Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 511 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.11.01 N 1258 (2012.01.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.11.01 N 1258 (2012.01.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.11.01 N 1258 (2012.01.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2) Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.11.01 N 1258 (2012.01.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
       2. «Сот сараптамасы қызметін лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 504 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 222-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 4 маусымдағы
№ 511 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасындағы
сот-сараптама қызметін лицензиялау
ережесі

      Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.11.01 N 1258 (2012.01.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.    

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 4 маусымдағы
№ 511 қаулысымен   
бекітілген       

Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.11.01 N 1258 (2012.01.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласында сот-сараптама қызметін қоспағанда, сот-сараптама қызметімен айналысу құқығына лицензия алуға өтініш берген жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
      1) жоғары білімінің болуы;
      2) мынадай пәндерден: қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасының, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі ережелері; криминалистика; сот сараптамасының құқықтық, ғылыми, ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздері; сараптаманың нақты түрінің ғылыми-әдістемелік негіздері; сот сараптамасы қызметін ақпараттандыру негіздері; сараптаманың нақты түрінің ғылыми-әдістемелік негіздері бойынша біліктілік емтихандарын тапсырғанын растайтын біліктілік куәлігінің болуы;
      3) кемінде бес жыл сот-сарапшылық жұмыс стажының болуы;
      4) «Сот сараптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 қарашадағы № 1414 қаулысымен бекітілген сот сараптамасы өндірісі жүзеге асырылатын арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарда көзделген арнайы жабдықтардың болуы;
      5) наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепте тұрғаны туралы мәліметтердің болмауы;
      6) өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы болып табылады.