Ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 679 Қаулысы

Жаңартылған

      "Зерде" ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамына кіретін құрылымдар арасындағы ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператордың функцияларын бөлу мақсатында "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор болып мыналар белгіленсін:
      1) мынадай функцияларды іске асыру үшін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы:
      оларды дамытуға қатысу құқығымен ақпараттандыру саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік органдардың инвестициялық жобалары мен бағдарламаларын жоспарлауға, қалыптастыруға және талдауға қатысу;
      мемлекеттік ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылын, олардың әлемдік ақпараттық жүйелерге ықпалдасуын қамтамасыз ету;
      бағдарламалық-аппараттық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді енгізуді және (немесе) сүйемелдеуді, сондай-ақ осы мақсаттар үшін персоналды оқытуды жүзеге асыру;
      жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары мен мемлекеттік ақпараттық жүйелеріне қол жетімділігі үшін техникалық жағдай жасауды қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің интернет-ресурсы мен Қазақстан Республикасы "электрондық үкіметінің" веб-порталын құруды және техникалық сүйемелдеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары интернет-ресурстарының мониторингін қамтамасыз ету;
      "электрондық үкімет" қалыптастыру кезінде мемлекеттік органдарға консультациялық және практикалық көмек көрсету;
      қаржы ақпараттық жүйелерін және ресурстарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметі" инфрақұрылымының жобалық ықпалдастырушысы;
      қаржы ақпараттық жүйелерін және ресурстарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметін" қалыптастыру кезінде жобаларды басқару және техникалық сүйемелдеу;
      2) мынадай функцияларды іске асыру үшін "Электрондық коммерция орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:
      жеке және заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыру кезінде екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйелерді қоспағанда, қаржылық ақпараттық жүйелер мен ресурстар бойынша Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметі» инфрақұрылымының, жобалық ықпалдастырушысы;
      жеке және заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыру кезінде екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйелерді қоспағанда, қаржылық ақпараттық жүйелер мен ресурстар бойынша Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметін» қалыптастыру кезінде жобаларды басқару және техникалық сүйемелдеу.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.08 N 1169, 2010.12.31 N 1497 Қаулыларымен.
      2. "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қарашадағы № 1720 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 46, 440-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов