Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 1 қарашадағы
№ 1264 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
«халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің мәселелері бойынша әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру және құқықтық көмек көрсету;» деген 14-тармақтың елу төртінші абзацы алынып тасталсын.
2. «Жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 мамырдағы № 501 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 21, 263-құжат):
2-тармақ алынып тасталсын.
3. «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 511 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 21, 209-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін актіде:
«Жер учаскесінің жоспары, План земельного участка» деген бөлімде:
«Учаскенің орналаскан жері» деген сөздер «Учаскенің мекенжайы, мекенжайының тіркеу коды (ол бар болған кезде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Местоположение участка» деген сөздер «Адрес, регистрационный код адреса (при его наличии) участка» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актіде:
«Жер учаскесінің жоспары, План земельного участка» деген бөлімде:
«Учаскенің орналасқан жері» деген сөздер «Учаскенің мекенжайы, мекенжайының тіркеу коды (ол бар болған кезде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Местоположение участка» деген сөздер «Адрес, регистрационный код адреса (при его наличии) участка» деген сездермен ауыстырылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген уақытша (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беретін актіде:
«Жер учаскесінің жоспары, План земельного участка» деген бөлімде:
«Учаскенің орналасқан жері» деген сөздер «Учаскенің мекенжайы, мекенжайының тіркеу коды (ол бар болған кезде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Местоположение участка» деген сездер «Адрес, регистрационный код адреса (при его наличии) участка» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген уақытша өтеусіз жер пайдалану қуқығын беретін актіде:
«Жер учаскесінің жоспары, План земельного участка» деген бөлімде:
«Учаскенің орналасқан жері» деген сөздер «Учаскенің мекенжайы, мекенжайының тіркеу коды (ол бар болған кезде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Местоположение участка» деген сөздер «Адрес, регистрационный код адреса (при его наличии) участка» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 6-құжат):
2-тармақтағы «осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес» деген сөздер алынып тасталсын.
5. «Мемлекеттік қызметтің үлгі стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 264-құжат):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік органдар өзінің құзыретіне кіретін әрбір мемлекеттік қызмет бойынша бөлек мемлекеттік қызмет стандарттарын бекітуді қамтамасыз етсін. Мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық нысанын және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді көздейтін мемлекеттік қызметтердің стандарттары ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті органның келісімі бойынша бекітіледі.».
6. «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 427 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 268-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі туралы ережеде:
13-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) гендерлік теңдік қағидатын сақтау;»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2), 8-3) және 8-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
8-2) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін «жалғыз терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру;
8-3) халыққа қызмет көрсету орталықтарының және мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілерінің өзара іс-қимылын үйлестіру;
8-4) халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің мәселелері бойынша әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;»;
111) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«111) орталық мемлекеттік органдардың және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктерінің интернет-ресурстарының жұмыс істеуін, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс істеуін және мемлекеттік қызметтер көрсетудің автоматтандырылуын бақылауды жүзеге асыру;»;
124) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«124) ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері жөніндегі, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау;».