Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 692 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында осы қаулыға қосымшаға сәйкес әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталын ұлғайту немесе төлеу үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне нысаналы даму трансферттері түрінде аудару үшін 1842000000 (бір миллиард сегіз жүз қырық екі миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін.».
2) көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Барлығы» деген жолда «1 932 000» деген сандар «1 842 000» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 12-жолдың 4-бағанында «120000» деген сандар «30000» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов