Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 тамыздағы № 1021 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 624 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыру бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 3 тамыздағы
№ 1021 қаулысымен 
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыру

      1. «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 517-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесінде:
      40-тармақтың бірінші бөлігіндегі «он бес» деген сөздер «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 41-1-тармақпен толықтырылсын:
      «41-1. Депозитке беру объектілеріне депозитарлық нөмірлер берілгеннен кейін уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде депозитке беру объектісінің ақпараттық жүйелер, бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар және нормативтік-техникалық құжаттама депозитарийінде тіркелгені туралы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анықтама береді.».
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 136 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 136 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).