Телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы таратылатын отандық телевизия және радио бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 256 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы таратылатын отандық телевизия және радио бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 15 наурыздағы
№ 256 қаулысымен   
бекітілген     

Телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы таратылатын отандық телевизия және радио бағдарламаларының тізбесі

Р/с

Телевизия және радио бағдарламаларының атауы

1

2

1

«Хабар»

2

«Ел арна»

3

«Қазақстан»

4

«Caspionet»

5

«Первый канал Евразия»

6

«МИР»

7

«Балапан»

8

«31 арна»

9

«Коммерциялық телевизиялық арна»

10

«Тәуелсіз телевизиялық арна»

11

«Таң»

12

«7-арна»

13

«СТВ»

14

«Астана»

15

«Деловая волна» радиосы

16

«MuzZone»

17

«Hit TV»

18

«7 news»

19

Қазақ радиосы

20

«Шалқар»

21

«Астана» радиосы

22

«Тенгри FМ»

23

«Алматы»

24

«Жетісу»

25

«Қазақстан» телеарнасының облыстық филиалдары:


Ақмола облыстық телерадиокомпаниясы;


Ақтөбе облыстық телерадиокомпаниясы;


Атырау облыстық телерадиокомпаниясы;


Батыс Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясы;


Жамбыл облыстық телерадиокомпаниясы;


Шығыс Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясы;


Қарағанды облыстық телерадиокомпаниясы;


Қостанай облыстық телерадиокомпаниясы;


Қызылорда облыстық телерадиокомпаниясы;


Маңғыстау облыстық телерадиокомпаниясы;


Солтүстік Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясы;


Оңтүстік Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясы;


Павлодар облыстық телерадиокомпаниясы.