Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 115 Қаулысы

Жаңартылған

      «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының 13-бабын және «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі нысаналы
ағымдағы трансферттердің бекітілген сомасын Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілеген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
қалаларының бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) нысаналы ағымдағы трансферттердің бөлінген сомасын уақтылы және нысаналы пайдалануды;
      2) есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне нысаналы ағымдағы трансферттердің бөлінген сомасының пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 115 қаулысымен   
бекітілген      

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық
сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына және «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысын сәйкес әзірленді.
      2. Қағидалар облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін
нысаналы ағымдағы трансферттерді мынадай республикалық бюджеттік
бағдарламалар бойынша пайдалану тәртібін анықтайды:
      010 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер»;
      038 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер».
      3. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін
қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер:
      1) аурулардың профилактикасына, салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруға;
      2) АИТВ ахуалына эпидемиологиялық қадағалау жүргізуге;
      3) есірткіге тәуелділіктен зардап шегетін тұлғаларға алмастыратын терапияны жүргізуге;
      4) ересек адамдарда артериялық гипертензияның, жүректің ишемиялық ауруларының, қант диабетінің бар-жоғын тексеріп-қарауға;
      5) балалардың, ересектердің нысаналы топтарына «В» және «С»
гепатитін анықтауға скрининг жүргізуге;
      6) жатыр мойының ісігін анықтау үшін скрининг жүргізуге;
      7) колоректалдық қатерлі ісікке скрининг жүргізуге;
      8) бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі - БМСК)
ұйымдарында әлеуметтік қызметкерлер институтын енгізуге;
      9) БМСК ұйымдарын медициналық мейірбикелермен толықтыру үшін;
      10) жылжымалы медициналық кешендердің жұмыс істеуіне;
      11) наркологиялық диспансерлерде және оңалту орталықтарында, хоспистер мен мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсіпорындарында, санаторийлерде, мейірбикелік күтім ауруханаларында науқастарды емдеуге;
      12) онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге;
      13) тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка) көрсетуге;
      14) БМСК ұйымдары көрсететін медициналық көмек сапасының нәтижелерін ескеретін БМСК тарифіне қосымша компонентті төлеуге (БМСК тарифіне ынталандыратын құрамдас бөлік);
      14-1) қуықасты безінің обырын скринингтік зерттеуге;
      15) дәрілік заттарды, вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды; туберкулезге қарсы препараттарды; гематологиялық науқастарға арналған химиялық препараттарды, гемофилиямен ауыратын ересек науқастарға қан ұйыту факторларын; жіті миокард инфаркты бар науқастар үшін тромболитикалық препараттарды; «В» және «С» вирустық гепатиттерімен ауыратын балаларды және ересектерді емдеуге арналған препараттарды; АИТВ инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге және байланыста болғаннан кейінгі профилактикасына арналған ретровирусқа қарсы препараттарды,
миастениямен ауыратын науқастарды; реналдық анемиясы бар бүйрек
функциясының созылмалы жетіспеушілігімен ауыратын науқастарды емдеуге
арналған препараттарды; муковисцидозбен; мукополисахаридозбен; Гоше
ауруымен ауыратын балаларды емдеуге арналған препараттарды; ұмытшақ
склерозы бар науқастарға препараттарды, амбулаториялық деңгейде
онкологиялық науқастарды дәрілік заттарды (таргенттік препараттар);
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген аурулар (жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, аритмия, пневмония, өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы, асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы) түрлері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесіне сәйкес дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдарды 0,5-тен 1,0-ге дейін мөлшерінде өтеу коэффициентіне жеткізуге пайдаланылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.02 № 566 Қаулысымен.

2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге республикалық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану тәртібі

      4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге: наркологиялық диспансерлерде және оңалту орталықтарында, хоспистер мен мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсіпорындарында, санаторийлерде, мейірбикелік күтім ауруханаларында науқастарды емдеуге стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке; онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсету (2011 жылғы желтоқсанға шот-тізілімге енбеген ТМКК аясында медициналық қызмет көрсету оқиғалары үшін және сапа мен көлемді бақылау бойынша оқиғаларды қосқандағы төлем); аурулардың профилактикасына, салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруға; есірткіге тәуелділіктен зардап шегетін тұлғаларға алмастыратын терапияны жүргізуге; тіс-жақ аномалияларын жоюға аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка) көрсетуге медициналық қызметтерді сатып алуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік денсаулық сақтау басқармаларының жергілікті органдары жүзеге асырады.
      5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері тегін
медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету және кеңейту жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде:
      1) аурулардың профилактикасына, салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруды;
      2) АИТВ ахуалына эпидемиологиялық қадағалау жүргізуді;
      3) есірткіге тәуелділіктен зардап шегетін тұлғаларға алмастыратын терапияны жүргізуді;
      4) ересек адамдарда артериялық гипертензияның, жүректің ишемиялық ауруларының, қант диабетінің бар-жоғын тексеріп-қарауды;
      5) ересектердің, балалардың нысаналы топтарына «В» және «С»
гепатитін анықтауға скрининг жүргізуді;
      6) жатыр мойының ісігін анықтау үшін скрининг жүргізуді;
      7) колоректалдық қатерлі ісікке скрининг жүргізуді;
      8) БМСК ұйымдарында әлеуметтік қызметкерлер институтын енгізуді;
      9) БМСК ұйымдарын медициналық мейірбикелермен толықтыруды;
      10) жылжымалы медициналық кешендерінің жұмыс істеуін;
      11) наркологиялық диспансерлерде және оңалту орталықтарында,
хоспистер мен мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсіпорындарында, санаторийлерде, мейірбикелік күтім ауруханаларында науқастарды емдеуге;
      12) онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуді;
      13) тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка) көрсетуді;
      14) БМСК ұйымдары көрсететін медициналық көмек сапасының нәтижелерін ескеретін БМСК тарифіне қосымша компонента төлеуді (БМСК тарифіне ынталандыратын құрамдас бөлік);
      15) қуықасты безінің обырын скринингтік зерттеуді қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.02 № 566 Қаулысымен.

3. Дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға республикалық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану тәртібі

      6. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды; туберкулезге қарсы препараттарды; амбулаториялық деңгейде онкологиялық науқастар, онкогематологиялық науқастар үшін дәрілік заттарды (таргеттік препараттар); гемофилиямен ауыратын ересек науқастарға қан ұйыту факторларын; жіті миокард инфаркты бар науқастар үшін тромболитикалық препараттарды; «В» және «С» вирустық гепатиттерімен ауыратын балаларды, ересектерді емдеуге арналған препараттарды; АИТВ инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге және байланыстан болғаннан кейінгі профилактикасына арналған ретровирусқа қарсы препараттарды, миастениямен ауыратын науқастарды; реналдық анемиясы бар бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын науқастарды емдеуге арналған препараттарды; муковисцидозбен; мукополисахаридозбен; Гоше ауруымен ауыратын балаларды емдеуге арналған препараттарды; ұмытшақ склерозы бар науқастарға препараттарды сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып табылады.
      7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі:
      1) амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемінің шеңберінде халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекітеді;
      2) өңірлер бойынша 2012 жылы нысаналы ағымдағы трансферттердің
есебінен бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың,
вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық
препараттардың тізбесі мен көлемін айқындайды.
      8. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз етілетін науқастардың электрондық тіркелімін қалыптастыруды;
      2) республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттердің есебінен сатып алынатын дәрілік заттардың пайдалануына мониториг жүргізуді;
      3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген дәрілік заттардың тізбесіне сәйкес жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, аритмия, пневмония, өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы, асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы аурулар түрлері бойынша азаматтардың жекелеген санаттары үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшін нысаналы ағымдағы трансферттердің есебінен республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатқа тең көлемде жергілікті бюджеттен қаражаттың бөлінуін қамтамасыз етеді.

4. Жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға республикалық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану тәртібі

      9. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер медициналық жабдықтар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен мамандандырылған автокөлік сатып алуға пайдаланылады.
      10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника стандарттарының шеңберінде жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдарға арналған медициналық техниканың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, сондай-ақ мамандандырылған автокөліктің тізбесін келіседі.
      11. Осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген заңды тұлға жүзеге асырады.
      12. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға енгізілмеген медициналық техниканы және мамандандырылған автокөлікті сатып алуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары жүзеге асырады.
      13. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің медициналық ұйымдарының арасында медициналық техниканы, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен мамандандырылған автокөлікті бөлуді ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттарына сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары жүзеге асырады.

5. Нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша үнемдеу қаражатын пайдалану, есептілік

      14. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі облыстық бюджеттердің ағымдағы мақсатты трансферттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім негізінде төлемдер жөнінде бюджеттік бағдарламаға сәйкес қаржыландырудың жеке жоспарына, онкологиялық ауруларға медициналық көмек көрсетуге нысаналы ағымдағы трансферттер аударымына, сондай-ақ мақсатты міндеттердің көлемі және сапасының нәтижелері есепке алынып аударымдар жүргізіледі.
      15. Нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану кезінде үнемдеу пайда болған жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің келісімімен үнемделген соманы нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісіммен айқындалған нәтижелер көрсеткіштерін жақсартуға пайдаланады.
      16. Қандай да бір облыс бөлінген қаражатты толығымен игермеген жағдайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен өңірлер бойынша нысаналы трансферттердің сомасын қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді.
      17. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жартыжылдықтың және бір жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
      18. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне есептілікті ұсынады.

Облыстық бюджеттердің, Астана    
және Алматы қалалары бюджеттерінің  
2012 жылға арналған республикалық   
бюджеттен денсаулық сақтауға     
берілетін нысаналы ағымдағы      
трансферттерді пайдалану қағидаларына
1-қосымша               

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды
материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін
нысаналы ағымдағы трансферттер шеңберінде 2012 жылы
сатып алынатын медициналық техниканың
тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.02 № 566 Қаулысымен.

Р/с №

Атауы

1

2

1.

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін уретеропиелоскопы бар контактылы лазерлік литотриптер

2.

Қалалық емханалар үшін цифрлық радиологиялық жүйе

3.

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін лапароскопиялық хирургияға арналған бейнеэндоскопиялық кешен

4.

Босандыру ұйымдары үшін датчиктер жинағы және принтері бар УДЗ аппараты

5.

Глаукомалық кабинеттер үшін құрамдастырылған лазерлік қондырғы

6.

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін датчиктер жинтығы мен басқару панелі бар УДЗ аппараты

7.

Қалалық емханалар үшін рентгендік флюорографиялық стационарлық цифрлық аппарат

8.

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін С-доғасы бар жылжымалы ренгенохирургиялық қондырғы

9.

Онкологиялық диспансерлер үшін сұйық цитология аппараты

10.

Туберкулезге қарсы ұйымдар үшін жылжымалы рентгендік флюорографиялық цифрлық кешен

11.

С-доға түрі бойынша хирургиялық рентгендік жүйе–ұтқыр аппарат (телевизиялық жүйені цифрлық күшейткіші бар)

12.

Глаукомалық кабинеттер үшін ретиналдық томограф

13.

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін С-тәріздес штативі бар рентген аппараты

14.

Перинаталдық орталықтар/медициналық-генетикалық бөлімшелер үшін бағдарламалық қамтамасыз етілген және датчиктер жинағы бар УДЗ аппараты

15.

Аудандық емханалар үшін рентгендік стационарлық цифрлық маммограф

16.

Қалалық емханалар үшін рентгендік стационарлық цифрлық маммограф

17.

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін 2 жұмыс орнына арналған рентгендиагностикалық кешен

18.

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін толық эндоскоптар сызығы бар эндоскопиялық бейнетаған

19.

Туберкулезге қарсы ұйымдар үшін жұмыс станциясы және 3 жұмыс орнына арналған оцифровщигі бар рентгендік диагностикалық стационарлық цифрлық аппарат

20.

Аудандық емханалар үшін рентгендік диагностикалық стационарлық цифрлық аппарат

21.

Қалалық емханалар үшін рентгендік диагностикалық стационарлық цифрлық аппарат

22.

Балалар ұйымдары үшін рентгендік диагностикалық стационарлық цифрлық аппарат

23.

Қалалық және облыстық ауруханалар үшін рентгендік диагностикалық стационарлық цифрлық аппарат

24.

Аудандық емханалар үшін рентгендік цифрлық жылжымалы маммограф

25.

Кардиологиялық қызмет үшін ангиограф

26.

Компьютерлік томограф

27.

Магниттік-резонанстық томограф

28.

Кардиологиялық қызмет үшін бижоспарлық балалар ангиографы

29.

Глаукомалық кабинеттер үшін офтальмоскоп

30.

Глаукомалық кабинеттер үшін контактысыз тонометр

31.

Глаукомалық кабинеттер үшін компьютерлік периметр

32.

Глаукомалық кабинеттер үшін саңылаулы шамы бар, алдыңғы бөлікке арналған оптикалық когеренттік томограф

33.

Кардиологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін жүрек пен тамырларды УДЗ диагностикалауға арналған аппарат

Облыстық бюджеттердің, Астана    
және Алматы қалалары бюджеттерінің  
2012 жылға арналған республикалық   
бюджеттен денсаулық сақтауға     
берілетін нысаналы ағымдағы      
трансферттерді пайдалану қағидаларына
2-қосымша               

2012 жылы облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттары

мың теңге   

Өңірлердің атауы

БМСК ұйымдарын жарақтандыру

Жедел медициналық жәрдем қызметін жарақтандыру

Туберкулезге қарсы ұйымдарды жарақтандыру

Балалар мен Босандыру ұйымдарын жарақтандыру

Аудандық, қалалық және облыстық ауруханаларды жарақтандыру

Онкологиялық ұйымдарды жарақтандыру

1

2

3

4

5

6

7

8

1.

Ақмола облысы

37 464

4 686

30 731

205 789

147 109

-

2.

Ақтөбе облысы

1 184

7 762

30 731

83 041

61 164

30 000

3.

Алматы облысы

307 548

37 833

-

123 884

26 561

30 000

4.

Атырау облысы

67 171

25 222

30 731

153 047

26 793

30 000

5.

Шығыс Қазақстан облысы

119 529

12 611

30 731

207 640

26 561

30 000

6.

Жамбыл облысы

72 722

12611

-

117818

57 292

-

7.

Батыс Қазақстан облысы

61248

-

-

220 723

29 609

30 000

8.

Қарағанды облысы

76 017

-

30 731

115 734

7 109

30 000

9.

Қостанай облысы

98 419

1 2611

-

196 690

86 793

-

10.

Қызылорда облысы

43 701

25 222

-

312 772

7 109

30 000

11.

Маңғыстау облысы

39 125

25 222

-

235 784

7 109

30 000

12.

Павлодар облысы

39 773

25 222

-

214 380

89 609

-

13.

Солтүстік Қазақстан облысы

41 101

25 222


-

145 307

28 109

30 000

14.

Оңтүстік Қазақстан облысы

60 936


-

56 000

301 276

7 109

30 000

15.

Алматы қаласы

73 365

-

-

74 641

7 109

30 000

16.

Астана қаласы

29 930

-

-

197 282

7 109

30 000


Жиыны:

1 169 233

214 224

209 655

2 905 808

622 254

360 000

кестенің жалғасы

Өңірлердің атауы

Магнитті-резонансты және компьютерлік томографтармен жарақтандыру

Кардиологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарды жарақтандыру

Кардио-хирургиялық кардиологиялық орталықтарды  (бөлімшелерді) жарақтандыру

Барлығы

1

2

9

10

11

12

1.

Ақмола облысы

-

73 810

255 730

755 319

2

Ақтөбе облысы

-

73 810

255 730

543 422

3.

Алматы облысы

-

73 810

-

599 636

4.

Атырау облысы

-

73 810

255 730

662 504

5.

Шығыс Қазақстан облысы

-

73 810

255 730

756 612

6.

Жамбыл облысы

500 000

73 810

-

834 253

7.

Батыс Қазақстан облысы

-

73 810

255 730

671 120

8.

Қарағанды облысы

-

110 715

255 730

626 036

9.

Қостанай облысы

-

73 810

255 730

724 053

10.

Қызылорда облысы

255 730

73 810

-

748 344

11.

Маңғыстау облысы

-

36 905

255 730

629 875

12.

Павлодар облысы

-

73 810

255 730

698 524

13.

Солтүстік Қазақстан облысы

-

73 810

255 730

599 279

14.

Оңтүстік Қазақстан облысы

-

73 810

-

529 131

15.

Алматы қаласы

-

73 810

510 000

768 925

16.

Астана қаласы

-

73 810

-

338 131


Жиыны:

755 730

1 180 960

3 067 300

10 485 164