"Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қазандағы № 1313 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесе отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 15 қазандағы
№ 1313 қаулысымен  
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестері республикалық меншікке қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Алматы қаласы» деген бөлімдегі:
      реттік нөмірі 123-114-жол алынып тасталсын.
      2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне» деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 291-1-жол алынып тасталсын.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 15 қазандағы
№ 1313 қаулысына   
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшi жойылған кейбiр
шешiмдерінің тiзбесі

      1. «Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығын және Машина жасауды болжау жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қаңтардағы № 2 қаулысы.
      2. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 20 мамырдағы № 457 қаулысы.
      3. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитетінің «Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 25 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 1, 14-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 7 мамырдағы № 429 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 24, 229-құжат).