"Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 қарашадағы № 1406 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 2-3, 18-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген өлшемдерінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Автокөлік құралдарының рұқсат етілген көлемдік өлшемдері мен басқа да сызықтық мөлшерлері төменде келтірілген мәндерден (метрмен) аспауы тиіс:
      1) рұқсат етілген ұзындығы:
      жүк автомобилі                                           12
      тіркеме                                                  12
      екі білікті автобустар                                   13,5
      екі біліктен артық біліктері бар автобустар              15
      буындастырылған автобус                                  18
      буындастырылған автокөлік құралы                         24
      автопоездар                                              24;
      2) рұқсат етілген ені:
      барлық автокөлік құралдары                               2,55;
      автокөлік құралдарының изотермиялық қораптары            2,6;
      3) рұқсат етілген биіктігі:
      барлық автокөлік құралдары                               4,0.»;
      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Автокөлік құралдарының рұқсат етілген салмақтары төменде келтірілген мәннен (тоннамен) аспауы тиіс:
      1) жеке автокөлік құралдары:
      екі білікті                                              18
      үш білікті                                               25
      төрт білікті                                             32
      бес білікті                                              38
      алты және одан да көп білікті                            44
      әуе немесе оған балама аспасы бар автокөлік құралдарының рұқсат етілген салмағы бір тоннаға ұлғаяды;
      2) құрамдастырылған автокөлік құралының бөлігін құрайтын автокөлік құралдары:
      екі білікті тіркеме                                      18
      үш білікті тіркеме                                       24
      төрт білікті тіркеме                                     32;
      3) құрамдастырылған автокөлік құралдары:
      ершікті автопоездар:
      екі білікті жартылай тіркемесі бар екі білікті тартқыш    36
      үш білікті жартылай тіркемесі бар екі білікті тартқыш     38
      екі білікті жартылай тіркемесі бар үш білікті тартқыш     38
      үш білікті жартылай тіркемесі бар үш білікті тартқыш      38
      төрт білікті жартылай тіркемесі бар үш білікті тартқыш    44
      төрт білікті жартылай тіркемесі бар төрт білікті тартқыш  48;
      4) автобустар:
      екі білікті                                               18
      үш білікті                                                24
      топсамен буындастырылған үш білікті                       28
      топсамен буындастырылған төрт білікті                     28.
      14. Автокөлік құралдарының рұқсат етілген біліктік жүктемелері төменде келтірілген мәндерден (тоннамен) аспауы тиіс:
      1) дара білік үшін (жақын орналасқан біліктердің арасындағы арақашықтық 2,0 метрден асқан кезде)                            10;
      2) бір қатарлы доңғалақтары бар жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, автобустың, тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қосарланған біліктері үшін біліктік салмақтарының сомасы біліктер арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
      0,5 метрден 1 метрге дейін                                 12,0
      1 метрден 1,3 метрге дейін                                 14,0
      1,3 метрден 1,8 метрге дейін                               16,0
      1,8 метрден 2 метрге дейін                17,5-ден аспауы тиіс;
      3) қос қатарлы доңғалақтары бар жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, автобустың, тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қосарланған біліктері үшін біліктік салмақтарының сомасы біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
      0,5 метрден 1 метрге дейін                                 14,0
      1 метрден 1,3 метрге дейін                                 16,0
      1,3 метрден 1,8 метрге дейін                               16,5
      1,8 метрден 2 метрге дейін                18,0-ден аспауы тиіс;
      4) бір қатарлы немесе қос қатарлы доңғалақтары бар жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, автобустың, тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қосарланған бір көтеру (ленивтік) білігі үшін біліктік салмақтарының сомасы біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
      0,5 метрден 1 метрге дейін                                 11,5
      1 метрден 1,3 метрге дейін                                 13,5
      1,3 метрден 1,8 метрге дейін                               15,5
      1,8 метрден 2 метрге дейін                17,5-ден аспауы тиіс;
      5) бір қатарлы доңғалақтары бар жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қосарланған үштік білігі үшін біліктік салмақтарының сомасы біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
      0,5 метрден 1 метрге дейін                                 16,5
      1 метрден 1,3 метрге дейін                                 19,5
      1,3 метрден 1,8 метрге дейін                               22,5
      1,8 метрден 2 метрге дейін                24,5-ден аспауы тиіс;
      6) қос қатарлы доңғалақтары бар жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қосарланған үштік білігі үшін біліктік салмақтарының сомасы біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
      0,5 метрден 1 метрге дейін                                 17,5
      1 метрден 1,3 метрге дейін                                 21,0
      1,3 метрден 1,8 метрге дейін                               24,0
      1,8 метрден 2 метрге дейін                26,5-ден аспауы тиіс;
      7) бір қатарлы доңғалақтары бар, біліктерінің саны үштен асатын жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, тіркемелер мен жартылай тіркемелер, сондай-ақ сабақтас тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін біліктік салмағының сомасы біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
      0,5 метрден 1 метрге дейін                                 5
      1 метрден 1,3 метрге дейін                                 6,10
      1,3 метрден 1,8 метрге дейін                               7
      1,8 метрден 2 метрге дейін                                 7,5
      болғанда, әрбір білікке түсетін жүктемеден аспауы тиіс;
      8) қос қатарлы доңғалақтары бар, біліктерінің саны үштен асатын жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, тіркемелер мен жартылай тіркемелер, сондай-ақ сабақтас тіркемелер мен жартылай тіркемелер үшін біліктік салмағының сомасы біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
      0,5 метрден 1 метрге дейін                                 5,5
      1 метрден 1,3 метрге дейін                                 6,5
      1,3 метрден 1,8 метрге дейін                               7,5
      1,8 метрден 2 метрге дейін                                 8
      болғанда, әрбір білікке түсетін жүктемеден аспауы тиіс»;
      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      «14-1. Осы автокөлік құралының ең жақын білігіне дейін 2,0 метрден асатын арақашықтықта орналасқан білік автокөлік құралының дара білігі деп есептеледі.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               С. Ахметов