Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2016 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-5-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған парниктік газдар шығарындыларына арналған квоталарды бөлу үшін қажетті квота көлемінің резерві үшін экономиканың басым секторларының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 25 мамырдағы
№ 685 қаулысымен
бекітілген
Парниктік газдар шығарындыларына арналған квоталарды бөлу үшін қажетті квота көлемінің резерві үшін экономиканың басым секторларының тізбесі
1. Агроөнеркәсіп секторы.
2. Көлік.
3. Мұнай химиясы.
4. Мұнай-газ секторы.
5. Тау-кен металлургия секторы.
6. Химия өнеркәсібі.
7. Энергетика.