РҚАО-ның ескертпесі!
Тақырып жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.11.01 N 1258 (2012.01.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Кіріспе жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.11.01 N 1258 (2012.01.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
РҚАО-ның ескертпесі!
1) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.11.01 N 1258 (2012.01.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1) Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесі;
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.11.01 N 1258 (2012.01.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2) сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. «Сот сараптамасы қызметін лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 504 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 222-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 4 маусымдағы
№ 511 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасындағы
сот-сараптама қызметін лицензиялау
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау ережесі (будан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласында сот-сараптама қызметін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау тәртібін белгілейді.
2. Сот-сараптама қызметі лицензиар айқындайтын жұмыстар мен қызметтердің түрлері бойынша лицензиялануға тиіс.
3. Лицензия сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін жеке тұлғаларға беріледі.
Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия қолданылу мерзімі шектелмей берілетін басты лицензия болып табылады. Лицензия иеліктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке тұлғаға бере алмайды.
4. Жеке тұлғалардың сот-сараптама қызметін лицензиялауды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.
2. Лицензияны берудің тәртібі мен шарттары
5. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қызметтің аталған түрімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
4) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар;
5) наркологиялық және психиатриялық диспансерлер лицензиарға тапсырғанға дейін кемінде бір ай бұрын өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша берген медициналық анықтамалар;
6) бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсетіп, өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтама.
6. Осы Ереженің 5-тармағында көрсетілмеген өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
7. Лицензияны беру үшін лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі лицензиардың құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылып, өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі).
8. Лицензияны лицензиар осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш берілген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде береді.
Лицензиар осы тармақта белгіленген мерзім ішінде лицензияны беруге не лицензияны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап қайтаруға міндетті.
Егер лицензиар осы Ережеде белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны бермеген не өтініш берушіні лицензияны беруден бас тарту себебі туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, осы Ережеде лицензияны беру үшін белгіленген мерзімдер өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші тиісті лицензиарды қызметтің өзі өтініш берген түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия беруге міндетті.
9. Егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) осы Ереженің 5-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген;
3) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;
5) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда, лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.
10. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензия беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады.
11. Лицензиясы жоғалған, бүлінген жағдайда лицензиат лицензияның телнұсқасын алуға құқылы.
Лицензияның жоғалған, бүлінген бланкілері лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі.
Лицензиар сот-сараптама қызметімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатпен коса, өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын береді.
3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату,
одан айыру тәртібі мен шарттары
12. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
13. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке тұлғаның сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиясының қолданылуы:
1) ол мемлекеттік қызметте болған;
2) ол өз қызметін Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін тұрақты немесе босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутатының өкілеттіктерін атқарған;
3) сот сараптамасы органдарында сот сарапшысы лауазымында жұмыс істеген;
4) мерзімді әскери қызметті өткерген кезеңде тоқтатыла тұрады.
Көрсетілген жағдайларда лицензияның қолданылуы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен тоқтатыла тұрады. Лицензиясының қолданылуы тоқтатылған адам, Қазақстан Республикасының соттары, құқық қорғау органдары және адвокатура органдары қабылданған шешім туралы хабардар етіледі.
14. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке тұлғаның сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиясының қолданылуын тоқтату:
1) мынадай:
адам сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын өрескел не бірнеше қайтара бұзған;
адамды аттестаттау нәтижелерімен расталған кәсіптік даярлығының жеткіліксіз деңгейі салдарынан оның сот сарапшысы міндеттерін атқаруы мүмкін болмаған;
адам аттестаттаудан өтуден жалтарған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің талап-арызы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады;
2) мынадай:
адам соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі, қайтыс болған не хабарсыз кеткен деп танылған;
адам Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылған;
адам қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
адамға қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайларда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жүзеге асырады.
15. Осы Ереженің 14-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ұсынуымен талап-арызды дайындау туралы Қазақстан Республикасы Әділет министріне жүгінеді.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі сот шешімі негізінде сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданылуын тоқтату туралы бұйрық шығарады, оның көшірмесі лицензиясының қолданылуы тоқтатылған адамға жіберіледі. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданылуын тоқтату туралы Қазақстан Республикасының соттары, құқық қорғау органдары және адвокатура органдары хабардар етіледі.
16. Осы Ереженің 14-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, Комиссия сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ұсынуымен Қазақстан Республикасы Әділет министріне жүгінеді.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданылуын тоқтату туралы бұйрық шығарады, оның көшірмесі лицензиясының қолданылуы тоқтатылған адамға жіберіледі. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданылуын тоқтату туралы Қазақстан Республикасының соттары, құқық қорғау органдары және адвокатура органдары хабардар етіледі.
17. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтату туралы бұйрықтың көшірмесін алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде ол лицензияны лицензиарға қайтарады.
4. Есепке алу және бақылау
18. Лицензиар лицензиаттың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.
Лицензиар өз құзыреті шеңберінде лицензиаттан тиісті құжаттарды ұсынуын талап етуге және бақылау функцияларын орындау үшін қажетті жазбаша немесе ауызша ақпарат алуға құқылы.
19. Лицензиар лицензияның берілген күні мен нөмірі, қызмет түрі туралы, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату және одан айыру күндері туралы мәліметтерді қамтитын лицензиялар тізілімін жүргізеді.
20. Лицензиялардың бланкілерін, лицензиялардың телнұсқаларын есепке алуды және бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 4 маусымдағы
№ 511 қаулысымен
бекітілген
Сот-сараптама қызметіне қойылатын біліктілік талаптары
РҚАО-ның ескертпесі!
Біліктілік талаптары жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.11.01 N 1258 (2012.01.31 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласында сот-сараптама қызметін қоспағанда, сот-сараптама қызметімен айналысу құқығына лицензия алуға өтініш берген жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
1) жоғары білімінің;
2) мынадай пәндерден: қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасының, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі ережелері; криминалистика; сот сараптамасының құқықтық, ғылыми, ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздері; сараптаманың нақты түрінің ғылыми-әдістемелік негіздері; сот сараптамасы қызметін ақпараттандыру негіздері; сараптаманың нақты түрінің ғылыми-әдістемелік негіздері бойынша біліктілік емтихандарын тапсырғанын растайтын біліктілік куәлігінің;
3) кемінде бес жыл сарапшылық жұмыс стажының;
4) «Сот сараптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 қарашадағы № 1414 қаулысымен бекітілген Сот сараптамасы өндірісі жүзеге асырылатын арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарда көзделген арнайы жабдықтардың болуы болып табылады.