Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 806 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 5-бабының6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 15 шілдедегі
№ 806 қаулысымен  
бекітілген    

Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидасы

      1. Осы Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 5-бабының6) тармақшасына сәйкес әзірленген.
      2. Қағида заңды және жеке тұлғалардың (бұдан әрі - өнім берушілердің) биоотынды (биоэтанолды қоспағанда) өткізу (босату), қайтару, тасымалдау бойынша операцияларды жүргізу кезінде ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі - ІЖҚ) ресімдеу тәртібін белгілейді.
      3. Биоотынды (импортталатын биоотынды тасымалдауды қоспағанда) өткізу (босату), қайтару, тасымалдау бойынша әрбір операцияны жүргізу кезінде өнім берушілер міндетті түрде осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ІЖҚ ресімдейді.
      4. ІЖҚ-ні өнім беруші ақпараттық жүйе (бұдан әрі - Бағдарлама) арқылы электронды түрде мемлекеттік немесе орыс тілінде ресімдейді.
      5. ІЖҚ-да мынадай деректер көрсетіледі:
      1) ІЖҚ нөмірі (Бағдарламада автоматты түрде беріледі);
      2) ресімдеу күні (Бағдарламада автоматты түрде қойылады);
      3) операция коды (Бағдарламаның анықтамалығынан таңдалады);
      4) өнім берушінің салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТН) (жеке сәйкестендіру нөміріне (бұдан әрі - ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөміріне (бұдан әрі - БСН) толық көшкенге дейін міндетті деректеме);
      5) өнім берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) (ЖСН мен БСН-ге толық көшкенге дейін міндетті емес деректеме);
      6) биоотын берушінің атауы, оның заңды мекенжайы және тиеп-жөнелту мекенжайы;
      7) ІЖҚ-ын электрондық түрде тапсыратын өнім берушінің салық  органының коды (Бағдарламаның көрсетілген тізімінен тандалады);
      8) өнім берушінің түрі (Бағдарламаның көрсетілген тізімінен таңдалады);
      9) алушының СТН-ы;
      10) алушының ЖСН/БСН-ы;
      11) биоотын алушының атауы, оның заңды мекенжайы және тиеп-жөнелту мекенжайы;
      12) ІЖҚ электрондық түрде тапсырылатын алушының салық органының коды (Бағдарламаның көрсетілген тізімінен таңдалады);
      13) шарттың нөмірі, күні;
      14) көлік түрі: автомобиль; темір жол; әуе; теңіз немесе ішкі су; құбыр жолдары (көлік түрі таңдалады):
      тасымалдаушы туралы мәліметтерде биоотынды тасымалдауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға туралы деректер көрсетіледі (өнім беруші енгізеді);
      автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде көлік құралы туралы мәліметтерде көлік құралының маркасы, мемлекеттік нөмірі, (өнім беруші енгізеді);
      экспедитор, жүргізуші туралы мәліметтер (өнім беруші енгізеді);
      15) өткізілетін (тиеп-жөнелтілетін) биоотынның жалпы мөлшері (тоннада көрсетіледі);
      16) биоотын маркасы;
      17) жеке сәйкестендіру нөмірі - коды (бұдан әрі - ЖСН-коды) (Бағдарламаның ЖСН-кодтарының анықтамалығынан таңдалады);
      18) ыдыстың сыйымдылығы (тоннада);
      19) ыдыстың саны (данада);
      20) биоотынның мөлшерінің жиыны (тоннада);
      21) өнімнің құны (теңгеде);
      22) биоотын қайтарылған кезде тиісті бағанда өткізу кезінде өнім беруші берген ІЖҚ нөмірі толтырылады (биоотын қайратылған жағдайда ғана толтырылады);
      «Жүргізуші» бағаны тек қағаз жеткізгіште толтырылады.
      6. ІЖҚ уәкілетті органнын, серверіне жіберілгеннен кейін кағаз жеткізгіште екі данада басып шығарылады, болған кезде басшы, бухгалтер кол қояды, сондай-ақ өнім берушінің мөрімен куәландырылады (болған жағдайда жеке кәсіпкерлер үшін). ІЖҚ бір данасы биоотынды берушіде калады, екінші данасы көлік құралы арқылы алушыға беріледі.
      7. Биоотын алушылар ІЖҚ-да көрсетілген деректерге сәйкес оны алғанын электронды түрде растайды не биоотынды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде алушының мөрімен куәландырылған ІЖҚ көшірмесін тапсырады. Биоотынның экспорты кезінде Бағдарламада алушылардың ІЖҚ-ға сәйкес биоотынды алғанын растауы талап етілмейді, алушының деректерін өнім беруші енгізеді.
      8. Биоотынның импорты кезінде алушы ІЖҚ-ны ресімдемейді.
      9. Осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген қате және (немесе) дұрыс емес деректер көрсетіле отырып, ресімделген ІЖҚ-ны осындай ІЖҚ ресімделген күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде өнім беруші жоюы тиіс.
      10. Осы Қағиданың 9-тармағында көрсетілген мерзім еткеннен кейін ІЖҚ-нің жойылуын Бағдарлама автоматты түрде жауып тастайды.
      11. ІЖҚ есебі Бағдарламаның ІЖҚ тізілімінде жүргізіледі.
      12. Қағаз жеткізгіштегі ІЖҚ өнім берушілер мен алушыларда бес жыл бойы сақталады.
      13. Өнім беруші (алушы) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылған тұлға үшін ІЖҚ-ны сақтау міндеттемесі оның құқықтық мирасқорына (мирасқорларына) жүктеледі.

Ілеспе жүкқұжаттарды
ресімдеу кағидасына
қосымша

Нысан
 

№ ілеспе жүкқұжат

Ресімделген күні: ___________________
__________________________________
Жеткізушінің СТН-і ___________________________
Жеткізушінің ЖСН/БСН-і*___________
Жеткізушінің атауы, заңды мекен-жайы және тиеп-жөнелту мекен
жайы_________________________
__________________________________
Өнім берушінің салық органының коды: ________
Өнім берушінің түрі ______________

Операция коды ________________________
__________________________________
Алушының СТН-і____________________
Алушының ЖСН/БСН-і*_______________
Алушының атауы, заңды мекен жайы және тиеп-жөнелту мекен жайы__________
 
__________________________________
Алушының салық органының коды:____

Шарттың (шартқа қосымшаның) нөмірі _________    Шарттың күні  2011 ж.«__» ______
____________________________________________________________________
Көлік түрі: Авто ТЖ Әуе Теңіз немесе ішкі су
 
Тасымалдаушы туралы мәлімет_________________________________________
Көлік құралы туралы мәлімет_________________________________________
Экспедитор туралы мәлімет___________________________________________
____________________________________________________________________
Өткізілетін(тиеп-жөнелтетін) биоотынның мөлшері. Барлығы: _______
                                                                        (тонна)

Марка

ЖСН-коды

Ыдыстың
сыйымдылығы
(тоннада)

Ыдыстың
саны

Барлығы
тонна саны

Өнімнің
құны
(теңге)

Жеткізуші жазып
берген ІЖҚ нөмірі
(биоотын қайтарылған
жағдайда)

















Барлығы: _____ жол
_____________________________________________________________________________________
Басшының Т.А.Ә:  __________________________    ___________________
                                                     қолы
                                                               М.О.
Бухгалтердің Т.А.Ә.: ______________________     __________________
                                                        қолы
Тасымалдаушы: ________________________________  _______________
            (Т.А.Ә., жеке куәлігінің немесе паспортының         қолы
                     сериясы, нөмірі мен күні) 

       - 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап толтырылады