"Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 692 қаулысына езгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 1094 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 692 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында осы қаулыға қосымшаға сәйкес әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталын ұлғайту немесе төлеу үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне нысаналы даму трансферттері түрінде аудару үшін 1932000000 (Бір миллиард тоғыз жүз отыз екі миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін.».
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталын ұлғайту немесе төлеу үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне берілетін нысаналы даму трансферттерінің сомасын бөлу»;
      реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

14.

Оңтүстік Қазақстан облысы

«Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

120 000

                                                              ».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов