Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 және 2010 жылғы 1 наурыздағы № 153 қаулыларына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 977 Қаулысы

Жаңартылған

      «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 633-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентте:
      678-тармақтардағы «Еуро-2 экологиялық кезеңінде», «Еуро-3 экологиялық кезеңінде», «Еуро-4 экологиялық кезеңінде» деген сөздер тиісінше «2-экологиялық кезеңде», «3-экологиялық кезеңде», «4-экологиялық кезеңде» деген сөздермен, 14 және 15-тармақтардағы «Еуро-2 экологиялық кезеңі», «Еуро-3 экологиялық кезеңі», «Еуро-4 экологиялық кезеңі» деген сөздер тиісінше «2-экологиялық кезең», «3-экологиялық кезең», «4-экологиялық кезең» деген сөздермен, 16-тармақтағы «Еуро-2 экологиялық кезеңінің» деген сөздер «2-экологиялық кезеңнің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:
      «17. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын, бұрын пайдаланылған автокөлік құралдарының 3-экологиялық кезеңнің талаптарына сәйкестігін растау Техникалық регламентке 5-қосымша ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;
      Техникалық регламентке 4-қосымшада:
      тақырыбындағы «Еуро-2 экологиялық кезеңі» деген сөздер «2-экологиялық кезең» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Олардың шығарылу жылына байланысты Еуро-2 талаптарына сәйкестігі» деген бағандағы «Еуро-2» деген сөз «2-экологиялық кезеңнің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес Техникалық регламентке 5-қосымшамен толықтырылсын;
      2) күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.07.30 № 1004 (2012.12.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкiметiнiң 2012.07.30 № 1004 (2012.12.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасының төртінші, бесінші және тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.30 № 737 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2010 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 977 қаулысымен   
бекітілген     

Техникалық регламентке
5-қосымша    

Автокөлік құралдары мен іштен жану қозғалтқыштарының
шығарылу жылына қарай 3-экологиялық кезең бойынша
техникалық регламенттің талаптарына сәйкестік кестесі

Автокөлік құралдарының және (немесе) олардың қозғалтқыштарының шығарылған елі

3-экологиялық кезеңнің талаптарына сәйкес келетін көлік құралдарының шығарылған жылы

Еуропалық Одаққа кіретін,* бензин қозғалтқыштары

2001 жылдан бастап және одан кейінгі

Еуропалық Одаққа кіретін,*  дизельдер

2002 жылдан бастап және одан кейінгі

АҚШ

2001 жылдан бастап және одан кейінгі

Жапония

2005 жылдан бастап және одан кейінгі

Канада

2004 жылдан бастап және одан кейінгі

Үндістан

2010 жылдан бастап және одан кейінгі

Қытай

2008 жылдан бастап және одан кейінгі

Корея

2003 жылдан бастап және одан кейінгі

Ескертпе:
      * Еуропалық Одаққа: Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Польша, Португалия, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция және Эстония кіреді;
      осы қосымшаны сәйкестікті растау рәсімін өткізу кезінде сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдар қолданады.