Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 Қаулысы

Жаңартылған

      Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 4-бабына, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабына және «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 мамырдағы № 84 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.10.08 № 1269 Қаулысымен.
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Діни істер комитеті оның функциялары, өкілеттіктері мен мүлкі Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) беріле отырып, таратылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Агенттік туралы ереже;
      2) Агенттіктің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;
      3) Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;
      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      3. Агенттік пен Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2011 жылғы 1 тамыздағы
№ 888 қаулысымен  
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Дiн iстері агенттігі (бұдан әрi – Агенттік) Үкiмет құрамына кiрмейтін, діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi және өзiнiң құзыретiне жатқызылған қызмет саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
      Агенттіктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында заңды тұлға болып табылатын аумақтық органдары бар.
      Агенттіктің тізбесін Үкімет бекітетін ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.10.08 № 1269 Қаулысымен.
      2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Агенттiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      5. Егер Агенттiкке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болады.
      6. Агенттiк өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Агенттiк төрағасының немесе оны ауыстырушы тұлғаның бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      7. Агенттiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      8. Агенттiктiң заңды мекен-жайы:
      Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй, 15-кіреберіс.
      9. Агенттiктiң толық атауы – «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі» мемлекеттiк мекемесi.
      10. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Агенттiк қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
      12. Агенттiкке Агенттiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары

      13. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      2) діни қызмет және діни бірлестіктердің, миссионерлер мен діни (рухани) білім беру ұйымдарының қызметі саласында елде болып жатқан процестерді жан-жақты және объективті зерделеу, қорыту және талдау;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Агенттiкке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.10.08 № 1269 Қаулысымен.
      14. Агенттiк қолданыстағы заңнамаға және өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыруға және iске асыруға қатысады;
      2) дiни ахуалдың дамуын, Қазақстан Республикасының аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң және діни (рухани) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеу мен талдауды жүргiзедi;
      3) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      4) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
      5) өз құзыретiне жататын мәселелер жүргізуді бойынша ақпараттық-насихаттау iс-шараларын жүзеге асырады;
      6) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;
      7) дiнтану сараптамаларын және діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдерін тексеруді қамтамасыз етедi;
      8) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты өтініштерін қарайды;
      9) Қазақстан Республикасының діни қызмет саласындағы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың, оның iшiнде дiни бiрлестiктердiң қызметiне тыйым салу жөнiнде құқық қорғау органдарына ұсыныстар енгiзедi;
      10) заңнамада белгіленген жағдайда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасайды;
      11) діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiредi;
      12) шет мемлекеттердiң діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы уәкілетті органдарымен ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      13) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлейді;
      14) республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметіне, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктердің басшыларын тағайындауына келісім береді;
      15) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп бейінін өзгерту (функционалдық мақсатын өзгерту) мәселелерін келіседі;
      16) миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді жүргізеді;
      17) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, сондай-ақ діни қызмет саласындағы келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды, соның ішінде халықаралық құжаттарды әзірлейді және жасайды;
      18) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша ресми түсініктемелер береді;
      19) өз құзыретi шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесiн жетiлдiру бойынша ұсыныстар енгiзедi;
      20) ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз етедi;
      21) Агенттіктің өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуі кезінде тұтынушылар құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді;
      22) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.10.08 № 1269 Қаулысымен.

3. Агенттіктің қызметiн ұйымдастыру

      15. Агенттік және оның аумақтық органдары Агенттіктің бірыңғай жүйесін құрады.
      16. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Төрағаның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төрағаның орынбасарлары болады.
      Төраға Агенттiкке басшылықты жүзеге асырады және Агенттiкке жүктелген мiндеттердi орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
      17. Агенттiк Төрағасы:
      1) Агенттiктi Қазақстан Республикасының Парламентiнде, өзге де мемлекеттiк органдарда және ұйымдарда бiлдiредi;
      2) нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiседi және қол қояды;
      3) Агенттiкте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы iс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшiн дербес жауапты болады;
      4) өзінің құзыретiне жататын басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
      18. Агенттiк аппаратын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.
      19. Қазақстан Республикасының Үкiметi, Агенттiк төрағасы отставкаға шыққан жағдайда жауапты хатшының өкiлеттiгiн тоқтатуға әкеп соқтырмайды.
      20. Агенттіктің Жауапты хатшысы:
      1) Агенттiк Төрағасы қалыптастыратын саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi және оның актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;
      2) Агенттiк аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлiмшелерiнiң жұмысын ұйымдастырады, үйлестiредi және бақылайды;
      3) Агенттiк қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
      4) Агенттiк Төрағасымен келiсiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Агенттiктiң штат санының лимитi шегiнде Агенттiктiң, сондай-ақ Агенттіктің аумақтық органдарының құрылымын және штат санын бекiтедi;
      5) Агенттiк Төрағасымен келiсiлгеннен кейiн Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi және оның аумақтық бөлімшелері туралы ережелердi бекiтедi;
      6) Агенттiктiң тәртiптiк, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртiбiнiң сақталуын, кадр қызметiнiң жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
      7) Агенттiктiң қызметiн қамтамасыз ету және оған жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында мемлекеттiк сатып алуды өткiзудi ұйымдастырады;
      8) Агенттік Төрағасымен келісілгеннен кейін Агенттіктің департаменттері мен басқармаларының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      9) еңбек қатынастарының мәселелерi жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың құзыретiне жатқызылған қызметкерлердi қоспағанда, Агенттік қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      10) Агенттік Төрағасымен келiсiм бойынша Агенттіктің қызметкерлерiн iссапарға жiберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), бiлiктiлiгiн арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерiн шешедi;
      11) Агенттік төрағасымен келiсiм бойынша еңбек қатынастарының мәселелерi жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың құзыретiне жатқызылған қызметкерлердi қоспағанда, Агенттік қызметкерлерiнiң тәртiптiк жауапкершiлiгi мәселелерiн шешедi;
      12) Агенттіктің Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi және Агенттік төрағасы бекiтетiн стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзiрлеудi қамтамасыз етедi;
      13) Агенттіктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметiнiң нәтижелерi туралы жыл сайынғы есептi әзiрлеудi қамтамасыз етедi және Төрағаға бекiтуге ұсынады;
      14) Агенттіктің бюджеттiк өтiнiмiн дайындауды, бюджеттiк өтiнiмдi Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзетiн Агенттік Төрағасына ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесiнiң өзге де рәсiмдерiн орындауды қамтамасыз етедi;
      15) Агенттік Төрағасымен келiсілгеннен кейiн Агенттіктің қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептiлiгiн әзiрлеудi қамтамасыз етедi және бекiтедi;
      16) мемлекеттiк қызметтер көрсету регламенттерi мен стандарттарын әзiрлеудi ұйымдастырады;
      17) Агенттiктiң құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;
      18) Агенттiкке келiсуге келiп түскен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
      19) өз өкiлеттiгi шегiнде мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Агенттiк атынан өкiлдiк етедi;
      20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық шарттардың мәтіндерін дәйектейді, оларға қол қояды және қабылдайды;
      21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      21. Жауапты хатшы өзіне жүктелген қызметтік міндеттемелерді орындау үшін:
      1) Агенттiк аппаратының қызметкерлерiне орындауға мiндеттi тапсырмалар беруге;
      2) өзге мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретiне жатқызылған мәселелердi шешу үшiн қажеттi ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
      3) жеке қолданылатын құқықтық актiлер қабылдауға құқылы.
      22. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн жауапты болады.
      23. Агенттiктiң Төрағасы жанынан консультативтi-кеңесшi орган болып табылатын алқа құрылады. Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының iшiнен алқаның саны мен дербес құрамын Агенттiк төрағасы бекiтедi.
      24. Агенттiк қызметiн ұйымдастырудың өзге мәселелерi, лауазымды адамдарының құқықтары мен мiндеттерi, оның қызметiн қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелердiң құзыретi мен өкiлеттiгi Агенттiк жұмысының регламентiмен және Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелермен белгiленедi.

4. Агенттiктiң мүлкi

      25. Агенттiк жедел басқару құқығында оқшауланған мүлiкке ие болады. Агенттiк мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен, сондай-ақ құны Агенттiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге мүлiк есебiнен қалыптасады.
      26. Агенттiкке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      27. Егер заңда өзгеше белгiленбесе, Агенттiктiң өзiне бекiтiлген мүлiктi және өзіне қаржыландыру жоспары бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату

      28. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 1 тамыздағы
№ 888 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Ақмола облысы Дін істері департаменті.
      2. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Ақтөбе облысы Дін істері департаменті.
      3. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Алматы облысы Дін істері департаменті.
      4. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Атырау облысы Дін істері департаменті.
      5. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы Дін істері департаменті.
      6. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Жамбыл облысы Дін істері департаменті.
      7. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Қарағанды облысы Дін істері департаменті.
      8. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Қостанай облысы Дін істері департаменті.
      9. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Қызылорда облысы Дін істері департаменті.
      10. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Маңғыстау облысы Дін істері департаменті.
      11. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы Дін істері департаменті.
      12. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Павлодар облысы Дін істері департаменті.
      13. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы Дін істері департаменті.
      14. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы Дін істері департаменті.
      15. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Алматы қаласы Дін істері департаменті.
      16. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Астана қаласы Дін істері департаменті.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 1 тамыздағы
№ 888 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» мемлекеттік мекемесі.
      2. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 1 тамыздағы
№ 888 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат):
      5-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі туралы ережеде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) мемлекеттiк реттеудi, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мәдениет, iшкi саяси тұрақтылық, этносаралық келiсiм, тiлдердi дамыту, мемлекеттiк рәмiздер салаларында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
      Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Мәдениет комитетi, Тiл комитетi.»;
      13-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
      2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;»;
      14-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты және мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру;»;
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану, тiл саясаты салаларында нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу, бекiту;»;
      53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «53) iшкi саяси тұрақтылықты, этносаралық келiсiмдi нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де iс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткiзу;»;
      15-тармақтың 46), 47), 48), 49), 50), 51), 52), 53), 54), 55) және 56) тармақшалары алынып тасталсын;
      22-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау мен пайдалану, тiл саясаты салаларында Министр қалыптастыратын саясаттың iске асырылуын қамтамасыз етедi және оның актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;».
      2. Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.02.07 № 209 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. «Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 202-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:
      10-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) мәлiмделген дiни бiлiм беру бағдарламаларына Қазақстан  Республикасы Дін істері агенттігі қорытындысының болуы.».
      4. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат; 2011 ж., № 13, 161-құжат):
      көрсетілген қаулыға 24-қосымшада:
      «Республикалық мемлекеттік мекемелер» деген бөлімде реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің «Мәдениеттер мен дiндердiң халықаралық орталығы» мемлекеттiк мекемесі».
      5. «Министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердегi адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 15 сәуiрдегi № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiндегi адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерiнде:
      реттік нөмірі 1-жолда: Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
      3-бағанда:
      «1344» және «1155» деген сандар тиісінше «1191» және «1075» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы 30», «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы 50» деген жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі-24 жолмен толықтырылсын:
      «

24.

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердi ескере отырып, оның iшiнде:

206

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер, оның iшiнде:

60

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы

30

Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы

30

                                                                ».
      6. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiнде:
      реттік нөмірі 32-жолдың 4-бағанындағы «ММ» деген аббревиатура «ДІА» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      «Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:» мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «ДІА – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі».
      7. «Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 – 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1390 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 – 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 50-жолдың 4-бағанындағы «ММ» деген аббревиатура «ДІА» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      «Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:» мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «ДІА – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі».
      8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.02.07 № 211 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.