Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 237 және 2010 жылғы 24 сәуірдегі № 348 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 368 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай
өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтармен операция жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 237 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау ережесінде:
      13-тармақта «тәртібімен шығару» деген сөздерден кейін «, ізгілік көмек көрсету жағдайларын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) «Қырғыз Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 сәуірдегі
№ 348 қаулысында:
      1) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «1. Қырғыз Республикасына ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен саны 3700 (үш мың жеті жүз) тонна дизель отыны (жазғы) броньнан шығарылсын.»;
      2) 2-тармақта «отынын» деген сөзден кейін «темір жол көлігімен
Рыбачье, Ош станцияларына дейін» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Қаржы, Көлік және коммуникация министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов