Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 27 мамырдағы
№ 590 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.08.2016 № 497 қаулысымен.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде:
89-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Парламент қарауына Үкімет енгізетін заң жобалары бойынша «Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген Ғылыми сараптама жүргізу ережесіне сәйкес заң жобасымен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай тиісті ғылыми (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізу міндетті. Бұл ретте оларды қабылдау экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіруі мүмкін салдарды болжайтын заңнамалық актілердің жобаларына міндетті экологиялық сараптама жүргізілуі тиіс»;
90-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Заң жобасын әзірлеуші жобаға тиісті ғылыми сараптама (оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндетті ғылыми, ғылыми лингвистикалық және қажет болған жағдайда - криминологиялық ғылыми сараптама) жүргізуді қамтамасыз етеді, оның нәтижелері бойынша қорытынды ұсынымдық сипатта болады (барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын қоспағанда).»;
95-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) заң жобасының (заң жобаларының) ғылыми (оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және ғылыми лингвистикалық) сараптамасының нәтижелері бойынша қорытындыны (қорытындыларды). Заң жобасын әзірлеуші ғылыми (оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және ғылыми лингвистикалық) сараптаманың қорытындысымен (қорытындыларымен) келіспеген жағдайда тиісті корытындымен келіспеу себептеріне жазбаша дәлелді негіз келтіруі тиіс;»;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне 1-қосымшаның «Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба» деген кестесінде:
сегізінші жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері.».
3. «Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 34, 344-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесінде:
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Үкімет Парламенттің қарауына енгізетін заң жобалары бойынша «Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Үкіметтің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген Ғылыми сараптама жүргізу ережесіне сәйкес заң жобасында реттелетін құқықтық қатынастарға қарай тиісті ғылыми сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа) жүргізу міндетті. Бұл ретте қабылдануынан туындайтын болжамды салдар экологиялық, соның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қауіп төндіруі мүмкін заңнамалық кесімдердің жобалары міндетті түрде экологиялық сараптама жасауға жатады. Заң жобасын әзірлеуші оны мүдделі мемлекеттік органдармен келіскенге дейін жобаның тиісті сараптамасының жүргізілуін қамтамасыз етеді, оның нәтижелері бойынша қорытынды заң жобасына басқа да материалдармен бірге келісуші мемлекеттік органдарға мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.».
4. «Қазақстан Республикасындағы норма шығармашылығы қызметін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 19 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 6, 83-құжат):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мекеме қызметінің негізгі мақсаты мен түрлері заңдардың жобаларын әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасының заңнамасын дамытудың ғылыми тұжырымдамаларын әзірлеу, заңдардың Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу, мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласындағы іргелі және ғылыми-қолданбалы зерттеулерді жүргізу болып белгіленсін.».
5. «Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 938 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу қағидасында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша (бұдан әрі - халықаралық шарт немесе халықаралық шарттың жобасы) ғылыми (құқықтық лингвистикалық, экологиялық, қаржы және басқа) сараптама жүргізілуі мүмкін.»;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Міндетті ғылыми сараптама және ғылыми лингвистикалық сараптама ратификациялауға жататын:»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Халықаралық шартқа немесе халықаралық шарттың жобасына ғылыми сараптаманы (ғылыми лингвистикалық сараптаманы қоспағанда) ғылыми ұйымдар және (немесе) тиісті бейіндегі жоғары оқу орындары, Қазақстан Республикасының қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарт жобасын дайындауға немесе халықаралық шартты жасасуға бастамашылық жасауға қатысқан адамдарды қоспағанда, оның ішінде шетелдік ғалымдар мен мамандардың ішінен тартылатын сарапшылар (бұдан әрі - сарапшылар) жүргізеді.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Халықаралық шарттар және халықаралық шарттар жобаларының қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің тең түпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптаманы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым жүргізеді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптаманы қоспағанда, халықаралық шарттарға немесе халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми сараптама жүргізу үшін Сарапшыларды іріктеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
13-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Халықаралық шарттар және халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми лингвистикалық сараптама он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
Уәкілетті ұйым қосымша және қайталама ғылыми лингвистикалық сараптамаларды тиісті материалдар ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізеді.».