Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасы;
      2) механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігі;
      3) техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысаны бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 17 мамырдағы
№ 523 қаулысымен
бекітілген

Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 6-бабына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Қағида Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын және жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органда тiркелген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
      3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) көліктік бақылау органы – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық көліктік бақылау органдары;
      2) механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесі – механикалық көлік құралын және оның тіркемелерін меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе шұғыл басқару құқығында немесе кез келген басқа да заңды негізде иеленетін жеке немесе заңды тұлға;
      3) міндетті техникалық байқау жүргізу – міндетті техникалық байқауға қатысушы ретінде өз құқықтарына және міндеттеріне сәйкес осы Қағидада көзделген техникалық байқау орталығы жүзеге асыратын іс-қимылдар;
      4) міндетті техникалық байқаудан өту – міндетті техникалық байқауға қатысушы ретінде өз құқықтарына және міндеттеріне сәйкес осы Қағидада көзделген механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің иесі жүзеге асыратын іс-қимылдар;
      5) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті;
      6) техникалық байқау орталығының маманы – механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды жүргізуді жүзеге асыратын техникалық байқау орталығының қызметкері;
      7) бақылау-диагностикалық жабдық – механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін техникалық жай-күйiнiң параметрлерін анықтау үшiн қолданылатын сынау жабдықтары және өлшеу құралдары.
      4. Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін (бұдан әрі – көлік құралдары) міндетті техникалық байқауды жүргізудің негізгі міндеттері:
      1) жол қозғалысына қатысушы көлік құралдарының техникалық жай-күйінің сәйкестігін бағалау;
      2) көлік құралдарының техникалық жай-күйінің осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкессіздігі салдарынан туындаған жол-көлік оқиғаларының алдын алу;
      3) көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік құралдарын пайдаланудың қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету;
      4) көлік құралдарының техникалық жай-күйі бойынша статистикалық талдау болып табылады.
      5. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпусқа және олардың дипломатиялық иммунитеті бар қызметкерлеріне, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне, шетелдік қатысуы бар кәсіпорындарға тиесілі көлік құралдарын міндетті техникалық байқау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктерімен жұмыс жөніндегі ұйымдар арқылы жүргізіледі.
      6. Әскери жағдай немесе жұмылдыру жариялаған, әскерлерді ұрысқа әзірліктің жоғарғы дәрежесіне көшірген кезде көлік құралдарының техникалық жай-күйін тексеру жергілікті әскери басқару органдары өкілдерінің қатысуымен техникалық байқау орталықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 747 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы әскери-көлік міндеттілігі туралы ережеге сәйкес жүргізіледі.

2. Міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру тәртібі

      7. Міндетті техникалық байқауды көлік құралының тіркелген жеріне және көлік құралы иесінің тұрғылықты жеріне қарамастан, бірақ көлік құралының санатына сәйкес техникалық байқаудың стационарлық және ұтқыр желілерін пайдалана отырып, техникалық байқау орталықтары жүргізеді.
      8. Көлiк құралдарының міндетті техникалық байқауын өткiзу техникалық байқау орталықтарының тiзiлiміне қосылған күнiнен бастап техникалық байқау орталықтары жүзеге асырады.
      9. Техникалық байқау орталықтары жария шарт негізінде қызмет көрсетеді.
      10. Көлік құралдарының иелері:
      1) көлік құралының тіркелген жеріне және өзінің тұрғылықты жеріне (тұрғылықты орнына) қарамастан, міндетті техникалық байқаудан өту үшін техникалық байқау орталығын дербес таңдайды;
      2) Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігімен бекітілген міндетті техникалық байқауды өткізу мерзімінің шегінде міндетті техникалық байқаудан өту уақытын дербес анықтайды;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті техникалық байқаудан өтуді жеке немесе өздерінің өкілдері арқылы жүзеге асырады;
      4) техникалық байқау орталықтарына техникалық байқау орталықтары белгілеген тариф шегінде міндетті техникалық байқау өткізу қызметтері үшін төлем жүргізеді;
      5) міндетті техникалық байқаудан өту үшін осы Қағиданың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      11. Міндетті техникалық байқаудан өту үшін көлік құралының иесі техникалық байқау орталығына мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жыл үшін көлік құралдары салығын төлегенін растайтын немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар;
      3) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шарт.
      12. Техникалық байқау орталықтары көлік құралдарының барлық иелері үшін міндетті техникалық байқау қызметтерін алудың тең жағдайын қамтамасыз етеді.
      13. Техникалық байқау орталығы көлік құралдары иесінің өтініші бойынша көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізу кезінде орындалатын жұмыстарға қатысты мәліметтерді хабарлайды.
      14. Техникалық байқау орталығы:
      1) міндетті техникалық байқауды өткізу жөніндегі жұмыстарды орындау үдерісінде осы Қағидада және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды сақтайды;
      2) пайдаланатын өндірістік үй-жайлар, жабдықтар, материалдық ресурстар жай-күйінің және оларды пайдалану шарттарының белгіленген техникалық талаптарға, сондай-ақ метрологиялық нормалар мен қағидаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді;
      3) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес көлік құралдарының міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктердің бланкілерін есепке алу және беру журналында міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктер бланкілерін жұмсауды есепке алуды жүзеге асырады;
      4) міндетті техникалық байқауды өткізу құны және мерзімі туралы көліктік бақылау органына мәлімет ұсынады;
      5) жеке тұлғалар ұсынған ағымдағы күнтізбелік жыл үшін көлік құралдары салығын төлегенін немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар негізінде механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
      15. Техникалық байқау орталықтарына:
      1) көлік құралының иесіне міндетті техникалық байқау өткізуден немесе техникалық байқаудың диагностикалық картасын жасамай міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлікті беруден бас тартуға;
      2) міндетті техникалық байқаудан өткізу мерзімінің бұзылуына байланысты міндетті техникалық байқауды өткізу шарттарын өзгертуге;
      3) көлік құралының иесінен міндетті техникалық байқауды өткізуге байланысты қосымша сыйақыны талап етуге тыйым салынады.
      16. Көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізу уақыты 30 минуттан аспайды.
      17. Көлік құралдарына міндетті техникалық байқауды жүргізу мамандығы бойынша жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес, жоғары техникалық немесе орта-арнаулы техникалық білімі бар көлік құралдарының техникалық жай-күйінің технологиясын және диагностикалау әдісін білетін техникалық байқау орталығының маманы жүзеге асырады.
      18. Техникалық байқау орталықтары қызмет өңірі шегінде көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізуді қамтамасыз етеді.
      19. Техникалық байқау орталығы елді мекендердің атауы, көлік құралдарына міндетті техникалық байқау жүргізу кезеңі (күні) және орны туралы мәліметтерді қамтитын, қызмет өңірі шегінде көлік құралдарының міндетті техникалық байқауды өткізу кестесін (бұдан әрі – Кесте) әзірлейді.
      20. Кесте техникалық байқау орталығының тізіліміне енгізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде техникалық байқау орталығының тіркелген орны бойынша көліктік бақылау органына келісуге ұсынылады.
      21. Көліктік бақылау органы келісуге ұсынылған Кестені ол келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.
      22. Кестені көліктік бақылау органымен келіскеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде техникалық байқау орталығы халықты Кесте туралы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдары арқылы хабарлайды.
      23. Тізілімге енгізілген техникалық байқау орталығы санын көрсете отырып, міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік бланкілерін (бұдан әрі – куәлік бланкілері) беру туралы өтінішпен көліктік бақылау органына жүгінеді.
      24. Куәлік бланкілерін беру туралы өтінішті көліктік бақылау органы екі жұмыс күні ішінде қарайды.
      25. Куәлік бланкілерін беру бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет кірісіне түсетін бланктік өнімді өткізу қызметі үшін төлемнің төленгенін растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін жүргізіледі.
      26. Осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес көліктік бақылау органы куәлік бланкілерін тіркеу, есепке алу және беру журналын жүргізеді.
      27. Техникалық байқау орталықтарының міндетті техникалық байқауды өткізуден бас тартуға негізі:
      1) көлік құралы иесінің осы Қағиданың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы;
      2) жол қозғалысы саласындағы орталық уәкілетті органның келісімінсіз, көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін нөмірлік агрегаттары (қозғалтқыш, шасси, шанақ) ауыстырылған көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізуге ұсыну;
      3) мемлекеттік нөмір белгілерінсіз не көлік құралының мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінде көрсетілген белгілерге сәйкес келмейтін көлік құралдарын міндетті техникалық байқауға ұсыну болып табылады.
      28. 27-тармақта көрсетілген міндетті техникалық байқауды өткізуден бас тарту негiздерінiң бірі анықталған жағдайында техникалық байқау орталығы көлік құралы иесіне ол туралы тез арада хабарлайды.

3. Міндетті техникалық байқауды өткізу тәртібі

      29. Көлік құралдарының міндетті техникалық байқауы техникалық байқау орталықтарының стационарлық және ұтқыр желілерінде жүзеге асырылады.
      30. Міндетті техникалық байқауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін бақылау-диагностикалық жабдық қолданылады.
      31. Бақылау-диагностикалық жабдық кедергіден қорғау желісі арқылы жалғаспалы арна бойынша өлшенген деректерді автоматтандырылған түрде беруді қамтамасыз ететін бірыңғай цифрлі хаттама жөнінде міндетті техникалық байқау желілерінің бірыңғай басқару жүйесіне біріктіріледі.
      32. Бақылау-диагностикалық жабдықтың құрамына мынадай жабдықтар кіреді:
      1) роликтік тежеуіш стендісі;
      2) ілгішті тексеру стендісі;
      3) люфт–детектор немесе люфтомер;
      4) газ анализатор және түтін өлшегіш;
      5) жарық фарын тексерудің электрондық аспабы.
      33. Роликтік тежеуіш стендісі көлік құралының санатына байланысты:
      1) M2, M3, N2, N3, O3, O4 санаттары үшін білікке түсетін барынша жүктемесі 16 тоннадан кем емес;
      2) M1, N1, O1, O2 санаттары үшін білікке түсетін барынша жүктемесі 2 тоннадан кем емес;
      3) L3, L4, L5 санаттары үшін 1 доңғалаққа түсетін барынша салмақ 0,6 тонна.
      34. Барлық тежеуіш стенділерінің санаттарына мыналар кіреді:
      1) орнатылған өлшеу жүйесі;
      2) тежеуіш жүйесінің тиімділігін тексеру мүмкіндігі;
      3) автомобильдің барлық түрлері үшін педальды күшейту өлшегіш датчигі;
      4) көлік құралдарының тежеуіш жүйесіндегі қысымның түсуін пневматикалық жетекпен өлшеу мүмкіндігі;
      5) автомобиль тежеуіш жүйесінің іске қосылған уақытын тежеуіш жүйесінің пневматикалық жетегімен өлшеу мүмкіндігі;
      6) тежеуіш стендінде тексеру кезінде жүк көлік құралы ролигінің секциясын көтеру мүмкіндігін немесе білігіне жүктемені имитациялауды қамтиды.
      35. Газ анализатор және түтін өлшегіштер мыналарды қамтиды:
      1) СО және СН газ анализатор;
      2) Lambda коэффициентін өлшеу;
      3) дизельді қозғалтқыштың түтін деңгейін өлшеу.
      36. Жарық фарын тексерудің электрондық аспабы мыналарды қамтиды:
      1) фарлардың барлық түрін тексеру;
      2) жарық күшін тексеру.
      37. Ақаулы және (немесе) белгіленген мерзімде тексеруден өтпеген бақылау-диагностикалық жабдықты пайдалануға тыйым салынады.
      38. Көлік құралдары иелерінің құжаттарын қабылдауға арналған үй-жай мыналар көрсетілген ақпараттық стенділері бар көлік құралдары иелері үшін қол жетімді жерде жабдықталады:
      1) техникалық байқау орталығының жұмыс режимі;
      2) техникалық байқау орталығының қызмет өңірі;
      3) қызмет өңірінде міндетті техникалық байқаудан өткізу кестесі;
      4) көліктік бақылау органының байланыс телефондары;
      5) техникалық байқау орталығының тарифтері.
      39. Міндетті техникалық байқау өткізу екі кезеңді қамтиды: дайындық және негізгі.
      40. Міндетті техникалық байқауды өткізудің дайындық кезеңінде:
      1) көлік құралының маркасы, моделі және модификациясы белгіленеді;
      2) көлік құралының түсі белгіленеді;
      3) тіркеу белгілерінің бар болуы тексеріледі;
      4) көлік құралының конструкциясына енгізілген өзгерістердің болуы белгіленеді;
      5) алынған қорытындылар көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректерімен салыстырылады (салыстырылып тексеріледі).
      41. Міндетті техникалық байқаудың негізгі кезеңі жиынтыққа қатысты тексеруден, пайдалану қауiпсiздiгiнiң жекелеген қасиеттерiн сипаттайтын параметрлердiң шектi мәндерiн, жекелеген құрамдас бөлiктердiң тозығын (ақауларын) пайдалануда рұқсат етiлген шектеулердi, жұмыс қабiлеттiлiгi көрсеткiштерiнiң шектi ықтимал нашарлауын сипаттайтын нормаларды, автокөлiк құралдарының конструкцияларын өзгертудiң рұқсат етiлген шегiн шектеудi, оның iшiнде:
      1) тежеудi басқаруды:
      жұмыс тежеу жүйесiн пайдалану сипаттамасын және жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн;
      қосалқы тежеу жүйесiн пайдалану сипаттамасын және жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн;
      тұрақта тұру тежеу жүйесiн пайдалану сипаттамасын және жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн;
      қосалқы тежеу жүйесiн пайдалану сипаттамасын;
      блоктауға қарсы тежеу жүйесiнiң жұмыс iстеуiн.
      2) рульдi басқаруды:
      руль тетiгiнiң және оны бекiтетiн картердiң, руль жетегінің, руль дөңгелегiнiң және руль колонкасының механикалық жай-күйi мен жұмыс iстеуiн;
      жалпы люфтi;
      дөңгелектердi орнату бұрыштарын реттеу.
      3) көру:
      көру аясы;
      әйнектердiң жай-күйi;
      артқы көру айнасы және аспаптар;
      әйнек тазалағыштар;
      әйнек жуғыштар.
      4) сыртқы жарық аспаптарының, көзді шағыстырғыштар мен электр жабдығының саны, орналасуы, түстерi, көру бұрыштары, жай-күйi, жұмыс iстеуi және сипаттамалары:
      фаралар;
      алдыңғы және артқы габариттiк (бүйір) оттары, бүйiр сигналдық шамдары;
      тежеу сигналдары;
      бұрылу көрсеткiштерi;
      алдыңғы және артқы тұманға қарсы фаралары;
      артқа жүру шамдары;
      артқы нөмiрлiк белгiнi жарықтандыру кiшi лампалары;
      жарық көзге шағыстырғыштар, бүйiрлiк көзге шағыстырғыштар, артқы тану белгiлерi;
      бақылау сигналдары;
      сүйреуiш пен тiркеменiң немесе жартылай тiркеменiң арасындағы электр қосылғыштар;
      электр сымдары;
      мiндеттi емес оттар;
      аккумуляторлар.
      5) біліктер, дөңгелектер, шиналар мен аспалар:
      біліктердiң механикалық жай-күйi;
      дөңгелектер мен шиналардың өлшемi, сипаттамалары және тозуы;
      аспа элементтерiнiң және оларды бекiткiштердiң (рессорлар, амортизаторлар, құбырлар, берушi айналмалы моменттiң, итергiш штангалар мен аспа иінтірегішiнiң, сондай-ақ шарнирлiк элементтердiң) механикалық жай-күйі.
      6) шасси мен шассиге агрегаттар мен тораптарды бекiту элементтерiнiң:
      түтiн түтiктерi мен тұншықтырғыштардың;
      автокөлiк құралының салоны мен кабинасында зиянды заттар құрамының;
      отын багы мен құбыр жолдардың (жылытуға және құбыр жолдарға арналған отын багын қоса алғанда);
      бамперлердiң, бүйiрлiк қорғану және артқы сырғанауға қарсы құрылғының;
      қосалқы дөңгелек кронштейндерiнiң;
      тiркеу құрылғысының;
      трансмиссиялардың;
      қуат агрегатын бекiткiштiң;
      аудару механизмiнiң;
      кабина немесе шанақ қондырғыларының;
      есiктер және есiк құлыптарының;
      еденнiң;
      жүргiзушi мен жолаушылар орындықтарының;
      басқару органдарының;
      кабина мен шанақ басқыштарының;
      басқа да iшкi және сыртқы фитингiлердiң;
      шашыратқыштардың (қанаттардың), шашыраудан қорғауға арналған құрылғылардың жай-күйi мен жұмыс iстеуi.
      7) басқа да жабдықтың:
      қауiпсiздiк белдiктерiнiң, балаларға арналған ұстау құрылғылары мен оларды бекiту орындарының;
      өрт сөндiру құралдарының;
      құлыптар мен айдап әкетуге қарсы құрылғылардың;
      авариялық тоқтау белгiлерiнiң;
      алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрi-дәрмек қобдишасының;
      дөңгелектердiң астына салынатын сырғанауға қарсы тiреуiштердiң;
      дыбыстық сигнал беру жүйесiнiң;
      спидометрдiң;
      оларға міндетті жабдықтауға жататын көлік құрылдарына арналған тахографтың;
      жылдамдықты шектеуге арналған құрылғының бар-жоғы, жай-күйi және жұмыс iстеуi.
      8) қоршаған ортаға әсер етумен байланысты факторлар:
      шу;
      пайдаланылған газдар;
      радиокедергiлер деңгейi;
      сұйықтықтардың ағуы.
      42. Міндетті техникалық байқауды өткізудің негізгі кезеңінде көлік құралының қандай да бір бөлігін ажыратусыз немесе алып тастаусыз орындалады.
      43. Тіркемелер мен жартылай тіркемелердің техникалық жай-күйі автопоезд құрамында да, ағытылған жай-күйінде де (тартым-тіркеме құрылғысы мен тежегіш блоктауының дұрыстығын бақылау үшін) тексеріледі.
      44. Жүк автомобильдерінің, тіркемелер мен жартылай тіркемелердің техникалық жай-күйін тексеру толық жүктеме кезінде жүргізіледі.
      45. Көлік құралын міндетті техникалық байқауды жүргізу нәтижелері бойынша техникалық байқау орталығы техникалық байқаудың диагностикалық картасын (бұдан әрі – диагностикалық карта) жасайды, оның негізінде міндетті техникалық байқаудан өту туралы куәлік оның қолданылу мерзімі көрсетіле отырып беріледі.
      46. Диагностикалық картаға техникалық байқау орталығының маманы қол қояды және көлік құралының иесіне беріледі.
      47. Міндетті техникалық байқаудан өткендігі туралы куәлікке техникалық байқау орталығының басшысы немесе оның орнын басатын тұлға қол қояды.
      48. Диагностикалық картаны толтыруды техникалық байқау орталығы міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуде қағаз және электрондық түрде жүргізеді.
      49. Стационарлық және ұтқыр техникалық байқау желілері міндетті техникалық байқауды жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты қалыптастыру, сақтау және беру үшін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуі бар бағдарламалық-аппараттық кешенмен жарақталады.
      50. Міндетті техникалық байқаудың бірыңғай басқару жүйесі орталықтандырылған, бірыңғай цифрлық хаттама бойынша біріктірілген және мынадай талаптарға жауап береді:
      1) бақылау-диагностикалық жабдықты басқару үшін белгіленген бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы;
      2) цифрлық хаттама негізінде жұмыс істеу;
      3) ресми және (немесе) мемлекеттік тілдердегі интерфейсі болады.
      51. Бағдарламалық-аппараттық кешен компьютерлік жабдықты және көлік құралының фото немесе бейне белгілеу құралдарын қамтиды.
      52. Міндетті техникалық байқауды жүргізу нәтижелері бойынша мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне көлік құралының иесі, көлік құралы, міндетті техникалық байқауды жүргізу нәтижелері, куәліктердің берілген бланктері туралы ақпарат беріледі.
      53. Егер міндетті техникалық байқауды жүргізу нәтижелері бойынша көлік құралын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен шарттар анықталмаса, міндетті техникалық байқау өткізілді деп саналады.
      Бұл жағдайда көлік құралының иесіне диагностикалық картаның негізінде міндетті техникалық байқаудан өткендігі туралы куәлік келесі міндетті техникалық байқауды жүргізу күнін көрсетіле отырып беріледі.
      54. Егер міндетті техникалық байқауды жүргізу нәтижелері бойынша көлік құралын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен шарттар анықталса, міндетті техникалық байқау өткізілген жоқ деп танылады.
      Бұл жағдайда көлік құралының иесіне ақаулары көрсетілген диагностикалық карта беріледі.
      55. Көлік құралын пайдалануға тыйым салынатын анықталған ақаулар мен шарттар жойылғаннан кейін көлік құралының иесі оны міндетті техникалық байқауды қайта жүргізу үшін ұсынады.
      56. Көлік құралын қайта міндетті техникалық байқау бірінші міндетті техникалық байқау жүргізілген техникалық байқау орталығында не өзге техникалық байқау орталығында жүргізіледі.
      57. Көлік құралын қайта міндетті техникалық байқау кезінде бірінші міндетті техникалық байқау жүргізілген техникалық байқау орталығында міндетті техникалық байқау белгіленген критерийлерге сай келмеген және бұл туралы диагностикалық картада көрсетілген көрсеткіштер бойынша ғана жүргізіледі.
      Бұл жағдайда техникалық байқау орталығы жаңадан қаралатын позицияларды тексеру үшін ғана төлемақы алады.
      58. Техникалық байқау орталықтарына көлік құралының иесіне қайта міндетті техникалық байқауды жүргізуден бас тартуға рұқсат етілмейді.
      59. Көлік құралы иесінің міндетті техникалық байқауды жүргізу кезінде ақауларды анықтағаннан кейін қайта міндетті техникалық байқауға ұсынуының ең ұзақ мерзімі күнтізбелік он күнді құрайды.
      60. Күнтізбелік он күн өткеннен кейін көлік құралының жай-күйін осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеру жалпы негіздерде жүзеге асырылады.
      61. Егер қайта міндетті техникалық байқау жүргізу кезінде бұрын анықталған және диагностикалық картада көрсетілген, көлік құралын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен шарттар жойылмағаны белгіленсе, диагностикалық карта жасалады, онда қайта міндетті техникалық байқау нәтижелері көрсетіледі.
      62. Техникалық байқау орталығы көлік құралдарын міндетті техникалық байқауды жүргізу нәтижелері туралы дерекқорды күнделікті (өсу нәтижесімен) резервті көшіруді, сондай-ақ міндетті техникалық байқауды жүргізу нәтижелері туралы ақпараты бар дерекқор көшірмелерін мұрағатты сақтауды (өсу нәтижесімен) ұйымдастырады. Дерекқор көшірмелері үш жыл бойы сақталады.
      63. Техникалық байқау орталығының техникалық байқаудың стационарлық желілерінің көлік құралдарын міндетті техникалық байқауды жүргізулері бойынша ақпарат күн сайын онлайн режимінде көліктік бақылау органына ұсынылады.
      64. Техникалық байқау орталығының техникалық байқаудың ұтқыр желілерінің көлік құралдарын міндетті техникалық байқауды жүргізулері бойынша ақпарат күнтізбелік екі күнде бір рет көліктік бақылау органына ұсынылады.
      65. Міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі көлік құралдарының міндетті техникалық байқаудан өтулерін есепке алу, көлік құралдарының техникалық жай-күйі бойынша статистикалық талдау және жеке тұлғалар ағымдағы жыл үшін көлік құралдары салығын төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындау туралы ақпаратты салық қызметі органдарына беруге және есебін жүргізу үшін арналған.
      66. Міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде көлік құралдарының міндетті техникалық байқаудан өткендігі туралы куәліктер бланкілерінің және халықаралық техникалық тексеру сертификаттары бланкілерінің нөмірлік есебі жүргізіледі.
      67. Міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін толтыру талаптарын уәкілетті орган бекітеді.
      68. Міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйені жаңартуды көліктік бақылау органдары күн сайын техникалық байқау орталықтары ұсынған ақпараттар мен құжаттардың негізінде жүзеге асырады.
      69. Көліктік бақылау органы техникалық байқау орталықтары ұсынған көлік құралы туралы деректерді міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің деректерімен салыстыруды жүргізеді.

Механикалық көлік құралдарын
және олардың тіркемелерін міндетті
техникалық байқауды ұйымдастыру
және жүргізу қағидасына
1-қосымша    

Міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік бланкілерін есепке алу және беру журналы

р/с №

Міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік алған жеке тұлғаның Т.А.Ә. аты-жөні немесе заңды тұлғаның атауы

АКҚ маркасы мен мемлекеттік нөмірі

Міндетті техникалық байқаудан өткен күні

Міндетті техникалық байқаудан өткені туралы берілген куәлік бланкісінің №

Ескертпе

1

2

3

4

5

6







Механикалық көлік құралдарын
және олардың тіркемелерін міндетті
техникалық байқауды ұйымдастыру
және жүргізу қағидасына
2-қосымша    

Міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік бланкілерін тіркеу, есепке алу және беру журналы

р/с №

Уәкілетті органнан алынған міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік бланкілерінің № бастап № дейін және саны

Техникалық байқау орталығына берілген міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік бланкілерінің № бастап № дейін және саны

Міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік бланкілерінің техникалық байқау орталығына берілген күні

Ескертпе

1

2

3

4

5






Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 17 мамырдағы
№ 523 қаулысымен
бекітілген  

Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін  міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігі

      1. Жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша орталық атқарушы органда тіркелген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу техникалық байқау орталықтарында мынадай кезеңділікпен жүргізіледі:
      1) әрбір 12 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жылдан асатын;
      2) әрбір 24 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан 7 жылға дейін;
      3) әрбір 36 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылға дейін.
      2. Адамдарды тасымалдау үшін жабдықталған автобустар, шағын автобустар және таксилер, сондай-ақ жүк автомобильдері меншік нысанына және шығарылған жылына қарамастан, міндетті техникалық
байқаудан әрбір алты ай сайын өтеді.
      3. Механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің бұдан кейінгі міндетті техникалық байқаудан өту мерзімі бастапқы міндетті техникалық байқаудан өту күнінен бастап есептеледі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 17 мамырдағы
№ 523 қаулысымен
бекітілген  

Нысаны

№ ___ техникалық байқаудың диагностикалық картасы

АКҚ тексеру орыны:                - Бастапқы тексеру
                                  - Қайталап тексеру

Мемлекеттік тіркеу белгісі:

Марка, үлгі:

Шығарылған жылы:

Үлгі, қозғалтқыш №:

шанақ №:

шасси (рама) №:

Сәйкестендіру нөмірі VIN:



АКҚ меншік иесі:

АКҚ меншік иесінің өкілі:


Тіркеу құжаты:

Серия:

Нөмірі:


100

Тежеу жүйесі

Жұмыстық тежеу жүйесінің меншікті тежегіш күші

101

Тұрақтық тежеу жүйесінің меншікті тежегіш күші

102

Доңғалақтардың тежегіш күшінің салыстырмалы айырмашылығы

103

Пневматикалық тежеу жетегінің герметикалығы

104





Гидравликалық тежеу жетегінің герметикалығы

105

Манометр, сигнал беру жүйесі

106

Сығымдалған ауа қысымы

107

Жұмыстық тежеу жүйесінің іске қосылу уақыты

108

Тежеу кезіндегі желілік ауытқу

109






Қосалқы тежеу жүйесі

110

Тежеу жүйелері элементтерінің жай-күйі

111




200

Рульмен басқару

Жиынтық люфт

201

Бөлшектердің ығысуы, бұрандалық қосылыстардың бекітілуі

202

Рульмен басқаруды күшейткіш

203

Рульмен басқару элементтерінің жай-күйі

204





300

Сыртқы жарық аспаптары

Алыс және жақын жарық фаралары, қосымша фаралар

301

Тұманға қарсы фаралар

302

Тежеу сигналдары

303

Габаритік жарық, артқы, тұманға қарсы жарық

304





Бұрылысты нұсқағыштар, авариялық сигнал беру

305

Тіркеу белгісін жарықтандыру шамы

306

Артқы жүріс жарығы

307

Жарық тойтарғыштар

308

Автопоезд белгісі

309






400

Желқағар әйнектердің әйнек тазалағыштары, әйнек жуғыштары

Әйнек тазалағыштар

401

Әйнек жуғыштар

402




500

Доңғалақтар мен шиналар

Протектордың тозуы

501

Шиналардың зақымдалуы

502

Шиналарды орнату

503

Доңғалақтардың дискілері мен құрсауларының бекітілуі, жай-күйі

504





600

Қозғалтқыш және оның жүйелері

СО және СН құрамы

601

Дизельді қозғалтқыштың түтіндегіштігі

602

Қоректену жүйесі

603

Шығару жүйесі

604





700

Конструкцияның басқа элементтері

Тіркеу белгілері

701

Көлік құралының таңбалануы

702

Артқы көрініс айналары

703

Дыбыстық сигнал

704





Әйнектер (шолу ауқымы, ашықтығы)

705

Спидометр, тахограф

706

Аспаның, кардан берілісінің элементтері

707

Жүргізушінің отырғышын реттеу тетіктері

708

Есіктердің құлыптары, борттардың, шанның ілмектері

709






Есіктерді басқару жетегі

710

Апаттық шығаберістер

711

Айдап кетуге қарсы құрылғылар

712

Әйнектерді жылыту және желпіту құрылғылары

713

Лайдан қорғағыш алжапқыштар; шашыратқыштар

714






Іліністік құрылғы

715

Медициналық қобдиша, өрт сөндіргіштер, авариялық тоқтау белгісі

716

Жылжуға қарсы тіректер

717

Қауіпсіздік белдіктері

718

Көлік құралының конструкциясына енгізілген өзгертулер

719






Жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келеді

Жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келмейді:

Тексеру жүргізілмеген:

Тексеру барысында анықталған ақаулықтар туралы ескертулер және қосымша ақпарат:


АКҚ техникалық жай-күйін тексеруді жүргізген:
Күні: _____________________ ______________________________________
                     (Тексеруді жүргізген маманның аты-жөні, қолы)

Техникалық байқау орталығының (ТБО) қорытындысы:

АКҚ ____________________   _______________________________________
  (ақаусыз/ақаулы)         (ТТО маманының лауазымы) (күні, қолы)