Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 705 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министр                                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 24 маусымдағы
№ 705 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. «Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 9, 101-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

Құсайынов                    - Қазақстан Республикасының
Марат Әпсеметұлы               Экономикалық даму және сауда
                               вице-министрі, хатшы,

Есенбаев                     - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Мәжит Төлеубекұлы              қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы
                               агенттік) төрағасы,

Құлыбаев                     - Қазақстан Республикасының
Тимур Асқарұлы                 «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
                               акционерлік қоғамының Басқарма
                               төрағасы (келісім бойынша);

      мына:

«Келімбетов                  - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
Қайрат Нематұлы                акционерлік қоғамының басқарма
                               төрағасы (келісім бойынша)»,

«Айтжанова                   - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Жанар Сейдахметқызы            даму және сауда министрі»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Келімбетов                  - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Қайрат Нематұлы                даму және сауда министрі»

«Айтжанова                   - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Жанар Сейдахметқызы            интеграция істері министрі»

      көрсетілген құрамнан Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев, Елена
Леонидовна Бахмутова шығарылсын.
      2. «Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігі мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 қазандағы № 1047 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігі мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:

Келімбетов                  - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Қайрат Нематұлы               даму және сауда министрі, төраға;

      көрсетілген құрамнан Жанар Сейдахметқызы Айтжанова шығарылсын.
      3. «Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 836 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Келімбетов                  - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Қайрат Нематұлы               даму және сауда министрі,

Камалиев                    - Қазақстан Республикасының Көлік және
Берік Сайлауұлы               коммуникация министрі;

      көрсетілген құрамнан Жанар Сейдахметқызы Айтжанова, Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов шығарылсын.
      4. «Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Әлімқұлов                    - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Еркеғали Амантайұлы            қорғау агенттігі (Монополияға қарсы
                               агенттік) төрағасының орынбасары,

Толымбаев                    - Қазақстан Республикасының Мұнай және
Берік Зиябекұлы                газ вице-министрі,

Омарханов                    - Қазақстан Республикасының Табиғи
Ғабит Ғалымбекұлы              монополияларды реттеу агенттігі
                               төрағасының орынбасары;

      мына:

«Айтжанова                   - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Жанар Сейдахметқызы            даму және сауда министрі, төрағаның
                               орынбасары»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Айтжанова                   - Қазақстан Республикасының
Жанар Сейдахметқызы            Экономикалық интеграция
                               істері министрі, төрағаның
                               орынбасары»;

      көрсетілген құрамнан Әсет Маратұлы Мағауов, Ескендір Көпбосынұлы Құдайбергенов, Қуаныш Қалиұлы Нұрпейісов шығарылсын.
      5. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Ескендіров                   - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Абай Мұқашұлы                  даму және сауда вице-министрі,
                               төрағаның орынбасары,

Толымбаев                    - Қазақстан Республикасының Мұнай және
Берік Зиябекұлы                газ вице-министрі;

      көрсетілген құрамнан Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев, Әсет Маратұлы Мағауов шығарылсын.
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 № 970 қаулысымен.
      7. «Өңірлік саясат мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1239 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Құсайынов                    - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Марат Әпсеметұлы               даму және сауда вице-министрі,
                               төрағаның орынбасары,

Мұхимов                      - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Абзал Сансызбайұлы             даму және сауда министрлігі Өңірлік
                               саясат және бюджетаралық қатынастар
                               департаментінің директоры, хатшы,

Бөлтіріков                   - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Руслан Ескендірұлы             ортаны қорғау вице-министрі,

Жарқынбаев                   - Қазақстан Республикасы Статистика
Жасер Әзімханұлы               агенттігі төрағасының орынбасары

Парсегов                     - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Борис Анатольевич              қорғау агенттігі (Монополияға қарсы
                               агенттік) төрағасының орынбасары,

Сауранбаев                   - Қазақстан Республикасының Индустрия
Нұрлан Ермекұлы                және жаңа технологиялар
                               вице-министрі,

Скляр                        - Қазақстан Республикасының Көлік және
Роман Васильевич               коммуникация вице-министрі,

Шеңгелбаев                   - Қазақстан Республикасының Туризм және
Бақытжан Рақымұлы              спорт вице-министрі;

      көрсетілген құрамнан Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев, Бахыт Қалмырзаұлы Жақсыбев, Дулат Қазистайұлы Көтербеков, Берік Сайлауұлы Камалиев, Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев, Жаслан Ысқақұлы Омаров, Елдана Мәкінқызы Сәдуақасова шығарылсын.
      8. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 936 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Құсайынов                    - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Марат Әпсеметұлы               даму және сауда вице-министрі,
                               төрағаның орынбасары,

Зейнелғабдин                 - Республикалық бюджеттің атқарылуын
Алтай Болтайханұлы             бақылау жөніндегі есеп комитетінің
                               мүшесі,

Айдапкелов                   - Қазақстан Республикасы Статистика
Нұрболат Серғалиұлы            агенттігінің жауапты хатшысы,

Бекетаев                     - Қазақстан Республикасы Әділет
Марат Бақытжанұлы              министрлігінің жауапты хатшысы,

Ахметов                      - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Серік Әбжәлиұлы                халықты әлеуметтік қорғау
                               вице-министрі,

Көмекбаев                    - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Әли Амантайұлы                 қызмет істері агенттігі төрағасының
                               орынбасары,

Құрманғалиев                 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Әсет Қабиұлы                   министрінің орынбасары,

Орынханов                    - Қазақстан Республикасы Білім және
Мұрат Қадесұлы                 ғылым вице-министрі,

Толымбаев                    - Қазақстан Республикасының Мұнай және
Берік Зиябекұлы                газ вице-министрі,

Шеңгелбаев                   - Қазақстан Республикасының Туризм және
Бақытжан Рақымұлы              спорт вице-министрі,

Шкарупа                      - Қазақстан Республикасы Табиғи
Анатолий Валерьевич            монополияларды реттеу агенттігі
                               төрағасының орынбасары;

      көрсетілген құрамнан Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев, Тамара Босымбекқызы Дүйсенова, Әсет Маратұлы Мағауов, Жасер Әзімханұлы Жарқынбаев, Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев, Алина Өтемісқызы Алдаберген, Қайрат Молдрахманұлы Смағұлов, Дархан Қадырбайұлы Нұрпейісов, Асқар Жұмабайұлы Шоманов шығарылсын.
      9. «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 308 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:

Дауылбаев                    - Қазақстан Республикасының Бас
Асхат Қайзоллаұлы              прокуроры (келісім бойынша),

Жұмағұлов                    - Қазақстан Республикасының Білім және
Бақытжан Тұрсынұлы             ғылым министрі,

Бейсенғалиев                 - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»
Берік Тұрсынбекұлы             акционерлік қоғамының Басқарма
                               төрағасы;

      мына:

«Айтжанова                   - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Жанар Сейдахметқызы            даму және сауда министрі»,

«Келімбетов                  - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
Қайрат Нематұлы                акционерлік қоғамының Басқарма
                               төрағасы (келісім бойынша)»,

«Құлыбаев                    - «KazEnergy» қауымдастығының төрағасы
Тимур Асқарұлы                 (келісім бойынша)»,

«Қожасбай                    - Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп
Ерлан Сәдуақасұлы              палатасының президенті (келісім
                               бойынша)»,

«Мырзахметов                 - Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп
Абылай Исабекұлы               палатасы Үйлестіру кеңесінің мүшесі
                               (келісім бойынша)»

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Айтжанова                   - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Жанар Сейдахметқызы            интеграция істері министрі»,

«Келімбетов                  - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Қайрат Нематұлы                даму және сауда министрі»,

«Мамытбеков                  - Қазақстан Республикасының Ауыл
Асылжан Сарыбайұлы             шаруашылығы министрі»,

«Құлыбаев                    - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
Тимур Асқарұлы                 акционерлік қоғамының Басқарма
                               төрағасы (келісім бойынша)»,

«Қожасбай                    - Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп
Ерлан Сәдуақасұлы              палатасы президумының төрағасы
                               (келісім бойынша)»,

«Мырзахметов                 - Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп
Абылай Исабекұлы               палатасының президенті (келісім
                               бойынша)»;

      көрсетілген құрамнан Қайрат Әбдіразақұлы Мәми, Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев, Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев шығарылсын.
      10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      11. «Рұқсат беру жүйесін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 47-ө өкімінде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевқа жүктелсін.»;
      көрсетілген өкімнің 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      12. «ЭКСПО - 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге Астана қаласының қатысуын дайындау мәселелері жөнінде ұйымдастыру комитетін құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 19-ө өкімінде:
      көрсетілген қаулымен бекітілген ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге Астана қаласының қатысуын дайындау мәселелері жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамына мыналар енгізілсін:

Жошыбаев                     - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Рәпіл Сейітханұлы              министрлігінің жауапты хатшысы,
                               төрағаның орынбасары,

Шеңгелбаев                   — Қазақстан Республикасының Туризм және
Бақытжан Рақымұлы              спорт вице-министрі,

Кәкен                        - Қазақстан Республикасы Туризм және
Қарлығаш Ғазизқызы             спорт министрлігінің Туризм
                               индустриясы комитетінің төрайымы,

Құзғанова                    - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Салтанат Диасқызы              даму және сауда министрлігі Сауда
                               комитеті сыртқы сауда басқармасының
                               бастығы;

      көрсетілген құрамнан Жанар Сейдахметқызы Айтжанова, Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев, Майра Күзембайқызы Қадырбекова шығарылсын.
      13. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының құрамына кіретін, акциялары қор нарығында орналастыруға арналған компаниялардың тізбесін айқындау мәселесі жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 13-ө өкімінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Мәсімов                      - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы              Премьер-министрі, жетекші

Келімбетов                   - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Қайрат Нематұлы                даму және сауда министрі, жетекшінің
                               орынбасары

Сүлейменов                   - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Тимур Мұратұлы                 даму және сауда вице-министрі, хатшы

Марченко                     - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Григорий Александрович         төрағасы (келісім бойынша)

Жәмішев                      - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы              министрі

Жұмағалиев                   - Қазақстан Республикасының Байланыс
Асқар Қуанышұлы                және ақпарат министрі

Камалиев                     - Қазақстан Республикасының Көлік және
Берік Сайлауұлы                коммуникация министрі

Мыңбаев                      - Қазақстан Республикасының Мұнай және
Сауат Мұхаметбайұлы            газ министрі

Рау                          - Қазақстан Республикасының Индустрия
Альберт Павлович               және жаңа технологиялар бірінші
                               вице-министрі

Құлыбаев                     - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
Тимур Асқарұлы                 акционерлік қоғамының Басқарма
                               төрағасы (келісім бойынша)

Арыстанов                    - «Қазпочта» акционерлік қоғамының
Аркен Кеңесбекұлы              Басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Дәмітов                      - «Қазақстан қор биржасы» акционерлік
Қадыржан Қабдошұлы             қоғамының президенті (келісім бойынша)

Ақанов                       - Қазақстанның қаржыгерлер
Серік Ахметжанұлы              қауымдастығының төрағасы (келісім
                               бойынша)».

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 24 маусымдағы
№ 705 қаулысына 
қосымша      

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2009 жылғы 30 наурыздағы
№ 47-ө өкіміне     
2-қосымша       

Рұқсат беру құжаттарын қайта қарау және оңтайландыру
жөніндегі сараптаптама тобының құрамы

Құсайынов                    - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Марат Әпсеметұлы               даму және сауда вице-министрі, жетекші

Бекешев                      - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Бауыржан Бейсенбайұлы          даму және сауда министрлігі
                               Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің
                               директоры, жетекшінің орынбасары

Жүргенова                    - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Айгүл Біржанқызы               даму және сауда министрлігі
                               Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің
                               басқарма бастығы, хатшы

Қаппасов                     - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Сабыржан Мәжитұлы              даму және сауда министрлігі Заң
                               департаментінің директоры

Бұзырбаев                    - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Ерлан Маркленұлы               даму және сауда министрлігінің
                               Кәсіпкерлікті дамыту департаменті
                               директорының орынбасары

Мырзахметов                  - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Мұхтар Жұмабекұлы              даму және сауда министрлігінің
                               Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің
                               басқарма бастығы

Әмірғалина                   - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Құралай Игілікқызы             даму және сауда министрлігінің
                               Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің
                               сарапшысы

Ақбердин                     - «Нұр Отан» халықтық демократиялық
Рустам Александрович           партиясының Инновациялық комитеті
                               төрағасының бірінші орынбасары
                               (келісім бойынша)

Қалиев                       - «ҚазАлко» қауымдастығының президенті
Әміржан Қошқарбайұлы           (келісім бойынша)

Құрбанбаева                  - Қарағанды облысы кәсіпкерлері
Гүлнар Төретайқызы             қауымдастығының атқарушы директоры
                               (келісім бойынша)

Палташева                    - Қазақстан кәсіпкерлер форумының
Мунавара Тұрсынқызы            атқарушы директоры (келісім бойынша)

Тюгина                       - Астана қаласының Кәсіпкерлер құқығын
Ирина Валерьевна               қорғау жөніндегі қауымдастығының
                               директоры (келісім бойынша)

Әбдіраман                    - Бизнес ортаны жақсарту жөніндегі USAID
Зәуре Әбдіқұлқызы              жобасы директорының орынбасары
                               (келісім бойынша)

Қуанғанова                   - Қазақстан кәсіпкерлері форумы атқарушы
Гүлнар Шаймұратқызы            директорының орынбасары (келісім
                               бойынша)

Әбсеметов                    - «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық
Дінмұхамед Бақытжанұлы         экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
                               бірлестігі заң департаментінің
                               директоры (келісім бойынша)

Изатуллин                    - «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық
Данияр Қайырбекұлы             экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
                               бірлестігінің заң департаменті
                               директорының орынбасары (келісім
                               бойынша)

Пердебаева                   - «Экономикалық зерттеулер институты»
Раушан Сарбекқызы              акционерлік қоғамының аға сарапшысы,
                               (келісім бойынша)

Ансарова Ирина               - Қазақстан салық төлеушілер
                               қауымдастығының сарапшысы (келісім
                               бойынша)

Баймағанова                  - Еуразиялық өнеркәсіп қауымдастығының
Әлия Қадырқызы                 сарапшысы (келісім бойынша)

Дисембаев                    - «Тұрақты даму үшін табиғат
Рамиль Науфильевич             пайдаланушылардың қазақстандық
                               қауымдастығы» заңды тұлғалар
                               бірлестігінің сарапшысы (келісім
                               бойынша)

Бұқанов                      - Қазақстан Республикасы Күзет ұйымдары
Марат Әбдіқалықұлы             қауымдастығының Астана қаласындағы
                               өкілі (келісім бойынша)

Сабыров                      - Қазақстандық кеден брокерлері
Хакім Әбдуәлиұлы               қауымдастығының өкілі (келісім
                               бойынша)

Продедович Виктор            - Бизнес ортаны жақсарту жөніндегі USAID
                               жобасының консультанты (келісім
                               бойынша)