілдіру жағдайында жоба құнынан 50 % аспауы тиіс.
      68. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту моноқаланы дамытудың бас жоспарына сәйкес келуі тиіс.
      69. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша қолдау:
      1) мұнай-газ өнеркәсібінің кәсіпорындарына;
      2) тау-кен саласының кәсіпорындарына;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1771 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындарына;
      4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қоспағанда) болып табылатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғаларға;
      5) акциздік тауарлар мен қару шығаруды көздейтін жобаларға қолданылмайды.
      Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.

       Өндірістік (индустриялдық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету тетігі

       70. Жетіспейтін өндірістік (индустриялдық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету мынадай тәртіппен ұсынылатын болады:
      1) кәсіпкер инфрақұрылымды жетілдіру немесе жақсарту қажеттілігінің негіздемесін қамтитын өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымның жобасын қамтамасыз ету бойынша өтініммен жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісіне жүгінеді.
      2) жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші қалыптастырған, іріктелген өтінімдер тізбесі ӨҮК қарауына шығарылады.
      3) ӨҮК өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымның құрылысы немесе қайта құруды қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.
      4) өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым салу немесе қайта жаңғырту қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне
берілетін банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік
мәмілелері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау,
сондай-ақ өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды
дамыту бойынша қолдау көрсету қағидаларына
1-қосымша

Өз қызметін моноқалаларда жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік
субъектілеріне берілетін банктердің/лизингтік компаниялардың
кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы төлеу
ставкаларын субсидиялау шеңберіндегі ынтымақтастық туралы үлгі келісім

      Осы өз қызметін моноқалаларда жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы төлеу ставкаларын субсидиялау шеңберіндегі ынтымақтастық туралы үлгі келісім (бұдан әрі – Келісім) бірлесіп «Тараптар», әрқайсысы жекелей «Тарап» деп аталатын, қаржы агенті, жергілікті атқарушы орган, банктер/лизингтік компаниялар арасында не болмаса жоғарыда көрсетілгендей «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 683 қаулысын іске асыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсаттарын басшылыққа ала отырып төмендегілер туралы жасалды:

1. Терминдер мен қысқартулар

      Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.

Банк
Банк – төлем агенті

Келісім жасасқан екінші деңгейдегі банк; лизингтік компаниялардың қаржы лизингі шарттары бойынша субсидияларды аударуға және есептен шығаруға арналған қаржы агентімен келісілуі және лизингтік компаниясының арнайы ағымдағы шотын жүргізу функциясын жүзеге асыруы тиіс лизингтік компанияның уәкілетті банкі;

Мемлекеттік даму институттары

акцияларының бақылау пакеттері ұлттық басқарушы холдингке немесе экономиканың әр түрлі секторларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық холдингке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акционерлік қоғамдар;

Субсидиялау шарты (СШ)

қаржы агенті, кәсіпкер, банк/лизингтік компания арасында жасалатын үш жақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенті кәсіпкердің банк/лизингтік компания берген кредиті/лизингі бойынша сыйақы ставкасын ішінара субсидиялайды;

Банктік қарыз шарты (БҚШ)

жазбаша келісім, кәсіпкер мен банк арасында жасалған келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит ұсынады. Кредит желісін ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады;

Қаржы лизингі шарты (ҚЛШ)

кәсіпкер, банк/лизингтік компания арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк/лизингтік компания кәсіпкерге лизинг ұсынады;

Жергілікті деңгейдегі
Бағдарламаның Үйлестірушісі

«жалғыз терезе» қағидаты бойынша облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің шешімімен айқындалатын жергілікті жерде Бағдарламаны іске асыруға жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

Кредит

кәсіпкерге банктік қарыз шарты негізінде жедел, ақылы, қайтарымды, қамтамасыз ету және нысаналы пайдалану шарттарында банк ұсынатын ақша қаражатының сомасы;

Лизингтік компания

ынтымақтастық туралы келісім жасасқан лизингтік компания;

Лизингтік мәмілелер

азаматтық құқықтар мен міндеттерді орнатуға, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған лизингке қатысушылардың келісілген іс-қимылдарының жиынтығы;

Бағдарлама

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
24 мамырдағы № 683 қаулысымен бекітілген Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы;

Қағидалар

201_ жылғы «___» ________ № ___ өз қызметін моноқалаларда жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылатын банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидалары;

Кәсіпкер

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасының моноқалалары тізбесіне сәйкес әлеуеті төмен және орташа моноқалаларда өз қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі;

Жоба

кәсіпкер кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын бизнестің әр түрлі бағыттарындағы іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы;

Жұмыс органы

«Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті» мемлекеттік мекемесі;

Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК)

жергілікті атқарушы органдар, банктер/лизингтің компаниялар, бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің және тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері басқаратын консультативтік-кеңесші орган;

Субсидиялау

кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде алдағы уақытта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбасқа төлейтін шығыстарын ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны;

Субсидиялар

өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржы агенті кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде субсидиялау шарттарының негізінде банкке/лизингтік компанияларға төлейтін кезеңді төлемдер;

Қаржы агенті

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы;

Қаржы лизингі (бұдан әрі – лизинг)

лизингті беруші сатушыдан меншікке сатып алынған және қаржылық лизинг шартымен негізделген лизинг нысанын белгілі бір ақыға және белгілі бір шарттарда кәсіпкерлік мақсаттар үшін кем дегенде үш жыл мерзімге уақытша иелену және пайдалану үшін лизингті алушыға беруге міндеттенетін инвестициялық қызмет түрі.

2. Келісім нысанасы

      2.1. Жұмыс органы республикалық бюджетте қарастырылған қаражат шеңберінде моноқалалар бөлінісінде өңірлер үшін қаржыландыру лимитін айқындайды және жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісіне нысаналы трансферт түрінде қаражат бөледі.
      Субсидиялау үшін қарастырылған қаражатты жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі өздерінің арасында жасалған субсидиялау туралы шарттың негізінде (Қағидаларға 2-қосымша) қаржы агентіне аударады.
      Осы Келісімге сәйкес қаржы агенті банктен/лизингтік компаниядан алынған және ӨҮК бекіткен кәсіпкердің кредиті/лизингі бойынша сыйақы ставкасының бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асырады.
      Жергілікті деңгейде Бағдарламаның үйлестірушісі өңірдің мүдделерін ескере отырып басымдықтарды айқындайды, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушінің ресми сайтында жариялайды.

3. Субсидиялау шарттары

      Ескерту. 3-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.

Бағдарламаға қатысушылар:

Кәсіпкерлер

Кәсіпкердің субсидиялауға жататын кредиттері/лизингтері:

инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін, сыйақысының номиналды ставкасы жылдық 14 %-дан аспайтын, осы мақсаттарға 2012 жылғы 1 шілдеден бастап берілген жаңа кредиттер/лизингтер;

Кәсіпкердің субсидиялауға жатпайтын кредиттері/лизингтері:

мұнай-газ өнеркәсібі кәсіпорындарының кредиттері;

қару-жарақ және акциздік өнімдер өндіретін кәсіпорындардың кредиттері;

құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қоспағанда) болып табылатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалардың кредиттері;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1771 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарының кредиттері;

тау-кен саласының кәсіпорындарына жататын кәсіпкерлер кредиттері;

Субсидиялау мөлшері:

номиналды сыйақы ставкасы 14 %-дан аспайтын кредиттік/лизингтік мәмілелер бойынша, бұл ретте 10 %-ын мемлекет өтейді;

Субсидиялауға жататын кредит сомасы:

750,0 млн. теңгеге дейін

Субсидиялау мерзімі:

Кейіннен 10 (он) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылға дейін

Бағдарламаға қатысу үшін кәсіпкерге қойылатын міндетті талаптар:

өтініш жасаған кезде салықтық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің болмауы

кәсіпкердің жобасы субсидиялау қаражаты берілетін өңірдің аумағында іске асырылуы тиіс

Субсидиялауды тоқтату негіздемелері:

Банктік қарыз шарты/қаржы лизингі шарты бойынша кәсіпкердің кредитін толығымен өтеуі. Кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға кредит/лизинг бойынша қаржы қаражатын толығымен өтеген күні субсидиялаудың тоқтатылған күні деп есептеледі;

ӨҮК шешімі бойынша;

субсидиялау шартын тоқтату туралы кәсіпкердің бастамасы бойынша.

4. Тараптардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      1. Өзара іс-қимыл жасау тәртібі мынадай:
      1) кәсіпкер банкке/лизингтік компанияға жаңа кредит/қаржы лизингі шарты бойынша Бағдарламаға сәйкес келетін шарттарда кредит/лизинг беруге арналған (банкке/лизингтік компанияға ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген нысан бойынша) өтінішпен жүгінеді.
      2) банк/лизингтік компания кәсіпкердің жаңа кредит/лизинг бойынша өтінішін қарайды, жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне банктің/лизингтік компанияның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте бағалау жүргізеді, осыдан кейін кәсіпкерге ұсынылған хатта көрсетілетін Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда кәсіпкерге кредиттеу/қаржы лизингі шартын жасасу мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім шығарады.
      3) кәсіпкер банктен/лизингтік компаниядан кәсіпкерге Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда кредит/лизинг бойынша кредиттеу/сыйақы ставкасын төмендету мүмкіндігі туралы оң қорытындысы бар хатты алғаннан кейін мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Келісімге 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша өтініш-сауалнамасымен бірге жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісіне жүгінеді:

р/с №

Құжаттың атауы

1.

Кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі).

2.

Лицензия – егер қызмет түрі лицензияланатын болса (кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі).

3.

Жарғы, кұрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда құрылтай шарты талап етілмейді). Акционерлік қоғамдар акциялар эмиссиясының проспектісін және акционерлер тізілімінен үзіндіні (кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі) ұсынады.

4.

Өтініш жасаған күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей берілген салықтық берешегінің және бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы салық органынан анықтама.

5.

Кәсіпкердің соңғы қаржы жылындағы салық декларациясының кәсіпкердің қаржылық есебі көшірмесі қоса берілген және интернет - ресурстарға орналастырылған дебиторлық және кредиторлық берешегі (оның ішінде берешектің сомасы, пайда болған күні және тауарлар мен қызметтердің атауы) таратып жазылған қаржы жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін ақпарат (кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі).

6.

Банктің/лизингтік компанияның кредит/лизинг беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты (банктің/лизингтік компанияның уәкілетті органының кәсіпкердің Бағдарламаға қатысуы туралы шешімімен бірге).

      2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші кәсіпкерден өтініш-сауалнаманы алғаннан кейін мыналарды жүзеге асырады:
      1) 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш-сауалнамасымен бірге берілетін міндетті құжаттардың толықтығын тексеру. Толық құжаттар пакеті тапсырылмаған немесе белгіленген нысанға сәйкес келмейтін құжаттар тапсырылған жағдайда жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші тапсырылған кұжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, тапсырылған құжаттарды пысықтау үшін банкке/лизингтік компанияға қайтарып беруге құқылы;
      2) жобаны алдын ала қарау және жоба бойынша ӨҮК үшін ұсынымдар әзірлеу;
      3) кәсіпкердің басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуын, мемлекеттік даму институттары арқылы өзге де мемлекетік қолдау шараларын пайдалануды;
      4) ұсыныстарды, күн тәртібін қалыптастыру, ӨҮК отырысын өткізетін күнді, уақыты мен орнын айқындау, ол туралы ӨҮК-нің барлық мүшелерін хабардар ету;
      ӨҮК отырысы күн тәртібінің қалыптасуына байланысты өткізіледі;
      5) кәсіпкердің жобалар тізімін ӨҮК-де қарау үшін толық құжаттар пакетімен бірге осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес нысанда қарауға енгізу.
      3. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші толық құжаттар пакетін алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жобаны ӨҮК-ге қарауға жібереді.
      4. Өткізілетін отырыс шеңберінде ӨҮК:
      1) 10 (он) жұмыс күні ішінде кәсіпкердің және ол іске асыратын жобалардың Бағдарлама шарттарына сәйкестігін тексеруді;
      2) кәсіпкердің жобасы мен ұсынылған құжаттарды ӨҮК мүшелерінің арасында қарауды және талқылауды;
      3) кәсіпкердің басқа да мемлекеттік бағдарламаларға қатысуын, мемлекеттік даму институттары арқылы өзге де мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануын тексеру туралы өтінішінде көрсетілген ақпаратты қарауды;
      4) әрбір кәсіпкер бойынша өтінішпен бірге ұсынылған құжаттар пакетін қарауды;
      5) кәсіпкердің жобаларын және ұсынылған құжаттарды ӨҮК мүшелері арасында талқылауды;
      6) кәсіпкердің жобасын қарау кезінде ӨҮК банктен/лизингтік компаниядан жобаны толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттар сұрауға құқылы. Бұл жағдайда кәсіпкердің құжаттары жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге пысықтауға қайтарылады және ӨҮК кезекті отырысында қайта қарауға жатады;
      7) талқылау нәтижелері бойынша, кәсіпкерді субсидиялау мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдауды жүзеге асырады, ол ӨҮК отырысын өткізген күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Келісімге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, бұл ретте хаттамада кәсіпкердің Бағдарламаға қатысудан бас тарту себептері міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
      5. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші хаттамаға ӨҮК мүшелері қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттама көшірмесін банкке/лизингтік компанияға және қаржы агентіне жібереді.

5. Субсидиялау тәртібі

      1. Банк/лизингтік компания жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіден ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін және субсидиялау туралы оң шешім болған кезде қаржы агенті, банктің/лизингтік компанияның және кәсіпкердің арасында субсидиялау шарты жасалады (Қағидаларға 3-қосымша), оған сәйкес қаржы агенті банкке/лизингтік компанияға банктік қарыз шартына/қаржы лизингі шартына өтеу кестесіне сәйкес және субсидиялау шартының талаптарына сәйкес сыйақы ставкасын төлеуді жүзеге асырады.
      2. Банк/лизингтік компания:
      1) кәсіпкер бастама жасайтын кредиттеу/қаржы лизингі шарты талаптарының өзгеруіне байланысты;
      2) кәсіпкердің кредит/лизинг шарты бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша өндіріп алынатындарды қоспағанда, кәсіпкер үшін кредитке/лизингке байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өндіріп алмау және белгілемеу міндеттемелерін қабылдайды.
      3. Субсидиялау шарты Қағидаларда белгіленген нысанға сәйкес:
      1) банкпен/лизингтік компаниямен жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісінен хат алған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
      2) қаржы агентімен банктен/лизингтік компаниядан субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жасалады.
      4. Субсидиялау шарты егер ол бекітілген нысанға, Бағдарлама талаптарына және ӨҮК шешіміне сәйкес келсе, оған қаржы агенті қол қойған күнге қарамастан кәсіпкердің, банктің/лизингтік компанияның қол қойған күнінен бастап күшіне енеді. Бұл ретте субсидиялау шартының күшіне енетін күні қаржы агенті тарапынан түзетілуге жатпайды.
      5. Егер банктік қарыз шартының/қаржы лизингі шартының және/немесе субсидиялау шартының талаптары ӨҮК шешіміне және/немесе Бағдарламаның талаптарына сәйкес келмесе қаржы агенті субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте, қаржы агенті хат арқылы Бағдарламаны үйлестірушісін, банкті/лизингтік компанияны және кәсіпкерді хабардар етеді.
      6. Бағдарламаның үйлестірушісі, банк/лизингтік компания ескертулерді жойған жағдайда қаржы агенті субсидиялау шартына қол қояды.
      7. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісі, банк/лизингтік компания қаржы агентінің ескертулерімен келіспеген жағдайда Бағдарламаның үйлестіруші қаржы агенті хатының көшірмесін жұмыс органына келісуге жібереді.
      8. Жұмыс органы қарау нәтижелері бойынша кәсіпкерді субсидиялау немесе субсидиялаудан бас тарту туралы шешімді келіседі. Келісу нәтижелерін тиісті хатпен жергілікті деңгейдегі қаржы агентіне жіберді (бұл ретте көшірмеде жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісін, банкті/лизингтік компанияны және кәсіпкерді көрсетеді).
      9. Сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеу күнін кәсіпкер, банк/лизингтік компания дербес айқындайды. Егер лизинг бойынша сыйақыны есептеу кәсіпкер, банк/лизингтік компания қол қойған күннен кейінгі күнімен басталған жағдайда, субсидиялау шартына кәсіпкер, банк/лизингтік компания қол қойған күн субсидиялау кезеңіне кірмейді.
      Субсидиялау кезеңі банк/лизингтік компания және кәсіпкер субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап басталады.
      10. Қаржы агенті субсидиялау шартына қол қойғанға дейін субсидияларды төлеу күні басталған жағдайда:
      1) қаржы агентінің ағымдағы шотында қаражат болмаған немесе жеткіліксіз болған кезде төленген соманы кейіннен қаржы агенті өтейтіндей етіп төлеуді кәсіпкер дербес жүргізетін болады;
      2) қаржы агентінің ағымдағы шотында/лизингтік компанияның арнаулы шотында қаражат болған немесе жеткілікті болған кезде банк/лизингтік компания осы кәсіпкердің кредиті/қаржы лизингі шарты бойынша шоттан қаржыны есептен шығаруды жүргізеді.
      11. Банк жасалған субсидиялау шарттары бойынша сомаларды аудару үшін қаржы агентіне ағымдағы шот ашады.
      12. Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ лизингтік компания қаржы агентінің келісімі бойынша банк – төлем агентін айқындайды, онда субсидияларды аудару және есептен шығару үшін шот ашады.
      13. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі сыйақы ставкасын субсидиялау үшін қарастырылған қаражат түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агентіне тиісті қаржы жылы Бағдарламаны іске асыруға бөлінген соманың 30% мөлшеріндегі қаражатты қаржы агенті көрсеткен шотқа аударуды жүзеге асырады. Одан кейінгі төлемдер қаржы агентінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      14. Субсидиялау үшін қарастырылған қаражатты аударуды қаржы агенті субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып, тоқсан сайын аванстық төлемдермен банктегі/төлем агентінің банкіндегі ағымдағы шотқа аударады.
      15. Кәсіпкер сыйақының субсидияланбайтын ставкасы бөлігінде банкке/лизингтік компанияға сыйақы төлеуді банктік қарыз шартына/қаржы лизингі шартына сәйкес өтеу кестесі бойынша жүргізеді.
      16. Кәсіпкердің сыйақының субсидияланбайтын бөлігін толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша банк/төлем агентінің банкі кәсіпкердің кредиті/лизингі бойынша сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін өтеу есебіне қаржы агентінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.
      17. Кәсіпкер кредит/лизинг бойынша төлемді, оның ішінде сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін уақытында өтемеген жағдайда банк/төлем агентінің банкі кәсіпкер берешекті өтегенге дейін сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агентінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және бұл туралы қаржы агентін 2 (екі) жұмыс күні ішінде (қаржы агенті субсидиялауды тоқтата тұру туралы шешім қабылдамаған жағдайда) хабардар етеді.
      18. Қаржы агеті банк/лизингтік компаниядан субсидиялау туралы есепті алғаннан кейін сыйақы есебі мен банкке/лизингтік компанияға төленген қаражатын тексеруді жүзеге асырады.
      19. Кәсіпкердің банктік қарыз шартының/қаржы лизингі шартының талаптарына, ӨҮК хаттамасына сәйкес қаржы агенті ол бойынша банк сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігіне төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең ұсынатын кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігіне субсидиялар аударуды жүзеге асыруға құқылы.
      20. Егер банк/лизингтік компания қолданыстағы банктік қарыз шартының/қаржы лизингі шартының талаптарын өзгертсе банк/лизингтік компания тиісті хаттың негізінде Бағдарламаның үйлестірушісін хабардар етеді. Бағдарламаның үйлестірушісі жеті жұмыс күні ішінде жүргізілген қаржыландыру талаптарының өзгергенін келіседі немесе келісуден бас тартады.

6. Есептілікті ұсыну тәртібі

      1. Банк тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін қаржы агентіне осы Келісімге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп береді.
      2. Қаржы агенті тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25 күніне дейін жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісіне осы Келісімге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп береді.

7. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына келтіру
тәртібі

      1. Субсидиялауды тоқтату және қайта калпына келтіру туралы шешімді қаржы агентінің қолдаухаттары (хабарламалары) негізінде ӨҮК қабылдайды.
      2. Мынадай фактілер белгіленген кезде қаржы агенті кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұрады, ал ӨҮК тоқтату туралы шешім қабылдайды:
      1) субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа кредитті мақсатсыз пайдалану;
      2) кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын қаржы лизингі шарты бойынша лизингтің нысанын алмауы;
      3) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарламаның шарттарына сәйкес келмеуі;
      4) Бағдарламаға қатысушының шоттарына тыйым салу және/немесе сотта қарауды жүргізу;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда кәсіпкерден лизингтің нысанын алдырту;
      6) кәсіпкердің 3 (үш) ай бойы қатарынан банк/лизингтік компания алдындағы төлемдерін төлеу міндеттемелерін банктік қарыз шартына/қаржы лизингі шартына төлемдері кестесіне сәйкес төлемеуі;
      7) кәсіпкердің 2 (екі) немесе одан да көп рет қатарынан қаржы лизингі шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес банк/лизингтік компания алдындағы лизингтік төлемдерді енгізу міндеттемелерін орындамауы.
      3. Субсидиялар төлеу тоқтатылған жағдайда осындай шешім қабылданған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде хатпен қаржы агенті банкті/лизингтік компаниясын, кәсіпкерді, жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісін субсидиялауды тоқтата тұру себептерін көрсете отырып хабардар етеді.
      4. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі қаржы агентінен кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату туралы хатты алғаннан кейін күн тәртібін әзірлейді және қалыптастырады, ӨҮК мәжілісі өтетін күнді, уақытын және орнын айқындайды, бұл туралы барлық мүшелерді хабардар етеді.
      5. ӨҮК өткізілетін мәжіліс шеңберінде мынадай іс-әрекетті жүзеге асырады:
      1) қаржы агенті ұсынған ақпаратпен бірге күн тәртібіне енгізілген мәселені қарайды;
      2) субсидиялауды тоқтату немесе бастау туралы шешім қабылдайды.
      Бұл ретте субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылданған жағдайда субсидиялауды қайта бастау үшін негіздеме көрсетіледі.
      6. ӨҮК мәжілісінің хаттамасы ӨҮК мәжілісі өткен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді.
      7. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны қаржы агентіне, сондай-ақ банкке/лизингтік компанияға мәлімет ретінде жібереді.
      8. Субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылдау кәсіпкер субсидиялауды тоқтата тұру үшін негіз болып табылатын себептерді жойған жағдайда ӨҮК шешім қабылдағанға дейін мүмкін болады.
      Кредит/лизинг бойынша субсидиялауды қайта бастауға субсидиялауды тоқтата тұрудың мынадай себептері кезінде жол беріледі:
      1) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарламаның шарттарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкес келмеуі;
      2) Бағдарламаға қатысушының шоттарына тыйым салу және/немесе сотта қарауды жүргізу;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда кәсіпкерден лизингтің нысанын алдырту;
      4) кәсіпкердің 3 (үш) ай бойы қатарынан банк/лизингтік компания алдындағы төлемдерін төлеу міндеттемелерін банктік қарыз шартына/қаржы лизингі шартына төлемдері кестесіне сәйкес төлемеуі;
      5) кәсіпкердің 2 (екі) немесе одан да көп рет қатарынан қаржы лизингі шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес банк/лизингтік компания алдындағы лизингтік төлемдерді енгізу міндеттемелерін орындамауы.
      Кәсіпкер жаңа кредитті мақсатсыз пайдаланған кезде немесе кәсіпкер субсидиялау жүзеге асырылатын лизингтің нысанын алмаған кезде кредит бойынша субсидиялауды қайта бастауға тыйым салынады.
      Кәсіпкерді субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенті тиісті хатпен банкті/лизингтік компаниясын және кәсіпкерді субсидиялауды төлеуді қайта бастау туралы хабардар етеді.
      Сонымен бір мезгілде тоқтатылған кезеңде олар төлемеген субсидияларды төлеуді жүзеге асырады. Осы Келісімнің 7.2-тармағының 6-тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша субсидиялау тоқтатылған кезде кәсіпкердің мерзімі өткен кезеңге шыққан күнінен бастап төленуі тиіс субсидияларды төлеуді жүзеге асырады.
      Кәсіпкерді субсидиялауды токтата тұру туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенті тиісті хатпен кәсіпкерге, банкке/лизингтік компанияға шартты біржақты бұзу туралы хабарлама жібереді, онда субсидиялау шартын бұзу күнін және бұзу себебін көрсетеді.
      Кәсіпкер субсидиялауды тоқтату үшін негіз болып табылатын себепті жойған жағдайда субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданғаннан кейін банк/лизингтік компания Бағдарламаның үйлестірушісіне мәселені ӨҮК-ге шығару туралы хатпен жүгінеді. Бұл ретте хатта жоба бойынша субсидиялауды тоқтату (ӨҮК хаттамасын қоса береді) және субсидиялауды тоқтатуға алып келген себептерді кәсіпкердің жоюы себептерін көрсетеді.
      Бағдарламаның үйлестірушісі мен ӨҮК осы Келісімнің 7-бөлімінде белгіленген рәсім мен тәртіпке сәйкес іс-қимыл жасайды.
      Бұл ретте субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылданған жағдайда субсидиялау мерзімі субсидиялау шартының бастапқы жасалған күнінен бастап үш жылдан аспауы тиіс.
      Отырыс нәтижелері бойынша кәсіпкерді субсидиялауды қайта бастау  туралы шешім келісілген жағдайда қаржы агенті тиісті хатпен банкті/лизингтік компанияны және кәсіпкерді субсидиялауды төлеудің қайта басталғаны туралы хабардар етеді.
      Бұл ретте субсидиялау тоқтатылған сәттен немесе кәсіпкердің мерзімін өткізген күнінен бастап және ӨҮК субсидиялауды қайта бастау туралы жаңа шешім қабылдағанға дейін кәсіпкерге субсидиялар сомасы өтелмейді.
      9. Мынадай жағдайларда субсидиялар төлеу тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылды деп танылады:
      1) кәсіпкер банктің/лизингтік компанияның алдындағы банктік қарыз шарты/қаржы лизингі шарты бойынша кредитті/лизингті толық өтесе. Кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға кредитті/лизингті толық өтеген күні субсидиялауды тоқтатқан күн деп есептеледі;
      2) субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдау;
      3) субсидиялау шартын бұзу туралы кәсіпкердің бастамасы бойынша.
      10. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда банк/лизингтік компания қолданыстағы кредит/қаржы лизингі шарты бойынша жаңа субсидиялау шартын жасасқанға дейін кәсіпкерге бұрын қолданылған қаржыландыру шарттарын (оның ішінде сыйақы ставкасын, комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге төлемдерді және шарттарды) белгілей алады.
      11. Кәсіпкер кредит/лизинг бойынша негізгі борышын ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда банк/лизингтік компания қаржы агентін кредит/лизинг бойынша негізгі борышын ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу фактісі туралы хабардар етеді.
      Сонымен бір мезгілде, кәсіпкердің кредиті/лизингі бойынша негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, банк/лизингтік компания банктік қарыз шартына/қаржы лизингі шартына қосымша келісім жасаған кезде қаржы агентіне төлемдерді өтеу кестесінің өзгерістерімен бірге субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып, банк/лизингтік компания банктік қарыз шартына/қаржы лизингі шартына қосымша келісімнің көшірмесін жібереді.
      12. Кәсіпкердің орынсыз пайдаланылғаны анықталған кредиті бойынша банк қаржы агентіне кредитті орынсыз пайдалану фактілерін растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілген құжаттарды ұсынады.

8. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      1. Қаржы агенті:
      1) қаржы агентіне өтініш білдірген кәсіпкерлерге Бағдарламаға қатысу шарттары мен тәртібі жөнінде консультацияны жүзеге асыруға;
      2) осы Келісімде белгіленген тараптар үшін көзделген міндеттемелердің орындалу мерзімінің сақталуын бақылауды және олардың уақтылы орындалуын талап етуді жүзеге асыруға;
      3) жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісінің кәсіпкерлердің жобалары бойынша ақша қаражатын уақтылы аударуын бақылауға және талап етуге;
      4) осы Келісімнің іске асырылуы, оның ішінде банкке/лизингтік компанияға міндеттемелерді орындауы бөлігінде мониторингті жүзеге асыруға;
      5) банкке/лизингтік компанияға жедел қызметіне араласпай, оның орналасқан жерінде осы Келісімнің іске асырылуын тексеруді жүзеге асыруға;
      6) банкке/лизингтік компанияға хатпен алдын ала жазбаша хабарлама жібере отырып, кәсіпкердің, банктің/лизингтік компанияның арасындағы қарыз шартында/қаржы лизингі шартында көзделген құқықтар шеңберінде Жоба іске асырылатын жерге барып субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа кредитті/лизингті кәсіпкердің мақсатты пайдалануына мониторингті жүзеге асыруға;
      7) жобаны іске асыру мониторингін жүзеге асыруға (қаржы лизингі шарты бойынша лизингтің нысанасын пайдалану);
      8) жобаның және/немесе кәсіпкердің Қағидалар мен Бағдарламаның шарттарына сәйкестігі мониторингін жүзеге асыруға;
      9) өзінің ресми-сайтында Бағдарламаны іске асыру туралы ақпаратты орналастыруға;
      10) банктен/лизингтік компаниядан кәсіпкердің қаржы лизингі шарты бойынша төлемдерді төлемдер кестесіне сәйкес жүзеге асыру жөніндегі лизингтік компания/банк алдындағы міндеттемелерінің орындалу барысы туралы құжаттар мен ақпаратты сұратуға;
      11) осы Келісімде және субсидиялау шартында көзделген жағдайларда субсидиялар төлеуді тоқтата тұруға құқылы.
      2. Қаржы агенті:
      1) банкте/төлем агентінің банкінде ашылған ағымдағы жаңа шотқа субсидиялардың сомасын аударуға;
      2) осы Келісімде көзделген мониторингті жүргізуге;
      3) ӨҮК-ге осы Келісімде көзделген ақпаратты беруге міндеттенеді.
      3. Банк/лизингтік компания:
      1) өз қалауы бойынша және өзі тәуекелге барып, кәсіпкерлерге кредит/лизинг беру мәселелері жөнінде шешімдер қабылдауға;
      2) қаржы агентінен осы Келісім және субсидиялау шарты шеңберінде көзделген субсидияларды уақтылы аударуды талап етуге;
      3) ағымдағы тоқсанда кәсіпкерлерді субсидиялау үшін қаражаттың жеткіліксіздігі туралы қаржы агентін хабардар етуге құқылы.
      4. Банк/лизингтік компания:
      1) банкке/лизингтік компанияға жүгінген кәсіпкерлерге Бағдарламаның шарттары мен қатысу тәртібі туралы білікті консультация беруге;
      2) қаржы агенті беретін қаражатты субсидиялау шартына сәйкес кәсіпкерлерді субсидиялау мақсаттарына ғана пайдалануға;
      3) қаржы агентіне есептелген сыйақылар және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат ұсынуға;
      4) осы Келісім бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін осы Келісімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Тараптардың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаға бермеуге және қайта бермеуге. Осы тармақтың қолданылуы банкке/лизингтік компанияға қаржы лизингі шарты бойынша кәсіпкерге талап ету құқығын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үмітсіздер санатына өткен лизингті қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында үшінші тұлғаларға беру мән-жайларына қолданылмайды;
      5) қаржы агентінің бірінші талабы бойынша қаржы агентінің талаптарын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарыз шарттарын/қаржы лизингі шарттарын және осы Келісімді іске асыру, сондай-ақ қаржы агенті тарапынан субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттердің/лизингтің мониторингі бойынша қажетті ақпаратты, оның ішінде банктік/коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты негіздеп ұсынуға;
      6) субсидиялау шарты жасалған кәсіпкердің жаңа кредитін/лизингін мақсатты пайдаланылу мониторингін жүзеге асыруға;
      7) банктің/лизингтік компанияның заңды мекенжайы, почталық және банктік деректемелері, сондай-ақ нақты мекенжайы өзгерген жағдайда, мұндай өзгерістер туралы қаржы агентіне күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жазбаша хабарлауға. Хабарламау және/немесе уақтылы хабарламау жағдайында болуы мүмкін салдарлар үшін банк/лизингтік компания жауапты болады;
      8) банкке/лизингтік компанияға қызметін жүзеге асыруға басталған шектеулер немесе тыйым салулар туралы, сондай-ақ банк/лизингтік компания акцияларының 10%-дан астамына қатысты меншік құқығын біржолғы сату немесе өзгеше біржолғы өтуі және/немесе иелік ету немесе пайдалану құқықтарының өтуі туралы жазбаша түрде 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға міндетті.
      5. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісі:
      1) іске асырылатын Бағдарламаның жарнамалық науқанын жүргізуге;
      2) құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған немесе белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар берілген жағдайда кәсіпкерге құжаттарды пысықтауға қайтаруға құқылы.
      6. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісі:
      1) кәсіпкерлер тізімдерін ӨҮК-ге уақтылы жіберуге;
      2) ӨҮК-ні осы Келісімде белгіленген мерзімде шақыруды жүзеге асыруға және ӨҮК шешімдерінің осы Келісімде белгіленген талаптарға сәйкес ресімделуін қамтамасыз етуге;
      3) ӨҮК отырысы хаттамасының қаржы агентіне, банкке/лизингтік компанияға уақтылы берілуін қамтамасыз етуге;
      4) кәсіпкерлердің жобалары бойынша қаржы агентіне ақша қаражатының уақтылы аударылуын бақылауға және қамтамасыз етуге;
      5) Бағдарламаны іске асыру мониторингін жүзеге асыруға міндеттенеді.

9. Мониторинг

      1. Осы Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде қаржы агенті:
      1) банк ұсынған деректер мен құжаттардың негізінде субсидиялау шарты жасалған кәсіпкердің жаңа кредитті мақсатты пайдалануына;
      2) жобаны іске асыруына (қаржы лизингі шарты бойынша лизингтің нысанасын пайдалану);
      3) банк/лизингтік компаниясы ұсынатын деректердің негізінде кәсіпкердің субсидияланатын кредитінің/лизингінің төлем тәртібіне;
      4) жобаның және/немесе кәсіпкердің Қағидалар мен Бағдарламалар талаптарына сәйкестігіне мониторингті жүзеге асыруға құқылы.
      Мониторингтің тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ есептілік нысандарын қаржы агенті дербес белгілейді.
      2. Банк/лизингтік компания қаржы агентінің жазбаша талабы бойынша лизингтік компаниямен/банкпен (лауазымды тұлғаның қолымен және банктің/лизингтік компанияның мөрімен) куәландырылған шарттар көшірмелерін, төлем тапсырмаларын және мониторинг мақсатында қаржы агенті сұрау салған өзге де құжаттарды ұсынуға міндетті.
      3. Қаржы лизингі шарты бойынша субсидияланатын кредит/лизинг мерзімінен бұрын толық өтелген жағдайда банк/лизингтік компания қаржы агентіне лизингті мерзімінен бұрын толық өтегендігі туралы ақпаратты мерзімінен бұрын толық өтеу күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынады.
      4. Кәсіпкердің мақсатсыз пайдаланылған кредиті бойынша банк/лизингтің компания қаржы агентіне кредиттің/лизингтің мақсатсыз пайдаланылу фактілерін растайтын құжаттары бар құжаттарды ұсынады.
      5. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісі өңірлік деңгейде кәсіпкер жобасының іске асырылу барысына мониторинг басталмас бұрын 10 (он) жұмыс күні ішінде, мониторингтің мерзімі мен шекарасын көрсетумен, кәсіпкерді, қаржы агентін, банкті/лизингтік компанияны алдын ала хабардар ете отырып, оның оперативтік қызметіне еш араласпастан, кәсіпкер жобасының іске асырылу орнына бару арқылы көрнекі мониторингті жүзеге асыруға құқылы.

10. Тараптардың жауапкершілігі

      1. Осы Келісімдегі Тараптардың әрқайсысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы Келісімнен туындайтын міндеттемелерді орындамаған және/немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады.
      2. Банк/лизингтік компания осы Келісім шеңберінде ақпаратты/есептілікті бермегені үшін, ақпаратты/есептілікті толық, шынайы, уақтылы бермегені үшін қаржы агентінің алдында жауапты болады.

11. Хабарламалар

      1. Тараптар, осы Келісім шеңберінде талап етілетін немесе жасалған кез келген хабарлама, хабар, хат немесе сұрау салу жазбаша нысанда беріледі деп келіседі. Мұндай хабарлама, хабар, хат немесе сұрау салу олар Тараптың уәкілетті өкіліне қолма-қол табыс етілген, қатысушы Тараптың осы Келісімде көрсетілген мекенжайына почта немесе курьерлік байланыс бойынша, факсимил және телекс байланысы арқылы жеткізілген жағдайлардың кез келгенінде тиісінше табыс етілді немесе жіберілді деп қаралатын болады.
      2. Кез келген хабарлама, хабар, хат немесе сұрау салу:
      1) алынған күні қойылған тиісті белгісімен - қолма-қол (курьермен) жөнелтілген;
      2) жөнелтілгеннен кейінгі үшінші күні (почта кәсіпорны жөнелту кезінде берген құжат күнінен) - тапсырысты хатпен, жеделхатпен жөнелтілген;
      3) жөнелтудің табысты аяқталғаны туралы факсимил аппараты растауының болуы шартымен жөнелту күнінде - факсимил және телекс арқылы жөнелтілген жағдайда алынған болып есептеледі. Бұл ретте Тараптар мұндай хабарламаны, хабарды, хат немесе сұрау салуды 2 (екі) жұмыс күнінен кешікпейтін мерзімде қолма-қол (курьермен) немесе тапсырысты хатпен жөнелтуді міндеттеріне алады.
      3. Көзделген есептілік - банкке/лизингтік компанияға кейіннен қаржы агентіне құжаттардың түпнұсқаларын бере отырып, жөнелтудің табысты аяқталғаны туралы электрондық почта растауының болуы шартымен электрондық почта арқылы қол қойылған материалдарды жөнелту жолымен берілуі мүмкін.

12. Құпиялылық

      1. Тараптар осы Келісімнің шарттарына қатысты ақпарат, өздері, осы Келісімді жасасу және орындау барысында алған, банктік құпия, сондай-ақ қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпарат құпия болып табылады және үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайды деп келіседі.
      2. Тараптар осы Келісімнің болуы мен шарттарының кұпиялығын сақтау үшін барлық қажетті, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне осы Келісімді іске асыру барысында алған мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етуге не беруге тыйым салынады.
      3. Тараптардың кез келгені осы Келісімнің талаптарын бұза отырып, құпия ақпаратты жария ету не тарату жағдайында кінәлі Тарап, осындай ақпаратты жария ету салдарынан басқа Тарапқа келуі мүмкін болатын зиянын өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікті көтереді.

13. Еңсерілмес күш мән-жайлары

      1. Еңсерілмес күш мән-жайлары - Тараптардың кез келгенінің осы Келісім бойынша міндеттемелерін толық немесе ішінара орындауы мүмкін болмайтын (мыналарды қамтитын, бірақ бұлармен шектелмейтін: су тасқыны, жер сілкінісі, жарылыстар, дауылдар, індеттер, эпизоотиялар, апатты өрттер, ереуілдер, соғыс, көтерілістер, мемлекеттік органдардың ресми актілері) мән-жайлары. Бұл ретте, еңсерілмес күш мән-жайларының сипаты, болу кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.
      2. Тараптар осы Келісім бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін, егер орындау мүмкін болмауы еңсерілмес күш мән-жайларының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.
      3. Еңсерілмес күш мән-жайлары басталған кезде осы Келісім бойынша өзінің міндеттемелерін орындау мүмкін болмауы туындаған Тарап мұндай жағдайлар туралы басқа Тараптарды олар басталған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уақтылы хабардар етуі тиіс.
      4. Уақтылы хабарлау болмаған кезде Тарап хабарламау немесе уақтылы хабарламаудан келтірілген залалды басқа Тарапқа өтеуге міндетті.
      5. Еңсерілмес күш мән-жайларының басталуы олардың болу кезеңіне осы Келісімнің орындалу мерзімінің ұлғаюын туындатады.
      6. Егер мұндай жағдайлар 2 (екі) айдан астам жалғасатын болса, онда Тараптардың әрқайсысы осы Келісім бойынша өзінің міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы болады.

14. Дауларды шешу

      1. Келісімге байланысты немесе одан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасында келіссөздер жолымен шешіледі. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
      2. Осы Келісім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.

15. Келісім шарттарының өзгертілуі

      1. Осы Келісімнің ережелері өзгертілуі және/немесе толықтырылуы мүмкін. Тараптар үшін осы Келісімде көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың келісімі бойынша жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған және фирмалық мөрмен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар ғана нақты және міндетті болып танылады.

16. Қорытынды ережелер

      1. Тараптардың құқықтық мәртебесі өзгерген жағдайда осы Келісім бойынша және осы Келісімді орындау үшін барлық құқықтар мен міндеттер, оның ішінде туындаған даулар мен келіспеушіліктерді реттеуге байланысты туындаған құқықтар мен міндеттер де, Тараптардың құқықтық мирасқорларына өтеді.
      2. Осы Келісім, осы Келісімнің құрамдас бөлігі болып табылатын қосымшаларымен бірге осы Келісімнің нысанасына байланысты Тараптардың өзара толық түсіністіктерін білдіреді және олардың арасында Келісімнің нысанасына қатысты алдыңғы жазбаша немесе ауызша келісімдер мен уағдаластықтардың барлығының орнын алмастырады.
      3. Осы Келісімде қамтылған баптардың атаулары мен басқа да тақырыптар қолайлылық үшін пайдаланылған және осы Келісімнің қандай да бір шектеулерін, қандай да бір ережелерінің сипаттамаларын немесе түсіндірмелерін қамтымайды, сондай-ақ осы Келісім баптарының орналасу тәртібі де біреуінің басқаларға қатысты басымдығын растамайды.
      4. Осы Келісім, олардың әрқайсысының заң күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды. Осы Келісімнің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында әртүрлі оқылулар туындаған жағдайда осы Келісімнің орыс тіліндегі нұсқасы басым мәнге ие болады.
      5. Осы Келісім барлық Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады. Осы Келісімнің кез келген Тарапы осы Келісімнің барлық Тараптарын күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын жазбаша хабардар ету шартымен осы Келісімді біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Осы Келісімге банкті/лизингтік компанияны (жаңа) қосу уәкілетті органмен, қаржы агентімен қосымша келісім жасасу жолымен мүмкін болады.
      6. Осы Келісімде көзделмеген өзге жағдайлардың барлығында Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

Ынтымақтастық туралы
үлгі келісімге   
1-қосымша      

Қайда ______________________________ әкімдігі
Кімнен ___________(бұдан әрі – кәсіпкер)

№ __________ ӨТІНІШ-САУАЛНАМА

      ___________________________________ өз қызметін моноқалаларда жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылатын банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы ставкасына субсидиялау қағидаларына сәйкес Сізден Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына төмендегілерге сәйкес кредит/лизинг бойынша сыйақы ставкаларының бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені шығаруға бастамашылық етуді сұраймын:

1. Қатысушы туралы мәліметтер

Кәсіпкердің атауы


Құрылтайшы (лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Нақты мекенжайы


Пошталық мекенжайы


Мемлекеттік тіркелген/қайта тіркелген күні


Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік №


Қызмет түрлері


Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе бас компания


СТН


Жұмыс тәжірибесі


2. Басшылық

      Бірінші басшы

Т.А.Ә.


Лауазымы


Жұмыс/үй телефоны


Туған жылы және жері


Жеке куәлік №, сериясы


Тұрғылықты жері (нақты)


Тіркелуі


Жұмыс тәжірибесі


      Бас бухгалтер

Т.А.Ә.


Жұмыс/үй телефоны


Туған жылы және жері


Жеке куәлік №, сериясы


Тұрғылықты жері (нақты)


Тіркелуі


Жұмыс тәжірибесі


      Байланысатын адам

(Т.А.Ә., лауазымы, телефоны)


3. Меншік иелері

(құрылтайшы, қатысушылар, АҚ үшін - акциялардың 5% және одан астамына иелік ететін акционерлер)

Атауы/Т.А.Ә.

%

Деректемелері



















4. Ағымдағы қызметі туралы ақпарат

Өнімдер мен қызметтердің түрлері


Жылдық айналымы


Соңғы есепті күнге пайдасы немесе шығыны


Қызметкерлерінің нақты саны

_____________________ оның
ішінде ______________ әйел

Жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы)


Жобаны іске асыру орны (облыс, қала)


Жұмыс орындарының саны


5. Банк шоттары туралы ақпарат

      Банк деректемелері (барлық қызмет көрсететін банктердегі ағымдағы және жинақ шоттарын көрсету):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

6. Кредит тарихы

Кәсіпкердің жұмыс істеу барысында пайдаланылған, бүгінгі таңда өтелген сияқты өтелмеген барлық банктік несиелер көрсетіледі.

Кредитор

Сомасы

Берілген күні

Сыйақыны өтеу шарттары

Негізгі борышты өтеу шарттары

БҚШ/ҚЛШ бойынша өтеу мерзімі

Нақты өтеу күні

1.







2.







7. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысу және кәсіпкерге
қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы
ақпарат

Мемлекеттік бағдарламаның атауы/мемлекеттік қолдау шаралары

Мемлекеттік даму институтының атауы

Қосымша ақпарат

1




2




8. Кепілдіктер және келісімдер

      Кәсіпкер жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісіне мыналарға өтінім білдіреді және кепілдік береді:

      1. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісіне осы өтінішпен бірлесіп немесе Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісінің сұрау салуы бойынша берілген (табыс етілген) немесе берілетін барлық деректер, ақпарат пен құжаттама дәйекті болып табылады және төменде көрсетілген күнге шындыққа толығымен сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда жергілікті деңгейде Бағдарлама үйлестірушісін дереу хабар етуге міндеттенемін.
      2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісінің бірінші талабы бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген кез келген ақпаратты және банктік және коммерциялық құпияны қамтитын құжаттарды беруге және ашуға міндеттенеді.
      3. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісі көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.
      4. Кәсіпкер жалған, толық емес және/немесе дәйексіз мәліметтер бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескертілді.
      5. Кәсіпкердің жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын тұлғаға осы өтінішті беруге мүмкіндік беретінін кәсіпкер растайды.
      6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дәйексіздігі анықталған жағдайда осы өтініш көрсетілген деректердің дәйексіздігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде жойылуы мүмкін екендігімен келісемін, бұл ретте жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісі жою себептерін хабарламауға құқылы.
      Кәсіпкер осымен жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісіне:
      1. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісі осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер берген құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мүдделі үшінші тұлғаларға беруге құқылы.
      2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісі талап еткен барлық құжаттар бағдарлама шеңберінде субсидиялау үшін ғана берілді.
      3. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісі кәсіпкердің өзі туралы хабарлайтын ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, кәсіпкер берген құжаттар мен өтініштердің түпнұсқасы егер тіпті субсидиялау берілмесе де, жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісінде сақталатын болады.
      4. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісінің осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (субсидиялауды алу үшін қажет құжаттарды ресімдеуге және т.б.) жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісінің субсидиялауды ұсыну немесе кәсіпкер шеккен шығынның орнын толтыру міндеттемесі болып табылмайды.
      5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды және келісетінімді растаймын, кейіннен жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісіне талап-тілектерім жоқ.
_____________________________________________________________________

9. Қосымшалар

(Субсидиялау қағидаларында көзделген құжаттар)

___________________ (Т.А.Ә.)
   (қолы)    Күні

Ынтымақтастық туралы
үлгі келісімге   
2-қосымша      

(Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі толтырады)

_________________ жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің
қарауы үшін кәсіпкер
ЖОБАЛАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

Кәсіпкердің атауы

Жобаның атауы (сипаттама)

Заңды мекенжайы

Жобаны іске асыру орны

Өнімдер мен қызметтер түрлері

1

2

3

4

5

6








Жиыны:





Жобаны іске асыру кезеңі

Қаржыландыру сомасы, теңге



7

8





Жұмыс орындарының саны

Басқа да мемлекеттік бағдарламаларға қатысу

ЖДБҮ Өтінім беру күні


факт

жоспар

МДИ атауы

МБ/МҚШ атауы


9

10

11

12

13








Өндірілген өнімнің жалпы көлемінен өнім экспортының көлемі

Банктің/лизингтік компанияның атауы


өткен жылғы айналымның жалпы сомасы

өткен жылғы экспорт шарттары бойынша тауар жіберу сомасы

%


14

15

16

17






Қосымшалар: (Өтінім және Кәсіпкердің ЖДБҮ ұсынған құжаттар пакеті)
      1).
      2).
      ...

Қысқартулар мен анықтамалар

ЖКС

Жеке кәсіпкерлік субъектісі

МДИ

Мемлекеттік даму институттары

МБ

Мемлекеттік бағдарлама

МҚШ

Мемлекеттік қолдау шаралары

ЖДБҮ

Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі

Лауазымды тұлға ТАӘ _____________________
                       қолы, мөр
Жауапты қызметкер ТАӘ ___________________
                              қолы

Ынтымақтастық туралы
үлгі келісімге   
3-қосымша      

________________________ бойынша
өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының
№ ______ хаттамасы

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.

Өткізілген орны


Өткізілген күні


Кеңес төрағасы


Кеңес мүшелерінің қатысқаны


Кеңес мүшелерінің

қатыспағаны


Шақырылғандар


Кеңес хатшысы


      Күн тәртібі

Мәселелер атауы

1


2


...


      Кеңес қарады

1-мәселенің атауы

1




      Кеңес шешті

      1. Мыналарға:
      - іске асырылатын жобалардың Бағдарламаның өлшемдеріне сәйкестігіне;
      - жеке кәсіпкерлік субъектілері жобаларының төмендегі тізіміне байланысты субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдану мүмкіндігі мақұлдансын:

р/с №

Атауы

БҚШ/ҚЛШ

Кәсіпкер

Жоба

Банк/лизингтік компания

күні

1

2

3

4

5

6







Кредит/лизинг сомасы

Кредит/лизинг валютасы

Кредит/лизинг мерзімі

Мақсатты жұмсалуы

Жобаның атауы (сипаттамасы)

7

8

9

10

11






%

Номиналды сыйақы ставкасы

Сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігі

Сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігі

Субсидиялау мерзімі

Ескерту

12

13

14

15

16

17







      2. Субсидиялау шарттарын жасасу үшін Банктерге/лизингтік компанияларға жобалардың мақұлданған тізімі жіберілсін.
      3. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-қа мақұлданған жобалардың тізімі жіберілсін.
      4. Мынадай себептер бойынша бас тартылсын:
      - ____________________________________________________________;

      Кеңес мүшелерінің қолдары

Кеңес мүшесінің ТАӘ және мәртебесі

«Иә»

«Қарсы»

Түсіндірмелер

1

Кеңес төрағасы




2

Кеңес төрағасының орынбасары




3

Кеңес мүшесі




4

Кеңес мүшесі




5

Кеңес мүшесі




      Кеңес қарады:

2-мәселенің атауы



      Кеңес шешті:
      1.
      2.
      3.
      ...

      Кеңес мүшелерінің қолдары:

Кеңес мүшесінің Т.А.Ә. және мәртебесі

«Иә»

«Қарсы»

Түсіндірмелер

1

Кеңес төрағасы




2

Кеңес төрағасының орынбасары




3

Кеңес мүшесі




4

Кеңес мүшесі




5

Кеңес мүшесі








      Кеңес хатшысы ______________________ Т.А.Ә.

      Егер кеңес мүшесі «Қарсы» дауыс берсе, түсіндірмелер бағанында қабылданған шешімнің себебі көрсетілуге тиіс.

Ынтымақтастық туралы
үлгі келісімге   
4-қосымша      

____________ бастап ____________ қоса алғандағы кезеңде
банктен/лизингтік компаниядан алынған
субсидиялау туралы есеп

Банктің атауы

Кәсіпкер дің айналым орны

Кәсіпкер дің атауы

ҚШ/ҚЛШ (транш) нөмірі

ҚЛШ (транш) күні

Кредит/Лизинг (транш) сомасы

1

2

3

4

5

6

Кредит/Лизинг (транш) бойынша сыйақы ставкасы

Субсидиялау шартының нөмірі

Субсидиялау шартының күні

Қаржы агенті кезең үшін аударған субсидия сомасы

Кезең үшін есептен шығарылған субсидия сомасы

7

8

9

10

11

Ынтымақтастық туралы
үлгі келісімге   
5-қосымша      

Бағдарламаның үйлестірушісіне ____________ бастап
____________ қоса алғандағы кезеңдегі
субсидиялау туралы есеп

Банктің атауы

Кәсіпкер дің айналым орны

Кәсіпкер дің атауы

ҚШ/ҚЛШ (транш) нөмірі

ҚШ/ҚЛШ (транш) күні

Кредит/Лизинг (транш) сомасы

1

2

3

4

5

6

Кредит/Лизинг (транш) бойынша сыйақы ставкасы

Субсидиялау шартының нөмірі

Субсидиялау шартының күні

Қаржы агенті кезең үшін аударған субсидия сомасы

Кезең үшін есептен шығарылған субсидия сомасы

7

8

9

10

11

Бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне
берілетін банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік
мәмілелері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау,
сондай-ақ өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды
дамыту бойынша қолдау көрсету қағидаларына
2-қосымша

Субсидиялау туралы шарт

___________қ.                              20___ ж. «___» __________

      Осы Субсидиялау туралы шарт (бұдан әрі – шарт):
      1. «Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі»:
_________ атынан _____________ негізінде әрекет ететін _________ және

      2. «Қаржы агенті» арасында:
      ______________ атынан ______________ негізінде әрекет ететін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы арасында, бірлесіп «Тараптар», ал жеке-жеке «Тарап» деп аталатындар немесе жоғарыда көрсетілгендей, өз қызметін моноқалаларда жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсаттарын басшылыққа ала отырып:
      1) ____________арасында жасалған____ жылғы______ №___ өз қызметін моноқалаларда жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде берілетін банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар);
      2) ____________арасында жасалған____ жылғы______ №___ өз қызметін моноқалаларда жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы төлеу ставкаларын субсидиялау шеңберіндегі ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) негізінде және оларды орындау үшін жасалды.

Терминдер мен қысқартулар

      Ескерту. Бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.

Банк – төлем агенті

лизингтік компанияның қаржы лизингі шарттары бойынша субсидияларды аударуға және есептен шығаруға арналған қаржы агентімен келісілуі және лизингтік компаниясының арнайы ағымдағы шотын жүргізу функциясын жүзеге асыруы тиіс лизингтік компанияның уәкілетті банкі;

Субсидиялау шарты (СШ)

қаржы агентінің, банк/лизингтік компанияның және кәсіпкердің арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенті кәсіпкердің банкпен/лизингтік компаниямен жасасқан қаржы лизингі шарты бойынша сыйақы ставкасын ішінара субсидиялайды;

Лизингтік компания

ынтымақтастық туралы келісім жасасқан лизингтік компания;

Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі

«жалғыз терезе» қағидаты бойынша облыстар әкімдерінің шешімімен айқындалатын жергілікті жерде Бағдарламаны іске асыруға жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

Кредит

кәсіпкерге банктік қарыз шарты негізінде жедел, ақылы, қайтарымды, қамтамасыз ету және нысаналы пайдалану шарттарында банк ұсынатын ақша қаражаты сомасы;

Кәсіпкер

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасының моноқалалары тізбесіне сәйкес әлеуеті төмен және орташа моноқалаларда өз қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі;

Бағдарлама

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
24 мамырдағы № 683 қаулысымен бекітілген Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы;

Жұмыс органы

«Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті» мемлекеттік мекемесі;

Субсидиялау

кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде алдағы уақытта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбасқа төлейтін шығыстарын ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны;

Субсидиялар

өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржы агенті субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде банкке/лизингтік компанияларға төлейтін кезеңді төлемдер;

Қаржы агенті

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы;

Қаржы лизингі (бұдан әрі – лизинг)

лизингті беруші сатушыдан меншікке сатып алынған және лизинг шартымен негізделген лизинг нысанын белгілі бір ақыға және белгілі бір шарттарда кәсіпкерлік мақсаттар үшін кем дегенде үш жыл мерзімге уақытша иелену және пайдалану үшін лизингті алушыға беруге міндеттенетін инвестициялық қызмет түрі;

1. Шарттың нысанасы

      1. Жұмыс органы республикалық бюджетте көзделген қаражат шеңберінде моноқалалар бөлінісінде өңір үшін қаржыландыру лимитін айқындайды және нысаналы трансферт түрінде жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісіне қаражат бөледі.
      2. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі қаржы агентіне жергілікті бюджетке бағытталған нысаналы трансферт қаражаты есебінен олардың арасында жасалатын субсидиялау туралы шарттың негізінде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес аударады.
      3. Бағдарлама шеңберінде субсидиялау бөлінген және қаржы жылының қорытындылары бойынша қаржы агенті пайдаланбаған қаражат кезекті қаржы жылы жобаларды субсидиялауға, оның ішінде кезекті қаржы жылы мақұлданған жобаларға пайдаланылуы мүмкін.
      4. Субсидиялау жөніндегі қаржы агентінің қызметтеріне жұмыс органы республикалық бюджет қаражаты есебінен төлейді.
      5. Кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ставкасының бөлігін субсидиялау түрінде кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету шарттары, тетігі және тәртібі қағидалармен және келісіммен реттеледі.

2. Субсидиялау қаражатын аудару тетігі

      6. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі сыйақы ставкасын субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агентіне тиісті қаржы жылында Бағдарламаны іске асыруға бөлінген соманың 30 % мөлшеріндегі қаражатты қаржы агенті көрсеткен шотқа аударуды жүзеге асырады. Одан кейінгі төлемдер қаржы агентінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      7. Қаржы агенті жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісінен алған қаражат есебінен олар, банктер/лизингтік компаниялар және кәсіпкерлер арасында жасалатын СШ негізінде кәсіпкерлердің кредиттері/лизингі бойынша сыйақы ставкасының бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асырады.
      8. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі мен қаржы агентінің арасында есептелген қаражат пен субсидиялау көлемі бойынша салыстырып актілеріне тоқсан сайын қол қойылады.
      9. Қаржы агенті жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі есептеген субсидиялау үшін қаражатты толық пайдаланбаған жағдайда қаржы агенті пайдаланылмаған қаражатты _____________ жылға дейін қайтарады.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері:

      10. Қаржы агенті:
      1) осы шартта белгіленген міндеттемелердің орындалу мерзімдерінің сақталуын бақылауды және олардың уақтылы орындалуын талап етуді жүзеге асыруға;
      2) жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісінің осы шарт бойынша ақша қаражатының уақтылы аударылуын бақылауға және оны талап етуге;
      3) келісімде көзделген жағдайларда субсидиялар төлеуді тоқтата тұруға құқылы.
      11. Қаржы агенті:
      1) субсидиялар сомасын банкте/банкте – төлем агентінде ашылған арнайы ағымдағы шотқа аударуға;
      2) келісімде көзделген мониторинг жүргізуге міндеттенеді.
      12. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі кәсіпкерлерге субсидиялардың төленуін бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
      13. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі қаржы агентіне субсидиялау үшін қаражат аударуға міндеттенеді.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      14. Осы шарттағы Тараптардың әрқайсысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы шарттан туындайтын міндеттемелердің орындалмағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады.

5. Еңсерілмес күш мән-жайлары

      15. Еңсерілмес күш мән-жайлары - Тараптардың кез келгенінің шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе ішінара орындауы мүмкін болмайтын (мыналарды қамтитын, бірақ бұлармен шектелмейтін: су тасқыны, жер сілкінісі, жарылыстар, дауылдар, індеттер, эпизоотиялар, апатты өрттер, ереуілдер, соғыс, көтерілістер, мемлекеттік органдардың ресми актілері) мән-жайлары. Бұл ретте, еңсерілмес күш мән-жайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.
      16. Тараптар шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін, егер орындаудың мүмкін болмауы еңсерілмес күш мән-жайларының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.
      17. Еңсерілмес күш мән-жайлары басталған кезде ол үшін шарт бойынша өзі міндеттемелерін орындау мүмкін болмауы туындаған Тарап мұндай жағдайлар туралы басқа Тараптарды басталған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уақтылы хабардар етуі тиіс.
      18. Уақтылы хабардар ету болмаған кезде Тарап хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеуден келтірілген залалды басқа Тарапқа өтеуге міндетті.
      19. Еңсерілмес күш мән-жайларының басталуы олардың әрекет ету кезеңіне шарттың орындалу мерзімін ұлғайтуға әкеледі.
      20. Егер мұндай мән-жайлар 2 (екі) айдан астам жалғасатын болса, оны Тараптардың әрқайсысы шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.

6. Дауларды шешу

      21. Шартқа байланысты немесе одан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасында келіссөздер жолымен шешіледі. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
      22. Осы шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.

7. Шарт талаптарынын өзгеруі

      23. Шарт ережелері өзгеруі және/немесе толықтырылуы мүмкін. Тараптардың келісімі бойынша жазбаша нысанда жасалған, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған және фирмалық мөрмен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар ғана, шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптар үшін нақты және міндетті болып танылады.

8. Қорытынды ережелер

      24. Тараптардың құқықтық мәртебесі өзгерген жағдайда шарт бойынша және шартты орындау үшін барлық құқықтар мен міндеттер, оның ішінде туындаған даулар мен келіспеушіліктерді реттеумен байланысты туындаған құқықтар мен міндеттер тараптардың кұқықтық мирасқорларына өтеді.
      25. Осы шарт осы шарттың құрамдас бөлігі болып табылатын қосымшаларымен бірге осы шарттың нысанасына байланысты тараптардың өзара толық түсіністіктерін білдіреді және олардың арасында шарттың нысанасына қатысты болған алдыңғы жазбаша немесе ауызша келісімдер мен уағдаластықтардың барлығының орнын алмастырады.
      26. Осы шарт олардың әрқайсысы заңды күші тең, Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдеріндегі сәйкестендірілген даналары _______ (___) данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды. Шарттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерін әртүрлі оқулар туындаған жағдайда шарттың орыс тіліндегі нұсқасы басым мағынаға ие болады.
      27. Осы шарт барлық Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданыста болады.
      28. Осы шартта көзделмеген өзге жағдайлардың бәрінде Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

9. Тараптардың мекенжайлары, банк деректемелері мен қолдары

Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі

Қаржы агенті





Бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне
берілетін банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік
мәмілелері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау,
сондай-ақ өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды
дамыту бойынша қолдау көрсету қағидаларына
3-қосымша

№ ___ субсидиялау шарты

___________қ.                               20___ ж. «___» __________

      Бұдан әрі «Қаржы агенті» деп аталатын _________________________ негізінде әрекет ететін _________ тұлғасында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы, бір тараптан және
      бұдан әрі «Банк/лизингтік компания» деп аталатын _____________________________ негізінде әрекет ететін _________ тұлғасында «Банк/лизингтік компания» акционерлік қоғамы және бұдан әрі «Кәсіпкер» деп аталатын _____________________________ негізінде әрекет ететін _________ тұлғасында екінші тараптан, бірлесіп «Тараптар», ал жеке-жеке Тарап деп аталатындар немесе жоғарыда көрсетілгендей, төмендегілер туралы Субсидиялаудың осы шартын (бұдан әрі – шарт) жасасты.

1. Жалпы ережелер

      Осы шартты жасасу үшін мыналар негіз болып табылады:
      1) ___________________________________ арасында жасалған 20____жылғы ________ № ______ өз қызметін моноқалаларда жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылатын банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы ставкасына субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар);
      2) ___________________________________ арасында жасалған 20____жылғы ________ № ______ өз қызметін моноқалаларда жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылатын банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау шеңберіндегі ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі – Келісім);
      3) _______________бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының 20___ жылғы ___________№ ____ хаттамасы.

2. Терминдер мен анықтамалар

      Ескерту. 2-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.

Банк

Ынтымақтастық туралы келісім жасасқан екінші деңгейдегі банк.

Банк – Төлем агенті

Лизингтік компанияның қаржы лизингі шарттары бойынша субсидияларды аударуға және есептен шығаруға арналған қаржы агентімен келісілуі және лизингтік компаниясының арнайы ағымдағы шотын жүргізу функциясын жүзеге асыруы тиіс лизингтік компанияның уәкілетті банкі.

Субсидиялау шарты (СШ)

қаржы агенті, кәсіпкер, банк/лизингтік компания арасында жасалатын үш жақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенті кәсіпкердің банк/лизингтік компания берген кредиті/лизингі бойынша сыйақы ставкасын ішінара субсидиялайды;

Банктік қарыз шарты

кәсіпкер, банк арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит ұсынады. Кредит желісін ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады.

Қаржы лизингі шарты

кәсіпкер, банк/лизингтік компания арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк/лизингтік компания кәсіпкерге лизинг ұсынады.

Лизингтік компания

келісім жасасқан лизингтік компания.

Лизингтік мәмілелер

азаматтық құқықтар мен міндеттерді орнатуға, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған лизингке қатысушылардың келісілген іс-қимылдарының жиынтығы.

Кредит

кәсіпкерге банктік қарыз шарты негізінде жедел, ақылы, қайтарымды, қамтамасыз ету және нысаналы пайдалану шарттарында банк ұсынатын ақша қаражаты сомасы.

Бағдарламаның үйлестірушісі

кәсіпкерлер үшін «жалғыз терезе» қағидаты бойынша облыстар әкімдерінің шешімімен айқындалатын жергілікті жерде Бағдарламаның іске асырылуына жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі.

Бағдарлама

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 683 қаулысымен бекітілген Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы.

Жоба

кәсіпкердің кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын бизнестің әр түрлі бағыттарындағы іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы.

Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК)

жергілікті атқарушы органдар, банктер/лизингтік компаниялар, бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің және тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері басқаратын консультативтік-кеңесші орган.

Субсидиялау

кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияларға кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде алдағы уақытта кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбасқа төлейтін шығыстарын ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны.

Субсидиялар

өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржы агенті субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде банкке/лизингтік компанияларға төлейтін кезеңді төлемдер;

Қаржы агенті

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы;

Қаржы лизингі (бұдан әрі – лизинг)

лизингті беруші сатушыдан меншікке сатып алынған және лизинг шартымен негізделген лизинг нысанын белгілі бір ақыға және белгілі бір шарттарда кәсіпкерлік мақсаттар үшін кем дегенде үш жыл мерзімге уақытша иелену және пайдалану үшін лизингті алушыға беруге міндеттенетін инвестициялық қызмет түрі.

3. Шарттың нысанасы

      1. Осы шарттың талаптары бойынша қаржы агенті мынадай жағдайларда ______________ (банк/лизингтік компанияның атауы) алынған кредит/лизинг бойынша кәсіпкердің сыйақы ставкасының бір бөлігіне субсидиялауды жүзеге асырады:

Банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты

___ж. ___________ № ____

Мақсатты жұмсалуы


Осы шарттың жасалған күніндегі кредит/лизинг сомасы


Сыйақы ставкасы


Кредит/лизинг мерзімі


      2. Субсидиялау Қағидаларға сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      3. Осы шартты жасасқаннан кейін банк/лизингтік компания осы шарттың барлық қолданылу мерзіміне кәсіпкердің кредиті/лизингі бойынша сыйақы ставкасын ұлғайтпауға міндеттенеді.
      4. Осы шартты жасасқаннан кейін банк/лизингтік компания қаржы агентіне мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) кәсіпкермен жасалған өтеу кестесімен қоса берілген банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шартының көшірмесі (лауазымды тұлғаның қолымен және лизингтік компанияның/банк мөрімен расталған көшірмесі);
      2) субсидиялау шартының түпнұсқасы.

4. Субсидияларды беру шарттары

      1. Кредит/лизинг бойынша сыйақының ________ мөлшеріндегі бір бөлігі субсидиялауға жатқызылады, бұл ретте ______ мөлшеріндегі сыйақы ставкасының бір бөлігін кәсіпкер төлейді, ал сыйақы ставкасының ________ мөлшеріндегі қалған бөлігін осы шартқа 1-қосымшаға сәйкес қаржы агенті төлейді.
      2. Банктің/лизингтік компанияның есебіне жазылған және мерзімі өткен несие берешегі бойынша кәсіпкер төлемеген сыйақы субсидиялауға жатқызылмайды.
      3. Субсидиялау мерзімін есептеу _________________ ж. басталады.
      4. Барлық операциялар ұлттық валюта – теңгемен жүргізіледі.
      5. Кредитті/лизингті уақтылы және толық қайтару және оның субсидияланбайтын сыйақы ставкасының бір бөлігін өтеу бойынша міндеттемелерді тиісінше атқармағаны үшін кәсіпкер банк/лизингтік компания алдында барлық жауапкершілікті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына сәйкес мойнына алады. Бұл ретте осындай жауапкершілік қандай да бір жағдай болсын қаржы агентіне жүктелуі мүмкін емес.

5. Шарт бойынша Субсидиялау тәртібі

      1. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды қаржы агенті банк/төлем агенті банкіндегі ағымдағы шотқа тоқсан сайын осы шартқа төлем кестесін ескере отырып, аванстық төлемдермен жүзеге асырады.
      2. Субсидиялау мерзімі кәсіпкердің, банктің/лизингтік компанияның осы шартқа қол қойған сәтінен басталады. Сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеу күнін кәсіпкер, банк/лизингтік компания дербес айқындайды. Егер лизинг бойынша сыйақыны есепке жазу кәсіпкер, банк/лизингтік компания субсидиялау шартына қол қойған күннен кейін басталған жағдайда, субсидиялау кезеңіне кәсіпкер, банк/лизингтік компания субсидиялау шартына қол қойған күн қосылмайды.
      Субсидиялау кезеңі банк/лизингтік компания және кәсіпкер субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап басталады.
      3. Кәсіпкер банкке/лизингтік компанияға банктік қарыз шартына/ қаржылық лизинг шартына сәйкес өтеу кестесі бойынша сыйақының субсидияланбайтын бөлігіне сыйақы төлеуді жүргізеді.
      4. Кәсіпкердің сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігіне толық төлем жүргізу фактісі бойынша банк/төлем агенті банкі қаржы агентінің ағымдағы шотынан кәсіпкердің кредиті/төлем агенті банкі бойынша сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін өтеу шотына ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.
      5. Кәсіпкер кредит/лизинг бойынша, оның ішінде сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін өтеу бойынша төлемді уақтылы өтемеген жағдайда, банк/төлем агенті банкі кәсіпкердің берешегін өтегенге дейін сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агентінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және бұл туралы 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агентін (қаржы агенті субсидиялауды тоқтата тұру туралы шешім қабылдамаған жағдайда) хабардар етеді.
      6. Субсидияларды төлеу күні қаржы агентінің субсидиялау шартына қол қойғанға дейін болған жағдайда:
      1) Қаржы агентінің ағымдағы шотында/лизингтік компанияның шотында қаражат болмаған немесе жеткіліксіз болған кезде кәсіпкер төленген соманы қаржы агентінің кейіннен өтеуімен төлемді дербес жүргізеді;
      2) Қаржы агентінің ағымдағы шотында/лизингтік компанияның арнаулы шотында қаражат болған және жеткілікті болған кезде банк/лизингтік компания осы кәсіпкердің кредиті/қаржы лизингі шарты бойынша шоттан қаражатты есептен шығаруды жүргізеді.
      7. Егер банк/лизингтік компания қолданыстағы банктік қарыз шартының/қаржы лизингі шартының талаптарын өзгертсе банк/лизингтік компания тиісті хаттың негізінде Бағдарламаның үйлестірушісін хабардар етеді. Бағдарламаның үйлестірушісі жеті жұмыс күні ішінде жүргізілген қаржыландыру талаптарының өзгертулерін келіседі немесе келісуден бас тартады.
      Бұл ретте қаржыландыру шарттарына жүргізілген өзгерістер (келісуден бас тарту) келісу хатында нақты көрсетілуі тиіс.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.
      8. Тараптар осы шарттың шеңберінде егер төлем күні жұмыс емес немесе мереке күніне келген жағдайда, төлем одан кейінгі келетін жұмыс күні жүргізіледі деп келісті.

6. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына келтіру
негіздемелері

      1. Субсидиялауды тоқтату және қайта калпына келтіру туралы шешімді қаржы агентінің өтінімдері (хабарламалары) негізінде ӨҮК қабылдайды.
      2. Мынадай фактілер белгіленген кезде қаржы агенті кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұрады, ал ӨҮК тоқтату туралы шешім қабылдайды:
      1) субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа кредитті мақсатсыз пайдалану;
      2) кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын қаржы лизингі шарты бойынша лизингтің нысанасы алмауы;
      3) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарламаның шарттарына сәйкес келмеуі;
      4) Бағдарламаға қатысушының шоттарына тоқтату салыну және/немесе сотта қарауды жүргізу;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда кәсіпкерден лизингтің нысанасын алдырту;
      6) кәсіпкердің 3 (үш) ай бойы қатарынан банк/лизингтік компания алдындағы төлемдерін төлеу міндеттемелерін банктік қарыз шартына/қаржы лизингі шартына төлемдері кестесіне сәйкес төлемеуі;
      7) кәсіпкердің 2 (екі) немесе одан да көп рет қатарынан қаржы лизингі шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес банк/лизингтік компания алдындағы лизингтік төлемдерді енгізу міндеттемелерін орындамауы.
      3. Субсидиялар төлеу тоқтатылған жағдайда осындай шешім қабылданған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде хатпен қаржы агенті банк/лизингтік компаниясын, кәсіпкерді, жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісін субсидиялауды тоқтата тұру себептерін көрсете отырып хабардар етеді.
      4. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі қаржы агентінен кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұру туралы хатты алғаннан кейін күн тәртібін әзірлейді және қалыптастырады, ӨҮК мәжілісі өтетін күнді, уақытын және орнын айқындайды, бұл туралы барлық мүшелерді хабардар етеді.
      5. ӨҮК өткізілетін мәжіліс шеңберінде мынадай іс-әрекетті жүзеге асырады:
      1) қаржы агенті ұсынған ақпаратпен бірге күн тәртібіне енгізілген мәселені қарайды;
      2) субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау туралы шешім қабылдайды.
      Бұл ретте шешімде субсидиялауды тоқтату/қайта бастау үшін негіздеме көрсетіледі.
      6. ӨҮК мәжілісінің хаттамасы ӨҮК мәжілісі өткен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді.
      7. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны қаржы агентіне, банкке/лизингтік компанияға мәлімет ретінде жібереді.
      8. Субсидиялауды тоқтата тұруға негіз болған себептерді кәсіпкер ӨҮК отырысына дейін жойған жағдайда, ӨҮК субсидиялауды жаңғырту туралы шешім қабылдайды.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.
      9. Кредит/лизинг бойынша субсидиялауды қайта бастауға субсидиялаудың мынадай себептері кезінде жол беріледі:
      1) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарламаның шарттарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкес келмеуі;
      2) Бағдарламаға қатысушының шоттарына тыйым салу және/немесе сот талқылауларының жүргізілуі;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда кәсіпкерден лизингтің нысанасын алдырту;
      4) кәсіпкердің 3 (үш) ай бойы қатарынан банк алдындағы төлемдерін төлеу міндеттемелерін банктік қарыз шартына төлемдері кестесіне сәйкес төлемеуі;
      5) кәсіпкердің 2 (екі) немесе одан да көп рет қатарынан қаржы лизингі шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес банк/лизингтік компания алдындағы лизингтік төлемдерді енгізу міндеттемелерін орындамауы.
      Кәсіпкер жаңа кредитті мақсатсыз пайдаланған кезде немесе кәсіпкер субсидиялау жүзеге асырылатын лизингтің нысанасын алмаған кезде кредит бойынша субсидиялауды қайта бастауға тыйым салынады.
      10. Кәсіпкерді субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенті тиісті хатпен банкті/лизингтік компаниясын және кәсіпкерді субсидиялауды төлеуді қайта бастау туралы хабардар етеді.
      Сонымен бір мезгілде тоқтатыла тұрған кезеңде оларға төленбеген субсидияларды төлеуді жүргізеді. Осы Шарттың 2-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша субсидиялау тоқтатыла тұрған кезде кәсіпкердің мерзімі өткен кезеңге шыққан күнінен не Кәсіпкердің лизингтік төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерін орындамаған күнінен бастап төленуі тиіс субсидияларды төлеуді жүргізеді.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.
      11. Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенті тиісті хатпен кәсіпкерге, банкке/лизингтік компанияға шартты біржақты бұзу туралы хабарлама жібереді, онда субсидиялау шартын бұзу күнін және бұзу себебін көрсетеді.
      12. Кәсіпкер субсидиялауды тоқтату үшін негіз болып табылатын себептерді жойған жағдайда субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданғаннан кейін банк/лизингтік компания Бағдарламаның үйлестірушісіне мәселені ӨҮК-ге шығару туралы хатпен жүгінеді. Бұл ретте хатта жоба бойынша субсидиялауды тоқтату (ӨҮК хаттамасын қоса береді) және субсидиялауды тоқтатуға алып келген себептерді кәсіпкердің жоюы себептерін көрсетеді.
      13. Бағдарламаның үйлестірушісі мен ӨҮК осы шарттың 6-бөлімінде белгіленген рәсім мен тәртіпке сәйкес іс-қимыл жасайды.
      Бұл ретте субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылданған жағдайда субсидиялау мерзімі субсидиялау шартының бастапқы жасалған күнінен бастап үш жылдан аспауы тиіс.
      14. Отырыс нәтижелері бойынша кәсіпкерді субсидиялауды қайта бастау туралы шешім келісілген жағдайда қаржы агенті тиісті хатпен банкті/лизингтік компанияны және кәсіпкерді субсидиялауды төлеудің қайта басталғаны туралы хабардар етеді.
      Бұл ретте субсидиялау тоқтатылған сәттен немесе кәсіпкердің мерзімін өткізген күнінен бастап және ӨҮК субсидиялауды қайта бастау туралы жаңа шешім қабылдағанға дейін кәсіпкердің субсидиялар сомасы қайтарылмайды.
      15. Мынадай жағдайларда субсидиялар төлеу тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылды деп танылады:
      1) кәсіпкер банктің/лизингтік компанияның алдындағы банктік қарыз шарты/қаржы лизингі шарты бойынша кредитті/лизингті толық өтесе. Кәсіпкердің банкке/ лизингтік компанияға кредитті/лизингті толық өтеген күні субсидиялауды тоқтату күні деп есептеледі;
      2) субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдау;
      3) субсидиялау шартын бұзу туралы кәсіпкердің бастамасы бойынша.
      16. Кәсіпкер кредит/лизинг бойынша негізгі борышын ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда банк/лизингтік компания қаржы агентін кредит/лизинг бойынша негізгі борышын ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу фактісі туралы хабардар етеді.
      Сонымен бір мезгілде, кәсіпкердің кредиті/лизингі бойынша негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, банк/лизингтік компания банктік қарыз шартына/қаржы лизингі шартына қосымша келісім жасаған кезде қаржы агентіне төлемдерді өтеу кестесінің өзгерістерімен бірге субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып, банк/лизингтік компания банктік қарыз шартына/қаржы лизингі шартына қосымша келісімнің көшірмесін жібереді.
      17. Кәсіпкердің орынсыз пайдаланылғаны анықталған кредиті бойынша банк қаржы агентіне кредитті орынсыз пайдалану фактілерін растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілген құжаттарды ұсынады.

7. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      1. Қаржы агенті:
      1) қаржы агентіне өтініш білдірген Кәсіпкерлерге Бағдарламаға қатысу шарттары мен тәртібі туралы консультацияны жүзеге асыруға;
      2) осы шартта Тараптар үшін көзделген міндеттемелердің орындалу мерзімінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және олардың уақтылы орындалуын талап етуге;
      3) жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісінің кәсіпкердің жобалары бойынша ақша қаражатын уақтылы аударуын бақылауға және талап етуге;
      4) осы шарттың іске асырылуына, оның ішінде банктің/лизингтік компанияның міндеттемелерді орындауы бөлігінде мониторингті жүзеге асыруға;
      5) банкке/лизингтік компанияға жедел қызметіне араласпай, оның орналасқан жерінде осы шарттың іске асырылуын тексеруді жүзеге асыруға;
      6) банкке/лизингтік компанияға хатпен алдын ала хабарлама жібере отырып кәсіпкер, банк/лизингтік компания арасындағы бағдарламаның банктік қарыз шартында/қаржы лизингі шартында көзделген құқықтар шеңберінде жоба іске асырылатын жерге барып субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа кредитті/лизингті кәсіпкердің мақсатты пайдалануына мониторингті жүзеге асыруға;
      7) өзінің ресми веб-сайтында Бағдарламаның іске асырылуы туралы ақпаратты орналастыруға;
      8) лизингтік компаниядан/банктен кәсіпкердің банктік қарау шарты/қаржы лизингі шарты бойынша төлемдерді төлемдер кестесіне сәйкес жүзеге асыру жөніндегі банк/лизингтік компания алдындағы міндеттемелерінің орындалу барысы туралы құжаттар мен ақпаратты сұратуға;
      9) осы шартта көзделген жағдайларда субсидиялар төлеуді тоқтата тұруға құқылы.
      2. Қаржы агенті:
      1) банкте/төлем агентінің банкінде ашылған ағымдағы жаңа шотқа субсидиялардың сомасын аударуға;
      2) осы шартта көзделген мониторингті жүргізуге;
      3) ӨҮК-ге осы шартта көзделген ақпаратты беруге міндеттенеді.
      3. банк/лизингтік компания:
      1) өз қалауы бойынша және өзі тәуекелге барып, кәсіпкерлерге кредит беру мәселелері жөнінде шешімдер қабылдауға;
      2) қаржы агентінен осы шарттың шеңберінде көзделген субсидияларды уақтылы аударуды талап етуге;
      3) ағымдағы тоқсанда кәсіпкерлерді субсидиялауға арналған қаражаттың жеткіліксіздігі туралы қаржы агентін хабардар етуге құқылы.
      4. Банк/Лизингтік компания:
      1) келісімде көзделген мерзімдерде және нысанда есептер беруге;
      2) банкке/лизингтік компаниясына кәсіпкер сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігіне қатарынан 3 (үш) ай ақы төлемеген жағдайда 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы қаржы агентін хабардар етуі тиіс. Мұндай жағдайда субсидиялау қаржы агентіне көрсетілген мән-жайлардың туындағаны туралы хабар келіп түскеннен бастап тоқтатылады;
      3) қаржы агентін осы шарттың талаптарын орындауға ықпал ете алатын барлық мән-жайлар туралы уақтылы хабардар етуге;
      4) қаржы агентін 3 (үш) жұмыс күні ішінде банк/лизингтік компания алдындағы банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты бойынша кредитті/лизингті мерзімінен бұрын толық/ішінара өтеу фактісі туралы хабардар етуге міндетті.
      5. Кәсіпкер:
      1) банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты бойынша өз міндеттемелерін уақтылы әрі толық көлемде орындауға;
      2) қаржы агентіне кредиттің мақсатты пайдаланылуына тексеру жүргізу құқығын ұсынуға;
      3) қаржы агентінің сұрауы бойынша банктік қарыз шартын/қаржылық лизинг шартын және осы шартты орындаумен байланысты құжаттар мен ақпаратты ұсынуға;
      4) Тараптардың алдын ала жазбаша келісімінсіз осы шарттың талаптары мен іске асырылуы туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеуге және ашпауға міндетті.
      6. Кәсіпкер қаржы агентінен сыйақының субсидия берілетін ставкасы бөлігінде банкке/лизингтік компанияға субсидияларын төлеуді талап етуге құқылы.

8. Шарттың қолданылу мерзімі

      1. Осы шарт 20__ ж. ________ бастап күшіне енеді және 20__ ж. _____________ дейін әрекет етеді.
      2. Осы шартты осы шарттың 6-бабында көзделген жағдайларда және тәртіппен қаржы агенті біржақты тәртіппен бұзуы мүмкін.

9. Жауапкершілік

      Осы шарт бойынша тараптар осы шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы шарттан туындайтын міндеттемелердің орындалмағаны және/немесе тиісінше орындалмағаны үшін жауапты болады.

10. Форс-мажор

      1. Тараптар егер форс-мажорлық мән-жайлардың салдары орындамау мүмкіндігі болса, осы шарт бойынша өздерінің міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
      2. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде ол үшін осы шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындау мүмкін емес жағдайлар туындаған Тарап дер кезінде ол туындаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде басқа Тарапты осындай мән-жайлар туралы хабардар етуі тиіс. Бұл ретте форс-мажорлық жағдайлардың сипаты, әрекет ету кезеңі, туындау фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.
      3. Уақтылы хабардар ету болмаған жағдайда, Тарап басқа Тарапқа хабарламағаннан немесе уақтылы хабарламағаннан келген зиянды өтеуге міндетті.
      4. Форс-мажорлық мән-жайлар туындауы олардың әрекет ету кезеңінде осы Шарттың орындау мерзімін ұлғайтуды туындатады.
      5. Егер осындай мән-жайлар қатарынан үш айдан астам жалғасатын болса, онда Тараптардың кез келгені осы шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.

11. Дауларды шешу

      1. Осы шартты орындаумен байланысты туындаған қандай да болмасын дау болған жағдайда Тараптардың кез келгені келіссөздер жолымен барлық дауларды реттеу үшін күш жұмсайды.
      2. Егер туындаған дауды келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаса, осы дау және оған қатысты өзге де мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі және реттеледі.

12. Хат-хабарлармен алмасу

      1. Тараптардың осы шарт шеңберінде бір-біріне жолдаған кез келген хат-хабары жазбаша түрде ұсынылады және осы шартқа сәйкес қараудың ерекше тәртібі көзделген хат-хабарларды қоспағанда, Тараптардың тапсыру туралы белгісі бар хат-хабарды алған сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде қаралатын болады.
      2. Хат-хабар ол тиісінше ресімделген жағдайда (хат-хабар ол бланкте ұсынылған немесе мөрмен бекітілген, басшы қол қойған және тіркелген нөмірі, күні болғанда, тиісінше ресімделген деп саналады), жеке өзіне тапсырылған, пошта бойынша (хабарламасы бар тапсырысты хатпен) немесе қатысушы Тараптың мекенжайы бойынша курьерлік байланыспен жеткізілген жағдайда тиісінше ұсынылған немесе жолданған деп саналады.
      3. Осы шарттың қолданылу ету барысында Тараптардың жауапты тұлғалары факсимильді байланыс және/немесе электрондық пошта арқылы ақпараттық сипаттағы хат-хабарларды басқа Тарапқа жіберуді жүзеге асыруы мүмкін.
      4. Бұл ретте жіберуші Тарап басқа Тарапқа хат-хабардың жіберілгенін растауға міндетті. Қабылдаушы тараптың қабылдау туралы белгісімен немесе жөнелтудің табысты аяқталғаны туралы факсимильді аппараттың көшірмесі болған жағдайда барлық хат-хабардың мәтінін қоса беру жолымен факспен жөнелту кезінде растау тиісті түрде жүзеге асырылған деп саналады.

13. Құпиялылық

      1. Осымен Тараптар осы Шарттың талаптарына қатысты ақпарат, банктік құпия, сондай-ақ олар осы шартты жасау және орындау барысында алған қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпарат құпия болып табылады және үшінші тұлғаларға ашуға жатқызылмайды деп келіседі.
      2. Құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беру, жариялауы немесе Тараптың өзге де жариялауы осы шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда болуы мүмкін.
      3. Тараптар осы шарттың болуы мен талаптарының құпиялығын сақтау үшін барлық қажетті, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне осы шартты іске асыру барысында алған мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етуге не беруге тыйым салынады.
      4. Тараптардың кез келгені осы шартты талаптарын бұза отырып, құпия ақпаратты жария ету не тарату жағдайында кінәлі Тарап, осындай ақпаратты жария ету салдарынан басқа Тарапқа келуі мүмкін болатын зиянын өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікті көтереді.

14. Мәлімдемелер, кепілдіктер және келісімдер

      1. Кәсіпкер қаржы агентіне мыналарды мәлімдейді және кепілдікке береді:
      1) кәсіпкер осы шартта көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шынайылығын және жарамдылыққа сәйкес келетіндігін растайды;
      2) Қаржы агенті көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің дұрыстығын тексеруге міндетті емес.
      2. Кәсіпкер мыналарды растайды және кепілдік береді:
      1) оның бизнесіне, оның қаржылық жағдайына, активтеріне теріс әсерін тигізуі мүмкін және өзінің міндеттемелері бойынша жауап беруге қабілеттілігі туралы қандай да болмасын мән-жайлар кәсіпкерге белгісіз екендігін;
      2) сондай-ақ кәсіпкер кәсіпкердің жарғылық құзыреті осы шартқа қол қоятын тұлғаға осы шартты жасауға мүмкіндік беретінін растайды.
      3. Кәсіпкер осы шартты жасау сәтінде осы шарттың бұзылуына, оның жарамсыз деп танылуына себеп болуы мүмкін негіздердің жоқ екендігін растайды.
      4. Кәсіпкер барлық ақпараттың, сондай-ақ оның қаржы агентіне беретін (ұсынатын) немесе көрсетілетін барлық құжаттамалардың нақты және шындыққа сәйкес екендігі мәлімдейді және растайды. Қаржы агенті берілген немесе берілетін құжаттамалардың нақтылығы мен дәлдігін тексеруге міндетті емес. Жалған, толық емес және/немесе расталмаған мәліметтерді бергені үшін кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескертілген.
      5. Кәсіпкер осы шартта қамтылған барлық талаптардың, онымен жасалған іс-қимылдың құқықтық мәнінің оған айқын әрі түсінікті екендігін мәлімдейді.

15. Қорытынды ережелер

      1. Осы шартқа қол қоюмен кәсіпкер қаржы агентіне мыналарға:
      1) субсидиялау жүзеге асырылатын кредит/лизинг бойынша осы шарт шеңберінде алынған ақпарат пен құжаттарды қаржы агентінің мүдделлі үшінші тұлғаларға беруге;
      2) қаржы агентінің бұқаралық ақпарат құралдарында кәсіпкердің атауын, жоба іске асырылатын өңірдің атауын, кәсіпкердің жобасының атауы мен сипаттамасын, сондай-ақ саланы жариялауға келісім береді.
      2. Осы шарттың ережелері өзгертілуі және/немесе толықтырылуы мүмкін. Осы шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың жазбаша түрдегі және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған келісімі бойынша жасалған өзгерістер мен толықтырулар ғана Тараптар үшін рас және міндетті деп танылады.
      3. Осы Шарт бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде 6 (алты) данада, Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде бір-бірден екі данада жасалды. Осы шарттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында әртүрлі оқулар туындаған жағдайда, Тараптар шарттың орыс тіліндегі мәтінін басшылыққа алады.
      4. Осы шартта көзделмеген барлық өзге жағдайларда, Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

16. Тараптардың мекенжайлары, банктік деректемелері және
қолдары

Қаржы агенті

Банк/Лизингтік компания

Кәсіпкер










_______________ №___
Субсидиялау шартына
1-қосымша   

Негізгі борышты өтеу күні

Негізгі борыш қалдығының сомасы

Негізгі борышты өтеу сомасы

Қаржы агенті төлейтін сыйақы сомасы

Кәсіпкер төлейтін сыйақы сомасы

Барлығы есептелген сыйақы сомасы

1

2

3

4

5

6







Қаржы агенті

Банк/Лизингтік компания

Кәсіпкер

________________
МО

________________
МО

________________
МО

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 15 қарашадағы
№ 1449 қаулысымен   
бекітілген     

Бағдарлама шеңберінде жаңа өндірістерді құруға арналған
мемлекеттік гранттар ұсыну қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 қаулысымен бекітілген Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жаңа өндірістерді құруға арналған жеке кәсіпкерліктің субъектілеріне мемлекеттік гранттар ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және моноқалаларда және оларға әкімшілік бағыныстағы аумақтарда орналасқан елді мекендерде жаңа өндірістерді құру үшін кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттарды беру тәртібін анықтайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.
      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
      1) кәсіпкер - шағын кәсіпкерлік субъектісі;
      2) жаңа өндіріс - моноқалада тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлердің кәсіпкерлік бастамасы;
      3) моноқала - бұл өнеркәсіп өндірісінің және еңбекке жарамды халықтың негізгі бөлігі (20% және одан жоғары) бір немесе бірнеше қала құраушы кәсіпорындарда шоғырланған, әдетте, бір бейіндегі және шикізаттық бағыттағы (мономамандану), бұл ретте қалада өтетін барлық экономикалық және әлеуметтік үдерістерді айқындайтын қала;
      4) мемлекеттік грант ұсыну туралы шарт - жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі, қаржы агенті және кәсіпкер арасында осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалатын, үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша кәсіпкерге нысаналы грант ұсынылады;
      5) жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыс әкімі айқындайтын, жергілікті жерлерде Бағдарламаны іске асыруға жауапты атқарушы орган (бұдан әрі – бағдарламаның үйлестірушісі);
      6) уәкілетті орган - «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі» мемлекеттік мекемесі;
      7) жұмыс органы - «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті» мемлекеттік мекемесі;
      8) конкурстық комиссия - Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын конкурстық негізде моноқалаларда жаңа өндірістер құруға мемлекеттік гранттар алуға жобалар іріктеу жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңестері үшін ұсынымдар әзірлеу жөніндегі орган;
      9) өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан былай - ӨҮК) - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері басқаратын, жергілікті атқарушы органдардың, лизингтік компаниялардың/банктердің/Даму Банкінің, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері және тәуелсіз сарапшылар қатысатын консультативтік-кеңесші орган;
      10) қаржы агенті - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы;
      11) бизнес-жоба - кәсіпкердің сипаттау, есеп-айырысулар, болжамдар нысанында орындалған меншікті бизнес жасау (тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету) мүмкіндігін ашатын жоспары.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.
      3. Кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар ұсыну (меншікті бизнесін құруға) Бағдарламаның «Моноқалалар халқының жұмыспен қамтылуының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандыру мен шағын және орта бизнесті дамыту» деген екінші бағытының шеңберінде жүзеге асырылады.
      4. Моноқалада жаңа өндірістер құратын кәсіпкерлерге (бұдан әрі – кәсіпкер) мемлекеттік гранттар, бөлінген мемлекеттік грантты орынсыз пайдалану жағдайларын қоспағанда, өтеусіз және қайтарусыз негізде бөлінеді.
      5. Мемлекеттік гранттар кәсіпкерлер (жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалардың құрылтайшысы (құрылтайшылары) «Бизнес кеңесші» жедел курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткеннен кейін ӨҮК шешімімен Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі өткізген конкурстардың қорытындылары бойынша ол арқылы ұсынылады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.
      6. Мемлекеттік гранттарды беру мақсаты Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы моноқалаларының тізбесіне сәйкес моноқалаларда және оларға әкімшілік бағыныстағы аумақтарда орналасқан елді мекендерде жаңа өндіріс құруды жоспарлап отырған кәсіпкерлерді қолдау болып табылады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.
      7. Қаржы агентінің қызметтерін жұмыс органы республикалық бюджет қаражаты есебінен төлейді.
      8. Жұмыс органы республикалық бюджетте көзделген қаражат шеңберінде мемлекеттік гранттар ұсыну үшін моноқалалар бөлінісінде облыстар үшін қаржыландыру лимитін айқындайды және жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісіне нысаналы трансферттер түрінде қаражат бөледі.
      9. Уәкілетті орган мен облыстардың әкімдері арасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне 93-қосымшаға сәйкес үлгі келісім нысаны бойынша нысаналы трансферттер жөніндегі нәтижелер туралы келісім:
      1) моноқалаларда кәсіпкерлік белсенділікті арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру;
      2) моноқалаларда жаңа өндірістерді құру;
      3) халықтың еңбек ұтқырлығын ынталандыру бойынша жасалады.

2. Бағдарлама шеңберінде жаңа өндірістерді құруға арналған
мемлекеттік гранттар ұсыну тәртібі

Мемлекеттік гранттарды ұсыну жағдайлары

      10. Қызмет түрлері шектеусіз, осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес конкурстық іріктеуге құжаттарды толық көлемде ұсынған кәсіпкерлер мемлекеттік гранттар ұсынуға арналған конкурстық іріктеудің қатысушылары бола алады.
      11. Мыналар мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурстық іріктеудің қатысушылары бола алмайды:
      1) мұнай-газ өнеркәсібінің кәсіпкерлері;
      2) қару-жарақ және акцизге тәуелді өнімдерді өндірушілер;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1771 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындарына;
      4) тау-кен өндіру өнеркәсібінің өндірушілері;
      5) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мен акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қоспағанда) тиесілі ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғаларға.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.
      12. Кәсіпкер бір бизнес-жоба бойынша мемлекеттік гранттар ұсыну мақсатында конкурстық іріктеудің қатысушысы бола алады.
      Бизнес-жобаның міндетті шарты кәсіпкердің ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кем дегенде 20% кем емес мөлшерде оны іске асыру шығыстарын қоса қаржыландыруы болып табылады.
      Кәсіпкерлер мемлекеттік грант қаражатын:
      1) негізгі құралдар мен материалдарды;
      2) материалдық емес активтерді;
      3) технологияларды;
      4) франшизге құқықты сатып алуға жұмсауы тиіс.
      Мемлекеттік грант қаражаты жылжымайтын мүлікті, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын төлеу ретінде пайдаланылмайды.
      13. Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік гранттың ең жоғары сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аса алмайды.
      14. Мемлекеттік гранттар:
      қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық кезеңіндегі, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен уақытша тоқтатылған;
      салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;
      қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға ұсыну болып табылатын кәсіпкерлерге берілмейді.
      15. Конкурстық комиссия қызметінің негізгі қағидаттары кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар бірлігі, ұсынылатын құжаттарды зерттеудің жан-жақтылығы мен толықтығы, қабылданатын шешімдердің объективтілігі болып табылады.
      16. Конкурстық комиссия төрағадан, төраға орынбасарынан және Конкурстық комиссия мүшелерінен тұрады. Конкурстық комиссия құрамы атқарушы билік органдары, қоғамдық бірлестіктер, салалық сарапшылар, ғылыми-білім беру мекемелері, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары, қаржы агенті өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен қалыптасады. Конкурстық комиссияның сандық құрамы 9 (тоғыз) адамнан кем болмауы тиіс.
      Жергілікті атқарушы органдар мен қаржы агентінің өкілдері конкурстық комиссияның төрағасы бола алмайды.
      Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия отырысын ұйымдастыруды жүзеге асырады, атап айтқанда: төрағамен келісе отырып, отырыстардың өткізілетін орнын, күні мен уақытын анықтайды, болатын отырыс туралы конкурстық комиссия мүшелеріне хабарлайды, отырыс өткізу үшін қажетті материалдарды оның мүшелерінің назарына жеткізеді.
      Конкурстық комиссия хатшысы оның құрамына кірмейді және оның шешім қабылдау үшін дауыс беру құқығы жоқ.
      Конкурстық комиссияның отырысы егер оған конкурстық комиссия мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі.
      Конкурстық комиссия шешімі отырысқа қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерінің жартысынан көбі дауыс берген жағдайда қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      17. Бағдарламаның деңгейдегі Жергілікті үйлестірушісі конкурстық комиссияның жұмыс органы болып табылады, ол:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес облыстық өңірлік апталық баспа басылымында мемлекеттік гранттар (меншікті бизнес құруға) ұсыну үшін кәсіпкерлердің конкурстық іріктеуінің басталғандығы туралы хабарландыруды жариялауды жүзеге асырады;
      2) мерзімді негізде Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңінде өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар түрінде мемлекеттік қолдау ұсыну барысының жария етілуін қамтамасыз етеді;
      3) кәсіпкерлерге конкурсқа қатысу мәселелері және оны өткізуге қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік гранттарды ұсыну шарттары мен тәртібі жөніндегі консультация береді;
      4) кәсіпкерлерден конкурсқа қатысуға өтінімдер және Қағидаларға сәйкес оларға қоса берілетін құжаттарды қабылдайды;
      5) конкурсты ұйымдастырады және өткізеді;
      6) кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттың ұсынылуы немесе мемлекеттік грантты ұсынудан бас тартылуы туралы хабарлайды.
      18. Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер конкурстың өткізілетіні туралы хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша өзі, пошта арқылы немесе өзінің уәкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінімді ұсынады, оған басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды және кәсіпкер мөрімен бекітіледі.
      Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер тек ғана бір өтінім тапсыруға құқылы.
      Өтінімдерді қабылдау мерзімдері мен орны конкурстың өткізілетіндігі туралы хабарландыруда көрсетіледі.
      19. Мемлекеттік гранттарды алуға үміткер кәсіпкерлер жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісіне жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік гранттарды ұсыну бойынша конкурстық іріктеуге қатысу туралы өтінім, ол Бағдарлама әкімшісінің веб-порталына орналастырылатын болады;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және/немесе мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;
      3) салық органында есепке қою туралы куәліктің (хабарламаның) көшірмесі;
      4) салықтар, алымдар мен салымдар бойынша бюджетпен есептесулер жағдайы туралы анықтама;
      5) басшының қолы қойылған және өтініш берушінің мөрімен бекітілген, өтінімді тапсыру сәтіндегі жалдамалы жұмысшылардың орташа саны туралы анықтама;
      6) бизнес-жоба;
      7) кәсіпкердің «Бизнес кеңесші» жедел курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткендігін растайтын құжаттың көшірмесі;
      8) заңды тұлғалар үшін жарғының көшірмесі (болған жағдайда);
      9) қызмет түріне лицензия көшірмесі (қажет болған жағдайда);
      10) кәсіпкердің шотында кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру шығыстарын бірлесіп қаржыландыру үшін берілген мемлекеттік грант көлемінің 20% кем емес мөлшерде ақша бар екенін растайтын кәсіпкердің банктік шотынан үзінді көшірме;
      11) кәсіпкер атынан өтінімді тапсыру құқығына сенімхат, сенімді тұлға төлқұжатының көшірмесі (заңды тұлға атынан – заңды тұлға бекіткен).
      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.
      20. Өтінімдерді қабылдау конкурстың өтетіні туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде тоқтатылады. Уақытында келіп түскен әрбір өтінімге нөмір беріліп, құжаттардың тапсырылған күні мен уақыты көрсетіле отырып, өтінімдерді қабылдау журналында тіркеледі. Әрбір өтінімде күні мен уақыты көрсетіле отырып, қабылданғандығы туралы белгі қойылады, бұдан басқа:
      1) оларды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды;
      2) конкурстық комиссия қарауына ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
      21. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі кәсіпкерден өтінімді алғаннан кейін өтініммен бірге ұсынылатын міндетті құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады, құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі толықтыруға арналған жетпейтін құжаттарды көрсете отырып, кәсіпкердің ұсынылған құжаттарын қабылдаудан бас тартады.
      22. Конкурс айына кемінде бір рет өткізіледі.

Конкурстық өтінімдерді қарау

      23. Кәсіпкер конкурстық комиссияның жұмыс органына жүгініп, конкурсқа қатысу туралы өтінімін ұсынады.
      24. Конкурстық комиссияның жұмыс органы кәсіпкерден өтінімдерді алғаннан кейін мыналарды жүзеге асырады:
      1) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру;
      2) моноқала бөлінісінде мемлекеттік гранттар ұсыну үшін бөлінген қаржыландыру лимитінің сақталуын бақылау;
      3) ұсыныстарды, күн тәртібін қалыптастыру, конкурстық комиссияның отырысын өткізу күнін, уақыты мен орнын белгілеу, бұл туралы өтінімдерін қарау жоспарланып отырған Конкурстық комиссияның барлық мүшелері мен кәсіпкерлерге хабарлайды.
      25. Конкурстық комиссияның жұмыс органы барлық құжаттар мен ақпарат алынған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кәсіпкердің материалдарын Конкурстық комиссия қарауына ұсынады.
      26. Кәсіпкер конкурстық комиссия отырысында өзінің бизнес-жобасын таныстырады.
      27. Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Қағидаларға сәйкес конкурсты өткізу кезінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) конкурстық іріктеуге қатысушылардың бизнес-жобаларын қарайды;
      2) мемлекеттік гранттар ұсыну немесе оларды ұсынудан бас тарту туралы, оның ішінде қаражат жеткіліксіз болғанда, жобалардың маңыздылығы мен перспективалығын ескере келе ұсынымдар береді. Кәсіпкерлерді іріктеу кезіндегі конкурстық комиссия мүшелерінің дербес дауыс беруі бойынша ақпарат жария етуге жатпайды.
      Конкурстық комиссия жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі арқылы уәкілетті мемлекеттік органдардың ұсынылған конкурстық құжаттама бойынша салалық құзыреттік қорытындыларын алуға құқылы.
      Конкурстық комиссия өтінімдерді зерделеу кезінде жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі арқылы тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардан өтінімде көрсетілген мәліметтердің шындыққа сәйкестігі туралы ақпарат сұрауға құқылы.
      28. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарау кезінде кәсіпкердің бизнес-жобасын бағалаудың келесі критерийлері негізінде ұсынымдар береді:
      1) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);
      2) бизнес-жобаны енгізуге дайындығы (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, кәсіпкерді орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, жобаның өндірісті іске қосу үшін дайындық деңгейі);
      29. Кәсіпкерге мемлекеттік грантты ұсыну/ұсынбау туралы ұсынымдар мемлекеттік грантты ұсыну/ұсынылмау мүмкіндігінің себептерін көрсете отырып, конкурстық комиссия хаттамасымен рәсімделеді.
      Конкурстық комиссия хаттамасында әрбір жоба бойынша қысқаша түйіндеме қамтылуы тиіс.
      30. Хаттамаға конкурстық комиссия мүшелері, хатшы қол қояды және конкурстық комиссияның төрағасы бекітеді.
      31. Өткізілген конкурс нәтижелері бойынша конкурстық комиссияның жұмыс органы 5 (бес) жұмыс күні ішінде ӨҮК қарауына конкурстық комиссияның хаттамасын жібереді.
      32. Қажет жағдайда ӨҮК мүшелері қарау үшін әрбір жоба бойынша материалдар ала алады.
      Өткізілетін отырыс шеңберінде ӨҮК мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      1) конкурстық комиссияның мемлекеттік грант қаражатын ұсыну/ұсынбау бойынша ұсынымдарын қарау;
      2) ӨҮК мүшелері арасында кәсіпкер жобасын және ұсынылған құжаттарды талқылау;
      3) талқылау нәтижелері бойынша кәсіпкерлердің бизнес-жобаларын іріктеуді жүргізеді және мемлекеттік грантты ұсыну мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен рәсімделеді. Бұл ретте хаттамада міндетті түрде жекелеген бизнес-жоспарлардан бас тарту себебі көрсетіледі.
      Бағдарлама және осы Қағидалар шарттарына сәйкес келмеу бас тарту себептері бола алады.
      33. Жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы рәсімделген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде мыналарды:
      1) кәсіпкерге ӨҮК-ның шешімі туралы хабарламаны;
      2) кәсіпкермен мемлекеттік гранттың ұсынылуы туралы шарт жасасу үшін дайындық іс-шараларын өткізу мақсатында мақұлданған/бас тартылған бизнес-жобалар бойынша конкурстық комиссия мүшелеріне және қаржы агентіне ӨҮК хаттамасын жібереді.

Мемлекеттік гранттарды ұсыну тетігі

      34. Қаржы агенті ӨҮК оң шешім қабылдаған жағдайда оның отырыс хаттамасы бекітілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі және кәсіпкер мемлекеттік грант ұсыну туралы шартқа (бұдан әрі – «Шарт») қол қояды.
      35. Шарт жасасқаннан кейін жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі ақшалай қаражатты кәсіпкерге оның ағымдағы банктік шотына аударуды жүзеге асырады.
      36. Мемлекеттік грант қаражаты кәсіпкердің ағымдағы шотына транш негізінде аударылатын болады.
      37. Бірінші траншты алу үшін кәсіпкерге мемлекеттік грант қаражатының сұралған көлемі мен жоспарланған нысаналы пайдаланылуы туралы ақпаратты ұсыну қажет.
      38. Мемлекеттік гранттың нысаналы тағайындалуы осы Қағидалардың шарттары мен критерийлеріне сәйкес келген жағдайда, бағдарлама үйлестірушісі кәсіпкердің ағымдағы шотына сұратылған соманы аударады.
      39. Кәсіпкер мемлекеттік грантты нысаналы мақсаты бойынша пайдаланады және шарттың талаптарын орындайды.

3. Бағдарлама мониторингі

      40. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін каржы агенті кәсіпкерден барлық қажетті құжаттарды және ақпараттарды сұрауға, жоба іске асырылып жатқан жерге барып мониторингін жүзеге асыруға құқылы.
      41. Бағдарламаны іске асыру мониторингін қаржы агенті жүзеге асырады, оның функцияларына мыналар жатады:
      1) мемлекеттік грантты нысаналы пайдалану мониторингі;
      2) мемлекеттік грантты алған күннен бастап 1 (бір) жыл бойы бизнес-жобаларды орындау бойынша кәсіпкерлер қызметінің мониторингі;
      3) кәсіпкердің берілген мемлекеттік грант көлемінің 20 % кем емес мөлшерде бизнес-жобаны іске асыру шығыстарын бірлесіп қаржыландыру талаптарын сақтауы;
      4) кәсіпкердің шарттың талаптарын орындау мониторингі.
      42. Мониторинг шеңберінде қаржы агенті:
      1) мемлекеттік гранттарды алушылардың тізілімін жүргізеді;
      2) кәсіпкерлер алған қаражаттың пайдаланылу нәтижелілігінің мониторингін жүргізеді және жұмыс органы мен жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісіне кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды іске асырулары туралы есепті ұсынады.
      43. Қаржы агенті кәсіпкердің транш сомаларын мақсатсыз пайдаланғанын анықтаған жағдайда, қаржы агенті шартты бұзады және конкурстық комиссияны және ӨҮК-ні жазбаша хабардар етеді.
      44. Кәсіпкер тарапынан мемлекеттік грант қаражаты мақсатсыз пайдаланылған жағдайда, жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі мен қаржы агенті нысаналы емес тағайындау бойынша пайдаланылған мемлекеттік грант қаражатын қайтару бойынша іс-шаралар өткізеді.

Бағдарлама шеңберінде жаңа
өндірістерді құруға арналған
мемлекеттік гранттар ұсыну 
қағидаларына        
1-қосымша         

Конкурсты өткізу туралы
хабарландыру

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.

Конкурсты ұйымдастырушы:
_____________________________________________________________________
Орналасқан жері: __________________;
пошталық мекенжайы: _________________________;
электронды поштасының мекенжайы:______________;
байланыс телефоны _________________
Конкурстың нысанасы: Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар (жаңа өндіріс құруға) ұсыну.
Конкурстың нысаны: ашық конкурс
Конкурсқа қатысу шарттары: конкурсқа моноқалада және оларға әкімшілік бағыныстағы аумақта орналасқан елді мекендерде жаңа өндіріс құруды жоспарлап отырған жеке кәсіпкерліктің субъектілері қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны:__________________________
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжай бойынша жеке өзі, поштамен немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысандағы өтінімді және құжаттамалардың толық пакетін ұсынады.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімдері: «___» __________ 20__ж. бастап «___» __________ 20__ж. дейін, жұмыс күндері сағат 10-нан 17-ге дейін (жергілікті уақыт)
Өтінім беру басталатын күні мен уақыт:« ____ » ____ 20 __ ж. сағат 10-нан бастап (жергілікті уақыт)
Өтінім беру аяқталатын күні мен уақыт: « ____ » ____ 20__ ж. сағат 13-ке дейін (жергілікті уақыт)
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.damu.kz. сайтында танысуға болады.

Бағдарлама шеңберінде жаңа
өндірістерді құруға арналған
мемлекеттік гранттар ұсыну 
қағидаларына        
2-қосымша         

Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған
бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне
(жаңа өндіріс құруға) мемлекеттік гранттар беру үшін
конкурстық іріктеуге қатысуға арналған
ӨТІНІМ

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.

_____________________________________________________________________
______________________________________________ (бұдан әрі - кәсіпкер)
(ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны, заңды тұлғаның атауы; дара
кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, паспорт деректері)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның орналасқан орны, пошталық мекенжайы; дара кәсіпкердің
тұрғылықты жері)
_____________________________________________________________________
(қала (аудан) коды көрсетілген байланыс телефонының нөмірі,
электрондық почтаның мекенжайы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(банк деректемелері)
_____________________________________________________________________
(салық салу жүйесін көрсету)
_____________________________________________________________________
(қызметтің бейіндік бағытын көрсету)
_____________________________________________________________________
(экономика саласын көрсету)
_____________________________________________________________________
(өтінім тапсырылған сәттегі жалдамалы қызметкерлердің орташа санын
көрсету)
_____________________________________________________________________
(ұйым басшысы (Т.А.Ә., лауазымы, байланыс телефоны))
_____________________________________________________________________
(жобаның жауапты орындаушысы (Т.А.Ә., лауазымы, байланыс телефоны))

жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар (жаңа өндіріс
құруға) беру үшін конкурстық іріктеуге қатысатыны туралы мәлімдейді.
      Кәсіпкер конкурс талаптарымен таныстырылған және Қағидаларға
сәйкес қажетті құжаттарды ұсынады.

Ұсынылған құжаттар тізбесі

р/с№

Заңды тұлға

Бет саны

Дара кәсіпкер

Бет саны

1

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі


1

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі


2

Салық органына есепке қою туралы куәліктің көшірмесі


2

Салық органына есепке қою туралы куәлік (хабарлама) көшірмесі


3

Салықтар, алымдар және салымдар бойынша бюджетпен есеп айырысулар жағдайы туралы анықтама


3

Салықтар, алымдар және салымдар бойынша бюджетпен есептесулер жағдайы туралы анықтама


4*

Басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен бекітілген, өтінім беру расталған сәтінде жалдамалы қызметкерлердің орташа саны туралы анықтама


4*

Басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен бекітілген, өтінімді тапсыру сәтіндегі жалдамалы қызметкерлердің орташа саны туралы анықтама


5

Бизнес-жоба


5

Бизнес-жоба


6

Кәсіпкердің «Бизнес кеңесші» қысқа мерзімді оқыту курсынан немесе Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы өткенін растайтын құжат көшірмесі


6

Кәсіпкердің «Бизнес кеңесші» қысқа мерзімді оқыту курсынан немесе Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасынан өткендігін растайтын құжат көшірмесі


7*

Өкілге сенімхат


7*

Өкілге сенімхат


8

Жарғы көшірмесі


8*

Қызмет түріне лицензия көшірмесі


9*

Қызмет түріне лицензия көшірмесі





* қажет болған жағдайда толтырылады

Үміткер      ______________________       _______________________
М.О.             (қолы)                       Т.А.Ә., лауазымы
Өтінім №     20__ ж. «_____» ____________ «____» сағ. «____» мин.

      Мен бұрын ұсынылған бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің жоқ екенін растаймын.
      Мен ұсынған мәліметтердің дұрыстығын растаймын және Конкурстық комиссияның мәліметтерді таңдап тексеруіне қарсы емеспін.
      Кәсіпкер, осы өтінімге қол қоя отырып, мыналар туралы мәлімдейді және кепілдеме береді:
      1. Осы өтініммен бірге жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісіне немесе жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісінің сұратуы бойынша берілген (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат және құжаттама дұрыс болып табылады және төменде көрсетілген күні шындыққа толық сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісіне дереу хабарлауға міндеттенемін.
      2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі көрсетілген куәландырулар мен кепілдемелердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.
      3. Кәсіпкер жалған, толық емес және/немесе нақты емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жауапкершілік туралы ескертілген.
      4. Кәсіпкердің жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын тұлғаға осы өтініш тапсыруға мүмкіндік беретінін кәсіпкер растайды.
      5. Көрсетілген деректердің және ақпараттың шынайы еместігі анықталған жағдайда, осы өтінімнің кез келген кезеңде, көрсетілген деректердің шынайы еместігін растайтын мәліметтер анықталған уақытта кері қайтарылуы мүмкін екенімен келісемін, бұл ретте жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі кері қайтару себептерін хабарламауға құқылы.
      Кәсіпкер осы арқылы бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне мыналарға келісімін береді:
      1. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатымен мүдделі үшінші тұлғаларға ұсынуға құқылы.
      2. Осы өтінімдегі барлық мәліметтер, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік гранттар ұсыну үшін ғана берілген.
      3. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі кәсіпкер өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал кәсіпкер ұсынған құжаттар мен өтінім түпнұсқасы жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісінде мемлекеттік грант ұсынылмағанның өзінде сақталатын болады.
      4. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісінің осы өтінімді қарауға қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығындары (мемлекеттік грант алу үшін қажетті құжаттар ресімдеуге және т.б.) жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісінің мемлекеттік грантты ұсыну немесе кәсіпкер шеккен шығындарды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.
      5. Нысаналы грантты ұсыну туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды және келісетінімді растаймын, кейін жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісіне талап-тілектерім болмайды.

Басшы                   ____________         ________________________
(дара кәсіпкер)           (қолы)              (қолының толық жазылуы)
МО

Бағдарлама шеңберінде жаңа
өндірістерді құруға арналған
мемлекеттік гранттар ұсыну 
қағидаларына        
3-қосымша         

Үлгі нысан

№_______ мемлекеттік грант ұсыну туралы шарт

____________ қ.                              20__ж. «___» ___________

Осы шарт (бұдан әрі – шарт) мыналардың арасында:

1. «Грант беруші»:

      _______________________________________________________________
атынан _____________ негізінде әрекет етуші________________, және

2. «Қаржы агенті»:

      «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы атынан
_________________ негізінде әрекет етуші ______________ және

3. «Грант алушы»

      __________________________________________________ атынан
______________ негізінде әрекет етуші _________________,
      бірлесіп «Тараптар», ал әрқайсысы жеке «Тарап» немесе жоғарыда көрсетілгендей аталатын,
      жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсаттарын басшылыққа ала отырып:
      - «Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің ___________________ № ___ қаулысын (бұдан әрі - Бағдарлама);
      - «___________________» Қазақстан Республикасы Үкіметінің _______ № ____ қаулысын (бұдан әрі - Қағидалар);
      ӨҮК отырысын өткізу қорытындылары бойынша (ӨҮК отырысының 20___жылғы «___» _____________ №___ хаттамасы, бюджет қаражатын бөлу туралы 20__ жылғы «___» _______ №___ бұйрық) негізінде және орындау үшін жасалды.

1. Шартта пайдаланылатын ұғымдар

      1.1. Мемлекеттік грант (грант) – грант алушының нысаналы бизнес-бағдарламасын (бизнес-жобасын) іске асыру үшін өңірлік үйлестіру кеңесінің (ӨҮК) шешімімен ұсынылатын бюджет қаражаты.
      1.2. Нысаналы бизнес-бағдарлама (бизнес-жоба) – функционалдық, қаржылық және басқа да белгілері бойынша әзірленген және жеке кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған іс-шаралар кешені.
      1.3. Грант беруші – ӨҮК шешіміне сәйкес _________________ әкімдігі грант ұсынуға уәкілеттік берген мемлекеттік биліктің жергілікті атқарушы органы.
      1.4. Грант алушы – ӨҮК шешіміне сәйкес бизнес-жобаны іске асыру үшін грант ұсынылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі.
      1.5 Өңірлік үйлестіру кеңесі (ӨҮК) – облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдері басқаратын, жергілікті атқарушы органдары, лизингтік компаниялар/банктер/Даму банкі, бизнес-қоғамдастық өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар қатысатын, грантты ұсыну/ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылдайтын консультативті-кеңесші органы.

2. Шарттың мәні

      Грант беруші грант алушыға нысаналы бизнес-бағдарламаны ______________________ (бизнес-жобаны) іске асыру үшін оның кәсіпкерлік қызметіне қолдау ретінде грант ұсынуға міндеттенеді, өз кезегінде, грант алушы грантты осы шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаның) іс-шаралар жоспарын іске асыруға пайдалануға міндеттенеді.
      Бизнес – бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер:

3. Шарттың қолданылу мерзімі

      Шарт оған Тараптар қол қойған күннен бастап өз күшіне енеді және олар осы шарт бойынша өздерінің міндеттерін толық орындағанға дейін әрекет етеді.

4. Мемлекеттік гранттың көлемі мен ұсынылу тәртібі

      1. Шарт бойынша ұсынылатын грант көлемі ___ (___) теңгені құрайды.
      2. Грантты ұсыну осы шартқа 2-қосымшаға сәйкес грант беру кестесіне сәйкес транштармен жүзеге асырылады.
      3. Әрбір Траншты беру осы шартқа 3-қосымшаға сәйкес, грант алушыдан траншты беру туралы өтінім ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ақшалай қаражатты грантты алушының ағымдағы шотына аудару жолымен жүзеге асырылады, өтінімге грант қаражатының одан әрі пайдаланылуын растайтын құжаттар (сатып алу-cату шарттары, ниет шарты, шот-фактура, төлеу туралы шоттар және т.б. ) қоса беріледі.
      4. Грант берушінің грант алушыға ақшалай қаражатты аударуы осы шарттың 8-бөлімінің 2 және 3-тармақтарына сәйкес шарт бұзылған жағдайда жүзеге асырылмайды.

5. Грантты пайдалану тәртібі, мерзімдері және шарттары

      1. Грант алушы грант қаражатын шарттың әрекет ету мерзімі ішінде нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес - жоба) іс-шаралар жоспарына сәйкес пайдаланады.
      2. Шарт бойынша грант алушыға аударылған ақшалай қаражат грант алушының нысаналы бизнес-бағдарламасын (бизнес-жоба) іске асырумен байланысты нысаналы тағайындалуға ие. Ұсынылған гранттың мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды қаржы агенті жүзеге асырады.
      3. Грант қаражаты есебінен сатып алынған немесе алынған барлық мүлік грант алушының нысаналы бизнес-бағдарламасының (бизнес-жоба) мақсаттарына сәйкес, ал бизнес-бағдарлама (бизнес-жоба) аяқталғаннан кейін – грант алушының кәсіпкерлік қызметті жүргізуіне пайдаланылуы тиіс.

6. Мониторинг және есептілік

      1. Осы шарт қолданыста болған мерзімде қаржы агенті грантты игеру және нысаналы пайдалану мониторингін жүргізуге, ұсынылатын грант көлемінің 20% кем емес мөлшерде шығыстарды бірлесіп қаржыландыру талаптарын сақтауға, грант алушының осы шарттың талаптарын, оның ішінде қаржы агенті өкілдерінің грант алушыға баруы арқылы сақтауын тексеруге құқылы.
      2. Мониторингті жүргізу тәртібі мен мерзімдері қаржы агентінің ішкі құжаттарымен реттеледі.
      3. Грант алушы қаржы агенті мониторинг жүргізген кезде қаржы агентіне жәрдемдесуге, сондай-ақ қаржы агентіне мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттарды беруге, сондай-ақ қаржы агентіне мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттарды ұсынуға міндетті.
      4. Қаржы агенті грант қаражатын нысаналы пайдалану мониторингін мынадай нысандарда жүзеге асыруға құқылы:
      1) грант алушының жазбаша есептерін алу;
      2) жазбаша және ауызша түсініктемелер алу;
      3) растайтын материалдарды алу;
      4) қаржы агенті берген сенімхаттың негізінде іс-әрекет жасайтын қаржы агентінің өкілетті өкілінің бизнес-жобаны іске асыратын жерге барып тексеру өткізу.
      5. Шартты жасасқан күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде грантты алушы нысаналы бизнес-бағдарламаны (бизнес-жобаны) іске асыруға, қаржы қаражатын жұмсауға жауапты тұлғаны тағайындайды. Қабылданған шешім туралы грант алушы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде грантты беруші мен қаржы агентін жазбаша нысанда (соның ішінде электронды немесе факсимильді байланыспен) хабардар етеді.
      6. Грантты алушы қаржы агентіне нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаның) іс-шараларының орындалуы және қаржы қаражатының пайдаланылуы туралы жазбаша есептер беруге міндетті, атап айтқанда:
      1). 20__жылғы _____________ бастап 20__жылғы _____________ кезеңде ағымдағы есепті беруге;
      2). 20__жылғы _____________ бастап 20__жылғы _____________ кезеңде жиынтық есепті беруге.
      7. Нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаның) іс-шараларының орындалуы туралы және нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаның) қаржы қаражатының пайдаланылуы туралы жазбаша есептер басшының қолымен және грант алушының мөрімен расталған нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаның) іс-шаралары, нәтижелері және есептік құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жұмсалуы туралы ақпаратты қамтуы тиіс.
      Нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаның) іс-шараларының орындалуы туралы және нысаналы бизнес-бағдарлама грантының (бизнес-жобаның) қаржы қаражатының пайдаланылуы туралы есептер осы шартқа 4-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынылады, олардың шартта көзделген деректемелерінің болуы, тігілген, нөмірленген, басшының, бухгалтердің және грантты алушының жауапты тұлғасының қолдары қойылуы, оның мөрімен куәландырылуы тиіс.
      Жазбаша есепке қоса берілетін есепті құжаттар нысаналы бизнес- бағдарламаның (бизнес-жобаны) іс-шараларының уақтылы және тиісінше өткізілуін, грант қаражатының нысаналы пайдаланылуын құжаттамалық растайды, әрбір шаруашылық операциясының мазмұнын толық көрсетуі тиіс, тиісінше ресімделуі (яғни қажетті деректемелері, мәліметтері және тиісінше нысаны болуы) қажет. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес солай деп танылған ақтау құжаттары, ақтау құжаттарына қатысты негіз болып табылатын құжаттар және ақтау құжаттарына қосымша болып табылатын құжаттар есепті құжаттар болып табылады.
      8. Грантты пайдалану қорытындылары бойынша грант беруші, қаржы агенті және грант алушы осы шартқа 5-қосымшаға сәйкес грант беру туралы шартқа грантты пайдалану актісіне қол қояды.

7. Тараптардың өзара құқықтары мен міндеттері

      1. Шарттың қолданылуы шеңберінде грант беруші:
      1) грантты алушыға шартта көзделген тәртіпте грант беруге;
      2) шарттың 6-бөлімінің 6-тармағына сәйкес нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес-жобаның) іс-шараларының орындалуы туралы және қаржы қаражатын пайдалану туралы қаржы агентінің тиісінше ресімделген жазбаша есептерін;
      3) грант алушыны шарттың 8-бөлімінің 2 және 3-тармақтарында қарастырылған жағдайларда шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы хабардар етуге міндеттенеді.
      2. Шарттың қолданылу шеңберінде грант беруші:
      1) шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда грант алушыға грант қаражатын беруден бас тартуға құқылы.
      3. Шарттың қолданылуы шеңберінде қаржы агенті:
      1) грант қаражатының нысаналы жұмсалуына бақылауды жүзеге асыруға;
      2) грант алушыдан шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындауды және грант орындауда анықталған кемшіліктерді дереу жоюды талап етуге;
      3) грант алушыдан шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын растайтын материалдарды талап етуге құқылы.
      4. Шарттың қолданылу шеңберінде грант алушы:
      1) нысаналы бизнес-бағдарламаның (бизнес - жоба) іс-шараларын уақтылы және тиісінше жүргізуге;
      2) шартты жасасқан күннен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде бизнес жобаны іске асыру үшін ___________ (____) теңге мөлшеріндегі сома жіберуге, бұл ұсынылатын грант сомасының кем дегенде 20 пайызын құрайды;
      3) қаржы агентінің талабы бойынша грантты пайдалану кезінде анықталған кемшіліктерді дереу жоюға;
      4) қаржы агентінің талабы бойынша шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын растайтын материалдарды және жазбаша түсініктемелерді қаржы агентінен жазбаша талапты алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде беруге;
      5) қаржы агенті сұраған ақпаратты сұратылған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынуға;
      6) қаржы агентінің шартты орындауға байланысты құжаттарға бөгетсіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
      7) тиісті шешім қабылданған күні шарттың 6-бөлімінің  5-тармағына сәйкес тағайындалған жауапты тұлғаның ауысқаны туралы қаржы агентін хабардар етуге;
      8) грантты тек нысаналы бағыты бойынша пайдалануға;
      9) грант берушіге шарттың қолданылу мерзімі ішінде барлық деңгейдегі бюджеттерге немесе мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға төлемдер бойынша берешектің жоқтығына кепілдік беруге;
      10) шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін грант берушіге грант қаражатының пайдаланылмаған бөлігін тиісті талаптарды алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтаруға;
      11) қаржы агентіне осы шартты жасасқан сәттен бастап 10 (он) күн ішінде мынадай ақпараттарды: байланыс ақпаратын, алдағы жылға арналған іс-шаралар жоспарын, қаржы есептілігін, қызмет туралы тоқсан сайынғы есептілікті, өзге де мәліметтерді электронды түрде ұсынуға және тоқсан сайын жаңартып отыруға міндеттенеді.
      5. Шарттың қолданылу шеңберінде грант алушы:
      1) грант берушіден шарт бойынша міндеттемелердің тиісінше орындалуын талап етуге;
      2) грант қаражатының ағымдағы шотқа уақтылы аударылуын талап етуге құқылы.

8. Тараптардың жауапкершілігі

      1. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.
      2. Грант алушының шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамаған, шарт талаптарын өзге де бұзған, тиісінше ресімделмеген жазбаша есепті, жазбаша есепке қоса берілетін есептік құжаттарды, шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын растайтын материалдарды бермеген, уақытында бермеген және (немесе) толық көлемінде бермеген кезде шарттың 7-бөлімінің 4-тармағы 2) тармақшасында көзделген соманы бизнес–жобаны іске асыру үшін белгіленген мерзімде жібермеген, грантты орындауда анықталған кемшіліктерді кешіктірмей жоюдан бас тартқан немесе орындамаған немесе қаржы агентіне жалған мәліметтер берген жағдайларда қаржы агенті грант берушіге шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы ұсыныммен жүгінуге және:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте грант алушыға грант қаражатын беруден бас тартуға;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте пайдаланылмаған қаражатты қайтаруды талап етуге құқылы.
      3. Грант қаражаты орынсыз пайдаланылған жағдайда қаржы агенті мен грант алушы шартты мерзімінен бұрын бұзуға және нысаналы бағытынсыз жұмсалған қаражатты талап етуге құқылы.
      4. Грант алушыны 5 (бес) жұмыс күні ішінде міндетті түрде хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте конкурстық комиссия осы шешімді қабылдаған күннен бастап шарт бұзылды деп есептеледі.
      5. Тараптар еңсерілмейтін күш, яғни Тараптардың еркінен және ынтасынан тыс туындаған және соғысты, толқуларды, қоғамдық тәртіпсіздіктерді, жер сілкінісін, өртті, жарылысты, су тасқынын және басқа да зілзала апаттарын қоса алғанда болжанбайтын немесе болмай қоймайтын міндеттемелері туындаған жағдайда шарт бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершілігінен босатылады. Еңсерілмес күш салдарынан өз міндеттемелерін орындамайтын Тарап басқа Тарапты шарт бойынша міндеттемелерін орындау кедергілері мен оның әсері туралы дереу хабардар етуі тиіс.

9. Дауларды шешу тәртібі

      1. Тараптар арасында шарттан туындауы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешілетін болады.
      2. Он жұмыс күні ішінде келіссөздер жолымен келісімге қол жеткізілмеген жағдайда Тараптар арасындағы дау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге жатады.

10. Шарттың өзге де талаптары

      1. Шартқа қандай да болмасын өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісім нысанында жазбаша түрде ресімделеді және Тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қояды.
      2. Грант алушы өзінің пошталық және банктік деректемелерінің өзгергені туралы осындай өзгеріс болған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде грант беруші мен қаржы агентін хабардар етуге міндеттенеді.
      3. Осы шарт заңды күші бірдей үш данада, әрбір Тарап үшін бір данадан жасалды.

11. Тараптардың деректемелері мен қолдары

      Грант беруші      Қаржы агенті      Грант алушы

Мемлекеттік грант ұсыну
туралы         
шарттың үлгі нысанына 
1-қосымша        

Нысаналы бизнес бағдарламаның (бизнес-жобаның) іс-шаралар
жоспары

Мемлекеттік грант ұсыну
туралы         
шарттың үлгі нысанына 
2-қосымша       

Грант беру кестесі

р/с №

Грантты беру күні

Грантты нысаналы пайдалану

Грант сомасы













Мемлекеттік грант ұсыну
туралы         
шарттың үлгі нысанына 
3-қосымша       

_______________ Кәсіпкерлік
және өнеркәсіп басқармасы Транш беруге арналған өтінім

_______________қ.                               20__ж. «__»__________

Мемлекеттік грант ұсыну туралы 20__ж. «__»__________ №_____ шарттың (бұдан әрі - шарт) 4.3-тармағына сәйкес шартқа 1-қосымшада көрсетілген нысаналы бизнес-бағдарламаның іс-шаралар жоспарына сәйкес __________________________________ бизнес-жобасын іске асыру үшін __________ (___________) теңге сомасында кезекті грант траншын беруді сұраймын.
Грант траншының қаражаты _______________________________________ нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылатын болады.

Лауазымы


Т.А.Ә.

(қолы/мөр)

Мемлекеттік грант ұсыну
туралы         
шарттың үлгі нысанына 
4-қосымша       

Нысаналы бизнес бағдарламаның (бизнес-жобаның) іс-шаралар
жоспарын орындау туралы есептің нысаны Нысаналы бизнес бағдарламаның (бизнес-жобаның) мемлекеттік
грантының қаржы қаражатын пайдалану туралы нысан

Мемлекеттік грант ұсыну
туралы         
шарттың үлгі нысанына 
5-қосымша       

20__ж. «__»__________ №_____ грант ұсыну туралы шартқа грантты
пайдалану актісі

____________ қаласы                         20__ ж. «__» ___________

_____________________________________________ негізінде әрекет ететін ______________________________ атынан __________________________ (бұдан әрі – грант беруші) бір тараптан және __________________________________ негізінде әрекет ететін ______________________________ атынан _____________________________ (бұдан әрі – қаржы агенті) бір тараптан және _____________________________________________ негізінде әрекет ететін ________________________атынан __________________________ (бұдан әрі – грант алушы) екінші тараптан, бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, төмендегілер туралы осы актіні жасасты:
      1. Грант беруші грант алушыға шарттың талаптарына сәйкес грантты ұсынды.
      2. Грант алушының грант берушіге оның шарт бойынша міндеттемелерді орындау бөлігінде наразылығы жоқ.
      3. Грант алушы нысаналы бизнес-бағдарламаны (бизнес-жобаны) шарт талаптарына сәйкес іске асырды.
      4. Қаржы агентінің грант алушыға оның шарт бойынша міндеттемелерді орындау бөлігінде наразылығы жоқ.

Тараптардың қолдары

Грант беруші

Қаржы агенті

Грант алушы