Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 692 Қаулысы

Жаңартылған

      «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына және «2011 - 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуіріндегі № 473 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен кондоминиумның объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында осы қаулыға қосымшаға сәйкес әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталын ұлғайту үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне нысаналы даму трансферттері түрінде аудару үшін 1932000000 (Бір миллиард тоғыз жүз отыз екі миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2011 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы жөнінде есеп берсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 23 маусымдағы
№ 692 қаулысына   
қосымша        

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталын ұлғайту үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне дамуға берілетін нысаналы трансферттердің сомасын бөлу

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.21 № 835 Қаулысымен. 

Р/с №

Облыстардың
атауы

Ұйымның атауы

Шығыстар сомасы, мың теңге

1

2

3

4

Барлығы:

1 932 000

1.

Ақмола облысы

«Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы

120 000

2.

Ақтөбе облысы

«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

120 000

3.

Алматы облысы

«Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы

48 000

4.

Атырау облысы

«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы

120 000

5.

Шығыс Қазақстан облысы

«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы

240 000

6.

Жамбыл облысы

«Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

120 000

7.

Батыс Қазақстан облысы

«Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

120 000

8.

Қарағанды облысы

«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

180 000

9.

Қостанай облысы

«Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы

120 000

10.

Қызылорда облысы

«Қызылорда» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы

120 000

11.

Маңғыстау облысы

«Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

24 000

12.

Павлодар облысы

«Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

120 000

13.

Солтүстік Қазақстан облысы

«Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы

120 000

14.

Оңтүстік Қазақстан облысы

«Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

120 000

15.

Астана қаласы

«Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы

120 000

16.

Алматы қаласы

«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

120 000