Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі кейбір шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 1066 жарлықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерімен бірге Сот актілерін орындау комитеті;
      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті құрылсын.
      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелері таратылсын.
      3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің қарауындағы ұйымдар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарауына берілсін.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.30 N 1477 (2010.09.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Көліктегі Батыс ішкі істер департаменті», «Көліктегі Орталық ішкі істер департаменті» және «Көліктегі Оңтүстік - Шығыс ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемелері оларды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Көліктегі ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесіне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      5. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясы» мемлекеттік мекемесі және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды заң институты» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
      6. Осы қаулының 5-тармағында аталған мекемелерді қаржыландыру тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат және бекітілген штат санының лимиті шегінде жүргізіледі деп айқындалсын.
      7. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі:
      1) ішкі істер аумақтық органдарының есірткі бизнесіне қарсы күресті жүзеге асыратын бөлімшелерінің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетіне бағыныстылығының тік жүйесін енгізуді қамтамасыз етсін;
      2) Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктерімен және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдерімен бірлесіп, мыналардың қызметіне байланысты функциялар мен өкілеттіктерді:
      медициналық айықтырғыштарды - денсаулық сақтау жүйесіне;
      кәмелетке толмағандарды қабылдауды және уақытша ұстауды қамтамасыз ететіндерді:
      қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа жеткенге дейін қоғамға қауіпті әрекет жасағандарды;
      өмір сүру және тәрбиелену жағдайлары бойынша бұрынғы тұрғылықты жерінде бұдан әрі тұру мүмкіндігі болмаған жағдайларда қылмыс жасағандығы айыпталғандарды қоспағанда, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарын - білім беру жүйесіне берсін.
      3) Астана қаласының және Алматы облысының Ішкі істер департаментінде тергеу және криминалдық полиция қызметтерін пилоттық жоба ретінде біріктірсін;
      4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жазаларды орындау үшін қажетті арнайы қабылдау орындарын кезең-кезеңімен беруді қамтамасыз етсін;
      5) екі ай мерзімде мемлекеттік қорғауға жататын Қазақстан Республикасының айрықша маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінің жобасын енгізсін.
      8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдері:
      1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктерімен және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен медициналық айықтырғыштардың және кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарының мүлкін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау және білім беру атқарушы органдарының теңгеріміне беруді қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктерімен бірлесіп, жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын денсаулық сақтау және білім беру атқарушы органдарының жанындағы медициналық айықтырғыштардың және кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарының тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
      3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Әділет министрлігін атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі функцияларды және өкілеттіктерді іске асыру, жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану және арнайы мекемелерде әкімшілік жаза түріндегі әкімшілік жаза және бұл мекемелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін тиісті ғимараттармен (үй-жайлармен) қамтамасыз етсін.
      9. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп қарап «Ақ-Желкен» емдеу-сауықтыру кешенін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қарамағына беру туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      10. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;
      2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.12.30 N 1477 (2010.09.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.30 N 1477 (2010.09.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      11. Орталық мемлекеттік органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      12. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2010 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 1009 қаулысына    
1-қосымша        

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. Ақмола облысының Сот актілерін орындау департаменті.
      2. Ақтөбе облысының Сот актілерін орындау департаменті.
      3. Алматы облысының Сот актілерін орындау департаменті.
      4. Атырау облысының Сот актілерін орындау департаменті.
      5. Шығыс Қазақстан облысының Сот актілерін орындау департаменті.
      6. Жамбыл облысының Сот актілерін орындау департаменті.
      7. Батыс Қазақстан облысының Сот актілерін орындау департаменті.
      8. Қарағанды облысының Сот актілерін орындау департаменті.
      9. Қызылорда облысының Сот актілерін орындау департаменті.
      10. Қостанай облысының Сот актілерін орындау департаменті.
      11. Маңғыстау облысының Сот актілерін орындау департаменті.
      12. Павлодар облысының Сот актілерін орындау департаменті.
      13. Солтүстік Қазақстан облысының Сот актілерін орындау департаменті.
      14. Оңтүстік Қазақстан облысының Сот актілерін орындау департаменті.
      15. Астана қаласының Сот актілерін орындау департаменті.
      16. Алматы қаласының Сот актілерін орындау департаменті.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2010 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 1009 қаулысына    
2-қосымша        

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің таратылатын аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. Көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті.
      2. Көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.
      3. Көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті.
      4. Көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті.
      5. Көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
      6. Көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.
      7. Көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
      8. Көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.
      9. Көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті.
      10. Көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті.
      11. Көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.
      12. Көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті.
      13. Көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
      14. Көші-қон комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
      15. Көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті.
      16. Көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2010 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 1009 қаулысына    
3-қосымша        

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарауына берілетін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Тізімнің атауына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.30 N 1477 (2010.09.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. «Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы.
      2. «Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы» мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы.
      3. «Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы» мемлекеттік мекемесі, Оңтүстік Қазақстан облысының Ақсукент ауылы.
      4. «Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы» мемлекеттік мекемесі, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2010 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 1009 қаулысымен   
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      мынадай мазмұндағы «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитетіне» деген бөліммен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитетіне»:
      «218-4. СТЛ-000338 «Би-Логистик» АҚ;
      «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетіне» деген бөлім алып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты» деген бөлімде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)».
      2. «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 25, 260-құжат):
      2-тармақтың бірінші абзацында «Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитеті» деген сөздер «Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану ережесінде:
      2-тармақтың бірінші абзацында «Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитеті» деген сөздер «Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:
      14-тармақта:
      30) тармақшада «жүзеге асыру.» деген сөздер «жүзеге асыру;» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 31) және 32) тармақшалармен толықтырылсын:
      «31) уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарында кәмелетке толмаған адамдарды ұстауды ұйымдастыруды үйлестіру;
      32) кәмелетке толмаған адамдарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және сауықтыру орталықтарында ұстауды бақылауды жүзеге асыру.».
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
      5. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат):
      1) 6-тармақта:
      3) тармақша алып тасталсын;
      мынадай редакциядағы 4) тармақша:
      «4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі» алып тасталсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
      1-тармақтың екінші абзацында «ведомстволары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті және» деген сөздер «ведомствосы» деген сөзбен ауыстырылсын;
      9-тармақта:
      1), 2) тармақшаларда «, халықтың көші-қоны», «, сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
      10-тармақта:
      1) тармақшада «, халықтың көші-қоны», «,сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
      34), 35), 36), 37), 38), 39), 39-1), 39-2), 39-3), 39-4), 39-5), 39-6), 39-7), 40), 41) тармақшалар алып тасталсын;
      11-тармақта:
      3) тармақшада «халықтың көші-қоны,», «, босқындар мәселелері жөніндегі» деген сөздер алып тасталсын;
      14), 15), 17) тармақшалар алып тасталсын;
      14-тармақта:
      1) тармақшада «, халықтың көші-қоны» деген сөздер алып тасталсын;
      4) тармақшада «ведомстволардың» деген сөз «ведомствоның» деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) өзінің қызметінде оның бақылауында болатын ведомствоның басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;»;
      6) тармақшада «ведомстволар басшыларының» деген сөздер «ведомство басшысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      16-тармақта:
      4) тармақша «шегінде Министрліктің» деген сөздерден кейін «, ведомствоның» деген сөзбен толықтырылсын;
      9) тармақшада «ведомстволардың басшылары», «ведомстволар басшыларының» деген сөздер тиісінше «ведомство басшысы», «ведомство басшысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі алып тасталсын.
      6. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
      1-тармақтың бірінші абзацы «қамтамасыз етуді жүзеге асыратын» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ атқарушы құжаттардың уақтылы орындалуын және жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау  және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін» деген сөздермен толықтырылсын;
      14-тармақ мынадай мазмұндағы қырық екінші және қырық үшінші абзацтармен толықтырылсын:
      «заңнамаға сәйкес атқарушы құжаттардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;
      жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;».
      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
      8. «1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1453 қаулысында:
      1-тармақтың екінші абзацы «және Қазақстан Республикасы соттарының, шет мемлекеттер соттарының, азаматтар мен заңды тұлғалардың қолдаухаттары бойынша соттардың шешімдерін және өзге ресми құжаттарын орындауға байланысты тапсырмалары бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
      жетінші абзац алып тасталсын.
      9. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж. № 25, 311-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
      1-тармақтың екінші абзацы «Әкімшілік полиция комитеті» деген сөздерден кейін «, Көші-қон полициясы комитеті» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ «қорғау» деген сөзден кейін «, мемлекеттік саясатты қалыптастыру және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, сондай-ақ халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындардың мәселелері бойынша мемлекеттік басқару» деген сөздермен толықтырылсын;
      12-тармақта:
      1) тармақшаның жиырма екінші абзацында «, оларды мемлекеттік техникалық қарауды» деген сөздер алып тасталсын;
      2) тармақшада:
      екінші абзац «күзет қызметін» деген сөздердің алдынан «аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілер бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
      жиырма бесінші абзацта «, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамдарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарында ұстауды» деген сөздер алып тасталсын;
      қырық екінші және жетпіс бірінші абзацтар алып тасталсын;
      жетпіс сегізінші абзацта «жүргізілуін» деген сөз «уақтылы өткізілуін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      «заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестірудің, квоталарды өңірлер арасында бөлуді алдын ала келісуді;
      Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға Үкімет белгілеген шекте және тәртіппен рұқсат беруді;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, шетел азаматтарының келуін, болуын және кетуін бақылау жөніндегі «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесін әкімшілендіруді;
      Қазақстан Республикасында көші-қон процестерін талдауды және болжауды;
      халықтың көші-қонын реттеу жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар әзірлеуді;
      халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі бағдарламаны әзірлеуді;
      халықтың көші-қоны және босқындар мәселелері жөніндегі жұмысты үйлестіруді;
      оралмандардың көшіп келу квотасын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді;
      оралман мәртебесін беру тәртібін анықтауды;
      босқын мәртебесін беру туралы қолдаухатты тіркеу және қарау, баспана іздеген адам куәлігінің үлгілерін және баспана іздеген адамды және босқынды тіркеу үшін ішкі істер органдарына жіберу тәртібін бекітуді;
      өз құзыреті шегінде босқын деп танылған адамға шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуға жәрдемдесуді;
      баспана іздеген адамға куәлік беруді;
      босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімін жүзеге асыруды;
      босқын куәлігінің және жол жүру құжатының үлгілерін бекітуді және оларды беруді жүзеге асыруды;
      пана іздеген адамдардың және босқындардың тізімін қалыптастыруды және ай сайын ұлттық қауіпсіздік органдарына жіберуді;
      босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлеуді және бекітуді, сондай-ақ аталған комиссияны құруды;
      оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу тәртібін айқындауды;
      оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында болу және оларға бейімделу қызметтерін көрсетудің тәртібін, уақытын айқындауды;
      халықтың көші-қоны туралы және босқындар мәселелері жөніндегі заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылауды;
      көші-қон мәселелері жөніндегі бағдарламалар мен нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді;
      келген оралмандар мен босқындарды тіркеуді және есепке алуды;
      аумақтық органдардың босқын мәртебесін беруден бас тартуы туралы шағымдар жөніндегі шешімдер қабылдауды және оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуді.»;
      19-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «11-1) халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша саясатты қалыптастырады;».
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «1. Мемлекеттік мекемелер» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 10-жолда «Академиясы» деген сөз «Алматы академиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 11-жолда «заң институты» деген сөздер «академиясы» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
      реттік нөмірлері 17, 18 және 19-жолдар алып тасталсын;
      реттік нөмірлері 219, 220, 221, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230, 231, 232, 234, 235, 236, 237, 238, 239, 240, 241, 242 және 243-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «219. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Ақтау станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
      220. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Ақтөбе станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
      221. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Атырау станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
      222. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Қандыағаш станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
      223. Қазақстан Республикасы Ішкі істер-министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Қызылорда станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
      224. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер "департаментінің Орал станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
      225. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Астана станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
      226. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Астана қаласының әуежайындағы ішкі істер желілік бөлімі.
      227. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Қарағанды - Сұрыптау станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
      228. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Көкшетау станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
      229. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Қостанай станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
      230. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Павлодар станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
      231. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Петропавл станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
      232. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Алматы-1 станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
      233. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Алматы қаласының әуежайындағы ішкі істер желілік бөлімі.
      234. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Арыс станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
      235. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Достық станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
      236. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Жамбыл станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
      237. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Защита станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
      238. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Луговая станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
      239. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Семей станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
      240. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Түркістан станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
      241. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Үштөбе станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
      242. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Шу станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.
      243. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Шымкент станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі.».
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 277-жолмен толықтырылсын:
      «277. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көліктегі ішкі істер департаменті.».
      10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.10.2013 № 1058 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      11. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      12. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      3-бағанда:
      реттік нөмірі 2-жолдарда:
      «112763» деген сандар «112059» деген сандармен ауыстырылсын;
      «46544» деген сандар «45779» деген сандармен ауыстырылсын;
      «2818» деген сандар «2753» деген сандармен ауыстырылсын;
      «2764» деген сандар «2709» деген сандармен ауыстырылсын;
      «2394» деген сандар «2359» деген сандармен ауыстырылсын;
      «4593» деген сандар «4522» деген сандармен ауыстырылсын;
      «2892» деген сандар «2866» деген сандармен ауыстырылсын;
      «1929» деген сандар «1880» деген сандармен ауыстырылсын;
      «4500» деген.сандар «4428» деген сандармен ауыстырылсын;
      «2252» деген сандар «2238» деген сандармен ауыстырылсын;
      «2013» деген сандар «1966» деген сандармен ауыстырылсын;
      «5083» деген сандар «4983» деген сандармен ауыстырылсын;
      «1781» деген сандар «1749» деген сандармен ауыстырылсын;
      «2816» деген сандар «2777» деген сандармен ауыстырылсын;
      «1928» деген сандар «1888» деген сандармен ауыстырылсын;
      «2434» деген сандар «2383» деген сандармен ауыстырылсын;
      «2166» деген сандар «2130» деген сандармен ауыстырылсын;
      «4181» деген сандар «4148» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер» деген жолда, оның ішінде: 46400» деген жолда «46400» деген сандар «46436» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы ІІМ академиясы 789» деген жолда «академиясы» деген сөз «Алматы академиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Қарағанды заң институты 501» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы 501»;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары 36»;
      реттік нөмірі 7-жолда:
      2-бағанда «және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді» және «, оның ішінде:» деген сөздер алып тасталсын;
      3-бағанда «1607» деген сандар «1496» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары 36»;
      3-бағанда:
      реттік нөмірі 8-жолда «1483» деген сандар «1532» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 11-жолдың «22646» деген сандар «24743» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 12-жолдың «2564» деген сандар «2565» деген сандармен ауыстырылсын.
      13. «Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 556-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесінде:
      реттік нөмірі 7-жол алып тасталсын;
      реттік нөмірі 8-жолдың 2-бағанында:
      «Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі Комитеті» деген сөздер «Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын.
      «келісім бойынша» деген сөздер алып тасталсын.
      14. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      15. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 111 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      16. «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 103 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 15-16, 133-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «Функционалдық мүмкіндіктер және ықтимал тәуекелдер» деген 4-бөлімде:
      төртінші абзацтағы «және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі комитеті» деген сөздер алып тасталсын.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2010 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 1009 қаулысымен   
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды (10-т. 2) тармақшасын қараңыз) - ҚР Үкіметінің 2010.12.30 N 1477 (2010.09.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.