Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 ақпандағы № 133 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің « Республикалық ақпараттық-талдау орталығы» мен «Денсаулық сақтауды дамыту институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - кәсіпорын) қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы;
      2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;
      2) кәсіпорынды Қазақстан Республикасының әділет органдарында
мемлекеттік тіркеуді;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай
өзгерістер енгізілсін:
      1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 9-74-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«9-74. «Денсаулық сақтауды дамыту                  Астана қаласы
      республикалық орталығы»
      шаруашылық жүргізу құқығындағы
      республикалық мемлекеттік кәсіпорны                     »;
      реттік нөмірі 9-86-жол алынып тасталсын;
      2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 529-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «1. Мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны»;
      реттік нөмірі 39-10-жол алынып тасталсын;
      3) «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 250-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «250. Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны»;
      реттік нөмірі 257-1-10-жол алынып тасталсын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов