«Астананың жаңа университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының және «Өркен» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 532 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен «Астананың жаңа университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының атауын «Назарбаев Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы деп өзгертуді қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен «Өркен» акционерлік қоғамының атауын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамы деп өзгертуді қамтамасыз етсін.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      4. Мүдделі мемлекеттік органдар осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2010 жылғы 7 маусымдағы
№ 532 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестердің тізбесінде:
      «Астана қаласы» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 21-101-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «21-101. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ»;
      реттік нөмірі 21-115-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «21-115. «Назарбаев Университеті» АҚ».
      2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде реттік нөмірі 222-33-3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «222-33-3. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ»;
      «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі» деген бөлімде реттік нөмірі 304-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «304-1. «Назарбаев Университеті» АҚ».
      3. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж, № 23, 288-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесінде, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінде:
      3-тармақтың 16-4) тармақшасындағы «Астананың жаңа университеті» деген сөздер «Назарбаев Университеті» деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 29, 327-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
      6-тармақтағы «Астананың жаңа университеті» деген сөздер «Назарбаев Университеті» деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.06 № 377 Қаулысымен.
      6. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «Акционерлік қоғамдар» деген 3-бөлімнің 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ».
      7. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестердің) тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі» деген бөлімде:
      54-тармақтағы «Астананың жаңа университеті» деген сөздер «Назарбаев Университеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген бағдарламалық құжаттарда көзделген міндеттерді орындау үшін құрылған мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде реттік нөмірі 19-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «19-1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамы 100 %».
      8. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалды мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысында:
      тақырыбындағы және 1-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалды мектептері» деген сөздер «Назарбаев Зияткерлік мектептері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалды мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерінде:
      тақырыбы мен 1-тармақтағы және 2-тармақтың 1) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалды мектептері» деген сөздер «Назарбаев Зияткерлік мектептері» деген сөздермен ауыстырылсын.
      9. «Астананың жаңа университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 маусымдағы № 957 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 31, 283-құжат):
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      «Астананың жаңа университеті» деген сөздер «Назарбаев Университеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мына:
«Бишімбаев            - Қазақстан Республикасы Президентінің
Қуандық Уәлиханұлы      көмекшісі (келісім бойынша)»,
«Сәрінжіпов           - «Астананың жаңа университеті» коммерциялық
Аслан Бәкенұлы          емес акционерлік қоғамының Президенті»
      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Сұлтанов             - Қазақстан Республикасы Президентінің
Бақыт Тұрлыханұлы       көмекшісі (келісім бойынша)»,
«Сәрінжіпов           - «Назарбаев университеті» коммерциялық емес
Аслан Бәкенұлы          акционерлік қоғамының Президенті»;
      мына:
«Дэвид Меркель        - тәуелсіз директор»
      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Фредерик Старр       - тәуелсіз директор».
      10. «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға 51-қосымшада:
      реттік нөмірі 13-жолда:
      «Мемлекеттік тапсырманы орындау нысанында жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметтің немесе инвестициялық жобаның атауы» деген бағандағы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Интеллектуалды мектептері» деген сөздер «Назарбаев Зияткерлік мектептері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Мемлекеттік тапсырманың орындалуына жауапты заңды тұлғаның атауы» деген бағандағы «Өркен» АҚ» деген сөздер «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ» деген сөздермен ауыстырылсын.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 2011.03.10 N 240 Қаулысымен.
      11. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 39 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері мен көрсеткіштері» деген 3-бөлімде:
      «1-стратегиялық бағыт. Сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету» деген кіші бөлімде:
      «ЮНЕСКО-ның Лиссабон Конвенциясының және Болон процесінің талаптарына сай келетін кадрларды даярлау» деген 1.4.6-міндетте:
      «оның ішінде Жаңа университеттің бакалавриатына», «оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша Жаңа университеттің PhD докторантурасына» деген жолдардағы «Жаңа университеттің» деген сөздер «Назарбаев Университетінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Бюджеттік бағдарламалар» деген 8-бөлімде:
      009 бюджеттік бағдарламада (кіші бағдарламада):
      сандық көрсеткіштерінде:
      «Интеллектуалдық мектептердегі оқушылардың болжамды орташа саны» деген жолдағы «Интеллектуалдық мектептердегі» деген сөздер «Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      тиімділік көрсеткіштерінде:
      «- интеллектуалдық мектептердің 1-6 сыныптарында (мемлекеттік тапсырма)», «- интеллектуалдық мектептердің 7-11(12) сыныптарында (Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру гранты)» деген жолдардағы «интеллектуалдық мектептердің» деген сөздер «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      025 бюджеттік бағдарламада (кіші бағдарламада):
      сандық көрсеткіштерінде:
      «Тұңғыш Президенттің интеллектуалдық мектептерінде оқушылармен жұмыс істеу үшін әзірленген әдіснамалық негіздердің болжамды саны» деген жолдағы «Тұнғыш Президенттің интеллектуалдық мектептерінде» деген сөздер «Назарбаев Зияткерлік мектептерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      066 бюджеттік бағдарламада (кіші бағдарламада):
      сандық көрсеткіштерінде:
      «Қолданысқа енгізуге көзделген жоғары білім беру объектілерінің болжалды саны (Астана қаласындағы жаңа университет)» деген жолдағы «Астана қаласындағы жаңа университет» деген сөздер «Назарбаев Университеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
      082 бюджеттік бағдарламада (кіші бағдарламада):
      «Астана қаласының жаңа университеті» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту», «Астана қаласында әлемдік стандарттың ғылыми-білім беру қызметін ұйымдастыру үшін «Астана қаласының жаңа университеті» АҚ-тың жарғылық капиталын толықтыру» деген жолдардағы «Астананың жаңа университеті» деген сөздер «Назарбаев Университеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық бағыттары және бюджеттік бағдарламалары бойынша шығыстарды бөлу» деген кіші бөлімде:
      «Стратегиялық бағыттар және бюджеттік бағдарламалар» деген бағанда:
      инвестицияларда:
      «082 Астана қаласының жаңа университеті» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту» деген жолдағы «Астананың жаңа университеті» деген сөздер «Назарбаев Университеті» деген сөздермен ауыстырылсын.