Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 714 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.11.2016 № 714 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 14 шілдедегі
№ 799 қаулысымен    
бекітілген    

Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жолаушыларды, багажды және жүкбагажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес халықтың және мемлекеттің жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдауға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әзірленді.
      2. Қағида Қазақстан Республикасының темір жолы арқылы темір жол көлігімен жолаушыларды, қол жүгін, багажды және жүкбагажын тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
      3. Темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажды Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық және транзиттік қатынаста тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Осы Қағидада мынадай анықтамалар мен терминдер пайдаланылады:
      1) аялдау пункті – тек қана жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған жолаушылар поезының аялдауы жүзеге асырылатын пункт;
      2) бақылау-кассалық машина (бұдан әрі – БКМ) – фискалды модуль, фискалды жады блогы бар электронды құрылғы және (немесе) тауарларды сату және (немесе) қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу туралы ақпараттың тіркелуін және көрсетілуін қамтамасыз ететін компьютерлік жүйе;
      3) жол жүру құжаты (билет) – осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз немесе электрондық-цифрлық (электрондық жол жүру құжаты) нысанда ресімделетін, жолаушыларды тасымалдауға шарт жасалғандығын куәландыратын және жолаушылар поезында жол жүруге құқық беретін құжат;
      4) тікелей қатынайтын вагон – екі және одан көп поездар құрамында қайта тіркеліп, қатынайтын вагон;
      5) жолаушылар поезы – жолаушыларды темір жол қатынастарының барлық түрімен тасымалдауға арналған поезд;
      6) уәкілетті орган – темір жол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын атқарушы орган;
      7) жолаушылардың жол жүру құны – плацкарт және билет бөліктерінің жиынтығы;
      8) билет құны – жолаушыларды жүретін маршруттың барлық темір жол арқылы тасымалдау үшін есептелген төлемдер сомасы ретінде белгіленетін жол жүру құнының бір бөлігі;
      9) плацкарт құны – жолаушыларды тасымалдаудың жалпы қашықтығымен белгіленетін және вагонды пайдалану мен жол жүру барысында жолаушыларға қызмет көрсету ақысын қамтитын жол жүру құнының бір бөлігі.
      Осы Қағидада пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының темір жол көлігі туралы заңнамасында белгіленген мағыналарда қолданылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Жолаушылар поездарының қозғалыс кестесі жарқағаздарда, әртүрлі анықтамалықтарда, Интернетте көрсетіледі.
      Тасымалдаушы темір жол вокзалдарында және жолаушылар поездарында жолаушылар поезының қозғалыс кестесі туралы ақпаратты орналастырады.
      Жолаушылар темір жол вокзалдарында жолаушылар поездарының аттану және келу уақыты, жолаушылардың жүру құны мен багажды (жүк-багажды) тасымалдау құны, поездарда бос орындардың бар-жоғы, шұғыл медициналық көмек, шағымдар мен ұсыныстар кітабының орналасқан жері, билет және багаж кассаларының жұмыс режимі, вокзал орын-жайларының орналасуы, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтердің тізбесі туралы қажетті де дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етіледі.
      Темір жол көлігі қызметтерін пайдаланушыларға арналған барлық ақпарат тасымалдау шарттарының өзгеруіне байланысты уақтылы жаңартылып отырады. Анықтама бюросы жолаушыларға ауызша және/немесе жазбаша ақпарат береді.
      Ақпаратты беру тілдерді, мәтіндерді, рельефті-нүктелі Брайль қарпін, түйсік қатынасты, ірі қаріпті, қолжетімді мультимедиялық құралдарды пайдалана отырып, мүгедектер үшін де қамтамасыз етіледі.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Жолаушылар, багаж, жүк-багаж оларды тиісінше тасымалдау операцияларын орындауға арналған ашық темір жол станциялары мен аялдау пункттерінен темір жол станциялары мен аялдау пункттеріне дейін тасымалданады.
      Станциялар мен аялдау пункттерінің ашылуы мен жабылуы, олардың атаулары мен олар орындайтын коммерциялық операциялар сипатының өзгеруі туралы ақпарат тиісті тарифтік нұсқауларда жарияланады.

2. Жолаушыларды тасымалдау

§1. Жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды, олардың жарамдылық мерзiмiн ұзартуды ұйымдастыру және билет кассаларының жұмысы

      7. Жолаушылар поездарына жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеу жолаушылар тасымалдарын автоматтандырылған басқару жүйесінде (бұдан әрі – АБЖ) және жол жүру құжатын (билетін) сатып алуға ниет білдірушінің жеке басын куәландыратын құжат (қала маңы тасымалдарын қоспағанда) ұсынылған кезде қол технологиясы бойынша (қала маңындағы тасымалдар үшін билеттерді басып шығаратын машиналар арқылы жүзеге асырылады) не жолаушының талап еткен жеріне жеткізу арқылы жүргізіледі.
      Жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату билет кассаларында, оның ішінде жолаушылар агенттіктерінің билет кассаларында және (немесе) электрондық терминалдар мен интернет ресурстары арқылы жүргізіледі.
      Отыруға арналған орындары бар вагондардан құрастырылған поездарда, сондай-ақ жолаушылар поездарының жалпы вагондарында, билет кассалары жоқ станцияларда жол жүру құжаттарын жолсеріктердің сатуына жол беріледі.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. Тасымалдаушылар жол жүру құжаттарын (билеттерді) өздері жасақтаған поездарға сатуды ұйымдастырады. Басқа тасымалдаушылардың жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыруына жасалған шарттардың негізінде рұқсат етіледі.
      Вокзалдарда (станцияларда) билет кассаларының жұмыс уақытын жергілікті жағдайлар мен поездар қозғалысының кестесін негізге ала отырып, Тасымалдаушының уәкілетті тұлғасы белгілейді.
      Темір жол вокзалдары ғимараттарынан тыс жерлерде орналасқан билет кассаларының жұмыс уақытын жергілікті жағдайларды негізге ала отырып, жолаушылар агенттігі белгілейді.
      Билет кассалары тәулігіне 50 және одан да көп жол жүру құжаттары (билеттер) сатылатын барлық станциялар мен аялдау пункттерінде ашылады. Тәулігіне 50 жол жүру құжатынан (билеттен) аз сатылатын станциялар мен аялдау пункттерінде жол жүру құжаттарының (билеттердің) сатылуын ұйымдастыру туралы шешімді Тасымалдаушы жергілікті жағдайларды ескере отырып қабылдайды.
      Станциялардағы (вокзалдардағы) жолаушылар легінің мөлшері мен сипатына байланысты жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуға арнайы кассалар бөлінеді.
      9. Жолаушылар поездарына жол жүру құжаттарын (билеттерді) АБЖ терминалдарымен жабдықталған кассаларда және қол технологиясы бойынша сату поезды жасақтау пунктінен және айналымынан 45 тәуліктен бастап және поезд аралық станциядан жөнелтілгенге дейін сату режиміне немесе орындар нормасына байланысты жүзеге асырылады.
      10. Жол жүру құжаттарын алдын ала сату 45 тәуліктен бастап поездың аттануына 1 тәулік қалғанға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.
      Кететін поезға жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды аяқтау уақыты станция (вокзал) жұмысының технологиялық үдерістеріне байланысты белгіленеді. Көрсетілген ақпарат жолаушыларға хабардар етіледі.
      Поездардың жасақталу немесе айналым станцияларынан кері қайтуға жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату жасақтау, айналым станцияларында және аралық станцияларда жүзеге асырылады.
      Тікелей қатынайтын вагондарға жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату осы вагондар баратын пунктке немесе поездың негізгі жүретін маршрутынан ауытқыған учаскеде орналасқан пункттерге дейін баратын жолаушыларға жүргізіледі.
      Тікелей қатынайтын вагондарға жол жүру құжаттарын (билеттерді) вагон жөнелтілгенге дейін 24 сағат бұрын сатуға аралық станциялардан отыратын және түсетін жолаушыларға ғана рұқсат етіледі.
      Ауысып отыратын станция жөнелту станциясы болатын учаскелерге жол жүру құжаттарын ресімдеу кезінде поезды таңдау (келісілген поездар) жолаушының осы станцияға келуі мен оның осы станциядан жөнелтілуінің арасындағы кемінде 3 сағат айырмашылық ескеріліп жүзеге асырылады.
      11. Жолаушы поездың жүру маршруты бойынша жолаушылар операциялары үшін жол ашық кез келген станцияға дейін кез келген санаттағы вагонға және поезға жол жүру құжатын (билет) сатып алады. Жолаушының келу станциясына дейін тікелей поезд болмаған жағдайда, оған басқа станциядан (ауысып отыру пунктінен) поезда орын болған кезде екінші жол жүру құжаты ресімделеді.
      12. Бос орындар болған жағдайда, жолаушының жол жүру құжаты (билет) сатып алынған поездан ерте жүретін жолаушылар поезымен жүруіне жол беріледі. Бұл жағдайда жолаушыға жол жүру құжатын (билет) қайта ресімдеу қажет.
      Ерте жүретін поездың аттануына 24 сағаттан аз уақыт қалғанда, жол жүру құжатын (билетті) жолаушының фамилиясын өзгертпестен қайта ресімдеуге келесі жағдайларда жол беріледі:
      1) ерте жүретін поездың нөмірі ауысқанда;
      2) вагонның үлгісі жоғары санатқа ауысқанда;
      3) поездың нөмірі мен вагонның үлгісі бір уақытта (ерте жүретінге) ауысқанда;
      4) бір вагондағы орындар сол типті басқа вагонның орындарына ауыстырылғанда;
      5) бір вагондағы орындардың нөмірлері ауысқанда.
      13. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайта ресімдеу бастапқы жол жүру құжаты (билет) ресімделген сол тасымалдаушының поезына жүргізіледі.
      АБЖ арқылы жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайта ресімдеу жаңа жол жүру құжатын (билет) беру арқылы жүргізіледі, онда жол жүру құжаты (билет) қайта ресімделетін поезбен жол жүру жағдайларына байланысты жолаушыдан алынатын қосымша ақы сомасы көрсетіледі.
      Поездың жөнелтілуіне 24 сағаттан аз уақыт қалғанда қол технологиясы арқылы жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайта ресімдеу оларды қайта компостерлеу арқылы жүргізіледі және тек бастапқы жол жүру құжаты (билет) ресімделген Тасымалдаушының сол темір жолы құрастырған, тікелей қатынайтын поезға және вагонға ғана рұқсат етіледі.
      Басқа темір жол немесе Тасымалдаушы жасақтаған тікелей қатынайтын поезға немесе вагонға билеттерді қайта ресімдеу бұрын сатып алынған жол жүру құжаты (билет) қайтарылған соң жүргізіледі.
      Ерте жөнелтілетін поезға жол жүру құжатын (билетті) қол технологиясы арқылы қайта ресімдеу кезінде, егер жолаушы сол санаттағы поезбен және вагонмен сол бағытта жүретін болса, бұрын сатып алынған жол жүру құжаты (билет) өз күшін сақтайды. Жол жүру құжатындағы (билеттегі) бастапқы компостерлік белгілер "компостер жойылды" деген жазумен крест тәрізді жойылады және жолаушының аттанатын поезы мен күні көрсетіліп, жаңа компостер қойылады. Жазу станцияның (вокзалдың) тиісті лауазымды адамның қолымен және станцияның (вокзалдың) мөрқалыбымен расталады. Бұл ретте жою күні мен уақыты көрсетіледі. Егер жол жүру құжаты (билет) өте жоғары санаттағы поезға немесе вагонға немесе басқа маршрутқа қайта ресімделетін болса, онда жол жүру құнының айырмашылығы әр түрлі алымдар түбіртегі бойынша алынады. Өте төмен санаттағы поезбен немесе вагонмен немесе басқа маршрут бойынша жүргісі келетін жолаушының қалауы бойынша жол жүру құжатын (билетті) қайта ресімдеу кезінде оған жол жүру құнындағы айырмашылық қайтарылады.
      14. Жол жүру құжатын (билет) ресімдеу жолаушының жеке басын куәландыратын құжат (паспорт, әскери билет, жеке куәлік, босатылғаны туралы анықтама, уақытша жеке куәлік, босқын куәлігі 16 жасқа дейінгі балалар үшін туу туралы куәлік), ал жеңілдікпен немесе тегін жол жүру құжатын (билетті) ресімдеу үшін жеңілдік құқығын беретін құжаттар болған кезде жүргізіледі.
      Отыруға арналған орындары бар вагоннан құрастырылған поездарға жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеу кезінде жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсету талап етілмейді.
      Жол жүру құжаты (билеті) қолма-қол немесе ақшасыз есеп айырысу арқылы беріледі.
      Жол жүру құжаттары (билеттер) тікелей қатынайтын қатынастарда жүру үшін ғана ресімделеді.
      15. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) АБЖ арқылы ресімдеу кезінде мәліметтер осы жүйенің терминалына қосылған билетбасқыш құрылғымен басып шығарылады. Жеңілдікпен және тегін жол жүруді АБЖ арқылы ресімдеу кезінде поездың санаты жоғарлағаны үшін алынатын қосымша ақы туралы мәлімет жол жүру құжатының (билеттің) сол бланкісіне басылады.
      Жол жүру құжаттарында (билеттерінде) түзетулер жасауға болмайды. АБЖ арқылы ресімделетін жол жүру құжаттарында (билеттерде) егер жол жүру барысында поездың нөмірі өзгеретін болса, аралық станциялардағы билет кассиріне өз қолымен тек поездың нөмірін түзетуге рұқсат етіледі.
      Жолаушыға бір купенің барлық орындарына арналған жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатып алуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда жолаушы сатып алынған купедегі орындардың жалпы саны бойынша жол жүру құнын толық тарифпен төлейді. Бұл ретте жол жүру құжатында (билетте) көрсетілмеген адамдардың жүруіне жол берілмейді.
      Бір адамның атына бір поезға төрт орыннан артық орынға жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеуге болмайды. Жол жүру құжатының (билеттің) бір бланкісінде (ұйымдасқан жолаушылар тобынан және арнайы тасымалдардан басқа) бір адамның жол жүруі ресімделеді.
      16. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) диспетчерлік терминал арқылы автоматтандырылмаған тәсілдермен ресімдеу шарикті (көк, қара немесе күлгін сиялармен) анық, сөздер қысқартылмай жүргізіледі. Дайын мәтіні бар мөрқалыптарды қолдануға болады.
      Жол жүру құжатының (билеттің) екі жағындағы (бланк және түбіртек) тиісті бағандар толтырылған соң жол жүру құнына, вагонның үлгісіне, поездың санатына және (топтық жол жүру құжатында (билетте) жолаушылардың санына сәйкес бланктің бақылау талоны қиылып алынады.
      Жолаушыға берілетін, қол технологиясы арқылы ресімделген жол жүру құжатына (билетке) анық айыру деректері: поездың нөмірі, күні, айы, жылы бар маститті немесе инелі компостерлік белгілер қойылады. Жыл қажеттілікке байланысты тек бір цифрмен ғана көрсетіледі.
      Жол жүру құжаттарын (билеттерді) инелі компостерлеу түбіртектерімен бірге олардың көлбеу сызықтың бойымен бірінші бөлігін қамти отырып, екі бүктелген жеріне жүргізіледі, ал түбіртек жол жүру құжаты (билеті) бланкісінің ішіне салынады.
      Маститті компостер бланкіге және жол жүру құжатының (билеттің) түбіртегіне қойылады.
      Компостерлік белгілер (крест тәрізді) жойылғанда "компостер жойылды" деген мөртабан қойылады және жойылған күні мен сағаты көрсетіледі. Бұл белгілер станцияның (вокзалдың) лауазымды адамның қолымен және станцияның (вокзалдың) мөрқалыбымен расталады.
      17. Барлық жол жүру құжаттары (билеттер), оның ішінде тегін және жеңілдікпен берілгендері үшінші адамдарға берілмеуі тиіс және жолаушының жеке басын куәландыратын тиісті құжаттар ұсынылған кезде ғана жарамды болады.
      18. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайта сатуға жол берілмейді.
      19. Құрамында тікелей қатынайтын вагон келе жатқан поезд осы вагонды қайта тіркеу келісілген поезд кетіп қалған соң келген жағдайда, жолаушы қажеттілігіне қарай сол тасымалдаушының бос орындар бар, бірінші кететін поезымен кету үшін жол жүру құжатын (билетін) қосымша төлемдер төлемей, ресімдей алады. Жолаушы жол жүруден бас тартқан жағдайда қалауы бойынша жүрілмеген жолы (қашықтық) үшін жол жүру құнын толықтай қайтарып алады.
      20. Қажет болған жағдайда, жолаушы жол жүру құжатының (билеттің) күшін сол тасымалдаушының басқа бір поезына тиісті құжаттармен (осы мекеменің бұрыштама мөртабанымен және дәрігердің мөртабанымен расталған анықтаманы берген медицина ұйымының анықтамасы) расталған сырқаттану немесе жазатайым оқиғаға байланысты поезға поезд жөнелтілген сәттен бастап 3 сағат бойы не 3 тәулік бойы кешіккен жағдайда, плацкарт құнын қосымша төлеп, қалпына келтіре алады.
      Жолаушы жол жүруден бас тартқан жағдайда жол жүру құнын қайтарып алады, бұл жағдайда плацкарт құны шегеріледі.
      21. Егер поезда бос орын болмаса, билет кассасы жол жүру құжаттарын сатудан бас тартады.
      22. Нөмірленген орындары бар вагондарға (плацкарт, купе, жұмсақ) жол жүру құжаттары (билеттері) сатылған кезде екі және одан да көп жол жүру құжатын (билетін) сатып алатын жолаушыларға жоғарғы және төменгі орындар саны тең ұсынылады. Мүгедектерге, ауруларға (медицина ұйымынан анықтама болған жағдайда), қарттарға және баласы бар азаматтарға ерекше жағдайлар қарастырылуы мүмкін.
      Жолаушыларға вагондардағы орындар санынан артық жол жүру құжаттарын (билеттер) беруге жол берілмейді.
      23. Уәкілетті адам (вокзал қызметкері) жол жүру құжатының (билеттің) қолданылу мерзімін келесі жағдайларда ұзартады (жол жүру құжатына мерзімін ұзарту туралы белгі қою арқылы):
      1) жолаушыға орын ұсынылатын келесі поездың аттануына дейінгі уақытқа поездан жолаушыға орын берілмегенде (отыруға арналған орындары бар вагондардан жасақталған поездардан басқа);
      2) ауысып отыру пунктінде транзитпен келе жатқан жолаушы оған жол жүруді ұзарту мүмкіндігі берілгенге дейін барлық кешігу уақытына келісілген поездар кешіккен жағдайда;
      3) жолаушы жолда аялдағанда барлығы 10 тәуліктен аспайтын мерзімге.
      Жол жүру құжатының (билеттің) әрекет ету мерзімін ұзартуға басқа жағдайларда жол берілмейді.

§2. Тасымалдау құжаттарының нысандары және оларды ресiмдеу тәртiбi

      24. Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушылардың жол жүруін, багажды, жүк-багажды тасымалдауды ресімдеу жол жүру және тасымалдау құжаттарының бланкілерінде жүзеге асырылады.
      24-1. Жол жүру құжаты (билет) мынадай міндетті ақпаратты қамтиды:
      1) жол коды және теміржол әкімшілігінің шартты белгіленуі;
      2) құжаттың атауы;
      3) жол жүру құжатының (билет) нөмірі;
      4) поездың нөмірі;
      5) поезды жөнелту күні (күні, айы) және уақыты (сағаты, минуты);
      6) вагонның үлгісі мен нөмірі, қызмет көрсету класы;
      7) билеттің құны;
      8) плацкарттың құны;
      9) адам саны;
      10) жол жүру құжатының түрі;
      11) төлеу нысаны;
      12) тасымалдаушының атауы және қосылған құн салығын төлеуші куәлігінің нөмірі;
      13) жөнелту және келу станцияларының атауы (станциялардың коды);
      14) вагондағы орын нөмірі;
      15) тасымалдаушының БСН-і;
      16) жол жүру құжатының сериясы және нөмірі;
      17) қорғаныш коды;
      18) АБЖ-дағы тапсырыс нөмірі;
      19) жол жүру құжатын (билетті) ресімдеу күні;
      20) жол жүру құжатын (билетті) ресімдеу уақыты;
      21) жол жүру құжатын (билетті) сату пунктінің нөмірі;
      22) мемлекеттің коды және жүріп өтетін мемлекеттер арқылы жол жүру құны (халықаралық поездарда);
      23) жеке басын куәландыратын құжаттың түрі және оның деректемелері, тегі және атының, әкесінің атының (болған жағдайда) бас әріптері. Кәмелетке толмаған жолаушыны жол жүруге ресімдеу кезінде қосымша туу туралы куәліктің сериясы мен деректемелері, оның туған күні (күні, айы, жылы) көрсетіледі;
      24) жол жүру құжатының (билеттің) жалпы құны, оның ішінде;
      тариф және қосылған құн салығының сомасы;
      сервистік қызметтер және қосылған құн салығының сомасы;
      25) межелі станцияға келу күні мен уақыты, жолаушы келетін поездың нөмірі (үш таңбалы).
      Ескерту. Қағида 24-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      25. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      26. Электрондық терминалдың жол жүру құжаты жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеу процесін жолаушылардың өздері тікелей жүзеге асыруы үшін пайдалануға арналған.
      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      27. Электрондық жол жүру құжаты (билет) жолаушыны теміржолмен тасымалдау туралы ақпаратты электрондық-цифрлық нысанда ұсынумен интернет-ресурстар, электрондық терминалдар және билет кассалары (оның ішінде жолаушылар агенттіктерінің билет кассалары) арқылы ресімделеді.
      Электрондық жол жүру құжаты мынадай ақпаратты қамтиды:
      1) жол коды және теміржол әкімшілігінің шартты белгіленуі;
      2) құжаттың атауы;
      3) электрондық жол жүру құжаты тапсырысының сәйкестендіргіші;
      4) поездың нөмірі;
      5) поезды жөнелту күні (күні, айы) және уақыты (сағаты, минуты);
      6) вагонның үлгісі мен нөмірі, қызмет көрсету класы;
      7) билеттің құны;
      8) плацкарттың құны;
      9) адам саны;
      10) жол жүру құжатының түрі;
      11) төлеу нысаны;
      12) тасымалдаушының атауы және қосылған құн салығын төлеуші куәлігінің нөмірі;
      13) жөнелту және келу станцияларының атауы (станциялардың коды);
      14) вагондағы орын нөмірі;
      15) тасымалдаушының БСН-і;
      16) жол жүру құжатының сериясы және нөмірі;
      17) қорғаныш коды;
      18) АБЖ-дағы тапсырыс нөмірі;
      19) жол жүру құжатын (билетті) ресімдеу күні;
      20) жол жүру құжатын (билетті) ресімдеу уақыты;
      21) жол жүру құжатын (билетті) сату пунктінің нөмірі;
      22) мемлекеттің коды және жүріп өтетін мемлекеттер арқылы жол жүру құны (халықаралық поездарда);
      23) жеке басын куәландыратын құжаттың түрі және оның деректемелері, тегі және атының, әкесінің атының (болған жағдайда) бас әріптері. Кәмелетке толмаған жолаушыны жол жүруге ресімдеу кезінде қосымша туу туралы куәліктің сериясы мен деректемелері, оның туған күні (күні, айы, жылы) көрсетіледі;
      24) жол жүру құжатының (билеттің) жалпы құны, оның ішінде;
      тариф және қосылған құн салығының сомасы;
      сервистік қызметтер және қосылған құн салығының сомасы;
      25) межелі станцияға келу күні мен уақыты, жолаушы келетін поездың нөмірі (үш таңбалы);
      26) штрих коды (2D-баркоды).
      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      28. Коды 11 "толық" жол жүру құжаты – осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жол жүру құжаттарын (билеттерді) барлық қатынастарға автоматтандырылмаған тәсілмен диспетчерлік терминалдың көмегімен ресімдеуге арналған. Жол жүру құжатының бланкісі бір парақтан тұрады, ол үш бөлікке бөлінген: жол жүру құжаты, бақылау талоны, жол жүру құжатының түбіртегі. Жол жүру құжаты бақылау талонының кесіліп алынған бөлігімен бірге жолаушының қолына беріледі, түбіртек пен бақылау талонының басқа бөлігі тасымалдаушы белгілеген тәртіпке сәйкес пайдаланылады.
      29. Коды 12 "балалар" жол жүру құжаты – осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 5 жастан 10 жасқа дейінгі балалардың басқа темір жол әкімшіліктері жасақтаған поездармен және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жүруі үшін жол жүру құжаттарын автоматтандырылмаған тәсілмен ресімдеуге арналған. Балалар жол жүру құжатының бланкісі бір парақтан тұрады, ол үш бөлікке бөлінген: жол жүру құжаты, бақылау талоны, жол жүру құжатының түбіртегі. Жол жүру құжаты бақылау талонының кесіліп алынған бөлігімен бірге жолаушының қолына беріледі, түбіртек пен бақылау талонының басқа бөлігі тасымалдаушының ішкі қағидаларына сәйкес пайдаланылады.
      30. Коды 21 "жеңілдікті" жол жүру құжаты – осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеңілдікті жол жүру құжаттарын, оның ішінде облысаралық қатынаста 7-ден 15 жасқа дейінгі балалардың жол жүру құжаттарын автоматтандырылмаған тәсілмен ресімдеуге арналған. Жеңілдік жол жүру құжатының бланкісі бір парақтан тұрады, ол үш бөлікке бөлінген: жол жүру құжаты, бақылау талоны, жол жүру құжатының түбіртегі. Жол жүру құжаты бақылау талонының кесіліп алынған бөлігімен бірге жолаушының қолына беріледі, түбіртек пен бақылау талонының басқа бөлігі тасымалдаушының ішкі қағидаларына сәйкес пайдаланылады.
      31. Кодтары 22 және 32 топтық жол жүру құжаты – осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша топтық жол жүру құжаттарын автоматтандырылмаған тәсілмен ресімдеуге арналған. Коды 22 балалар тобының облысаралық қатынаста, ересектер тобының халықаралық қатынаста жеңілдікті тарифпен жол жүруі үшін пайдаланылады. Коды 32 жол жүру құжаты жолаушылар тобының барлық қатынастарда жол жүруі үшін пайдаланылады.
      Топтық жол жүру құжатының бланкісі бір парақтан тұрады, ол үш бөлікке бөлінген: жол жүру құжаты, бақылау талоны, жол жүру құжатының түбіртегі. Бланкінің жоғарғы бөлігінде жолаушылар саны көрсетілген тор бар. Жол жүру құжаты бақылау талонының кесіліп алынған бөлігімен бірге жолаушының қолына беріледі, түбіртек пен бақылау талонының басқа бөлігі тасымалдаушының ішкі қағидаларына сәйкес пайдаланылады.
      32. Әскери жол жүру құжаты – осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақшасыз әскери жол жүру құжаттарын белгіленген нысандағы әскери талап ұсынылған кезде автоматтандырылмаған тәсілмен ресімдеуге арналған. Әскери жол жүру құжатының бланкісі бір парақтан тұрады, ол үш бөлікке бөлінген: әскери билет, жолаушылардың саны туралы бақылау талоны, әскери билеттің түбіртегі. Әскери билет  жолаушылардың саны туралы бақылау талонының кесіліп алынған бөлігімен бірге жолаушының қолына беріледі, әскери билеттің түбіртегі мен бақылау талонының басқа бөлігі тасымалдаушының ішкі ережелеріне сәйкес пайдаланылады.
      33. Ауданаралық (облыс ішіндегі қалааралық) және қала маңындағы қатынас билеті – осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жол жүру құжаттарын ауданаралық (облыс ішіндегі қалааралық) және қала маңындағы қатынастарда автоматтандырылмаған тәсілмен ресімдеуге арналған. Ауданаралық және ішкі қатынас билетінің бланкісі бір парақтан тұрады, ол үш бөлікке бөлінген: ауданаралық және ішкі қатынас билеті, бақылау талоны мен ауданаралық (облыс ішіндегі қалааралық) және маңындағы қатынас билетінің түбіртегі. Жол жүру құжаты бақылау талонының кесіліп алынған бөлігімен бірге жолаушының қолына беріледі, түбіртек пен бақылау талонының басқа бөлігі тасымалдаушының ішкі қағидаларына сәйкес пайдаланылады.
      34. Катушкалық билеттер – осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша билет кассалары жоқ станцияларда поезға отырған жолаушылардың жол жүруін ресімдеу үшін тікелей поездарда, сондай-ақ жолаушылар поездарының жалпы вагондарында қолданылатын жол жүру құжаттары (билеттер). Көрсетілген жағдайларда жол жүруді бақылау чегін бере отырып, БКМ арқылы ресімдеуге жол беріледі. Тасымалдаушы ішкі есептік саясатқа сәйкес басқа да төлем шарттарын белгілейді.
      35. Бақылау чегі – тасымалдаушы мен жолаушының арасындағы ақшалай есеп айырысу фактісін растайтын БКМ бастапқы есептік құжаты, бұл ретте тасымалдаушы жолаушыны баратын пунктіне дейін апаруға міндеттенеді.
      36. ЛУ-12 нысанды багаж түбіртегі, ЛУ-12б нысанды жүк-багаж түбіртегі, ЛУ-12п нысанды пошта вагонының жүру түбіртегі багаж бен жүк-багажы тасымалын, арнайы вагондар мен пошта вагондарының жүруін автоматтандырылмаған тәсілмен тасымалын осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімдеуге арналған. ЛУ-12, ЛУ-12б, ЛУ-12п нысанды түбіртектердің бланкілері үш парақтан тұрады:
      1) багаждың, жүк-багаждың жол ведомосі, пошта вагонының жүруіне арналған жол ведомосі қабылдап-тапсырушының пайдалануына және багаж, жүк-багаж бен поштаны алып жүруге арналған;
      2) багаждың, жүк-багаждың түбіртегі мен пошта вагонының жүруіне арналған түбіртек багажды, жүк-багаж бен поштаны жөнелтушілерге беріледі;
      3) багаж, жүкбагаж түбіртектерінің түбіршектері мен пошта вагонының жүруіне арналған түбіршек тасымалдау құжатын ресімдеген тасымалдаушыда қалады.
      37. АБЖ багаж бен жүкбагажына арналған тасымалдау құжаты – осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша багаж бен жүк-багажды барлық қатынастарда тасымалдауды ресімдеу үшін қолданылады. Тасымалдау құжатын ресімдеу АБЖ терминал жабдығының басу құрылғысының көмегімен автоматтандырылған тәсілмен жүргізіледі.
      38. МД 4-3 түбіртегі осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жалдау ақысын, комиссиялық алымды және темір жол көлігі ұйымының қосалқы қызметінен түсетін басқа да түсімдерін қабылдап алу үшін қолданылады. Темір жол көлігі ұйымының қосалқы қызметін көрсету түбіртегі жолаушының қолына беріледі, темір жол көлігі ұйымының қосалқы қызметін көрсету түбіртегінің талоны мен түбіршегі тасымалдаушының ішкі ережелеріне сәйкес пайдаланылады.
      Тасымалдаушы ішкі есеп саясатына сәйкес басқа да төлем шарттарын белгілейді.
      39. АБЖ әр түрлі алымдар түбіртегі жолаушылар паркі вагондарының жүруін, жолаушының қолындағы багажды тасымалдау, топтық өтінімдер бойынша орындарды броньдау, резервтеу кезінде өтінімдік алымдар төлемдерін, сондай-ақ жол жүру және тасымалдау құжаттарын қайтару туралы ақпаратты, билет және багаж кассаларында төленетін халыққа көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты қабылдап алу үшін пайдаланылады, АБЖ арқылы автоматтандырылған тәсілмен ресімделеді.
      Әртүрлі алымдар түбіртектерін толтыру нысан бойынша бланкіде АБЖ терминал жабдығының басып шығару құрылғысының көмегімен жүзеге асырылады.
      40. 3, 3А, 3К, 4 нысанды қызметтік билеттер (тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін жол жүру), 6, 6-В нысанды әр түрлі билеттер темір жол көлігі қызметкерлерінің жүруіне арналған. Қызметтік және әр түрлі билеттер бланкісі билеттен және билет түбіршегінен тұрады. Қызметтік және әр түрлі билеттер иесінің қолына беріледі, ал қызметтік билеттің түбіршегі билетті берген ұйымда қалады.
      41. ГУ-26п тапсыру тізімі поезға багажды және жүк-багажын қабылдау және оларды беру кезінде қолданылады. Оны багаж бен жүк-багажын қабылдап-тапсырушы жасайды және жол багаж ведомостерінің немесе түбіртектерінің жолдама құжаты болып табылады.
      42. Плацкартты алу құқығына арналған талон – қызметтік және бір реттік билеттерге беріледі. Талонды толтыру кезінде темір жол (қызметтік немесе бір реттік) билетінің нөмірі, адамдар саны және жол жүру маршруты көрсетіледі. Қызметтік және жеке қажеттіліктер бойынша жол жүруді ресімдеу кезінде талон билет кассасында қалады.
      Жолаушыны билет кассасы жоқ станциядан отырғызу кезінде жолсерікте қалатын қызметтік билетке берілген плацкартты алу құқығына арналған талон толтырылады.

§3. Жол жүру шарттары

      43. Жолаушыларды тасымалдау жолаушыларды отырғызып, түсіруге ашық барлық темір жол станциялары мен аялдау пункттері арасында жүзеге асырылады.
      44. Жолаушы жолаушылар поезына отырған кезде тиісті түрде ресімделген жол жүру құжатын (билетін) және жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді. Вагонның жолсерігі жолаушыны вагонға отырғызу кезінде жол жүру құжатын (билетін) және деректемелері (аты-жөні) жол жүру құжатында көрсетілген оның жеке басын куәландыратын құжатты тексереді.
      Отыруға арналған орындары бар вагондардан жасақталған поездарға отыру кезінде жеке басын куәландыратын құжатты көрсету талап етілмейді.
      Поезға жолаушыларды отырғызу кезінде вагонның жолсерігі қол жүгінің белгіленген нормадағы салмаққа сәйкестігін тексереді.
      Вагонның жолсерігі жолаушыларды вагонға отырғызу кезінде олардың жол жүру құжаттарын (билеттерін) шығарып салушыларда ұмытып кетпеулерін ескертеді, сондай-ақ жол жүру барысында билетсіз жолаушылардың жүруін және белгіленген нормадан (мөлшерден) тыс қол жүгінің тасымалдануын болдырмауға шаралар қолданады.
      45. Жолаушының тегі мен ұсынылған жол жүру құжатында (билетте) көрсетілген тегі сәйкес келмеген, жол жүру құжатында (билетте) тегі өзгертілген (түзетілген) жағдайда жолаушының поезға отыруына жол берілмейді. Осындай жол жүру құжаттары (билеттері) бойынша ақша қайтарылмайды.
      46. Әр жолаушы жолаушылар вагонынан жол жүру құжатында(билетте) көрсетілген орынға (орындарға) сәйкес орын (орындар) алады. Осы орындарда бөгде адамдардың жол жүруіне тыйым салынады.
      47. Жолаушыны отырғызу жол жүру құжатында (билетте) көрсетілген станцияда және жол жүру құжатында (билетте) көрсетілген поездың жүру бағытындағы кез келген келесі станцияларда жүргізіледі.
      48. Әр жолаушы жол жүру құжатын (билетті) барлық жол жүру барысында сақтайды және бақылау жасап отырған адамдардың талабы бойынша көрсетеді (жол жүру құжаты (билет) қол технологиясы бойынша сатып алынған және вагонның жолсерігінде сақталатын жағдайдан басқа жағдайларда) және осы Қағидада белгіленген талаптарды сақтайды.
      49. "Слип" бақылау купоны немесе автоматтандырылмаған тәсілмен ресімделген жол жүру құжаты (билет) осы поезда жол жүрудің соңына дейін вагон жолсерігінде сақталады.
      50. Жолаушыларды вагонға отырғызу кезінде вагон жолсерігі жол жүру құжатының бланкін ортасынан бүктегеннен кейін бүктелген жерінің 1 сантиметрден аспайтын жоғарғы бұрышы жыртылып алынады.
      51. Жол жүру құжатына (билетіне) сәйкес вагонда орын беру мүмкіндігі болмаған жағдайда жолаушылар поезының бастығы екі данада акт жасайды және жолаушыға оның келісімі бойынша қызметтік купеден, оның ішінде санаты жоғары вагоннан (қосымша ақы төлетпестен) орын береді. Актінің бір данасы тексеру және шара қолдану үшін поезды жасақтау пунктіне тапсырылады. Актіде жолаушының тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефондары, жол жүру құжатының нөмірі, поездың нөмірі, поездың жүру маршруты, вагонның, орынның нөмірі, аттану және келу станциялары көрсетіледі.
      Егер жолаушыға жол жүру құжатында (билетінде) көрсетілген орын құнынан құны төмен орын ұсынылатын болса, оған осы Қағиданың 91-тармағында қарастырылған тәртіппен жол жүру құнындағы айырмашылық қайтарылады.
      Жолаушы өзіне ұсынылған орынды ауыстырудан бас тартқан немесе дәл осы поезда оған орын ұсынуға мүмкіндік болмаған жағдайда оған осы Қағиданың 91-тармағында қарастырылған тәртіппен жол жүру құны қайтарылады.
      52. Жолаушылар орындарды тәуліктің кез келген уақытында пайдалана алады. Жоғарғы сөрелерді көтеруді және түсіруді жолаушылардың өтініші бойынша вагон жолсеріктері немесе жолаушылар жүзеге асырады.
      53. Вагон жолсеріктері жолаушыларға поездың межелі станцияға жақындағаны туралы және поезд жүріп өтетін санитарлық аймақтар шекарасы туралы кемінде 30 минут бұрын ескертеді.
      54. Поездан қалып қойған жолаушы бұл туралы станция (вокзал) бастығына (немесе осыған уәкілетті адамға) мәлімдеуі тиіс.
      Егер поездан қалып қойған жолаушының қол жүгі немесе жол жүру құжаты (билеті) вагонда қалып қойса, станция (вокзал) бастығы бірден поездың жүру барысы бойынша жақын арадағы (станция) вокзал бастығына қалып қойған қол жүгін және/немесе жол жүру құжатын түсіру туралы телефонограмма арқылы хабарлайды. Станция (вокзал) бастығы көрсетілген хабарды алғаннан кейін поезд бастығымен бірлесіп, қалып қойған жолаушының қол жүгін және/немесе жол жүру құжатын түсіру және сақтау бойынша шаралар қабылдайды. Жолаушылар поезының бастығы қалып қойған қол жүгі орындарының атауы мен санын немесе жол жүру құжатын көрсетіп, акт жасайды. Актіге поезд бастығы, вагонның жолсерігі және екі жолаушы қол қояды. Актіде поезд бастығының мөртабаны қойылады. Қалып қойған қол жүгі, жеке заттары және/немесе жол жүру құжаты (билет) актімен бірге станцияға (вокзалға) тапсырылады. Станция (вокзал) бастығы жолаушы отырған станцияға поездан қол жүгінің, жеке заттары және/немесе жол жүру құжатының (билеті) түсірілгені туралы хабарлайды.
      55. Поезд жөнелтілгеннен кейін жолаушының жол жүру құжаттары (билеттері) шығарып салушыларда қалып қойған болса, мұндай жолаушы билетсіз деп есептеледі.
      Жол жүру барысында жолсерік бақылау купонын алған соң, жолаушы жол жүру құжатын (билетін) жоғалтқан немесе бүлдірген (жыртылған, өртенген) жағдайларда жол жүру құжаттары (билеттері) қалпына келтірілмейді. Бұл жағдайда жолаушы жол жүруді жолсеріктегі бақылау купонына сәйкес жалғастырады.
      56. Жолаушылар поезының вагонында жол жүру кезінде мыналарға:
      1) жол жүру құжатынсыз (билетсіз) жүруге;
      2) вагондардың ілме басқыштарымен, вагон төбесінде және вагон астында жүруге, поезд жүріп келе жатқанда отырғызып, түсіруге;
      3) вагонды немесе басқа жолаушылардың заттарын бүлдіретін немесе ластайтын қол жүгін, сондай-ақ сасық, өртқауіпті, улы, тез тұтанғыш, жарылғыш және басқа да қауіпті заттарды тасымалдауға;
      4) қажеттіліксіз поезды тоқтату кранымен тоқтатуға;
      5) тамбурлар мен өтпелі алаңдарда жүруге;
      6) белгіленбеген орындарда темекі шегуге;
      7) вагондардың терезелерінен және есіктерінен қоқыстар мен басқа да заттарды лақтыруға тыйым салынады.
      57. Төсек-орын жабдықтарын, төсек-орынды жоғалтқаны, бүлдіргені, сондай-ақ вагонның ішкі жабдықтарының заттарын ішінара, толық зақымдаған немесе жоғалтқаны үшін жолаушы олардың құнын бастапқы құны бойынша өтейді.
      Мұндай жағдайда осындай зақым (бүлдіру немесе жоғалту) келтірген жолаушының қатысуымен жолаушылар поезының бастығы, поездың электр механигі және вагонның жолсерігі екі данада акті жасайды. Актіде ненің зақымданғаны немесе жоғалғаны және жолаушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер көрсетіледі. Актіге поезд бастығының мөртабаны қойылады. Актінің бір данасы қол қойдырылып жолаушыға беріледі. Екінші данасы шаралар қабылдау үшін поезды жасақтау пунктіне беріледі.

§4. Жолаушылар вагонының, оның ішінде жайлылық деңгейі бойынша санаты

      58. Отыруға арналған қатты орындары бар жалпы вагон – вагон ортақ электр жарығымен, ауа желдеткіш жүйесімен, ортақ радионүктемен, дәретханалармен (дәретхана қағазымен және сабынмен), ыстық және суық ауыз су резервуарымен, терезе перделерімен, шай әбзелдерімен, ыдыс-аяқтармен және медициналық дәрі қобдишаларымен жабдықталған.
      59. Жатуға арналған қатты орындары бар плацкарт вагоны – вагон ортақ және жергілікті электр жарығымен, ауа желдеткіш жүйесімен, ортақ радионүктемен, дәретханалармен (дәретхана қағазымен және сабынмен), ыстық және суық ауыз су резервуарымен, терезе перделерімен, шай әбзелдерімен және ыдыс-аяқтармен, төсек-орын жабдықтары жиынтығымен (жастық, көрпе, тысты матрас), төсек-орын жабдықтарымен (2 жайма, 1 жастықтыс, 1 сүлгі) және медициналық дәрі қобдишаларымен жабдықталған.
      Ұйымдасқан балалар ұжымдарын тасымалдауға арналған жолаушылар вагондары жоғарғы сөрелерге арналған қауіпсіздік белбеулерімен қамтамасыз етіледі.
      Вагонның осы үлгісіне "Турист" класының вагондары жатқызылған – олар жатуға арналған жатын орындары бар 4 орынды купеден тұратын 20 орынды вагондар, төменгі орындар отыруға арналған төрт орындық болып өзгертіледі, әр купеде қолжуғыш болады.
      60. Жатуға арналған қатты орындары бар 4 орынды купеден тұратын вагон – вагон ортақ және дербес электр жарығымен, ауа желдеткіш және ауа баптау жүйесімен, дәретханалармен (дәретхана қағазымен және сабынмен), ыстық және суық ауыз су резервуарымен, жеке радионүктемен, дәліздері мен купелері перделермен, күнперделермен, кілемшелермен, кілем төсеніштермен, шай әбзелдерімен және ыдыс-аяқтармен, төсек-орын жабдықтары жиынтығымен, олар: 2 жайма, 1 жастықтыс, 1 вафельді не түкті сүлгі, жастық, көрпе, тысты матрас және әр жатын орын үшін бір-бірден сыртқы киімдерге арналған ілгіш-киімілгіштермен жабдықталған.
      61. Жатуға арналған орындары бар төменгі жағында жұмсақ дивандар орналасқан 2 орынды купеден тұратын вагон – вагон (бұдан әрі – СВ) және отыруға арналған жұмсақ креслолары бар 4 орынды купеден тұратын вагон – ортақ және дербес электр жарығымен, ауа желдету және ауа баптау жүйесімен, бейне және телеаппаратуралармен, дәретханалармен (дәретхана қағазымен және сабынмен), ыстық және суық ауыз су резервуарымен, жеке радионүктемен, дәліздері мен купелері перделермен және күнперделермен, кілемшемен және кілем төсеніштерімен, шай әбзелдерімен және ыдыс-аяқтармен, төсек-орын жабдықтары жиынтығымен, олар: 2 жайма, 1 жастықтыс, 1 вафельді не түкті сүлгі, жастық, көрпе, тысты матрас және әр жатын орын үшін бір-бірден сыртқы киімдерге арналған ілгіш-киімілгіштермен жабдықталған.
      62. Ярус тәрізді орналасқан жұмсақ дивандары, бірнеше күйге келтіретін құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ кресолары бар 2 орынды РИЦ габаритті вагоны – вагон ортақ және дербес электр жарығымен, ауа желдету және ауа баптау жүйесімен, дәретханалармен (дәретхана қағазымен және сабынмен), ыстық және суық ауыз су резервуарымен, дербес радионүктемен, купесі бейне және теле-аппаратурамен, жолсерікті шақыру түймесімен, дәліздері мен купесі перделермен және күнперделермен, кілемшемен және кілем төсеніштермен, шай әбзелдерімен және ыдыс-аяқтармен, жиналмалы мүлік пен мүкәммал жиынтығынан түсі мен суреті бойынша еш айырмашылығы жоқ төсек-орын жабдықтарының кешенімен (2 жастық, көрпе, матрац тысымен), төсек-орын жабдықтарымен (2 жайма, 2 жастықтыс, 1 вафельді, 1 зығыр не түкті сүлгі) және әр жатын орын үшін екі-екіден сыртқы киімдерге арналған ілгіш-киімілгіштермен жабдықталған.
      63. Ярус тәрізді орналасқан жұмсақ дивандары бар жатуға арналған орындары бар 3 орынды РИЦ габаритті вагоны – вагон ортақ және дербес электр жарығымен, ауа желдету мен ауа баптау жүйесімен, әр купесі жолаушылардың жуынуы үшін қолжуғыштармен, биодәретханалармен, ыстық және суық ауыз су резервуарымен жабдықталған.
      64. Сөрелері ярус тәрізді орналасқан жатуға арналған орындары бар 6 орынды купеден тұратын плацкартты вагон – вагон ортақ және дербес электр жарығымен, ауа желдету және ауа баптау жүйесімен, биодәретханалармен, ыстық және суық ауыз су резервуарымен, вагон-электр станциясынан орталық электрлі жылу жүйесімен жабдықталған.
      65. Отыруға арналған қатты орындары бар дизель және электр поезының вагоны – вагон ортақ электр жарығымен, ауа желдету жүйесімен, дәретханамен (дәретхана қағазымен және сабынмен) жабдықталған.
      66. Жайлылығы жоғары 3-класты электр поезының вагоны – вагон ортақ электр жарығымен, ауа желдету жүйесімен, дәретханамен (дәретхана қағазымен және сабынмен), 6 және 2 орынды үстінде жұмсақ төсемелері бар шыны пластиктен жасалған дивандармен жабдықталған.
      67. Жайлылығы жоғары 2-класты электр поезының вагоны – вагон ортақ электр жарығымен, ауа желдету жүйесімен, дәретханамен (дәретхана қағазымен және сабынмен), бірінен кейін бірі екі қатарда орналасқан 2 және 3 орынды жұмсақ креслолар блоктарымен және жалғаспалы үстелдері, жастықшалар, шынтақ төсеніштер, арқалығын реттейтін құрылғысы бар бір орындық креслолармен жабдықталған.
      68. Жайлылығы жоғары 1-класты электр поезының вагоны – вагон ортақ электр жарығымен, ауа желдету жүйесімен, дәретханамен (моторлыдан басқа) (дәретхана қағазымен және сабынмен), қарама-қарсы екі қатарда орналасқан 2 орынды жұмсақ креслолар блоктарымен, жалғаспалы үстелдері, жастықшалар, шынтақ төсеніштер және арқалығын реттейтін құрылғысы бар бір орындық креслолармен жабдықталған.
      69. Ярус тәрізді орналасқан жұмсақ дивандары бар жолаушылардың жатуына арналған орындар бар 2 орынды купеден тұратын Бизнес класс вагоны – вагон ортақ және дербес электр жарығымен, ауа желдету және баптау жүйесімен, әр купесі жолаушылардың жуынуына арналған қолжуғыштармен, биодәретханалармен, ыстық және суық ауыз су резервуарымен, жолсерікті шақыру түймесімен жабдықталған.
      70. Ярус тәрізді орналасқан жұмсақ дивандары бар жолаушылардың жатуына арналған орындар бар 2 орынды купеден тұратын Гранд класының вагоны – вагон ортақ және дербес электр жарығымен, ауа желдету және баптау жүйесімен, әр купесі жолаушылардың жуынуына арналған қолжуғыштармен, биодәретханамен және душ кабиналарымен, ыстық және суық ауыз су резервуарымен, жолсерікті шақыру түймесімен жабдықталған.

§5. Ұйымдасқан жолаушылар тобын ресімдеу және олардың жол жүру тәртібі 

      71. Ұйымдасқан жолаушылар тобын (10 адамнан кем емес) тасымалдау үшін жолаушылар поездарына орындарды резервтеу заңды және жеке адамдардың алдын ала берген өтінімдері бойынша жүзеге асырылады.
      Поездардағы орындарды резервтеуге берілетін жазбаша өтінім орын болған жағдайда 45 тәуліктен бастап поездың жүруіне 2 сағат қалғанға дейін қабылданады.
      Өтінімде: заңды тұлғаның атауы, орын саны, поездың нөмірі, вагонның түрі, шығу күні, аттану және келу станциясы көрсетіледі. Жеке тұлғадан түскен өтінімде сонымен қатар жол жүру мақсаты және топ басшысының деректемелері көрсетіледі. Өтінімге жолаушылар құжаттарының деректемелері (құжаттың нөмірі, кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың туған күндері) көрсетілген жолаушылар тобының және топ басшысының тегі жазылған тізімі қоса беріледі. Өтінімге орындарды резервтеген ұйым өтінімді қабылдап алғаны туралы белгі қояды. Өтінімде белгіленген поезда және вагонда орын жеткіліксіз болған жағдайда, өтінім берушінің келісімі бойынша басқа поездан немесе вагоннан орындар ұсынылады.
      Егер өтінімде жеке вагондарды беру туралы өтішін болса, жол жүретін жолаушылар санына қарамастан вагондағы барлық орындарға ақы төленеді.
      Ұйымдасқан жолаушылар тобын тасымалдау үшін поездардан орындар резервтеу үшін уәкілетті орган белгілеген мөлшерде алым өндіріледі. Бөлінген орындардан бас тартылған жағдайда алынған алым қайтарылмайды. Өтінім берушінің келісімінсіз тасымалдаушы вагонның түрін немесе поездың санатын ауыстырған және осыған байланысты жол жүруден бас тартылған жағдайда алым қайтарылады.
      72. Орындар резервтелген соң 15 жұмыс күнінің ішінде өтінім берген адам поездың жүруіне дейін кемінде 10 тәулік бұрын жол жүру құнын төлеп, тапсырыс берілген жол жүру құжаттарын (билеттерді) алады. Егер белгіленген мерзімде жол жүру құжаттары (билеттер) ресімделмесе, өтінім күшін жоғалтады және орындар сатуға беріледі, алымдар қайтарылмайды.
      Жол жүру құжаттарына (билеттерге) өтінім поездың аттануына дейін 10 тәуліктен аз уақыт қалғанда ұсынылған жағдайда, жол жүру құны өтінім ұсынылған сәттен бастап бір тәулік ішінде төленеді. Өтінім беруші поезд аттанғанға дейін 7 тәулік бұрын топтардың тегі жазылған тізіміне жағдайдың өзгеру сипатын көрсете отырып, жазбаша өтініш беру арқылы өзгерістер енгізуге құқылы.
      73. Жол жүру құжатын (билетті) топтық өтінім бойынша ресімдеу кезінде онда топ басшысының тегі және жеке басын куәландыратын құжатының деректемелері көрсетіледі. Жолаушылар тобы тізімінің екі данасына жол жүру құжаты (билет) ресімделген пункттің белгісі қойылады. Тізімнің бір данасы жол жүру құжаты (билет) ресімделген пунктте қалады, ал екінші данасын топ басшысы поезға отыру кезінде вагон жолсерігіне көрсетеді.
      74. Топтық өтінім бойынша жолаушылардың жол жүруі әр вагонға жол жүру құжатының (билеттің) бір бланкісінде ресімделеді. Ерекше жағдайларда (іссапар) жол жүру құжатын әр орынға жеке бланкіде ресімдеуге жол беріледі.
      75. Жолаушылар поездарына оқушылардың (балалардың) ұйымдасқан топтарына жол жүру құжаттары (билеттер) 10 оқушыға кем дегенде бір еріп жүруші және бір медицина қызметкері есебі бойынша ересек адам еріп жүретін кем дегенде 10 оқушының (балалардың) ұйымдасқан тобы жол жүрген жағдайда ресімделеді.

§6. Кәмелетке толмаған жолаушылардың жол жүру тәртібі

      76. Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңнамасына сәйкес тиісті құжаттары бар, балаға қамқорлық жасайтын және оның құқықтары мен мүддесін қорғайтын баланың ата-анасы, асырап алушысы, қамқоршысы, жанашыры, патронат тәрбиешісі немесе оларды алмастыратын басқа адам болып табылатын жолаушы:
      1) өзімен бірге 7 жасқа дейінгі бір баланы егер бала жеке орын алмайтын болса, тегін алып жүруге құқылы. 7 жастан аспаған балаға жеке орын алу үшін жеңілдігі бар балалар жол жүру құжатын (билетін) алу қажет. Жолаушымен 7 жастан аспайтын бір баладан көп бала жүрген кезде бір баладан басқа қалған балаларға жеңілдігі бар жол жүру құжаттары (билеттері) сатып алынады;
      2) жеңілдігі бар жол жүру құжаттары (билеттері) бойынша өзімен бірге 7-ден 15 жасқа дейінгі балаларды алып жүре алады.
      7-ден 15 жасқа дейінгі балалардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жол жүруі үшін ересек жолаушыға белгіленген жол жүру құнының 50%-ы мөлшерінде ақы өндіріліп алынады.
      15 және одан үлкен жастағы балалар үшін ересектерге арналған жол жүру құжаттары (билеттері) сатып алынады. Баланың жасы жол жүру басталған күннен анықталады.
      Билет кассасына және поезға отыру кезінде баланың жасын растайтын құжат ұсынылады.
      77. Баланың заңды өкілі болып табылмайтын жолаушы жол жүру құжаттарын ресімдеу кезінде билет кассасына, жолаушылар поезына отыру кезінде вагонның жолсерігіне баланы алып жүруіне құқық беретін құжатты (сенімхат) ұсынады.
      15 және одан да үлкен жастағы балалардың ересектерсіз дербес жол жүруіне жол беріледі.

§7. Жол жүрудегі үзіліс

      78. Жолаушы жолаушылар поездарында (вагондарда) жол жүруі кезінде қажеттілік болған жағдайда, жол жүру құжатының (билеттің) жарамдылық мерзімін көп дегенде 10 (он) тәулікке ұзартып, жол жүру барысында аялдама жасауға, сондай-ақ жол жүру барысында жол жүруді тоқтатуға құқылы.
      Жол жүру барысында аялдаған жағдайда, жолаушы жол жүру тоқтатылған станцияда өзі жүріп келген поезд аттанған соң 3 сағат ішінде билет кассасына барып жол жүру құжатына аялдама жасағаны туралы белгі қойғызады.
      Жолаушы қайтадан жол жүруге ниет білдірген жағдайда жолаушының жол жүру құжатына (билетіне) компостердің жаңа белгісі қойылады және сол тасымалдаушы поезының плацкартына жаңа жол жүру құжаты (билеті) беріледі. Жолаушы бұл ретте плацкарт құнын төлейді.
      Аялдамадан кейін жолаушы одан әрі санаты төмен ақылы поезбен немесе вагонмен жол жүрген жағдайда, билет құнындағы айырмашылық қайтарылмайды.
      Жол жүру тоқтатылған жағдайда жолаушы жолсеріктен бақылау купонын алады және өзінің бақылау купоны бар жол жүру құжатын (билетін) өзі жүріп келген поезд аттанған соң 3 сағат ішінде билет кассасына ұсынады. АБЖ-мен жабдықталған билет кассасында билеттер осы Қағиданың 91-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қайтарылады.
      Егер жолаушы алғашқы жөнелту станциясынан бірден екі немесе одан да көп жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатып алып, жол жүру барысында бірінші жол жүру құжаты (билеті) бойынша басқа жол жүру құжаттарында (билеттерінде) көрсетілген мерзімде ауысып отыру пункттерінен шығуға мүмкіндік бермейтін мерзімге аялдама жасау туралы шешім қабылдаған болса, онда бұл жол жүру құжаттары (билеттер) егер олар осы Қағидада белгіленген мерзімдерде қайтарылмаса, өзінің күшін жояды.
      79. Жолаушы жол жүру барысында өзін нашар сезінген жағдайда (науқастанған) және егер әрі қарай жол жүру мүмкін болмаса, жедел медициналық көмек көрсету үшін емдеу-медициналық ұйымы (пункті) бар жақын станцияда түсіріледі, құжаттарды ресімдеу және төлемдерді қайтару осы Қағиданың 91-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жүргізіледі.

§8. Жол жүру шарттарының өзгеруі

      80. Жол жүру барысында немесе құрастыру мен айналым пунктінде техникалық ақаулыққа байланысты вагон ағытылған жағдайда Тасымалдаушы ағытылған вагонның орнына басқа вагонды тіркеп, оған жолаушыларды ауыстыру шараларын қолданады, ал егер басқа вагонды тіркеу мүмкін болмаса, жолаушыларды осы поездың бос орындарына, оның ішінде жоғарырақ санаттағы вагондардағы орындарға да орналастырады.
      Жоғарырақ санаттағы вагондарға ауысу кезінде баласы бар жолаушыларға, ауру адамдарға, жасы үлкен адамдарға, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына басымдық беріледі. Жоғары санаттағы вагонға ауысу кезінде жолаушылардан қосымша ақы алынбайды, ал жолаушылардың келісімімен төмен санаттағы вагонға ауысу кезінде жол жүру құнындағы айырмашылық осы Қағиданың 91-тармағы 5) тармақшасында қарастырылған тәртіппен төленеді.
      Сол поезға орналастырылмаған жолаушылар уақыт бойынша таяу арада кететін поезбен пайдаланылмаған жол жүру құжаттары (билеттері) қайтарылғаннан кейін алынған жол жүру құжаттарымен (билеттермен) жөнелтіледі.
      Тасымалдаушының кінәсы бойынша жолаушылардың басқа вагонға немесе поезға мәжбүрлі түрде ауысуы әрбір жағдайда поезд бастығы жасаған және оның қолы қойылған актімен ресімделеді, сондай-ақ жолаушы мен осы ауысу жүзеге асырылған вокзал қызметкерінің қолдары қойылып, вокзалдың (станцияның) мөрқалыбымен расталады. Актінің бір данасы жолаушыға беріледі, ал актінің екінші данасы поездың рейсі аяқталған соң құрамды құрастыратын жолсеріктер резервіне тапсырылады. Сол поезға отырғызылмаған жолаушыға актінің негізінде жүрілмеген қашықтық үшін билет кассасында жол жүру құны толықтай қайтарылады.
      81. Жолаушыларды ағытылған вагоннан басқа вагонға ауыстыру кезінде поезд бастығы вокзал бастығымен (қызметкерімен) бірлесіп, сақтық пен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдай отырып, жолаушылардың қол жүгін көшіруге қажет көмекті ұйымдастырады.

§9. Жолаушылар поездарында және вокзалдарда көрсетілетін қажетті және қосымша қызметтер

      82. Жолаушылар поездарында вагондардың қатынастарына, санатына және түріне байланысты қажетті және қосымша қызмет түрлері көрсетіледі.
      83. Қажетті қызметтер тізбесіне мыналар кіреді:
      1) қажеттілілігіне қарай кем дегенде тәулігіне екі рет, санитарлық тораптарда қажеттілігіне қарай кем дегенде тәулігіне төрт рет вагонның салонын және купесін жинау. Вагондардың барлық түрлерінде поездардың қатынастары мен санаттарына қарамастан жүргізіледі;
      2) СВ, купе, плацкарт (6 сағаттан астам уақыт жүретін болса, 6 сағаттан аз уақыт жүретін болса, жолаушының қалауы бойынша), "Турист", "Бизнес" және "Гранд" кластарының вагондарында барлық жол жүру бойына төсек-орын жабдықтары (матрас, жастық және көрпе) және екі жаймадан, бір жастықтыстан және бір сүлгіден тұратын төсек-орын жиынтығы беріледі, олардың құны жол жүру құнына енгізілген.
      Жол жүру барысында жолаушылар вагонының жолсерігі беретін төсек-орын жабдығының толық жиынтығы бар төсек-орын жабдықтарын ғана пайдалана алады. Вагон жолсерігі берген толық емес төсек-орын жиынтығын пайдалануға тыйым салынады. Өзінің жеке төсек-орнын пайдалануға да тыйым салынады.
      Вагон жолсеріктері төсек-орын жиынтығын жолаушылардың орындарына әкеліп береді, сондай-ақ мүгедектерге, ауруларға, қарияларға, кішкентай балалары бар жолаушыларға төсек-орындарын дайындап береді. Вагон жолсерігі поездың жолаушының келу немесе ауысып отыру станциясына келуіне дейін 30 минут бұрын төсек-орынды жинап алады. Бұл вагондардың барлық түрлерінде поездардың қатынастары мен санаттарына қарамастан жүргізіледі;
      3) дәрі қобдишасын пайдалану, алғашқы медициналық көмек көрсету, таяудағы станцияда жедел жәрдем көмегін шұғыл шақыру. Вагондардың барлық түрлерінде поездардың қатынастары мен санаттарына қарамастан жүргізіледі;
      4) белгіленген нормаларға сәйкес дәретхана керек-жарақтарымен қамтамасыз ету. Вагондардың барлық түрлерінде поездардың қатынастары мен санаттарына қарамастан жүргізіледі;
      5) вагон салонының ішінде ақпаратпен қамтамасыз ету. Вагондардың барлық түрлерінде поездардың қатынастары мен санаттарына қарамастан жүргізіледі;
      6) қайнаған сумен қамтамасыз ету. Вагондардың барлық түрлерінде поездың санаттарына қарамастан, отыруға арналған вагондардан жасақталған поездардан басқа барлық қатынастарда жүргізіледі;
      7) бір бағыттағы жолда жиырма және одан астам сағат (уақыт) бойы болатын халықаралық және облысаралық қатынастардағы поездардың барлық санаттарында және құрамында кемінде төрт купе вагондары қатынайтын, сондай-ақ астананы республикалық маңызы бар қаламен байланыстыратын схемалардың бәрінде тамақтандыруды ұйымдастыру үшін кем дегенде бір вагон-мейрамхана қосады.
      Тасымалдаушы жолаушылар поездарының схемаларынан вагон-мейрамханаларды уәкілетті органдардың келісімі бойынша алып тастайды.
      Жолаушылар поездарында тамақ беру кезінде қызметтер көрсету тәртібі мен шарттарын тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға және талаптарға сәйкес белгілейді.
      84. Қосымша қызметтер тізбесіне мыналар кіреді:
      1) шағын кітапхана;
      2) сейф қызметтері;
      3) үстел ойындарын және жаңа баспасөз өнімдерін беру;
      4) вагон-мейрамхана өнімдерін лотокпен сату;
      5) тамақты купеге жеткізіп беру (фирмалық поездарда және жайлылығы жоғары поездарда қолданылады);
      6) поезд ішіндегі байланыс арқылы хабарлау;
      7) жолаушының тілегі бойынша төсек салу;
      8) тез бүлінетін тамақ өнімдерін тоңазытқышта сақтау;
      9) СВЧ пештерінде тамақты тез жылытып беру;
      10) радио және бейне хабарларды тарату;
      11) гигиеналық жинақтар беру;
      12) бейне ойнатқыштарды жалға беру;
      13) шай өнімдерімен қамтамасыз ету;
      14) отыруға арналған орындары бар вагондардан жасақталған поездардың құрамында, бар үстелдерімен жабдықталған вагондарда тамақ беру.
      Тасымалдаушының қалауы бойынша қосымша талап етілетін сервистік қызметтер көрсетіледі.
      85. Жолаушылар поездарында арнайы белгіленген орындарда ғана темекі шегуге рұқсат етіледі.
      Дизель және электр поездарының вагондарында, оның ішінде тамбурларда темекі шегуге жол берілмейді.
      86. Жолаушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала маңындағы қатынастағы поездарымен қатар жолаушылар поездарында сауда жасау тасымалдаушы белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
      87. Жолаушыларға құны "жайлылығы жоғары" вагондармен жол жүру құнына енгізілетін қызметтер жиынтығын ұсыну тасымалдаушы белгілейтін тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
      88. Темір жол вокзалдарында мынадай міндетті қызмет түрлері көрсетіледі:
      1) билет кассаларына орын-жайлар беру жөніндегі қызметтер;
      2) тасымалдау үдерісіне байланысты халыққа ауызша, радиомен трансляцияланатын, көрнекі ақпарат арқылы берілетін анықтама-ақпараттық қызметтер;
      3) жалпы қолданыстағы орын-жайларға (фойеге, күту залдарына, касса залдарына, вокзал өтпелеріне, жолаушылар платформаларына) халықтың кіруіне жол беру жөніндегі қызметтер;
      4) медициналық пункт орын-жайларын ұсыну жөніндегі қызметтер;
      5) санитарлық-тұрмыстық орын-жайларды ұсыну жөніндегі қызметтер.
      89. Темір жол вокзалдары вокзалдардың технологиялық мүмкіндігіне қарай жолаушыларға және халыққа қызмет көрсетуге байланысты қосымша қызметтің түрлерін де көрсетуі мүмкін.

§10. Тасымалдаудан бас тарту және тасымалдау шартын бұзу

      90. Егер жолаушы қасындағылардың мазасын алып, тыныштығын бұзатындай науқас болып, оны бөлек жерге орналастыруға мүмкіндік болмаса, тасымалдаушы жолаушыны тасымалдаудан бас тартады және оны поездан түсіреді.
      Бұл жағдайда тасымалдаушы жолаушыны дәрігерлік-медициналық қызметкердің қатысуымен және тек тиісті емдеу-медициналық ұйымдары бар станцияда ғана түсіреді. Осындай жағдайда төлемдер жолаушыға жүрілмеген қашықтық үшін билет құнын қайтару тәртібіне сәйкес қайтарылады немесе аялдау және жол жүру құжаттарының (билеттерінің) жарамдылық мерзімін ұзарту туралы белгі қойылады. Жолсерік жолаушыға бақылау купонын қайтарады. Бұл кезде поезд бастығы вагон жолсерігінің және емдеу-медициналық ұйымы қызметкерінің қатысуымен 2 данада акт жасайды.
      Егер жолаушы поездан түсірілген кезде багажының поезбен өзі баратын станцияға дейін жеткізілуін қаламаған болса, багаж түбіртек көрсетіліп, жолаушы поездан түсірілген станцияда беріледі немесе оны түсіріп алу мүмкін болмаған жағдайда багаж таяудағы станцияға дейін жеткізіледі. Жолаушы багаждың тасымалдау құнын төлейтін болса, багаж кері қайтатын бірінші поезбен жолаушы поездан түсірілген станцияға қайтарылады. Жолаушы поездан өзінің науқастануына байланысты себептермен түсірілген жағдайда, жолаушының багажы жолаушы поездан түсірілген станция (вокзал) бастығы берген жеделхаттың және телефонограмманың негізінде тегін қайтарылады.

11. Пайдаланылмаған жол жүру құжаттарының (билеттердің) төлемдерін қайтару тәртібі

      91. Жол жүру құны билеттің құнынан және плацкарттың құнынан тұрады.
      Жолаушы қажеттілікке байланысты жол жүру құжаттарын(билеттерін) қайтарады және пайдаланылмаған жол жүру құжаттарының (билеттердің) төлемдерін алады. Төлемдерді қайтару жолаушының жеке басын куәландыратын құжат ұсынылғанда жүргізіледі.
      Пайдаланылмаған жол жүру құжаттары (билеттер) және соның салдарынан тасымалданбаған багаж үшін жолаушыға Тасымалдаушы мынадай жағдайларда ақшасын қайтарып береді:
      1) жолаушыға поездан сатып алған жол жүру құжатына сәйкес орын берілмеген жағдайда.
      Жолаушы ұсынылған орынды ауыстырудан бас тартқан кезде жолаушыға жол жүру құжатының (билеттің) және тасымалданбаған багаждың ақшасы толық қайтарылады.
      Жолаушыға дәл сол поездан санаты төмен вагоннан орын берілген жағдайда, жолаушыға жол жүру үшін алынған сома мен орын берілген вагонның нақты жол жүру құнының арасындағы айырмашылық қайтарылады.
      Мұндай жағдайларда жолаушылар поезының бастығы акт жасайды, соның негізінде жолаушы жол жүру құжаты мен актіні көрсетіп, жүгінеді. Комиссиялық алым алынбайды;
      2) билет кассасына пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын (билеттерді):
      поездың жөнелтілуіне дейін 24 сағаттан кешіктірмей қайтарса, толық жол жүру құнын қайтарып алады;
      поезд жөнелтілгенге дейін 24 сағаттан аз, бірақ 6 сағаттан кешіктірмей қайтарса, билеттің құнын және плацкарттың 50% құнын қайтарып алады;
      поездың жөнелтілуіне 6 сағаттан аз уақыт қалғанда және поезд жөнелтілгеннен кейін 3 сағаттан аспайтын уақытта тапсырса, билеттің құнын алады, бұл ретте плацкарттың құны ұстап қалынады.
      Ұсынылған жол жүру құжаттары (билеттер) сызып тастау арқылы жойылады.
      Жолаушы қажеттілікке байланысты АБЖ-мен жабдықталған билет кассасында бірнеше орынға ресімделген жол жүру құжатының (билеттің) орындарын ішінара қайтаруды жүзеге асырады. Бұл ретте жолаушыға қажетті орын санына жаңа жол жүру құжаты (билет) беріледі және жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайтару шарттарына сәйкес ақша төленеді.
      Топтық тасымалдау (10 және одан астам адам), оның ішінде орындарды ішінара қайтару бойынша ақшаны қайтару орындар АБЖ жүйесіне қайтарылған соң талап ету тәртібімен жүргізіледі.
      Балалардың, оқушылардың жол жүру үшін топтық өтінімдер (10 және одан астам адам) бойынша қолма-қол ақшаға алынған жол жүру құжаттарының (билеттердің) ақшасы топ басшысының мекенжайы мен оның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірін көрсетіп, өтініш беруі бойынша билет кассасына қайтарылады;
      3) отыруға арналған вагондардан жасақталған поездарға ресімделген пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын (билеттерін) билет кассаларына:
      поездың жөнелтілуіне дейін 24 сағаттан кешіктірмей қайтарса, толық жол жүру құнын алады;
      поезд жөнелтілгенге дейін 24 сағаттан аз, бірақ 6 сағаттан кешіктірмей қайтарса, билет құнының 50%-ын алады;
      поездың жөнелтілуіне 6 сағаттан аз уақыт қалғанда және поезд кетіп қалған соң қайтарса, жол жүру құны қайтарылмайды;
      4) 2 және одан астам компостер белгісі қойылған немесе олардың жарамдылық мерзімі ұзартылған аялдама туралы мөртабаны бар жол жүру құжаттары (билеттері) бойынша төлемдерді қайтару кезінде;
      5) жолаушы науқастануына байланысты поездан түсірілген жағдайда.
      Бұл жағдайда поезд бастығы 2 данада акт жасайды. Актіде жол жүру құжатының (билетінің), поездың, вагонның нөмірі, күні және жолаушы поездан түскен станцияның аты көрсетіледі. Осы актінің негізінде жолаушыға жүрілмеген жолы үшін жол жүру құны (плацкарттың құнынан басқа) қайтарылады. Жүргізілген операцияға алым алынбайды.
      Егер жолаушы жол жүруді науқастану кезеңі өткеннен кейін (медицина ұйымы берген осы ұйымның бұрыштама мөртабанымен және анықтама берген дәрігердің мөртабанымен расталған анықтама бойынша) қалайтын жағдайда, ол билет кассасына жол жүру құжатын (билетін), актіні және науқастану туралы анықтаманы ұсынады. Билет кассирі осы Қағиданың 78-тармағына сәйкес жол жүруді ресімдейді;
      6) поезд қозғалысының үзілуіне байланысты жол жүру барысында жол жүру тоқтатылған жағдайда.
      Жол жүру жолаушының өз бастамасымен тоқтатылған кезде, жолаушыға оның жүрмеген қашықтығы үшін жол жүру құны (плацкарт құнынан басқа) қайтарылады. Жолаушыға тиесілі ақшаны қайтару жол жүру құжатында (билетте) ол жол жүруін тоқтатқан станция әкімшілігінің өкілі қойған жол жүрудің тоқтатылу күні мен уақыты туралы белгі болған жағдайда жүргізіледі.
      7) тиісті құжаттармен расталған науқастануы мен жазатайым оқиға салдарынан жол жүру құжаты (билеті) сатып алынған поезд жөнелтілген сәттен бастап 3 тәулік бойы поезға кешіккен жағдайда.
      Қажеттілік болғанда, жолаушы жол жүру құжатының (билеттің) жарамдылығын плацкарт құнын қосымша төлейтін болса, басқа поезға жаңарта алады немесе жол жүру құнын қайтарып алады, бірақ бұл ретте плацкарттың құны ұстап қалынады;
      8) жол жүру барысында жолаушының тілегі бойынша жол жүру тоқтатылған жағдайда.
      Қажеттілік болғанда, жолаушы жол жүру құнын (плацкарт құнынан басқа) жүрілмеген қашықтық үшін осы Қағиданың 78-тармағына сәйкес қайтарып алады.
      Жол жүру құжаттарын (билеттерін) автоматтандырылмаған тәсілмен ресімдеу кезінде жол жүрудің тоқтатылуын станция (вокзал) әкімшілігінің өкілі жол жүру құжатына (билетке) "Жол жүру құжатының (билеттің) күші тоқтатылды" деген белгіні, күнін және станция (вокзал) мөрқалыбын қою арқылы куәландырады және сызып тастау жолымен жойылады.
      Жол жүру тоқтатылған кезде ақшаны қайтару жолаушының ауызша өтініші бойынша жүргізіледі.
      Ұсынылған жол жүру құжаттарына (билеттеріне) қатысты жөнелтудің жолдағы немесе кейін қайту станциялары болып табылмайтын станцияларда (вокзалдарда) жол жүру құжаттарының (билеттерінің) күші жойылғаны туралы белгі қоюға жол берілмейді;
      9) (багаж) белгісі бар жол жүру құжаты (билеті) жолаушыға багаж қайтарылған және бұл туралы жол жүру құжатына (билетіне) белгі қойылған соң немесе жолаушының багаж бен жүк-багаждың тарифтері арасындағы айырмашылыққа қосымша ақы төлеген соң ғана қабылданады. Бұл ретте багаж кассирі "багаж" белгісін сызып тастайды және жол жүру құжатына (билетіне) өндіріп алынған соманы көрсете отырып, әртүрлі алымдар түбіртегінің нөмірін жазады.
      92. Жол жүру құжаттарының (билеттерінің) қайтарылу мерзімдеріне қарамастан, (бірақ поезд жөнелтілгенге дейін) жол жүру құнынан сомаларды ұстап қалу мына жағдайларда, яғни жол жүру құжатында (билетінде) көрсетілген поезд жойылған немесе поездың жолаушылардың жол жүруі пунктінен жөнелтуі бір сағаттан аса кідіртілген жағдайда, сондай-ақ жолаушылар жолаушылардың жол жүру құжатында (билетінде) көрсетілген орындардың оларға берілмеуі және олардың басқа орындарды пайдалануға келіспеуі салдарынан жол жүрмеген жағдайда жүргізілмейді. Бұл жағдайда жол жүру құны толығымен қайтарылады. Жүргізілген қайтару операциясы үшін ақы алынбайды.
      Жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеу кезінде, оның ішінде броньдау/резервтеу операциялары үшін алынатын комиссиялық алымдар жолаушыға қайтарылмайды.
      Тасымалдаушы жолаушыға пайдаланылмаған жол жүру құжаттарының (билеттердің) құнын, жол жүру құжаттарында (билеттерде) оларды станциялардың немесе вокзалдардың жою уақыты (күні, сағаты) және пайдаланылмаған орындардың тапсырылғаны туралы белгілер болған кезде ғана қайтарады.
      93. Темір жол көлігінің кінәсі бойынша келісілген поездар (жол жүру құжаттарын (билеттерін) билет кассирі ресімдеген поездар, келісілген поездар арасындағы кемінде 3 сағат айырманы есепке ала отырып) кешіккен жағдайда жолаушыға басқа станциядан ресімделген жол жүру құжаты (билеті) өзінің күшін сақтайды және жол жүру құжатында (билетінде) көрсетілген жету станциясына дейін баратын жуық арада болатын келесі поезға қайта ресімделуі тиіс.
      Келісілген поездардың кешігуіне байланысты жолаушы жол жүруден бас тартқан жағдайда, поездың кешігуі салдарынан жолаушының кешіккені үшін Тасымалдаушы жол жүру құны мен алымдарды толығымен қайтарады. Бұл ретте жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару операциясы үшін ақы алынбайды.
      94. Жолаушы поезға ауданаралық қалааралық қатынастағы поездардың, сондай-ақ отыруға арналған орындары бар вагондардан жасақталған поездардың кідіруіне байланысты кешіккен жағдайда, кешіккен поезға алынған жол жүру құжатымен (билетпен) расталған кешіккені туралы белгісі бар жол жүру құжаты (билет) күшін сақтайды және жуық арада болатын келесі поезға қайта ресімделуі тиіс. Егер жолаушы жол жүруден бас тартса, онда жол жүру құны мен әр түрлі төлемдер толығымен қайтарылады. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару операциясы үшін ақы алынбайды.
      95. АБЖ арқылы берілген жол жүру құжатын (билетін) "тегін билетті" бір рет ауыстыруға рұқсат етіледі. Жаңа жол жүруді ресімдеу үшін "тегін билеттің" жол жүру құжатының (билеттің) иесі билет кассасына поезд жөнелтілгенге дейін бұрын сатып алған жол жүру құжатын (билетін) қайтаруы тиіс. АБЖ арқылы қайтару операциясынан кейін кассир жол жүру құжатының (билеттің) иесіне "компостер алынды, күні, сағаты" деген белгілері қойылған "тегін билетті" жол жүру құжатын (билетті) қайтарады және жаңа жол жүруді ресімдеуге құқық беретін арнайы қайтару бланкісін береді.
      96. Топтық жол жүру құжаты (билеті) бойынша топ қатысушыларының толық саны жүрмейтін болса, онда оның басшысы орындардың ішінара қайтарылуын ресімдеу үшін топтық жол жүру құжатын (билетін) поезд жөнелтілгенге дейін билет кассасына ұсынуы қажет.
      Жол жүру барысында (вокзалдар мен поездарда) жолаушылардың жол жүру құжаттарында (билеттерінде) көрсетілгеннен аз саны жүріп бара жатқаны туралы топтық жол жүру құжаттарында (билеттерінде) көрсетілмейді және жүрілмеген қашықтық үшін ақша қайтарылмайды.
      Топтық тасымалдаудың (қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу бойынша алынған) жол жүру құжаттарының құнын қайтарып беру поезд жөнелтілгенге дейін кемінде 7 тәулік бұрын, бірақ 3 тәуліктен кешіктірмей жүргізіледі, бұл жағдайда плацкарт құнының 50%-ы ұсталады; поезд жөнелтілгенге дейін 3 тәуліктен кем болса, плацкарт құнының 100%-ы ұсталады. Топтық жол жүру құжаттары бойынша ақшалай төлемдер:
      1) қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша сатып алынған жол жүру құжаттарының (билеттердің) төлемдері оларды сатып алған заңды тұлғаның есеп айырысу шотына қайтарылады;
      2) қолма-қол ақшаға сатып алынған жол жүру құжаттарының (билеттердің) төлемдері заңды тұлғаның есепшотына, банктік карта-есепшотына немесе тегі жол жүру құжатында (билетінде) көрсетілген тұлғаға пошта аударымдары арқылы қайтарылады.
      97. Пайдаланылмаған жол жүру құжаттарының (билеттерінің) төлемдері (орындар тапсырылған жағдайда) орындар қайтарылғаннан кейін алты ай ішінде билет кассасында қайтарылады.
      Түзетулері, өзгертулері бар немесе қырып тазартылған және олардың жарамдылығына күмән келтіретін жол жүру құжаттары (билеттері) бойынша барлық жағдайларда төлемдерді қайтару туралы мәселе талап тәртібімен шешіледі. Талаптарды қарау мерзімі Тасымалдаушыға берілген өтініш тіркелген күннен бастап 1 ай.
      98. Жолаушы темір жолдың кінәсін санаты төмен вагонға ауыстырылған жағдайда, жол жүру құнындағы айырмашылық жолаушының қалауы бойынша поезд жөнелтілген немесе келетін станцияларда актіні көрсету арқылы төленеді.
      Жол жүру құнындағы айырмашылықты поезд жөнелтілген немесе поезд келетін станциялардан алу мүмкіндігін пайдаланбаған жолаушы, оның төленуін қажеттілігіне қарай талап ету мерзімі ішінде талап ету тәртібімен талап етеді.
      99. Бүлінген жол жүру құжаттары (билеттер), егер оларды сәйкестендіруді жүзеге асыру мүмкін болса, сондай-ақ жоғалған жол жүру құжаттары (билеттер) билет кассаларында телнұсқасын беру арқылы қалпына келтіруге жатады.
      Егер бұрын жоғалған немесе бүлінген жол жүру құжаты (билет) қайтарылмаған жағдайда, телнұсқа жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, жолаушының жазбаша өтініші негізінде беріледі.
      Бұрын сатып алынған жол жүру құжатының (билеттің) телнұсқасы дереу беріледі.
      Жолаушы жазбаша талап ету бойынша қалпына келтірілген және жоғалған жол жүру құжатын (билетін) қайтара алады.
      Бүлінген немесе жоғалған жол жүру құжаттарын (билеттерді) қалпына келтіру терминалмен жабдықталмаған билет кассаларында тариф үшін төлем алынбай, жол жүру құжатының (билетінің) бланкісінде қолмен ресімделеді, оның бақылау талоны вагон үлгісі мен поезд санатына және қалпына келтірілетін жол жүру құжатының (билетінің) құнына сәйкес кесіледі. Жол жүру құжатының (билетінің) беткі жағына және жол жүру құжатының (билетінің) түбіртегіне «бүлінген билеттің орнына берілді» немесе «жоғалған билеттің орнына берілді» деген белгі қойылады.
      Бүлінген немесе жоғалған жол жүру құжаттарын (билеттерді) қалпына келтіру үшін жолаушы уәкілетті орган белгілеген мөлшерде алым төлейді.
      Ескерту. 99-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      100. Пайдаланылмаған жол жүру құжаттары (билеттер) мен тасымалданбаған багаж төлемдерін қайтарудың барлық жағдайларында жолаушыдан жол жүру құжаттары (билеттері) алынады және олар төлемдерді төлеу үшін растау құжаттары болып табылады.
      101. Жолаушыларға осы Қағидада қарастырылмаған басқа жағдайларда ақшаны қайтару тек талап ету тәртібімен жүргізіледі. Бұл жағдайларда ақшаны қайтару туралы өтінішке пайдаланылмаған жол жүру құжаттары (билеттер) және қажеттілігіне қарай басқа да құжаттар мен анықтамалар қоса беріледі.
      Жалданған вагондармен жүрілмеген жол жүру үшін ақшаны қайтару туралы талаптарды вагондарды жалдау шарты жасалған Тасымалдаушы қарастырады.

3. Қол жүгін алып жүру

§1. Қол жүгін тасымалдау шарттары

      102. Жолаушыға өзімен бірге бір толық және балалар жол жүру құжатымен (билетімен) ұсақ-түйек қол жүгінен басқа, мөлшері үш өлшемнің жиынтығынан: 200 сантиметрден (100х50х50), 35 кг аспайтын, ал "Talgo" фирмасының вагондарынан құрастырылған поездарда және соларға ұқсас вагондарда (вагонның биіктігі – 3290 мм, ені – 2950 мм) мөлшері үш өлшемнің жиынтығынан: 150 см (70х40х40), 25 кг аспайтын қол жүгін тегін алып жүруге рұқсат етіледі.
      Қол жүгіне жолаушылардың мөлшері жағынан жолаушылар вагондарындағы қол жүгін орналастыруға арналған орындарға сыятын заттары жатады.
      Жолаушыға белгіленген нормадан тыс өзімен бірге портфель, әйелдер сөмкесін, дүрбі, шаңғы және оның таяқтары, қармақ, фотоаппарат, қолшатыр, сондай-ақ мөлшері үш өлшем жиынтығынан 100 см-ден аспайтын басқа да ұсақ-түйек заттарды тегін тасымалдауға рұқсат етіледі.
      "Таlgo" фирмасының вагондарынан құрастырылған поездардан басқа (вагонның биіктігі – 3290мм, ені – 2950мм) жолаушылар поездарында жол жүрген кезде, қажеттілігіне қарай жолаушы белгіленген нормаға қосымша өзімен бірге мынадай жағдайларда:
      1) салмағы 15 кг дейінгі қол жүгін жолаушыға "багаж қолында" деген ЛУ-12А нысанды түбіртегі беріліп, багаж тарифі бойынша бөлек ақыға;
      2) салмағы 50 кг дейінгі қол жүгін толық құны төленген бір жол жүру құжатымен (билетпен) 2 орынды купе (СВ) вагонының және 4 орынды купе вагонының бір купесімен;
      3) жалпы салмағы 300 кг дейінгі қол жүгін купедегі төрт орынның толық құны төленген жол жүру құжатымен (билетпен) жеке купемен алып жүреді.
      Қол жүгін әмбебап багаж вагондарымен (ӘБВ) немесе жылжымалы сақтау камералары-вагондарымен (ЖСК) тасымалдау тәртібі ӘБВ әмбебап багаж вагондары немесе ЖСК жылжымалы сақтау камералары-вагондары жұмысының үлгілік технологиялық үдерістеріне сәйкес белгіленеді.
      Егер жолаушы салмағы мен мөлшері белгіленген нормадан асатын қол жүгін тасымалдау ақысын төлегісі келмесе немесе оны әмбебап багаж вагонымен (ӘБВ) немесе жылжымалы сақтау камерасы вагонымен (ЖСК) багаж ретінде тасымалдауға тапсырғысы келмесе, онда мұндай қол жүгі тасымалданбайды.
      "Таlgo" фирмасының вагондарынан құрастырылған поездардан және соларға ұқсас вагондардан басқа (вагонның биіктігі – 3290мм, ені – 2950мм) жолаушылар поездарында қол жүгін тасымалдаудың белгіленген нормасы есебімен жолаушыға өзімен бірге бөлшектенген және ораулы күйінде балалар арбасын, байдаркалар, моторсыз велосипедтерді, егер олар мөлшері бойынша қол жүгін орналастыруға арналған орындарға сыятын болса, рұқсат етіледі.
      103. Жайлылығы жоғары электр поездарының вагондарынан басқа отыруға арналған орындары бар вагондардан құрастырылған поездармен қол жүгін тасымалдаудың белгіленген нормасы есебімен биіктігі 180 см аспайтын балалар арбалары, өсімдіктер, көшеттері байланған және тамыры оралған басқа да отырғызылатын материалдар сияқты қол жүгін тасымалдауға рұқсат етіледі. Аумақтарында шектеу қою іс-шаралары (карантин) енгізілген аудандарда көрсетілген өсімдіктер, көшеттер мен басқа да отырғызылатын материалдар олардың иесі өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция берген құжаттарды ұсынған кезде тасымалданады.
      Отыруға арналған орындары бар вагондардан құрастырылған поездарда белгіленген нормадан тыс 50 кг дейінгі қол жүгін тасымалдау қосымша билет беру арқылы ресімделеді. Отыруға арналған орындары бар вагондардан құрастырылған поездың тамбурында бір велосипедті немесе балалардың, мүгедектердің арбасын бөлшектенбеген күйінде тасымалдауға рұқсат етіледі.
      Жолаушыларға арналған орындарда, сондай-ақ орындар арасындағы бос жерлерге, дәлізге, вагон тамбурларында қол жүгін орналастыруға болмайды.
      Тасымалданатын қол жүгін өлшеу үшін станцияларда (вокзалдарда) таразылар орнатылады.
      104. Вагонды немесе басқа жолаушылардың заттарын бүлдіретін немесе былғайтын, сондай-ақ зарядталған қаруды, сасық, өртқауіпті, улы, оңай тұтанатын, жарылғыш және басқа да қауіпті заттар (мемлекеттік маңызы бар жағдайды есепке алмағанда) сияқты қол жүгін тасымалдауға рұқсат етілмейді.
      105. Егер электронды, тұрмыстық, бейне және аудио техниканың мөлшері үш өлшемнің жиынтығынан 200 см және 35 кг аспайтын болса, ол қол жүгінің нормасы есебімен тасымалданады.
      Көрсетілген заттарды үш өлшемнің жиынтығы бойынша 100 см аспайтын қол жүгінің белгіленген нормасынан тыс бір жол жүру құжатымен (билетімен) поездардың барлық вагондарында (отыруға арналған орындары бар қатты вагондардан және "Таlgo" фирмасының вагондарынан және соларға ұқсас вагондардан құрастырылған поездардан басқа, вагон корпусының ең жоғарғы биіктігі – 3290мм, ең жоғарғы ені – 2950мм), оның ішінде шағын габаритті вагондардан құрастырылған поездардан басқа, отыруға арналған орындары бар вагондардан құрастырылған поездарда (вагон корпусының ең жоғарғы биіктігі – 3290 мм, вагон корпусының ең жоғарғы ені – 2950мм) тасымалдауға жол беріледі.
      Қол жүгінің нормасынан тыс тасымалданатын көрсетілген заттың әр қайсысы үшін оның салмағына қарамастан салмағы 30 кг болатын багаж тарифі бойынша ақы алынады. Осындай затты тасымалдау "багажы қолында" деген түбіртек бойынша багаж кассасында ресімделеді. Егер, көрсетілген заттарды тасымалдау қосымша сатып алынған жол жүру құжатымен (билетпен) жүзеге асырылатын болса, онда салмағы 30 кг багаж тарифі бойынша ақы алынбайды.
      Аса сақтықты талап ететін телевизорлар, радиоқабылдағыштар, магнитофондар және басқа да құралдар вагондағы қол жүгін тасымалдауға арналған орындарға немесе жолаушының жол жүру құжаты бойынша алып отырған орнына орналастырылады.
      Жолаушылар вагондарымен мөлшері бойынша ені кіреберіс купе есіктерінен үлкен ірі габаритті телевизорлар мен басқа да аппаратураны тасымалдауға жол берілмейді.

§2. Ұмытылып қалған және табылған заттар

      106. Станциялардан, вокзалдардан, поездардан немесе темір жол бойынан ұмыт қалған заттар анықталған барлық жағдайларда, сондай-ақ олардың ішінде жолаушылар мен темір жол көлігі қызметкерлерінің өміріне қауіп төндіретін заттардың жоқтығы расталған жағдайда, табылған заттардың сыртқы көрінісі мен олардың табылу жағдайлары сипатталып, жалпы нысанды акт жасалады.
      Акт затты тауып алған адамның қатысуымен жасалады. Актіге: поезда вагон жолсерігінің қатысуымен жолаушылар поезының бастығы, станцияда станция (вокзал) бастығы қол қояды. Актінің көшірмесі затты тауып алған адамға беріледі.
      Станцияда (вокзалда) немесе соңғы пунктке келген поездың құрамында немесе станцияға жалғасып жатқан аралықта ұмытылып қалып, табылған заттар осы станцияның (вокзалдың) бастығына тапсырылады және бұл туралы ұмыт қалған және талап етілмеген заттар кітабына тиісті жазба жасалады. Заттарға оның кітапта жазылған реттік нөмірі және станциясы (вокзал) көрсетіліп, таңбалар ілінеді. Сөмке, түйіншек, қап, чемодан сияқты басқа да заттарға пломбы салынады немесе мөр басылады, ал оның алдында олар ішкі істер органдары өкілдерінің қатысуымен ашылып, олардың тізімдемесі жасалады.
      Жол жүру барысында поездарда ұмытылып қалған және табылған заттарды жолаушылар поезының бастығы осы поез жасақталған пунктке актімен бірге тапсырады.
      107. Күнтізбелік 30 күн өткен соң табылған және іздеу салынбаған заттар Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне сәйкес сатылуы тиіс.
      Сақтау камераларының ішінен жолаушылар алмаған заттарды алу кезінде заттарды сипаттай отырып акт жасалады. Зат иесінің тұрғылықты жерін анықтауға мүмкіндік беретін деректер болған кезде, иесіне табылған заттардың орналасқан жері туралы дереу хабарлама жіберіледі. Жауап алынған соң заттар иесінің өтінішіне сәйкес жіберіледі. Тасымалдаушы осындай заттарды сатуға тек иесін іздестірудің барлық жолдары таусылған жағдайда ғана тапсырады.
      108. Табылған заттардың қайтып берілуін талап етуші адам заттардың нақты белгілерін, олардың ішінде не барын көрсету немесе заттар жабылған құлыптардың кілттерін ұсыну арқылы өзінің оларға деген құқығын дәлелдейді. Егер заттар тауып алынған немесе тапсырылған станцияда (вокзалда) сақталатын болса, онда иесіне олар көрсетілген заттарды беруді талап еткен адамның жеке басын куәландыратын құжаттар тексерілгеннен кейін станция (вокзал) бастығының өкімі бойынша беріледі. Егер заттар сатуға жіберілген болса, оларды беру туралы өтінішті заттарды сатуға тапсырған станцияның (вокзалдың) темір жолы қарастырады.
      Заттарды алу кезінде олардың берілуін талап еткен адам темір жолға тиесілі барлық тиісті төлемдерді (сақтау, орау, багаж тарифі бойынша тасымалдағаны және басқа да төлемдер үшін) төлейді, сондай-ақ өзінің тұрғылықты жерін және жеке басын куәландыратын құжаттардың нөмірін көрсетіп, заттарды алғаны туралы қолхат береді.
      109. Егер жолаушы өз станциясына келіп, вагоннан шығысымен, вагонда заттарының қалып қойғанын байқаса, ол станция (вокзал) бастығына өтініш жасауы тиіс. Станция (вокзал) бастығы жолаушының жазбаша өтініші бойынша болған жағдай туралы дереу жолаушылар поезының бастығына немесе поездың аялдау ұзақтығы 10 минуттан кем болмайтын поездың жүру жолындағы таяу станция (вокзал) бастығының атына қызметтік жеделхат, факсограмма жібереді, телеграммада, факсограммада жолаушы отырған вагон мен орынның нөмірі, ұмытылып қалған заттардың сипаты және оларды жолаушылардың орналасқан жеріне қайта жіберу талабы көрсетіледі.
      Мұндай жағдайларда заттарды қайтаруға байланысты барлық шығындар (жеделхат, факсограмма беру, орау, тасымалдау және т.б.) әр түрлі алымдар түбіртектері ресімделіп, олардың иесінің есебінен жүргізіледі.

4. Багажды тасымалдау тәртібі

§1. Багажды тасымалдау

      110. Жолаушыны тасымалдаушы багажды қабылдайды және осы операциялар үшін ашық кез келген темір жол станциясына дейін жібереді.
      Багаж деп жолаушы поезының багаж вагонында жол жүру құжаты бойынша тасымалдауға қабылданған салмағы 200 кг аспайтын мүлік саналады.
      Жолаушы қажет болған жағдайда багажды тасымалдауға алдын ала тапсырады. Жолаушы (жөнелтуші) багаж бөліміне тікелей әмбебап багаж вагонындағы поездарда жүк және жүк-багажды қабылдап-тапсырушыларға багажды тапсыруды жүзеге асырады.
      Тасымалдауға өздерінің өлшемдері, орауы және қасиеттері бойынша багаж вагонына ешқандай қиындықсыз салынатын және орналастырылатын, сондай-ақ жолаушылардың багажына зиян келтірмейтін заттар мен нәрселер қабылданады.
      Багаждың әрбір орнында оны тиеу, қайта тиеу және түсіру кезінде оны алып жүруге мүмкіндік беретін құрылғылары (аспаптары) бар. Ыдыс немесе орам тасымалдау уақытында заттардың сақталуын қамтамасыз етеді. Оргалиттен немесе ағаш-талшықты плитадан жасалған картон қораптар 20 кг аспайтын салмақта қабылданады, чемодандар, жәшіктер, қораптар мен дорбалар тығыз байланады және тігіледі, сандықтар мен жәшіктердің жиектері темірден жасалуы керек.
      Аса сақтықты талап ететін бейне-аудиоаппаратура және басқа ұйымдастыру техникасы артық жүксіз жол жүру барысында сақталуын қамтамасыз ететін орамда, ал артық жүкті тасымалдау - тек қатты орамда ғана (жәшіктер және торларда) қабылданады.
      Бейне-аудиоаппаратура мен басқа да ұйымдастыру техникасының тасымалдауды ресімдеу кезінде орамның үстіңгі жағына немесе бүйір қабырғаларының біріне "Абайлаңыз, телевизор" немесе "Абайлаңыз, компьютер" деген анық жазулар жазылады.
      Багаж ретінде тасымалдауға бір орынның салмағы 75 кг және бір өлшемнің 3 м асатын заттар мен нәрселерді қабылдауға болмайды.
      Салмағы 75 кг асатын, бірақ 165 кг аспайтын және 3 м аспайтын бір өлшемнің көлеміндегі бөлінбейтін орындар (мысалы, тоңазытқыш, газ плитасы) тасымалдауға бір жол жүру құжатына (билетке) бір орыннан аспайтын багажымен қабылданады. Бөлінбейтін орындарды багажбен тасымалдау бөлінбейтін орындарды жүк-багажбен тасымалдау тәртібіне ұқсас тәртіппен жүргізіледі.
      Багажбен өсімдіктерді, соның ішінде көшеттерді және басқа отырғызу материалдарын тасымалдау барысында олардың орама қораптары (ыдыстары) тасымалдау сақтығына кепілдік беруге және басқа адамдардың багажы мен жүк-багаждарын ластамауға тиіс. Бұл жағдайда әрбір жөнелтудің орны салмағы бойынша 25 кг және биіктігі бойынша 200 см аспауға тиіс. Карантин жарияланған аудандардың аумақтарындағы көрсетілген жөнелту станциясы бойынша бар материалдарын тасымалдау құқығына өсімдіктердің карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция берген карантин құжатының иесі ұсынғанда ғана қабылданады.
      111. Багаж жарамсыз орамда тасымалдауға ұсынылған жағдайда, тасымалдаушы оларды қажет кезде тасымалдаудан бас тартады.
      Орамында бүлінуіне немесе жоғалуына әкелмейтін кемшіліктер болса, багаж осы кемшіліктер туралы тасымалдау құжаттарында көрсетумен тасымалдануға қабылданады.
      112. Багажбен:
      1) атыс қаруын, жарылғыш, улы, иісі жаман, инфекциялық, өрт қауіпі бар, оңай тұтанатын, өздігінен жанатын, есірткі және уландырғыш заттарды, оқ-дәріні және басқа жолаушылардың багажына немесе тасымалдаушыға зиян келтіруі мүмкін өзге де заттар мен нәрселерді;
      2) бағалы қағаздарды, құжаттарды, ақшаларды, бағалы тастар мен басқа да құндылықтарды тасымалдауға тыйым салынады.
      113. Тез бүлінетін тағамдардың немесе багаж ішіндегі басқа заттардың арасына жолаушы өзі орап салған сынғыш және осал заттардың, сондай-ақ жеке оралған сынғыш және осал заттардың (шыны, фарфор, телевизорлар, қабылдағыштар) бүлінуі немесе олардың қанағаттанарлықсыз жағдайы егер ораманың сыртында багаждың бүлінуіне әкеп соқтыратындай ешқандай зақым болса, багаждың иесіне жүктеледі.
      114. Багаж кассалары поезд жолаушылары ұсынатын барлық багаждың кідіріссіз қабылдануын қамтамасыз ету үшін алдын ала ашылуы тиіс.
      115. Багаж жолаушы жөнелтілген станцияда, сондай-ақ багаж операциялары үшін ашық жол жүру барысындағы кез келген аралық станцияда тасымалдануға тапсырылады. Келу станциясы ретінде жолаушының соңғы жол жүру станциясы, сол сияқты жол жүру барысында орналасқан және багаж операцияларын жасау үшін ашық кез келген станция бола алады. Бастапқы жөнелту станциясында салмағына қарай багажды қабылдау багаж квитанцияларының біреуін немесе бірнешеуін беріп, ресімделеді.
      116. Жолаушы (жөнелтуші) багажды алғашқы жөнелту станциясында немесе жол жүру барысында тікелей өзі келе жатқан багаж вагонына немесе ӘБВ (егер ондай поездың құрамында бар болса) тасымалдауға тапсырады.
      Мұндай жағдайда багажды қабылдап-тапсырушы багаж операцияларын жасау үшін ашық жолаушының алғашқы жөнелтілген станциясына дейін ғана, бірақ жол жүру барысында артық жүксіз қабылданады. Жолаушы ауысып отырумен немесе тікелей қатынастағы вагонда келе жатса, багаж тек оның қайта отыру станциясына дейін қабылданады. Жолда жолаушыдан (жөнелтушіден) осы поездың багаж вагонында тасымалдауға багаж қабылдау мүмкіндігі болған жағдайда поездың аялдама жасау кезінде алдын ала хабарлау бойынша қабылдап-тапсырушысы жүргізеді.
      Мұндай жағдайларда багаж қабылдауды ресімдеу, төлемдер алу және келу станциясында багажды беру, платформалық багаж үшін қарастырылған тәртіппен жүргізіледі.
      117. Егер ұсынылған жол жүру құжатында багаж қабылданғаны туралы белгі болса, қабылдап-тапсырушы затбелгінің келесі жағына қолмен "багаж екінші рет қабылданған" деген затбелгі белгісі қояды және оның үстіне бұрын затбелгі таңбасы бойынша багаж келген затбелгінің нөмірін қояды. Бұл жағдайда беру станциясының кассирі затбелгідегі белгіге сәйкес тасымалданған багаждың жалпы салмағын анықтайды да тасымалдау төлемдерін алады.
      Келу станциясында багажды беру багаждың салмағы анықталғаннан кейін және багаж кассасы барлық тиісті төлемдерді алғаннан кейін затбелгіге айырбасталып беріледі.
      Затбелгі бойынша ресімделген әрбір багаж жөнелтіліміне поездардағы жүкті және жүк-багажды қабылдап-тапсырушы ГУ-26-п нысанды жеке тапсыру тізімін толтырады және тізімнің бірінші екі жолына "Багаж затбелгі бойынша" деген жазба жазып, багажды тапсыру кезінде анықталған деректерді қояды, және де оған поездарда жүкті және жүк-багажды қабылдап-тапсырушы мен станциядағы жүкті және жүк-багажды қабылдап-тапсырушы өздерінің қолдарын қояды.
      Бөлінбейтін заттар (балалар арбалары, велосипедтер) тасымалдауға тікелей поездың құрамында қатынайтын багажға немесе ӘБВ-ға қабылданады. Багажды қабылдау багаж кассасына тасымалдау ақысын алдын-ала қашықтыққа және әр нәрсенің тіркелген салмағына қарай 20 кг төлегеннен кейін, ал салмағы 20 кг асатындар үшін багаж тарифі мен нақты салмағы бойынша ақы төлегеннен кейін жүргізіледі. Тасымалдаушы ӘБВ ресімдеу кезінде МД-4-3 нысанды түбіртегін береді. Тасымалдаушы ішкі есеп саясатына сәйкес төлемнің өзге шарттарын белгілейді. Көрсетілген заттар жол жүру барысында артық жүк заттары тапсырылған поезда келе жатқан жолаушылардан қабылданады.
      Тасымалдаушы жүкті және жүкбагажды қабылдап-тапсырушы багажды ӘБВ және ПКХ жұмысының технологиялық үдерісінде көрсетілген тәртіпке сәйкес тікелей вагоннан береді.
      118. Жөнелтуші келіскен кезде багаж жол жүру құжатында көрсетілмеген, басқа маршрут немесе басқа поезбен, оның ішінде жолаушы өзі баратын поездан бұрын жіберіледі. Ол туралы багаж түбіртегінде "Багаж_____________ жөнелтілсін (саны)" немесе "Багаж ___________________ маршрут бойынша жіберілсін" деген белгі жасалады. Көрсетілген белгі жолаушының қолымен бекітіледі.
      119. Егер жолаушы өз багажының поезда оның келу станциясына дейін жетуін қаламаған жағдайда, багажды түбіртекті ұсыну арқылы жолаушыны поездан түсіру станциясында береді немесе багажды түсіруге мүмкіндік болмаса, жақын арадағы станцияға дейін барып, бірінші кері қайту поезымен оны станцияға қайтарады. Жолаушы поездан науқастанып қалған себебімен түсірілсе, жолаушы поездан түскен станция (вокзал) бастығының жеделхаты негізінде багаж тегін қайтарылады.

§2. Багажды тасымалдауды ресімдеу тәртібі

      120. Тасымалдауға тапсырылатын багаждың әрбір орны таңбалаудың көрсетілген ережесіне сәйкес таңбаланады. Таңбалау бирка жапсыру немесе жазу түсіру арқылы жүргізіледі. Багаждың жеке орнының салмағы кемінде 10 кг болуға тиіс. Толық емес 10 кг толық болып есептеледі.
      121. Жөнелту станциясында (вокзалында) тасымалдауға багаж қабылданғанын растау ретінде жолаушыға (жөнелтушіге) АБЖ арқылы немесе қол технологиясы бойынша ресімделген багаж түбіртегі беріледі. Багаж түбіртегінде жол жүру құжатының нөмірі, жолаушының қалауы бойынша багаждың келгені туралы мәлімдеме жіберілетін пошталық мекенжай көрсетіледі және жолаушы (жөнелтуші) таңдаған хабарлау тәсілі (тапсырысты хатпен, тапсырысты ашықхатпен немесе жолаушының қалауы бойынша телеграфпен) аталады.
      Бұл ретте жөнелту станциясында тасымалдау құжатының (билетінің) "ерекше белгілер" бағанында "хабарлаумен" деген белгі түсіріледі.
      Багаж бөлімшесі тасымалдауға қабылдаған багажды тасымалдау үшін төлем багажды жөнелту станциясында тасымалдау құжаттарын ресімдеу кезінде алынады.
      Жолаушы (жөнелтуші) тасымалдау құжатында (багаж түбіртегінде) көрсетілген деректемелердің (жөнелтушінің және алушының пошталық мекенжайлары, келу станциясы, орам түрі, тасымалданатын багаждың атауы, салмағы, орындар саны және т.б.) дұрыстығын тексереді.
      122. Тасымалдауға оралмаған велосипедтерді қабылданған кезде багаж түбіртегінде велосипедтің нөмірі, маркасы (ерлердің, әйелдер, балалар) және оның қандай заттары бар екендігі көрсетіледі.
      Автомобиль шиналары тасымалдауға багаж түбіртегінде "камерасы бар" немесе "камерасыз", "жаңа" немесе "пайдалануда болған" белгілерін жасап, ораусыз багаж немесе жүк-багаж ретінде қабылданады.

§3. Багаждың құндылығын жариялау тәртібі

      123. Жолаушы қажет болған жағдайда багажды тапсыру кезінде ақы төлеу негізінде оның құндылығын жариялайды.
      124. Багажды тасымалдауға бірнеше орын ұсынылса, жолаушы әр жеке орынның құндылығын немесе осы орындардың жалпы құндылығын жариялауға тиіс. Егер жолаушы багаждың құндылығын жариялауды қаламаса, онда багаж түбіртегінің (Жарияланған құндылық) бағанында жолаушының қолы қойылған белгі (Құндылықты жариялаудан бас тартамын) жасалуы керек.
      Жарияланған құндылықтың сомасы багаж түбіртегінде жазумен және цифрлармен көрсетіледі, ал әрбір жеке орынның құндылығы мен салмағы цифрмен жазылады.
      Тамақ өнімдеріне, оның ішінде тез бүлінетін жүктерге құндылық жарияланбайды.
      Багажды қабылдау және беру бойынша операцияларды орындамайтын станциялардан жөнелтілетін багаждың құндылығы жарияланбайды.
      Егер багаж бөлімшесінің қызметкерінде жолаушы өз багажын бағалау дұрыстығына күмән келтірген жағдай туындаса (егер баға белгіленген сомадан асса), ол тексеру үшін жолаушыдан багажын ашуды талап етуге құқылы.
      Жолаушы тексеру үшін немесе станция қызметкері ұсынған баға сомасымен багажды ашуға келіспеген жағдайда багаж құндылығын жарияламай-ақ тасымалдауға қабылданады.
      125. Багажды тасымалдау багажды қабылдау мен беру бойынша операцияларды орындамайтын станциялардан осы операцияларды орындамайтын станцияға дейін және керісінше жүзеге асырылады. Бұл жағдайда тасымалдау жол жүру барысында артық жүксіз жүзеге асырылады. Багажды қабылдау және беру бойынша операцияларды орындамайтын станциялар арасында багажды тасымалдау жүргізілмейді.
      126. Багажды қабылдау мен беру бойынша операцияларды орындамайтын станцияларда багаж жөнелтілген кезде жөнелту станциясы жөнелтушіге багаж түбіртегін береді, онда багаждың тағайындау пункті мен аялдау пунктінен кейінгі тарифтік станция көрсетіледі және осындай пунктте багаж түсірілуге жататыны туралы белгі жасалады. Мұндай жағдайларда қабылдап-тапсырушы аялдау пунктінде осы поездың аялдау уақыты ішінде тікелей багаж вагонынан багаж түбіртегінің орнына багажды береді.
      Багажды алушының багажды қабылдау және беру бойынша операцияны орындамайтын станцияда багаж вагонына келмеген, багаждан бас тартқан, багаж бүлінген немесе ішінара жеткіліксіз болған жағдайда, багаж түсірілмейді және багаж квитанциясында көрсетілген станцияға жеткізіледі және сол жерде беріледі.
      127. Багажды қабылдау және беру жөніндегі операцияларды орындамайтын станциядан багажды жөнелткен кезде жолаушы белгі бойынша багажды және жүк-багажды қабылдап-тапсырушыға тікелей багаж вагонына осы поездың аялдау уақыты ішінде багажды тапсырады.
      Поездарда багажды және жүк-багажды қабылдап-тапсырушы жол жүру барысында багаж вагонына тікелей тасымалдауға қабылдаған багажды тасымалдағаны және затбелгінің ресімделіп берілгені үшін төлем жолаушыдан затбелгіні ұсынғанда келу станциясында алынады. Бұл ретте төлемдер іс жүзінде тасымалдау қашықтығына тиісті прейскурантта көзделген тариф бойынша есептелінеді және әртүрлі алымдар түбіртектері бойынша багажды берген кезде алынады.

§4. Иттерді, ұсақ үй жануарларын, құстар мен араларды тасымалдау

      128. Барлық санаттағы поездарда ұсақ үй жануарларын, иттер мен құстарды барлық санаттағы вагондардың жекелеген купелерінде тасымалдауға ғана жол беріледі. Бұл ретте жолаушы купедегі орын саны бойынша жол жүру құжаттарының (билеттер) құнын төлеуге міндетті. Поездарда жануарлар мен құстарды тасымалдау белгіленген нысандағы ветеринарлық куәлікті көрсету арқылы рұқсат етіледі.
      Ұсақ үй жануарлары, иттер мен құстар жәшіктерде, себеттерде, торларда, контейнерлерде тасымалданады.
      Ұсақ үй жануарларын, иттер мен құстарды тасымалдау кезінде олардың иелері немесе бірге алып жүрушілер вагонда санитарлық-гигиеналық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.
      Барлық санаттардағы поездар мен вагондарда қол жүгі ретінде жабайы жануарларды тасымалдауға рұқсат берілмейді.
      Тасымалдау жағдайлары сақталған кезде Тасымалдаушының рұқсатымен багаж вагонында жабайы жануарларды, кеміргіштер және бауырымен жорғалайтындарды тасымалдау жүзеге асырылады.
      Егер жабайы жануарларды, кеміргіштерді және бауырымен жорғалайтындарды тасымалдау жағдайында багаж вагонын қайтадан жабдықтау қажет ететін болса, онда осымен байланысты шығындарды олардың иелері немесе алып жүрушілер өтейді.
      129. Жолаушылар поездарында, оның ішінде қызметтік поезда ірі тұқымды иттерді тасымалдау нақты салмағына сәйкес багаж тарифі бойынша жүргізіледі:
      1) жолаушылар поезының локомотивінен кейінгі бірінші вагонның жұмыс істемейтін тамбурында (екі иттен асырмай) шынжырмен немесе белбеумен байланып, осы вагонда жол жүріп келе жатқан иелерінің немесе алып жүретін адамдардың қадағалауымен жүргізіледі. Тасымалдау оң жағында "Жолаушы қолындағы багаж" деген жазуы бар багаж түбіртегі бойынша жүргізіледі;
      2) купелі вагонның жеке купесінде, жайлылығы жоғары вагондардан басқа (кемінде екі иттен) – олардың иелерінің немесе купедегі барлық орындардың толық құнын төлей отырып бірге жүрушілердің қадағалауымен. Бұл ретте оларды тасымалдағаны үшін қосымша ақы алынбайды.
      3) иттерді тобымен тасымалдау поезд жөнелтілгенге дейін кемінде 5 тәуліктен кешіктірмей тасымалдаушыға берілетін алдын ала өтінімдер бойынша ғана, багаж вагондарында жалға алу шартында рұқсат етіледі;
      4) иесінің қадағалауымен (кемінде екі иттен) ауданаралық (қалааралық) немесе (қала маңындағы) қатынас поезының тамбурында;
      5) осы вагонда жол жүруі тиіс иелерінің немесе алып жүретін адамдардың қадағалауымен багаж вагондарында арнайы контейнерлерде немесе табандығы бар жәшіктерде. Иелері немесе алып жүретін адамдар иттерді тасымалдау үшін арнайы контейнерлерді немесе табандығы бар жәшіктерді қамтамасыз етеді;
      6) зағип жолаушылар жолсерік-иттерді өзімен барлық санаттағы поездардың барлық қатты вагондарында өзінің жанында тегін алып жүреді.
      130. Қала маңындағы поезда жолаушының өзімен бірге ұсақ үй жануарлары мен құстарды тасымалдауы ақысыз жүзеге асырылады, ал жергілікті және алыс поездарда жолаушыға бет жағында "Жолаушы қолындағы Багаж" деген жазуы бар багаж түбіртегін береді.
      131. Жолда жолаушы вагонынан ұсақ үй жануарларын, құстар мен иттерді багаж вагонына ауыстырған жағдайда, багаж түбіртегі тасымалдауға арналған құжат ретінде багаж вагонының қабылдап-тапсырушысына тапсырылады. Қабылдап-тапсырушы жолаушыға багаж түбіртегінің нөмірі мен келу станциясы көрсетілген затбелгіні береді.
      132. Багаж вагонында иттерді, ұсақ үй жануарларын, аралар мен құстарды жол барысында артық жүксіз тасымалдауға қабылдауға рұқсат етіледі.
      Ұсақ үй жануарлары, иттер, құстар мен аралар арнайы контейнерлерде немесе вагонда тұрған багаждың және басқа адамдардың жүк-багаждарының бүлінуіне, ал вагонның өзінің ластанбайтынына кепілдік беретін жолаушының түбі бар (себеттерінде, торларында, жәшіктерінде) ыдыстарында тасымалданады. Көрсетілген ыдыс тасымалданатын жануарлардың мөлшері мен санына сәйкес келуі тиіс. Ыдыстың ұсынылған осы пунктке сәйкес келетіндігі туралы мәселені ұсақ үй жануарларын, иттер, құстар мен араларды жөнелту станциясы багаж бөлімшесінің бастығы шешеді.
      Багажды вагонда тасымалданатын ұсақ үй жануарларын, иттер мен құстарға жем беру темір жолдың міндеті болып табылмайды.
      133. Аралар Цельсий бойынша сыртқы ауа температурасы +10 градустан артық болмаған кезде күзгі-көктемгі кезеңде багаж вагонында тасымалдауға қабылданады. Араларды осы поезда жол жүруге тиіс сүйемелдеушінің қадағалауымен ара ұяларында немесе фанерлі пакеттерде тасымалдайды. Вагонда, ара ұяларында және пакеттерде ара ұяларының желдету саңылауларынан қоршалмауын және оларға қатысты ерікті тәсілмен қамтамасыз етілуін белгілейді.
      Багаж вагонында араларды тасымалдауда нақты салмағы үшін ақы алынады.
      134. Ұсақ жануарларды, құстар мен араларды тасымалдауға тиісті поезд кеткенге дейін 1 сағат бұрын қабылданады.
      Иттерді, құстарды, ұсақ жануарлар мен араларды тасымалдауға багаж түбіртегі беріледі, онда ыдысымен жалпы салмағын және тасымалданып отырған жануарлар мен құстардың санын көрсете отырып, "Тордағы ит", "Тордағы құс" деген белгілер қойылады.
      135. Поезд келу станциясына келгеннен кейін жолаушы құстарды, ұсақ жануарлар мен араларды дереу, бірақ келген сәттен бастап 12 сағатан кешіктірмей алуға міндетті, осы уақыттан кейін олар осы Қағидада көрсетілген тәртіппен акті бойынша сатуға тапсырылады.
      136. Жануарлар, құстар мен араларды тасымалдау жасалған багаж түбіртегі жоғалған жағдайда жолаушы олардың тек өзіне тиістілігіне дәлелдер ұсынғанда ғана алушының тегін, атын, әкесінің атын және тұрақты мекенжайын көрсетіп, қолын қойдыра отырып берілуі мүмкін.
      137. Багаж вагонында ұсақ үй жануарларын, иттерді, құстар мен араларды тасымалдау тиісті нысандағы ветеринарлық куәліктерді ұсыну бойынша жүргізіледі.
      138. Тергеу немесе кеден органдарының өкімі бойынша багаж кідіртілген жағдайда, багаж кідіртілген станцияда станция бастығының немесе багаж бөлімшесі қызметкерінің және тиісті кеден немесе тергеу қызметкерінің қолы қойылып акті жасалады, бұл туралы багаждың келу станциясына багаж бөлімшесінің қызметкері жеделхат арқылы хабарлайды.

§5. Багажды беру тәртібі

      139. Багаж келу станциясына келгеннен кейін алушыға (қабылдау мен беру бойынша операцияларды орындау үшін станция ашық болған уақыт ішінде) ол багаж түбіртегін, барлық жол жүру бағытына ресімделген жол жүру құжаттарын (билеттерін) және жеке басын куәландыратын құжат ұсынғаннан кейін беріледі. Алушыда жол жүру құжаттары (билеттері) болмаған жағдайда одан әртүрлі алымдар түбіртегі бойынша жүк-багаж тарифіне дейін қосымша ақы алынады. Бұл ретте багаж түбіртегі қайтып алынып, багаж жол ведомосіне жапсырылады және темір жол көлігінің ұйымына жіберіледі.
      Жолаушының (алушының) қалауы бойынша келу станциясы тәулік өткеннен кейін (келген күнін есептемегенде) алушыға телефон арқылы, тапсырысты хатпен (тапсырысты ашықхатпен) немесе басқа да жолмен оның атына багаж келгені туралы хабарлайды.
      140. Келген багаж станция жолаушы тасымалдары бойынша операциялар үшін ашық деп жарияланған уақытта беріледі. Багажды келу станциясында поездардағы жүкті және багажды қабылдап-тапсырушы тікелей багаж вагонынан береді (затбелгі бойынша қабылданған багаждан басқа).
      Тасымалдаушы аралық станцияда келген багажды беру бойынша операцияларды поезд жүріп өткеннен кейін 2 (екі) сағаттан кешіктірмей, ал соңғы станцияларда - багаж вагонын түсіргеннен кейін жүргізеді.
      Көлік құралдары бар болғанда багаж жолаушының (алушының) қалауы бойынша ол көрсеткен жерге дейін белгіленген ставкалар бойынша ақы алынғаннан кейін жеткізіледі.
      Алушы қажет болған жағдайда багаждың салмағын тексере алады. Багаждың салмағын тексергені үшін төлем алынбайды.
      141. Алушы багаж түбіртегін (затбелгіні) ұсынбаған, бірақ ол бойынша жөнелту қабылданған жол жүру құжатын (билетін) көрсеткен жағдайда, алушыға багаж жазбаша өтініші бойынша (өзіне тиесілі жөнелтілімнің куәландырылуын берген жағдайда: зат ыдысының немесе орамасының дәл белгілері, ішіндегісінің тізбесі) жүкбагажды  тасымалдағаны үшін одан тариф бойынша айырымды өндіріп алусыз алушының тегі, аты, әкесінің аты және тұрғылықты жері (оның жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес) көрсетіле отырып қолхат бойынша беріледі.
      142. Багаж келмеген жағдайда, келу станциясы багаж түбіртегінің келесі бетіне жеткізу мерзімі өтіп кеткеннен кейін "Багаж келген жоқ" деген белгі жасауға, жылын, айын және күнін көрсетумен мөртабанын қоюға және жолаушыдан (алушыдан) багаж келгені туралы хабарлама беруді жіберу үшін оның мекенжайы көрсетілген өтініш алуы тиіс. Бұл жағдайда хабарлағаны үшін төлем алынбайды. Сол күні келу станциясына көрсетілген багаж келген жағдайда алушыға тапсырысты хатпен, тапсырысты ашықхатпен хабарлама жібереді және бұл жайында телефон арқылы қосымша хабарлайды.
      Темір жолдың кінәсінен келу станциясына багажды түсірмеген жағдайда алушының талап етуі бойынша багаж келу станциясына тегін қайтарылады.
      Багажды жеткізуде мерзімін өткізіп алғаны үшін айыппұл төлеуді Тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тасымалдаушының кінәсі анықталғаннан кейін және алушының талап етуі бойынша жасалған жалпы нысандағы акті негізінде жүргізеді.
      Айыппұлды төлеуге жасалған жалпы нысандағы актіде мынадай деректер болуы тиіс: багаж түбіртегінің нөмірі, тасымалдауға қойылатын багажды қабылдау күні, багаждың келген күні, багажды жеткізу мерзімінің күні, тасымалдағаны үшін алынатын сома, мерзімін өткізіп алған тәулік саны, төлеуге жататын айыппұл сомасы, багажды алушының тегі, аты, әкесінің аты және тұрғылықты жері, алушының жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, оның берілген күні, кім берді және нөмірі.
      143. Багажды жеткізу мерзімі багаж жіберілген поездың қозғалыс кестесіне сәйкес темір жол келу станциясына жету уақытымен анықталады. Егер багаж маршрут бойынша жолда артық жүкпен баратын болса, онда багажды жеткізу мерзімі осы маршрут бойынша келісілген поездардың жүру уақытымен әрбір артық жүкке 1 тәулік қосумен белгіленеді.
      144. Табылған багаждың келгені туралы келу станциясы оның келген күні жолаушыға (алушыға) тапсырысты хатпен, тапсырысты ашықхатпен хабарландыру хаты жібереді.
      Егер келу станциясы табылған багаждың келгені туралы хабарламаса, онда ол хабарландыру жібергенге дейін багажды сақтаған күндері үшін төлем алмайды.

§6. Жол жүру барысында багажды беру тәртібі

      145. Жолаушы (алушы) жол жүру барысында өз багажын қайтып алуды қалаған кезде ол бұл туралы алдын ала поезд бастығы арқылы немесе өзі поездарда жүкті және багажды қабылдап-тапсырушыға ескертуі тиіс.
      Егер жолаушы (алушы) өз багажын алуды қалаған станцияда багаж вагонына тиеу жағдайлары және поездың тұру уақыты бойынша бұл мүмкін болса, поездарда жүкті және багажды қабылдап-тапсырушы багажды береді, ал жолаушыдан (алушыдан) қайтып алынған багаж түбіртегін багаж жол ведомосімен бірге багаж берілген станцияға станция мөртабанын басу үшін және кейін тасымалдаушыға кезекті есеп беру үшін тапсырады.
      146. Поездарда жүкті және багажды қабылдап-тапсырушы багаж квитанциясына "багаж вагоннан жолаушының қолына берілді" деген белгі жасауға міндетті, ал станцияның жүкті және багажды қабылдап-тапсырушы тапсыру тізіміне осындай мазмұнда белгі жасайды. Бұл жағдайларда өтілмеген қашықтық үшін төлемдер қайтарылмайды.

§7. Багажды тасымалдау үшін ақы төлеу тәртібі

      147. Багажды тасымалдау үшін ақы жөнелту кезінде алынады. Багаж түбіртегінде көрсетілген салмақтан алшақтық анықталған әр жағдай туралы келу станциясы коммерциялық акті жасайды, оны шаралар қолдану үшін жөнелту жолына жібереді, ал жолаушымен (жөнелтушімен) тасымалдау төлемдерін қайта есептеу жүргізіледі.
      148. Поездарда багажды және жүкті қабылдап-тапсырушы қабылдаған жолаушылардың (жөнелтушілердің) багажын, сондай-ақ затбелгі мен жапсырмаларды берумен ресімделген платформалық багажды тасымалдау үшін төлемді жолаушы (алушы) келу станциясында затбелгіні ұсыну бойынша төлейді. Төлемдер тасымалдаудың нақты қашықтығы үшін белгіленген тариф бойынша есептеледі және МД-4-3 түбіртегі бойынша багажды тапсыру кезінде алынады. Тасымалдаушы ішкі саясат есептеріне сәйкес басқа төлемдер талаптарын белгілейді.
      149. Егер багаж жеткізу мерзімі аяқталғаннан кейін 7 тәулік өткеннен кейін келу станциясына келмесе (егер ол тергеу немесе кеден органдарының өкімі бойынша кідіртілмесе) багаж жоғалды деп есептеледі және жолаушы (алушы) оның құнын өтеуді талап етуіне болады. Жоғалған багаждың құны қолхатпен беріледі.
      Қолхаттағы ақшаны алу үшін, жолаушы (алушы) табылған багаж темір жол станцияларының біреуіне ақысыз жеткізілсін деп өтініш бере алады. Багажды іздестірген және жіберген жағдайда иесі келгені туралы хабарлама алған сәттен бастап 30 күнтізбелік ішінде оны алуы және алған ақшаны қайтаруы тиіс.
      150. Тасымалдау жүргізілген багаж түбіртегі немесе затбелгі жоғалған жағдайда, жолаушыға (алушыға) багаж тек оның жазбаша өтініші бойынша (жөнелтудің оған тиістілігінің дәлелдемесін ұсынған кезде) алушының тегін, атын, әкесінің атын және тұрғылықты жерін (тұлғаны куәландыратын төлқұжатқа немесе басқа құжатқа сәйкес) көрсетумен қолхат арқылы беріледі. Багаж жол ведомосінде алушының және станция бастығының немесе багаж бөлімшесі қызметкерінің куәландырылған қолымен затбелгі мен багаж түбіртегін көрсетпей бергені туралы белгі жасалады.
      151. Салмағы немесе орынның бөлігі жетіспеген кезде, сондай-ақ багаж зақымданған жағдайда, егер алушы осы түрде алуға келіссе, багаж алушыға беріледі.
      Түбіртек станцияда қалады, ал багаж алушыға оның талабы бойынша орындарды ашқаннан және ішіндегі барын тексергеннен кейін ғана (алушы ұсынған тізімдемеге сәйкес) коммерциялық актінің екінші данасы беріледі, онда жетіспеушілік немесе зақымданғаны туралы мәліметтерден басқа алушының аты, әкесінің аты, тегі, мекенжайы және жарияланған құндылық сомасы көрсетілуі тиіс. Көрсетілген акт бойынша жолаушы (алушы) жөнелту немесе келу станцияға шағым бере алады, сондай-ақ табылған, жоқ багаж орындарын қайтып ала алады.
      152. Шағымды қарау кезінде станция әрбір орынның жарияланған құндылығын немесе, егер бағалау барлық орындар үшін жалпы болса, жоғалған багаж бөлігінің тиісті салмағын өтейді.
      Багаж зақымданған немесе бүлінген жағдайда жолаушыға багаж бөлігінің немесе барлық багаждың құны қайтарылады. Егер багаждың бүлінуі оны жеткізу мерзімінің кешігуінен және ол құндылығын жариялаумен тапсырылған болса, жолаушыға бүлінген багаждың салмағына пропорционалды құн төленеді.
      Тасымалдаушы шығынның орнын толтырғаннан басқа, егер тасымалдау төлемі солардың құнына кірмесе, жоғалған, жетіспейтін, зақымданған (бүлінген) багажды тасымалдауға алынған тасымал төлемін жолаушыға қайтарады.
      153. Егер іздеп табылған багаж бойынша оның иесіне оның шағымы бойынша ақшасы төленген болса, багаж берілген соманы қайтару жағдайында ғана беріледі.
      Егер багажды алумен барлық шағымдары жойылатын болса, онда акті багажды берген жолда қалады, ал шағымның бір бөлігі ғана жабылған болса, актінің көшірмесінде іздеп табылған багаж орындарын беру туралы станция (вокзал) бастығының қолы қойылып, белгі жасалады.

§8. Багажды қайта жөнелту

      154. Багаж межелі станциясына келмеген жағдайда жеткізу мерзімі өтіп кетсе, багаж түбіртегін ұсынушы қажет болған жағдайда багажды басқа станцияға қайта жөнелтуді талап етеді.
      Иесі багажды қайта жөнелту туралы алғашқы вокзалдың жүк бөлімшесінің меңгерушісіне жазбаша өтініш беруге тиіс, онда қай станциядан және қай станцияға дейін тасымалдауға багаж тапсырылғаны, орындар саны, орамның салмағы, түрі, багаждың жарияланған құндылығы, багаж жөнелтілімінің нөмірі, багаждың жаңа келу станциясының атауы және багаж иесінің нақты мекенжайы көрсетіледі.
      Өтінішті алған вокзалдың жүк бөлімшесінің меңгерушісі багаж квитанциясының келесі бетіне мынадай мазмұндағы белгіні жасайды: "... станцияға дейін багаждың уақытында келмеу себебінен оны қайта жөнелту туралы өтініш қабылданды".
      Белгі күнтізбелік мөртабанмен және вокзалдың жүк бөлімшесінің меңгерушісінің қолымен бекітіледі. Багаж түбіртегі жолаушыға (иесіне) қайтып беріледі. Бұл жағдайда жолаушыға (иесіне) айыппұл Заңның 80-бабына сәйкес төленеді.
      155. Багаж алғашқы межеленген станцияға келгеннен кейін станция бастығының атынан багаж иесінің атына жазылған жаңа багаж құжаттары бойынша қолма-қол оны қайта жөнелту жүргізіледі. Жаңа жол-багаж ведомосіне алғашқы багаж жөнелтілімінің нөмірі көрсетіледі.
      Қайта жөнелтілген багаж жаңа багаж ведомосі бойынша жіберіледі, ал жаңа багаж ведомосі қайта жөнелту туралы өтінішпен бірге түбіртектің түбіршегіне жабыстырылады да ескі жол багаж ведомосімен бірге есеп беру кезінде кері жіберіледі.
      156. Бастапқы межеленген станция багаждың келгені және қайта жөнелтілгені туралы иесіне қайта жөнелтудің уақыты мен жіберу түбіртегінің нөмірін көрсете отырып, жазбаша хабарлайды.
      Жаңа межелі станцияда багаж ақысыз беріледі, бұл ретте багаж иесіндегі алғашқы жөнелтуге берілген багаж түбіртегі кері қайтып алынады.
      157. Сондай-ақ багаж әлі келмеген және де оны жеткізу мерзімі өтпеген жағдайларда да багажды қайта жөнелтуге рұқсат етіледі. Мұндай жағдайларда жолаушының жазбаша өтініші бойынша багаж жаңа тасымалдау құжаттары бойынша тиісті төлемдер төленген багаж ретінде өтініште көрсетілген жаңа межелі станцияға қайта жөнелтіледі (жаңа мекенжайға жіберіледі).
      Төлемдер төленгеннен кейін жолаушыға алғашқы жөнелтуде берілген квитанцияның орнына багаж түбіртегі беріледі, ол өтінішпен бірге багаж келгенге дейін станцияда сақталады.

5. Жүк-багажды тасымалдау тәртібі мен шарттары

§1. Тасымалдауға қабылдап алу шарттары

      158. Жолаушылар поездары багаж вагондарының іші жолаушылардың багажымен толық толтырылмаған жағдайда олар жүк-багажды тасымалдауға рұқсат етіледі.
      Жеке адамдардан жүк-багаж жазбаша өтініш бойынша багажды қабылдау мен беру үшін ашық станциялардан және станцияларға дейін қабылданады.
      Бос бөшкелер мен жәшіктер, кәбілді барабандар, қалбырлар, тұғырықтар, бөлшектенген контейнерлер және басқалары багаж вагонында орын болған кезде қабылданады.
      Шынысы немесе айнасы бар заттар барлық поездардың багаж вагонына жол жүру барысында артық жүксіз қабылданады.
      Темір жол торабында жүк-багаж тасымалдауға тек жүк-багаж тораптан жөнелтілетін желінің шығару станциясы жағынан ғана қабылданады.
      Жүк-багажды тасымалдауға егер жөнелту мен келу станциясында поездың аялдау ұзақтығы кемінде 5 мин кем болғанда қабылдайды.
      Жүк-багаж қажет болған жағдайда тасымалдауға алдын ала қабылданады.
      159. Жүк-багаж тасымалдауға жол жүрудің барысында оның сақталуын қамтамасыз ететін ыдыста немесе орамда қабылданады. Әр орында оны тиеу, қайта тиеу мен түсіру кезінде орнын ауыстыруға, ыңғайлануы немесе оған мүмкіндік беретін құрылғысы болуы тиіс.
      Айнасы немесе шынысы бар заттарды тасымалдауға қабылдау, оны тиеу немесе түсіру кезінде шынының немесе айнаның бүтіндігін қамтамасыз ететін орамда жүргізіледі. Әрбір орында "Абайлаңыз, шыны" деген жазу болуы тиіс.
      Жол жүру барысында бейне, аудиоаппаратуралар артық жүксіз тасымалдау кезінде олардың сақталуын қамтамасыз ететін орамда, ал артық жүкті тасымалдау кезінде - тек қатты орамда (жәшік немесе темір торда) қабылданады. Олардың тасымалдануын ресімдеу кезінде орамның үстіне немесе бүйір қабырғаларының біріне "Абайлаңыз, телевизор" немесе "Абайлаңыз, радиоқабылдағыш" деген анық жазулар жазылады.
      Ауыл шаруашылығы өнімдері жәшіктерге, себеттерге, қаптарға, ал бал – металл қалбырға немесе ағаш бөшкелерге салынуы тиіс. Орам тасымалданып отырған өнімдердің сақталуына кепілдік беруі тиіс.
      Мотовелосипедтердің, мотоциклдердің, мопедтердің және мотоарбалардың бактары жанармай мен майлардан толық тазартылуы тиіс. Мотоциклдер (салмағы 165 кг дейін), мотороллерлер және мопедтер тасымалдауға зауыттық немесе басқа да қатты орамда қабылданады.
      160. Жүк-багаж ретінде тасымалдауға бөлінбейтін орындарды қабылдау артық жүксіз де артық жүктеумен де, багажды қабылдау мен беруге ашық станциялардан станцияларға дейін бір орын салмағы 75 кг-дан 165 кг (газ плиталары, тоңазытқыштар) дейін жүргізіледі.
      161. Заңды тұлғалардан жүк-багаж тасымалдауға басқа жүктердің алдында басымдылықпен белгіленген төмендегі кезек тәртібімен қабылданады:
      1) дәрі-дәрмектер;
      2) құрылғылар мен аспаптар, экспедициялық жұмыстар үшін қажетті таспалар, сондай-ақ темір жол көлігі ұйымына жіберілетін жүктер.
      162. Жүктерден кейін жүк-багажбен жол жүру барысында асыра жүктеусіз тасымалдауға мынадай тез бүлінетін жүктер қабылданады:
      1) ет және балық;
      2) уылдырықтың барлық түрлері;
      3) сүт өнімдері;
      4) ашытқы;
      5) жұмыртқа;
      6) тірі теңіз және өзен фаунасы;
      7) көкөністер, жемістер мен жидектер;
      8) поездың мейрамхана вагондары мен буфеттерінің өнімдері:
      тағамдық тоң майлар;
      9) сыра, су;
      10) нан, нан-тоқаш өнімдері;
      11) өсімдіктер мен көшеттер.
      Жоғарыда аталған тез бүлінетін жүктерді багаж вагондарында тасымалдаудың ең жоғарғы рұқсат етілетін қашықтығы осы Қағиданың 6-қосымшасында келтірілген.
      163. Тез бүлінетін жүктер үшін мынадай қысқартылған беру (сақтау) мерзімдері белгіленеді, бұл мерзімдер өткеннен кейін жүк алынбаған деп есептеледі және жойылуға жатады:
      1) жаңа сауылған сүт - 6 сағат;
      2) жемістер мен жидектер, ет пен құс еті, картоп, қызылша мен қырыққабаттан басқа жас көкөністер, әр түрлі жаңа ауланған балықтар, шаяндар, ашытқылар, сүт өнімдері - 12 сағат;
      3) көктемгі картоп, қызылша мен қырыққабат - 24 сағат.
      Қалған тез бүлінетін жүктер үшін сақталу мерзімі 3 тәуліктен аспауы тиіс.
      164. Тез бүлінетін жүктер станцияларда жолаушыдан белгілі бір поезға осы поезд жөнелтілгенге дейін 2 сағат бұрын (одан ерте емес) қабылданады.
      Алушыға тез бүлінетін жүкті алуға келу уақыты туралы ақпарат беру жөнелтушінің міндетінде болады.
      165. Жүк жеткізіліп, осы Қағиданың 163 және 164-тармақтарында көрсетілген беру мерзімі барысында алушыға берілуі мүмкін болған және тасымалдаушының кінәсінен жүктің бүлінуіне әкеп соққан ораудың зақымдалуы болмаған жағдайда, өзінің табиғи қасиеттеріне немесе климаттық жағдайларына байланысты тез бүлінетін жүктің бүлінгеніне байланысты шығындарды (залалдарды) Тасымалдаушы өтемейді.

§2. Жүк-багажды тасымалдауды ресімдеу тәртібі

      166. Жөнелтуші жүк-багажды жөнелту туралы мынадай мәліметтер көрсетілген өтініш береді:
      1) жүк-багаждың атауы;
      2) орындар саны, орамның салмағы және түрі;
      3) межелі станция мен жолы;
      4) алушының атауы (тегі, аты, әкесінің аты) және пошталық индексі көрсетілген мекенжайы;
      5) жөнелтушінің атауы (тегі, аты, әкесінің аты) және пошталық индексі көрсетілген мекенжайы;
      6) алушыға хабарлау тәсілі (телеграф, пошта).
      Тасымалдаушы жөнелтушіні жеке ақы төлегені үшін қажет болған жағдайда өтініштің осы бланкілермен жабдықтайды.
      Багаж бөлімшесінің қызметкері жүк-багажды тасымалдауға рұқсат берген кезде жүк-багажды қабылдау уақыты (күні, айы, сағаты) белгіленеді, бұл туралы өтініште белгі жасалады.
      167. Жүк-багажды жөнелтуге қабылдау жіберушінің өтініші негізінде және өтініште көрсетілген деректерге сәйкес ресімделген белгіленген нысандағы тасымалдау құжатымен ресімделеді.
      Жөнелтушіге жөнелтуші мен алушының атауын және олардың мекенжайы көрсетілген жүк-багаж түбіртегі жіберіледі.
      Жөнелтуші тасымалдау құжатында (жүк-багаж түбіртегі) көрсетілген деректердің (жөнелтушінің немесе алушының мекенжайы, тегі немесе атауы, межелі станциясы, орам түрі және жүкбагаждың атауы, салмағы, орындар саны, хабарлау тәсілі) дұрыстығын тексереді.
      168. Жөнелтуші жүк-багаждың барлық орындарын талап етілетін таңбалық жазуларымен ұсынуға міндетті. Жөнелту станциясында жөнелтушілер таңбалық жазуларды түсіру үшін ақы төлеп арнайы биркалар ала алады.
      169. Жөнелтуші тасымалдаушы белгілеген мөлшерде ақша төлей отырып тасымалданып отырған жүк-багаждың құндылығын жариялайды.
      170. Егер тасымалдауға бірнеше орын ұсынылатын болса, жөнелтуші әрбір жеке орынның құндылығын немесе барлық орындардың жалпы құндылығын жариялауы керек.
      Жарияланған құндылықтың сомасы жүк-багаж түбіртегінде жазумен және санмен көрсетіледі, ал әрбір жеке орынның құндылығы мен салмағы санмен қойылады.
      171. Тасымалдау және жарияланған құндылығы үшін ақы жөнелту кезінде төленеді.
      Жүк-багажды жөнелтудің ең аз есептік салмағы 10 кг. 10 кг артық жөнелтілімдердегі толық емес 10 кг толық болып есептеледі. Салмағы 1000 кг артық жөнелтімдердегі толық емес 100 кг толық болып есептеледі.

§3. Жүк-багажды беру тәртібі

      172. Межелі станция жөнелтушінің өтінішінде көрсетілген тәсілге сәйкес алушыға жүк-багаждың келгені туралы тапсырысты хатпен (тапсырысты ашық хатпен) хабарлауға міндетті. Бұл ретте хабарлама үшін жеке төлем алынады.
      173. Заңды тұлғалардың атына келген жүк-багаж басшының және бухгалтердің қолы қойылған сенімхат бойынша беріледі. Сенімхатта алушының мекенжайы, жөнелту нөмірі және алынатын орындар саны туралы мәліметтер болуы тиіс. Жүк-багажды алуға уәкілетті адам сенімхаттан басқа оның тұлғасын куәландыратын құжатты ұсынуға тиіс. Жүкбагажды алу кезінде уәкілетті адам жол жүк-багажы ведомосінің екінші жағына алғаны жайында өз қолын қояды. Бұл ретте станциядағы жүкті және багажды қабылдап-тапсырушы сенімхатта көрсетілген мәліметтермен жол жүк-багаж түбіртегіндегі барлық деректерді салыстырады. Осыдан кейін жол жүк-багаж түбіртегінің келесі бетіне және багаждың және жүк-багаждың келуі мен беру кітабында сенімхаттың (нөмірін, берілу күнін, кім қол қойғанын) және жүк-багажды алуға уәкілетті адамның жеке басын куәландыратын құжаттың (нөмірін, күнін, кім бергенін) деректерін және тұрғылықты жерін жазып алады.
      Жеке адамдардың атына келген жүк-багаж оның тұлғасын куәландыратын төлқұжатты немесе куәлікті ұсыну бойынша алушыға (немесе оның сенімхаты бойынша басқа адамға) жол ведомосінің келесі бетіне адамды куәландыратын төлқұжаттың немесе құжаттың нөмірін және тұрғылықты жерін көрсетумен қолын қойғызып, беріледі.
      Жүк-багажды алу кезінде жүк-багаж түбіртегін көрсету міндетті емес. Бірақ, жүк-багажды алуға уәкілетті адамның қалауы бойынша станцияда белгіленген ақыға жол жүк-багажының ведомосінен көшірме жасалына алады, ол станцияның (вокзалдың) қолымен және мөртабанымен расталады.
      174. Алушы жүк-багажды алу кезінде қажет болған жағдайда оның салмағын тексертеді. Жүк-багажды өлшеу кезінде төлем алынбайды.

6. Қол жүгін, багаж бен жүк-багажды сақтау тәртібі
 
 
§1. Қол жүгін сақтау шарттары

      175. Жолаушылардың қол жүгін уақытша сақтау үшін темір жол станцияларында (вокзалдарында) бейне қадағалау камералармен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсететін автоматты сақтау камераларының блоктарын орнатуға рұқсат беріледі.
      Жергілікті жағдайларға қарай, қажет болған жағдайда қоймашылар қызмет көрсететін сақтау камераларының да ашылуы мүмкін.
      Өзіне-өзі қызмет көрсететін автоматты сақтау камералары, сондай-ақ қоймашылар қызмет көрсететін сақтау камераларының жұмыс уақыты мен тәртібі туралы хабарландырулар жолаушылардың назары үшін сақтау камералары бөлімдерінде және көрінетін жерлерде ілінеді.
      176. Қоймашылар қызмет көрсететін стационарлық сақтау камераларына түрі мен жайына қарамастан ораудағы қол жүгін тапсыруға болады.
      Ауыл шаруашылығы өнімдері сақтауға олардың сақталуын қамтамасыз ететін кез келген ыдыста қабылданады.
      Сақтауға тапсырылған тез бүлінетін өнімдердің табиғи бүлінуі үшін тасымалдаушы жауапты болмайды.
      Сақтауға жеке қабылданатын қол жүгі орынының салмағы 50 кг аспайтын және әрбір орынның оны тасымалдауға мүмкіндік беретін құрылғысы болуы тиіс.
      Тапсырылып отырған қол жүгіне байланған әрбір зат жеке орын деп саналады.
      Жануарлар мен құстарды, атыс қаруын, жарылғыш, өрт қаупі бар, оңай тұтанатын, уландырғыш және сасық заттарды, сондай-ақ басқа жолаушылардың киімін былғайтын немесе бүлдіретін заттарды сақтауға тапсыруға және қабылдауға тыйым салынады.
      Қол жүгінде ақшалай сомаларды, облигацияларды, құжаттарды және басқа да құндылықтарды сақтауға рұқсат етілмейді.
      177. Егер сақтау камерасына заттарды қабылдау кезінде орауда ақаулар анықталса, онда оларды иесі не жоюға, не ыдысы мен орамында ақаулардың бары туралы қоймашы жасаған жалпы нысандағы актіге қол қоюы қажет.
      178. Салмағы 50 кг асатын немесе автоматты сақтау камераларының ұяларына немесе үшінші сөрелерге (төменге) сыймайтын заттар, сондай-ақ теледидарлар, тоңазытқыштар, кір жуу машиналары және басқалары арнайы ірі габаритті заттарды сақтау камераларында сақтауға қабылданады.
      179. Заттарды сақтауға тек оны тапсырып отырған адамда жеке тұлғасын куәландыратын құжаттар бар болған кезде ғана қабылдайды. Тұлғаны куәландыратын құжаттағы мәліметтер МД-4-3 нысанды түбіртекке көшіріледі (тұлғаны куәландыратын құжаттың нөмірі, жолаушының тегі).
      180. Заттарды сақтауға ставкалар бойынша ақы төленеді. Заттар жетон ұсынушыға беріліп, жетон қайтып алынады.
      Қол жүгін тапсырған жолаушы өзіне-өзі қызмет көрсететін сақтау камерасының ұяшығын жаңа қол жүгімен толықтыруға қайтадан ашқан жағдайда, қол жүгін сақтау үшін ақы төлейді.
      181. Жетон жоғалтылған кезде, сақтау камерасына қабылданған заттар багаж үшін белгіленген тәртіппен иесінің осы заттардың оған тиістілігі туралы дәлелдер ұсынуы бойынша қайтып беріледі.
      Жолаушыдан жоғалтып алынған жетон үшін жетонның құнына тең ақы өндіріп алынады.
      182. Өзіне-өзі қызмет көрсететін сақтау камераларына тапсырылған заттар күнтізбелік екі күн барысында сақталады, осыдан кейін олар станцияның (вокзалдың) қоймалық бөлмелеріне немесе стационарлық сақтау камераларына тапсырылады. Өзіне-өзі қызмет көрсететін сақтау камераларынан қол жүгін алу кезінде оны толық сипаттаумен акт жасалады. Қол жүгі иесінің тұрған орнын анықтау мүмкіндігі болғанда оған дереу қол жүгінің орналасу орны туралы хабарлама жіберіледі. Жауап алынғаннан кейін қол жүгін тапсырған жолаушының (иесінің) өтінішіне сәйкес ақы төлеп жіберіледі.
      Үш ай ішінде иесі алмаған заттар багажды сату үшін белгіленген тәртіппен сатылады.

§2. Келген багажды сақтау тәртібі

      183. Межелі станцияға келген багаж келген уақытына қарамастан багажды түсіру күнін есептемегенде 1 тәулік бойы ақысыз сақталады. Уақыттың саналуы (1 тәулік) багаждың келу күнінен кейінгі күннің 00 сағатынан басталады.
      184. Алушы өз багажын тасымалдаушыға байланыссыз себептер бойынша алмаған жағдайда, багаж келу станциясына келген күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн бойы, кедендік бақылаумен келген багаж күнтізбелік 15 (он бес) күн бойы сақталады.
      Сақтаудың шекті мерзімдері өткен соң алынбаған багаж, сондай-ақ құжатсыз багаж уәкілетті мемлекеттік органдардың (салық, кеден және басқа қызметтер) қарамағына тапсырылады. Осы уақыттан бастап алушы оларға багажды алу немесе құнын өтеу мәселесі жөнінде оларға өтініш жасауына болады.

§3. Жүк-багажды сақтау тәртібі

      185. Межелі станцияға келген жүк-багажы келген уақытына қарамастан жүк-багажды түсіру күнін есептемегенде 1 тәулік бойы ақысыз сақталады. Уақыттың саналуы (1 тәулік) жүк-багаждың келу күнінен кейінгі күннің 00 сағатынан басталады.
      Жүк-багажды одан әрі сақтау үшін белгіленген ақы алынады.
      186. Тасымалдаушы жүк-багажды келген күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн бойы, кедендік бақылаумен келген жүк-багажды күнтізбелік 15 (он бес) күн бойы сақтауға міндетті.
      Жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде алынбаған жүк-багаж хабарлама жіберілгеннен соң, межелі станциясында белгіленген тәртіппен тиісті ұйымдардың (салық, кеден және басқа да) қарамағына тапсырылады.
      187. Жүк-багажды жеткізу мерзімі тасымалдау жүзеге асырылып отырған поезд қозғалысының кестесіне сәйкес межелі станцияға дейін поездың жол жүру уақытымен белгіленеді (пошта-багаждық немесе жолаушы).
      Егер жүк-багаж жол жүру барысында асыра тиелген жүкпен келе жатса, онда оны жеткізу мерзімі әрбір асыра тиелген жүкке тәулік қоса отырып келісілген поездармен жүк-багаждың қатынау уақытымен анықталады.

7. Актілерді жасау тәртібі §1. Коммерциялық актілерді жасау тәртібі

      188. Коммерциялық актілер Заңның 92-бабына сәйкес мынадай жағдайларды куәландыру үшін жасалады:
      1) тасымалдау құжатында көрсетілген багаждың және жүк-багаждың атаулары, массалары, орындар саны сәйкес келмегенде;
      2) багаж және жүкбагаж зақымдалғанда (бүлінгенде);
      3) тасымалдау құжаттары жоқ багаж және жүкбагаж, сондай-ақ багажы және жүкбагажы жоқ тасымалдау құжаттары анықталғанда;
      4) тасымалдаушыға ұрланған багажды және жүк-багажды қайтарылғанда;
      5) жүкті тапсыру туралы құжаттар ресімделген соң жиырма төрт сағат ішінде тиеу орнына тасымалдаушымен жүк берілмегенде. Бұл жағдайда коммерциялық акт тек жүк алушының талабы бойынша жасалады;
      6) багажды немесе жүк-багажды сатуға тапсырғанда.
      189. Осы Қағиданың 188-тармағында көрсетілген жағдайлар анықталған кезде станция (вокзал) бастығы немесе коммерциялық актіні жасауға уәкілетті адам коммерциялық акт жасайды.
      190. Тез бүлінетін өнімдерді тасымалдау кезінде коммерциялық акт жасалғанда коммерциялық актінің бірінші данасына сапасы туралы құжат қоса беріледі.
      191. Коммерциялық актілерді станциялар бланкіде жасайды және компьютерде немесе жазба машинасында ешқандай түзетусіз толтырады. Жағдайлар анықталған кезде тиісті тәртіппен бекітілген коммерциялық актінің көшірмесі жөнелтуші келтірген залалды өтеуге байланысты мәселелерді шешу үшін жөнелту станциясына жіберіледі. Әр коммерциялық актіде станцияның мөртабаны мен темір жол станциясының атауы көрсетіледі.
      192. Коммерциялық актіні жасайтын темір жол станциясы жол багаж немесе жүк-багаж ведомосінің артқы жағына, ал багаж және жүк-багаж түбіртегі бар болған кезде - осы түбіртектің артқы жағына да белгі қояды. Белгі станция қызметкерінің қолымен және темір жол станциясының күнтізбелік мөртабанын соғумен куәландырылады.
      193. Жүкқұжатта жол бойындағы кездескен станциясымен коммерциялық акт жасалғаны туралы белгі болған, ал багаж және жүк-багажбен бірге келген тасымалдау құжаттарында ол болмаған жағдайларда коммерциялық акт межелі станцияда багажды және жүк-багажды тапсыру нәтижелері бойынша жасалады.
      194. Коммерциялық акт коммерциялық актілерді есепке алу кітабында тіркеледі.
      195. Алушының талабы бойынша межелі станция үш күн мерзімде осы жөнелтім бойынша құрылған коммерциялық актіні табыс етеді. Алушыға коммерциялық актіні тапсыру багажды және жүк-багажды алуға сенімхатты ұсынған кезде, ал жеке тұлғалар үшін - төлқұжатты немесе тұлғаның жеке басын куәландыратын өзге де құжатты ұсынған кезде коммерциялық актінің станцияда қалатын данасында қол қоюмен жүргізіледі.

§2. Жалпы нысандағы актілерді жасау тәртібі

      196. ГУ-23п нысанды акт осы Қағидада көзделген жағдайлар бойынша жасалады.
      197. Жалпы нысандағы акт екі данада жасалады және оған осы актіні жасауға негіз болған жағдайларды куәландыруға қатысқан адамдардың кем дегенде екеуінің қолдары қойылады.
      198. Жалпы нысандағы актілердің нөмірленуі коммерциялық актілерді нөмірлеуден бөлек жүргізіледі. Станция бастығының немесе оның орынбасарының нұсқауы бойынша станцияның әр объектісіне және бөлімшесіне қатаң түрде белгілі реттік нөмірлер беріліп, станцияның тауарлық кеңсесіндегі ерекше кітапта ескеріледі. Әр жылдың 1 қаңтарынан бастап актілердің нөмірленуі бірінші нөмірден басталады.
      Жалпы нысандағы актілердің екінші даналары жолаушыларға және жүк жөнелтушілерге (жүк қабылдаушыларға) олардың талаптары бойынша, сондай-ақ акт темір жол көлігінің ұйымына келтірілген залалды өндіріп алу үшін негіз ретінде құрылатын жағдайларда беріледі.
      Барлық актілердің даналары станцияда олар бойынша хат алмасулармен және тексеру материалдарымен қоса бір істе (папкада) болуға тиіс.
      199. Жалпы нысандағы акт жолаушылар қабылдап-тапсырушының жаднамасында, багаж ведомостерінде қол қоюдан бас тартқан немесе жалтарған, станцияларда багаж вагондары бос тұрған жағдайларда жасалады. Мұндай жағдайларда көрсетілген құжаттарда акт жасалғаны туралы белгі жасалады.
      Тапсырысты хатпен қол қойылмаған жалпы нысандағы актінің бір данасы жолаушыға немесе өкілі құжатқа қол қоюдан бас тартқан ұйымның басшысына жіберіледі. Осы хаттың көшірмесі мен жалпы нысандағы актіні жіберуге пошталық түбіртек қол қойылмаған құжаттың данасына қоса тіркеледі.
      200. Тараптардың әрқайсысы жалпы нысандағы актіге қол қояды. Актінің мазмұнымен келіспеген жағдайда тарап өзінің пікірін баяндай алады. Жүк жөнелтушілердің (жүк алушылардың) өкілдері актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда актіге оны жасауға қатысқан адамдар қолдарын қояды. Бұл ретте актіде жүк жөнелтушілер (жүк алушылар) өкіліне қол қоюға акт ұсынғаны және оның актіге қол қоюдан бас тартқаны туралы белгі жасалады. Осы белгі актіні жасауға қатысқан адамдардың қолдарымен екінші рет бекітіледі.
      201. Жол жүру барысында багаждың және жүкбагаждың ұрлануы, жетіспеуі және бүлінуі анықталған жағдайларда жалпы нысандағы акт үш данада жасалады, олардың бірінші данасы межелі станцияға дейін тасымалдау құжаттарымен бірге жеткізіледі, екіншісі багаж бөлімшесіне жолданады, ал үшіншісі ұрланғаны, жетпей қалғаны, бүлінгені туралы анықталған станцияда қалады.

8. Тасымалдаудың ерекше шарттары
 
 
§1. Арнайы поездарда жол жүру

      202. Жолаушылардың ұйымдасқан тобының жол жүруі үшін өтінім бойынша жол қажеттілігіне қарай жеке:
      1) вагон;
      2) ауданаралық (қалааралық, облыс ішіндегі) және қала маңы қатынасындағы поездың 10 вагонынан кем болмайтын тікелей қатынайтын жолаушылар поезының құрамы ұсынылады.
      Поезды жалдау туралы шарт оны жөнелткенге дейін кемінде 20 жұмыс күні бұрын жасалады.
      203. Жеке вагон тағайындалған кезде:
      1) вагонның жалдау ақысы;
      2) вагондағы орындар саны бойынша жол жүрудің құны өндіріп алынады.
      Жеке поезд тағайындалған кезде:
      1) поездың барлық вагондарын жалдау ақысы;
      2) поездағы орындар саны бойынша жол жүрудің құны өндіріп алынады;
      3) поездың құрамына арнайы вагондар қосылғанда Тасымалдаушы белгілеген мөлшерде вагонның жол жүргені үшін төлем алынады.
      Поезды немесе вагонды тағайындау үшін ақы ол жөнелтілгенге дейін 20 жұмыс күні ішінде алынады. Поезды немесе вагонды тағайындау кезінде жалдау ақысын есептеу оларды тағайындау туралы өкімде көрсетілген барлық уақытқа жүргізіледі.
      Жолаушылар саны вагондарындағы орындар санынан асқан жағдайда жол жүруге рұқсат берілмейді.
      204. Жалға алынған жеке поезда жол жүрген жолаушылардың багажы багаж вагондарында багаж тарифі бойынша төлем нормасын шектемей және багаж түбіртегін бере отырып жүргізіледі.
      Жалға алушының қалауы бойынша жеке поезда келе жатқан жолаушылардың багажын тасымалдау үшін ақы төрт осьті багаж вагонға 18 тонна ретінде есептеумен поезды тағайындау кезінде енгізіледі; бұл жағдайда багажды тасымалдауды, сақтауды және беруді жалға алушы жүргізеді, багаж түбіртектері берілмейді.
      205. Қосымша ақыға төсек-орын жабдықтары ұсынылады.

§2. Науқастарды және мәйіттерді тасымалдау

      206. Оқшаулауды талап ететін бірге алып жүрушілері бар науқастарды тасымалдау келе жатқан адамдардың санына қарамастан, алып отырған купедегі барлық орындардың толық құнын төлеу арқылы оқшауланған купеде жүргізіледі.
      Науқастарды жөнелтіп отырған заңды және жеке тұлғалар жеке купені дайындау үшін алдын ала, бірақ күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей жеке купеге өтінім береді.
      Өтінімге тасымалдау талаптары көрсетілген дәрігердің қорытындысы қоса тіркелуі тиіс.
      207. Темір жол көлігімен мәйіттер салынған табыттарды тасымалдау багаж немесе пошталы-багаж вагондарында немесе олардың бөліктерінде жол жүру барысында табытты тапсырып отырған адамның жөнелту станциясында мемлекеттік көліктегі қадағалау санитарлық-эпидемиалық органдардан, паталогоанатомиялық дәрігердің қорытындысынан (сот медициналық сарапшысы) тасымалдауға рұқсат қағазын ұсынуы бойынша жүргізіледі. Темір жолдармен мәйітті тасымалдау бос жерлеріне ағаш үгіндісі немесе көмір, торф, ақбалшық толтырылған ағаш жәшікке орналастырылатын мұқият дәнекерленген металл табытта жүргізілуі тиіс.
      208. Темір жол көлігімен мәйіттер салынған табыттар тек бірге алып жүрушілер болғанда ғана тасымалданады. Егер жол жүру барысында кез келген себеппен бірге алып жүруші мәйіт салынған табыты бар поездан қалып қойса, онда табыттың межеленген жеткізілуі кешіктірілмейді.
      Бірге алып жүрушінің жол жүруге арналған жол жүру құжаты болуы тиіс.
      209. Багаж вагондарда мәйіт салынған табытты тасымалдау үшін багаж тарифі бойынша 300 кг багаж тасымалдау үшін ақы алынады.
      Күл салынған урналарды тасымалдау кезінде багаж тарифі бойынша 30 кг багаж тасымалдау үшін ақы алынады.

§3. Қызметтік тасымалдар

      210. Темір жол көлігі ұйымдарының қажеттіліктері үшін жолаушы поездарындағы қызметтік тасымалдар, егер ерекше нұсқаулар немесе арнайы ережелер болмаса, осы Қағидаға сәйкес жалпы негіздерде жүзеге асырылады.
      211. Қызметтік вагондарды ұсыну тәртібін тасымалдаушы белгілейді.
      212. Жолаушылар поездарының құрамындағы қызметтік вагондарда келе жатқан адамдарда тиісті тәртіппен ресімделген тегін немесе ақылы жол жүру құжаттары, ал багажға - тиісті тасымалдау құжаттары болуы тиіс.
      213. Қызметтік вагондарда жүктерді тасымалдауға жүк-багажды тиісті ресімдеп және тариф бойынша ақы төлеген соң рұқсат етіледі.

§4. Қауіпті заттарды тасымалдау

      214. Қауіптілерге адамдар мен жануарлардың күйіп қалуы немесе улануы, өртенуі, жарылу себептерінен болатын, сондай-ақ багаж бен жүк-багаждың, жылжымалы құрамның бүлінуі себебінен болатын, оларды тасымалдау мен сақтау арнайы талаптарды сақтауды және сақтық шараларын қабылдауды талап ететін тасымалдау немесе сақтау жағдайларындағы заттар жатқызылады.
      215. Қауіпті заттар қауіптілік сипаты бойынша келесі санаттарға бөлінеді:
      1) жарылғыш қоспалардың пайда болуына әкелетін заттар;
      2) сығымдалған және сұйытылған газдар;
      3) тез тұтанатын заттар.
      216. Қауіпті заттар багаж вагондарында тасымалданады. Оларды қабылдау ресімделген жол жүру құжаттары бойынша жеке тұлғалар үшін: тегін, атын, әкесінің атын, мекенжайын; заңды тұлғалар үшін: тасымалдау құжаттарына қол қоюға уәкілетті адамның тегін, атын, әкесінің атын, мекенжайын көрсетумен жүргізіледі. Баллондар жаңа, қолдануда және қысымы болмаған, тұрмысқа қажетті екені расталған, жаңа, бос, толтырылмаған газ балондарды тасымалдауға рұқсат етіледі.
      217. Қауіпті заттары бар багаж вагондары түсіруден кейін жабдықпен бірге толық тасымалдау құжаттары бойынша тіркелу станциясына жіберіледі.
      218. Қауіпті заттар тасымалдауға тиісті техникалық шарттарда белгіленген ыдыста тасымалдауға ұсынылады.
      219. Шыны бөтелкелердегі қауіпті заттар бос орындары жұмсақ орау материалдармен (жоңқамен, сабанмен) толтырылған арнаулы жәшіктерге немесе кәрзеңкелерге салынуы керек.
      220. Қауіпті затпен бірге оралған әр орында (қақпағында және жанама жақтардың біреуінде) жөнелтуші заттың кауіпті екендігі туралы затбелгі жапсырады.
      Санаттары бойынша әр түрлі қауіпті заттарды бірге ораған кезде әр түрлі санатқа сәйкес затбелгілер жапсырылады.
      221. Қауіпті затты тасымалдауға арналған жүкқұжатта заттың нақты атауы көрсетілуге тиіс.
      Әр түрлі санаттағы қауіпті заттарды бірге ораған кезде бірге оралған заттардың әр санатына сәйкес мөрқалыптар қойылады.
      Қауіпті заттардың қатарындағы медициналық препараттар осы Қағидада белгіленген багаж вагондарына жүк-багаж талаптарын сақтай тасымалдануға тиіс.
      222. Қауіпті заттарды тиеу және түсіру кезінде зақымданудың жоқтығына көз жеткізілуге тиіс. Зақымдану анықталған жағдайда зақымданған жерді жою, сондай-ақ шашылған немесе төгілген заттарды жинау үшін шаралар қабылдануға тиіс.

§5. Өсімдіктерді тасымалдау

      223. Жеке адамдардан тасымалдауға өсімдіктер, оның ішінде көшеттер мен басқа да отырғызу материалдары, егер олардың орамы тасымалдаудың сақталуын қамтамасыз ететін болса және олар басқа жөнелтушілердің багажын (жүкбагажын) былғамаса, қабылданады. Жөнелтудің әрбір орны осындай жағдайда салмағы бойынша 25 кг және биіктігі 2 метрден аспауға тиіс.
      224. Карантинге жабылған аудандар аумағында станциялардан аталған жөнелтулер иесі белгіленген карантиндік құжатты ұсыну бойынша ғана қабылданады.

§6. Арнайы «туристік» поездарда тасымалдауды ұйымдастыру

      225. Туризм мәселесі жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органдардың туризм жөніндегі тиісті құрылымдық бөлімшелерінің, жеке туроператорлар мен турагенттіктердің (бұдан әрі –  туристік ұйымдар) өтінімі бойынша тасымалдаушы арнайы туристік поезд ұйымдастырады.
      226. Тасымалдаушының атына туристік ұйымның атынан турпоездарды ұйымдастыруға берілген өтінім келіп түскен күнінен бастап 20 жұмыс күн ішінде қарастырылады.
      Тасымалдаушы бір маршрут бойынша бірнеше поездың тағайындалуын болдырмау үшін туристік-сапарлық поездар қозғалысының кестесін пайдалану ведомосін құрады.
      227. Арнайы туристік-сапарлық поездар оларға арналған поездар қозғалысының графигіндегі тұрақты, арнайы кестелер бойынша, тасымалдаушы жасайтын біржолғы кестелер бойынша тағайындалады. Туристік-сапарлық поездарда медициналық қызметкерлер бірге жүреді.
      228. Арнайы туристік-сапарлық поездар үшін жолаушылар вагондары туристік ұйымдарға тасымалдаушымен жасасатын жалдау шарт талаптарымен ұсынылады.
      229. Туристік-сапарлық поезда тасымалдауға жалдау шартын жасасу кезінде мыналар қарастырылады (қосылады):
      1) облысаралық қатынаста:
      поезға қосылатын барлық жолаушылар вагондарына тасымалдаушы көздейтін ставкалар бойынша оларды нақты пайдалану (жөнелту күнінен бастап келу күнін қоса алғанда) үшін жалдау төлемі;
      туристік ұйымдарға ұсынылатын вагондағы барлық орындар үшін поезд бригадалары пайдаланатын орындарға және мейрамхана-вагондарға қызмет көрсететін персонал үшін 8 орынға төлем жасамай, жолаушылар поезының тарифі бойынша қашықтыққа және вагонның санатына сәйкес жол жүрудің құны;
      әр турист үшін 7 күнге 1 кешен есебінен төсек-орын жабдығын пайдалану үшін төлем. Туристік-сапарлық поездарға қосылатын мейрамхана-вагондар үшін жалдау төлемі белгіленген тәртіппен алынады;
      2) ауданаралық (облыс ішіндегі қалааралық) және қала маңындағы қатынаста:
      әр вагон үшін жалдау төлемі кемінде бір тәулікке белгіленген тәртіппен төленеді;
      поездың қатынау учаскесінде қолданыстағы ауданаралық және ішкі тариф бойынша поезда отыру үшін орындар санынан кем емес туристердің нақты саны бойынша ауданаралық және ішкі поездарда жол жүрудің құны.
      230. Ауданаралық (облыс ішіндегі қалааралық) қатынаста демалу орындары бар вагондардан құрастырылған жолаушылар поездарының құрамдарын пайдалану кезінде жол жүру үшін төлем тасымалдаушы белгілеген тәртіппен алынады.
      231. Арнайы туристік-сапарлық поездарда жол жүрудің құны қашықтыққа және вагонның санатына қарай белгіленеді.
      232. Тасымалдаушымен жалдау шарты жасасқаннан кейін туристік поезды жөнелтуге дейін кем дегенде 20 жұмыс күнінен кешіктірмей тасымалдау үшін (жалдау, жол жүру құны және басқалары) барлық тиісті төлемдер аударылуы тиіс.
      Тасымалдаушы ішкі есептік саясатқа сәйкес төлемнің басқа шарттарын белгілейді.
      233. Тасымалдаудың төлемін растайтын барлық қажетті құжаттар және туристік-сапарлық поезды жалдауға шарттың көшірмесі туристермен бірге жүретін басшыда сақталуы тиіс және жол жүру барысын бақылау кезінде ұсынылады.
      234. Туристік ұйым шартқа қол қойылғаннан кейін поезд жөнелтілгенге дейін кемінде 20 күнтізбелік күн қалғанда туристік ұйымның өзіне байланысты себептер бойынша жол жүруден бас тартқан жағдайда ол тасымалдаушыға тұрақсыздық айыбын төлейді. Көрсетілген тұрақсыздық айыбын енгізілген төлемдерді туристік ұйымға қайтару кезінде тасымалдаушы ұстап қалады.
      Тасымалдаушы жалдау шартын жасасқаннан кейін вагондарды ұсынудан бас тартқан кезде дәл осындай мерзімде туристік ұйымға тұрақсыздық айыбын төлейді.
      235. Егер:
      1) жалданған құрамды пайдаланудан немесе тасымалдаушы оны жалдауға беруден бас тарту поезд жөнелтілгенге дейін 20 күннен ерте мәлімделсе;
      2) құрамды пайдалану немесе жалдауға құрамды ұсынудан бас тарту тараптарға байланыссыз себептермен (дүлей құбылыстар, эпидемиологиялық жағдай және басқалар) және мерзіміне байланыссыз болған жағдайларда тұрақсыздық айыбы өндіріп алынбайды.
      Туристік-сапарлық поездың құрамында вагондардың санын азайтуға болмайды.
      236. Егер турист поездан тасымалдаушының кінәсінсіз қалып қойса, оның туристік-сапарлық поездың орналасу жеріне дейін жол жүруі оның өз есебінен жүргізіледі.
      Турист поездан тасымалдаушының кінәсінен қалып қойса (туристік поездың басшысына хабарламай поезд алдында жарияланған кестеден ерте жөнелтілсе, жөнелту станциясы өзгертілсе) арнайы туристік-сапарлық поездың тұру станциясына дейін жол жүруі тасымалдаушының есебінен ресімделеді.
      Турист поездан науқастану себебінен түсірілсе, турист поездан түсірілген станцияда станцияның (вокзалдың) бастығы акт жасайды, онда міндетті түрде поездың санаты көрсетіледі. Жазылғаннан кейін емдеу кәсіпорнының анықтамасы, туристік жолдаманың және актінің негізінде туристке жолаушылар поезында туристік-сапарлық поездың орналасу жеріне немесе оның алғашқы жөнелту станциясына дейін жол жүруі үшін жол жүру құжаты беріледі. Акт және анықтама жол жүру құжатын ақысыз беру үшін негіз болып табылады.
      Егер жол жүруге топ қатысушыларының толық саны жөнелтілмесе, онда осы топтың басшысы поезд жөнелтілгенге дейін топтық жол жүру құжатын станцияның (вокзалдың) бастығына бұл туралы жол жүру құжатында белгі жасау үшін береді. Станция (вокзал) бастығы немесе поезд бастығы жол жүру барысында жасаған белгі жарамсыз болып табылады.
      237. Туристік-сапарлық ұйымдар поезд жөнелтілгенге дейін алдын ала туристерге жол жүру барысында осы Қағиданың талаптарын және жеке қауіпсіздіктерін сақтау туралы нұсқау береді.

§7. Заңды және жеке тұлғалардың иелігіндегі вагондарда жол жүру

      238. Заңды және жеке тұлғалардың меншігіндегі вагондарында немесе басқа заңды негіздерде пайдаланылатын Тасымалдаушының жолаушылар, жедел поездарының құрамында жол жүру өтінімдер мен шарттар негізінде жүзеге асырылады.
      Вагондарды тіркеуге өтінімдер поезд жөнелтілгенге дейін кемінде 10 тәулік бұрын берілуі тиіс.
      Өтінімде: заңды немесе жеке тұлғаның аты, вагонның жол жүру бағыты, вагондардың саны, вагонның зауыт нөмірі, алып жүретін адамдардың саны, поездың нөмірі мен түрі, жөнелту станциясы және келу станциясы, шығатын және келетін күні көрсетілуі тиіс.
      239. Заңды және жеке тұлғалардың меншігіндегі жолаушылар паркі вагондарының жолаушылар, жедел поездардың құрамында жүруі жөнелтушінің өтінімінде көрсетілген деректерге сәйкес тасымалдағаны үшін төлем туралы құжаты болғанда және Қазақстан Республикасының темір жолдарымен жолаушылар поездарының құрамында қатынау құқығын растайтын құжатты берген кезде жөнелту станциясының жол жүру құжатын (билетін), жол жүк-багажы ведомосін берумен қол технологиясы бойынша ресімделеді.
      Тасымалдаушы ішкі есептік саясатқа сәйкес төлемнің басқа да шарттарын белгілейді.
      240. Қызметтік вагондарды тіркеу және ағыту жолаушылар поездары құрамында қатынау құқығын беретін ЛУ-46 нысанындағы куәлік болған жағдайда жүзеге асырылады. Қызметтік вагондардың қатынауына куәлікте көрсетілген учаскелер аясында ғана жол беріледі. Өндірістік қажеттілік болған жағдайда қызметтік вагондардың жол жүру бағыты өзгерген немесе тоқтатылған кезде Тасымалдаушыны поезд жөнелтілгенге дейін кемінде 12 сағат хабардар ету керек.
      241. Вагондарды жолаушылар, жедел поездардың құрамына қосу вагон екі немесе одан да көп теміржолдардың шегінде жүретін болса, басқа теміржолдармен келісім болған жағдайда Тасымалдаушының рұқсаты және вагон бір темір жолдың шегінде жүретін болса, Тасымалдаушының рұқсаты негізінде жүргізіледі.
      242. Жолаушыларды заңды және жеке тұлғалардың меншігіндегі жолаушылар паркі вагондарында тасымалдау кезінде Тасымалдаушы белгілеген мөлшерде вагонның жүрген жолына ақы және жол жүріп келе жатқан адамдардың нақты саны бойынша жолаушылар поезының қатты жалпы вагонындағы (вагонның түрі мен поездың санатына қарамастан) билеттің құны алынады. Вагонда жол жүріп келе жатқандардың саны вагондағы орын санынан артық болуы тиіс емес. Жолаушылардың қол жүгін тасымалдау, тасымалдаудың жалпыға бірдей белгіленген нормалары мен қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Тасымалдаушы ішкі есептік саясатқа сәйкес төлемнің басқа да шарттарын белгілейді.
      243. Вагондардың жол жүрісіне және жолаушыларды тасымалдау үшін жол жүру төлемін алуды Тасымалдаушы қолма қол ақшасыз жолмен немесе жөнелту станциясының билет кассасына сапар басталғанға дейін ЛУ-12Б тасымалдау құжаттарын және бланкілік жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеп және вагон иесіне бере отырып қолма қол ақшаны енгізумен жүргізеді. Бұл ретте билет кассасында ресімдеу Тасымалдаушының жазбаша рұқсаты (телеграфтық нұсқауы, факсограмма) негізінде жүзеге асырылады. Жол жүру төлемдерін толық мөлшерде енгізгеннен және тиісті тасымалдау құжаттарын ресімдегеннен кейін Тасымалдаушы вагондарды тіркеуді жүзеге асырады.
      Тасымалдаушы ішкі есептік саясатқа сәйкес төлемнің басқа талаптарын белгілейді.
      244. Жол жүру барысында немесе жөнелту кезінде жолаушылардың тасымалдау құжатында көрсетілгендегіден көп болса, жол жүру қажеттілігі туындаған жағдайда, жолаушылар поезының қатты жалпы вагонының тарифі бойынша жол жүру билеттерінің санына сәйкес қосымша алынады. Тасымалдаушы ішкі есептік саясатқа сәйкес төлемнің басқа талаптарын белгілейді.

8. Билетсіз жол жүру және ресімделмеген багаж бен жүкбагаж

      245. Поезға бақылау жасау кезінде жол жүру құжатынсыз (билетсіз) немесе тегі тұлғаны куәландыратын құжатқа сай келмейтін немесе өзгертілген жол жүру құжатымен (билетімен), сондай-ақ пайдалануға құқық беретін тиісті құжаттарсыз жеңілдігі бар жол жүру құжатымен анықталған жолаушы билетсіз жолаушы болып саналады.
      Билетсіз жолаушы билет кассасы бар бірінші тарифтік станцияда түсіріледі, ол туралы жалпы нысандағы акті жасалады.
      246. Жолаушы поездарында төленбеген багаж анықталған жағдайда белгіленген тәртіппен тексеру жүргізуге жүктелген тасымалдаушының қызметкерлері төленбеген багажды алып жүру актісін (3-данада) жасайды және ЛУ-9В түбіртегі бойынша айыппұл (тасымалдау төлемі) өндіріп алынады.
      247. Жол жүру құжатындағы жолаушының тегі мен аты-жөні жеке басының куәлігіндегі немесе төлқұжатындағы тегімен сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті органның тексеруші лауазымды адамдары жол жүру құжатын алып қояды, сонымен қатар белгіленген тәртіппен тексеруді жүзеге асыруды жүктеген Тасымалдаушы қызметкерлері билетсіз жол жүру актісін (3-данада) жасайды және жолаушы межелі станцияға дейін жолаушының түсірілетін станциясынан ЛУ-9В түбіртегі бойынша билетсіз жол жүргені үшін айыппұл (тасымалдау төлем) өндіріп алады. Актінің бірінші данасы жолаушы әрі қарай жол жүруі үшін тапсырылады. Ал екінші данасы поез жасақталған пунктке тапсыру үшін поезд бастығына (бригадир-механикке) тапсырылады.
      248. Қателесіп, жол жүру құжатында (билетте) көрсетілген бағыттан өзге поезға отырған жолаушы ең жақын тарифтік станцияда түседі. Бұл ретте поезд бастығы ол жол жүру ақысын төлемей негізгі станцияға дейін қайтып бару құқығын беретін акт жасайды. Актіде поезды қалыптастыратын темір жол көлігі ұйымының мөртабаны болады.
      Жолаушылар поезында отыруға арналған орындары бар вагондардан қалыптастырылған поезға арналған жол жүру құжатымен жол жүрген жолаушы анықталған жағдайда, ол билетсіз деп саналады.
      Тарифтік емес станцияларда жолаушыларды поездан түсіруге рұқсат берілмейді.
      249. Поезға жол жүру құжатында көрсетілген мерзімнен ерте отырған жолаушы билетсіз деп танылады. Бұл жағдайда жолаушының поезд кемінде 10 минут аялдайтын бірінші станцияда өзінің жол жүру құжаттарын қайта ресімдеуіне рұқсат етіледі.
      250. Жоғары санаттағы вагонда жол жүруге құқығы жоқ жол жүру құжаттары (билеттері) бар жолаушы сол вагонда анықталса, ол өзінің тасымалдау құжатына сәйкес келетін вагонға өтеді немесе бос орын болған кезде осы вагонда, одан әрі жол жүруін осы Қағиданың 80-тармағына сәйкес ресімдеу арқылы жалғастырады.
      251. Поезда қолдан жасалған немесе өзіне тиесілі емес жол жүру құжаттарымен анықталған жолаушы, салынған айыппұлға қарамастан, поездың жүрісі барысындағы жақын арадағы станцияда темір жол көлігіндегі ішкі істер органдарына тапсырылады, бұл туралы поезд бастығы акт жасайды.
      252. Жолаушы олардың растығына күмән келтіретін (түзетулері бар, түзетілген және тазаланған) жол жүру құжаттарын ұсынған жағдайда, тексеретін адам, сонымен қатар уәкілетті адам Тасымаладаушыға тексеру жүргізуге, жолаушы төлеген соманың мөлшерін, жол жүру құжатын сатып алған жерін, жолаушының кім екендігін және оның тұрғылықты жерін анықтайды және акт (3 данада) жасайды. Жол жүру құжаты (билет) ақаулы ретінде алынады, тексеру және шаралар қабылдау үшін актінің екі данасына қоса беріледі, үшінші дана жолаушының әрі қарай жол жүруі үшін поезд бастығына тапсырылады.

Жолаушыларды, багажды және  
жүк-багажды темір жол көлігімен
тасымалдау қағидасына    
қосымша           

      Ескерту. Қағида қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Жол жүру құжатының (билеттің) нысаны

ҮЛГІ

1) Жол коды, теміржол әкімшілігінің шартты белгіленуі   2) Құжаттың атауы   3) Жол жүру құжатының нөмірі

ПОЕЗД

шифр

ЖӨНЕЛТІЛУ
ОТПРАВЛЕНИЕ

ВАГОН

типі
ВАГОН
№ тип

БАҒАСЫ теңге
ЦЕНА тенге

Адамдар саны Количество человек

ҚҰЖАТ ТҮРІ/ВИД ДОКУМЕНТА

күні

число

айы

месяц

сағат

часы

минут

билет
билет

плацкарт
плацкарта

4) Поездың нөмірі   5) Пойызды жөнелту күні және уақыты   6) Вагонның үлгісі мен нөмірі қызмет көрсету класы   7) Билеттің құны   8) Плацкарттың құны   9) Адам саны   10) Жол жүру құжатының түрі   11) Төлеу нысаны   12) Тасымалдаушының атауы   Қосылған құн салығын төлеуші куәлігінің нөмірі   13) Жөнелту және келу станциясының атауы (станциялардың коды)   14) Вагондағы орын нөмірі 15) Тасымалдаушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі   16) Жол жүру құжатының (билеттің) сериясы және нөмірі    17) Қорғаныш коды    18) АБЖ-дағы тапсырыс нөмірі    19) Жол жүру құжатын (билетті) ресімдеу күні    20) Жол жүру құжатын (билетті) ресімдеу уақыты   21) Жол жүру құжатын (билетті) сату пунктінің нөмірі    22) Мемлекеттің коды және жүріп өтетін мемлекеттер бойынша жол жүру құны (халықаралық поездарда)   23) Жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттың түрі Құжаттың деректемелері Жолаушының тегі және аты-жөні   24) Жол жүрудің жалпы құны, оның ішінде: Тариф және қосылған құн салығының сомасы; сервистік қызметтер және қосымша құн салығының сомасы   25) Межелі станцияға келу күні мен уақыты Жолаушы келетін поездың нөмірі